Үндістанның Ұлы моғолдар империясынан тәуелсіздік алғанға дейінгі тарихы



1 Үндістанның Ұлы Моғолдар империясынан тәуелсіздік алғанға дейінгі тарихы .
2 Бабыр әулетінің махаббат дастандары
3 Акбар мавзолейі
4 Бир.Бал раджаның сарайы Панч.Махал. 5 Фатхпур.Сикру.
6 Хумаюн мавзолейі
7 Тәж Махал
XVII ғасырдың екінші жартысындағы Ұлы Моғол
мемлекеті.
Академик Н.И.Конрад «Қайта өрлеу (ренессанс) дегеніміз– әлемдік гуманизмнің дәуірі. Ол VIII-XII ғасырларда Қытайда басталып, IX-XV ғасырларда Орта Азия мен Иран және оған іргелес жатқан Үндістан жерінде жалғасып, XIV-XVI ғасырларда Еуропада аяқталды», деп жазады. Ал осы шығыстық ренессанста ислам дінін қа­былдаған түркілердің алатын орны айтарлықтай. Мысалы, X ғасырдың соңында түркілердің Ауғанстан, Шығыс Иран және Солтүстік Үндістанда Шығыстағы ең күшті империя Ғазнауилердің мамлюктік сұлтандығын құрғанын, сол елдерде сауданы өсіріп, экономиканы дамытып және қала құрылысын өркендеткені туралы К.Э.Босворт: «XI ғасырдың басына дейін түркілер Египеттің шығысынан Үндістанға дейінгі жердегі барлық мұсылман елдерінің әскери және мемлекеттік мекемелеріне терең еніп кетті» дейді.
Көне мәдениет бесігінің бірі –Үндістан тарихында түркілер ізі тайға таңба басқандай анық көрінеді. Тіпті Үндістандағы көршілері танып, олармен дипломатиялық қатынас орнатқан алғашқы мемлекет – Дели сұлтанатын да осы Ғазнауи түркілер құрапты. Ал атағы шартарапқа тегіс тараған Ұлы Моғол империясының негізін қалаған 1483 жылы Ақсақ Темірдің баласы Омар Шайхыдан туған Бабыр болса, Бабырдың шешесі – Құтлық Нигар ханымның өзі Моғолстан ханы Жүністің қызы болатын. Бабыр және қазақ тарихының шамшырағы Мұ­хаммед Хайдар Дулатидың шешелері – бірге туған, апалы-сіңлілі адамдар еді. Демек, Бабыр мен Мұхаммед Хайдар бөле болып келеді.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 101 бет
Таңдаулыға:   
Үндістанның Ұлы Моғолдар империясынан тәуелсіздік алғанға дейінгі тарихы .
XVII ғасырдың екінші жартысындағы Ұлы Моғол
мемлекеті.
Академик Н.И.Конрад Қайта өрлеу (ренессанс) дегеніміз– әлемдік
гуманизмнің дәуірі. Ол VIII-XII ғасырларда Қытайда басталып, IX-XV
ғасырларда Орта Азия мен Иран және оған іргелес жатқан Үндістан жерінде
жалғасып, XIV-XVI ғасырларда Еуропада аяқталды, деп жазады. Ал осы
шығыстық ренессанста ислам дінін қа­былдаған түркілердің алатын орны
айтарлықтай. Мысалы, X ғасырдың соңында түркілердің Ауғанстан, Шығыс Иран
және Солтүстік Үндістанда Шығыстағы ең күшті империя Ғазнауилердің
мамлюктік сұлтандығын құрғанын, сол елдерде сауданы өсіріп, экономиканы
дамытып және қала құрылысын өркендеткені туралы К.Э.Босворт: XI ғасырдың
басына дейін түркілер Египеттің шығысынан Үндістанға дейінгі жердегі барлық
мұсылман елдерінің әскери және мемлекеттік мекемелеріне терең еніп кетті
дейді.
Көне мәдениет бесігінің бірі –Үндістан тарихында түркілер ізі тайға таңба
басқандай анық көрінеді. Тіпті Үндістандағы көршілері танып, олармен
дипломатиялық қатынас орнатқан алғашқы мемлекет – Дели сұлтанатын да осы
Ғазнауи түркілер құрапты. Ал атағы шартарапқа тегіс тараған Ұлы Моғол
империясының негізін қалаған 1483 жылы Ақсақ Темірдің баласы Омар Шайхыдан
туған Бабыр болса, Бабырдың шешесі – Құтлық Нигар ханымның өзі Моғолстан
ханы Жүністің қызы болатын. Бабыр және қазақ тарихының шамшырағы Мұ­хаммед
Хайдар Дулатидың шешелері – бірге туған, апалы-сіңлілі адамдар еді. Демек,
Бабыр мен Мұхаммед Хайдар бөле болып келеді.

1494 жылы Омар Шайхы қайтыс болғанда, Ферғана әмірінің баласы Бабыр небары
11 жаста болатын. Осылайша Ферғана әмірлігіне жасөспірім кезінен кіріскен
Бабырға қарсылас-бақталас та, тақталас та көп болатын. Алдымен әкесінің
інісі Самарқан әмірі Ахмет мырза көз алартса, бір жағынан екінші бір туысы
Жиһангердің де Ферғана әмірлігіне таласқысы келетін. Осындай кезеңде
қаһарымен жаһанды қаймықтырған Ақсақ Темір құрған алып империя әлсіреген
тұста тарих сахнасына тағы бір тұлға келген болатын. Ол – Дешті Қыпшақ ханы
Әбілхайыр тұқымы Мұхамед Шайбани еді. Міне, осы Шайбаниден жеңіліп,
Ферғанадан ығысқан Бабыр алдымен Кабулды алып, Бадах­шанға қоныс тебеді. 11-
12 жасынан ат үстінен түспеген Бабыр Үндістанға билік жүргізуге
дайындалады. 14 жыл әскерін қайта құрып, зеңбіректер жасап, соғыс
тактикасын жетілдіре береді. Осылайша, 1526 жылдың қарашасында 12 мың
кісілік қолымен Пенжабқа, одан Делиге аттанады. 1526 жылы сәуір айында
тағдыр шешкен ұрыс болып, Дели сұлтаны Ибрагим Лодидың 40 мың әскерін
жеңеді. Тарихта Ұлы Моғол империясы атанған мемлекет бастауы осы жылдардан
алынады.
Үш ғасыр бойы үнді мәдениетінде түркілік өрнек салған Бабыр ұрпақтарының
ізін Үндістан астанасы Дели шаһарынан молынан табасыз. Делиге келген адам
соқпай кетпейтін қасиетті бір жер бар. Ол – Бабыр баласы Хумаюн (Ғұмайын)
жерленген кесене. Хумаюн тағдыры да қайталанбас тағдыр. Бабыр өлген соң 9
жылдан кейін ауған әскери басшысы Шерхан Делиді басып алып, Хумаюн 16 жыл
бойына Пәкстанды кезуге мәжбүр болады. Сол жерде 1542 жылы Үндістан
тарихында ұлы Акбар атанған баласы дүниеге келеді. Араға жылдар салып
Қызылбас шахының қолдауымен 1555 жылы Дели мен Кабулды қайтып алады.
Ертеден жеткен әфсана бойынша, 1556 жылы қолында ұстаған кітаптары бар
кітапхана баспалдағымен түсіп келе жатқан патша құлағына азан үні шалынады.
Намазға асығып, баспалдақтан жедел түсемін деген Хумаюнның аяғы тайып
кетеді. Сөйтіп, басы жа­рылған патша бірнеше күннен кейін қайтыс болады.
Тағдырдың бұйрығы деген осы шығар, көзі тірісінде осы жерге кесене
тұрғызамын деген ойын оның жесірі Хамида-Бегім іске асырады. Кесененің 7
метрлік биік іргетасының өзі тастан қашалған өрнек. 47 метр биіктікке құлаш
ұрған қызғылт тастан тұрғызылып, мәрмәр таспен әдіптелген Хумаюн
кесенесінің айналасындағы гүлзарлар, хауызд­ар мен саябақ ертегідегі
иранбақтай елестейді. Хумаюн жесірі 8 жыл бойына тұрғызған ғимарат бұл
күндері ЮНЕСКО қорғауына алынған.
Үндістан күні әуе айналғандай күйіп тұр. Біз Делиге түскен күннің ертесіне
түс мезгілінде ауа температурасы 52 градусты көрсеткен-ді. Ал Хумаюн
бағының іші ыстықтан қашқан адамға сая болатындай. Жалпы үнділіктер үшін
көпшілік демалатын орындықтар деген өте шартты ұғым. Кез келген ағаш
көлеңкесі оларға демалатын орын, тіпті жататын, өмір сүретін тұрақ бола
береді. Хумаюн кесенесінің маңайы да осындай адамдарға толы, тамақтарын
жеп, сусындарын ішіп, балаларын ойнатып отырған жұртшылық. Үндістанда тағы
бір аңғарғаным, мұндағы кез келген тарихи, мәдени ескерткішті тамашалау
құны өз азаматтарына арзан, ал шетелдіктерге одан 5 есеге дейін қымбат
болады екен. Содан да болар, кедейлері қаптаған елдің өзінде осындай
орындарға келушілер қарасы көп-ақ. Арнайы экскурсиялар жүйелі түрде
ұйымдастырылатын болса керек, тарихи орынға топ-тобымен кіріп жатқан
үнділіктер.
Енді қызыл тастан көтерілген көздің жауын алатын Хумаюн кесенесіне
оралайық. Орталық залда мұсылман үлгісінде Хумаюнның мәңгілік тыныстаған
зираты бар, жанында екі әйелі мен қызы ал кесене сыртында Шах Жаханның
балалары жатыр. Тәж Маһалдай махаббаттың өлмейтін сәулет дастанын салған
әкесі Жаханшахтың өзін дүниеден озғанша мырзақамақта ұстаған Ауренгзеб
бауырлары Дара, Мурад, Шуджаны таққа таласады деп өлтіріп қана қоймай,
бабаларының кесенесінің ішіне кіргізбей, жанына сыртқа жерлепті.
Хумаюн соңына кесенесімен қатар Үндістан тарихында Ұлы Акбар атанған 13
жасар ұлын қалдырды. Балалық шағы әкесінің тақтан тайған тұсына, мехнат
шегіп, кезіп жүрген кезіне сәйкес келген Әкбар не оқи, не жаза білмейтін.
Бірақ табиғатында, тегінде бар тектілік оны көрсоқыр етпейді. Әдебиетті
талғай білетін, сәулет өнерін кеудесіне ұялатқан, меценат Әкбар ешбір дінді
кеудесінен итермейтін. Ол өзінің бай кітапханасындағы 24 мыңнан астам
манускриптерді дауыстап оқытатын болған. Рухани әлемі кең ұлы патша
қарамағындағыларды мұ­­сылман, индус деп бөлмей, тұңғыш рет мұсылман
еместерден басқа дін өкілі болғандықтан төлейтін қосымша алым– джизді
алдырып тастайды және әскерде қызмет ету мен мемлекеттік билікке мұсылман
еместерді тартуға болмайды деген талапты да жояды. Оның даңқты
қолбасшыларының бірі – Раджа Синх индус болатын.
Осындай көптеген игі істерімен халық жадында қалған Акбар есіміне ұлы деген
атау тіркеліп айтылады. Сонау ықылымнан келе жатқан Үндістан тарихында екі
падишаға ғана ұлы есімі берілген. Бірі – ұлы Акбар және ұлы Ашок.
Ал Акбарға қарама-қарсы тұлға, ол 50 жылдай елді дара билеген Аурангзеб
еді. Акбар немересі, Шах Жахан баласы Аурангзеб Үндістанды мықты
билегенімен өте қатал болады. Мұсылман еместерге салық төлеткен ол салықтан
қашқан индустар ислам дінін қабылдайды деп ойласа керек. Аурангзеб өте
қарапайым өмір кешеді. Шарап ішпей, сиыр етін жемей, оразасын қалт
жібермей, кедейлер сынды қара су мен нанды қанағат тұтқан патша қайыр-
садақаны молынан үлестіретін болған. Ауренгзеб өлгеннен кейін Ұлы Моғол
империясының басынан бағы тая бастайды. Ана жерден, мына жерден бас
көтерген индустар империядан бөлініп, ұсақ-ұсақ кінәздіктер пайда болады.
Делиге келген адам міндетті түрде қызықтайтын тағы бір сәулет ескерткіші,
әрі тарихи орын – Лал–Кила немесе Қызыл қамал. Іргетасы 1639 жылдың 16
сәуірін­де қаланған Қызыл қамал құрылысы 1648 жылдың дәл 16 сәуірінде
аяқталыпты. Тәж Махалды салдырған Шах Жахан бұйрығымен қолға алынған
қамалдың ұзынд­ығы 2,5 шақырым болса, биіктігі Джамна өзені беткейінде 16
метр, ал қала жағында 33 метрге жетеді екен. Қамал ішіндегі сәулет
ескерткіштері әсемдігімен, өрнектелген тас кестесімен көз тартады. Ақ
түсті, қызыл түсті мәрмәр тастардан қаланған ғимараттың бірнеше залы бар.
Бірі – шахтың жеке адамдарды қабылдайтын орны болса, енді бірі –
елшілермен, уәзірлерімен кеңесетін залы. Бұл залдың едені мәрмәр, ал төбесі
күміспен көмкерілген. Шах Жахан бұйрығы­мен дәл осы зал үшін Тауыс тағын
жасатады, асыл тастармен безендірілген бұл таққа шеберлер 7 жыл
еңбектенеді. Әрқайсысы жүзден асатын лағыл, зүмірет, көк лағыл, маржан
сынды асыл тастар жарқ-жұрқ етіп көрік берген бұл тақ кезінде тағы бір
қорасандық түркі Нәдірқұл шаңырағында туып, Иранды билеген Нәдір шахтың
олжасы болады.
Егер жер бетінде жұмақ болса, онда ол дәл осы жер деп жазылыпты осы залға
өтетін Кал-а Мүбарәк иін қақпасында. Қамал ішіндегі саябақтар мен гүлзарлар
Хумаюн кесенесін көзіңіздің алдына келтіреді. Айырмасы мұнда падиша
отбасына арналған хамам моншасы мен ақ мәрмәрдан өрілген, күмбездері қара
мәрмәрдан жасалған Маржан мешіті сынды өзге де сәулет ескерткіштері бар.
Мешіт падишаның өз отбасына, сарайдың жоғары дәрежедегі лауазым иелеріне
арналып салыныпты. Ал қамал сыртында Джамма мешіті тұр. Ол үнділіктерді
ислам дініне көптеп тартуды көздегендіктен, қала тұрғындарына арнап
салыныпты. Кызыл қамалдан шыққан туристер бір мезгілде 2500 адам намазға
тұ­ратын осы мешітті бетке алады екен.
Үндістанды ауызға алғанда исі қазақтың есіне түсер бір ерекше есім бар. Ол
– Мұхамед Хайдар Дулати. Жетісудағы Дулат әмірлерінің ұрпағы, Моғолстан
билеушісі Жүніс ханның жиені, Бабырдың бөлесі, Тарихи Рашиди,
Жаханна­ме дастанының авторы. Ғұлама ғалым әкесі Мұхамед Құсайын Шайбани
ханның қолынан қаза болған соң нағашысы Қашқар ханы Сұлтан Саид ханның,
одан кейін бөлесі Бабырдың қасына келеді. Ал Бабыр өзінің атақты
Бабырнаме атты мемуарлық кітабында Дулатидың ақындық талантына,
білімділігіне, садақ жебесін жасаудағы шеберлігіне аса жоғары баға береді.
1541 жылы Бабыр ұрпақтарының көмегімен Кашмир елін жаулап алып, сонда
дербес мемлекетке өзі жеке- дара билік жүргізген халқымыздың даңқты
перзенті 1551 жылы сондағы тайпалардың бірімен шайқас кезінде мерт болады.
Бірақ оның артында мәңгілік өлмейтін мұра қалды. Оның еңбегі талай тарихи
зерттеулердің тұнық та мөлдір бастауы болып келеді десек, үш ғасыр бойына
Үндістанға билігін жүргізген түркі әулетінің билік құру мезгілі Баһадүр
шахпен тәмамдалады.
Өкінішке орай, Әмір Темірді де, Бабырды да қазір өзбектер дара иеленіп жүр.
Ал негізінен алғанда барлас деген рудың өзі түркіленген моңғолдықтар еді.
Өзбектерде барлас деген ру болмаған. Бабыр барлық түркілерге ортақ тұлға.
Деректерге зер салсақ, оның әскерінің құрамында болған тайпалар қазіргі
қазақ рулары екендігі айқын.
Біздің қасымызда тәржімашы боп жүрген гидымыздан моғолдардан қалғандар бар
ма деп сұрағанбыз. Сонда ол өздерін наймандармыз дейтіндер бар, бірақ олар
қу тақыр кедейлер деп жауап берді. Ал Үндістандағы қу тақыр кедейдің өмірі
адам айтса нанғысыз, мүлде бөлек әлем. Олар көшеде жатып, көшеде туады,
сонда өседі. Бірде көлік ішінде отырып, сондай отбасының тірлігін
бақылағаным бар. Сыртта 45 градус ыстық. Міне, ағаш көлеңкесінде бір ер
адам ұйықтап жатыр. Қасында 3-4 ай шамасындағы баласын ұстаған әйел нәресте
денесіне әлдеқандай сұйықтық жағып отыр. Олар отырған маңайда жасы 4-5 және
2 жас шамасындағы жалаңбұт ұл мен қыз жүр. Бір кезде орнынан тұрған әйел
күннің көзінде тұрған легенді қасына алып келді де сәбиін жуындыра бастады.
Осылайша шаруасын ыңғайлап алған соң ол енді қайыр сұрауға кірісті. Негізі
үндістандықтар үшін сыртқы бейнедегі тазалықтың пәлендей рөлі жоқ, бастысы
– адамның ішкі әлемінің тазалығы көрінеді.
Үнділіктердің ішкі жан сарайының тазалығына мән беруінің сыры олардың діни
ұғымдарында жатыр. Мәселен, Үндістандағы джайнистердің ахимса ұстанымы
бойынша тірі жәндікке залал келтіруге болмайды. Джайнистер шветамбар және
диагамбар деп бөлінсе, осының диагамбар тармағындағылар ауыздарына дәке
байлап жүреді. Себебі, ауызға көзге ілінбейтін кішкентай да шіркей кірмесін
дейді. Тіпті осы диагамбарлар табан жолдарын сыпырғышпен сыпырып, ауыздарын
бай­лағанымен қоймай, үстеріне лыпа кимейді екен. Жалпы үнділіктер үшін
ажал еш қорқынышты емес. Өлген соң қайтып өмірге келетіндеріне олар кәміл
сенеді. Сон­дықтан да болар, жол қозғалыстарында әлдебір апатқа ұшырап
қаламын деп те қорықпайтын сыңайлы. Олай дейтініміз, екі аяқты шағын
мопедке әйелі мен екі баласын отырғызып, біресе олай, біресе былай зулап
бара жатқан үнділіктерде есеп жоқ. Күйеуінің артында еуропалық әйелдердің
атқа отырған тәрізді бір қырын отырып-ақ екі баласын құшақтап, зулаған
көлікте ұшып бара жатқан әйел де еш қаперсіз. Оқта-текте көзіңіз түсіп
кетсе, сізге қолын бұлғап, күліп те қояды.
Әлемде халқының саны жағынан Қытайдан кейінгі екінші орындағы Үндістан
халқының басым бөлігі, яғни 83 пайыздайы индуизмді ұстанады. Жалпы индуизм
терминінің өзі Синдху өзенінің парсы тіліндегі атауы Хинду деген сөзден
негіз алып, кейін ол сол елдегі халықтың да атауына айналып кеткен деген
пікір бар. Индуизмнің ерекшелігі сол, онда ортақ құдай жоқ, тіптен
сыйынатын құдайлары­ның саны да жеткілікті, санай берсең 30-дың үстіне
шығып кетеді екен. Брахман – әлемді жаратушы, ал Вишну жаралған дүниені
қорғаушы, әлемдегі еркектік бастаушы болса, оның әйелі Лакшми құдай– нәзік
әйел махаббатының бейнесін символдайды. Шива болса жоюшы. Дүнедегі бір
заттың жойылып, өзге түрге айналуы, мысалы жапырақтың сарғайып түсіп,
топыраққа айналуы осы Шива құдайдың пәрменімен болады дейтін үнділіктер
Делидің ортасында Шива құдайға арнап, алып ескеркіш орнатыпты. Индуистер,
әсіресе шиваиттер Шиваны тек жоюшылықтан басқа да өте көп құдіретті таңады.
Соның бірі Шакти – Шиваның өзінің бөлек рухани энергиясы. Шакти тек қажетті
жағдайларда ғана көрінеді. Индуистердің түсінігі бойынша, шактидің
көмегімен адам өзінің негізгі мақсатына, мокшаға – жанның туу мен өлім
тізбегінен босатылуына қол жеткізеді. Шактиді киелі әйелдік бастама Шиваның
зайыбы Шакти құдай деп қабылдайды. Міне, сон­дықтан құдіретті Шиваның
орталықтағы алып ескерткішінің екі жағында Шиваның Шактимен тұрған қос
ескерткіші де салтанатты көрінеді. Бұлардың қай-қайсының да бойлары 15
метрден асады.
Дели орталығынан орын тепкен Сикх храмына да әдейі ат басын бұрдық. Сикхтар
Үндістанның тәуелсіздігі үшін күрескен жауынгерлер, олар осы жолда Ұлы
моғолдармен де күреске түскен. Сихкизмнің негізі Пенжабта қаланғандықтан,
көпшілігінде пенжабтықтар болып келетін бұл дінді ұстанушыларды да киім
киістерінен аңғаруға болады. Нағыз сикхта бес нәрсе болуы міндетті. Олар –
ешқандай ұстара тимеген шаш, шашты ұстап тұратын тарақ, сәлде, болат
білезік, киім ішіндегі кездік, пышақ тәріздес қару. Бірақ бұл қару біреуге
күш көрсетіп, басымдық танытуға қолданылмауы тиіс. Храмға кірерде аяқ-қол
жуылып, баста жамылғы болуы тиіс. Сикх храмына жалаңбас кіруге тыйым
салынған. Бір ғажабы, оның ішіне кірген адамдарға тамақ беріледі. Сондықтан
храм ішінде тамақ пісіру толастамайды екен. Бір ғажабы, саусақтарына дамыл
бермей қимылдатып, бастарын қозғап, қатты дауыспен сөйлейтін үнділіктер өте
самарқау қимылдайды екен. Ол күннің ыстықтығынан болса керек. Көлеңкесінің
өзінде күн 46-47 градус жерде асыға бассаң нең қалады.
Бірақ, асықпаған үнділіктер көштен қалып жатқан жоқ. Халқының барлығы
дерлік ең болмағанда тұрмыстық деңгейде ағылшын тілінде сөйлейді. Содан да
болар, IT технологиялар жөнінде Үндістан қазір әлемдегі көшбастаушының
біріне айналды. ІЖӨ-нің өсімі бойынша дүниежүзінде бесінші орынға шыққан
Үндістан экономикасының даму қарқынына терең үңілетін, тағылымына мән бере,
тани түсетін ел. Графикалық суреттер сериясын сапалы үнді қағазына салып,
қазақ көр­кемсурет мәдениетін танытқан Ләйла Махат: Осы күндері
үнділіктердің музейіне барып көрдім. Мәселен, үнділіктердің 40-50
жылдардағы сурет өнеріндегі жаңа­шылдықтары Еуропада тек 60-70 жылдарда
ғана пайда болған. Біздің мәдениеттеріміздегі ұқсастықтарды да көріп
таңғалдым, десе өмірінің мәнін үнді дәстүрлі биімен байланыстырған Ақмарал
Қайназарова: Мен қазіргі күні Үндістан­ның оңтүстігіндегі Ченнай
қаласындағы Мадрас университетінде үнді классикалық биінен магистратурада
оқып жүрмін. Алла жазса, биыл бітіремін. Айтайын дегенім, бұлардағы
отбасылық мәдениетте, рухани ұстанымдар тұсында біздің ділімізбен ұқсастық
өте көп, дейді.
Қазақстанның мәдениет күндері өткен бір апта ішінде аңғарғанымыз,
үнділіктердің де Қазақстанға деген ықыластарының ерекше екендігі болды.
Мәдениет күндері аясында Дели орталығындағы Абай көшесімен Алматыдағы
Махатма Ганди атындағы көшелер арасында тартылған достық көпіріндегі
қозғалыс жандана түскендей.
Жалпы қазіргі Үндістан тарихында ел тәуелсіздігі мерекеленетін тұста
әлемдегі өздері қадірлейтін, әріптес тұтатын беделді деген бір елдің
басшысын құрметтеп, осы шараның құрметті қонағы етіп шақыру дәстүрі бар
екен. Ал осы мерекеге Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың
шақырылғаны, құрметті мейман ретінде Қызыл қамал үстінде тұрғаны біздің
елге деген ерекше құрмет деп білеміз. Біздің еліміздің де Үндістанға деген
ықыласы өзгеше. Өткендегі кезектен тыс президенттік сайлауда Елбасы
жеңісінен соң, ұлықтау рәсімінен кейін іле-шала Үндістан премьер-
министрінің елімізге келіп қайтқаны өзімізге белгілі десек, күннен-күнге
дамып, озық технологиялардың отанына айналған, халқы қарақұрым елдің үкімет
басшысының Қазақстанға дәл осы кезеңде келуін сонда жақсы ырымға
балағанбыз. Біз де үнділіктер тәрізді көп болайық, көл болайық, санымыз
өсіп, одан сапаға өтейік деп армандаған
XVII ғасырдың алғашқы ширегінде Үндістан-
ның солтүстігінде мұсылман мемлекеті—Дели сұлтандығы
өмір сүрді. 1526 жылы оны Орта Азиядан шыққан Бабыр
(1525—1530) жаулап алады. Бабыр бұрын Ферғанада
(Орта Азияда) және Кабулда билік жүргізген. Ол Азия-
ның атақты бағындырушысы Әмір Темірдің әулетінен
шыққан ұрпағы болатын. Оның Ауғанстанда Солтүстік Үндістандағы иелігі
Ұлы Моғолдар мемлекеті деп аталды. (Үндістанда Моғолдар деп монғолдарды
атаған.) Кейіннен еуропалыктар да осылай Моғолдар мемлекеті деп атап
кеткен. Бабыр өзі кұрған осы иелігінде исламды мемлекеттік дін деп
жариялады. Ұлы Моғолдар императоры-Толық аты Захиредден Мұхамед Бабыр —
өзбек және үнді ел билеушісі, сардары, Ұлы Моғол мемлекетінің орнатушысы,
ақын мен жазушы. 1483 ж. ақпанның 14 қазіргі Ферғана уалаятында туған. Оның
әкесі Омар Шайхы — Ақсақ Темірдің шөбересі, Ферғананың әмірі еді. Ал
Бабырдың шешесі — Құтлық Нигар ханым Моғолстан ханы, Шыңғыс хан әулеті
Жүністің қызы болатын. Бабыр және қазақтың тұңғыш тарихшысы Мұхаммед
Хайдардың шешелері — бірге туған, апалы-сіңлілі адамдар болған. Демек,
Бабыр мен Мұхаммед-Хайдар — бөле болып келеді.
Маураннахр
1494 ж. Омар Шайхы қайтыс болады да, Ферғана әмірінің орны бос қалады. Осы
кезде Омар Шайхының інісі, Самарқан әмірі Ахмет мырза осы орынға ауыз
салып, Ферғана әмірінің тағына таласады. Алайда, Омар Шайхының беделді
бектері оған қарсы шығып, Омар Шайхының 11 жасар баласы Бабырды Ферғана
әмірі деп жариялап, асығыс таққа отырғызады. Бабыр үкімет басына келген
кезде, Самарқан, Бұқар, Ташкент, Әндіжан, Хисар, Қабылды билеуші Темір
тұқымдары өзара жауласып, бір кездегі аса қуатты Ақсақ Темір империясын
әбден әлсіреткен еді. Міне, осындай аса ауыр жағдайда үкімет басына келген
бала Бабырдың көп майданда күрес жүргізуіне тура келді. Ол бір жағынан
өзінің туған қаласы Әндіжанды өзінің немере ағасы Ахмет мырзаның шабуылынан
сақтап қалуға тиіс болса, екінші жағынан, өзі отырған тағына өз туысы
Жиһангер мырзадан қорғап қалуға тура келді. Өзін Шыңғыс хандығының
мұрагері, Әмір Темірдің әулеті санаған Бабыр Мауреннахрда бір орталыққа
бағынған ірі мемлекет құрып, Темір ұрпақтарының әр жерге шашырап жүрген
әскери күштерін бір қолға топтастырмақ болды. Осы кезде Самарқан мен Бұхара
әмірі Сұлтан Ахмет мырза қайтыс болып, оның артында ұрпақ қалмады. Осыған
байланысты Самарқанда Темір әулеттерінің арасында таққа талас басталды.
Осыны пайдаланған солтүстіктегі көшпелі өзбектер ханы — Шайбани хан өзінің
қол астындағы адамдарын жинап алып, дереу Самарқанға қарай шеру тартады.
Алайда самарқандықтар туған қаласын ерлікпер қорғап қалады. Бірақ ол уақыт
өткізбей, Қаршы және Шахрисәбіз қалаларына бет алып, оларды жаулап алады
да, бірден Бұқарға беттейді. Үш күн қоршауға шыдай алмаған Бұқар бектреі
қаланы өзбектерге беріп қояды.
Өзбектердің Бұқарды басып алуы самарқандықтардың үрейін ұшырады. Қаланың
көптеген бектері Бабырға және ташкент Әмір Уейс мырзаға келіп, олардан
көмек сұрайды Темірдің бұл екі әулеті де Самарқанға қарай шабады. Бірақ
мұнда үкімет билігін Сұлтан Әли мырза өз қолына алып қойған еді. Бірақ ол
өз маңайындағылардың опасыздық жасауға ыңғайланып жүргенін байқап қалып,
қаланы Шайбаниға өзі беруге ұйғарады. Жұма күндердің бірінде қала халқы
намаз оқып жатқан кезде, Сұлтан Әли мырза аз ғана адамдармен жасырын түрде
Самарқанды тастап шығып, Шайбаниға барады. Мұнан кейін қаланың басқа
әмірлері мен белді бектері де қала жұртшылығының мүддесін сатып кетіп,
Шайбаниды үлкен сый-құрметпен қарсы алады. Сөйтіп, өзбектер 1500 жылы Ақсақ
Темір әулетінің көне астанасы — Самарқанды соғыссыз-ақ басып алады. Бірақ
Шайбани Самарқанда ұзақ тұра алмады. Самарқанның аса ірі ғұламаларының бірі
— Абул Мекарим Бабырға хат жазып оның өз ата-бабасының астанасын басып
алып, ондағы таққа отыруға шақырады. Сондай-ақ белгіленген уақытта оған
қаланың қақпасын ашып беруге уәде береді. Бабыр ғұламаның хатына жауап
ретінде Самарқанға аттанады. Ол түнде аз ғана адамдармен қаланың ішіне
кіріп, ондағы өзбек әскерлерін қырып салады да, таң атқанда өзін
Самарқанның падишағы деп жариялайды. Алайда Бабырдың бұл падишалығы, өз
сөзімен айтқанда, жүз-ақ күнге созылады. Өйткені Самарқан халқы үздіксіз
ұрыстың нәтижесінде әбден арып-ашыған болатын. Бабыр осы ашаршылыққа
ұшыраған халықтың жағдайын жақсарту үшін өзінің Ферғанадан әкелген
әскерлерін таратып жібереді. Мұны білген Шайбани жақсы жарақтанған қалың
қолмен Самарқанға шабуыл жасайды. Бабыр аз уақыттың ішінде шағын қол жинап
алып, өзіне көмекке келе жатқан шағатайлықтар мен моғұлдарды күтпестен
өзбектреге қарсы шықты. Зарафшан өзенінің бойында Шайбани әскерлерімен
кездесіп, соғыс ашады. Өзінің жеке басының асқан ерлік кетуіне қарамастан,
Бабыр әскерлері жеңіліп, Бабырдың өзі Самарқанға келіп тығылды. Шайбани
төрт ай бойы қаланы қоршап алды. Аштық күшейе берді. Қаланың көптеген
бектері аштыққа шыдай алмай, өзбектреге өтіп кетіа жатты. Өзінің осындай
ауыр жағдайға душар болғанын сезген Бабыр бір түнде Самарқанды тастап
шығып, Ташкенттегі ағасы, Моғұл ханы — Махмұдқа барды. Бабырдың өзіне тиген
еншісі — Әндіжан өлкесі де бұл кезде өзбектердің қолында болатын. Енді
Бабыр Әндіжанды азат етіп алу үшін Махмуд ханнан көмек сұрады. 1501 ж.
қысында моғұл әскерлері жорыққа аттанады. Бірақ Шайбани әскерлері оларды
Сырдария бойында тас талқан етті. Бабыр енді Моғұлстанның солтүстік-шығыс
облыстарына қарай қашты. Осы күннен бастап Бабыр өз сөзімен айтқанда,
шатыраш шаһы сияқты бір бұрыштан бір бұрышқа тығылумен болды. Ақыры 1504 ж.
Кабул бектерінің көмегімен ондағы үкімет билігін өз қолына алады және жақсы
жарақтанған әскер құрады. Жеңістен жеңіске жетіп желіккен көшпелі өзбек
ханы Мұхаммед Шайбани Темірдің соңғы көрнекті ұрпағы Сұлтан Хусайын
мырзаның Әмірлігін де басып алуға әзірленеді. Шайбанидің аяқ алысынан
қауіптенген Ақсақ Темір тұқымдары — Хисар, Хатлан, Куляб, Кундуз, Бадахшан
Әмірлері өзара одақ құрады. Міне осы одаққа Бабыр да қосылады. Одақтың
басшысы болып Хисардың Әмірі Хусрау-шах тағайындалады. 1504 ж. шілдеде ол
өзінің әскерлерімен Кундузға қарай аттанады. Бірақ осы жерде жол тосқан
өзбектреден қатты жеңіліп, өзі тұтқынға түсіп, сол жерде қаза тапты.
Одақтастардың бұдан былайға шабуылы өздерінің өзара ұрыс-керісі салдарынан
тоқтап қалады. Осы кезде Шайбани Бұқардан Хорезмге қарай шабуыл жасап, 1505
жылы Үргенішті басып алды.
Ауғанстан
1506 ж. көктемде Хусайын мырза қайтыс болады. Оның орнына екі баласы
Бадиуззаман мен Мұзаффар-Хұсайын қалады. Шайбани Балх қаласын қоршайды. Тек
күздің басында ағалы інілі мырзалар әскер жинап, Балхқа көмекке келеді.
Жолшыбай оларға өз әскерлерімен Бабыр қосылады. Бірақ бұлар келіп жеткенше,
әбден әлсіреген Балх тұрғындары өзбектерге беріліп қояды. Ал, Шайбани
болса, өзімен соғысқалы келе жатқан Темір әулеттерімен майданға түспей,
Мауреннахрға қарай бет алады. Одақтастар жаудың ізіне түсіп, оны
талқандаудың орнына келер көктемге дейін соғыс әрекеттерін бастамауға
келіседі. 1507 ж. мамырда Шайбани хан Әмудариядан өтіп, Хорасан жеріне
барады. Темірдің соңғы әулеті Сұлтан Хұсайын мырзаның елордасы — Герат
дұшпан алдында әлсіздік көрсетеді. Шайбани Гератты жаулап алып, өзінің
жаугершілік жолында Иран шекарасына жетеді... Ал, Иран шахы Исмаил Шайбанидің
бұл қылығын ұнатпайды. 1510 ж. Исмаил Хорасан жеріне жорық жасайды. Осының
алдында ғана, 1508 ж. қазақтар мен моғұлдардың бірігіп күш көрсетудің
нәтижесінде Шайбани бастаған өзбек әскерлері Сырдария бойында үлкен
жеңіліске ұшыраған еді. Сондықтан олар Иран әскерлеріне қарсы керісуге
жарамайды. Мұны сезген Шайбани өзінің аз ғана адамдарымен Мерв қаласына
барып тығылады. Бірақ кейінгі бір ұрыста Шайбани қаза тауып, әскерлері
талқандалды. Сөйтіп Гератты Иран шахы Исмаил басып алады.
Осы кезде Бабыр өзінің ең қауіпті дұшпаны Шайбанидің қаза тапқанын естіп,
өзінің бұрынғы патшалығын өзбектерден қайта тартып алу үшін әрекет жасайды.
Осы мақсатпен ол Иран шахына ұсыныс жасайды. Шах бұған келіседі. Сөйтіп
Бабыр Кабулдан қалың қолмен аттанып, Әмудариядан өтіп, Хисарға келеді.
Қарсылық көрсеткен өзбек отрядтарын қиратып, Мауреннахрдың көптеген бөлігін
(Хисарды, Кулыбты, Кундузды, Бадахшанды) басып алады. Сөйтіп, Самарқанға
қарай бет алады. Осы жорықта Бабырдың қасында жүрген оның туған бөлесі,
Тарихи-Рашиди кітабының авторы Мұхаммед-Хайдар Дулатидің айтуына
қарағанда, қатал көшпеліліерді жеңіп шыққан Бабырды Самарқан халқы
қуанышпен қарсы алады. Оның жолына жібек кілем төсейді. Көшелер қызыл гүлге
бөленеді. Сөйтіп 1511 ж. Бабыр Самарқанға салтанатпен кіреді. Бірақ
Бабардың Иран шахы Исмаилмен одақтас болуы самарқандықтарды қатты
мазасыздандырады. Мешітке Хутба оқылып, онда Бабырды падишах деп
дариялайды. Бұл хутбада қызылбастардың (ирандықтардың) он екі имамының
есімі аталып, Исмаил шахтың аты да қосыла оқылады. Міне осы жағдай Бабырдан
самарқандықтардың көңілін суытты. Оның үстіне самарқандықтарға сенген Бабыр
өз қолындағы Иран әскерлерін таратып жібереді. Міне Бабырдың осы қателігін
көшпелі өзбектер тағы да пайдаланып, 1512 жылы Мауреннахрға тағы шабуыл
жасайды. Бабыр аздаған күшпен оларғы қарсы шығып, оларға ұрыс ашады. Бірақ
қатты жеңіліп Хисарға қарай қашады. Мұнда келгеннен кейін бекіністер жасап,
қаланың көшелерімен бұрыштарында тосқауыл тұрғызады. Көмек сұрап, Исмаил
шахқа кісі жібереді. Мұны естіген өзбектер Мауреннахрға қайтып кетеді. 1512
жылдың күзінде Нәжімсани бастаған 60 мың кісілік Иран әскері Әмудариядан
өтіп, Термез төңірегінде Бабыр қолына қосылады. Қызылбастар әулеті Хизарды,
кейін Қаршы қаласын басып алады. Олар бейбіт халақты жаппай қырғынға
ұшыратады. Соның ішінде атақты әрі Шайбани ханның өзара тарихшысы Бенаи да
қаза табады. Мұнан кейін қызылбастар Бабырмен бірігіп, Гиджубанға қарай
аттандаы. Бірақ өзбектер бұлардан бұрын Гиджубанға келіп, ұрысқа
әзірленеді. Әскерлерін көше бойымен қатар тізіп тастайды. Қызылбастар мен
Бабыр қолы қалаға енгенде, өзбектер бұрыш бұрыштан оларды атқылай бстайды.
Оқ астында қалған қызыбастар тасада тұрған өзбек әскерлеріне еш шара
қолдана алмайды. Бабырдың өз басынан асқан ерлік көрсетуіне қарамастан тағы
да жеңіліске ұшырайды. Иранның әскер басы Нәжімсани мен оның офицерлері
қаза табады. Бабыр тағы да Хисарға қашады, одан әрі Кабулға кетеді.
Үндістан
Бабыр Кабулда ұзақ жылдар болып, Үндістанды жаулап алу жоспарын жасайды.
Бұл істе оған өзінің өмірлік тәжірбиесі, өзбектермен ұрыста алған сабақтары
көп көмек көрсетеді. Үндістанға жорыққа Бабыр 14 жыл әзірленеді. Осы
жылдардың ішінде ол армияны қайта құрады, зеңбіректер жасайды, соғыс
тактикасын жетілдіре түседі. Сөйтіп, 1526 жылдың қарашасында Бабыр 12 мың
кісілік қолмен Пенджабқа кіреді де, Делиге қарай бет алады. 1526 жылы 21
сәуірде Панипат маңында Үндістанның тағдырын шешкен үлкен ұрыс болды. Бұл
кезде Бабыр ысылған қолбасшы болып қалған еді. Ол қызылбастардың
зеңбіректерімен соғысын және көшпелі өзбектердің толғама атты әскери
тактикасын шебер меңгерген болатын. Міне осы ұрыс әдістерінің нәтижесінде
Бабыр 12 мың әскермен Дели патшасы сұлтан Ибрагим Лодидың 40 мың кісілік
қолын жеңіп шығады. Сөйтіп қазіргі Ауғанстан мен Үндістан жерінде Ұлы
моғұлдар империясы аталған үлкен мемлекет құрылды. Сонымен Үндістан
Бабырдың екінші отаны болды. Ол мұнда үлкен мәдени жұмыстар жүргізді, аса
күрделі құрылыстар салды, елдің ең таңдаулы ақындары мен ғалымдарын өз
маңына топтады. Дегенмен, оның өмірінің соңғы кезі де қайғы-қасыретпен
өтті. Ең алдымен ол өзінің туып-өскен, жастық шағын өткізген Отанын —
Мауреннахрды сағынды, оның үстіне жеңілген дұшпандар да қарап жатпады, оған
қарсы астыратын күрес жүргізді. Мәселен, Ибрагим Лолидің шешесі Бабырдың
асына у қосып беріп, оны улап өлтірмек болды. Бабырға Үндістанның ауа-райы
да жақпады. Біресе ыстық соғып, біресе салқын тиіп, ауыра берді. Ақырында
ол 1530 жылдың 26 желтоқсанында Аграда қайтыс болды. XVII ғасырдың басында
оның денесі әкелініп, өзінің көзі тірі кезіндегі өсиеті бойынша, биік
төбенің бауырындағы бақ ішінде жерленеді, басына мәрмәрдан құлпытас қойылды
XVII ғасырдың ортасына қарай Үндістанның солтүстігі мен орталық белігі де
Ұлы Моғол державасының қол астында өмір сүрді. Бүл Үндістан халқының үштен
екісіне билік жүргізген әскери-феодалдық мемлекет еді. Барлық билік
падишахтың қолында болды. Моғолдардың соңғы билеушісі Аурангзеб падишах
билігі кезінде (1658—1707) мемлекет 19 облысқа (суба) бөлінді. Әр облыс
басында падишах тағайындаған субадтар отырды. Олардың қолында әкімшілік,
әскер және сот билігі жинақталды. Өз әскері болды.
Моғол империясының шекарасы үнемі кеңейіп отырды. Бұл кезде империяның
құрамында Ауғаныстан, Балх, Оңтүстік Үндістан кірді.
Бірақ басқыншылық соғыстар, феодалдық топтардың мұсылмандар мен үнділер
болып бөлініп, өзара қырқысу соғыстары, әлеуметтік қайшылықтардың
тереңдеуі, экономикалық құлдырау, халық козғалыстарының өрлеуі елдегі Моғол
үстемдігін әлсіретті.
Ұлы Моғол мемлекетінде бүкіл жердің иесі падишах болып есептелді. Осыған
сәйкес елдің бүкіл өңделетін, егіншілікке жарамды жерінің бәріне салық
салынып, ол мемлекет қазынасына құйылатын. Сондай-ақ джагир, заминдар, инам
және уакф деп аталған әр түрлі феодалдық жеке меншіктегі жерлер де болды.
Джагир — әскери қызметі үшін жеке меншікке берілген жер, оларды иеленуші
әскери қызметкерлерді джагирдарлар деп атады. Аурангзеб падишах тұсында
джагирдарлар саны көбейіп, олар падишахтың негізгі тірегіне айналды.
Заминдар — жеке меншік жер, оның иелері заминдарлар меншігіндегі жерді
өндеуге шаруаларды пайдаланды. Осы жерден алынган өнімнің 10%-ын өзіне
қалдырып, қалғанын мемлекетке өткізіп отырды. Заминдарлар өз иелігіндегі
жерді мұраға қалдыра алатын еді. Кейде олардың қолында салыктан босатылған
жер иеліктері де болды. Заминдарлардың шыққан тегі көбінесе үнді
аксүйектері болса, ал джагидарлардың негізі мұсылмандардан құрылатын еді.
Ал инам — мұсылман дінбасыларының меншігіне берілген жер. Олар салықтан
босатылды. Уакф — діни орындардың, яғни мешіт, медресе, діни мектептердің
меншігіндегі жер. Оларға да салық салынбады.
Ұлы Моғол мемлекетінің құрамына кірген Үндістанның Бенгал, Маратха,
Гуджарат, Пенджаб сияқты ірі ұлыстары касталық жүйеге бөлінді. Бүл кезде
Үндістан феодализм дамуын басынан кешіріп жатқан. Мемлекет барлық жердің
қожасы болды, ірі суару жүйелері де мемлекет қолында еді. Үнді қауымы қатаң
тәртіппен келісілген еңбек бөлінісіне енгізілді. Касталық жүйе үнді
қауымының беріктігінің кепілі болды. Ол Үндістанның әлеуметтік құрылысының
ерекшелігін бейнеледі.
Касталық жүйе жоғарыдан төменге дейін бөлінетін бірнеше сатыдан түрды: ең
жоғарғылар, жоғарғылар, орташалар, төменгілер, ең төменгілер.
Олардың әрқайсысы бір-бірінен өте қатаң заңдар аркылы оқшауланды. Бір
кастадан екіншісіне өту мүмкін емес еді. Әр касталық сатының өз
ерекшелігі болды. Әрқайсысының айналысатын кәсіп түрлері де қатаң
белгіленді. Үнді қоғамының аса кедей төменгі таптарын жиіркенішпен
кесапаттылар деп атады. Олар саны жағынан өте көп еді.
17 — 18 ғ-лардағы мұндай көтерілістердің ең ірілері сикх сектасы жетекшілік
рөл атқарған Пенджабтағы қала кедейлері мен шаруалардың көтерілісі, Аграның
оңт.-батысындағы қолөнершілердің ең кедей топтары мен “кесепатшылар”
кастасының өкілдерін біріктірген джаттар мен сатнами сектасының
көтерілістері, сондай-ақ Шиваджидің басшылығымен болған моратхилер
көтерілісі (17 ғ-дың 2-жартысы) болды. Моратхилер өз мемлекетін құрып,
Шиваджиді мемлекет басшысы етіп тағайындады. Бірақ Шиваджи қайтыс болғаннан
кейін Аурангзеб шаї моратхилердің мемлекетіне күйрете соққы берді.
Биджапур, Голконда мемлекеттерін басып алып, іс жүзінде бүкіл Үндістанның
билеушісіне айналды. Алайда көтеріліске шыққан халықтар мен бүлік жасаушы
вассалдарға қарсы жүргізілген үздіксіз соғыстар Ұлы Моғолдар империясын
әлсірете бастады. 1739 ж. Ираннан Надир-шах Афшар баса көктеп кіріп, Делиді
алды. Ол қаланы тонап, сұлтан қазынасында сақтаулы тұрған орасан мол
байлықты өзімен бірге алып кетті. 1747 ж. Ауғанстан билеушісі Ахмад шаї
Дуррани Ұлы Моғол империясына қарсы жорық жасап, Пенджабты тартып алды.
1720 — 40 жылдар аралығында Ұлы Моғолдар Рохилкхандтағы, Бенгалия мен
Декандағы биліктерінен айрылды. Моғол державасының әлсіреуін моратхи
билеушілері пайдаланып кетті. Олар моғолдар билеген аудандардан алым-салық
алып отыруға рұқсат беретін жарлыққа ие болды. Баладжи Баджи Рао (1740 —
61) пешва тұсында моратхилер Делиді басып алып, Пенджабқа шабуыл жасады.
Пенджабты алу моратхилерді Ахмад шаї Дурранимен қақтығысқа түсірді.
Ауғандармен соғыста моратхилер талқандалып, бірнеше дербес князьдіктерге
бөлініп кетті. Ұлы Моғол империясындағы тақ үшін үздіксіз соғыстар ағылшын
және француз Ост-Индия компанияларына Үндістанды жаулап алуға қолайлы
жағдай туғызды. Әли Жауїар шаї Аламның (1759 — 1806) кезінде ағылшындар
Делиді басып алғаннан кейін (1803) Ұлы Моғолдар Империясы Ост-Индия
компаниясына тәуелді болып қалды.
Үндістандағы Ұлы Моғолдар әулеті — Делиді басып алған және тонаған жаулап
алушы ретінде жоғарыда аталып өткен самарқандтық әмірші Темірден басталады.
Бабыр 1526 жылы Лоди әулетінен шыққан соңғы әкімді жеңіп, Дели мен Аграны
жаулап алады. Оның ұлы Хумаюн әкесі жаулап алған Үндістан облыстарын ұстап
тұрарлықтай күшті болып шықпайды; бастапқы (1530—1540) соғыс
жетістіктерінен кейін ол Шер-шаһтан жеңіледі де, өз семьясымен Парсы еліне
қашуға мәжбүр болады. Парсы патшасының көмегімен көп жыл өткеннен кейін
Дели мен Аграны қайыра жаулап алып, Моғолдар әулетінің өкіметін (1555—1566)
қалпына келтіреді. Хумаюн кешікпей қайтыс болады да, кезінде парсыларға
бірге қашқан ұлы Акбар Үндістандағы Моғолдар әулетінің өкіметін нығайтушыға
айналады. Ол билеген жылдарда Үндістан өнері тарихында жаңа кезең
басталады, бұл кезең ерте ислам кезеңіндегіге қарағанда көп жағдайда өзіне
тән бірқатар ерекшеліктерге иелік еткен. Акбар өзінің әкесі мен атасы
сияқты өнер қамқоршысы ғана болып қойған жоқ, ол сонымен бірге аса зор
ұйымдастырушылық қабілеттерімен көзге түскен және бір жақты діни фанатик те
еместі. Ол өзіне бағынышты индуистермен де тіл таба білді. Оның тікелей
мұрагерлері де осылай жасады, шешелері князьдік Раджпуттар тұқымы
ұрпақтарымен некелескендіктен де олардың нағашы жұрты сол үнді елі болды.
Олардың сарайлары маңына көптеген үнділік суретшілер жұмысқа орналасты.
Сондықтан да моғолдар билеген кезеңге әдетте патшалық, құрған үймен
байланысты болатын бір жақты мұсылмандық артықшылықтар тән еместін. Бұл
кезеңдегі қандай да болмасын көркемдік бастамаларға тек үнділік не мұсылман
суретшілері ғана емес, алыс елдерден келген жатжұрттықтар да, солардың
ішінде жекелеген европалықтар да қатысып отырған. Бұл Делиде, Агра мен
Лахорда, сол сияқты Үндістанның басқа да қалаларында көптеген аса ірі
сәулет ескерткіштері жасалған жарқын дәуір болды. Бұл кезеңде сонымен бірге
моғол миниатюрасы деген атқа ие болған миниатюра барынша дамыды. Үнді
тарихының шыны саналып, Маурьялар мен Гупттар билеген кезеңмен
салыстырылатын бұл кезеңді колониализм дәуірі алдындағы бүкіл Үндістанды
қамтитын бір орталыққа бағындырылған мемлекет құру жөніндегі соңғы әрекет
кезеңі деп қарастырған жөн. Акбар өз мемлекетін көптеген провинцияларға
бөлді: Кабул (қазіргі Ауғанстан), Лахор (қазіргі Пакистан, бұл провинцияға
Кашмир де кірді), Мультан мен Синд, Дели, Агра, Аудх (Авадх), Аллахабад,
Аджмер, Ахмадабад, Бихар, Бенгалия мен Орисса, Кандеш, Берар мен
Ахмеднагар. Бүкіл Солтүстік және Орталық Үндістан соның қол астында болды.
Өзіне күшпен бағындырылған басқа діндегі халықтарды басқарудың қандай да
бір ұтымды формаларын таппай бас идіру мүмкін еместігін Акбар әп дегеннен-
ақ түсінді.Ұлы Моғолдар әулетінен шыққан патша үшін халықты мемлекет
басқарудың қандай да болмасын демократиялық формасына қатыстыру мәселесінің
мәнісі жоқ еді, сондықтан да Акбар өз сарайына Раджпуттар тұқымынан шыққан
князьдерді тартып, оларға жауапты қызметтерді беріп отырды. Өзінен бұрынғы
сұлтандардың дінсіздерден жан басына көбейтілген салықтар жинауы сияқты
алалаушылық шаралардан ол, әрине, мүлде бас тартты. Акбардың діні басқа
жұрттармен бірігуге және ынтымақтасуға ынталы болғаны соншалық, ол тіпті
синкретикалық дін тәрізді бірдеңені енгізуге де әрекеттеніп көрді, бірақ та
индуистар мен мұсылмандар қаншалықты мүдделі болғанымен, оның мұнысынан
ештеңе де шықпады. Өкінішке орай, осынау уағдагерлік бастамалар сонымен
бірге Ұлы Моғолдар әулеті билігінің қалай дегенмен шарықтау шыңы да бола
білді. Акбар мұрагерлері Жаһангер (1605) мен Шаһ Жаһан (1628) тұсында бұл
әулеттің саяси ықпалы да, мәдени дәрежесі де біршама кеміп кетті, бұл арада
сарай маңындағы түрлі қастық-араздасушылық әрекеттер аз роль атқарған жоқ.
Ұлы Моғолдар әулетінен шыққан төртінші билеуші Аурангзеб (1628) тұсында
исламдық пуританизм қайыра үстемдік алып, индуистерге деген өшпенділік epic
алды. Бірақ әскери зорлық күштің кезеңі өткенді, демек Аурангзеб канша күш
жұмсағанымен өткенді оралту мұмкін болмай қалды. Ол Ұлы Моғолдардың соңғы
әміршісі болып шықты да, әскери ірі жеңістерге қарамастан мемлекеттің
көптеген ұсақ бөлшектерге бөлінуінің куәсы болды. Оның мұрагерлері бұл ұлы
әулеттің атын ғана сақтап қалды, ал іс жұзінде олар отарлық өкіметтер мен
әредікте біртіндеп бас көтеріп келе жатқан Раджпуттардың тегеурінді
тықсыруына ұшырап, бұрынғыдай кең құлаш өктемдік жасау правосынан айрылған
солтүстік үнділік билеушілер ғана болатын. Ақыр соңында 1858 жылғы ¥лы
көтеріліс британ әскерлері күшімен басылғаннан кейін, ең соңғы Дели
патшасы өз орнын босатып, ағылшындарға беруге мәжбұр болды. Акбардың
Үндістан мен оны мекендеген әр түрлі халықтарды біріктіруге деген әрекеті
мұсылман өнеріне үнділік ықпалды күшейтуге әкеп сайды. Ақбар билеген
кезеңдегі көптеген құрылыстар олардан бүрынғы дәуірдегі ғимараттарға тән
қаталдық пен ұстамдылықтан өзгеше, мейлінше жаңаша стиль туындылары болып
келеді. Бұл жаңа стиль кей реттерде формалармен ойнағандай мейлінше алуан
сырлы түрлі байлығымен, Раджпуттар тұқымынан шыққан билеушілер негіздеген
үнділік сарай дәстүрлеріне барынша үндес жұтынған көрік, сән-салтанатымен
ерекшеленеді.

Акбар мавзолейі
Ұлы Моғолдар дәуіріндегі тамаша құрылыстардың бірі — Аграның солтүстік-
батысына қарай сегіз шақырым жердегі Сикандрада орналасқан Акбар мавзолейі
осы стиль үлгісі болып табылады. Бұл мавзолей Акбар әмірімен оның тірі
кезінде салына бастайды да, құрылыс жұмысы мұрагер ұлы билік жүргізіп
тұрған кезде 1613 жылы аяқталады. Акбар мавзолейінің одан бұрынғы әміршілер
мавзолейлерінен ерекшелігі оның буддалық сәулет концепциясына орай
жоспарланғандығында,— осы тәрізді болжамдар сан рет айтылды да. Ол ұзынша
формалы үлкен баққа орналасқан, зор қақпалар арқылы тартылған жолдар бар;
оларға симметриялы орналасқан екі жақтағы дуалда да дәл сондай, бірақ
жалған қақпалар жасалған. Ұшы сүйірленіп бітетін, мейлінше жарасымды
күмбезбен көмкерілген негізгі ғимарат жебе тәріздес арка кесіп өтетін үш
қабаттан тұрады. Үшінші үстіңгі қабаты құрылысты түйіндейтін ашық терраса
тәрізді,— үсті жабылмаған, алайда бұрыштарында әрқайсысы төрт-төрттен
сүйрік бағандармен көтерілген төрт күмбезі бар. Бұл — мавзолейдің негізгі
құрылысы. Мәрмәр мозаикадан салынған ішкі албар тас қорғанмен ауланың
сыртқы қабырғасынан бөлектенген айналма жолмен қоршалған. Тас қоршаудың
әдемілеп ойылған терезелері бар. Осы ішкі аулада кішірек, бірақ сондай
көрікті әшекейленген екінші терраса бар, Акбардың ақ мәрмәрден жасалған
келісті саркофагы осында тұр. Бірақ, мұның өзі де бар болғаны осынау
әміршінің тек ескерткіші ғана. Ал оның денесі саркофаг астындағы бұрын
келушілерге көрсетілмей келген табытта жатыр. Әшекей, сән-салтаңаты,
әсемдігінің кереметтігі жөнінде бұған сәл де болса ұқсаңқырайтын бейіт
ескерткіш сирек кездеседі. Асыл металл, ақ және түрлі тұсті мәрмәр бұл
құрылысты көздің жауын алар көркемдікке бөлеген.

Фатхпур-Сикри қаласы

Бир-Бал раджаның сарайы Панч-Махал. Фатхпур-Сикру.
Сикандраға жақын жерде, Аграның солтүстік-батысына қарай шамамен отыз
шақырым қашықтықта Акбар әмірімен салынған және оның резиденциясы болған
Фатхпур-Сикри қаласы бар. Алайда, кейініректе ғана байқалған түрлі себептер
салдарынан ол әміршінің ұзақ мерзімдік мекені болып қала алмаған. Қазіргі
кезде бұл өзінше тек рухтар қаласы сияқты, онда тұрғындардың жоқтығы мен
ғимараттардың жер бетінде кездеспейтін ғаламат әсемдігі келушілерді таң
қалдырады. Сірә, Акбарда бұл қиялғажайып, қаланы тұрғызарда алдын ала
жасалынған ешқандай да жүйелі жоспар болмағанға ұқсайды. Оның жекелеген
құрылыстары бірінен соң бірі қатарластырып салына берген.
Үлкен Махал-и-Хааз ансамблі (90X130 метр, Агра фортындағы Қызыл сарайдан да
үлкен-Фатхпур) Сикри орталығын түзеді. Екі аулаға орналастырылған бұл
сәулет ансамбліне басқа да құрылыстар — ресми емес, оңаша кездесуге
арналған зал жалғасқан, Диван-и-Хааз деп аталатын көз тартарлық тақ залы да
бар, ол орта тұста биік бағанаға орналасқан, орталық бағаннан тарайтын отыз
екі тіреуіш ұстап тұр. Акбар әмірімен өзінің сүйікті үш әйеліне арналып
салынған көлемі шағынырақ павильондар да тамаша құрылыстар болып табылады.
Бүкіл Үндістандағы көрікті құрылыстардың бірі саналатын Фатхпур-Сикридтегі
соборлық мешіт те мейлінше әсем комплекс. Ауласынъщ көлемі 181X158 метр.
Мешіттің үш күмбезі бар. Аулада екі мавзолей — ақ мәрмәрдан жасалған Селим
Чишти шейхтің және Ислам ханының мавзолейлері тұр. Ауланың оңтүстік жағында
өз алдына дербес айбынды да керемет келісті құрылыс саналатын Әсемдік
қақпасы (43X20 метр) орнатылған.

Хумаюн мавзолейі
Моғолдардың ертеректегі кезеңіне жататын Делидегі сәулет ескерткіштері
ішінен бұл жерде тек Хумаюн мавзолейін атап кетейік. Мұның іргелік қабатын
есепке алмағанда ені 47 метр, ол парсы үлгісін қайталаған делініп жүр:
әкесінің мавзолейін салуға Акбар шетелдік шеберлерді қатыстырған екен.
Жоспар бойынша шаршы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Моғолдарға дейінгі Үндістанды жаулап алушы мұсылмандар
Ежелгі үндістан мемлекеті
1857-1859 Үндістан ұлт-азаттық көтерілісі
Ерте ислам өнері
Солтүстік Үндістанда Моғолдар билігінің орнауы
Буддизм мен джайнизм
Үндістан, Қытай, Жапонияның саяси феодалдық құқықтық институтарының негізгі және қайнар көздері
18 ғасырдағы ерте буржуазиялық мемлекеттер(еуропа), Британдық Үндістан(18-19 ғғ.)
«Азия және Африка елдерінің орта ғасырлар тарихы» пәнінің оқу әдістемелік кешені
Үндістан Республикасы
Пәндер