Математикадан өз бетінше оқып-үйрену тиімділігінжақсартуда оқулық элементті пайдалану


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Республикасы білім және ғлым министрлігі
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты
Дипломдық жұмыс
Математикадан өз бетінше оқып-үйрену тиімділігін жақсартуда оқулық
элементті пайдалану
Тобы: М-28-1.
Білімгер: Абдималикова Ж. Б.
Жетекшісі: Мүсілімов Б. М.
Тараз қаласы
Мазмұны
Кіріспе
Бірінші тарау
Модульдік тәсіл - ақпараттық оқыту технологияларының
әдістемелік негізі
1. 1. Модульдік оқыту тәсілі туралы . . .
1. 2. Оқулық элемент - модульдік оқыту тәсілінің
негізгі компонентасы . . .
1. 3. Оқулық элементті құру дайындау технологиясы
ерекшелігі . . .
1. 4. Оқулық элемент - қашықтықтан оқыту технологиясының
әдістемелік негізі . . .
Екінші тарау
Математика курсынан оқулық элементтер
дайындау үлгілері
2. 1. Оқулық элементті (ОЭ) дайындаудың жалпы үлгісі . . .
2. 2. 5-6 сынып математика курсын оқып-үйренуге
арналған оқулық элемент үлгісі . . .
2. 3. Алгебра курсынан (7-8 сынып ) оқулық
элемент үлгісі . . .
2. 4. Геометрия курсынан (7-8 сынып) оқулық
элемент үлгісі . . .
2. 5. Анализ бастамаларын оқытуда (10-11 сынып)
оқулық элементті пайдалану ерекшелігі . . .
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Дәйектеме
Дипломдық жұмыста оқушының жеке өз бетінше математика пәнін оқып-үйрену тиімділігін жақсартуға бағытталған әдістемелік құрал ретінде оқулық элементті дайындау және оны оқу үрдісінде пайдалану технологиясы ұсынылады.
Аннотация
В дипломной работе предлагается технология разработки и использование в учебном процессе учебного элемента как методического средства, направленного для улучшения эффективности самостоятельного изучения курса математики учащимися.
The technology of elaboration and the use of educational elements as a directed means for effectiveness of original study of mathematics is considered in the diplom a work.
Кіріспе
Қазіргі заман талабына сай жаңа үлгідегі педагогикалық ғылым ерекшеліктерінің бірі - ол оқушылардың жеке дамуына бағытталған жаңа оқыту технологиясын жасау болып табылады. Оқу процесіндегі ақпараттық және коммуникациялық жасақтарды қолданудың өзі қолданбалы информатиканың тәжірибелік негізі болып есептеледі. Информатиканың негізгі міндетінің бірі пайдаланушыны өмірдегі ғылыми жаңалықтармен байланыстыру болса, мұндай байланыстар үшін интеллектуалды оқыту жүйелері, оқытуға арналған программалық құралдар, автоматты оқыту жүйелері, электрондық кітаптар, компьютерлік желі түрлері, т. б. қолданылады. Осындай жаңа ақпараттық технологиялардың көмегімен әлеуметтік басқару жүйелерін өркендетуге, жақсартуға болады. Оқыту жүйесіндегі жаңа ақпараттық технологиялардың түрлері де сан алуан. Мысалы, дидактикалық компьютерлік ойындар, оқытушы-программалар, арақашықтықтан оқыту жүйесі, программалық тілдерді үйрену технологиялары, жаңа коммуникациялық технологиялар, офистік компьютерлік тесті құру және пайдалану технологиялары, электрондық оқулықтар, оқытушы мкльтимедия және гипермедия жүйелері. Педагогикалық технология - оқушының даму шарттарының жиынын құрайтын оқу-тәрбие процесінің міндеттері мен мазмұнын, түрлері мен әдістерін өзара консептуальді түрде байланысуын ұйымдастыратын әртүрлі пәндер мен әдістердің күрделі және ашық технологиялары. Бүгінгі таңда модульдік оқыту тәсілінің негізгі элементті болып табылатын оқулық элементті ақпараттық оқыту технологиясының әдістемелік құралы деп айтуға болады.
Оқулық элемент дегеніміз білімнің немесе біліктіліктің кішкене нақты бөлігін меңгеруге арналған және оқушының жеке өз бетінше оқып білім алуы (немесе мұғалімнің жетекшілігімен оқуы ) үшін қолданылатын автономды (жеке аяқталынған) оқулық материал.
Бір модуль бірнеше оқулық элементтерден құралатын болады.
Математика курсы бойынша оқулық элемент компьютерді қолдану арқылы оқытумен қатар машинасыз вариантта да тиімді пайдаланылуы мүмкін. Компьютерлік жағдайда оқушы оқулық элементті меңгеру барысында жаттығулар орындайды және оқыту нәтижесіне жетуде өзін-өзі оперативті түрде тексеруді компьютердің көмегімен іске асыра алады.
Сонымен, жеткілікті әдістемелік және мазмұнды деңгейде дайындалынған оқулық элемент негізінен оқушының жеке өз бетінше оқып-үйренуіне толық мүмкіндік жасай алады. Сондықтан оқулық элементті қазіргі заманғы ақпараттық оқыту технологияларының әдістемелік негізі ретінде пайдалану мәселелері өзекті мәселенің біріне айналып отыр.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші тарауда ақпараттық оқыту технологияларының әдістемелік негізі ретінде оқулық элементті пайдалануға болатындығы нақты мысалдармен, тұжырымдаулармен негізделген. Модульдік оқыту тәсілі, оқулық элемент модульдік оқыту тәсілінің негізгі іске асырушы құралы, оқулық
элементті құру/дайындау технологиясы ерекшелігі туралы деректер келтірілген.
Екінші бөлімде автор жұмысының негізгі нәтижелері келтірілген. Оқулық элементті дайындаудың жалпы үлгісі, 5-6 сынып математика курсын оқып-үйренуге арналған, алгебра курсынан (7-8 сынып ) оқулық элемент үлгісі, анализ бастамаларын оқытуда оқулық элементті пайдалану ерекшелігі (10-11 сынып) пайдалану үлгілері келтірілген.
Осы тәсілді мектептік геометрия курсын оқып үйренуде де тиімді пайдалануға болатындығы нақты мысалдармен көрсетілген.
Дипломдық жұмысты орындау барысында автор көптеген әдебиеттерге (әсіресе, Полат Е., Бухаркина М. Ю., Моисеева М. В., Петров А. Е. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования. - М. : ACADEMA, 2003 - 272 с., «Информатика и образование», ) және ғылыми-әдістемелік журналдарға (“Математика”, “Математика в школе”, “Информатика негіздері”, т. с. с. ) сараптаулар жүргізді, қазіргі кезеңдегі оқытуды тиімді іске асыру тәсілдерімен және әдістерімен танысты, ол әдебиеттердің негізгілері диплом жұмысы соңындағы тізімде көрсетілген.
Бірінші тарау
Модульдік тәсіл - ақпараттық оқыту технологияларының әдістемелік негізі
1. 1. Модульдік оқыту тәсілі туралы
Бүгінгі күні ақпараттық оқыту технологиялары оқушының өз бетінше жеке оқып үйренуіне және білім алуына мүмкіндік беретін негізгі құралға айналып отыр. Осы технологияның әдістемелік тұрғыдағы тиімділігін арттыруға және жақсартуға қолайлы мүмкіндік беретін құралдың бірі - ол оқулық элемент. Оқулық элемент модульдік оқыту тәсілінің негізгі компонентасы болып табылады. Ал модульдік оқыту тісілінің мынандай принциптерге негізделетіндігі белгілі: жүйелілік, құрылымдалына алушылық, модульдік, динамикалық және белсенді кері байланыс болу мүмкіндігі, белсенділік және көрнекілік . Сондықтан, модульдік оқыту жүйесі осы процестің басты негізі ретінде, оқушы біліміне қойылатын талаптарға сәйкес жақсы нәтижелерге жетуге толық мүмкіндік жасай алады.
Бүгінгі күнгі модульдік оқыту тәсілін кәсіптік дайындық жүргізудің негізгі құралы деп анықтауымызға да болады Модульдік тәсілді оқу үрдісіне енгізетін болсақ, онда оқыту тиімділігінің сапасының арта түсетіндігі сөзсіз.
Енді, модульдік тәсілдің, жаңа ақпараттық оқыту технологияларының негізгі элементтерінің бірі ретінде нақты пәнді оқытуда қандай тиімділіктерді бере алатындығына тоқталайық.
Оқу процесі күрделі жүйе ретінде мына негізгі құрамды бөліктерді қамтиды: білім стандарты, оқу жоспары, курс (пән) структурасы және мазмұны, оқыту ортасы (педагог, мектептегі қоршаған орта, оқыту құралдары және технологиялары) және білім беру процесін бақылау. Бастапқы үш бөлік пән бойынша білімінің педагогикалық моделін (БПМ) құрайды.
Білімнің педагогикалық моделін бір-бірімен өзара тізбектей (сызықты структуралы) байланысқан білім модульдері (1-суретті қараңыз) ретінде қарастыруымызға болады.
1 модуль
2 модуль
3 модуль
6 модуль
5 модуль
4 модуль
і модуль
1-сурет.
Әр модульде басқа модульдің ақпаратын пайдалану қарастырылады және сол модульге тән жаңа түсініктер, қасиеттер енгізіледі. Модуль - мәліметтер (деректер) базасы, білімдер базасы, ақпараттық модель түрінде берілуі мүмкін. Модульдердегі түсініктер (ұғымдар) өз қасиеттерімен және олардың өзара қатынастары семантикалық граф түрінде болады (2-сурет) .
2-сурет.
Білім беруде модульді тәсіл мына тиімді жағдайларды іске асыруға көмектесед:
1. Қажетті және жеткілікті бөліктермен (порциялармен) нақты оқулық, білімдік материалдарды беріп отыруға;
2. Компьютерлік тестілеу көмегімен жүйелі түрде бақылауды ұйымдастырып отыруға яғни, әр жеке модуль бойынша және бүтіндей барлық модульдер бойынша, сәйкес, аралық ағымды және қорытынды бақылауларды жүргізуге;
3. Әр модульдің педагогикалық мазмұнын толықтырып отыруға;
4. Модульдер арасындағы семантикалық байланысты және олардың басқа пәндермен қатынастарын анықтауға және ескеруге.
Білім модулін жоспарлау (дайындау) білім беру процесінде маңызды роль атқарады. Өйткені, мұғалім квалификациясы және тәжірибесі, оқыту құралдары және технологиялары, ең бастысы компьютерлік тестер көмегімен бақылау жүргізу - оқыту ортасы соған тікелей байланысты.
Соңғы кездері оқыту практикасында модульдік тәсіл кеңінен енгізіле бастады, әсіресе, кәсіптік мамандық беруде бұл тәсіл оқыту тиімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік беретіндіген дәлелдеді. Модульдік оқыту тәсілі мына принцитерге негізделген: жүйелік, структураланулық, модульдік, динамикалық және ыңғайлана алулық, мақсаттың нақтылы терең түсініктілігі және кері байланыс болу мүмкіндігі, белсенділік және көрнекілік. Модульдік оқыту жүйесі осы процестің басты фигурасы ретінде оқушыға қойылатын талапқа сәйкес оң нәтижелерге жетуге толық мүмкіндік жасай алады.
Сонымен, модульдік оқыту тәсілін қазіргі заманғы кәсіптік дайындық жүргізудің негізгі құралдарының бірі бола алады деп айтуға толық негіз бар.
Өйткені, бұл тәсіл оқушыларға мына тиімді жағдайларды жасай алады:
- оқушы модульдер түрінде ұсынылған (берілген) бағдарламамен өз бетінше жұмыс істей алады;
- модульдердің мазмұндарын және оларды оқып, үйрену процесін оқушылардың жеке мүмкіндіктеріне, қажеттіліктеріне және талаптарына сәйкестендіруге болады;
- оқытудың мақсатына жету бағытында оқушының бастапқы, аралық және соңғы жетістіктеріне сәйкес кері бағыттағы байланыс режимінде оқыту процесі басқарылады;
-оқушылар мен оқытушы (мұғалім) арасындағы өзара байланыс паритеттік негізде жүргізіледі.
Педагогтік практикада бұл принциптерді іске асырудың әр түрлі әдістері болуы мүмкін. Мысал ретінде информатика курсын оқытуда модульдік тәсілді қолданудың (енгізудің) ерекшеліктеріне (концепциясына) тоқталмақшымыз.
Модульдік жүйе бойынша жұмыс істеу сәйкес оқулық - әдістемелік құжаттарды, оның ішінде курс бағдарламасын терең және толығынан сараптап шығуды талап етеді. Мысалы, модульдік оқыту тәсілінің талаптарына сәйкес «Дербес компьютерді пайдалануға арналған курс» оқулық бағдарламасында мына төмендегі мазмұндық модульдерді атауға болады:
1. ЭЕМ-нің структуралық схемасы. Дербес компьютердің негізгі және периферийлік құрылғылары, олардың қызметі.
2. MS-DOS операциялық жүйесі ерекшелігі.
3. Windows x операцялық жүйелері. Windows басқарумен жұмыс істейтін стандарттық программалар.
4. Word текстік процессоры.
5. Exsel таблицалық процессоры.
6. Acces МББЖ-сі.
7. Power Point презентациялық программасы.
8. Файлдарды архивациялау. PKZIP және ARJ архиваторлары.
9. Компьютерлік вирустар. Антивурустық программалар
және т. с. с.
Студенттердің (оқушылардың) дайындық деңгейіне, информатика курсына бөлінген сағаттар көлеміне, компьютердің техникалық мүмкіндіктеріне сәйкес оқып, үйренуге қажетті тақырыптарды мұғалім (оқытушы) өзі анықтайды, таңдайды.
Оқу процесінде модульдік бағдарламаны іске асырушы негізгі құрал ретінде ОЭ алынады.
ОЭ - ол кішігірім көлемде нақты білім алуға немесе қажетті нәрсені іс-қимылдарды әрекеттерді үйреніп, біліп алуға мүмкіндік беретін автономды (жеке аяқталынған) оқулық материал. ОЭ көлемі онша үлкен болмағаны жөн. Оны оқушы өз бетінше оқып-үйренуге немесе мұғалім (оқытушы) көмегімен оқуға болатындай етіп (лайықтап) дайындайды.
ОЭ негізінен оқушының жеке өз бетімен оқып-үйренуіне арналады. Сондықтан ОЭ-лер әр жеке оқушының дайындық деңгейіне сәйкес оған қажетті және жеткілікті оқулық материалдарды ұсынып отыруға, оған әдістемелік тұрғыда комфортты жақсы жағдайда өз бетінше оқып-үйренуге, өз білімін өзі бақылап отыруына толық мүмкіндік жасай алатындай болуы тиіс.
Сондықтан, оқулық элементті жасау (дайындау) бірнеше мамандар тобыме жүргізлсе тіпті дұрыс болар еді. Мысалы, ондай топ құрамына мына төмендегі мамандар енсе ОЭ - лерді сапалы етіп дайындауға болады:
1. пән оқытушылары - ОЭ мазмұны бөлігіне жауап береді, қойылған мақсатқа сәйкес оның нақты мазмұнын және оқып-үйрену әдісін (тәсілін) анықтайды;
2. суретші көркемдеушілер - оқулық элементтің көркемдеуіне, әсерлі болуына жауап береді;
3. редакторлар - мәтіндерді редактрлейді және түзетеді.
4. техникалық мамандар - компьютерде барлық материалды теруге және көркемдеуге жауап береді.
Оқулық элемент келесі жүйе бойынша жасалынады.
Оқулық элементтің атын және нөмірін қою. Оқулық элементтің атында меңгеру процесінде құрылатын біліктілік нақты белгіленуі керек. ОЭ аттары оның қысқаша мазмұнын дәл беру тиіс, мысалы, мынадай болуы мүмкін: "Word мәтіндік редакторында бірнеше мәтінді біріктіру, біреуіне жинақтау", "Paintbrush графикалық редакторын қолдану арқылы сурет салу", т. с. с. ОЭ-ге сонымен қатар нөмірі беріледі.
ОЭ-ні нөмірлеу-қажет жағдайда оған сілтеме жасау және кодтау үшін керек болады.
Оқулық элементтің мақсатын тұжырымдау. ОЭ мақсаты тұжырымдауына оқушының көрсетілген тақырып бойынша нелерді нақты білуі және нелерді істей (қолдана, пайдалана) алуы атап көрсетіледі. Мысалы, "WORD-та кестесі бар мәтінді дайындау" тақырыбына арналған оқулық элементтің мақсаты келесі түрде тұжырымдалынады;
Берілген оқулық элементті дұрыстап түсінсеңіз сіз мыналарды
а) білетін боласыз:
- м әтінге кесте енгізудің ережесін;
- ол мәтінді дискіге сақтауды;
- ол мәтінді баспаға шығару ережесін.
ә) істей алатын боласыз:
- Word мәтіндік редакторын қолданып кестесі бар тексті теруді;
- терілген тексті магниттік дискіде сақтауды;
- мәтінді баспадан шығаруды.
Оқулық элементтің мазмұнын дайындау . ОЭ-нің мазмұнды бөлігінде оқушыға оқулық материалдарды ықшамдау формада, мазмұнын жоғалтпай ұсынады, оқулық материал ОЭ мақсатына жетуді қамтамасыз ете алатын болуы тиіс. Оқулық мәтінде қажет жағдайда ОЭ-де көрсетілген әдебиеттерге нақты сілтеме (беті, абзацы көрсетіліп) жасалынуы мүмкін. Сілтемелер саны көп болмауы тиіс. Басты ерекшеліктің бірі оқулық элемент мазмұнын деңгейлеп ұсынуға болады.
Оқулық элементті бекіту. Бұл кезеңде оқушы оқып үйренгенін (теорияны) практика жүзінде пайдалана алу қамтамасыз етіліп, қалыптастырылады. Нақты практиаклық тапсырмалар немесе жаттығулар ұсынылады.
Нәтижеге жетуді тексеру . ОЭ структурасында оқушылардың оқып-үйрену нәтижесі деңгейін тексеру жауапты кезеңнің бірі болып табылады. Бірақ ОЭ-ті құру процесінде тестік тексеруді іске асыру машықтану кезеңнен кейін жүргізіледі. Бұл толықтай қисынды, себебі, қатаң белгіленгендерді біліктілік мақсатында меңгеру кепілдігі осы программаланған нәтижеге жетуді тексерумен бірдей қамтамасыздандырылады. Сондықтан, нәтижеге жетуді тексерудегі әрбір тестік тапсырмалар, ОЭ мақсатында берілген анық позицияға сәйкес болуы керек. Мысалы, "Word мәтіндік редакторында кестесі бар мәтінді дайындау" оқулық элементіндегі нәтижеге жетуді тексеру екі бөлімнен тұрады:
1. Практикалық тапсырмалар;
2. Сұрақтарға жауаптар.
1. Практикалық тапсырма:
WORD-та кестесі бар мәтінді теріңіз. Берілген мәтінді дискіде сақтаңыз.
Мәтінді баспа құрылғысынан шығарыңыз.
2. Сұрақтарға жауап беріңіз:
2а. Кестені дайындау алгоритмі қандай болу керек?
2б. Келтірілген амалдарды дұрыс реті бойынша нөмірлеңіз:
- WORD пиктограммаларының ішінен кестенің бейнесі бар пиктограмманы табу.
- Кестеде қанша жол және қанша баған болатынын ойлау.
- Кестесі бар пиктограмманы соның үстіне тышқанның сол жақ түймешесін басу - арқылы таңдаңыз.
- Шаблонды кестеге жолдар мен бағандардың қажет санын беру.
- Дайын кестенің жиектеу сызығының түрін беру.
- Дайындалған кестені белгілеу.
Оқулық элементтермен жұмыс істеу кезінде құрылған сабақ структурасы (кезеңдері) .
Оқулық элементті сабақ үстінде де пайдалануға болады. Оны пән мұғалімінің өзі шешеді. Бұл жағдайда мұғалім және оқушылар қызметі былайша ерекшеленеді:
1. Алғашқы нұсқау . Бұл кезеңде мұғалім:
Алдыңғы берілген сабақтың есептерін анықтайды және көрсетеді;
Топқа сабақта меңгерілетін элементті ұсынады;
Бұл элементтің алдыңғы және келесі элементтермен байланысын анықтайды және көрсетеді;
Пайдалануға болатын жабдықтар және оқу құралдары туралы түсініктеме береді.
2. Оқулық элементтен хабардар ету . Бұл кезеңде оқушылар:
Берілгент элементтің структурасы туралы түсінік алады;
Оқулық элементтің мақсаттарын түсінеді;
ОЭ-ні тиімді оқып-үйренуге қажетті қосымша мүмкіндіктерді көре алады;
Бастапқы сипаттамаларын және негізгі түсініктерін анықтайды;
Нәтижеге жетуді тексеру шарттарымен танысады.
3. Оқулық элементті орындау. Бұл кезеңде оқушылар:
Оқулық элементтің мазмұнын меңгереді.
Тапсырмалар мен жаттығуларды орындайды.
4. Нәтижеге жетуді бағалау және оқулық элементпен жұмыстың нәтижесін тексеру .
Нәтижеге жетуді тексеру кезеңінде оқушылар:
Нақты тапсырмалар немесе жаттығуларды орындайды;
Тестік тапсырмаларды орындайды немесе берілген сұрақтарға жауап береді;
Өз бетінше немесе мұғалімнің (немесе ассистентінің) көмегімен оқулық элементтің мақсаттарына сәйкес нәтижеге жету дәрежесін анықтайды;
Ол үшін оқушы мұғалім дайындаған жауап парағын пайдаланатын болады.
Оқулық элементті меңгеру деңгейін бағалаудың екі жолын пайдалануға болады:
Балды анықтау арқылы.
Сандық көрсеткіштерді анықтамай-ақ оқушылар жауаптарына арналған комментарийлер беріледі. Комментарийлер оқушы жауаптарына сәйкес оны қолда немесе консультациялық бағыт беретін түрде болулары тиіс.
Оқулық элементтерді қолданудың артықшылығы-оның көмегімен келесі кезеңдерді тиімді етіп жүзеге асыру мүмкіндігі болып табылады:
1. оқушының жұмыстарын жекелеу (даралау) және мүмкіндігінше дифференциациялау;
2. оқу процесін икемді ұйымдастыру;
3. оқулық әрекетін күшейту.
Оқулық элементтерді қолдану оқытуды жекелеудің маңызды құрамдарын - сол үшін жағдай жасауды қамтамасыз етеді. Оқулық элементпен оқушы өзінің жеке - психологиялық ерекшеліктеріне сай жұмыс істей алады. Кейбір оқушының жұмыс істеу қарқыны оған сабақ барысында бір оқулық элементті меңгеруге мүмкіндік берсе, басқалары бірнешеуін істеп үлгереді және тіпті қосымша тапсырмалар орындайды. Оқулық элементтерді қолдану модульдік оқытудың ең маңызды деген бөліктерінің бірі - қосымша сабақты қолдайды, яғни репетиторлықты. Онда ең үздік дейтін оқушылар мұғалімнің көмекшісі ретінде білімі төмен деген оқушыларға көмектеседі. Өзара көмек ұйымдастыру, яғни оқушылардың бірігіп жұмыс істеуі, біріншілері үшін де (түсіндіре отырып, олар материалды тереңірек меңгереді) және соңғылары үшін де (олар өз мәселелерін шешуде қолдау табады) пайдалы.
Ескере кететін жай-оқушылар арасындағы жеке қатынастар, мұғалімдер мен оқушылар арасындағы қатынасқа қарағанда нәтижелі өтеді. Оның мәні- оқушының оқу сарынының ұқсастығы, жақын көзқарастар, ұқсас мақсаттарда. Оқулық элементтерді жүйекі пайдалану оқытуды тиімді ұйымдастыруды қамтамасыз ете отырып, мұғалімге оларды түрлендіруге мүмкіндік береді. Мысалы, егер кейбір оқушылар сабақтарын жіберіп алған болса, онда топтағы жұмыс былай ұйымдастырылады: бір оқушылар жаңа оқулық элементті орындайды, ал кейбіреулері сабақ жібергендермен жұмыс істейді, үшіншілері білімдерін тереңдетумен айналысады.
Оқулық элементпен жұмыс, оқыту барысын үнемі бақылап отыру түрінде жүреді. Оқулық элемент бақылаушы тестің табысқа жетуі арқылы жүзеге асады. Бұл кезде үнемі мұғалімнің бақылауында болады. Оқулық элементтерді қолдану мұғалімге оқу әрекетін мазмұнды етуге мүмкіндік береді. Оқушының сабақ үстіндегі жұмысы жеткілікті ұйымдастырылған деңгейде өтетін болады. Бұл мұғалімге оқушылардың өзіндік жеке жұмысын ұйымдастыру мәселесін шешуге аз уақыт жіберуіне және уақытын тиімді пайдалануға жағдай жасайды. Нәтижесінде сабақ үстінде мазмұнды және өте қомақты жұмыс орындалады. Оқулық элемент жеке парақтарда жинақталады.
1-парақ титулдік бет, онда оқулық элементтің аталуы ("Word мәтіндік редакторында кестесі бар мәтінді дайындау"), қай салаға жасалғандығы ("Дербес компьютерді қолдану") және коды көрсетіледі.
2-парағында-оқу мақсаттары, қажетті құрылғылар, оқулықтар, материалдар мен көмекші оқу құралдары, сонымен қатар жалғастырылатын оқулық элементтер мен материалдар тізімі келтіріледі. Бұл парақ оқытушы үшін қалай маңызды болса, оқушыға да солай маңызды: оқытушы сабаққа дайындау этапында, сабақты нәтижелі етіп жүргізу үшін не қажет екендігін көре алса, оқушы оқу мақсаттары туралы, әрі өзі қолдана алатын қосымша әдебиеттер жайлы дәл мәліметтер алады.
Ары қарай көркемделген, оқуға арналған мәтіндері бар беттер келтіріледі. Оқулық элементтің мәтінді оқуға арналған бөлігінде қысқаша формулаларды қолдану керек және тілі түсінікті, әрі қарапайым, жатыңқы болғаны жөн. Жеке беттерде/парақтарда оқушыларға арналған тапсырмалар мен жаттығулар орналасуы мүмкін.
Оқулық элементтің беттерін нәтижеге жету деңгейлік бақылайтын және тексеретін, сұрақтар немесе тестілері бар беттер аяқтайды. Оқулық элемент соңында сонымен қатар, дұрыс жауаптар коды және бағалау критерийлері жазылған беттер де болады. Олар мұғалім үшін маңызды және оны оқушылар да оқулық элементтің материалын қалай меңгергендігін, қажет жағдайда бағыт алуы және өзінің жетістігін өз бетінше тексеру үшін қолдана алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz