Ою-өрнектер
КІРІСПЕ
1 Ою.өрнектер
1.1 Ою.өрнектер үлгілері
1.2 Ою.өрнек түрлері
1 Ою.өрнектер
1.1 Ою.өрнектер үлгілері
1.2 Ою.өрнек түрлері
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ халқының ұлттық мәдениеті ғасырлар бойы өзінің жалғасын тауып, бүгінгі күнге жетіп отыр. Ежелгі халықтың қолөнері қазіргі заманғы озық үлгілерімен ұштасу арқылы жалпы халықтың игілігіне айналуда. Алайда ұлттық қолөнеріміздің кейбір түрлері ұмытылып, немесе ескіріп қолданылудан қалып барады. Бұл түсінікті де. Ғылым мен техника қарыштап дамыған заманда бұрын қолмен жасалатын көптеген бұйымдарды фабрикалар мен арнайы шеберханаларда станоктар шығара бастады, шығарып та жатыр. Бұл – біріншіден, екіншіден мәдениеті артып өркениетке ұмтылған халқымыздың эстетикалық талғамы өсіп, уақыт талабына сай жиһаздар жинап, киім киіп, дегендей өмір сүріп жатыр. Осыған байланысты қолөнердің бірсыпыра салаларының, олардың туындыларының тұтынушылық сұранысқа қажет болмай қалуы құбылыс. Десекте назар аудара кетелік, Кеңес өкіметі құлағаннан кейінгі жылдары еліміздің экономикасы ешқандай сынды көтере алмайтын жағдайға жетті, тиісінше халықтың да әл-ауқаты күрт төмендеп кеткені белгілі. Осындай қиын-қыстау жылдары дүкендерде халықтың тұрмыс тіршілігіне қажетті тауарлар жоғалып кетті, ал бола қалған жағдайда оларды сатып алуға кісілердің көпшілігінің қаражаты жетпеді. Нәтижесінде жер-жерлерде қолөнер қайтадан жандана бастады, әсіресе орталықтардан шалғай жатқан ауылдарда бұл үрдіс бүгін де жалғасып келеді. Мұның өзі халқымыздың қолтаңбалы өнері саласында жинақталған мол тәжірибесін зерделеп, оның қыр-сырын қолөнермен шұғылдануға ниет білдірген жас шеберлерге ашып берудің маңызы зор. Тақырыптың өзектілігі де осындай жағдаймен сабақтасып жатыр деп ойлаймын.
Жұмыстың зерттелу дәрежесі. Халықтың қолөнері мен ою-өрнек творчествасын ғылыми негізде арнайы жетелеп зерттеу ісі басталғанына бір жарым ғасырға жуық уақыт өтті. Бұл іске ең алдымен Ресейдің ғалымдары, олармен қатар, Батыс Европа мен Америка зерттеушілері де кезінде қызыға кірісті. XIX ғасырдың басынан бастап-ақ халықтың қолөнері туралы байыпты мақалалар мен кітаптар шығарылды. Мысалы, австралиялық ғалым В.Куррердің бояу және бояушылық өнері жайында, Ф.Т.Куглердің, советтік ғалым С.В.Ивановтың, В.В. Стасовтың, Ф.К.Волковтың, С.А.Давыдовтың, Н.Ф.Сумцовтың, А.А.Богалюбовтың, В.Чепелевтың, А.Н.Берниеталеның және қазақ ғалымдары Ә.Марғұланның, Ә.Масановтың, М.Мұқановтың және тағы басқаларының шығармалары жарық көрді 31,17. Бұлар өздерінің еңбектерінде ою-өрнектің түрлері, атаулары, шығу тарихы туралы көптеген құнды деректерді келтіреді. Аталмыш зерттеушілердің көпшілігі, әсіресе шығыс халықтарының ою-өрнектеріндегі айшықтардың, мүйізге, жапыраққа геометриялық тұлғаларға ұқсас өрнектердің нені бейнелейтінін және олардың атауларының қандай ұғымдар негізінде қалыптасқанын ерекше қызыға қараған. Мысалы, геометриялық тұлғаларға ұқсас сынық сызықтар, қатар сызықтар, дөңгелек және бұрышты сызықтар (үш бұрыш, төрт бұрыш, ромба тәрізді өрнектер) тағы басқа қайдан шықты дей келіп, біреулері кәдімгі геометриялық пішіндес құрылыстардан шықты дей келіп, біреулері кәдімгі геометриялық пішіндес құрылыстардан шықса керек десе басқалары жан жануарлардың ішкі-тысқа көріністерінен, сүйек бітімдерінен шықса керек десті. Үшіншілері өсімдіктердің әр түрлі көріністерінен (мысалы, сынып жатқан ши, ағаш бұталардың сүйеулі тұрған сырықтардың бұрыш көріністерінен) шықса керек деседі. Ал енді бір зерттеушілер геометриялық түрлердің шыға бастауы өрнек жасаушылардың өнерлерінің өрістей түсуіне байланысты олардың ойлап, қиялдауынан туған дейді 31.17-19. Демек ою-өрнектің шығу тарихы олардың сюжеттік мазмұны мен атаулары туралы мәселе әлі де болса көп зерттеуді талап етеді.
Рас, бұл мәселеге С.Қасымов сынды ғалым елеулі үлес қосты. Автор өзіне «Қазақ халқының қолөнері» атты монографиясында ұлттық қолөнерінің ою-өрнек, киіз басу, ши орау, ер қосу, зергерлік сияқты түрлері төңірегінде сөз қозғайды. Кітапта ою-өрнектердің 200-ге жуық түрлері қамтылған және ою-өрнектердің кейбір заттық ұғымдарын еске салып, олардың кейінгі жастар үшінде түсінікті болу жағы қарастырылған. Автор қазақ халқының қолөнері өзінің тамырларымен тас ғасырын байлап кетеді деп орынды тұжырым жасаған.
Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің түпкі негізін іздестіру ісінде Т.К.Бәсеновтың «Орнамент Казахстана в архитектуре» деген кітабы көптеген құнды материалдарға қандай ұғымда туып, қалай дамығандығы, ерте кездегі қауымдардың мекендестігі, кәсібі мен әдет-ғұрпы жайында өте толық айтылған. Ғалым ою-өрнек элементтерінің даму тарихын көрсете келіп, оларды түр –түрге ажыратады. Мысалы, «арқар мүйіз», «қырық мүйіз», «сыңар мүйіз», «қарнақ», «ырғақ», «қошқар мүйіз», «күлте», «жапырақ», «гүл» тағы басқа. Автордың архитектуралық өрнектерді егжей-тегжейлі зерттей әкеліп, қазақтың ою-өрнегі үш түрлі ұғым негізінде туған деген қорытындының дұрыс екеніне көз жеткізуге әбден болады.
1977 жылы Әбдіқас Тәжімұратовтың «Шебердің қолы ортақ» атты шығармасы жарық көрді. Онда қазақтың қолөнерінің басқа түрлерімен қатар ою-өрнек, киіз басу, кілем және ши тоқу мәселері де көтерілген. Монографияның 7 бетінде зерттеуші қазақ халқында өрнек тоқу, алуан түрлі кілем басу, басқұр, алаша, қортын, аяққап тоқу мен текемет басып, сырмақ сыру, түс киіз жасау сияқты өнері кең тараған дей келе мынадай орынды пікір айтады: халқымыздың осындай мәдени мұрасына «көне деп қарамай, оны байырғы байлығымыз деп бағалап, халқымыздың тұрмыс қажетін өтеуге тиімді пайдалануымыз керек».
Ұлтымыздың қолөнерінің әртүрлі салаларын зерттеуде Ш.Әбдуалиева, Н.Әмірғазин, Х.Арғынбаев, В.В.Восторов, Н.А.Оразбаева, М.С.Мұқанов, Ж.О.Артықбаев және тағы басқалардың қосқан үлесі зор! Олардың құнды еңбектерінен қазақ халқының атадан балаға мұра болып келе жатқан ұлттық қолөнерінің үздік үлгілері жайында қызықты деректер, маңызды мағлұматтармен қатар қолөнерімен шұғылданушыларға қажетті кеңестерді де кездестіруге болады.
Сонымен, жоғарыда айтылғандардан және бітіру жұмысының соңында келтірілген қолданылған әдебиеттер тізімінен байқайтынымыз: қазақ халқының қолөнеріне қатысты жарияланған азды-көпті еңбектер баршылық. Олардың барлығын өз жұмысымыздың негізіне алдық.
Зерттеу жұмысының мақсат-міндеттері. Қазақ халқының қолөнерінің әр-алуан екені белгілі. Оның барлығын көлем жағынан шағын еңбекте қамту мүмкін емес. Сол себептен тақырыптың аумағын кішірейтіп, алдымызға қазақтың қолтаңбалы өнерін зерттеуді мақсат етіп қойдық. Осы мақсатқа сәйкес төмендегідей нақтылы міндеттер туындайды:
1) ұлттық ою-өрнектерді зерделеу;
2) өрнек және ши тоқу өнерін талдау;
3) киіз және текемет басу тәсілін сараптау;
4) кесте және көркемдеп тігу мәселесін қарастыру.
Бітіру жұмысының әдістемелік негізі: Тақырып бойынша зерттеу жұмысын жүргізу барысында ғалымдардың пікірлері мен жұмысқа қажетті деректер жинақталды, содан кейін оларды бір-бірімен салыстыру, талдау, жүйелеу әдістері қолданылады.
Бітіру жұмысының негізіне алынған түп деректер белгілі ғалымдардың еңбектерінде келтірілген құнды материалдар, тақырыпқа қатысты газет-журнал беттерінде, ғылыми жинақтарда жарияланған мақалалардағы қызықты фактілер, сондай-ақ өзімнің туған жерім Зайсан өңіріндегі ауылдардағы ақсақалдар мен әжелерден өзім жинақтаған деректер, олардың аузынан естіген әңгімелер болып табылады.
Бітіру жұмыстың ғылыми жаңалығы. Әрине, өзімнің шағын зерттеу жұмысымда сондай бір ғылыми жаңалық ашып отырмын деп айту қиын. Сөйтседе ескерте кетелік, бұрын ғалымдардың назарынан тыс қалып келген Шығыс Қазақстан облысында, әсіресе Зайсан жерінде жинақталған мол этнографиялық материалдарды алғашқылардың бірі болып ғылыми айналысқа түсіруге ұмтылыс жасадым деп ойлаймын.
Бітіру жұмыстың тәжірибелік маңызы: Еңбекте келтірілген деректерді «тарих» бөліміндегі студенттер этнология пәні бойынша өтетін семинар сабақтарына дайындалғанда, курстық және бақылау жұмыстарын жазуда қосымша материалдар ретінде пайдалануларына болады.
Бітіру жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, төрт тараудан, қорытынды, дерек берген кісілердің және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Л. Әбдуалиева Ш. Халық қолөнері. -Алматы: Рауан, 19927-120 бет.
Әмірғазин, Қайыртай. Қазақ қолөнері: теріні, ағашты, темірді көркем өңдеу. - Алматы: Дайк-пресс, 1996-160 бет.
Әлімбаев М. Шебердің қолы ортақ: [Республикада қолөнерін дамыту туралы]. //Қазақстан өнері. - Алматы: Өнер, 1987-54-57 б.
М. Әлімбаев М. Алаша: [Асыл мұра] // Егемен Қазақстан.-1998.-29 сәуір.
5. Әлімбаев М. Қазақ кілемі: [Кілемнің түрлері] // Егемен Қазақстан.-1998.-18 наурыз.
Абдигапбарова.У. К вопросу использования материалов казакского орнамента //Поиск. Серия гуманитарных наук. – 2002. - № 2. – С. 181-186.
Абдуллаханова М. Халық мұрасының жарасымды жалғасы: [Қолөнер ісмері Гүлзада Сейтқали қызы] // Қазақстан әйелдері. – 1990. - № 2. -32-33 бет.
Абдуллаев Б. Еңбек түбі береке // Ұлағат. – 2002. - №5. - Б. 18-22.
Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері: Ғылыми зерттеу еңбек. -Алматы: Өнер, 1987. - 126 бет.
Артықбаев Ж.О. Этнология и этнография. - Астана: Формат, 2001. -3 04 с.
Асылханов Е, Нақысбеков А. Қазақстан қолөнері тарихы неге ескерусіз қалған?. //Қазақстан мектебі. - 1990. - №11. – 46-49 бет.
Ауғанбаева Ұ. Кілем тоқу // Қазақстан мектебі. - 2002. - №5. - Б.64.
Ахметжанова Күльзипаш. Қазақ халқының қолөнерінің мәдениет-танулық негіздері. – Алматы, 2000. – 7-27 бет.
14. Байбосынова Н. Өнерді тану-өзіңді тану // Ақ желкен. - 2001. - №5. с.18.
15. Бекешов С. Қазақтың ою-өрнектері жэне олардың қолданылуы // Қазақ тарихы. -2000.-№5 -Б.4.
Востров В.В., Каунова Х.А. Материальная культура казахского народа на современном этапе. -Алма-ата: Наука, 1972. -272 с.
17. Востров В.В. Новые материалы по этнографии казахов-адаевцев. «ТИИАЭ АН Каз ССР», т.8, Алма-ата, 1960.
Востров В.В. Некоторые вопросы этнографии казахов Кзыл-Ординской области «ТИИАЭ АН Каз ССР», т.18, Алма-ата, 1963.
Вопросы этнологии и антропологии Казахстана. -Алма-Ата. Академия Наук КазССР, 1962.-192.
Дудин С.М. Киргизский орнамент, «Восток», М.-Л., 1925,кн.5.
Ералы А. Қолөнер қолғабысқа мұқтаж // Қазақ әдебиеті. 2003. 8 тамыз. Б.15.
Жаманбаев Қ. Өрнектер сыры. [Халық шеберлерінің туындылары туралы. Шығыс Қазақстан обл.] Мәдениет және тұрмыс 1976, №1, 16-17 бет.
Жұмабайқызы Г. Қазақы қолөнер [Қазіргі кездегі қолөнердің дамуы] //Жас алаш. -1998. -8 мамыр. -Б.4.
24. Ислямов О. Жүн қолөнері технологиясының сарамандық жұмыстары. // Білім-Образование.-2001.-№2.-Б.ЗЗ-35.
25. Ислямов О. Жүн өңдеу және киіз басу қолөнері // Ұлт тағылымы.-2001.-№».-Б.53-62.
26. Культура древних скотоводов и земледельцев Казахстана. /Отв. Ред. К.А. Акишев.-Алма-Ата: Наука. 1969.-196 с.
27. Күзембаева С. Ою-өрнекте көңіл күй мен сезімтереңдігі болады // Ұлағат. - 2000.-№2.-Б.34-35.
Коташев К. Особенности кочевой цивилизации // Мысль. 2003.-№5. с.88-
Кенжеахметұлы С. Казахские народные традиции и обряды. Алматы: Ана тілі, 2002.-96с.
Қазақ халқының сәнді ою-өрнек өнері. [Н.А. Оразбаева] Л.: Аврора,1970.
Қасиманов С. Қазақ халқының қол өнері. Алматы. «Қазақстан», 1995-248 бет.
32. Қазақтың ою өрнектері. Казахские орнаменты / Авт.-сост. Г.А.Жанабаева. - Усть-Каменогорск: Б.и., 2000.-24с.
33. Қазақстан өнері / Құраст. О.Оралбаев. Алматы: Өнер, 1987. 80 бет.
34. Қазақстан өнері: Жылнама 1983 / Құраст. Ж.Дауренбеков. Алматы: Өнер, 1984.-96 бет.
35. Қазақстан өнері: Жылнама / Құраст. К.Қасымбеков. 1981-1982. -Алматы: Өнер, 1984.-96 бет.
36. Қол өнер-мол өнер // Ертіс Өңірі. -2004. -29 қаңтар -Б.31.
37. Марғұлан А.Х. Казахская юрта и ее убранство. М, 1964.
38. Мұқанов М.С. Казахская юрта. Алма-Ата, 1981.
39. Оразақынова К. Кілем сыры түгінде // Ұлағат. -2002.-№5.-Б.23
40. Парлак Т. Қазақстандағы кілем тоқу өнерінде қолданылатын ою-өрнектер. // ҚазМу Жабаршысы. Тарих сериясы.-2000.-№4.-Б. 126-130.
41. Парлак Т. Қазақстанның оңтүстік аймағындағы кілем тоқу өнерінде қолданылатын өсімдік бояулары // Отан тарихы.-2001.-№1.-Б.125-129.
42. Сапарғали Н. Текемет: [Ғажайып қолөнердің бір туындысы жайында] // Ана тілі.-1998.-26 ақпан.
43. Тоқжігітов М. «Оютастың» үлгісі [Өскемен қаласы]-Коммунизм туы, 1975, 26 февраль.
44. Тохтабаева Ш.Ж. Художественные традиции казахской вышивки // Отан тарихы.-2001.-№2.-с.111-115.
45. Тәжімұратов Әбдіқас. Шебердің қолы ортақ. Алматы, «Қазақстан», 1977.
46. Хозяйственно-культурные традиции народов Средней Азии и Казахстана. /Отв.Ред. Т.А.Жданко.-Москва: Наука.-1975.-232 с.
Художественная жизнь Казахстана: Сб. Статей.-Алматы.: Отан, 2001.-76с.
Шоқпарұлы Д. Кесте тігу өнері кенжелеп қалды. // Ақ босаға.-1993.-маусым (№4).-Б.2.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 Ою-өрнектер
1.1 Ою-өрнектер үлгілері
1.2 Ою-өрнек түрлері
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ халқының ұлттық мәдениеті ғасырлар бойы өзінің
жалғасын тауып, бүгінгі күнге жетіп отыр. Ежелгі халықтың қолөнері қазіргі
заманғы озық үлгілерімен ұштасу арқылы жалпы халықтың игілігіне айналуда.
Алайда ұлттық қолөнеріміздің кейбір түрлері ұмытылып, немесе ескіріп
қолданылудан қалып барады. Бұл түсінікті де. Ғылым мен техника қарыштап
дамыған заманда бұрын қолмен жасалатын көптеген бұйымдарды фабрикалар мен
арнайы шеберханаларда станоктар шығара бастады, шығарып та жатыр. Бұл –
біріншіден, екіншіден мәдениеті артып өркениетке ұмтылған халқымыздың
эстетикалық талғамы өсіп, уақыт талабына сай жиһаздар жинап, киім киіп,
дегендей өмір сүріп жатыр. Осыған байланысты қолөнердің бірсыпыра
салаларының, олардың туындыларының тұтынушылық сұранысқа қажет болмай қалуы
құбылыс. Десекте назар аудара кетелік, Кеңес өкіметі құлағаннан кейінгі
жылдары еліміздің экономикасы ешқандай сынды көтере алмайтын жағдайға
жетті, тиісінше халықтың да әл-ауқаты күрт төмендеп кеткені белгілі.
Осындай қиын-қыстау жылдары дүкендерде халықтың тұрмыс тіршілігіне қажетті
тауарлар жоғалып кетті, ал бола қалған жағдайда оларды сатып алуға
кісілердің көпшілігінің қаражаты жетпеді. Нәтижесінде жер-жерлерде қолөнер
қайтадан жандана бастады, әсіресе орталықтардан шалғай жатқан ауылдарда бұл
үрдіс бүгін де жалғасып келеді. Мұның өзі халқымыздың қолтаңбалы өнері
саласында жинақталған мол тәжірибесін зерделеп, оның қыр-сырын қолөнермен
шұғылдануға ниет білдірген жас шеберлерге ашып берудің маңызы зор.
Тақырыптың өзектілігі де осындай жағдаймен сабақтасып жатыр деп ойлаймын.
Жұмыстың зерттелу дәрежесі. Халықтың қолөнері мен ою-өрнек творчествасын
ғылыми негізде арнайы жетелеп зерттеу ісі басталғанына бір жарым ғасырға
жуық уақыт өтті. Бұл іске ең алдымен Ресейдің ғалымдары, олармен қатар,
Батыс Европа мен Америка зерттеушілері де кезінде қызыға кірісті. XIX
ғасырдың басынан бастап-ақ халықтың қолөнері туралы байыпты мақалалар мен
кітаптар шығарылды. Мысалы, австралиялық ғалым В.Куррердің бояу және
бояушылық өнері жайында, Ф.Т.Куглердің, советтік ғалым С.В.Ивановтың, В.В.
Стасовтың, Ф.К.Волковтың, С.А.Давыдовтың, Н.Ф.Сумцовтың, А.А.Богалюбовтың,
В.Чепелевтың, А.Н.Берниеталеның және қазақ ғалымдары Ә.Марғұланның,
Ә.Масановтың, М.Мұқановтың және тағы басқаларының шығармалары жарық көрді
(31,17(. Бұлар өздерінің еңбектерінде ою-өрнектің түрлері, атаулары, шығу
тарихы туралы көптеген құнды деректерді келтіреді. Аталмыш зерттеушілердің
көпшілігі, әсіресе шығыс халықтарының ою-өрнектеріндегі айшықтардың,
мүйізге, жапыраққа геометриялық тұлғаларға ұқсас өрнектердің нені
бейнелейтінін және олардың атауларының қандай ұғымдар негізінде
қалыптасқанын ерекше қызыға қараған. Мысалы, геометриялық тұлғаларға ұқсас
сынық сызықтар, қатар сызықтар, дөңгелек және бұрышты сызықтар (үш бұрыш,
төрт бұрыш, ромба тәрізді өрнектер) тағы басқа қайдан шықты дей келіп,
біреулері кәдімгі геометриялық пішіндес құрылыстардан шықты дей келіп,
біреулері кәдімгі геометриялық пішіндес құрылыстардан шықса керек десе
басқалары жан жануарлардың ішкі-тысқа көріністерінен, сүйек бітімдерінен
шықса керек десті. Үшіншілері өсімдіктердің әр түрлі көріністерінен
(мысалы, сынып жатқан ши, ағаш бұталардың сүйеулі тұрған сырықтардың бұрыш
көріністерінен) шықса керек деседі. Ал енді бір зерттеушілер геометриялық
түрлердің шыға бастауы өрнек жасаушылардың өнерлерінің өрістей түсуіне
байланысты олардың ойлап, қиялдауынан туған дейді (31.17-19(. Демек ою-
өрнектің шығу тарихы олардың сюжеттік мазмұны мен атаулары туралы мәселе
әлі де болса көп зерттеуді талап етеді.
Рас, бұл мәселеге С.Қасымов сынды ғалым елеулі үлес қосты. Автор өзіне
Қазақ халқының қолөнері атты монографиясында ұлттық қолөнерінің ою-өрнек,
киіз басу, ши орау, ер қосу, зергерлік сияқты түрлері төңірегінде сөз
қозғайды. Кітапта ою-өрнектердің 200-ге жуық түрлері қамтылған және ою-
өрнектердің кейбір заттық ұғымдарын еске салып, олардың кейінгі жастар
үшінде түсінікті болу жағы қарастырылған. Автор қазақ халқының қолөнері
өзінің тамырларымен тас ғасырын байлап кетеді деп орынды тұжырым жасаған.
Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің түпкі негізін іздестіру ісінде
Т.К.Бәсеновтың Орнамент Казахстана в архитектуре деген кітабы көптеген
құнды материалдарға қандай ұғымда туып, қалай дамығандығы, ерте кездегі
қауымдардың мекендестігі, кәсібі мен әдет-ғұрпы жайында өте толық айтылған.
Ғалым ою-өрнек элементтерінің даму тарихын көрсете келіп, оларды түр –түрге
ажыратады. Мысалы, арқар мүйіз, қырық мүйіз, сыңар мүйіз, қарнақ,
ырғақ, қошқар мүйіз, күлте, жапырақ, гүл тағы басқа. Автордың
архитектуралық өрнектерді егжей-тегжейлі зерттей әкеліп, қазақтың ою-өрнегі
үш түрлі ұғым негізінде туған деген қорытындының дұрыс екеніне көз
жеткізуге әбден болады.
1977 жылы Әбдіқас Тәжімұратовтың Шебердің қолы ортақ атты шығармасы жарық
көрді. Онда қазақтың қолөнерінің басқа түрлерімен қатар ою-өрнек, киіз
басу, кілем және ши тоқу мәселері де көтерілген. Монографияның 7 бетінде
зерттеуші қазақ халқында өрнек тоқу, алуан түрлі кілем басу, басқұр, алаша,
қортын, аяққап тоқу мен текемет басып, сырмақ сыру, түс киіз жасау сияқты
өнері кең тараған дей келе мынадай орынды пікір айтады: халқымыздың осындай
мәдени мұрасына көне деп қарамай, оны байырғы байлығымыз деп бағалап,
халқымыздың тұрмыс қажетін өтеуге тиімді пайдалануымыз керек.
Ұлтымыздың қолөнерінің әртүрлі салаларын зерттеуде Ш.Әбдуалиева,
Н.Әмірғазин, Х.Арғынбаев, В.В.Восторов, Н.А.Оразбаева, М.С.Мұқанов,
Ж.О.Артықбаев және тағы басқалардың қосқан үлесі зор! Олардың құнды
еңбектерінен қазақ халқының атадан балаға мұра болып келе жатқан ұлттық
қолөнерінің үздік үлгілері жайында қызықты деректер, маңызды мағлұматтармен
қатар қолөнерімен шұғылданушыларға қажетті кеңестерді де кездестіруге
болады.
Сонымен, жоғарыда айтылғандардан және бітіру жұмысының соңында келтірілген
қолданылған әдебиеттер тізімінен байқайтынымыз: қазақ халқының қолөнеріне
қатысты жарияланған азды-көпті еңбектер баршылық. Олардың барлығын өз
жұмысымыздың негізіне алдық.
Зерттеу жұмысының мақсат-міндеттері. Қазақ халқының қолөнерінің әр-алуан
екені белгілі. Оның барлығын көлем жағынан шағын еңбекте қамту мүмкін емес.
Сол себептен тақырыптың аумағын кішірейтіп, алдымызға қазақтың қолтаңбалы
өнерін зерттеуді мақсат етіп қойдық. Осы мақсатқа сәйкес төмендегідей
нақтылы міндеттер туындайды:
1) ұлттық ою-өрнектерді зерделеу;
2) өрнек және ши тоқу өнерін талдау;
3) киіз және текемет басу тәсілін сараптау;
4) кесте және көркемдеп тігу мәселесін қарастыру.
Бітіру жұмысының әдістемелік негізі: Тақырып бойынша зерттеу жұмысын
жүргізу барысында ғалымдардың пікірлері мен жұмысқа қажетті деректер
жинақталды, содан кейін оларды бір-бірімен салыстыру, талдау, жүйелеу
әдістері қолданылады.
Бітіру жұмысының негізіне алынған түп деректер белгілі ғалымдардың
еңбектерінде келтірілген құнды материалдар, тақырыпқа қатысты газет-журнал
беттерінде, ғылыми жинақтарда жарияланған мақалалардағы қызықты фактілер,
сондай-ақ өзімнің туған жерім Зайсан өңіріндегі ауылдардағы ақсақалдар мен
әжелерден өзім жинақтаған деректер, олардың аузынан естіген әңгімелер болып
табылады.
Бітіру жұмыстың ғылыми жаңалығы. Әрине, өзімнің шағын зерттеу жұмысымда
сондай бір ғылыми жаңалық ашып отырмын деп айту қиын. Сөйтседе ескерте
кетелік, бұрын ғалымдардың назарынан тыс қалып келген Шығыс Қазақстан
облысында, әсіресе Зайсан жерінде жинақталған мол этнографиялық
материалдарды алғашқылардың бірі болып ғылыми айналысқа түсіруге ұмтылыс
жасадым деп ойлаймын.
Бітіру жұмыстың тәжірибелік маңызы: Еңбекте келтірілген деректерді тарих
бөліміндегі студенттер этнология пәні бойынша өтетін семинар сабақтарына
дайындалғанда, курстық және бақылау жұмыстарын жазуда қосымша материалдар
ретінде пайдалануларына болады.
Бітіру жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, төрт тараудан, қорытынды,
дерек берген кісілердің және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ОЮ-ӨРНЕКТЕР
1.1 Ою-өрнектер үлгілері
Қазақ халқының сан-алуан түрлі әшекейлеп жасаған қолөнерінің, өрнегінің
түрлері мен атаулары аса мол. Соның ішінде халық арасында көбірек тарағаны
ою-өрнек өнері. Ою мен өрнекті бір-бірінен ажыратып айтуға келмейтін бір
мағыналы сөз. Бұл сөздің ұғымына бір нәрсені ойып, қиып алып жасау, немесе
екі затты оя кесіп қиюластырып басқа бұйым жасау, бір нәрсенің бетіне ойып
бедер түсіру деген мағына жатады.
Қазақ халқының қолөнерінде бір өрнекке салып қиып алған үлгімен кескен сан
алуан түрлі өрнектерін ою деп атайды. Өрнек дегеніміз-әртүрлі ою, бедер,
бейнені күйдіріп, жалатып, бояп, батырып, қалыптап жасаған көркемдік
бейнелердің ортақ атауы. Ою-өрнек біздің заманымыздан мыңдаған жылдар бұрын
пайда болғаны мәлім. Сонау жазу-сызу шыға қоймаған ерте заманда адам өз
ойын тасқа, сүйекке, ағашқа ойып-қашап түсіріп отырған. Қазіргі қолөнер
саласындағы сүйек ою өнері, ағаш ою өнері деген сөздер-сол ерте заманда
қалыптасқан ұғымдар. Демек, бұдан қазақ халқының ою-өрнек өнері де осы
тұста басталғанына көзімізді жеткіземіз. [9,6.46].
Бір кезде тасқа, ағашқа, сүйекке түсірілген ою-таңбалар келе-келе киізге,
алаша, кілем тағы басқа заттарға салынатын болған. Ол белгі, таңбалар
арқылы халық белгілі бір ұғым түсініктерді аңғарып, біліп отырған. Бұдан ою-
өрнек белгі таңбалары өмір қажетінен туғанын байқауға болады. Мысалы, қазақ
халқының ерте кезден бергі әдет-ғұрып салты бойынша, бөтен жерге, алыс
ауылға күйеуге ұзатылған қыз баланың белгілі бір уақыттан кейін төркін
жағына сәлемдеме жіберуі тиіс екен. Сәлемдемеде жас келіншек өзінің күйеуге
шыққаннан кейінгі тұрмыс жағдайын ою-өрнекпен бейнелеп жіберуі шарт болған.
Осы салт бойынша тұрмысқа шыққан бір қыздың үйіне жіберген сәлемдемесінде-
алақандай жарғақ, оның бетіне бойы сорайған ұзын және өте жіңішке, әрі арық
адам бейнесі кестеленіп салынған және оның жанында тұрған дөп-дөңгелек адам
тұрпаты бейнеленген. Бұл сәлемдемеден қыздың ата-анасы жат жұртқа ұзатылған
баласының отырса опақ, тұрса сопақ болған мүшкіл халін түсінген. Ал басқа
бір ретте күйеуге ұзатылған қыздан құсмұрын бейнесі салынған сәлемдеме
келсе, ата-анасы одан баласының барған жерінде құстай ерікті, басы
бостандықта, жағдайы жақсы екенін ұғатын болған. Сондықтан ұзатылған қыздан
сәлемдемеге құстұмсық жүзік келсе немесе құстұмсық ою-өрнекті тұс киіз,
басқұр сияқты зат келсе, ауыл-аймағы қуанып, той жасап, атап өтуді әдет
еткен. [45,6.46]. Бұл әдеттің жұрнағы қазір де сақталған. Зайсан
ауданындағы Қаратал ауылының тұрғыны Қазиза апамның айтуы бойынша, ел
ішінде құстұмсық жүзік көрсе көптеген қыз-келіншектердің құштар болатыны
тегін емес. Бұл сонау ертеден басталған ою-өрнек белгілерінің жоғалмай,
бүгінгі дәуірге жетіп, халық қажетіне жарап отырғанының айғағы. Оның үстіне
ою-өрнек үлгілері әр түрлі мағыналарды білдірген. Мысалы, әлгі құстұмсық
жүзікте салынған сыңар дөңгелек, күн белгісі, қос дөңгелек әділеттіліктің,
мейірімділіктің белгісі болып есептелген.
Сондықтан да қос дөңгелекті құдағи жүзікті қыздың шешесі өзінің жақсы
көретін, яғни келінін өз қызындай тәрбиелейтін қүдағиының қолына салуды
ерте кезден әдетке айналдырған. Осы мысалдардың өзінен халқымыз ерте
замандардан ою-өрнек өнерін өмір мүддесіне, тұрмыс қажетіне пайдаланып,
іске жаратып келе жатқанын көреміз. Демек өткендегі әдет-ғұрып
дәстүрлерінің бәрі бізге жат емес. Оның ішінде тәрбиелік маңызы барларын,
керектілерін бүгінгі күні де пайдалана біліуіміз қажет. Мысалы, құдағи
жүзікті қазір де пайдаланудың ешбір сөкеттігі жоқ. Бұл адамдар арасындағы
сыйластықтың, жақсы адамға көрсетілген ілтипаттық құрметтің белгісі дерлік.
Оның үстіне ел ішінде көптеген егде адамдар қолында құдағи жүзігі бар қайын
енелерді көріп, оның үй-ішіне, жақын-жұрағатына сыйлы, қадірлі кісі екенін
бірден білетін болады.
Ою-өрнек белгілерінің тұрмыста кеңінен қолданылатындығына тағы бір мысал,
қазақтың бұрынғы салты бойынша, жаңа туған нәрестеге құтты болсын айтуға
барғанда, оған апаратын бала жинағы деп аталатын бұйымдарға малдың, аңның
бейнелері салынатын болған. Мұның себебі-балаға айналадағы дүниені таныту.
Бұйымдарда бейнеленген нұсқаларды бала есейгенше бірте-бірте танып өседі.
Қазақ даласына тараған ислам діні тірі бейнені түсірген өнер атаулының жауы
болғаны мәлім. Бірақ ою-өрнек өнері дін шырмауына шырмалып қалмай, жазу-
сызудың шыққанына қарамастан, дамып өсіп отырды.
Бұрын белгілі бір ұғымды, түсінікті білдіретін ою-өрнек таңбалары бертін
келе сәндік, салтанат белгілеріне айналды. Әйтсе де кейбір ою-өрнек
үлгілерінің бастапқы мағына ұғымы сақталып қалған. Мәселен, ою-өрнек
өнерінің көптеген шеберлері қазір күн белгісі ретінде сыңар дөңгелекті,
молшылықтың белгісі ретінде қошқар мүйізді, құстұмсықты, құсқанат, арқар
мүйіз тағы басқа белгілерді қолданады.
Адамзат баласы ертеден-ақ өзінің жағдайна, талғамына, тұрмысына сай киіне,
сәндене білген. Табиғи сұлулығын, көркемдігін көркейтіп, түрлендіріп
көрсететіндей әдемі зергерлік бұйымдарды орнымен пайдалана да білген. Оған
біздің күні бүгінге дейін табылып жатқан көне мұраларымыз бен музейлерде
сақталған экспонаттар, сол дәуірдің суреттері, т. б. куә. Тағы бір мысал
ретінде білезікті алайық. Ол ерте дүниеден бері бір ұрпақтан, бір ұрпаққа
ауысып, әр дәуірде, әр қоғамда әр түрлі сипат алып, күні бүгінге дейін
жетіп отыр. Білезікті дүние жүзіндегі барлық елдер де салған. Бір
таңғалатын нәрсе, ол кезде адамдар білезікті кездейсоқ бәлекеттен, тілден,
көзден, бақытсыздықтан сақтайтын құдірет деп санаған. Бізді осындай ойға
жетелеп, өз тарихынан хабардар етуші көне суреттер сол құдіреттің өте
арзанқол темірден, қаңылтырдан, қола, ағаштан жасалғанын да жасырып қала
алмайды. [30,6.23]. Халық ою-өрнектерінің пайда болуын екі топқа бөлуге
болады.
Бірінші - халықтың өзіне тән, ертеден жалғасып келе жатқан ұлттық оюлары.
Екінші - басқа халықтардан ауысқан және интернационалдық сыпаттағы ою-
өрнектер. Осы күнгі көп жапырақты гүлдер мен геометриялық ою-өрнектер,
жазу, сызуды бейнелеген өрнектер, крестеп, бүршіктеп, машинамен тігу әдісі,
өрнектеп тоқу, өрнектеп ойып тескен үлгі бойынша торлай тігіп әсемдеу
сияқты қолөнердің көптеген жақсы үлгілері қазақ халқының ұлттық ою-
өрнектерін байыта түскендігі белгілі.
Сонымен қатар қазақ халқының әлеуметтік салт-санасы өсіп, мәдени дәрежесі,
дүниеге көз қарасы, ойлау, ұғыну қабілеті де бұрын-соңды болып көрмеген
дәрежеге жетуінің нәтижесінде, халық шеберлерінің творчествалық ізденуі мен
қабілеті де шындалып жетілді.
Соңғы кезде қазақтың ұлттық ою-өрнек өнерін өркендетуге едәуір көңіл бөліне
бастады. Мысалы, бесаспап шебер оюшыларымыз өз туындыларында жердің
картасын, алып құрылыстардың бейнесін, халық шаруашылығының өркені мен
табыстарын, жұлдыз, көгершін бейнесін-бейбітшілік, бейбіт еңбектің символы
ретінде космосқа ұшқан ракета белгісін тағы басқаларды оюға түсірсе,
қылқалам иелері мен қолөнер шеберлері қазақтың байырғы ою-өрнек үлгілерін
творчестволарына кеңінен пайдаланып келеді.
1.2 Ою-өрнек түрлері
Оюлап өрнек салу халық өнерінің бір саласы. Оның түрлері мен атаулары
күнделікті тұрмыста қолданылу, тұтыну тәсіліне қарай, ұқсату мен іске
асырылу амалдары да, жолдары да сан салалы, алуан түрлі. Мәселен, әшекейлі
түр салудың кестелеу, ою, зерлеу, сыру, теру, көз салу, шымкестелеу,
мүйіздеу, бастыру, гүлдеу, таңдайлау, кереге көздеу, өткермелеу, шаршылау
сияқты салалары ілмелеп, қайып, бүгіп, өткермелеп, тепшіп, шалып, торлап
тігу әдістерімен атқарылады. Сондай-ақ өру, бұрау, жону, ойып алу, құю,
сызу, бояу, сүйектеу, күмістеу, бедерлеу сияқты өрнек үлгілерінің үй
тұрмысында, өнеркәсіпте, әр түрлі құрылыста, мәдениет саласында,
архитектурада, жалпы әлем өмірінің дамуында қолданылмайтын, іске аспайтын
жері жоқ. Академик Әлкей Марғұланның сөзімен: Қазақ халқын кілең ою-өрнек
дүниесінің ортасында өмір сүреді-десек, қазақта өрнек түрлерінің сансыз
көп, күнделікті тұрмысқа етене сіңісіп кеткенін дәлелдейді. [23,6.3].
Халық арасында кеңінен тараған кесте өнерін алсақ, ол ел тұрмысына өте кең
жайылған. Тігін фабрикаларында әр түрлі киімдерді, құрылыста, заводтың,
фабриканың, тұрғын үйлердің, мекеме үйлерінің қабырға өрнектерін,
бағаналарын, бұрыштарын, қабырғаларын, есіктерін, маңдайша табалдырықтарын,
босаға жақтауларын, баспалдырықтарын әшекейлеп, түр салу үшін пайдаланады.
Тұрмыс бұйымдары: шымылдық, перде, түс киіз, жастықтың тысы, т. б. және
киімдер: көйлектің жаға-жеңі, тақия сәукеле, шапан, шекпен, белдемше,
желбіршек, қамзол, тірсекжең бешпет, шалбар, жамылғы, орамал тағы басқалар
кестемен әшекейленіп безендіріледі.
Қазақтың халықтық қолөнерінде жиі қолданылатын мүйіз тектес ою-өрнектер
өзінің даму барысында рр түрлі көркемдік сипат алған. Қошқар мүйіз, арқар
мүйіз, марал мүйіз, бұғы мүйіз, сынық мүйіз жэне тармақ мүйіз сияқты тағы
басқа өрнектер өзіндік сұлу кескін таңбасымен сондай-ақ белгілі бір мән-
мағынаны білдірумен көзге түседі. Зергерлер металды әшекейлі бұйымдарды
жасауға пайдаланып, оған түрлі үлгі, өрнектер, нақыштар салғанда
мүйіздердің көркемдік элементтерінің жарастығын тауып, қисындырады. Ол
әшекейлер сырға, шолпы, жүзік, білезік, алқа, өңір жиек, белбау, ер-тұрман
тағы басқа арнаулы үй-мүліктеріне де қолданылған. Суретші-шебер сол көркем
дүниені биік талғам мен творчествалық ізденіс нәтижесінде туғызып отырған.
Арқар мүйіз, қошқар мүйіз оюлар халқымыздың күнделікті тұрмыстағы тұтыну
заттарында да әсемдік сипат алған. Текемет, сырмақ, алаша, кілем, түс киіз,
бау-басқұр, қоржын, аяққаптарда өсімдік сипатты элементтер мен астаса келіп
жарастық тапқан. Қазақтың сәндік өнерінде оюдың түрі өте көп. Бірақ
солардың ішінде қошқар мүйізге көп мән берген. Киетін киім мен аяқ-
табағынан бастап, үйінің киізі мен кереге, сықырлауық, ер-тұрман, үзеңгі,
жүгеніне дейін қошқар мүйіз өрнегінің элементтері бар. Мүның себебін
халықтың тарихи дамуындағы кәсібінен, тұрмысы мен салтынан іздеген жөн.
Сонау Андронов дәуірі біздің эрамызға дейінгі екі мың жылдықтың ортасы, сақ
тайпаларының жаңа даму кезеңін меңзейді. Содықтан ою-өрнек барлықтарда да
ертеден бері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан халықтық өнердің бір
түрі.
Ертедегі қазақ оюларын мазмұны жағынан іріктесек негізінен үш түрлі ұғымды
бейнелейді. Олар, біріншіден, мал өсіру мен аңшылықты, екіншіден жер, су,
көшіп, қону жағдайын, үшіншіден, күнделікті өмірде кездесетін әртүрлі
заттардың сыртқы бейнесін береді. [26,6.58].
Енді осы ою-өрнектердің халық арасында көп қолданатын түрлері, не әрбір
шеберлердің көпшілігіне белгілі атауларына әдейі тоқтап өтейік.
Ай- өрнектері аспандағы айға ұқсас етіп жасалған. Бұл өрнектер ең алғаш
діни ұғымды уағыздайтын болса, осы заманда бұл ұғымнан мүлде тазарып, тек
әдеміліктің бір түрі болып сақталып қалған. Кейбір өрнектердегі дөңгелене
келіп түйіскен жарты айлардың қосындылары табақ, шеңбер өрнектері
сияқты әдемі түрлер жасайды. Ай балта-ай сияқты құдіретті балта деген
ұғымнан туған. Мұндай өрнек көбінесе ер-тұрмандарда, батырлардың қару-
жарақтарында, кестелі киім-кешектерде, архитектуралық өрнектерде кездеседі.
Айыр-айырдың өрнекте берілетін түрі көбінесе айыр тұяқты малдардың бақайы
мен түйенің өркешін өрнекке салу негізінде шыққан. Айыр өрнегінің екі
жақтауын түйістіріп те жасайды, мұнан қос мүйіздің формасы жасалып отырады.
Бұл өрнекті шеберлердің қолдану ерекшелігіне байланысты әр алуан түрлі
мәнерде кездесетіндігін көреміз. Сол себепті оны кей жерде, айыр тұяқ,
өркеш, теке мүйіз деп те атайды.
Алақан-көбінесе көп тармақты өрнектердің ортасында солардың негізгі
бөлігін бір-біріне жапырақ тақтасы немесе алақан формалы жалғап тұрған
жалпақ былғарыны айтады. Өрнекпен жалғастырады.
Алақан өрнегі сырмақ, төсек сырмақ, маяуза, алаша, бау өрнектерінде жиі
кездеседі.
Ала құрт-Ала құрт өрнегінің өңі бір-біріне параллель болып жалғасып
келеді, өңі кәдімгі жұлдыз құртына ұқсас болғандықтан солай аталған. Ол ақ
пен қарадан, қызыл мен жасылдан, көк пен сарыдан бунақталып келетін ұзынша
желі, соған қарай қызыл құрт, ала құрт, бунақ, буын өрнек деп те
атала береді.
Көбінесе ши орауында, сырмақ шетіндегі жиектерде, төсек, жүк аяқ, кебеже
сияқты заттардың шетінде, су өрнектерінің кейбір түрлерінде кездеседі.
Аламыш, алаша шахмат тақтасының сызығы сияқты жарыса салынған қысқа-
қысқа, кейде көлемді ұзын сызықтардан (желілерден) тұрады. Сызықтардың
ішінде геометриялық фигуралар тектес, немесе мүйіз өрнектерінің желілі
түрлерінен құралады. Мұндай өрнектер, ши, терме бау, кілем, алаша сияқты
заттарды әшекейлеу де жиі қолданылады. Қазақ халқы аламыш балға өрнегін
киім-кешек, ағаш бұйымдарына көбірек қолданады.
Ат ауыз, Ат ерін малдың аузы астыңғы, үстіңгі еріндерінің түйісіп
тұрған бейнесі негізінде жасалған. Ат ерін өрнегінде әрбір жарты
шеңбердің ортасында немесе түрлі мүйіз, өсімдік фигурасы тектес ұзын
өрнектер жалғасады. Көбінесе кесте, көркем тігіс, әр түсті маталарды,
киізді оюластырып құрауда, сандық қап, аяқ қап сияқты мүліктердің жиегінде,
киімдердің өңірінде жиі ұшырасады. Балдақ өрнегі бір ұшы ашық, қысқыш
сияқты заттар мен бүркітті қолға ұстайтын айыр ағашқа ұқсас болғандықтан
солай деп аталған. Балдақ өрнектері зергерлік бұйымдарда, әсіресе алтын,
күміс, ағаштан жасалатын заттарда, тақия, сәукеле, кестелі шыт, орамал
өрнектерінде жиі кездеседі.
Су өрнегі, Су деп әрбір өрнекті бөліп тұрған ұзын жолақты айтады. Су
өрнегі кейде екі қатар сызық аралығында ирек сызық жасай отырып, дөңгелек,
төрт бұрышты бейнелерді жасайды.
Су өрнектерін ағаштан жасалған бұйымдардың шеткі өрнектеріне, тұс киіз,
әйелдердің киімдерінің өрнектерінде көп қолданады.
Су өрнектері болмаса басқа ою-өрнектер бір-бірімен шатасып, әнсіз көрініп
тұрады. Сондықтан да барлық өрнектерді бөліп тұратын шекаралық қызмет
атқарады. Қазақ халықтарының су өрнегінде өзгешелік болмайды.
Иректер, ирек өрнектері кейде түзу сызықтардың сынықтары мен доғал
сынықтардың ұштары арқылы жасалады. Ондай сызықтар бірнеше қатармен тізіліп
келеді. Кейде бір иректің іші, екінші иректің ішіне қарсы келіп, төрт
бұрыштар мен сағат бау тәріздес иректер жүйесін жасайды. [1,6.89].
Қазақ шеберлерінің қол істерінде, киімдердің шет-шетінде, жағасында, тақия
жиегінде, сақина-білезіктерде, сырмақ шеттерінде, кебеже, жүк аяқ пен
табақтардың ернеулерінде, әдіп тігістерінде су өрнегі көбірек кездеседі.
Мүйіз өрнектері. Бұл өрнектердің негізі қойдың, арқардың, бұғының,
сиырдың мүйіздеріне ұқсас болғандықтан мүйіз деп аталған. Мүйіз өрнегі өте
ескі өрнек және ол мал шаруашылығымен айналысқан көшпелі, не жартылай
көшпелі елдердің қолөнерінде өте жиі қолданылады. Мүйіз өрнектері бірте-
бірте малдың, немесе аңның төбесін, құлағын, тұмсығын елестетерлік
малдардың мүйізі тәрізді көп тармақты көрініске айналды. Яғни шеберлер
өздерінің білетін оюларының әр түрлі бейнелерін бір үлгіге құрып, ой-өрісін
кеңейте отыру арқылы тұтас бір композиция жасайды.
Сөйтіп мүйіз тектес өрнектердің барлығын сыртынан мүйіз оюы деп атайды.
Мүйіз өрнектерінің атаулары мен түрі өте көп. Мүйіз тектес өрнектер кейде
өте ұсақ, кейде өте ірі болып келеді.
Ұсақ түрлері зергерлік, кестешілік, ағаш, сүйек, мүйіз сияқты нәзік іс-
терде қолданылса, ірі түрлері сырмақ, текемет, ши орауы, әр түрлі терме,
сондай-ақ архитектуралық әсемдеуге қолданады. Халық шеберлері мүйіз өр-
негінің сан-қилы мәнерлерін құбылта бір элементіне екінші, үшінші бір эле-
менттерді қосып толықтырады да, неше алуан мазмұнды композиция жасайды.
Мүйіз тектес өрнектегі мәнеріне қарай халық арасында қалыптасқан Қошқар
мүйіз, Арқар мүйіз, Қос мүйіз, Сыңар мүйіз, Сынық мүйіз, Марал
мүйіз, Сырға, Төрт құлақ, Түйе мойнақ сияқты байырғы түрлері мен
атаулары өте көп.
Бұлардың көбінің негізгі нұсқасы мүйіз тәрізді болып келсе де, өрнектеу
мәнеріне қарай күрделене түсіп, әрқилы мазмұнды сюжет жасап тұрады.
Желі, иық, қолтық өрнектері әр түрлі оюлармен өрнектің арасын бір-
біріне қосып, желі иық, қолтық сияқты формалар жасалатындықтан осылай
аталған. Әдетте, сырмақ, аяқ қап, ораулы ши, кимешек, кестелі тон өрнек-
терінде көп керектенеді, сьірмақ оюларын, киізді, түрлі матаны кесіп, қырда-
сындап тастамас үшін бір тұтас желі жасап ояды. Мұны кесте тігісінде де
қолданады.
Қазақ халқының ою-өрнектерімен безендірілген жиһаздарында желі, иық, қолтық
өрнектері үнемі кездесіп отырады. Құс мұрын құстың, әсіресе бүркіттің
тұмсығына ұқсас, төбесінен қарағанда жалпақ, үсті сүйір болғандықтан. Құс
мұрын деп аталған. Құс мұрын өрнегінің сыртында бір немесе екі суы
тартылған желі өрнегі болады да, оның ішінде қошқар және мүйіз өрнектері
араласып, біртұтас құс мұрын өрнегін жасайды. Құс мұрын, әйел жүзіктері мен
кестелі шалбардың балағы, бешпет, кестелі тон, басқа сыртқы киімнің етегі,
иығы, арқа өрнектерінде қолданады. Құс мұрын өрнегі жоғарғы аталған
заттардан басқа бұйымдарда қолданылуы ұнамсыздау көрінеді. Бұлардың формасы
мен жасалу жолдары бірдей болады.
Шытыра немесе шытырман ұзын су өрнектерінің ішінен екі, төрт, кейде сегіз
рет қайталанған сызықтар жүріледі. Мұның әрқайсысы төрт бұрыш формалы
фигура құрайды да үстінен жарты шар сияқты сызықтар жүріледі. Өрнектің
соңында арасы ашық-ашық шытырманды өрнек сияқты жолақтар болатындықтан,
шытыра немесе, шытырман деп атаған. Шытыра немесе шытырман ою-өрнектерін
тұс киіздің қиюы, әр түрлі киімдер мен шымылдықтың ызба бауларының шетінде
жиі қолданады.
Таңдай өрнегі малдың таңдайының бедерін бейнелеуден шыққан диогнал
тәрізді өрнектер ағаш, мүйіз заттарының шет-шетінде, киімдердің жағасында,
кимешектің шеті мен ортасында көбірек қолданады. Шеберлер халықтық ою-
өрнектерден өздері көріп, көңілдеріне ұнағандарын қағазға, матаға түсіріп
ойып алады.
Оюдың осындай қиындысын үлгі деп атайды. Үлгі қиюмен көп айналысқан және
сол үлгі бойынша ою ойып, іс істеуді сүйген шеберлер қолындағы ою
үлгілеріне өз бетінше жаңа түр, жаңа буын, бедер қосып, жөндеп, дамытып
отырады. [31,б.16].
Қарапайым әдістің өзімен неше түрлі сурет жасап, ұнасым мен әдемілік
жағынан көздің жауын алғандай ою-өрнектердің үлгісін беріп жүрген халық
шеберлері қазір де көп.
3.4. Сандық бетіне қолданатын оюдың түрлері
Ата-бабаларымыз ою-өрнекті жеке өнер ретінде қарап, өрнек жасайтын заттың
формасына, оның не үшін, кімге арналғанына, қандай материалдан жасалғанына
байланысты қарстырған. Жасалған бұйымдарға ерекше сән беріліп, көркемдеп
толықтырып отырды. Осы орайда ағаш бетіне көмкеріп, жүргізілетін оюлар да
әр түрлі болып келеді. Пышақтың ұшымен сызып ойылатын, рельефті терең
оюлар, геометриялық, өсімдік, гүл жапырақ тәрізді стильдегі оюлар бар.
Оюлар негізгі ағаштың беттеріне тікелей ойылып отырады. Ою әр затқа
байланысты өзінше композициялық шешім таба білген классикалық геометриялық
оюлар, заттардың беттерінде тепе-теңдік тауып, симметриялық заңдылығын
сақтап, бәрі сыртқы жиектің ортасына орналастырылып, бір жүйеге
бағындырылған. Бұндай композициялық келісімділік, үйлесім гүл, жапырақ,
өсімдік тектес, зооморфтық оюларда да қатаң сақталған. Ағаштарды ойған
кезде үлкен шеңберлер, дөңгелектер күннің шығу символын паш етсе, толқынға
ұқсас оюлар теңіз, көл, өзен суларының қозғалу, ағу, сарқылу процесін
бейнелейді.
Ағаштарды кесіп, қашап ою процесінде оларды бір-бірінен жасалу әдісіне,
қолданған оюларға байланысты ажыратады. Жасалу әдістеріне байланысты
көркемдеп, мәнерлеп ою әдістерін мынадай түрлерге бөледі:тереңдетіп
геометриялық әдіспен ою, сызып ою, ілік жасап ою, тырнақша тәрізді ою,
рельефті терең ою болып келеді. Сонымен қатар жасалған заттардың беттеріне
сүйек, темір, күмістерді оюлап, әсемдеп, безендіріп беттестіре жапсырып,
күміс не мыс, жез шегелермен шегелейтін болған. Осы айтылған ағаш ою
өнерінің түрлері қазіргі кезде де кеңінен дамып келеді.
Геометриялық әдіспен қашап ою.
Халық шеберлері өздерінің барлық қиялын, өмірден жинаған бай тәжірибесін
геометриялык оюлар арқылы агаштан жасалған бұйымдарды көркемдеп безендіруге
жұмсады. Олар жасалатын ыдыстарды, бұйымдарды
әшекейлнуде тек сызып-тіліп оюмен шектелмей, геометриялық оюдың да түрлері
әдістерін қолданады. Соның бірі - тереңдетіп ойылатын үш қырлы геометриялық
ою. Бұл ою Қазақстанның барлық жерлерінде кең тарай қойған жоқ. Үшкірлеп
қашап ойылатын геометриялық ою-обдың түпкі негізі, үшбұрышты қашау арқылы
алынады. Үшбұрыш, төртбұрыш, ромбылар арнаулы ара-қашықтықтары арқылы
негізгі композициялық қүрамдарға орналасуын сақтайды. Көп қүрал-жабдықтарды
қажет етпей, сол өзімізге таныс пышақпен оюларды ойып шығамыз.
Сызып, тілікше жасап ою
Салған суретті пышақтың өткір үшымен бір бағытта сыза отырып, тілікше жасап
ою - ағаш өңдеудің ішіндегі ең қарапйым, оңай түрлерінің біріне жатады.
Қарапайым болғанмен өте әдемі көрінетін көріністен ішкі жан дүниеңді
толғандыратындай әсер аласың, бұл әдістер тек ағаштарға ғана емес, сүйек,
мүйіз беттеріне де түсіріліп отырады.
Әр оюдың өзіне тән оюлау әдісі, түрі бар. Сызып, тілікше жасап ойғанда
сурет сызығын бойлай екі жағынан бірдей тіліп 2-4 мм тереңдікте жүргізіліп,
бұрышынан кесіліп жәркіштеніп, үзынынан бөлініп алынады. Бұл жай пышақпен
ойғандағы кескін. Ал, үшбұрышты қашаумен не доғал қашаулармен жүргізілген
кішкене жолақтар оны өңдеп кескен, ойған қашаулардың жүзінің формаларына
сәйкес болып шығады.
Шеберлер ағашты сызып, тілікше жасап арнайы құрал-саймандар дайындаған.
Оларға сабы үстауға икемді пышақтар, бұрышталған қашау және жартылай
дөңгеленген ай қашаулар жатады. Ойылған суреттердің жолдарының тереңдігі
жасалған композицияға байланысты да, сызықтарда қалатын жолдардың түрлері
қүрал-саймандардың формасына сәйкес болып шығады.
Суреттің бойымен кесілетін сызықтар, тереңдігі 3-4 мм болумен қатар
бұрышты, қисық, сынық жолды және спираль формалы болады. Ағаш төсекке,
жүкаяққа, сандыққа үңіліп дұрыстап қарасаңдар,
кейбіреулерінің бетінен айтылған әдістермен салынған сызықтарды көруге
болады.
Оюдың бұл түрінде де негізгі композициялық мотив болып сол өзімізге белгілі
дәстүрлі геометриялық оюлармен қоса зооморфтық жан-жануарларды бейнелеу
стильдері қолданылады.
Сызып-тілікше жасап, суреттің бойымен оюдың теориялық мәнін түсінген кейін
мына төмендегі заңдылықтарды сақтай отырып жұмыс істеген жөн:
Жасалатын заттың суретін, эскизін, кескінін дайындау.
Бұйымдар мен заттар жасауға арналған тақтай дайындау.
Тақтайдың бетіне сурет пен эскиздегі бейнені көшіру.
Жұмысқа арналған сурет көшірілген тақтайды үстелге бекіту.
Тақтай бетіндегі суретті ойып кесу процесін жүргізу.
Дайын болған жұмысты өңдеу.
Алғаш тілікше жасап, оюды үйренгенде жұмсақ, жеңіл ағаштарды алған жөн.
Қандай ағаштар жұмсақ болатынын айтып кеттік. Жұмыс істеу үшін, айтылған
заңдылықтарды сақтай отырып, абайлап, асқпай өзіміз ойылған бұйымның
суретін салып, мөлшерін, қандай шикізаттан, қандай пішінде жасалғанын
анықтап аламыз.
Сол бұйымды жасайтын тақтайды мұқият тексеріп дайындаймыз. Тақтайдың әбден
кепкенін таңдап алып, сурет ойылатын бетін сүргілеп, тазартамыз да оған
әскизді жапсырып көшірме қағаз арқылы суретті тақтайдың бетіне көшіреміз.
Ертеде халық шеберлері суретті бірден пышақтың үшымен оя берген. ондай
әдісті сендер де біраз жаттыққан соң қайталап істеп көруге болады. Халық
шеберлерінің кереметтегі материалды дұрыс түсініп өзіне бағындыра
білгендігінде.
ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ ҚОҢЫР ОЮ – ӨРНЕКТЕРІ
Қазақ халқының ескі заман дәуірінен сөнбес мұра болып, ұрпақтан ұрпаққа,
әкеден балаға сабақтасып, ұзақ жылдар өзіндік тарихымен елімізді бүкіл
әлемге мәдени қол өнерімен танытып келген далалық өркениеттің алтын
бесігі Ұлы Дала кеңістігінде қалыптасқан. Қазақ халқы мол байлығымен
республика жерінде ескіден қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері
және сол дәстүрді, салтты өркендетуші, ары қарай жаңғыртып, байытушы. Көне
дәуірден қазіргі заманға дейінгі қоңыр адамзат мәдениетінің дамуын
қарастыратын болсақ, мәдениеттер арасындағы қарым-қатынастың, сұхбаттың
үзілмей келе жатқанын көреміз. Белгілі ғалым Л.Н.Гумилев көшпелілер жайында
былай дейді: Біздің дәуірге дейінгі I ғасырдағы көшпенділер мәдениеті
ерекше дараланды. Оның үстіне ХҮIII-ХIХ ғ.ғ. көшпелілер мәдениетінен көп
жоғары болған.
Қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті ғасырдан бастама алып, осыған орай
мәдениеттің тарихи қозғалысын, заңдылықтарын біліп-танудың мәні артып отыр.
Халық арасында көне мәдениет сырттан келген мәдениет ықпалымен жаңарып,
толыққан үстіне толыға түсті деп ойлаймыз. Өйткені қазақ халқының еңбек
етуінде көптеген өзгерістер болды. Сырттан келген мәдениетті өз өмір
тіршілігіне байланысты өзгерткен. ХІХ ғ. 2-ші жартысы мен ХХ ғ. басында
қазақ халқының дәстүрлі қолөнері ең жоғарғы даму баспалдағына көтеріліп,
өмірде өз орнын ала білді. Қазіргі таңда біздің пікірімізше, қазақ
қолөнерін жан-жақты этнографиялық тұрғыда зерттеудің ғылым үшін де, өмірлік
тәжірибе үшін де маңызы өте зор. Қазақтың қолөнері жалпы қазақ мұраларының
даму жолындағы, мәдениеттің ішіндегі негізгі бір саласы. Біздің
пайымдауымша, бүгінгі күн талабы ұлттық мәдениетті зерттеу, танып білу.
Ұлттық мәдениеттің бір саласы қолөнер, яғни ою-өрнек болғандықтан, қолөнер
шеберлерінің дәстүрлі талабын да жан-жақты зерттеу болашақ жастардың ісі.
Қолөнер – баға жетпес, өшпес мұра. Оны қорғай да, қолдай да білуіміз керек.
Қазақтардың өнері дамыған сайын, тынысы кеңейіп, өнер түрлері Қазақстанның
барлық жерлерінде түгелдей өрістеді. Әр өңірдегі өнердің қалыптасып,
дамуына көрші халықтардың ықплы зор.
Ата-бабамыздың қолөнер мұраларын жақсарту – қазіргі заман жастарының ісі,
халықтың ертедегі істері жарасымды жалғасын тапса, өнер дамыған үстіне дами
береді.
Қазақ өнер алды-қызыл тіл дейді. Дегенмен, сурет өнері осы тілден бұрын
пайда болған тәрізді. Өйткені сонау тас ғасырынан қалған таңбалы тастарда
ою-өрнектер арқылы адам баласы тым ерте-ақ өз ойын суретпен жеткізуге
талпынған көрінеді.
Сонау алғашқы қауымдық құрылыс кезінде үңгірді мекендеген адамдар өздерінің
тірлігін сурет арқылы баяндап, үңгір қабырғаларына қашап салған екен. Бұл
туралы археологиялық деректер мен ғылыми еңбектерде көрсетілген. Одан бері
келетін болсақ, б.д.д. V-ІІІ ғ.ғ. сақ дәуіріндегі Пазырық қорғандарынан
табылған ою-өрнектер қазіргі біздің ою-өрнектерден айна қатесі жоқ
дүниелер. Сондықтан біздің тегіміз тым әріде жатқандығын, тіпті ұлт болып
қалыптаспай тұрғанның өзінде ою-өрнектің тілі қазіргі біздің ою-өрнектің
тілімен бірдей болып тұрғандығы. Соған қарап, бейнелеу өнерінің тарихы тіл
өнері қалыптаспай тұрғаннан да бұрын басталғаны байқалады. Күні кеше Берел
қорғанынан табылған зергерлік алтын бұйымдар қазақ халқының материалдық
байлығының негізі екендігінде дау жоқ. Ондағы аң стилімен жасалған
бұйымдарға қарап, зергерлік өнердің тым ерте дамып, биік шеберлікке
жеткендігіне ғалымдар қауымы көз жеткізіп отыр. Сондай-ақ Жетісудан,
Шілікті жазығындағы обалардан табылған Алтын адамдардың бойындағы әшекейлер
тым биік талғам, асқан шеберлікпен орындалуы, тіпті бүгінгі зергерлердің
қолынан келе бермейтіндей.
Ою-өрнек (латын тілінен аударғанда әсемдеу, сәндеу) – әр түрлі заттарды,
архитектуралық ғимараттарды әшекейлеуге арналған жүйелі ырғақ пен
қайталанып отыратын әр үйлесімділікке құрылған өрнек-нақыштар. Ұлттық ою-
өрнек өзіне тән белгілерінің жүйелерін қазақ халқының қалыптасуымен әрі
республиканың қазіргі аумағын мекендеген Азияның басқа да халықтары
мәдениетімен тығыз байланыста дамыды. Бұл ортағасырлық архитектуралық
ғимараттардағы көгеріс және геометриялық ою-орнектерден (Айша-бибі, Ахмет
Яссауи кесенесі) айқын көрінеді. Қоңыр ою-өрнектің дәстүрлі тоқыма өнері
үлгісінде, кестеде, ағаш, мүйіз, сүйек, металл мен теріге өрнек салу
мейлінше жетілдіре түсті.
Ою-өрнек ісі тым ерте заманнан бастап-ақ қазақ қолөнерінің барлық түріне
бірдей ортақ әсемдеп әшекейлеудің негізі болып келді.
Ою деген сөзбен өрнек деген сөздің мағынасы бір. Бұл сөздің ұғымында бір
нәрсені ойып, кесіп алып жасау немесе екі затты оя кесіп қиюластырып жасау,
бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген мағына жатады. Қазақ көбінесе
бір өрнекке салып қиып алған үлгіні, үлгіге салып кескен сырмақтың қиығын,
сондай-ақ барлық қошқар мүйіз өрнектерін де ою дейді. Ал өрнек дегеніміз әр
түрлі ою, бедер, бейненің күйдіріп, жалатып, бояп, батырып, қалыптап
істеген көркемдік түрлердің, әшекейлердің ортақ атауы іспеттес. Сондықтан,
ою-өрнек деп қосарланып айтылады.
Қазақтың өрнекті әшекеймен істелетін қолөнердің түрлері де, атаулары да өте
көп. Солардың ішінде халық арасына көбірек тарағаны – ою-өрнек. Ою-өрнек
ісі тым ерте заманнан бастап-ақ қолөнерінің барлық түріне бірдей ортақ
әсемдеп әшекейлеудің негізі болып келді.
Түзу және ойқастыра тоқу тәсілдері көп қолданылады. Түркі халықтарының
қолтаңбаларында өрнексіз заттың мәні жоқ. Жалпы қазақ халқы ою-өрнекті
қадір тұтқан. Бас киімдегі ою-өрнекке қарап, қай ұлттың ұрпағы екенін
таныған, кімнің қазақ, кімнің ұйғыр, татар екенін білген. Қырғыздарда
қошқар мүйіз, тұмар, теке мүйіз, ұйғырларда бадам, шәдә,
өзбектерде пахта гүл, бадам деп аталады. Қазақтардың оюын сипатына
қарай теңдеме, жүздеме, сыңар ою деп үш топқа бөледі.
Қазақтар өздері жасаған ою-өрнектің атауын таба білген. Осы атауларды олар
өз тіршілігіне лайықты қолдана түскен. Әрбір тарихи кезең өзіндік ою-
өрнектермен ерекшеленген. Ескіден келе жатырған мешіт, күмбез ою-өрнексіз
жүзеге аспаған. Қазақ ою-өрнегінің табиғаты халық өнерінің тарихын, өмір
тіршілігінің сұлулығын және әсемдігін айқындайды.
Зергерлік – өте ертеден келе жатырған өнер саласы. Әсіресе, оған қазақ
халқы көп көңіл аударады. Әртүрлі сәнді бұйымдар асыл тастардан жасалған
қымбат заттар әлгі шеберлер қалдырған халықтық мұра болып табылады.
Қазақ даласында оюлар әр түрлі үлгіде дамыған. Еліміздің әрбір ай-мағының
өзінің стильдік ерекшеліктері, үлгілері болған. Соған карамастан, барлық
оюлардың бастапқы элементінің негізі — мүйіз тектес ою-өрнек болып
саналады. Қазақ халқының түрмысында жиі қолданылатын: өру, тігу, тоқу,
құрау, еріту, балқыту, қию арқылы үй жиһаздарын, құрал-саймандарды, киіз
үйлерді, зергерлік бұйымдарды, кілем, алаша, сырмақ, терме алаша, қоржын,
ыдыс-аяқтарды, киім-кешектерді ою-өрнектермен әшекейлеп, безендіріп
отырған. Ғалымдардың пайымдауынша қазақ ұлттық ою-өрнектерінің, әзірше 230-
дай түрі ғана анықталған. Біз солардың ішіндегі халық арасында ең көп
тараған мүйіз тектес ою-өрнек туралы сөз етпекпіз.
Мүйіз оюы қазақ халқының ою-өрнегінің төркіні деуге болады, өйткені
барлық жаңа элементтер соның негізінде жасалып, тек атаулары ғана өзгеріп
отырған. Мысалы: қошқармүйіз, арқармүйіз, бүғымүйіз, қырықмүйіз,
қосмүйіз, сыңармүйіз, сынықмүйіз, төртқұлақ, түйетабан,
сыңарөкше, қосалқа, қүсқанаты, қаз-табан. Колөнер шеберлері осы
элементтердің сан түрлі композициясын жасап, бүйымдарға ұтымды пайдаланып
келеді.
Қазақ оюларының мазмұны мал өсіру, аңшылықты жер-су, көшіп-қону
көріністерін, күнделікті өмірде кездесетін әртүрлі заттардың сыртқы
бейнесін тұспалдайды, бірақ қолөнер саласындағы қай бұйымды алсақ та, сол
заттың бетінде түрлі нүсқада бейнеленген мүйіз элементін байқаймыз. Әрбір
оюшы ою-өрнек жасап, оған ат беріп, оны тұрмыста қолданған. Сондықтан
қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің ең басты мәнері, әртүрлі мәнер жасауда жиі
қолданылатыны мүйіз тектес ою-өрнектер.
Мүйіз тектес ою-өрнектер кейде өте ұсақ, кейде өте ірі болып келеді. Ұсағы
зергерлік, кесте тігу, ағаш, сүйек, мүйіз ұқсату сияқты нәзік істерге
қолданылса, ірісі кілем, алаша, терме алаша, текемет, сырмақ, ши орау,
қоржын, киім-кешек, құрылысқа қолданылады.
Халық шеберлері мүйіз өрнегінен сан қилы мәнерлермен құбылта, бір элементке
екінші, үшінші элементтерді қосып, молықтырады да, қүлпырған әдемі де
мазмұнды композиция жасайды. Мүйіз тектес ою-өрнектердің негізі қойдың,
арқардың, ешкінің, сиырдың, бұланның, бұғының, қодастың, еліктің мүйіздерін
түспалдаудан пайда болған.
Шеберлер жаңа ою-өрнектерді тұрмыс тіршілігіне өз дәуіріндегі заман ағымына
қарай лайықтап пайдаланып келеді.
Қошқармүйіз оюы неше түрі формалаға еніп, қазақ бұйымдарының көбінде
кездеседі. Әсіресе киіз үй жасауларының барлық түріне де салып тоқуға
болады. Мәселен, текеметтің ортасына “қошқармүйіз” шет-шетіне “тұмар”,
“шаршы” немесе “су” оюлары салынады. Мұнысы туған жер төсін толтырған отар-
отар қой болсын деген халықтың арман – тілегі, Омыртқа – мал шаруашылығымен
тығыз байланысты туған, малдың дене мүшесіне қатысты өрнек. Бұл ою
қайраттылықтың, ерліктің белгісі. Ер адамның, батырдың киімінің, кейде
құрлардың шетіне салынады. Мұндай оюлардың формасы қойдың төбесі мен екі
жаққа иіріле түскен мүйіз тәрізденіп келеді де, кейде осы мүйіздің
қолтығында қойдың құлағын долбарлаған шолақ мүйіз тәрізді тағы екі буын
тұрады. Байқап қарағанда бұдан қошқардың тұмсық бейнесі аңғарылады.
Мүйіз — қазақ оюының ең көне мәнері. Ою-өрнектің бұл элементі мүйізді
мегзеуден шыққан. Мүйізою-өрнек кейде ұсақ кейде ірі болып келеді. Ұсақ
түрлері ағаш, сүйек, мүйіз сияқты нәзік қолөнер саласында қолданады. Ірі
түрлері сырмақ, текемет, алаша, кілем, сәулет өнерінде сан түрлі мәнерде
қолданады. Мүйіз элементтері аймүйіз, қосмүйіз, сыңармүйіз,
сынықмүйіз, қырықмүйіз, маралмүйіз, өркешмүйіз, қошқармүйіз т.б.
түрлерге бөлінеді. Мүйіз өрнегі үй жиһаздарында (кілем, сырмақ, текемет,
алаша, көрпе, түскиіз, шымши) мен түрмыстық заттарда (саба, шанаш, күбі,
ожау, жүкаяқ, торсық, сандық т.б.), сондай-ақ қару-жарақтарда (қынап,
оқшантай, садак), киім-кешек, ат әбзелдерінде (ертоқым, айыл) жалпы бұл
элементтің қолданбайтын жері жоқ десе де болады.
Қосмүйіз ою-өрнегі қойдың, ешкінің, сиырдың екі мүйізін ғана бейнелейді
және кейде ырғақ, кейде ілмек деп аталатын оюларды қосмүйіз дейді. Үй
жиһаздары мен түрмыстық заттарды, киім-кешек, қару-жарақтарды безендіру
үшін пайдаланатын қой, ешкі, сиыр, бүғы, марал сияқты жануарлардың қос
мүйізін бейнелейтін ою-өрнек. Қазіргі кезде қосмүйіз ою-өрнегін
сәукелеге, айыр қалпақтың төбесіне, шетіне, камзолдың алдыңғы жағына,
етіктің қонышына салады.
Тоғызтөбе ою-өрнегі ең көне оюлардың бірі болып саналады. Бұл өрнек
қимақтар мен қарлұқтардың қолөнерінде сақталған және кезінде тоғыз-төбе
ою-өрнегі Айша-бибі күмбезінің кірпіштерін өрнектеу үшін қолданған. Ал
қазіргі кезде қазақ, қырғыз, түрікмен, қарақалпақ қолөнерінде кездеседі.
Арқармүйіз деп аталатын ою-өрнек қойдың мүйізін бейнелейтін оюдың түрі.
Бұл элемент қошқармүйізге өте ұқсас, бірақ, оған қарағанда шиыршықтанып,
тармағы одан көбірек болып келеді. (Кілем, тұскиіз, сырмақ, кесте, киім-
кешек пен үй жиһаздарында кездеседі).
Сыңармүйіз қосмүйіз, қошқармүйіз деп аталатын оюдың тек бір жақ
сыңарын ғана бейнелейтін өрнек түрі. Шебер орналастырылған сыңармүйіз
өрнек композициясында дараланып тұрмай, жымдасып келеді, үй-жиһаздары мен
тұрмыстық заттарға, сондай-ақ киім-кешек, қару-жарақ т.б. бетіне салынатын
ою-өрнектің бәрінде кездеседі және текемет, сырмақты әшекейлейтін, жиегіне
жүргізілетін өрнектің бір түрі.
Қошқармүйіз ою-өрнегі қойдың төбесі мен екі жаққа иіріле түскен мүйіз
бейнесінде келіп, оның қолтық тұсынан қойдың құлағын долбарлайтын тағы бір
шолақ мүйіз тәрізді екі буын шығып тұрады. Одан байқаған адамға қошқардың
тұмсық бейнесі аңғарылады.
Текемет, сырмақ, басқұр, алаша, кілем, былғары, сүйек, ағаш, зергерлік
бұйымдардың барлық түрлерінде кездеседі. Киізден жасалған бұйымдарда бұл ою
түсті шүберектермен ойылып, құрақ, яғни аппликациялық өрнек түрінде де
тігіледі.
Қырықмүйіз ою-өрнегі біріне-бірі жалғаса, тармақтала қосылған, көп
мүйізден құралған ою-өрнектің бір түрі. Ол көбінесе дөңгелек не төрт-бүрыш
ішінде бейнеленеді, кейде бұтақтың ағашы тәрізді тармақталып, жайылып
бейнеленеді. Бір-бірімен қосылған бірнеше тармақты көп мүйізді оюлардан
құралады. (Тұскиіз, тон, кежім, сырмақ, текемет, архитектура сәулет
өнерінде молырақ кездеседі).
Сынықмүйіз морт сынған тік төртбұрыш жасап, төрт рет ішке қарай иіледі.
Бұл ою-өрнек кілемдерді, шилерді, басқұр мен алашаларды, сондай-ақ әртүрлі
қалталарды безендіру үшін пайдаланылады, ал сырт көрінісі малдың сынған
мүйізіне үқсайды.
Төртқұлақ ою-өрнегінің төрт тармағы зооморфты немесе көгеніс оюларынан
құралған, ортасы крест бейнесін жасайды. Төрт тармақтан дөңгелек,
төртбұрыш, төртжапырақ құрайтын ою-өрнектер жасалады. Бұл оюлар,
кебеже, жүк-аяқ, аяққап, батырлардың шапанының жауырынына, қалқанға,
шалбардың тізе тұсына, дөдегенің ортасына немесе шет бүрыштарына салынады.
Үшқұлақ, Үшжапырақ ою-өрнектері барлық қолөнерге тән үш мүйізді, үш
жапырақты, үш тармақты болып бейнеленеді. Х-Х1 ғасырда Тараз қаласындағы
моншаның қабырғалары үш жапырақты ою-өрнекпен бейнеленген.
Түйемойын ою-өрнегі түйенің мойнына ұқсап иіле көтеріліп барып
тармақталатын мүйіз оюы. Мұндай өрнек мәнері көбінесе күрделі бір мүйіз
оюларымен түтас келеді де,түйемойын өрнегі сол топта өз алдына оқшауланып
өзге денелерден озып тұратын түйенің ұзын мойнына ұқсайды.
Өркеш ою-өрнегі түйенің қос өркешін бейнелейді. Сырмақ, текемет,
түскиіздерге салынатын ою-өрнек композициясында көбірек кездесетін элемент.
Қазақ оюында мал мен аңның қос мүйізін, түйенің қос өркешін, биенің қос
емшегін бейнелеу тек симметриялық тепе-теңдік үшін ғана емес, сонымен қатар
береке-бірліктің, көбеюдің символын білдіреді.
Айыр ою-өрнегі ашатұяқ, айыртұяқ өрнегі кейде айыр өрнегі деп те
аталады. Пішен ашалайтын айыр құралға ұқсас болып келеді.
Ботакөз ою-өрнегі әшекейлі композицияның ортасына салынатын немесе
бірнеше қайталанып келіп, шетін көмкеретін жиектеме түзейтін ою. Сырт
пішіні ботаның көзіндей дөңгеленген ромбқа үқсайтын геометриялық ою-өрнек.
Бұл орамалдың шетін көмкеретін жиектеме түзейді.
Каңқа ою-өрнегі тоқыма бұйымдарында қолданылады. Малдың құрап қалған
сүйегін тұспалдайды. Алаша, басқұр бау т.б. тоқыма бұйымдар негізінде өрнек
ретінде салынды.
Қаpma ою-өрнегі төрттүлік малдың дене мүшелеріне еліктеуден шыққан, және
сол мүшелердің атымен аталып кеткен. Бұл өрнек түрі ағаш оюда, зергерлік
бұйымдарда, кесте ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz