Топырақ - жануарлар өмір сүретін орта



1. Топырақ . жануарлар өмір сүретін орта
2. БИОТИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР
3. Бактериялар
Топырақта көптеген тірі ағзалар өмір сүреді. 1м2 топырақта ондаған мың құрттар, майда буын аяқтылар
кездеседі. Сонымен бірге топырақта кейбір сүтқоректілер: кеміргіш тышқандар, көртышқан, сарышұнақ т.б. жануарлар өмір сүреді.
Топырақ құрамында ұсақ ағзалар топтары көп кездеседі. 1 г топырақта жүздеген миллион бақтериялар саңырауқұлақтар, бірнеше мындаған қарапайымдылар тіршілік етеді. Орташа шамамен 1 га құмды топырақта 10 кг, қылтанақты орманда топырағында 200 кг, ал жалпақ жапырақты орман топырағында 1000 кг дейін зоо масса құрайды. Топырақ құрамындағы жәндіктер оның әртүрлі қабаттарын араластыру органикалық заттардың тереңге сіңіру және оларды ыдырату арқасында топырақ кұнарлығын арттырады. Мысалы 1 м2 баулы жерде 400-дей шұбалшаң жаз мезгілінде топыраққа 1 см қалындықтығы ыдыраған органикалық заттар қосады екен. Топырақтың белглі бір терендігінде тәуліктеп температура өзгеруі білінбей біркелкі болады. Сонымен бірге ылғалдылық мөлшері тұрақталынады. Сондықтан бұндай жағдай, ылғалдылық және температура өзгерістеріне сезімтал ағзаларға қолайлы экологиялық фактор болып саналады. Қосмекенділер жұмыртқалары осындай қолайлы жағдайда дамиды. Сондай-ақ топырақпен көптеген омыртқалылар шөлбақа, тритоп мен омыртқасыздар /қоңыздар, насекомдар/ тіршілігінің белгілі бір кезеңі байланысын жатады. Жер бедерінің теңіз бетінен әртүрлі биіктікте болуы оның орографикалық экологиялық факторын көрсетеді. Орографикалық факторға макрорельф /таулар, ойпаттар, жазықтар/, мезорсльф /төбелер, жыралар/, микрорельф /майда тебешіктер, ін қазған жануарлардың шығарып тастаған топырақтары/. Макрорельф өсімдіктердің географиялық таралуына ыкпал етеді. Мысалы таулар биіктерін алуға болады. Жоғары қарай өрлеген сайын әрбір 100 метр сайын орта температурасы 0,55°С төмендейді. Сонымен бірге топырақ ылғалдылығы мен тұздылығы өзгереді. Соған сәйкес өсімдік түрлері де өзгеріп отырады.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Топырақ - жануарлар өмір сүретін орта

Топырақта көптеген тірі ағзалар өмір сүреді. 1м2 топырақта
ондаған мың құрттар, майда буын аяқтылар
кездеседі. Сонымен бірге топырақта кейбір сүтқоректілер: кеміргіш
тышқандар, көртышқан, сарышұнақ т.б. жануарлар өмір сүреді.
Топырақ құрамында ұсақ ағзалар топтары көп кездеседі. 1 г топырақта
жүздеген миллион бақтериялар саңырауқұлақтар, бірнеше мындаған
қарапайымдылар тіршілік етеді. Орташа шамамен 1 га құмды топырақта 10 кг,
қылтанақты орманда топырағында 200 кг, ал жалпақ жапырақты орман
топырағында 1000 кг дейін зоо масса құрайды. Топырақ құрамындағы жәндіктер
оның әртүрлі қабаттарын араластыру органикалық заттардың тереңге сіңіру
және оларды ыдырату арқасында топырақ кұнарлығын арттырады. Мысалы 1 м2
баулы жерде 400-дей шұбалшаң жаз мезгілінде топыраққа 1 см қалындықтығы
ыдыраған органикалық заттар қосады екен. Топырақтың белглі бір терендігінде
тәуліктеп температура өзгеруі білінбей біркелкі болады. Сонымен бірге
ылғалдылық мөлшері тұрақталынады. Сондықтан бұндай жағдай, ылғалдылық және
температура өзгерістеріне сезімтал ағзаларға қолайлы экологиялық фактор
болып саналады. Қосмекенділер жұмыртқалары осындай қолайлы жағдайда дамиды.
Сондай-ақ топырақпен көптеген омыртқалылар шөлбақа, тритоп мен
омыртқасыздар қоңыздар, насекомдар тіршілігінің белгілі бір кезеңі
байланысын жатады. Жер бедерінің теңіз бетінен әртүрлі биіктікте болуы оның
орографикалық экологиялық факторын көрсетеді. Орографикалық факторға
макрорельф таулар, ойпаттар, жазықтар, мезорсльф төбелер, жыралар,
микрорельф майда тебешіктер, ін қазған жануарлардың шығарып тастаған
топырақтары. Макрорельф өсімдіктердің географиялық таралуына ыкпал етеді.
Мысалы таулар биіктерін алуға болады. Жоғары қарай өрлеген сайын әрбір 100
метр сайын орта температурасы 0,55°С төмендейді. Сонымен бірге топырақ
ылғалдылығы мен тұздылығы өзгереді. Соған сәйкес өсімдік түрлері де өзгеріп
отырады.
Мезорельф аймактық экологиялық фактор есебінде өсімдіктердің
төбелердің солтүстік жәнс батыс беттеріне қарағанда
оңтүстік және шығыс беттерінде көп өсінділердің беттерін де әр түрлі жарық
сүйгіш көлеңкеге, күн сүйгіш, суыққа төзімді т.с.с. өсімдіктер түрлеріне
әсер етеді. Мысалы, жарық далалардағы сайларға қытай, кир тоқтауы және
жазғы жаңбырлар суларының жиналуына байланысты ылғалдылығы басқа жерлерге
қарағанда көп болғандықтан, ол жерлерде өсімдіктер қалың болып өседі.
Микрорельефтің де өсімдіктер түрлерің түптеніп-түптеніп өсуі шамалы
алаңдарда олар алмасып отыруыққа ықпал етеді Әсіресе микрорельеф
кұрғақшылықты, батпақты. мәңгі мұзды аймақтарда ойдым-ойдым жерлерде лайлы
болуы әсерінен өсімдіктердің өсуімен жақсы көрінеді.
7 БИОТИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР
Даралар және популяциялар арасындағы өзара әрекеттесуді биотикалық
факторлар деп атайды. Биотикалық факторлар екі топқа - түр аралық және түр
ішіндегі қарым-катынастарға бөлінеді.
Бір түрге жататын даралар арасындағы өзара әрекеттесулер гомотиптік
реакциялар деп аталады. Бірлесіп күнелткен жануарлар мен өсімдіктердің
тіршілік әрекеті едәуір дәрежеде популяцияның саны мен тығыздығына тәуелді
болады. Сол себепті топ және масса эффектілерімен байланысты құбылыстар
байқалады.
Топ эффектісі дегеніміз - өзімен бір түрге жататын
дараларлын сезім мүшелері арқылы түйсінуден туындайды. Топ саны
даралардын мінез-күлқына, дамуы мен көбеюіне ықпалы болады. Көптеген
жәндіктер: кұмырсқа, бал арасы тарақшлар. шегірткелер және т.б.
жеке дара тіршілік еткендегімен салыстырғанда, топ ішінде тезірек.
өсіп-жетілелі. Бірлесе тіршілік еткенде азық іздеп табу да,
сондай-ақ жауларынан қорғану да оңайға түседі. Үйір болып біріккен
қасқырлар, жеке жортқан қасқырға қарағаида анағұрлым ірі жануарларды
олжалауға қабілетті. Бизондар, бұғылар, тағы басқа күйіс
қайырушы жануарлар қорасымен жүргенде жыртқыштардан жақсырақ
қорғанады.
Көп жағдайда топ эффектісі жағымды ғана емес, жағымсыз нәтижелерге де
әкеліп соғуы мүмкін. Әдетте, саны шамалы кезде жағымды эффектілер басым
болып, ал жануарлардың тығыздығы тым өсіп кеткенде жалпы құбылыстар көбірек
орын алады
мысалы, ін тышқандарының аса тығыз орналасқан топтарының өсімталдығы
төмендеп, тіпті көбеюі мүлдем тоқталады.
Топтық эффекті әсіресс фазалық құбылысқа тән болып отырған
жануарлардан, яғни бір мезгілде екі формада - жеке-жеке және топтық формада
тіршілік етуге қабілетті жануарлар түрлерінен айқын көрінеді. Мысалы,
көшпелі шегірткелер жеке-жеке өсірілгенде олар жасыл түске боялған саяқ
фазасына айналады, ал тар жерде тобымен өсірілген жағдайда – қызғылт сары
немесе қоңырқай денесінде бажырайған қара дақтары бар үйірлі фазасы пайда
болады.
Масса зффектісінің топ эффектісінен айырмашылығы, ол даралар саны және
популяция тығыздығы артқан кезде тіршілік ету ортасында - пайда болатын,
өзгерістерден туындайды. Әдетте, масса эффсктісі жануарлардың көбею
кабілетіне, өсу жылдамдығына, тіршілік ету ұзақтығына жағымсыз ықпал етеді.
Мысалы, ін бітесінің популяциясы дамыған кезде үйда экскременттер, түлеу
қабықтары жиналып қалады. Бұл бітелер популяцнясының көбею қабілетін
төмендетіп, өлім-жітімін арттырады.
Топ және масса эффектілері кең жағдайларда қатар білінетіндіктен,
табиғатта оларды ажырату оңайға түспейді. Топтық және массалық эффектілер,
кері байланыс принципі бойына популяциялар саны динамикасына ерекше әсер
етеді. Әр түр үшін оптималды топ мөлшері және оптималды популяция тығыздығы
бар. Тым тығыз қоныстану да, тым сирек коныстану да жағымсыз әсер етуі
мүмкін. Бұл кағида көптеген зерттеулер және эксперименттер арқылы
дәлелденген. Мысалы, қалыпты тіршілік етуі үшін жылқылардың үйірі ең кем
дегенде 12 бастан, ал сиырлардың табыны 300 бастан түруы тиіс.
Гомотиптік реакцияларға бір түр даралары арасындағы әрекеттесулер - түр
ішіндегі бәсекелестік (конкуренция) жатады. Өсімдіктер күн сәулесі, ал
жануарларға қоректік материалдар түрінде алатын энергия қажет. Сондықган
энергия көздерін иелену үшін күресте қатаң бәсекелестік орын алады.
Бәсекелестердің мұқтаждары неғұрлым ұқсас болса, бәсекелестік соғұрлым
қатаң болады, Бәсекелестік күресте жеңіп шыққандар ұрпақ қалдыру
мүмкіндігіне ие болады. Бәсекелестік күресте жеңілгендер жойылады. Сөйтіп
түр ішіндегі бәсекелестіктің негізгі нәтижесі популяциялар дивергенция
болып табылады.
Бәсекелестіктің екі түрі - тікелей және жанама бәсекелестік кездеседі.
Тікелей бәсекелестік даралардың бір-біріне тікелей ықпал етуі арқылы жүзеге
асырылады.
Жанама бәсекелестік даралардың аралық буындар арқылы
әр түрлі жануарлардың шектеулі болатын ресурстарды пайдалануынан туады.
Сондықтан бұндай бәсекелестікті, әдетте, пайдаланушылық бәсекелестік деп
атайды. Бәсекелестік кез-келген шектеулі ресурсқа, сондай-ақ көбею жәнс
паналау үшін қолайлы орындарға байланысты туындауы мүмкін.
Түр ішіндегі бәсекелестік көп жағдайларда территориялық, яғни
жекелеген жануарлардың немесе олардың топтарының өз танаптарын қоруынан
байқатады. Кез-келген шектеулі ресурс үшін бәсекелестік, әдетте
жануарлардың кеңістікте біркелкі орналасуына әкеліп соғады. Түр ішіндегі
бәсекелестіктін негізі энергня болатын дықтан, өсімдіктер арасындағы күрес
жарық үішін жүреді. Тым жиі өскен өсімдіктср бірін-бірі көлсейленді.
Бәсекелестік нәтижесінде олардың тығыздығы кемиді. Бұл құбылыс кейбір
ауылшаруашылық дақылдарынан (сәбіз, қызылша) анық көрінеді.
Жарық үшін бәсекелестік ағаштардың пішініне дә әсер Мысалы, егер емен
оқшау өссе, төменгі қапталдас бұтақтары жоғарғыларынан кем дамымайтындай
жеткілікті мөлшерде жарық алатындықтан, оның бөрікбасы шар тәрізді келеді.
Орманды жерде өссе, керісінше төменгі бұтақтардын жапырақтары осы ағаштың
өз бұтақтарымен де көрші өсімдіктермен де көлеңкеленеді. Бойлап өскен сайып
төменгі бұтақтарының қурап төгіледі, сөйтіп ағаш цилиндр тәріздес тік
діңінің көп бөлігінің бұтақтарынан айрылған ормандық пішінге ие болады.
Әр турлі түрлерге жататын даралар арасындағы озара әрекеттесулер
гетеротиптік реакциялар деп аталады. Егер екі популяцияның әрқайсысы
екіншісіне жағымсыз әсер ететін болса, онда олардың арасындағы қарым-
қатынас бәсекелестік сипатта болады. Егер екі популяция өзара
әрекстгеспейтін болса, онда экологиялық мәні жоқ жағдай - нейтрализм орын
алады. Нағыз нейтрализм табиғатта өте сирек кездеседі. себебі кез-келген
экожүйеде барлық популяциялардың арасында жанама әрекеттесулер болады. Екі
жақка бірдей пайда әкелетін қарым-қатынастар мугуализм деп аталады. Егер
екі популяцияның бірлестігі облигатты болса (екі жақ бірінсіз-бірі күнелте
алмаса), бұндай қатынасты симбиоз дейді. Симбиозға мысалы ретінде балдыр
мен саңырауқұлақтың қарым-қатынасын келтіруге болады. Жануарлар әлемінде ең
бір кемеліне жеткен снмбиоздың мысалын термиттерден табамыз: олардың ас
қорыту жолдары
талшықтылардың мекені болып табылады. Термиттер, оздерінің целлюлозаны
гидролиздеуші ферментгері болмауына қарамастан, ағашпен коректенуге
қабілетімен аты шыққан. Бұл жұмысты олар үшін талшықтылар атқарады.
Түзілстін қантты негізінен қарапайымдылар пайдаланады, дегенмеп термиттер
де сүр қалмайды. Термиттер бұл ішек фаунасынсыз тіршілік ете алмайды:
жұмыртқадан жаңа шыққан терміиттер талшықтыларды термиттердің өзге
дараларын инстинктті түрде жалау арқылы алады. Әрбір түлеуден кейін
термиттер барлық талшықтылардан айрылады, бірақ - олар колония құрып,
тіршілік ететіндіктен, әр дара түлегеннең соң талшықтыларды көршілерінен
алады. Өз кезегінде талшықтылар көршілерінен жаңадан алады. Өз кезегінде
талшықтылар термиттердің әрекеті арқасында азықтың кажетті мөлшерімен
жабдықталып, толық қауіпсіздік жәие ортаның біршама тұрақтылығы жағдайында
тіршілік етеді. Актинияның бақа шаянмен ынтымақтасу мысалы әдебиетте кең
таралғам. Актиния өзінің күндіргіш қармауыштарымен бұқпа шаянды жауларынан
қорғайды, есесінс одан шаян тамағының қалдыктары тиеді.
Симбиоз манызды экологиялық роль атқарады. Азот сіңіруші
бактерпялармен симбиоз құрып тіршілік ететін өсімдіктер топырақты азотты
заттармен байытады. Азот сіңіруші түймектері бар ағаш түрлері көп жағдайда
кұнарсыз топырақтарға бірінші болып қоныстанады.
Ынтымақтастық кезінде екі популяция қауымдастық кұрады. Әр түр өз
бетінше тіршілік ете алатындықтан, бұндай бірлесу -міндетті емес, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіршілік ортасы және экологиялық факторлар
Ағза мен орта.Ағзаға әсер етуші 2 фактолар мен олардың әрекеті
Тіршілік етуші негізгі орта және оларға ағзалардың адаптациялануы (бейімделуі)
Тіршілік ортасы, экологиялық факторлар және агроценоздар
Тіршілік ортасы
Биоценоз классификациясы
Аутэкология-экологияның негізгі бөлімі
Негізгі тіршілік орталары. В. Шелфорттың толеранттылық заңы
Негізгі тіршілік орталары
Экологияны оқытудың теориялық негіздері
Пәндер