Тілдің қоғамдық мәні және оның жүйесі мен құрылымы


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ТІЛДІҢ ҚОҒАМДЫҚ МӘНІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖҮЙЕСІ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ.

ТІЛДІҢ АНЫҚТАМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ МЕН ҚЫЗМЕТІ

Өмірде алуан түрлі кұбылыстар бар. Олар табиғат құбылыстары және коғамдық құбылыстар болып екі топқа бөлінеді, Тіл қоғамдық құбылыстардың қатарынан орын алады. Ол - қырсыры мол, күрделі құбылыс. Тілдің табиғатын (мәнін) танып білу үшін оның ең басты қасиетін айқындап алудың маңызы айрықша. Тілдің табиғатын айқындайтын ең басты қасиеті делініп, әдетте, оның қатынас құралы болу қызметі аталады В. И. Ленин «Тіл - адам қатынасының аса маңызды құралы» -дейді. Тілдің қызметін түсінуде бұл анықтаманың үлкен маңызы бар. Тіл - адам баласы қоғамында қатынас құралы, сөйлесіп, пікір алысудың құралы ретінде пайда болды. Тарихта мұндай коллектив алғашында ру, тайпа түрінде, кейінде халық тілі, ұлт болып өмір сүрді, осыған орай ру тілі, тайпа тілі, халық тілі болды. Адамдар коллективіне - мейлі ол ру немесе тайпа болсын, халық немесе ұлт болсын - осылардың бәріне де тіл қатынас құралы ретінде қызмет атқаруы оның табиғатын (мәнін) айкындайтын басты қасиеті деуіміз де осыдан.

Тіл мен қоғамның өз ара тығыз байланысы - екі жақты байланыс.

Біріншіден, тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды. Тіл жоқ жерде адамдардың қоғамда бірлесіп еңбек етуі, қоғамдық өндірісті ұйымдастыруы, оны дамытуы мүмкін емес. Демек, қоғамның өмір сүруі, адамдардың бірлесіп еңбек үшін қатынас құралы, пікір алысудың құралы - тіл қажет. Тіл - адам баласы қоғамының өмір сүруінің және дамуының қажетті шарты.

Екіншіден, тіл қоғам бар жерде ғана өмір сүреді. Қоғам - тілдің өмір сүруінің шарты, қоғамнан тыс, адамдардың коллективінен тыс тіл жоқ. Қоғамның өмір сүруі үшін, адамдардың бірлесіп еңбек етуі үшін тіл қаншалықты қажет болса, тілдіқ өмір сүруі үшін қоғам да соншалықты қажет.

Сонымен, тілге анықтама беруде ең алдымен оның әлеуметтік қызметі, яғнп қоғамдағы адамдардың қатынас құралы болу қызметі, негізгс алынады. Тіл - тек қатынас құралы ғана емес, сонымен бірге ойлаудың, ойдың жарыкқа шығуының да құралы. Адамның ойы тіл арқылы, тілдегі сөздер мен сөйлемдер арқылы айтылып, белгілі бола алады. Ой және оның мазмұны тіл арқылы көрініп, сол арқылы ұғынылады. Демек, ойлау мен тіл бір-бірімен өз ара тығыз байланыста болады (бұл жайында толығырақ мағлұматты келесі параграфтан қараңыз) . Осылай болғандықтан, тілдің табиғатын айқындауда оның (тілдің) қатынас құралы болу қызметімен бірге ойлаудың және ойды жүзеге асырудың құралы, ойдың материалдық формасы екендігі де ескерілуі қажет.

Тілдің қатынас құралы болу қызметі мен ойлаудың құралы болу қызметіне қоса тағы бір кызметі бар: ол - экспрессивті қызмет. Тілдің экспрессивті қызметі делініп, әдетте, оның (тілдің) адамның субъективті қатынасын, сөз мен эмоциясын білдіру қызметі аталады Тілдің экспрессивті қызметінің, ондағы эмоциональды-экспрессивті құралдар мен тәсілдердің ойды көркемдеп, әсерлеп жеткізуде, әсіресе көркем әдебиетте маңызы айрықша күшті.

«СӨЗ - барлық фактілердің, барлық ойдың киімі» (М. Горький) . Шынында да, тіл - халықтың тарихы, шежіресі, халықтың күллі өмірінің жаңғырығы мен ізі; онан сол тілді жасаушы халықтың арманы мен үміті, қайғысы мен қуанышы, күллі рухани өмірінің үні естіліп тұрады. К. Д. Ушинский тілдің осы бір қасиеттері жайында былай деп жазды: «Тілде бүкіл халыктың, оның бүкіл елінің рухы көрінеді, онда халықтық рух творчество қуатымен ойға, суретке айналады, отан аспанының даусы, оның ауасы, физикалық құбылыстар, оның климаты, оның даласы, таулары мен жазықтары, оның ормандары мен өзендері, оның дауылдары мен найзағайлары көрінеді. Халық тілінің айқын да тұнық тереңінде туған елдің жалғыз табиғаты ғана емес, сонымен бірге халықтың рухани өмірінің бүкіл тарихы сәулеленіп көрінеді». «Тіл -көркем әдебиеттің бірінші элемент (М. Горький) . Халық тілінің байлығынан суарылған, оны творчестволықпен игере білген, оның күші мен қуатын бойына сіңіре алған жазушы ғана нағыз көркем, нағыз әсерлі шығарма жаза алады. Тіл - қуатты құрал. Оның қуаты мен құдіреті, ғажайып беинелілігі мен алмас қылыштай өткірлігі әсіресе көркем әдебиет пен публицистикада көрінеді де, айрықша әсерлі күшке айналады. Алексей Максимович Горькийдің «Дауылпазының» өткір тілі, революцияға шақырған даусы қаншама әсерлі, қаншама қуатты десеңізші! Жамбыл Жабаевтың пафос пен патриотизмге толы «Ленинградтық өрендерімінін» Ұлы Отан соғысында кеңес жауынгері мен халқына күш, жігер беріп, жауға қарсы тұрды.

ТІЛ ЖӘНЕ ОЙЛАУ

Тіл мен ойлаудың өз ара байланысы туралы мәселе жалпы тіл білімінің ғана емес, сонымен бірге философия мен логиканың және психологияның ең күрделі мәселелерінің бірі болып саналады. Мәселенің күрделілігі ойлаудың табиғаты мен тілдің табиғатының өте-мөте күрделі болуымен байланысты. Дыбыстық тіл де, абстракті ойлау да - адамға тән құбылыстар. Бұл екі құбылыстың екеуі де адамның екі жақты табиғатына сәйкес әрі әлеуметтік, әрі биологиялық жақтарымен сипатталады, осы екеуін бірдей қамтиды. Біоіншіден, тіл де, ойлау да - адам миының туындысы, соның жемісі, екіншіден, тіл де, ойлау да - әлеуметтік құбылыс, өйткені адамның өзі қоғамдық құбылыс болып саналады. Тілде де, ойлауда да әлеуметтік және индивидуалды-биологиялық жақтар ұштасып, бір-бірімен бірлікте болады. Осы бірліктен тіл мен ойлаудың жалпы ерекшелігі көрінеді. Ой тіл арқылы айтылған мазмұнның негізін құрайды. Ой арқылы, адам миының сәулелендіруші әрекеті арқылы тілдік единицалар объективті дүниенің заттары мен және құбылыстарымен байланысқа түседі, мұнсыз адамдардың бір-бірімен тіл арқылы қатынас жасауы мүмкін болмаған болар еді. Белгілі бір тілдің дыбыстық комплекстері ойлауда сәулеленетін объективті дүниенің элементтерінің сигналдары ретінде қызмет етеді де, бұл дыбыстық комплекстерде адам танымының нәтижелері орнығып бекітіледі, ал осы нәтижелердің өзі ары қарай танып білуге негіз болады. Сондықтанда тіл ойлаудың қаруы, инструменті ретінде, ал тіл мен ойлаудын байланысы бірлік ретінде сипатталады .

Коғам мүшелерінің өз ара пікір алысуы тіл арқылы іске асады. Адам өз ойын басқаларға тіл арқылы айтып не жазып жеткізеді. Тыңдаушы да сөйлеушінің ойын тіл арқылы түсінеді. Ойдың жарыққа шығып, іске асуы, өмір сүруші үшін тілдік материалға негізделуі, сөздер мен сөз тіркестері және сөйлемдер түрінде айтылуы шарт. «Тіл дегеніміз - ойдың тікелей шындығы» (К. Маркс) . Ой шындығы тіл арқылы, тілдегі сөздер мен сөйлемдер арқылы көрінеді. Демек, тіл - пікір алысу құралы, ойлаудың қаруы, ойды білдіру құралы.

Марксизм-ленинизм классиктері тіл мен ойлау, олардың ара-қатысы туралы мәселені айқындап берді. Ойлау мен тіл бір-бірімен өз ара тығыз байланысты. Тіл ойлаудың шығуымен бірге, бір мезгілде шығып қалыптасты және оның дамуымен бірге дамып келеді. Тіл мен ойлаудың бірге шыкқандығын және олардың өз ара тығыз байланыстылығын К. Маркс пен Ф Энгельс талай рет көрсеткен болатын: «Тіл де, сана сияқты, ертеден келе жатқан нәрсе, тіл, дәл айтқанда, басқалар үшін, осының арқасында өзім үшін де, өмір суріп отырған шын практикалык сана болып табылады; сейтіп, тіл де, сана сияқты, басқа адамдармен қатынас жасау мұқтаждығынан және қажеттілігінен келіп туады».

Диалектикалык материализм материяның алғашқы, сана мен рухтың екінші- туынды екендігін көрсетеді. Ойлау мидың материалдық физиологиялық процестерімен тығыз байланыста бола отырып, тек тілдің негізінде және тілдің кемегімен іске асады. Осымен байланысты диалектикалық материализм тілден тыс ойлау мүмкін емес, тіл мен ойлау ездерінің шығуы жағынан да, өмір сүруі жағынан да бір-бірінен белінбейді деп тұжырымдайды.

Диалектикалық материализмнің ойлау мен тілдің өз ара тығыз байланыстылығы туралы қағидасы - кеңес ғылымында әбден орныққан және басшылыкка алатын бірден-бір дұрыс қағида. Ал бұл проблеманың (ойлау мен тілдің байланысы туралы проблеманың) нақтылы мәселелеріне келетін болсақ, олардың ішінде әлі де болса толық шешімін таппаған мәселелердің немесе талас мәселелердің бар екенін мойындамасқа болмайды. Бұлардың қатарына, мысалы, тіл мен ойлаудың байланысының нақтылы формасы (мысалы, тіл форма болып, ал ойлау оның мазмұны болып табыла ма?) туралы мәселе, тілдің әр түрлі жақтары - материалдық, дыбыстық жақтарының және осылармен байланысты мағыналық жақтарының ойлауға қатысы туралы мәселе, логикалық және грамматикалық категориялардың қарым-қатысы, сөздің мағынасы мен ұғымының арақатысы және байымдау мен сөйлемнің арақатысы туралы мәселе және т. б. мәселелер енді. Аталған мәселелердің барлығы да күн тәртібіне қойылып та, баспасөз бетінде талқыланып та жүр. Тілге (оның материалдық қабығына), бірінші жағынан, ойлаудың абстракті мазмүнының катысы, екінші жағынан, қабылдау (восприятие) мен елестің (представление) сөз, көрнектілік образының катысы туралы мәселе де талқылауды және айрықша назар аударуды қажет етеді.

Ойлауды екі түрлі аспектіде қарауға болады: зерттеушілер ойлауды сөз еткенде, біріншіден, оны ұғым, байымдау формаларында болатын абстракті мазмұн, абстракті процестер түрінде қарайды да, екіншіден, қабылдау мен елестердің образы түрінде болатын сезім-образдардың мазмұны ретінде қарайды. Кейбір мамандар ойлаудың осы аталған екі түрлі жағының тілге қатысы бірдей деп есептейді. Олардың пікірінше, тіл қабылдау мен ертеден бері-ақ назар аударып келеді. Тілдің таңбалық табиғаты әсіресе Бодуэн де Куртенэнің еңбектерінен және Фердинанд де Соссюрдің «Жалпы лингвистика курсы» атты еңбегі жарық-ка шыққаннан бергі дәуірде кең көлемде қарастырыла бастады. Ф. де Соссюр тілді таңбалардың жүйесі деп есептейді де, оны таңбалардың басқа жүйелерімен салыстыра қарайды. Ол бы-лай деп жазды: «Тіл дегеніміз идеяларды білдіретін таңбалардың жүйесі, демек, оны жазумен, мылкаулар үшін жасалған әліппемен, символ мәнді әдет-ғұрыптармен, сыпайылық форма-ларымен, әскери сигналдармен және т. б. салыстыруға болады. Ол (таңбалардың жүйесі ретіндегі тіл. - К. А. ) тек осы жүйелердің ішіндегі өте-мөте маңыздырағы. Сонымен, қоғам емірінің ішіндегі таңбалардың табиғатын зерттейтін ғылым бар деп ойлауға болады, біз оны «семиология» деп атар едік».

Тілдің таңбалық сипаты.

Тілдің таңбалық сипаты оның негізі ерекшеліктерінің бірі болып саналады.

Таңбалар жүйесінің үғымы казіргі заманғы ғылымда кең өріс алғандығын және әр түрлі типтегі таңбалар туралы ғылым - семиотика білімнің әр түрлі салаларының назарын аударып отырғанын айту қажет. «Ғылыми-зерттеу процесінде таңбалық жүйелердің мол тобын қолданудың өрістеуі қазіргі заманғы ғылымның маңызды ерекшелігі болып саналады. Біздің кезіміздің адамдары өзінің практикалық қызметінің табысты болуы үшін «табиғи» таңбалар жүйелерін ғана емес, сонымен бірге әр түрлі жасанды «тілдерді» (математикалық формалар мен теңдеме-лер жүйелерін, чертеждерді, графиктеоді, таблицаларды және т. б. ) қолдануға мәжбүр болып отыр. Әр түрлі типтегі таңбалар жүйелері туралы ғылым - семиотика соңғы кезде зерттеушілердің назарын. өзіне өте-мөте жиі аудара бастады. Оның негізгі проблемалары - таңба мен мағынаны анықтау, таңбалык ситуацияның компоненттерінің анализі, таңбалардың типологиясы және т. б. - диалектикалық материализм философиясының теориялық танып білу проблематикасымен тығыз астарласып жатады және философтар мен логиктердің, лингвистика, психология және кибернетика салаларындағы мамандардың қоян-қолтық жүмыс істескен жағдайында ғана табысты шешімін таба алады».

Тілдің таңбалық табиғаты сөз болғанда, бүтіндей тілдің жә-не оның элементтерінің (морфема мен сөздің, сөз тіркесі мен сөйлемнің) объективті болмыстағы заттар мен құбылыстарға қатыстылығы және олармен жанама түрде байланысу дәрежесі ескеріледі. Тілдік единицалардың таңбалық қызметіне олардың (тілдік единицалардын) адамның танып білу әрекетінің нәтижелерін жалпылап білдіру касиеті мен адамның қоғамдық тарихи тәжірибелерінің қорытындыларын (жиынтығын) тіркеу және сақтау қасиеті енеді. Тілдің таңбалық сипатына, ақыр аяғында, тілдік элементтердің мағыналарға ие болу нәтижесінде белгілі бір информацияны білдіруге бейімділігі, қатынас жасау процесінде қоммуникативті және экспрессивті қызмет атқаруы енеді. «Демек, «таңбалық» деген термин, онымен синонимдес «семио-тикалық» деген термин сияқты, көп мағыналы, оған (терминге) әр түрлі мазмүн ендіріледі және табиғи тілге қатысы жағынан тілдік элементтердің әр басқа терт түрлі қызметіне: белгілеу (таңбалау) қызметі (репрезентативті қызмет), жалпылаушы қызмет (гносеологиялық қызмет), коммуникативті қызмет және прагматикалық қызметке қатысты бола алады. Тілдің ойлаумен, танымның логикасымен және механизмімен тікелей байланысы, адам баласы тілінің объективті дүниенің көп түрлі сипатының күллісін белгілеудің универсалды жүйесі ретінде қызмет ететін ерекше қасиеті - осының бәрі тілдің таңбалық аспектісін әр баска ғылымдардың (философияның, семиотиканың, логиканың, психологияның, тіл білімінің және т. б. ) зерттеу предметіне айналдырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
В.фон Гумбольдтың лингвистикалық көзқарастары Ф.де Соссюрдің лиенгвистикалық көзқарастары
Тіл білімі туралы жалпы түсінік
Тіл білімі тарихы пәні бойынша ОҚУ-ӘДIСТЕМЕЛIК КЕШЕН
В. фон Гумбольдтың және Соссюрдің лингвистикалық көзқарастары
Лингвистиканың объектісі
Тіл білімі тарихында
Коммуникативтік қызмет пен тіл мен қоғамның өзара қызметі
В. фон Гумбольдтың және Ф.де Соссюрдің лингвистикалық көзқарастары
Тілдің танымдық қасиеті
Тіл білімі саласының басқа ғылымдармен байланысын меңгерту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz