Ахмет Яссауидің құран түсінігі және оған деген қызметі



Кіріспе
І. Ахмет Яссауидің Құран түсінігі және оған деген қызметі
II. Құранға жасалынған сілтемелер
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Осы еңбекте Қожа Ахмет Яссауидің Құраннан алған ілімін «Диуани хикмет» атты шығармасының негізінде талқылайтын боламыз. Ахмет Яссауи – өзіне тән ойлау жүйесін қалыптастырып, сопылық өмір сүру тәсілінің негізін қалаған ұлы сопы. Оның сопылық ой-пікірлері мен өмір сүру тәсілі бертін келе Яссауилік ілімі (Яссауия) деп аталған. Тарихқа терең бойлай енгенде Ахмет Яссауидің ұлы сопы Юсуф Хамаданидің (535/1140-41 жж. қайтыс болған) ілімінен нәр алғанын және Хамаданидің мүршиді Ғазалидің (505/1111 ж. қайтыс болған) де мүршиді болған Әбу Али Фармади екенін аңғарамыз. Ал, Фармади – Кушайридің (465/1072 ж. қайтыс болған) шәкірті. Демек, бұл шежіреден (силсаладан) байқалғанындай, Ахмет Яссауидің сопылық көзқарастары Кушайри мен Ғазали дәстүрінің жалғасы. Сондай-ақ, Сүлейман Бақырғани (Хәкім ата) (615/1218 ж. қайтыс болған) секілді оның мұрасын одан әрі дамытқан бірқатар ғұламалар да нақ осы дәстүрдің ізбасарлары.
Ислам ілімі мен мәдениетінің аясында тәлім-тәрбие алған Ахмет Яссауидің ой-пікірлерінің басты дереккөздерін Құран мен хадис құраған. Әлбетте, сопылық ілімнің ең көрнекті өкілі саналған Яссауи, аяттар мен хадистерді өзіндік ойлау жүйесін қалыптастыруда дәлел ретінде пайдаланған яки тұжырымдар жасаған. Оның Құраннан алған ілімін үш топқа бөліп қарастыруға болады. Біріншісі – Құранға деген қызметі, екіншісі – Құран аяттарын дәлел ретінде пайдалануы және үшіншісі – аяттарға сілтемелер жасауы. Аталмыш мақалада «Диуани хикмет» шығармасының Әнуарбек Бөкебаев тарапынан жасалған тәржімасы негізге алынады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Құран Кәрім
Аян, Хүсейін. Бир Шиир Межмуасында Ахмед Иесеви//Түркият Араштырмалары, №3, Кония 1997, 79-84 бб.
Ераслан, Кемал. Ахмед Иесеви//Түркие Дианет Вакфы Ислам Ансиклопедиси, Стамбул 1994, т. ІІ, 159-161 бб.
Ераслан, Кемал. Диван-и Хикмет//Түркие Дианет Вакфы Ислам Ансиклопедиси, Стамбул 1994, т. ІХ, 429-430 бб.
Иесеви, Хожа Ахмет. Диван-и Хикмет. Түркие Түркчеси иле бирликте йайынлайан Хаяти Биже. Түркие Дианет Вакфы йайынлары, Анкара 1998.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Осы еңбекте Қожа Ахмет Яссауидің Құраннан алған ілімін Диуани хикмет атты шығармасының негізінде талқылайтын боламыз. Ахмет Яссауи - өзіне тән ойлау жүйесін қалыптастырып, сопылық өмір сүру тәсілінің негізін қалаған ұлы сопы. Оның сопылық ой-пікірлері мен өмір сүру тәсілі бертін келе Яссауилік ілімі (Яссауия) деп аталған. Тарихқа терең бойлай енгенде Ахмет Яссауидің ұлы сопы Юсуф Хамаданидің (5351140-41 жж. қайтыс болған) ілімінен нәр алғанын және Хамаданидің мүршиді Ғазалидің (5051111 ж. қайтыс болған) де мүршиді болған Әбу Али Фармади екенін аңғарамыз. Ал, Фармади - Кушайридің (4651072 ж. қайтыс болған) шәкірті. Демек, бұл шежіреден (силсаладан) байқалғанындай, Ахмет Яссауидің сопылық көзқарастары Кушайри мен Ғазали дәстүрінің жалғасы. Сондай-ақ, Сүлейман Бақырғани (Хәкім ата) (6151218 ж. қайтыс болған) секілді оның мұрасын одан әрі дамытқан бірқатар ғұламалар да нақ осы дәстүрдің ізбасарлары.
Ислам ілімі мен мәдениетінің аясында тәлім-тәрбие алған Ахмет Яссауидің ой-пікірлерінің басты дереккөздерін Құран мен хадис құраған. Әлбетте, сопылық ілімнің ең көрнекті өкілі саналған Яссауи, аяттар мен хадистерді өзіндік ойлау жүйесін қалыптастыруда дәлел ретінде пайдаланған яки тұжырымдар жасаған. Оның Құраннан алған ілімін үш топқа бөліп қарастыруға болады. Біріншісі - Құранға деген қызметі, екіншісі - Құран аяттарын дәлел ретінде пайдалануы және үшіншісі - аяттарға сілтемелер жасауы. Аталмыш мақалада Диуани хикмет шығармасының Әнуарбек Бөкебаев тарапынан жасалған тәржімасы негізге алынады.

І. Ахмет Яссауидің Құран түсінігі және оған деген қызметі
Диуани хикмет шығармасындағы 147-ші хикметтің алғашқы шумағы мынадай:
Қоштамайды-ау ғалымдар сіздің айтқан Түркіні
Арифтардан есітсең ашар көңіл мүлкіні
Аят, хадис мағынасы Түркіше болса қолайлы
Мағынасына жеткендер жерге қояр бөрігін
... ...
Міскін, әлсіз Қожа Ахмет, жеті атаңа рахмет
Парсы тілін біледі, көп айтады түрігін
Жоғарыдағы шумақтан кейбір маңызды мәселелерді азды-көпті пайымдауға, әсіресе Ахмет Ясауидің Құранды қалай түсінгенін байқауға болады. Оның пікірінше, Құран - барша мұсылмандардың білуге тиісті кітабы. Ол тек қана ғұламалар үшін арналмаған. Құранды білу жеткіліксіз, ол діни ғұмыр мен мінез-құлыққа сәйкес келу керек (39, 941-2, Мінажатнама 14-ші шумақ). Онсыз да Яссауидің хикметтерінде терең тәпсірге орын берілмеген. Төменде де көрінетіндей, ол таңдап алған аяттарды ғана түсіндіретін тақырыптармен байланыстырған.
Яссауидің осындай Құран түсінігі оның діни түсінігіне алып келеді. Оның пайымынша, діннің негізінде кітап бар. Кітап мүміндердің барлығына ортақ дүние. Мүміндер дінді Құраннан және оны жеткізуші әрі көрсетуші Хазіреті Мұхаммедтен үйренуге тиіс. Яссауи алғашқы хикметінде-ақ Аят пен хадисті әркім айтса, құлақ түр дей келе, бұл жағдайды ашықтан-ашық білдірген. Ал, хикметтердің аяғындағы Мінәжатнамада болса, Менің хикметтерімнің қайнар дереккөзі хадис, ... Менің хикметтерімнің әміршісі Сүбхан, Оқып-білсең, мағынасы Құран деген. Осылайша, Құран мен хадис хикметтердің екі негізгі қайнар дереккөзіне айналған (Сонымен қатар, 1-ші хикметтің 5-ші шумағына, 74-ші хикметтің 10-шы шумағына және 79-шы хикметтің 9-шы шумағына қараңыз).
Яссауидің діни түсінігінде Құран мен сүннетке деген тәуелділік айқын байқалады. Дегенмен, өзге сопылар секілді оның да діндегі шариғат-тариқат жіктеліміне бой алдырғанын аңғаруға болады. Бұл 147-ші хикметтің екінші шумағынан анық көрінеді:
Қазы, мүфти, молдалар шариғаттың жолында
Ариф ғашық алып тұр тариқаттың биігін
Ғамал қылған ғалымдар дініміздің шырағы
Пырақ мінер мақшарда қисайта киер бөрігін
Сопылық тарихына өшпес ізін қалдырған осындай діни түсінік, Яссауидің ой-пікірлерінде де тереңге тамырын жайған. Орта Азияның ортасынан орын алған Түркістан аймағында Ислами сенім мен сана-сезімнің енді-енді орнығып келе жатқан тұсында-ақ осындай қос түсініктің қоғамға жаңа серпін бермегенін пайымдаймыз. Бұл түсінік әлі күнге дейін Ислам әлемінің түкпір-түкпірінде жалғасын табуда. Бұған күдікпен қарауымыздың бірден бір себебі - оның діни ілімдер мен сопылық түсініктің арасындағы елеулі бөлінушілікке алып келуі. Екіншіден Яссауидің мұндай діни түсінігі оның жоғарыда айтылған Құран мен хадиске толассыз жүгіну түсінігімен қарама-қайшы секілді болып көрінеді. Өйткені әяттар мен хадістер шариғат-тариқат жіктеліміне рұхсат бермейді. Анығырақ айтқанда, Яссауидің өзі Құран мен хадиске жүгіну керектігін сан рет қайталап, шариғаттың негіздеріне әрдайым айрықша мән берген. Ал, бұл жалпы сопылық түсінікте қарама-қайшылык деп ойлаймын.
Шариғат-тариқат жіктелімінің ең көрнекі мысалын 22-ші хикметтің үшінші шумағынан көруге болады. Ұлы сопы Халлаж-ы Мансур (308922 ж. қайтыс болған) әнәл-хақ секілді асыра сілтеуші пікірлері үшін өлтірілген. Ахмет Яссауи мұның басты себепкеріне айналған ғұламалары былай сипаттаған:
Айтпа әнәл-хақты деп, кәпір болдың Мансур деп
Құран ішінде былай деп, олар өлтірді жабылып
Білмеді ғой молдалар әнәл-хақтың мағынасын
Қал ақлына хал ілімін Хақ көрмеді лайық
Ең басында айтылған шумақтан (147-ші хикметтің алғашқы шумағы) шығарған үшінші нәтижеміз Құранның аудармасы мен араб тілінен басқа тілдерде түсіндірме жасау тарихы назар аударарлық мәселе болып табылады. Құранның басқа тілдерге аударылуы мәселесі бұрыннан бері даулы мәселе екендігі белгілі. Хижри ІІ. ғасырда яғни ұлы имамдар дәуірінде аударма арқылы құлшылық жасауға болатындығы немесе болмайтындығы басты мәселеге айналып, Құран аудармасына жылы қабақ танытылмады. Сондай-ақ ғылым тілі ретінде арабшаның мәртебесі үстем болатын. Кейінірек араб тілінен басқа тілдерде Құранның мағынасын жеткізу мүмкін емес деген қауіппен аудармаларға күдікпен қаралды. Екінші жағынан Құранды өз тілінде түсінуді қалауы кез келген мұсылманның табиғи құқы болатын. Осы түсінік Ахмет Ясауи өмір сүрген кезең мен ортада ғұламалар арасында орын алғандығын көруге болады.
Түркі тіліндегі Құран тәпсірлері мен аудармаларыңа келер болсақ, Ясауидің хикметтеріндегі аяттардың мағыналары осы мәселе бойынша қолға алынған алғашқы қадамдардың бірі болып табылады. Сонымен қатар сол кезеңде яғни ХІІ ғасырда өмір сүрген әдебиетші Ахмед ибн Иүгнекидің Атабат-ул хақаиқ атты еңбегінде жиырмаға жуық аяттың аудармасы берілген.
Біздің көзқарасымыз бойынша Ахмет Ясауи өз тілін сақтап қалуды көздейтін бұл сөзінде ұлтшылдық мәселесін көтермеген. Сол себепті осы өлеңінен басқа хикметтерде ұлттық компоненттер кездеспейді. Парсы тілін білсе де түрік тілінде сөйлеп, түрікше жазған. Біздің түсінігімізше ол тілді құрал ретінде пайдаланған. Біріншіден дінді осы тілмен түсіндіруге болатындықтан, екіншіден де қоғамдық татулық, бірлік пен өзара төзімділіктегі діннің маңызын қоғамға өз тілімен жеткізу үшін қолданған. Өйткені хикметтер қоғамның барлық сатыларында баршаға түсінікті метод пен деңгейде діни және моральдық-этикалық міндеттемелердің орындалуына қатысты үндеулерге толы. Бір жағынан ғұламалардың Құран аяттарының басқа тілдердегі мағыналарына жақсы көзбен қарамауы Құранды сақтап қалу қаупінен туындаған болуы да мүмкін. Бұл жақсы ниеттегі алдын алу іс-шарасы болумен қатар, ислам ғылымдарының басқа тілдерге қызмет етуіне кедергі келтірген деп ойлаймыз. Дегенмен Құран Кәрім араб тілінде түсті. Бірақ бұл тек қана пайғамбарымыз Хазреті Мұхаммед мен оның пікірлестерінің осы тілді қолдануымен байланысты. Сондай-ақ адаммен бірге әртүрлі діндерді жаратқан да Алла Тағала (30 Рұм, 22-аят). Сол себепті Алланың кітабы мен дінінің сол тілдерде түсіндіруі табиғи құбылыс болып табылады.
Осы жерге дейінгі талдаулардан мынадай нәтиже шығаруымызға болады. Ясауи өмір сүрген ХІІ ғ. Түркістан аймағында ислам діні орныққанымен түркі халықтарының көпшілігі көшпелі өмір салтын ұстанды. Сол себепті олардың діни білімі таяз болды, тіпті діни өмір салтын толық ұстанбады. Олардың мұсылманшылықты ұстануы Хижаз аймағы, Бағдат пен Шам елі секілді тамыры терең білімге негізделген діндарлық емес еді. Біздің пайымдауымыз бойынша Ясауи секілді жол көрсетуші тұлғалардың рөлі осы тұста айқын байқалып, маңызы арта түседі. Осындай ортада басты мәселе нақты иман, негізгі құлшылықтардың орындалуы және басты моральдық-этикалық қағидалардың сақталуы. Хикметтердегі қарапайым түсіндіру тәсілі мен жалпақ тіл сол ортадағы діндарлықта да ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қожа Ахмет Яссауи туындыларының әдеби-көркемдік қуаты туралы ғылыми-теориялық пікірлер
Қожа Ахмет Йасауи поэзиясының түркі әдебиетіндегі орны мен маңызы
Қазақстандағы діни туризм объектілері
Қожа Ахмед Яссауий кесенесі
Яссауи философиясындағы әлем мәселесі
Көне Түркі мәдениеті (VІ-ІХ ғғ.)
Қ.А ЯССАУИ ТАСАУУФТЫҚ ІЛІМІНІҢ ТҮРКІ ДҮНИЕТАНЫМЫНА ӘСЕРІ
Қожа Ахмет Яссауи өмірі мен шығармашылығы
Қожа Ахмет Ясауидің өмір жолын өз замандастарының еңбектерімен салыстыру арқылы байланыстырып, ойшылдың дүниетанымының әр түрлi қырларына философия тарихы тұрғысынан талдаулар жасауда оның әлемдік философиядағы орнына мән беру
Абай және Йасауи хикметтері
Пәндер