Түрік орыс қарым-қатынастары және Қаратеңіз күресі



Кіріспе
I Түрік орыс қарым.қатынастары және Қаратеңіз күресі.
I.1Солтүстік соғыстары кезеңіндегі Ресейдің Қаратеңізге бағытталған әрекеттері.
I.2 1736.39 жылы орыс.түрік соғысы және Белграт келісімі.
I.3 1768.74 жылдары орыс түрік соғысы және орыс.түрік қатынастары.
II Ресейдің Қаратеңіз мемлекет аталуы және бұл мақсатын күшейту әрекеттері.
II.1 Кіші Кайнаржа келісімі және Ресейдің қоныстандыру саясаты.
II.2 Ресейдің Қырымды басып алулары.
III Ресейдің ұлы Қаратеңіз мемлекетіне айналуы.
III.1 Ресейдің Қаратеңізде панисламизим саясаты.
III.2 Ресейдің Қаратеңіз мемлекетіне айналуында Еуропа мемлекеттерінің орыс.түрік қарым.қатнастарына әсерлері.
Қорытынды
Қосымшалар
Сілтеме
Әдебиеттер
Тақырыптың өзектілігі: Орыстардың Қаратеңізге байланысты іс – әрекеттері IX ғасырда басталған еді. IX ғасырда Қаратеңіз және Хазар теңізіне саяхат жасаған орыстар X ғасырда Византияға саяхат жасап Константинопил және Анадолы жерлеріне дейін жетті. 911 жыл жасаған саяхатының соңында Византиямен жасалған келісімшартта орыстар Қаратеңіз және Ақтеңізде еркін сауда жасауға мүмкіндік алды. Манғолдардың Қартеңіздің солтүстігіндегі далаларға басшылық етуі, XIII ғасырдың алғашқы жартысына дейін орыстардың оңтүстік теңіздерде сауда әрекеттерін жасауына мәжбүр етті. Монғолдардың Қаратеңіз солтүстігіндегі далаларға басшылық етуі орыстардың Қаратеңіз жерінде сауда қатынастарының әлсіреуіне әсер етті. XIV ғасырларда Дон және Азав жағалауларында сирек болса да орыс саудасы және кезіп жүріп сауда – саттық жасаушылар бар еді. Қырым хандығының құрылуымен Керч бұғазы бүтіндей орыстардың сауда кемелерімен толықтырылды. XV ғасырдың екінші жартысында күшейе бастаған Мәскеу мемлекеті бір кездері Дон және Азов словяндарының жасаған саудаларының орнына ауыстырылды. Бұл кезеңдерде орыстарға Қаратеңіз жерінде үлкен бәсекелестік жасаған түріктер болды.
Түріктер Истамбулдың жеңісінен кейін біраз уақыттан кейін Анадолы жағалауларында және Қаратеңіз солтүстігінде жеткен жеңістерімен Қаратеңізді бір түрік көліне айналдырды. Осман мемлекеті Қырым хандығының егемендігі, Қырым жартыаралының оңтүстігіндегі Кефені өздеріне бағындырды. Осылайша Қаратеңіздегі сауда тізгіні Осман мемлекетінің қолына өтті. XVI ғасырдың алғашқы жартысында күшейген Ресей әскери және саяси сауда және эканомикалық саясат жағынан теңіздерге иелік етуді ойластыра бастады. 1547 жылы “патша ” лауазымын иеленіп Ресей тағына отырған IV Иван Қаратеңіз, Балтық, Хазар теңізіне шығуы жабық болған, Ресейдің теңіздерге шығу жолын ашуды өзіне негізгі мақсат етті. IV Иван Ресейдің батысын көз астына алып, Хазар теңізіне шығатын жол ашу үшін 1552 жылы Қазан, 1556 жылы Астраханды өз қол астына бағындырады. Бұл екі мемлекеттің Ресейдің қол астынада болуы Хазар теңізіне жақын жерлерде жаңа бір үдерістің басталуына себеп болды. Бұл жаңа үдеріс бұл өлкелерде Орыс билігінің артуы және орыстардың Қаратеңіз жерінде күшеюуіне мүмкіндік жасады. Орыстардың Кавказ және Қаратеңіз жерінде беделін арттыру әрекеттерін, сол жердің халқын қорғау жұмыстарынан бастады. Орыстар бірінші черкес халықтары арасында беделін жоғарлатып 1555 жылы Бекетов черкестерін, 1557 жылы Хабартай черкестерін, одан кейін Дон және Терек жерлеріндегі қазақтар және Хазар теңізімен Қаратеңіз арасындағы Исмаил мырзаға қарасты Ұлы Ноғай жерлерінде өз беделдерін арттырды. Олар өз беделін қолданып, Кавказия және Қаратеңізге жол алуды көздеді. Казак және Ноғайлардың орыс билігіне алынуы Қаратеңіз және Аваз теңізіне шығу үшін жасаған әрекеттері екендігіні айқын көрсетті.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

I Түрік орыс қарым-қатынастары және Қаратеңіз күресі.

I.1Солтүстік соғыстары кезеңіндегі Ресейдің Қаратеңізге бағытталған
әрекеттері.

I.2 1736-39 жылы орыс-түрік соғысы және Белграт келісімі.

I.3 1768-74 жылдары орыс түрік соғысы және орыс-түрік қатынастары.

II Ресейдің Қаратеңіз мемлекет аталуы және бұл мақсатын күшейту әрекеттері.

II.1 Кіші Кайнаржа келісімі және Ресейдің қоныстандыру саясаты.

II.2 Ресейдің Қырымды басып алулары.

III Ресейдің ұлы Қаратеңіз мемлекетіне айналуы.

III.1 Ресейдің Қаратеңізде панисламизим саясаты.

III.2 Ресейдің Қаратеңіз мемлекетіне айналуында Еуропа мемлекеттерінің
орыс-түрік қарым-қатнастарына әсерлері.

Қорытынды

Қосымшалар

Сілтеме

Әдебиеттер

Кіріспе.

Тақырыптың өзектілігі: Орыстардың Қаратеңізге байланысты іс –
әрекеттері IX ғасырда басталған еді. IX ғасырда Қаратеңіз және Хазар
теңізіне саяхат жасаған орыстар X ғасырда Византияға саяхат жасап
Константинопил және Анадолы жерлеріне дейін жетті. 911 жыл жасаған
саяхатының соңында Византиямен жасалған келісімшартта орыстар Қаратеңіз
және Ақтеңізде еркін сауда жасауға мүмкіндік алды. Манғолдардың Қартеңіздің
солтүстігіндегі далаларға басшылық етуі, XIII ғасырдың алғашқы жартысына
дейін орыстардың оңтүстік теңіздерде сауда әрекеттерін жасауына мәжбүр
етті. Монғолдардың Қаратеңіз солтүстігіндегі далаларға басшылық етуі
орыстардың Қаратеңіз жерінде сауда қатынастарының әлсіреуіне әсер етті.
XIV ғасырларда Дон және Азав жағалауларында сирек болса да орыс саудасы
және кезіп жүріп сауда – саттық жасаушылар бар еді. Қырым хандығының
құрылуымен Керч бұғазы бүтіндей орыстардың сауда кемелерімен толықтырылды.
XV ғасырдың екінші жартысында күшейе бастаған Мәскеу мемлекеті бір кездері
Дон және Азов словяндарының жасаған саудаларының орнына ауыстырылды. Бұл
кезеңдерде орыстарға Қаратеңіз жерінде үлкен бәсекелестік жасаған түріктер
болды.

Түріктер Истамбулдың жеңісінен кейін біраз уақыттан кейін Анадолы
жағалауларында және Қаратеңіз солтүстігінде жеткен жеңістерімен Қаратеңізді
бір түрік көліне айналдырды. Осман мемлекеті Қырым хандығының егемендігі,
Қырым жартыаралының оңтүстігіндегі Кефені өздеріне бағындырды. Осылайша
Қаратеңіздегі сауда тізгіні Осман мемлекетінің қолына өтті. XVI ғасырдың
алғашқы жартысында күшейген Ресей әскери және саяси сауда және эканомикалық
саясат жағынан теңіздерге иелік етуді ойластыра бастады. 1547 жылы “патша ”
лауазымын иеленіп Ресей тағына отырған IV Иван Қаратеңіз, Балтық, Хазар
теңізіне шығуы жабық болған, Ресейдің теңіздерге шығу жолын ашуды өзіне
негізгі мақсат етті. IV Иван Ресейдің батысын көз астына алып, Хазар
теңізіне шығатын жол ашу үшін 1552 жылы Қазан, 1556 жылы Астраханды өз
қол астына бағындырады. Бұл екі мемлекеттің Ресейдің қол астынада болуы
Хазар теңізіне жақын жерлерде жаңа бір үдерістің басталуына себеп
болды. Бұл жаңа үдеріс бұл өлкелерде Орыс билігінің артуы және
орыстардың Қаратеңіз жерінде күшеюуіне мүмкіндік жасады. Орыстардың
Кавказ және Қаратеңіз жерінде беделін арттыру әрекеттерін, сол жердің
халқын қорғау жұмыстарынан бастады. Орыстар бірінші черкес халықтары
арасында беделін жоғарлатып 1555 жылы Бекетов черкестерін, 1557 жылы
Хабартай черкестерін, одан кейін Дон және Терек жерлеріндегі қазақтар
және Хазар теңізімен Қаратеңіз арасындағы Исмаил мырзаға қарасты
Ұлы Ноғай жерлерінде өз беделдерін арттырды. Олар өз беделін
қолданып, Кавказия және Қаратеңізге жол алуды көздеді. Казак және
Ноғайлардың орыс билігіне алынуы Қаратеңіз және Аваз теңізіне шығу үшін
жасаған әрекеттері екендігіні айқын көрсетті.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Орыстардың беделінің осылайша
Кавказдармен Қаратеңізге дейін жайылуын Халил Инанч “Батыс Еуропа
тарихында жаңа ғасырдың шынайы бастауы” деп түсіндіреді. Халил Инанч бұл
дамуды ең аз 1300 жылы бір Түрік жұрты болған Батыс Еуропа далаларында
биліктің славяндарға өтіуімен бір кезеңде Османалы императорлығының
солтүстікте 80 жыл бақылау саясатының құлауы, Қаратеңіздің үрейленуіні
айтады. Шындығында орыстардың Кавказ және Қаратеңіз жерінде беделінің
артуы черкес және казактарға жасаған келісімдерінің нәтижесінде қысқа
уақыт ішінде өздерін көрсете алды.

Зерттеудің негізгі мақсаты мен міндеттері. Тақырыптың маңыздылығы
мен оның бүгінгі күндегі өзектілігін ескере отырып, жаңа тарихи пайымдау
тұрғысынан Орыстардың Қаратеңізге байланысты іс – әрекеттері, орыс –
түрік қарым қатынастары және өзара жасаған келісімдері қаратеңіз
жағалауының бірде орыстарға бірде түріктерге тиесілі болуының себептерін
айқындау зерттеу жұмысымның басты мақсаты. Зерттеу жұмысымда осыған
сай мына міндеттер айқындалды:

- Түрік орыс қарым-қатынастары және Қаратеңіз күресі.

- Солтүстік соғыстары кезеңіндегі Ресейдің Қаратеңізге бағытталған
әрекеттері.

- 1736-39 жылы орыс-түрік соғысы және Белграт келісімі.

- 1768-74 жылдары орыс түрік соғысы және орыс-түрік қатынастары.

- Ресейдің Қаратеңіз мемлекет аталуы және бұл мақсатын күшейту
әрекеттері.

- Кіші Кайнаржа келісімі және Ресейдің қоныстандыру саясаты.

- Ресейдің Қырымды басып алуы және ұлы Қаратеңіз мемлекетіне айналуы.

- Ресейдің Қаратеңізде панисламизим саясаты.

- Ресейдің Қаратеңіз мемлекетіне айналуында Еуропа мемлекеттерінің орыс-
түрік қарым-қатнастарына әсерлеріне қатысты мәселелерін қарастыру.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Менің зерттеу жұмысым кіріспе, үш
тарау, жеті тарауша, қорытынды, қосымшалар, сілтеме, әдебиеттер тізімінен
тұрады.

I Түрік орыс қарым-қатынастары және Қаратеңіз күресі.

I.1Солтүстік соғыстары кезеңіндегі Ресейдің Қаратеңізге бағытталған
әрекеттері.

Истамбул келісімімен Қаратеңізге бағытталған маңызды жеңістерге
жеткен Ресей Қаратеңізге шығу үшін Қырым хандығы, Османалы мемлекеті
мен күреске бармады. Орыс патшасы Петр күресті дайындықтар жасағаннан
кейін Қаратеңізге бағытталған әрекеттерін бастауды мақсат етті. Бұның
үшін Петр Дон және Денепр жағалауларының маңайларындағы қалалары: Азак,
Тайган және Ворнежда жаңа кемелер жасатуды бастады. Қаратеңізге шығу және
Осман мемлекетімен күресе білу үшін күшті бір теңіз флоты болуы керек
еді. Күшті бір теңіз флоты болмай тұрып Осман мемлекетімен күресу
қауіпті еді. Сол себепті Петр Қаратеңізге бағытталған дайындықтарда Осман
мемлекетімен достық қарым – қатынас жасау жолдарын іздеді. Бұл жерде
Петрдің мақсаты Осман мемлектімен уақытша достық қарым – қатынас орнатып,
уақыт ұту дайындықты барынша күшейту еді. Бұл саясатта 1699 жылы Швед
тағына отырған 17 жасар XII Карл жас және тәжірибесіз болуын пайдаланып,
Балтық теңізіне шығу Ресей үшін тек эканомикалық емес, сол кезде саяси
болып, өлкенің жылжуы және күшеюі үшін маңызды бір қадам еді. Орыстар
оңтүстікте Осман мемлекетімен жасаған күресіне жеткен жеңістері, өлкеде
жасайтын жаңа өзгертулермен күшті жағдайға жеткізгенге дейін және дайын
жағдайға жеткенге дейін өздері еңбектеніп, Еуропадағы ұлтаралық тепе –
теңдіктерді жақыннан қудалау, Истамбул келісіміне қол қойғаннан кейін, 1
айдан кейін Данимарка және Лехистан мен бірге Шветтерге соғыс
жариялайды. Петр швед мемлекетіні қысқа уақыт аралығында сәтсіздікке
ұшратып, Балтық жеріндегі топырақтарын қайтарып алып, Балтық теңізіне шығу
мүмкіндігіне жетті. Қаратеңізге бағытталған әрекеттер бітпей Османдар
мен күреске түсу Петр қаламаған бір жағдай еді. Петр еш шарасыз
қалғаннан кейін орыс және түрік мемлекеті арасында 22 шілде 1711 жыл Прут
келісімін жасауға мәжбүр болды. Прут келісімі бойынша орыстар Тайған,
Жаңа қала, Каменный, Затон қалаларын талқандап, Азак қаласын Османлыларға
беруге міндетті болды. Бұл талаптарды Патша Петрдың қабылдауы орыстардың
Притта қаншалықты қиын жағдайға түскендігін көрсетеді. Жасалған келісіммен
орыстар Истанбул келісімінің қол жеткізген барлық жетістектерінен бас
тартатындығын айтты. Жаңаланған келісіммен Прут келісіміне кіргізілген
бөлімдерде орыстар 3 ай ішінде Лехистаннан іәскерін алып шығып, оның ішкі
ісіне араласуынан айырылды. Денепрдің батыс Киев ғана орыстарға
тиісті болды және “ патша ” османылыларының қорғауына алынатын болды.
Орыстар өздеріне тиесілі Чернаск және Азак аралында ешқандай қала
тұрғызбайтын болды.

1.2 1736-39 жылдары орыс – түрік соғысы және Белграт келісімі.

Солтүстік мәселесі Ресей үшін табысты болып шешілмегеннен кейін
Петр оңтүстік мәселесіне немесе Қаратеңізге шығу мәселесінің шешімін
табуға тырысты. Петр елінің солтүстік соғыстарынан кейін әскери,
эканомикалық жағынан күшсізденгендігі және Прут келісіміндегі шешімдерінің
оның ықпалын түсіруге әсер еткендігіне байланысты, әрекет етуді
Қаратеңізге емес Хазар теңізіне қарай бағыттайды. Хазар теңізінің
жағалауы Петр үкіметін тек сауда мағындасында емес стратегиялық әскери
тұрғыдан да қызықтыратын еді. 1722 жылы Петрдың Хазар теңізі
жағалауларына жасаған әскери сапары Ресейді Осман мемлекетімен
қарсы қойды. Екі ел арасында 12 маусым 1724 жылы Истанбулда бір
келісім жасалып Иран топырақтарын бөлісті. Бұл бөлісу Ресей – Хазар
теңізіне бағытталған оңтүстік шекараларының Кавказ тауларының
сотүстігіне дейін жайылуы, Ресейдің Қаратеңіз және Хазар теңізі арасындағы
позицияны қамтамасыз етті.Сол кезде бұл жағдай Қырым хандығының Кибардай
Дағыстан және Кубандағы мұсылман халықтарды Ресейге қарсы бағыттауды
жоспарлады. Петр осылайша Ресейді Балтық теңізіне шығарғаннан кейін,
Ресейдің Хазар теңізіндегі мақсатында жүзеге асыруға кірісті. Петрдың сол
кезлегі басты мақсаты Қаратеңіз мәселесінің шешімін табу болды. Бірақ
Петрдың өмірі осы жағдайды соңына жеткізуге жетпеді. 28 қаңтарда 1725 жылы
қайтыс болды.Петр қанша қаласада Қаратеңізге шығуға қол жеткізе алмады.Бұл
жерде соны айтып өтіуіміз керек. Петр мүмкін Ресейді Қаратеңізге шығармады
бірақ ағылшын тарихшысы Х.Суленердің маңызды зерттеуімен “Ресейді Осман
мемлекеті алдында жоғары көрсете алатын жағдайға жеткізді, әскери, саяси,
рухани, эканомикалық алаңдарда жасаған жаңалықтары Ресейдің дамуына
маңызды қадамдар болды. Петрдың өлімінен кейін Ресей тарихында I Екатерина
таққа отырды.Екатерина Хазар және Қаратеңіз жерлеріндегі негізгі
проблемаларды бір жолға қойып 1725 жылдың соңы 1726 жылдың басында Ресейдің
сыртқы саясатында “Holsteın” және “Kurland” мәселелеріне көңіл аударды.

1.3 1768-74 жылдары орыс–түрік соғысы және орыс– түрік қатынастары.

Белграт келісімі орыс – түрік қарым - қатынастарының ұзақ бір кезең
ішінде бейбітшіліктің жалғасуына септігін тигізді. Бұл жағдай әр екі
мемлекет тарапынан келісімнен қуанышты болуларына емес: Ресейдің
халықаралық және ішкі мәселелері, Османалы мемлекеті болса Иран үрейі жіне
саяси эканомикалық күйзелістері әсерінен еді.Белграт келісімінің
деректерін қарағанда екі мемлекет арасында шекараның анықталуы және
салынатын қалалардың салынатын орындарының белгілену жұмыстары 1741 жылы
бітірілді.1739 жылы Швед қауілінің артуы мен Ресей Осман мемлекеттерінің
талаптарын қабылдады.Осылайша Ресей алдымен Шветтермен келісім жасаған
Осман мемлекетімен қатынастарын жақсартып күш біріктіріп Шветтерге қарсы
бағыт алды. Швед мәселесінің 1743 жылы табысты бір шешімінен кейін
Ресей,Австрия тағы үшін жасалған соғысқа қатысу үшін 1747 жылы Осман
мемлекетімен жаңа келісімге қол қойды.Бұл кезеңдегі ішкі және сыртқы
мәселелер Османалы мемлекетіне қарсы бейбітшілік саясатын іздеу
қиыншылығына тап болды.Қаратеңіз бағытында ықпалды бір саясат
іздеп,бейбітшілік жолымен Қаратеңізге шығуды көздеді. Сол себепті Орыс
үкіметі Истанбұлдағы жіберілетін елшілерін таңдағыштықпен таңдап, Османлы
мемлекетінің ішкі саясатын ықыласпен талдап отыратын еді. Елшілерден
Осман мемлекетінің әскери эканомикалық жағдайының түрлері және Орыс
үкіметінің өзінің саясатында қолдана алатындай мағлұматтар, деректер
жинауды бұйыратын.Австрия тағының мұрасы үшін жасалған соғыстан шыққаннан
кейін Ресейдің сыртқы саясатының басты мақсатында 1748жылдан бері ашық бір
тұрғыда Ресейге қарсы саясат іздеген Пруссия қиралі Карл Фридрих соғысқа
қарсы дайындық жасауда еді. 1750 жылдың бастарында орыс Үкіметінің Османалы
мемлекетімен бейбітшіліктің жалғастырылуы бағытында бір саясат іздеуі керек
еді .Бұнымен бірге Ресей Қаратеңізге бағытталған болашақтағы стратегиялық
мақсаттарын негізге алып, оңтүстікте Қырым хандығы,Оман мемлектімен
шекараларын күшейтуді жалғастырған еді. Австрияның Османалы мемлекетімен
болған әскери шекарклық аймақтарынан Сирп көшпелілері алып келініп 1751
жылда “Жаңа Сирбия”1752-1753 жылдары ”Славян Сирбия”есімді жаңа аймақтар
пайда болды. Осылайша Ресей шетелдік көшпелілер шекара бойына
орналастырылып және шекара топырақтарын пайдаланумен қамтамасыз етті және
де бұл топырақтардың өлке эканомикасына араласуында қамтамасыз етті. Бахмут
жақынында құрылған жаңа Сербияның қорғануы үшін 1754 жылы ингул
поселкасында Азиз Элизаветта қаласының негізі қаланды.Азиз Элизаветта
қаласы үшін таңдалған жер, Белграт келісіміне қайшы болмауы үшін
Османылардың қарым-қатынастарының кеңеюіне себеп болды. Истанбулдағы орыс
елшісі Обрелсков қаланың османлы шекарасында ұзақт орыс шекараларында
құрылғанын білдіруне байланысты Осман мемлекеті қаланың құлауын қалайтын
еді.

2.Ресейдің Қаратеңіз мемлекеті атануы және бұл мақсатын күшейту әрекеттері.

2.1 Кіші Кайнаржа келісімі және Ресейдің қоныстандыру саясаты.

Кіші Кайнаржа келісімімен Ресей Қаратеңізге екі басқа жолдармен шығу
мүмкіндігіне ие болды.Бұлардың біріншісі Кинбурин қаласының бағындырылуы
мен Денепр жағалауы арқылы,екіншісі болса Жаңа қала және Керч бұғазы
арқылы.Қаратеңіз жағалауында Ресейдің ие болған жерлері аз болса да Өзу
және Таман сияқты Осман мемлекетінің қалалары олар үшін қауіпті болып
саналды.Әскери және эканомикалықжағынан Ресейдің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қимақтар Қазақстан аумағында
Осман империясы. III Сәлімнің реформалары
Астанасы Алмалық қаласы
Түрік қағанаты – 551-603 жылдар
Сақтар, скифтер: алтын адам
Қазақстан территориясындағы ортағасырлық мемлекеттер (ҮІІ – ХІІ ғғ.)
«Түрік» этносы және этнонимі
Бірқатар авторлардың пікірі бойынша палеолит екі дәуірге бөлінеді - ежелгі дәуір мен соңғы дәуір
«Түркі халықтарының тарихы» пәнінен оқу-әдістемелік кешен
Түркия Республикасы құрылуының Кеңестік басылымдарда жариялануы
Пәндер