Ұлттың ұлы ұстазы: А.Байтұрсынұлының 130 жылдығына арналған әдістемелік құрал



Биылғы жыл халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым, көсемсөз шебері, әдебиет зерттеуші, тюрколог, дарынды ақын- аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 130 жыл толған мерейлі жыл.
Үкіметтің мерейтойларға байланысты қаулысына сәйкес 100, 125, 150, 175, 200 жылдықтар ғана тойлануға жатады. Осы қаулыға салсақ, Ахмет Байтұрсынұлының 130 жылдығы жаппай аталып өтілмейді. Алайда, кейінгі ұрпақ ұлы ғұламаның туған күнін жадынан ешқашан шығармаса дейсің. Оның бір ғана жолы- жыл сайын Ахаң атын атаусыз қалдырмау. Осыған байланысты С. Бегалин атындағы мемлекеттік республикалық балалар кітапханасы балалар оқуының жетекшілеріне арнап жазылған “Ұлттың ұлы ұстазы” атты әдістемелік құралын назарларыңызға ұсынады.
Бес арыс: Естеліктер,эсселер және зерттеу мақалалар.
Құраст. Д. Әлімханов. - Алматы. Жалын, 1992. – 544 бет.
Досжанов. Д Абақты.Алматы; Қазақстан, 1992.- 228 бет.
Байтұрсынұлы. А. Жоқтау.- Алматы: А. Байтұрсынов атындағы қор, 1993.- 96 бет.
Кәкішев. С. Ақаң туралы ақиқат.- Алматы: Қазақстан,Шапағат, -1992.- 112 бет.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   
Ұлттың ұлы ұстазы: А.Байтұрсынұлының 130 жылдығына арналған әдістемелік
құрал ҚМРБК Құраст. А.Байжұманова.- Алматы, 2003.- 46 б.

Биылғы жыл халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері, кешегі Абай,
Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы
ірі ғалым, көсемсөз шебері, әдебиет зерттеуші, тюрколог, дарынды ақын-
аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 130 жыл толған мерейлі жыл.
Үкіметтің мерейтойларға байланысты қаулысына сәйкес 100, 125, 150,
175, 200 жылдықтар ғана тойлануға жатады. Осы қаулыға салсақ, Ахмет
Байтұрсынұлының 130 жылдығы жаппай аталып өтілмейді. Алайда, кейінгі ұрпақ
ұлы ғұламаның туған күнін жадынан ешқашан шығармаса дейсің. Оның бір
ғана жолы- жыл сайын Ахаң атын атаусыз қалдырмау. Осыған байланысты С.
Бегалин атындағы мемлекеттік республикалық балалар кітапханасы балалар
оқуының жетекшілеріне арнап жазылған “Ұлттың ұлы ұстазы” атты әдістемелік
құралын назарларыңызға ұсынады.

Ұлттың ұлы ұстазы

Суреттеу кеші

Қатысушылар: өмірбаяншы, әдебиетші, көркемсөз оқушы
Залдың безендірілуі:
А. Байтұрсыновтың портреті, кітап көрмесі, мына эпиграф жазылған
плакат: “Ахмет Байтұрсынұлы- ұлттық тарихымызда ешкіммен салыстыруға
болмайтын ерекше тұлға”.
Әбіш Кекілбаев
Көркемсөз оқушы:
Адамдық диқаншысы қырға шықтым;
Көл жоқ, көгалы жоқ- қорға шықтым.
Тұқымын адамдықтың шаштым ектім,
Көңілін көгертуге құл халықтың.
А. Байтұрсынов

Өмірбаяншы 1 : А. Байтұрсынұлының осы өлең жолдары оның бүкіл өмірінің
эпиграфы іспеттес.
Ол - ақын, жазушы, аудармашы, публицист, қоғам қайраткері,
ағартушы, этнограф, фольклорист, түркітанушы, әдебиетші, тілші, ғалым...
Оның бүкіл еңбегінің мәнін бір ауыз сөзге сыйғызып айтар болсақ, ол
бас әріппен жазылған ҰСТАЗ, ХАЛЫҚ ҰСТАЗЫ.
Өмірбаяншы 2: Ахмет Байтұрсынұлы- қыры мен сыры мейлінше мол адам.
Біріншіден, ол қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы,
соныдан із салған жаңашыл ағартушы. Ол жазған мектеп оқулықтары 1914- 1915
жылдан 1927- 1928 жылға дейін пайдаланылып келді. Қазақ оқушыларының
бірнеше буыны сауатын Байтұрсынұлының “Әліп- биімен” ашып, ана тілін
Байтұрсынұлының “Тіл құралы” арқылы оқып үйренді.
Өмірбаяншы 3: Ахмет Байтұрсынұлының жас қазақ ғылымына еткен қызметі тек
тіл білімі саласында емес, әдебиет тану саласында да айтарлықтай болды деп
санаймыз. Өткен ғасырдың II- жартысында- ақ халық ауыз әдебиеті үлгілерін
жинап, 1923 ж. “Ер Сайын” жырын Москвада шығарады. 1926 ж. “23 жоқтау”
атты жинағы жарық көреді. Бұл да қазақ ауыз әдебиеті үлгілері.
А. Байтұрсыновтың “Әдебиет танытқыш” атты көлемді еңбегі-
әдебиеттану ғылымы мен қазақ әдебиеті тарихына арналған тұңғыш зерттеу
жұмысы...
Қазақтың ұлттық әдебиеттануының ғылыми негізі, әдістемелік
арналары, басты- басты терминдері мен категориялары түп- түгел осы
кітапта қалыптастырылған.
Өмірбаяншы 1: Ахмет Байтұрсынұлы- ақын және мықты ақын. Оның өлеңдері
“Қырық мысал” , “Маса”, “Үзік” деген аттармен 1912 жылдан 1922 жылға
дейін бірнеше рет жарияланған. “Масаға” енген өлеңдер қараңғылық, надандық,
шаруаға енжарлық, қазақты шағуға дайын тұрған жылан. Оның иесі аяқтары
ұзын, сары маса болып ызыңдап, ұйықтап жатқан халқын оятпақшы.
Көркемсөз оқушы:
Ызыңдап ұшқан мынау біздің сары маса,
Сап- сары аяқтары ұзын маса,
Өзіне біткен түсі өзгерілмес,
Дегенмен қара яки қызыл маса.

Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,
Қаққы жеп қанаттары бұзылғанша.
Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,
Қоймастан құлағына ызыңдаса?

Өмірбаяншы 2 Қазақ қоғамына рухани тәрбие беруде рөлі өлшеусіз және
бүгінгі күні де осы қуатынан айрылмаған осы кітапшаға бағаны қазақтың ұлы
ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың сөзімен бергеніміз жөн болар.
Көркем сөз оқушы: Сұлтанмахмұт бір үйге келіп отырып: “Оқитын
кітаптарың бар ма деп сұрағанда, оған үй иесі: “Маса” дейтін бірді айтып
бірге кететін бір қиссамыз бар”,- деп, қолына Ахаңның кітабын беріпті.
Соған назаланған Сұлтанмахмұт “Тұтқындағы Байтұрсынның “Масасына” деген
өлеңін жазған екен 1914 ж. Онда мынадай жолдар бар:

...Бағың жоқ көр соқырдың көзі алдында,
Мұңыңды жылап шақшы өз алдыма:
Гауһар тұрсын, айырып алтыныңды,
Аузына керек тас деп бір алды ма?
Өткірсің наркескеннің алмасындай,
Жүйріксің “полный ходтың” арбасындай.
Сен сұңқар, көңілі соқыр сенімен қас,
Өзінің болмады деп қарғасындай...

Сұлтанмахмұттың осындай бағасынан кейін “Маса” жинағына қандай да
болмасын пікір айтудың өзі артық болардай!
Өмірбаяншы 3: Қалай да халықты ояту, оның санасына, жүрегіне, сезіміне
әсер ету жолдарын іздеген ақын ұлы Абай тапқан соқпақ орыс әдебиеті
үлгілерін пайдалану, аударма жасау дәстүріне мойынсұнады. И. А. Крылов
туындыларын аударып, “Қырық мысал” деген атпен 1909 жылы Петербургте
бастырып шығарды. Мысалдарда әр түрлі аңдар, әр түрлі адамдар кейпінен
хабар беріп, ишара тұжырым жасалады. Кісілердің мінезі, өмір ағысы,
тағдыр сабағы, заман қабағына қатысты көптеген жайттарды, әсіресе, патша
отаршыларының зорлық- зомбылығы, жуандардың, байлардың тепкісі, елдің азып-
тозуына байланысты сарындарды А. Байтұрсынұлы жұмбақтап, тұспалдап
жеткізеді. Кейде ашық, дәл айтылатын ойлар да бар.
Көркемсөз оқушы А. Байтұрсынұлы аудармаларынан бір мысал өлең оқиды.
Өмірбаяншы 2: А. Байтұрсынұлына М. Әуезов былай баға берген: “Бір басында
сан салалы өнер тоғысқан, телегей- теңіз энциклопедиялық білім иесі,
қайшылығы мол тартысты ғұмырында қараңғы қалың елін жарқын болашаққа
сүйреуден басқа бақыт бар деп білмеген ірі тұлға, халықтың “рухани көсемі”
.
Өмірбаяншы 3: Қазақ халқының осындай біртуар азаматы қазіргі Қостанай
облысы, Торғай атырабындағы, Сартүбек деген жерде ел арасында беделді,
қайратты кісі Шошақұлы Байтұрсын шаңырағында 1973 жылы 18 қаңтарда дүниеге
келген. Қалың қазақ ортасы, қаймағы бұзылмаған сахара тұрмысы табиғатынан
дарынды туған баланың сезім дүниесін, ой әлемін тербеп, толқытады.
Әділетсіз өмірдің улы зары бала жүрегін он үшінде жаралайды. Әкесі
Байтұрсын мен оның інісі Ақтас аулына келіп кедей шаруаның басына қамшы
үйіре берген орыс оязының озбырлығына шыдамай, 1885 жылы 12 қазанда ояз
бастығы полковник Яковлевтің басын жарып жібереді. Мұның арты – дүние-
мүлікті тартып алу, түрме, абақты, Сібірге 15 жылға жер аударылу.
Өмірбаяншы 1 : Ахаңның әкесі Байтұрсын өз руынан үкіметке арыз жазуға
білімі бар ешкімді таба алмаған. Сол уақыттта оның Ахметке берген ақылы,
өтініші: “Балам, мен, міне, үкіметке арыз бере алмай, Сібірге айдалып кетіп
бара жатырмын. Егер арыз берген болсам, үкіметтің бастығы берген уақытын
азайтар ма еді немесе мүлдем қысқартып тастар ма еді. Сол себепті қандай
қиыншылыққа ұшырасаң да, аш қалсаң да, жалаңаш, жалаң аяқ жүрсең де,
жататын орның болмаса да, қанша қорлық көрсең де, оқы, тағы да айтатын
тілегім- оқы. Біздің үйде шешеңнің жанында маған хат жазатын балам болсын”
деген екен.
Өмірбаяншы 2: Табиғатынан аса дарынды туған талапты бала Ахмет 1882- 84
ж. әуелі көзі қарақты адамдардан өз үйінде хат танып, артынан жақын
жердегі ауыл мектебінен сауат ашады да, 1886- 1891 ж. Орынбордағы
мұғалімдік мектепте оқып, білім алады. 1895 ж. 1 маусымнан бастап мұғалім
болады. Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы атырабында бала оқытады, өмір, тіршілік
күресіне араласады, әділет үшін күреседі, жуандарға, байларға қарсылық
білдіреді, патшаның отаршылық саясатын айыптайды. 1901 жылдан бастап қолы
бос кездерде өзі ізденіп, сан алуан, кітаптар оқиды, әдебиетпен айналысады,
оқу құралдарын жасайды, өлең – жыр тудырады, фольлор нұсқаларын жинайды. Ел
ішінде жас, оқыған, еркін мінезді батыл ойшыл бедел- атағы өсе бастайды.
Өмірбаяншы 3: 1909 ж. 1 шілдеде полиция тыңшыларының жаласымен күйе
жағылып, губернатор Тройницкий жарлығы бойынша Қарқаралы екі класты
училищесінің меңгерушісі Ахмет Семей абақтысына алынып, сотсыз, үкімсіз,
нақақтан- нақақ 8 ай бойы азап- қорлық көреді
Көркемсөз оқушы: Абақтыда жатып құдай мен аруаққа сыйынған Ахмет
Байтұрсынов:

... Я, құдайым! Аққа жақ!
Өзіңе аян- мен нақақ.
Мені ұстатып, айдатып,
Зығырданды қайнатып,
Масайрасып, мәз болып,
Қуанғанды өзің тап!...-

деп күйінсе де, осындай қиын ахуалда жеке бастың дұшпанын жазалауды арман
тұтпай, жаратушыдан өзінің туған халқының болашағын нұрлы етуді жалынып
сұрап былай деген еді:

...Аз күндікке алданып,
Аз нәрсеге жалданып,
Адасқанын алаштың
Түзу жолға түсір, хақ!

1909 жылы Семей түрмесінде жатып, қазақ халқының болашақ рухани
көсемі, міне, осындай “тілек батасын” айтқан болатын.
Өмірбаяншы 1: Ақыры, Қазақстанда тұру хұқынан айрылғандықтан, 1910 ж. 21
ақпанда түрмеден шығып, наурыз айында Орынбор қаласына кетті. А.
Байтұрсынұлы өміріндегі бір белесті кезең – 1913- 18 жылдары Орынбор
шаһарында таза қазақ тілінде шығып тұрған газет- “Қазақты” редакциялап,
жарыққа шығарып тұруы. Оның бастап көтерген мәселелерінің бірі- қазақ
халқын қорлап, тарихи шын атын бұрмалауға наразылық болды. “Түрік баласы”
деп қол қойған автордың мақаласында “Қазақ- қазақ, қырғыз өз алдына қырғыз,
бұлардың арасында ешбір ілік жоқ. Түрікмен мен башқұрт қандай басқа болса,
қазақ пен қырғыз да сондай басқа – басқа ел”- деп тайға таңба басқандай,
қазақтың өз алдына дербес жұрт екені айқын да ашық айтылады. Осылай
қозғалған қоғамдық пікір үдей түсіп, ақыры 1925 жылдың 15-19 сәуір күндері
қазақ АКСР- нің жаңа астанасы Қызылорда қаласында Кеңестердің V съезі болып
өтті. Сол съезде А. Байтұрсынұлы тағы бір ерлік көрсетіп,
халқымызға өзінің ҚАЗАҚ деген атын қайтарып, елімізді қазақтың Автономиялық
Социалистік Республикасы деп атау жөнінде ұсыныс енгізді. Кеңестер бұл
ұсынысты бірауыздан қолдап, АКСР- і деп атауға шешім қабылдады.
Өмірбаяншы 1917 жылы А. Байтұрсынұлы газеттен кетіп, 1919 жылдың наурыз
айына дейін “Алаш” партиясының жұмысына араласады, біршама адасушылық күй
кешеді. Бірақ сол замандағы қым- қуат саяси күрестің арасынан нақ жолын
тапқан ол кейіннен Совет қызметіне белсене араласты. Мемлекеттік қызметкер
ретінде үлкен қызметтер атқарып, жас қазақ совет үкіметінің басшыларының
бірі болған А. Байтұрсынұлының басына бұлт үйіріліп, бағы таюы
да өз халқының басына түскен ауыр күн, зұлматтармен астас болып келеді.
Қазақстандағы бар билікті қолына алып, “Кіші октябрь” саясатын жүргізе
бастаған Ф. И. Голощекиннің білек сыбана бір көрінген тұсы- ұйып келе
жатқан қазақ интеллигенциясын сүтше іріту еді. 1929 жылдың 2 маусымында
алғаш қамауға алынған 30- ға тарта оқығандардың алды болып нысанаға,
әлбетте, “рухани көсем” – Ахмет Байтұрсынұлы ілінді.
Көркемсөз оқушы: Сол соңғы ұсталған сағаттан кейінгі халдерін Ахаңның
қолында тәрбиеленген Самырат Кәкішев естелік кітабында еске алыпты:
“Пәтерімізге кіріп келсем, үй ішінде шашылған заттар, сынған ыдыстар жайрап
жатыр... Падрес апа жылап отыр екен... Содан соң: “Ой, Самырат, ағаңды НКВД
алып кетті қара машинаға салып. “Қайда апара жатырсыңдар?” – деп сұрасам,
бір аласа бойлы, қараторы жас жігіт: “О дүниеге,- дейді.- Сұмдық- ай!”-
деп сөйлеп жатыр... Сыртқа қарасам, үйімізді студенттер қоршап алыпты, біздің
үйіміздің жанында Заң институты бар еді...”
Өмірбаяншы : Ақырында алғаш Архангельскіде, соңынан Томскіде 1929-
1934 жылдары айдауда болған қуғын- сүргіннің жаңа толқынына ілігіп
біржолата кете барды. Халықаралық Қызыл Крест арқылы М. Горькийдің әйелі
Е. П. Пешкованың жәрдемімен кесімді мерзімі бітпей,
1934 жылы босанып, әуелі Батыс- Сібір өлкесіне, кейінірек Алматыға оралады.
Бірақ ол бостандық баянды болмай, 1937 жылы екінші рет ұсталып, сталиндік
репрессияның пышағына ілініп, атылады. Қазақ халқы өзінің рухани
көсемінен осылайша мәңгіге айрылды.

Асықпаңдар! Артымызда қазы бар,
Тергеп талай, көрлеріміз қазылар...-

деп өзі айтқандай 1988 жылдың 4 қарашасында Қазақ ССР-нің Жоғарғы Соты
Ахмет Байтұрсыновты ешбір қылмысы жоқ деп тауып, оны толық ақтау туралы
шешім қабылдады. Сөйтіп, ғалымның адал азаматтық есімі қалпына келтірілді
Өмірбаяншы : Алайда мынаны ұмытуға болмас: ел боламыз десек А.
Байтұрсынов қалдырған рухани мұраны толық игеріп, ол шыққан ұлттық идея
биігінен көрінуіміз керек, “Байтұрсыновшыл” болу- бүгінгі қазақ зиялысы
алдында тұрған басты міндет екенін естен шығармағанымыз жөн.

... Тән көмілер, көмілмес еткен ісім,
Ойлайтындар мен емес бір күнгісін
Жұрт ұқпаса, ұқпасын, жабықпаймын

Ел бүгіншіл, менікі- ертеңгі үшін,-

деген Ахаң бүгінде бізді болашаққа шақырып тұр.

Ахмет атаның мысалдары

Байқау

А. Байтұрсыновтың портреті, балалардың мысал өлеңдерге салған суреттері,
тапсырмалар салынған конверттер, сөзжұмбақ, мысал өлеңдердегі
кейіпкерлердің аттары жазылған қағаздар, мысалдан үзінді, шығармаларының
аттары жазылған үлестірмелі қағаздар, сандықша

Жүргізуші: Ахмет Байтұрсыновтың атын қазақ баласының естімегені жоқ
шығар. Оның әліпбиі мен оқу құралдарын оқып, сол ғылыми еңбектерінің
арқасында қаншама адам сауатын ашты.
Ол Қазақстанның әр түрлі облыстарынан мектептер ашып, ұстаздық
жұмыспен айналысты, жарғақ құлағы жастыққа тимей, масаша ызылдап, туған
халқын оқуға, өнер- білімге шақырды, өркениетті елдерден кейін қалып,
көрінгенге жем болып жүргеніміз біліміміздің, өнеріміздің
жеткіліксіздігінен, оқыса, ілгері кеткен елдер қатарына қосылуға талпынса,
қазақ халқы да ешкімге есесін жібермейді, әңгіме талаптануда, намыстануда
дейді.
Балалар, оқуға бар жатпа қарап,
Жуынып, киініңдер шапшаңырақ.
Шақырды тауық мана әлдеқашан,
Қарап тұр терезеден күн сығалап,-
деген өлең шумақтарымен балаларды мектепке оқуға шақырды. Осы мақсатта ол
Иван Андреевич Крылов туындыларын аударып, “Қырық мысал” деген атпен
бастырып шығады. Бұл жинақ “Замандастарыма” деген кіріспемен басталады.
Онда Ахмет Байтұрсынов аударманың мән- мақсаты, дәуір дүбіріне ілесу
ниеті, қиындық жағдайларда орындағаны туралы айтады.
Орыстың тәржіма еттім мысалдарын,
Әзірге қолдан келген осы барым.
Қанағат азға деген, жоққа сабыр,
Қомсынып, қоңырайма, құрбыларым.

Бабы жоқ жұмыстағы мен бір арық,
Күн қайда үздік шығар топты жарып.
Ат тұрмас аяғында желі болса,
Дүсірлеп шапса біреу қиқу салып.

Бар болса сондай жүйрік қызар деймін,
Естілсе құлағына дүбір барып,
Әйтпесе арық шауып оңдыра ма,
Жүргенде қамыт басып, қажып- талып.
Аудармалардағы әр түрлі аңдар түрлі адамдарды бейнелейді. Адамдардың
мінезі, патша отаршыларының, байлардың зорлық- зомбылығын Ахмет
Байтұрсынов жұмбақтап, тұспалдап жеткізеді.
Бүгін біз Ахмет атамыздың мысалдары бойынша байқау өткіземіз.
Байқау барысында сендерге түрлі тапсырмалар беріледі. Сол тапсырмаларды
алдымен орындаған балалар жетон алады. Байқау соңында кімнің жетоны көп
болса, сол “Ахмет атамыздың мысалдарын ең көп білетін бала” болып танылады.

Байқау бағдарламасы:

Жүргізуші: Жігіттер, мұнан ғибрат алмай болмас,
Әуелі бірлік керек, болсаң жолдас.
Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей,
Істеген ынтымақсыз ісің оңбас.

Бұл үзінді қай шығармадан алынған?

Балалар: “Аққу, Шортан һәм Шаян”

Жүргізуші: Мына сөздерді кім айтты?

Нұрыңды күн секілді көріп тұрмын,
Шыдамай, бойым балқып, еріп тұрмын.
Даусыңды тым болмаса бір шығаршы,
Естуге құмар болып өліп тұрмын.

Балалар: Түлкі. (“Қарға мен түлкі”)

Жүргізуші: “Әлін білмеген әлек” деген нақыл сөз қай мысалдағы кейіпкерге
арналып айтылған?

Балалар: Бақаға арналып айтылған (“Өгіз бен бақа”)

Жүргізуші: “... Қораздан біразырақ күй үйренсең,
Сайрар мұнан гөрі де артығырақ”.-
деп бұлбұлға ақыл айтқан кім?

Балалар: Есек (“Есек пен Бұлбұл”)

Жүргізуші: Біздің байқауымыздың келесі тапсырмалары мына үстелдің үстіндегі
конверттерге салынған.
Балалар оларды кезекпен алады, ал ішіндегі тапсырмаларды жүргізуші
оқиды.

1- конверт

“Ақындар шықты сайысқа...“

Ахмет атаның өзіңе ұнайтын мысал өлеңін оқып бер.

2- конверт
“Қарға мен Түлкі” мысалына қойылым көрсету.
Бұл тапсырмаға балалар алдын- ала дайындалып
келгендіктен баға қойылмайды.

3- конверт

“Жас суретші” байқауы

Жүргізуші А. Байтұрсынов мысалдарына салынған суреттерді көрсетеді, ал
балалар сол мысалдардың атын атайды.

4 конверт

“Білгірлер” байқауы

Балалар мына сөзжұмбақты шешуі керек.
Осы сөзжұмбақты дұрыс шешкенде А. Байтұрсынов талантының бір қыры
ашылады.

к
ө т
қ а з ы ш
с і қ ғ о ы
к а
қ

Сұрақтар:
1. Ілгері жылжымайтын, талап ойлап талпынбайтын жұртты ақын қандай суға
теңейді?
2. Жегіліп жүк тартқан кейіпкерлердің бірі.
3. Көзі нашар көріп, қартайған Маймылдың сатып алған құралы.
4. “Өгіздей болам” деп суды іше беріп қарны жарылып өлген кейіпкер?
5. Түлкінің мақтағанына алданып ірімшігінен айрылып қалған кейіпкер?
6. “Төрткөзбен” дос болып, серт айтысқан төбеттің аты.
7. Тамағына сүйек тұрып қалып қиналған қасқырға кім көмек көрсетеді?
8. Көгершінді табалап отырып өзі торға түсіп қалған кім?
9. Аңшылардан қашып ауылды сағалаған қасқыр кімнен ақыл сұрайды?

5 конверт

“Ойлан, тап!”

Мына үлестірмелі қағаздарда мысал өлеңдердегі кейіпкерлердің аттары
берілген. Олар кімдер?
- р - с - - н
е – е -
- а - - ы-
- а – қ- -
т - - н –
- ұ- б- л
-о - ы
қ- р – с –

6 конверт

“Кім жылдам?”

1 минут ішінде балалар мысалдардағы өздері білетін кейіпкерлердің атын
жазу керек.

7 конверт
“Сандықша”
Жүргізуші: Мына сандықшаның ішінде Ахмет атаның мысалында кездесетін
зат жатыр. Оның көмегімен өзіңнің бейнеңді көруге болады. Ол не?
Балалар: Айна
Жүргізуші: Ал мына затты кейіпкер ем үшін киемін деп алады.
Балалар: Көзілдірік
Жүргізуші: Мына затты пайдаланған мысал кейіпкері байлыққа құнығып
кетеді.
Балалар: Әмиян

Ойын бағдарламасы:

Жүргізуші: Енді байқауымыздың ойын бағдарламасына көшейік. Тапсырмаларды
дұрыс орындағандарың үшін жетон алатындарыңды ұмытып кетпеңдер. Бірінші
ойын “Адасу” деп аталады.

Мына өлең жолдарындағы ауысып кеткен сөздерді тап.

Жүк алды Бақа, Шортан, Аққу бір күн,
Жегіліп қалды үшеуі дүркін- дүркін.

Өтірік жақтағанға қарға еріп,
“Жарқ” етті пәрменінше жағын керіп.

Шошқаға сол уақытта көз айтады
Ағаштың басындағы қарға көріп.

Көшеде екі Бөшке келе жатты

Бірі тос, екеуінің бірі қатты.

Шыбынға Аю сатты ашуланды,

Көтеріп жерден әйдік бір жас алды.

Ұйқысын Малшы оңды баспай тұрып,

Өлтірді шағып тұрған бақаны ұрып.

Бақырды Қарашекпен Қойды сотқа,
Күймей ме біреу үшін біреу босқа.

Жүргізуші: Келесі ойын Жұмбақ жануарлар деп аталады.

Тақтада:

л м ы й а м
н я ш а
і л к ү т
т р н а с ы а
ш қ о ш а
ы қ м с ы
а с м а

- Мына сөздердегі әріптердің орындары ауысып кеткен. Оларды
орындарына дұрыс қойсаң, мысалдардағы жануарлардың аттары шығады.

Балалар тапсырмаларды орындайды.
Жүргізуші: - Қандай сөздер шықты?
Балалар: Маймыл, шаян, түлкі, арыстан, шошқа, мысық, маса.
Жүргізуші: - Бұл жануарлар қай мысалдарда кездеседі?
Балалар:
Аққу, Шортан һәм Шаян
Қарға мен түлкі
Қартайған арыстан
Еменнің түбіндегі шошқа
Қасқыр мен мысық
Қаптесер мен көртышқан

Жүргізуші: Келесі ойын Лото деп аталады.
Тақтада екі ойын алаңы бар.
1 ойын алаңына: мысалдардан үзінділер жазылған қағаздар ілінеді.
Асылы, жүк орнынан қозғалмады.

Мынау көз, мынау мойын, мұрын қандай.
Бөрі жоқ десең- шығар бөрік астынан...
Тіс түсіп, тырнақ мұқап, әл кеткен соң...
Тауықтан біразырақ ән үйренсең...
Теңізді өртеймін! деп лақап шашты.
Залалдан басқа нәрсе істедің бе?
Таспенен пәрменінше қойып қалды.
Қураса, қурайды деп қиналман көп...

2 ойын алаңында: төменде берілген мысалдардың аттары бойынша
дайындалған суреттер бірнеше бөліктерге бөлініп орны ауыстырылып
берілген.

Аққу, Шортан һәм Шаян
Қарға мен түлкі
Қасқыр мен қозы
Қартайған арыстан
Бұлбұл мен есек
Сары шымшық
Қасқыр мен мысық
Кісі мен аю
Емен мен шошқа

Жүргізуші: Мына үзінділер қай шығармалардан алынған?
1 ойын алаңындағы үзінділерді 2 ойын алаңындағы суреттермен жабу
керек. Егер оларды дұрыс орналастырсаң, А. Байтұрсынов мысалдарындағы
кейіпкерлердің суреті шығады.
Балалар тақтаға шығып, тапсырмаларды орындайды.

Жүргізуші: Сонымен, балалар, сендер барлық тапсырмаларды орындау барысында
Ахмет аталарыңның мысалдарын жақсы білетіндеріңді көрсеттіңдер.

Қазақ санасының шамшырағы
Әдеби –тарихи конференция.

Қатысушылар: Жүргізуші, А. Байтұрсынов мұрасын зерттеу ісімен айналысып
жүрген үш баяндамашы, көркемсөз оқушы.

Жүргізуші: А. Байтұрсыновтың туған заманында өскен, әліпбиі мен
оқу құралдарын оқып, сол ғылыми еңбектерінің арқасында көздерін
ашқан кісілердің бәрі Ахаңның атын, халқы үшін сіңірген еңбегін
ұмытқан жоқ. Торғай өлкесінің төтенше комиссары Әліби Тоғжанұлы
Жангелдинмен, Торғай уезінің әскери комиссары Амангелді Имановпен
бірге қызмет атқарып, Ленинге бірінші рет барып, көзбе-көз отырып
сөйлескен, қазақтың автономиялы республика болуы туралы көп еңбек
сіңіргені бүгінгі күндері енді-енді ауызға алына бастады. Ахаңды неге
кеш таныдық? Бұл сұрақтарға жауап беру үшін Ахаң туралы
ақиқаттарды, оның өскен ортасын, елін- Торғай уезін, Тосын болысын,
Сарытүбек ауылын еске түсіріп, хх ғасырдың бас кезіне оралайық...
Баяндамашы (1): 1873 жылы 18 қаңтар айында Торғай уезіне қарасты
Тосын болысының 5 ауылында, Сарытүбек деген жерде Байтұрсын
Шошақұлының шаңырағында Ахмет Байтұрсынұлы дүниеге келді. Арғы атасы
Үмбетай батырдың ұрпағы Ахмет бір мүшелге толмастан тірі жетім боп
ерте есейді. Әкесі Байтұрсын турашыл, әрі осы мінезімен жергілікті
әкімдерге ғана емес, сұлтан, ояздарға да жақпайды. Анасы Күңше -
өжет, ел сыртынан Сары уезд деп атайтын. Әкесінің інісі Ерғазының
көмегімен Ахмет 1886 жылы Торғайдағы екі сыныптық орыс - қазақ
училищесіне түседі. Бертін келе Ерғазы қайтыс болған соң да Ахмет
қинала жүріп оқуын тәмамдайды. Өз бетімен білімін жетілдіру жолында
көптеген қиындықтарды көре жүріп Орынбордағы 1891-1895 жылдары қырғыз-
қазақ мұғалімдер мектебін бітіріп шығады. Шығыс пен Батыстың рухани
мәдениетін жетік игеріп, соның арқасында Мәдениет тарихы атты кітап
жазды.
Ағартушылық жолында Ахмет Ақтөбе уезінің Батпақты болысында,
Қарқаралы уезімен Қостанай қалаларында, ауылдық, облыстық мектептерде,
екі сыныптық орыс-қазақ училищелерінде қызмет етеді.
Көркемсөз оқушы: Әкесінен ерте айырылып, көп қиындық көрген Ахмет:

Оқ тиіп он үшімде ой түсірген,
Бітпейтін жүрегімде бар бір жарам.
Алданып тамағыма оны ұмытсам,
Болғандай жегеніме бәрі харам,-

десе де, талаптанып, еңбек жолын жалғастырады. Халық мұңын мұңдаған
бір топ күрескерлер шоғырын топтастыра отырып:

Жөн көрсеттім қазақ деген намысқа,
Жөн сілтедім жақын емес алысқа.
Өзге жұрттар өрге қадам басқанда,
Дедім Сен де қатарыңнан қалыспа- дейді.

Баяндамашы 1:
Ахмет Байтұрсынұлының ел ішіндегі өмірінің айтулы бір кезеңі 1896
жылы Омбыға барып, Ақмола, Семейдегі қазақ-орыс мектептерінің үстінен
қарайтын А. Алекторовпен жақсы танысып білісуі болды. Өз басы
қиыншылықтың сан түрін өткерген Ахмет Алекторов, Ильминский секілді
миссионерлермен жақындаса түседі. Жақындасқан сайын өзінің азаматтық
күрескерлік бет-бейнесі айқындала түседі. Осы жол оны саясатпен
айналысуға, ғылым жолына түсуге, жиған - терген, білгенін халқына қайтару
жолына алып келеді.
Жүргізуші: Ахмет Крыловтың Қырық мысалын аударып, кітап етіп шығарды.
1913 жылдың наурызынан бастап Қазақ газетін ұйымдастырып, 1913
жылдың қыркүйек-қазанына дейін оның редакторы болды. Ондағы жарияланған
қоғамның әлеуметтік-саяси өміріне қатысты материалдар ресми
орындардың наразылығын туындатып, үнемі бақылау, тінту жүргізіп, Ақаңды
түрмеге отырғызып тыныштық бермеген.

Қинамайды абақтыға жапқаны,
Қиын емес дарға асқаны, атқаны
Маған ауыр осылардың бәрінен
Өз ауылымның иттері үріп, қапқаны,-

деп күйінеді. Ахаңды газет оқушылары қаражат жинап, ұйымдасып абақтыдан
босатып алып, газетті жаптырмай аса ізгі іс жасайды. Сондай-ақ Ахмет
Байтұрсынұлы таза саяси үн, заман тынысы халық мұңын ғана айтып
қоймай, өз өмірбаянына қатысты деректер, дүниеге көзқарас, арман
мақсаты да айқын көрінеді.

Мен өлсем де өлемін жөнімменен,
Тәннен басқа не алар өлім менен
Өлген күні апарып тығары көр,
Мен жоқ болсам көміліп тәнімменен.

Тән көмілер, көмілмес еткен ісім,
Ойлайтындар мен емес бір күнгісін
Жұрт ұқпаса ұқпасын жабықпаймын
Ел бір күншіл, менікі ертеңгі үшін,-

деп толғайды. Осы іспеттес ақынның ішкі толқыныстарын лықсытып сыртқа
шығаратын, түйіп-түйіп айтып тастайтын тұстары аз емес.
Баяндамашы 2:
Ахмет Байтұрсынұлы - қазақ алфавитінің тұңғыш реформаторы, осы
жетілген жазу үлгісімен еліне тұңғыш Әліппесін, Тіл құралын,
Әдебиет танытқышын сыйлаған, қазақ филологиясы мен өнертануының
негізін салушы, ғылыми, таза қазақ емлесімен шыққан тұңғыш газет
Қазақтың(1913-1918) тұрақты редакторы, Абайдан кейінгі саяси-
әлеуметтік тақырыпты жалау еткен көрнекті ақын, аудармашы, публицист
журналист, ірі қоғам қайраткері, ағартушы ұстаз. КазПИ-дің профессоры,
этнограф, фольклорист, композитор әрі орындаушы...
Ол ең алдымен қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашып, әрі
қарай қазақ тілінде оқуын жалғастыруға көп күш жұмсаған ағартушы
қайраткер. Осы мақсатты орындау үстінде ол қазақ тілін, оның дыбыстық
жүйесі мен грамматикалық құрылысын баяндап, талдап танытқан зерттеуші
әрі сол зерттеулерінің негізінде Әліппе мен тұңғыш ана тілі
оқулықтарын жазған автор. Сонымен қатар А. Байтұрсынов - өз халқының
саяси, мәдени, рухани және әлеуметтік өмірінің сан саласына көз
тіккен.

Баяндамашы 3:
А.Байтұрсынов өмірі мен қызметінің тағы бір салмақты саласы-
оның ақындық, аудармашылық еңбегі. Ол бала кезінен қазақ ішінде көркем
сөз құдіреті жоғары саналатынын көріп, естіп, сезініп, ойланып
өскенге ұқсайды. Саналы өмірге аяқ басқан кезде халық поэзиясы
мен А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин шығармаларын, орыс әдебиетін оқиды.
А.Байтұрсынов айналаны тану, білу, сезіну қалпын поэзия тілімен,
өлеңмен жеткізуге ден қояды. Өлеңді өзінің ағартушылық идеясына
пайдалануды көздейді.
Көркемсөз оқушы:
- Бұл сөзді біреу алмас, біреу алар,
Құлағын біреу салмас ,біреу салар.
Теп- тегіс көпке ұнау оңай емес,
Кейіне жарамаса, кейін жарар.
Қайсысы ықыласын салып тыңдап,
Жаратпай қайсыбірі теріс қарар.
Дүниеде сүйгенім бар, күйгенім бар,
Солардан аз да болса белгі қалар.

Баяндамашы 2:
А.Байтұрсыновтың Тіл құрал атты еңбегі бүгінгі түркі тұқымдас
халықтардың сөйлеу, жазу, тіл ұстарту білімінің бастау бұлағы
саналады. Осы заманда қолданылып жүрген зат есім, сын есім, етістік,
есімдік, одағай, шылау, үстеу, ілік, жатыс, бастауыш, баяндауыш, септеу,
жай сөйлем, құрмалас сөйлем, қаратпа сөз, қыстырма сөз деген атауларды
ойлап тауып, ғылыми бір ізге салған Байтұрсынов болды.
Сырт сыны да көреген көсемдікпен көп сыр аңғартқандай, жүзінен сұлу
сыпайылық пен игі адамгершілік иман нұры шалқыған осы бір инабатты кісінің
“тәртіпті мектептен алған білімі” (Әуезов) алты- ақ жыл оқумен аяқталған
Ахаңның,- өркениетті ғылымият игіліктерін өз бетінше түгел игерген түпсіз
ғұламалығына ғана емес, ұл өспірім шағында ұстанған Адамдық диқаншысы болу
мақсатына жету жолындағы айнымас табандылығы мен соншама қайсарлығына
таңдай қағасың! “батырлардың басы қайда қалмаған, ал ерлігі тбемізден тұр
қарап”,- деп ақын Дүйсенбек Қанатбаев айтқандай, ел намысы ерді қай қиынға
салмаған! Ахаң бастаған алаш зиялыларының қазақ төңкерісінен кейінгі
сонау бір қауырт кезеңде мамандық- кәсіптеріне маңайлай бермейтін ғылым
салаларынан отыра қалып оқулықтар жазу мүддесі “асып- тасқандық амалынан”
емес, “Халқыма керекті қалай табамғ қайдан табам деп қам жеп жүру” (Елбасы)
талабынан шықпай ма?! Бауыр жұрты үшін “жоқ іздеген қуғыншы” болып жүріп,
басқа өңірлердегі бар білімнің басын қосқан Байтұрсынұлы осыдан кейін
қалайша “күлден кебін жамылып” (Мағжан) , қайта тірілген қазақ рухының
фениксі санамасқа! Көп уақыт бұрын халық қамын жеп айтқан көсем сөздерінде
тек көкейтесті қоғамдық пікір ме екен
Баяндамашы 3:
А. Байтұрсынов - қазақ музыкасы мен ән-күй өнеріне де терең
ой жіберген ғалым. А.В. Затаевичтің айтуынша ол шебер домбырашы, әрі
әнші болған. Қазақ халқының жүз әні атты еңбегінде А.В.Затаевич
былай деп жазды: А.Байтұрсынов өз халқының әндерін жақсы біледі
және оларды тамаша орындайды, ол - жақсы домбырашы-деген.
Өмірбаяншы:( 1)
Алаш қозғалысы тұсында (1918-1919) А. Байтұрсынов өзі айтқандай,
адасады, қателікке ұрынады, санын соғады, түңіледі, сары уайымға
салынады. Жаңа жол іздейді.1919 жылы наурызда бұрынғы ұлт
интеллигенциясының көптеген өкілдерін өзімен бірге алып, совет өкіметі
жағына өтеді. Қазақ өлкесін басқару жөніндегі әскери- революциялық
комитеттің мүшесі ретінде оның жұмысына белсене араласады.
Республика халық ағарту комиссары, Бүкіл Одақ Орталық Ағарту
Комитетінің мүшесі,Қазақ өлкесін зерттеу қоғамының төрағасы болады.

Советтердің Бүкілодақтық 7 және 8 съезіне дейінгі аралықта ВЦИК- тің
мүшесі және Советтердің Бүкілқазақстандық 1 және 2 съезіне дейінгі
аралықта Кирвоенкомның мүшесі болып және Қазақ АССР- ның Оқу- ағарту
наркомы және ҚазММК- тің мүшесі, сонымен қатар Өлкелік Халық Комиссариаты
жанындағы Академиялық Орталықтың төрағасы болды.
Халқының азаттығы, елінің тәуелсіздігі мен ұлттық мемлекеттігі
жөнінде жан аямаған күрескер Ахмет - өз арманы жолында арыстанның аузына,
зымыстанның түбіне бара жүріп, халқына қалтқысыз еңбек сіңіре білді. Ол
қазақты бай, кедей деп алалап бөлмей, бәрінің мүддесін бірдей қорғады,
қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуын көздеді.
...Өз алдына ел болуға өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай
алатындығын біз ұмытпауға тиістіміз. Өзіміздің елімізді сақтап қалу үшін
бізге мәдениетке, оқуға ұмтылу керек,- дейді Ахмет Байтұрсынұлы. Алайда,
оның осы ізгі істерін астарлап, терең ұққысы келмегендер оған ұлтшыл деп
жала жапты. Қазақ интеллигенциясының бір өкілі - Ахмет Байтұрсынұлына
шүйлігіп голощекиндер 1929 жылдың 2 маусымында ұстап, Архангельск
облысына, жұбайы мен қызы Томск қаласына жер аударады. Халықаралық Қызыл
Крест арқылы М. Горькийдің әйелі Е. П. Пешкованың жәрдемімен кесімді
мерзімі бітпей 1934 жылы босанып, әуелі Батыс Сібір өлкесіне, кейінірек
Алматыға оралады. Бірақ бостандықтағы уақыты да көпке ұзамай НКВД
органдары оны 1937 ж. қазанда қайта ұстап, көзін жояды. Елу жылдан соң
ғана әділдікпен 1988 ж. 4 қарашада Қазақ ССР Жоғарғы Соты жазықсыз
айыпталған Ахмет Байтұрсынұлын ақтады.
Ардақты азамат, халқымыздың саяси әрі рухани көсемі Ахмет
Байтұрсыновтың елі үшін еткен еңбегі, саяси - әлеуметтік ой- арманы
бүгінгі Егеменді Қазақстанда іс жүзінде жүзеге асып отыр.

БАЙТҰРСЫНОВ ӘЛЕМІНДЕ

Әдеби ойын

Ойынға 6 адамнан тұратын екі топ қатысады; әр топ өзіне ат қояды,
эмблемасын жасап, топ жетекшісін сайлайды.

Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті топ мүшелері, жанкүйерлер, оқырмандар мен
әдебиет білгірлері. Біздің бүгінгі ойынымыз отыз жетінші жылдың қанды
қырғынына ұшыраған, есіл ердің бірі- ірі ғалым- лингвист, әдебиет
зерттеушісі, түркітанушы, дарынды ақын- аудармашы Ахмет Байтұрсынұлына
арналады.
Осыдан 80 жыл бұрын Мұхтар, Сәкен, Міржақып тәрізді тау тұлғалы
замандастары, ізбасарлары елуге толған Ахмет Бйтұрсынұлының көзі тірісінде-
ақ лайықты баға беріп кеткен екен. Одан бергі жылдар ішінде Ахаң қиянат
құрбаны болып, артында қалған баға жетпес мұрасы аяусыз тұншықтырылса да,
оны жою ағысы қатты тау бұлағын бөгеумен тең еді. Осыдан он бес жылдай
бұрын Ахмет есімі қазаққа қайтып оралғанда ғұлама ғалымның зор еңбегі
бөгетті бұзған дариядай екпінмен келіп, ұлттық білім мен мәдениетімізді,
саяси өмірімізді ғажап байлыққа кенелтті. Ол айтқан ақыл- кеңес, қозғаған
мәселелер, жазып кеткен сан алуан салиқалы туындылары бүгінгі күн талабымен
оп- оңай үндесіп, бір арнаға тоғыса қалды.
Ендеше, ел боламыз десек А. Байтұрсынов қалдырған рухани мұраны толық
игеріп, ол шыққан ұлттық идея биігінен көрінуіміз керек, “Байтұрсыновшыл”
болу- бүгінгі қазақ зиялысы алдында тұрған басты міндет екенін естен
шығармағанымыз жөн.
Бүгінгі ойын Ахмет Байтұрсыновтың артында қалған мол мұрасына зор
құрметпен қарап, бағалай білген әдебиет білгірлеріне рухани азық,
көңілдеріне қуаныш сыйлайды деп сенеміз.
(Топ мүшелері өздерін және өз топтарын таныстырады).

Бірінші тур

ЖҰЛДЫЗДЫ СӘТ

Бұл турда екі топ кезекпен төрт сұраққа жауап беруі керек. Белгілі
бір сұрақты таңдау үшін оларға түрлі- түсті текше (кубик) беріледі. Топ
жетекшілері текшені белгілі бір қашықтыққа лақтырады. Текшенің қай түсі
жоғары қараса, ойыншылар сол түстегі сұрақтарға жауап береді. Әр бөлімде
барлығы сегіз сұрақ болады.

қызыл түс- Ахметтің ақындығы
көк түс- Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаяны
жасыл түс- Аудармалары
ақ түс- Асыл мұралары
қара түс- Түрлі тақырыптар

Текшенің әр түсіне сәйкес гүл дайындау керек. Әр бөлімдегі сұрақтардың
нөмірі сол гүлдің жапырақшаларында жазылады.
Топ жетекшісі төрт жапырақшаны бірінен соң бірін жұлып алады да,
сұрақтардың нөмірін айтады. Ойынды жүргізуші сұрақты оқиды.
Топ мүшелерінің дайындалуына 1-2 минут уақыт беріледі. Егер олар дұрыс
жауап бере алмаса, сұрақ жанкүйерлерге қойылады. Сөйтіп, олар да ойынға
қатыса алады.
Дұрыс жауапқа әділқазылар алқасы 1 ұпай береді.
Егер жұлдызшасы бар жапырақша кез болса (жұлдызды сәт), онда дұрыс
жауапқа 5 ұпай беріледі.

Тақырыптық бөлімдерге арналған сұрақтар

( Қызыл түс

Ахметтің ақындығы

1. А. Байтұрсыновтың өлеңдер жинағының “Маса” деп аталуының себебі неде?
(Өлеңдерін “Маса” етіп жұмсап, ел құлағына барып ызыңдап, ұйқыдан оятуға
тырысты)

2. Абайдың арман- мұңын аса бір қажет тұста қайталап, қазағына қайта
жолдаған “Сегіз аяқтың” жалғасы, жаңа көрінісі болған өлеңі?
(“Жиған- терген”)

3. Я құдайым! Аққа жақ!
Өзіңе аян- мен нақақ.
Аққа деген жолымның
Абыройын ашпай, жап!

Бұл шумақтар қай өлеңнен алынған?
(“Тілек- батам”)

4. Жас Ахметтің жүрегіне жара түсіріп, “Анама хат”
өлеңінің жарық көруіне себеп болған қандай оқиға?
(Патша чиновниктерімен қақтығысқа келгені үшін әкесі мен ағасының сотталып
жер аударылуы, жазалаушы отрядтың елге жасаған зорлық- зомбылығы)

5. Әйгілі орыс ғалымы Григорий Николаевич Потанинге тарту ретінде Москвада
жарық көрген кітабы?
(“Ер Сайын” жыры)

6. Ағартушылықпен айналысқан адамдарды Ахмет Байтұрсынов кімге теңеді және
ол туралы қай өлеңде айтылады?
(“Адамдық диқаншысы”)

7. “Қазақ қалпы” өлеңінде Ахмет Байтұрсынов қазақ елін неге теңейді?
(Теңізде жүзіп жүрген еспесіз қалтылдақ қайыққа теңейді)

8. А. Байтұрсыновтың “Ақын ініме” өлеңі кімге арналған?
(Міржақып Дулатовқа арналған)

( Көк түс

Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаяны

1. А. Байтұрсынов қай жылы дүниеге келген?
(1873 жылы)

2. Қай қалада мұғалімдік мектепте оқып, білім алған?
(Орынбор)

3. А. Байтұрсынов қай газетке редактор болған?
(“Қазақ” газеті)

4. А. Байтұрсынов ең алғаш сауат ашқан оқу орны?
(Торғайдағы екі кластық орыс- қазақ училищесі)

5. Сібірге айдалып кетіп бара жатқан әкесі Ахметке қандай өсиет айтады?
(...қандай қиыншылық көрсең де, аш болсаң да, қандай қорлық көрсең де- оқы.
Біздің үйде шешеңнің жанында маған хат жазатын балам болсын,- деген)

6. Ахмет Байтұрсыновтың балалары бар ма? (Өз
балалары болмаған. Туған інілері- Қали, Кәкіш, Мәкендердің екі ұл, екі
қызын бауырларына салады. Олар: Шолпан, Кәтез, Аумат, Қазихан.

7. Ахмет Байтұрсыновтың ардақты есімі қай жылы ақталды?
(1988 жылы 4 қарашада)

8. 1917-1919 ж. А. Байтұрсынов рухани көсемдерінің бірі болған партия қалай
аталды?
(“Алаш” партиясы)

( Жасыл түс

Аудармалары

1. А. Байтұрсыновтың аудармалар жинағы қалай аталады?
(“Қырық мысал”)

2. А. Байтұрсынов аудармаларының И. А. Крылов аудармаларынан ерекшелігі
неде?
(Қазақ оқырманына қатысты жаңа ой, соны пікір, ғибрат сөзді ақын өз
жанынан қосады)

3. Өкініп өткен іске Ат келеді:
“Мен қате еткем екен ғой, аһ!”- деді ...

“Ат пен есек” мысалындағы ат неге сонша өкініп келеді?
( “Біраз жүкті ауыстырып ал” деген есектің сөзіне ат құлақ аспай жүре
береді. Ақыры, есек зорығып өледі де, оның бар жүгін атқа салады)

4. Шошқаға сол уақытта сөз айтады
Ағаштың басындағы құзғын көріп:
“Тамырын қазып, аршып тастаған соң,
Қалмай ма ... қурап, кеуіп, семіп?”

Бұл мысалда қай ағаш туралы айтылады?
(Емен)

5. Бұл сөзге жәбірленіп Бұлбұл қатты,
Сөз тыңдап онан әрі тұра алмапты.
“Есекке сынатпасын құдайым”,- деп,
Пыр етіп ұшыпты да кетіп қапты.

Есек Бұлбұлға қандай сын айтады?
(...Тауықтан біразырақ ән үйренсең,
Сайрар ең мұнан гөрі де артығырақ,- дейді)

6. ... Аюға жанындағы күліп айтты
Ақырын аяғымен түртіп қалып:
Бері қара, бұл кім өзі мынау перің?
Білмеймін қайдан шыққан мұндай көрім?
Он екі мүшесінің бірі оңды емес,
Көз салып қарап тұрсам әрбір жерін...

Айнадан өз тұрпатын көріп таңданған кейіпкер?
(Маймыл)

7. А. Байтұрсыновтың Пушкиннен аударған шығармаларын ата.
(Қыздыр дейсің мәжілісті, жан дейсің, Ат, Данышпан Аликтің аты,
Балықшы мен балық, Алтын әтеш)

8.Аққу , Шортан һәм Шаян мысалында А. Байтұрсынов оқырмандарына қандай
ғибрат айтады?
(Елді тұтастық, ынтымақ жалауының астына шақырады)

( Ақ түс
Асыл мұралары

1. Қазақтың ұлттық әдебиеттануының негізі болып саналатын еңбегі?
(Әдебиет танытқыш)

2. Тіл білімі саласындағы еңбектері?
(Оқу құрал, Әліпби, Тіл құрал, Тіл танытқыш, Сауат ашқыш)

3. А. Байтұрсыновтың қазақ тарихының 400 жылдық мерзімін қамтитын
фольлорлық мұрасы қалай аталады?
(“23 жоқтау”)

5. А. Байтұрсыновтың қандай өлеңдер жинағын білесіңдер?
(Маса, Үзік, Қырық мысал)

6. А. Байтұрсыновтың заң, құқық саласы бойынша жазылған еңбектер
топтамасы қалай аталады?
(“Жаңа низам”)

7. А. Байтұрсыновтың қандай әндерін білесіңдер?
(Қарғаш, Аққұм, Жетім бала, Торғай қыз, Ақ теңізден сәлем, Екі-
ау жирен)

8. Қазақ жазуына қандай реформа енгізді?
Байтұрсыновтың реформасы араб жазуын қазақ тіліне икемдеп, ғылыми негізде
жасалған еді. Қазақ дыбыстарының табиғатын айқындау, ғалымға қазақтың жаңа
“Әліпбиін” жасауға мүмкіндік берді. А. Байтұрсыновтың 1912 жылдан бастап
ұсынылған жаңа жазуы (“жаңа емле” деп аталады) іс жүзінде қолданыла
бастады.

( Қара түс
Түрлі тақырыптар

1. А. Байтұрсыновтың жұбайы Александраның мұсылманша аты?

(Бадрисафа)

2....Ақаң ашқан қазақ мектебі, Ақаң түрлеген ана тілі, Ақаң салған
әдебиеттегі елшілдік ұран- Қырық мысал, Маса, Қазақ газетінің 1916
жылдағы қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер- білім, саясат
жолындағы қажымаған қайраты, біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер
болатын,- деп баға берген кім?
(Мұхтар Әуезов)

3. Ахаң туралы ақиқат кітабының авторы?
(Самырат Кәкішев)

4. Ахмет оқысын деп қамысты күйдіріп, қамыстың күйесімен қағазға
жаздырған кім?
( анасы Күнші)

5. Ол қандай саз аспаптарында ойнаған?
(домбыра, скрипка, пианино)

6. Алаш қозғалысы тұсында адасып, сары уайымға салынып жүрген А.
Байтұрсыновтың Совет өкіметі жағына өтуіне ықпал еткен кім?
(Әліби Жанкелдин)

7. Сонау 1960- жылдары- ақ А. Байтұрсыновтай ойлы ғалымдардың жазықсыз
жазаланып, атылғанын айта келіп, олардың ерлік істерін ерекше бағалап,
әділ пікірлерін жариялаған қай елдің ғалымдары?
(Америка ғалымдары)

8. “... Балам деген жұрт болмаса, ...

А. Байтұрсыновтың осы даналық қағидасының жалғасын тап.
(... жұртым деген бала қайдан шықсын!)

“Ахаңның асыл әндері- ай”
Әдеби қонақжай

1- жүргізуші: Сауаты, саңылауы жоқ қазақтың надан халқын қалың жау
еңсесін басып, қара бұлт қаптап, түнше түнеріп тұрғанда, кеудесінің бар
күшін аямай, жанын құрбан қылып, жарыққа қарай өрге сүйреген сүйікті
ұстазымыз, қажымайтын қаһарманымыз- Ахмет Байтұрсынұлы. Бірінші рет
басталған, бұрын ешкім ескермеген жұмыстың барлық ауыртпалығы Ахаңның
басына түсті. Ойға- қырға бірдей қуылды, түрмеге түсті. Қуғын- сүргінде
жүрген кездерінде қолынан қаламын тастамаған. Маңайындағыларды өлең
қуатымен жылытып, рухтандырып отырған. Бірақ Ахаңның қайраты тасымаса,
қайтпады, ақылы аспаса, саспады. Өзінің тізесін, түрменің терезесін үстел
қылып, Ахаң қаламын тартпай жазумен болды.
Ахмет Байтұрсыновтың халқына қандай қызмет еткенін бүгінгі ұрпаққа
түсіндіру - тірілер парызы. Осы игі ниетпен біз ескі материалдар негізінде
А. Байтұрсыновтың бейнесінен белгі бере, оның ел арасында, республика
алдында, Одақ көлемінде қаншалықты беделді болғанын, нендей еңбегімен зор
құрметке бөленгенін аңғаратын кейбір елес, мағлұматтарды тірілтуді жөн
көрдік.
2- жүргізуші: 1922 жыл. Ташкент қаласы. Сондағы қазақ- қырғыз
институтының айналасы халыққа лық толы. Аулаға кірер жолдың екі жағына қаз-
қатар тізіліп оқушы балалар тұр. Бүгін мұнда қазақ халқының қаламға
жүйрік, алты алашқа аты жайылған атақты азаматы Ахмет Байтұрсынұлы
келмекші... Келген жұмысы- Түркістандағы екі губерния қазақты Қазақстанға
қосып, қазақ елін біріктіру. Әрқашан халқының қамын жеп жүрген қамқорын,
қажымайтын қаһарманын бұрын сыртынан ғана атына қанық Түркістан жұрты
зор қошаметпен қарсы алмақ.
Міне, көптен күтіп тұрған құрметті қонағы да көрінді. Қасында 4-5
жолдасы бар, еңсесі биік, келбеті түзу, көзілдірікті бір адам аяғын ақырын
басып келе жатыр...
1- жүргізуші: Ахмет Байтұрсыновтың құрметіне арналған жиында Түркістан
азаматтары атынан Иемберген Табынбаев мынадай пікір айтады: Ахмет
ағай, қашан да болса халық үшін айтып жүрген еңбегіңіз, қайнамаса,
қайтпайтын қайратыңыз басқаларға үлгі болып, көргенде көңілімізді
көтереді. Тура салған бағытыңыз алдағы сенімімізді семіртеді,
ықтиярсыз жүрегімізді лүпілдетеді. Бұл сенің жұмысыңның, жолыңның
негізділігін, маңыздылығын, өткен дәуір мен басымыздағы дәуір
түгіл, болашақ дәуірге де жарайтындығын, мәңгілік, өлшеусіз өмір
жасайтындығын көрсетеді. Арттағы жеткіншектеріңіздің де осы
бағыттан адаспай қазақ халқы қайткенде алға басатындығын түсінуі
бәрімізді де, әсіресе сізді, бір жасатса керек. Аха, ісіңнің
өлмейтіндігіне көзің жетті. Бұрын жалғыз болсаң, енді жалғыз
емессің. Баяғы түрмеде отырғанда, жанашырың жалғыз анаң болса, енді
жалғыз емес, өзің де енді жалғыз емессің...
2- жүргізуші: Мұнан кейін жауап сөзді Ахмет айтты. Бұл сөзінде ол көп
жайларды аңғартты. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілінде газет шығару
Алаштың аруағы
Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ тілін оқыту әдістемесі
А.Байтұрсынұлы және терминология мәселелері
Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық ғұмырбаяны
Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен қызметі
Ахмет Байтұрсынұлының педагогикалық көзқарастары
Ахмет Байтұрсынов шығармашылығындағы тіл философиясының мәселелері
Әдебиет танытқыштың әлемдік әдебиеттану ғылым контексіндегі көрінісі
Рухани жаңғыру және оның пайдасы
Пәндер