Солтүстік Қазақстанның географиялық орны



Кіріспе
I. Тарау. Солтүстік Қазақстанның географиялық орны.
1.1. Солтүстік Қазақстандағы туризм түрлері
1.2. Солтүстік Қазақстанның экскурсиялық бағдарламалары
1.3. Солтүстік Қазақстанның мұражайлық экскурсиялары
II. Тарау. Солтүстік Қазақстанның туристік демалыс аумақтары.
2.1. Солтүстік Қазақстанның табиғат аумақтары
2.2.
2.3. Солтүстік Қазақстанның қонақ үй кешені
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер мен сайттар тізімі
Солтүстiк Қазақстандық өңiр солтүстiк облыстар шоқтығында ерекше орын алады. Бұл Қазақстан тарихындағы барлық негiзгi бетбұрыстық кезеңдердi жинақтаған тарихи кешегi күннiң байлығымен айқындалған. Индустриалдық тығыз шоғырланған аудандар жақындығына байланысты облыстың географиялық жағдайы өте ыңғайлы. Облыс аумағы Есiл өзенiнiң терең және жақсы дамыған торабымен қиылған, онда тамаша жағажайлар бар, ал ғасырлық шыршалар аясында көптеген сирек кездесетiн өсiмдiктер өседi. Әртүрлi экожүйенiң бар болуы жануарлардың алуан түрлiлiгiн анықтайды. Осында сүтқоректiлердiң 160 түрiне дейiн және 200-дей құс түрi саналады, бұл экологиялық туризмнiң дамуына себепшi болып отыр. Ақмола және Солтүстiк Қазақстан — екi облыс аясында орналасқан «Көкшетау» мемлекеттiк ұлттық табиғат саябағына Шалқар және Имантау көлдерiнiң айдындары кiредi. Осында белсендi демалыс маусымдық сипатта. Облыс аумағында сирек кездесетiн және жойылып бара жатқан ағзалар түрлерiнiң гендiк қорымен танысу, археология және тарих ескерткiштерiне бару мүмкiндiгiн беретiн су, салт атты, жаяу бағыттар әзiрленген. Таулар, қылқанды орман және көлдердiң үйлесiмi ландшафтардың қайталанбас сұлулығын ғана емес, сонымен қатар ерекше емдiк климат құрады. Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмшiлiк орталығы — Петропавл қаласы өз қонақтары үшiн аса бiр қонақжайлылығымен есiктерiн айқара ашады. Есiл өзенiнде тұрған қаланың бай тарихи әлеуетi, көптеген оқу орындары, үш театр, мұражайлар және басқа да мәдени мекемелер — осының барлығы оны маңызды тарихи және мәдени орталық етедi. Бүгiнгi күнi қала жоғарғы даму қарқынымен таң қалдырады.Республиканың солтүстiк қақпасы осы өңiрге келем деушiлердiң барлығы үшiн қонақжайлылықпен есiктерiн айқара ашады. 2009 жылғы 1 қаңтарда облыста 22 туристiк ұйым жұмыс iстейдi. Өңiрдiң туристiк бейнесiн қалыптастыру мақсатында облыстың туристiк ұйымдарының өкiлдерi ағымдағы жылдың бiрiншi тоқсанында келесi туристiк көрмелерге қатысты: «ITВ» (наурыз, Берлин), «MITT-2007» (наурыз, Мәскеу), «Демалыс. Саяхат. Сауықтыру» (сәуiр, Щучье). Астана қаласының жақындығы iшкi туризмдi дамытудың маңызды факторларының бiрi болып табылады, оның көз тартарлық жерлерi көптеген туристердi тартады. Облыстың туристiк ұйымдары және облыстық бiлiм департаментiнiң «Менiң Отаным — Қазақстан» жобасын iске асыру жөнiндегi бiрлескен жұмысы сондай-ақ iшкi туризм дамуындағы басым бағыт болып табылады. Бұған облыс орталығында соңғы жылдары жаңа экскурсиялық объектiлер мен ескерткiштердiң пайда болуы себепкер болды.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
I. Тарау. Солтүстік Қазақстанның географиялық орны.
1.1. Солтүстік Қазақстандағы туризм түрлері
1.2. Солтүстік Қазақстанның экскурсиялық бағдарламалары
1.3. Солтүстік Қазақстанның мұражайлық экскурсиялары
II. Тарау. Солтүстік Қазақстанның туристік демалыс аумақтары.
2.1. Солтүстік Қазақстанның табиғат аумақтары
2.2.
2.3. Солтүстік Қазақстанның қонақ үй кешені
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер мен сайттар тізімі

Кіріспе
Солтүстiк Қазақстандық өңiр солтүстiк облыстар шоқтығында ерекше орын
алады. Бұл Қазақстан тарихындағы барлық негiзгi бетбұрыстық кезеңдердi
жинақтаған тарихи кешегi күннiң байлығымен айқындалған. Индустриалдық
тығыз шоғырланған аудандар жақындығына байланысты облыстың географиялық
жағдайы өте ыңғайлы. Облыс аумағы Есiл өзенiнiң терең және жақсы дамыған
торабымен қиылған, онда тамаша жағажайлар бар, ал ғасырлық шыршалар
аясында көптеген сирек кездесетiн өсiмдiктер өседi. Әртүрлi экожүйенiң бар
болуы жануарлардың алуан түрлiлiгiн анықтайды. Осында сүтқоректiлердiң 160
түрiне дейiн және 200-дей құс түрi саналады, бұл экологиялық туризмнiң
дамуына себепшi болып отыр. Ақмола және Солтүстiк Қазақстан — екi облыс
аясында орналасқан Көкшетау мемлекеттiк ұлттық табиғат саябағына Шалқар
және Имантау көлдерiнiң айдындары кiредi. Осында белсендi демалыс
маусымдық сипатта. Облыс аумағында сирек кездесетiн және жойылып бара
жатқан ағзалар түрлерiнiң гендiк қорымен танысу, археология және тарих
ескерткiштерiне бару мүмкiндiгiн беретiн су, салт атты, жаяу бағыттар
әзiрленген. Таулар, қылқанды орман және көлдердiң үйлесiмi ландшафтардың
қайталанбас сұлулығын ғана емес, сонымен қатар ерекше емдiк климат құрады.
Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмшiлiк орталығы — Петропавл қаласы өз
қонақтары үшiн аса бiр қонақжайлылығымен есiктерiн айқара ашады. Есiл
өзенiнде тұрған қаланың бай тарихи әлеуетi, көптеген оқу орындары, үш
театр, мұражайлар және басқа да мәдени мекемелер — осының барлығы оны
маңызды тарихи және мәдени орталық етедi. Бүгiнгi күнi қала жоғарғы даму
қарқынымен таң қалдырады.Республиканың солтүстiк қақпасы осы өңiрге келем
деушiлердiң барлығы үшiн қонақжайлылықпен есiктерiн айқара ашады. 2009
жылғы 1 қаңтарда облыста 22 туристiк ұйым жұмыс iстейдi. Өңiрдiң туристiк
бейнесiн қалыптастыру мақсатында облыстың туристiк ұйымдарының өкiлдерi
ағымдағы жылдың бiрiншi тоқсанында келесi туристiк көрмелерге қатысты:
ITВ (наурыз, Берлин), MITT-2007 (наурыз, Мәскеу), Демалыс. Саяхат.
Сауықтыру (сәуiр, Щучье). Астана қаласының жақындығы iшкi туризмдi
дамытудың маңызды факторларының бiрi болып табылады, оның көз тартарлық
жерлерi көптеген туристердi тартады. Облыстың туристiк ұйымдары және
облыстық бiлiм департаментiнiң Менiң Отаным — Қазақстан жобасын iске
асыру жөнiндегi бiрлескен жұмысы сондай-ақ iшкi туризм дамуындағы басым
бағыт болып табылады. Бұған облыс орталығында соңғы жылдары жаңа
экскурсиялық объектiлер мен ескерткiштердiң пайда болуы себепкер болды.

I. Тарау. Солтүстік Қазақстанның географиялық орны.

Табиғи байлығы мол Солтүстік Қазақстан - батыстан шығысқа қарай 1300
шақырым, солтүстіктен оңтүстікке қарай 900 шақырым жерде көсілген. Аймақта
Қорғалжың және Наурызым қорықтары, Баянауыл курорты орналасқан.Облыс
Ресейдің Калуга, Тула, Тамбов облыстарымен бір ендікте орналасқан. 
Алайда, олардан табиғи жағдайымен өзгешеленеді, теңіз бен мұхиттан алшақ
орналасқаннан шұғыл континентті ауа райымен сипатталады. Өзінің көршілес
аумақтық жалпы тегістік меридиональдық ендігінде ашық ауа айналымына себеп
болады.
Жер бедеріне келер болсақ, облыс аумағының жартысынан артық аумағы
Батыс–Сібірдің оңтүстік шетінде орналасқан, жоғары деңгей 200 метрден
аспайды тың оңтүстік шетінде, Тобыл мен Ертіс өзендерінің аңғары аумақты
бөлігін алып жатыр. Екі өзеннің аумағын тығыз балшықты қабаттардан
түзеледі. Облыстық Солтүстік-Шығыс тұзды Калибек, Үлкенқарой, Теке,
Селетытениз көлдерінің ірі, жабық жүйесімен ерекшеленеді. Ол көлдер таяз
болғанымен, жүйенің тереңдігі 40-60 метр. Облыстың ең төменгі нүктесі 29
м, Теке өзенінің аумағында. Облыстың жазық бөлігі Батыс-Сібірінің
платформасына сәйкес. Облыстың Оңтүстік-Батыс бөлігі (Сары-Арқаға) жатады
және Солтүстік-Батыстан Көкшетау үстірті құралады. Сары-арқа – ежелгі
таулы өлке, палеоза дәуірінде пайда болған. Жел қағу және денудация
процесінде бет әлпетін өзгертіп, қазіргі көрініске жаңарды. Көкшетау
үстіртінің аумағы негізінен магмалық және метаморфалық тау жыныстарынан
түзелген. Ауа райы және агроклиматтық ресурстарына келерболсақ, Солтүстік
Қазақстанның ең үлкен материктің ортасында орналасуы ауа райының шұғыл
континенттілігін қалыптастырған, оған ұзақ қыс қатты желдері және
борандар, қысқа да, ыстық жаз тән. Ең суық қаңтар айының орташа көпжылдық
температурасы солтүстікте – 180С шамасында, оңтүстікте -17.60С шамасында,
ал енді ең суық күндер - 450С дейін жетеді. Шілдеде температура
солтүстігінде орташа -190С дейін және оңтүстігінде + 190С, ал ең ыстық
күндері +41 0С дейін жетеді. Күннің жылтырау ұзақтығы 2000-нан 2150
сағатқа дейін құбылады. Радиациялық тепе-теңдігі жылына 25-30 ккалсм2
шамасында. Солтүстік Қазақстанда ауа массасының жиі ауысуы ауа райының
тұрақсыздығына әкеп соғады. Солтүстіктен келетін континентті артикалық
ауаның келуі қыста күрт төмендеуіне, ал жыл мезгілінің ауыспалы кезеңде,
көктемдік-күздік мезгілінде қатқақтыққа әкеп соғады. Атмосфераның алмасуы
ауа райының күрт өзгеруіне және жылдан жылға жауын-шашынның түсуіне себеп
болады. Қыс мезгілінде ауа райының антициқлондық түрі ашық аспан және
тұрақты төмен температура басым болады. Желдердің бағыты оңтүстік-батыс
бағыты орташа жылдамдық 5.5 мс шамасында.Құрғақ және салқын, қысқа көктем
(20-30 күн), сәуірдің екінші жартысынан басталады. Орташа көп жылдық
мерзім көктемде өтпелі температурасы 50С 20-22 сәуіріне келіп отырады,
100С – 8-10 мамырға. Күзде ауысу 100С орташа 18-20 қыркүйекке, ал 50С – 5-
7 қазанға ауысып отырады. Ауаның орташа тәуліктік температурасының ұзақтық
кезеңі 100С жоғары, шамамен 130-140 күн, ал 100Сауаның орташа тәуліктік
сомасы 2000-22000С құрайды. Соңғы көктемгі суықтық орташа мерзімі 20 мамыр
(16 сәуірден 22 маусым), күзде – 20 қыркүйек  шамасында (19 тамыздан 12
қазанға) 25 шілдеде суық болуы тіркелген (Булаева, 1997 ж.). Аязсыз
кезеңнің ұзақтығы шамамен 100-120 күн жылына, ал орташа тәуліктік
температурасымен 00 жоғары орташа шамамен 190 күн. Жазғы уақытта орташа 4
мс жылдамдығымен солтүстік және солтүстік батыс желдерімен циклонды
түрдегі ауа райы басыңқы күз салқын, бұлтты, жиі жаңбырлы.Жылына
атмосферамен жауын-шашын мөлшері 290-295 тен 425-235 мл. Жауын-шашынды ең
аз оңтүстік шығыс облыс аудандары алады. Ылғалмен Көкшетаудың таулы-тұзды
аудандары асқақ және орманды далалары жақсы қамтамасыз етілген. Жылдың
жылы ортасында (сәуір-қазан) 80-85%  максимум шілдеде (45-75 мм) ортасында
(сәуір-қазан) 80-85% жылдық норма түседі. Қар жамылғысы қыстың аяғына
қарай 25-30 см орташа қуатпен берік, шамамен 5 ай, қарашадан наурызға
дейін жатады. Жылдың орташа жауын-шашын мөлшері айтарлықтай жылдар бойы
құбылады. Мысалы, олар 164 мм-ден (1936 ж.) 619 мм-ге дейін (1905 ж.) және
594 км (1995 ж.) өзгеріп отырады. Петропавл қаласы гидрометеорологиялық
станциясы бойынша құралмен бақылау кезінде мәліметтерді қорыту соңы 50 жыл
ішінде жауын-шашын мөлшерінің жылдық жоғарылатуымен климаттық жылынуын
көрсетті. Бөлек жылдары көктемгі және жазғы жаңбырсыз кезеңдер болуы
мүмкін,  әсіресе өсімдік өсіруде қолайсыз жағдайлар туғызды. Жыл бойына
шамамен 20 жыл ішінде 1 рет қайталанатын ең көп жаңбырсыз кезең 28 ден 36
күнге дейін ауытқыды. Жылына сәуірден қазанға  дейін атмосфералық
құрғақшылық кезеңі облыс бойынша орташа күндер саны (Петропавлда 10-нан 60
күнге дейін құбылып) 40-50 күндерді құрайды. Аймақтарды агроклиматтық
аудандандыруға байланысты үш агроклиматтық облысқа жатады.
1. Әлпеттес орман далалары ландшафттарымен қамтылған ылғалдандырылу ГТК
Г.К. Селянинов бойынша бейнелейтін Көкшетау биіктігінің айтарлықтай ауданы
жеңіл ылғалды бір қалыпты жылы.
2. Облыстың көп бөлігі жататын  қадалы ландшафттарымен қамтылған (орман
далалары және далалар) ГТК–мен 1.0 ден 0.8 тұрақты температура
мөлшерлерімен 100С-ден шамасымен 2100-2200 0С.
3. Шығысын және батыс бөлігін, Есіл өзеніне дейін, оңтүстік бөлігінде ГТК
–мен 0,9дан 0,7 ге тұрақты температура мөлшерлерімен 100С-ден 2200-2400 0С
жоғары.
Солтүстік Қазақстан облысының минералды-шикізат базасы. Облысымызда
пайдалы қазбалар табылған және әртүрлі деңгейде толығымен зерттелген.
Пайдалы қазбалардың 286 көзі табылған. Оның ішінде 34-металлдық, 2-
металдық емес, 217-құрылыстық-технологиялық шикізат және 33 жер асты су,
олардың 6 минералды. Онда маңызды минералды шикізат қоры табылған, ол
Қазақстан Республикасы балансын құрайды: қалайы -65%, қалайы- 36,6%, уран
-19%, титан - 5%, вольфрам – 1,1 %. Минералды – шикізат базасын кеңейту
болашағы бар, әсіресе облысымыздың оңтүстік-батысында ерекше. Мұнда
пайдалы қазбалардың және алтын, күміс, техникалық және алмаз, титан, түрлі
түсті, көмірдің қоры бар. Негізгі минералдық шикізат түрлерінен алынатын
бағалық құн $ 6  млрд бағаланады, ал жалпы болжамды ресурстар – $10 млрд,
соның ішінде уран -1,0, қалайы – 3,98, титан – 0,7, вольфрам – 0,24, алтын
– 0,1, алмаз – 1,0, көмір – 0,8, басқалары – 2,7. Дайындалған қорларды
игеру үшін және болашағы бар объектілерді табу үшін $ 7 млрд қажет етеді.
Игеруге біршама дайындалғандары болып Грачевское, Косачинское,
Семизбайское уран көздері болып табылады. Обухов-титан-циркондік кені,
Сырымбет – қалайы, Северное- Байлюсты және Домбыралы-2  алтын көздері.
Экономикалық себептерге байланысты олардың өндірістік өңдеу өткізілмей
отыр. Кейбір құрылыс тастар мен құм көздері ғана пайдалануға берілген.
Калибек және Жақсытұз көлдерінде ас тұзын өндіру жүргізіледі.
1.1. Солтүстік Қазақстандағы туризм түрлері
Экологиялық туризм

Облыс аумағында ерекше қорғалатын 16 табиғат объектiсi, 3 000-нан астам
көл бар.
Туристер үшiн орманды-далалы аймақ жануарларының өмiр сүру ортасын көрсету
объектiсi ретiнде бұлан, елiк, қабан, жанат тәрiздi ит, түлкi, борсық,
қоян, тиiн және т.б. көптеп мекендеген Согров және Мамлют қорықшалары,
Красный бор қорығы ұсыныла алынады.
Жазғы мерзiмде аққулар, бiрқазандар ұя салады.
Облыста орхидеяның кездеспейтiн түрi өседi
Айыртау ауданында (Айыртау с., Имантау с.) жергiлiктi туристiк
қоғамдастықтар құрылған. Туристiк бизнес саласына жоғарыда айтылған
селолардың тұрғындары тартылған, тұру, тамақтану, экскурсиялық қызмет
көрсету жөнiндегi қызметтер ұсынылады.

Танымдық туризм

Ботай, Бектеңiз, Ақ-Ирий археологиялық ескерткiштерi, Қарасай мен
Ағынтай батырлардың мемориалдық кешенi, Айғаным мұражай-үй-жайы,
зерттеушi ғалым Ш. Уәлиханов, жазушылар И. Шухов; С. Мұқанов, Ғ.
Мүсiрепов, М. Жұмабаев, ғарышкер А. Викторенколардың мемориалдық
мұражайлары, Қожаберген жырау мемориалы.
Спорттық туризм және демалыстың белсендi түрлерi

Облыста спорттық туризм Спорттық туризм федерациясымен, ҚР Альпинизм
және құзға шығу федерациясы ассоциациясының филиалымен, спорттық бағдар
жөнiндегi федерациямен, Планета турорталығымен, Спортландия
турорталығымен, Ориентир студенттiк турорталығымен ұсынылған.
Облыста спорттық балық аулауды дамыту үшiн барлық жағдайлар бар. Қазiргi
кезде 250-ден астам су қоймасы балықтың құнды түрлерiн тауарлық өсiрудi
жүзеге асыру үшiн ұзақ мерзiмдi жалға берiлген. Үлкен Торанғұл көлiне
белого амура и белого толстолобика шабақтары әкелiнген. Көптеген көлдерде
тұқы, көлдiк пелядь, қара балық, лақа, табан; көлдерге сазан ұрықтарын
жiберу жөнiндегi шаралар қабылданған (Петропавл балық питомникке сазанның
жатырлық бастары әкелiнген және облыс көлдерiн балыққа толтыру үшiн
зауыттық әдiспен алғаш рет 583 мың ұрық алынған).
Емдеу-сауықтыру туризмi
СҚО аумағында тұщы және техникалық сулар табылған орындар зерттелген,
минералдық сулар көздерi анықталған. Қазiргi кезде Асанов минералдық
суының көзi пайдаланады. Становское және Пресное көлдерiнде емдiк
балшықтар байқалған.
Становское көлi Петропавл қ. батысында 55 шақырым және Мамлют станциясының
оңтүстiгiнде 17 шақырым жерде орналасқан. Бұл су қоймасының ұзындығы 7.7
және енi 2.5 шақырым. Осы көлдiң балшығы 30-жылдары Омбы институтының
ғылыми қызметкерi Успенскиймен зерттелген. Оның тұжырымдамасы бойынша
көлдiң минералданған суы мен балшығы бальнеологиялық құндылықты бiлдiредi.
Пресное көлi Петухов ст. 60 шақырым және Преснов станциясынан 2 шақырым
жерде орналасқан, енi 3 шақырымға дейiн. Көл суы өткiр-ащы, балшығы қара
түстi, икемдi. Тұзды су мен балшықтың емдiк қасиеттерi 30-жылдары доктор
Брякинмен азғантай ғана емделушiлерге тексерiлген (балшық күн сәулелерiмен
жылытылған), ол жақсы емдiк әсердi атап өткен.
Iскер туризм
Облыстың географиялық орналасуына байланысты Ресей Федерациясымен сауда-
экономикалық әрiптестiк жақсы дамыған, сонда Омбы, Түмен және Қорған —
шекаралас облыстармен ынтымақтастық негiзгi үлестi алады, олармен
экономиканың әр түрлi салаларындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдер
жасалған және iске асырылуда.
Ұдайы негiзде облыста мәдениет, денсаулық сақтау, құқықтық тәртiп сақтау
және т.б. — әлеуметтiк-экономикалық қызметтiң әр түрлi салаларындағы
шекара маңы ынтымақтастығы жөнiндегi бiрлескен iс-шаралар жүргiзiлiп
тұрады.
1.2.Солтүстік Қазақстанның экскурсиялық бағдарламалары.
Петропавл – Қазақстанның солтүстік қақпасы - облыс орталығының көз
тартарлық жерлері бойынша автобустық шолу экскурсиясы
Қаһарлы және ұлы күндер туралы - Ұлы Отан соғысы оқиғаларына
байланысты ескерткіштерді көрумен

Сұлулыққа айналған шежіре - Тарих және сәулет ескерткіштерін көрумен
қаланың орталық Қазақстан Конституцисы көшесі бойынша жаяу экскурсия

Храмға баратын жол - автобустық, мешіт, православиелік және
католиктік храмдарға бару

1.3. Солтүстік Қазақстанның мұражайлық экскурсиялары
Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы Бейнелеу өнері мұражайы (Петропавл
(Петропавл қ.) қ.)
   
Айғаным мұражай-үй-жайы Ш. И. Шуховтың мемориалдық мұражайы
Уәлиханов мұражайы (Сырымбет (Преснов селосы)
поселкесі)
   
С. Мұқановтың мемориалдық мұражайы Ғ. Мүсіреповтың мемориалдық мұражайы
(Сәбит селосы) (Жаңажол селосы)
   
Қожаберген – Жырау мемориалы Қарасай және Ағынтай батырлардың
(Гүлтөбе поселкесі) мемориалдық кешені (Саумалкөл
селосы)
   

II. Тарау. Солтүстік Қазақстанның туристік демалыс аумақтары.
Солтүстiк Қазақстан аумағында республикалық маңыздағы бiрегей табиғат
кешендерiнiң қатары орналасқан. Бұл бiрегейлiгi Қасiрет белдеуi
бекiнiсiнде қызмет атқарған 19-ғасырдың жергiлiктi әскери шенеунiктерiмен
де бiрнеше рет аталып өткен. Мысалы, полковник Левинцовтың 1881 жылғы 18
шiлдемен көрсетiлген анықтамасында местность эта одарена всеми благами
природы: огромными, частично строевыми хвойными лесами, обилием речных и
озёрных вод с рыбной ловлей, пространными лугами с бесконечными пастбищами
для скота, представляет собой одно из самых крупных экономических богатств
Петропавловского уезда деп көрсетiлген.
Солтүстiк Қазақстан облысының Айыртау әкiмшiлiк ауданының аумағында
Көкшетау мемлекеттiк ұлттық табиғат саябағының Шалқар және Имантау
өңiрлiк бөлiмшелерi орналасқан. Бұл — Солтүстiк Қазақстанның бiрегей
табиғат кешендерiн, тарихи және мәдении ескерткiштерiн, фауна мен
флорасының сирек кездесетiн, құрып бара жатқан және өте құнды түрлерiн
сақтауға арналған ерекше қорғалатын аумақтар. Бұл аумақ орманды-далалы
және далалы климаттық аймақтарға жатады. Климат ыстық жазы және қатал, аз
қарлы қысымен шұғыл континентальды. Әртүрлi экожүйенiң бар болуы
жануарлардың алуан түрлiлiгiн анықтайды. Осында сүтқоректiлердiң 160
түрiне дейiн және 200-дей құс түрi саналады, бұл экологиялық туризмнiң
дамуына себепшi болып отыр. Енді осы аталған аумақтарға жеке тоқтала
кетсек.
2.1. Солтүстік Қазақстанның табиғат аумақтары
Имантау табиғат аумағы



Солтүстiктен оңтүстiкке 70 шақырымға, шығыстан батысқа 65 шақырымға
созылған табиғи шұратты ұсынады. Оның негiзiн су қоймалары және Имантау
көлiмен тау-орман массивi құрайды, ол шын мәнiнде өңiрде ең сұлу көлдердiң
бiрi болып саналады. Көл суы тұщы. Көл ортасында жүрек түрiнде көркем,
орманмен жабылған шағын арал. Көлдiң түбi тегiс. Оңтүстiк және солтүстiк
жағынан жағалары құмды, оңтүстiк-батыс шығысынан  - жартас.Ормандар
көлдермен бiрлесе ерекше микроклимат жасайды. Бұнда бұғылар, елiктер,
борсықтар, түлкiлер, тиiндер, құрлар, кекiлiктер және жануарлардың басқа
түрлерi мекен етедi. Котелок шоқысы, Казачий аралы, Буян шатқалы —
табиғат ескерткiштерi өзiне жергiлiктi тұрғындар мен демалушыларды
қайталанбас сұлулығымен тартады. Имантау көлiнiң жағалары — жабайы
туристер демалысының сүйiктi орны. Жазда мұнда түрлi-түстi шатырлардан
толық қалашықтар пайда болады. Көлге қол жетiмдiлiк оңай, жолдардың көлiк
торабы демалыс аумағын Чистополье селосымен, әрi қарай Есiл с., Торғай с.,
Володар с., Қостанай қ., Челябi қ., Көкшетау қ., Омбы қ., Түмен қ.,
Новосiбiр қ. байланыстырады.
Имантау демалыс аумағы Көкшетау мемлекеттiк ұлттық табиғи саябағының
Арықбалық өңiрлiк бөлiмшесiне жатады. Котелок және Обозрение шоқылары,
Казачий аралы, Буян шатқалы – осы табиғат ескерткіштері қайталанбас
сұлулығымен өздеріне жергілікті тұрғындар мен демалушыларды тартады.
Имантау көлінің жағалары – жабайы туристер демалысының сүйікті орны.
Жазда мұнда түрлі-түсті шатырлардан толған қалашықтар пайда болады. Көлге
қол жетімділік оңай, жолдардың көлік торабы демалыс аумағын Чистополье
селосымен, әрі қарай Есіл, Торғай, Володар селоларымен, Қостанай, Челябі,
Көкшетау, Омбы, Түмен, Новосібір қалаларымен байланыстырады.Имантау
демалыс аумағы Көкшетау мемлекеттік ұлттық табиғат саябағының Арықбалық
өңірлік бөлімшесі қарамағына жатады. Экос қорының экотуризм жөніндегі
халықаралық бағдарламасы аясында Имантау селосында жергілікті тұрғындармен
шетел туристерін қабылдау үшін 12-15 адамдық топқа үш селолық қонақ үйі
дайындалған, тарих және табиғат ескерткіштеріне туристік бағыттар
әзірленген. 
Шалқар табиғат аумағы



Шалқар рекреациялық табиғат аумағы орта таулық бедермен сипатталады. Су
бетiнiң алаңы 3241 га құрайтын Шалқар көлi аралас және қарағай орманымен
қоршалған, нысаны бойынша таға тәрiздi нысаны бар. Көлдiң оңтүстiк
бөлiгiнде емдiк балшық бар. Суы тұзды, таза, 10 метрге дейiн терең, өз
құрамы бойынша Қара теңiз суына сәйкес келедi, терi ауруларын емдеу үшiн
емдiк қасиетi бар. Жағажай аумақтары құмды, кей жерде тасты. Тiлек тауы
табиғаттың көркем ескерткiшi болып табылады. Шалқар көлi жанында көптеген
аңыздармен байланысты Айыртаушық және Глухое — 2 шағын көл жайылған.
Әуесқой балықшылардың жыл бойына алабұға, тұқы, табан, сазан аулауға
мүмкiндiгi бар. Көлдер биiктiгi 500 метр Два брата тауымен бөлiнген.
Шатқалдар қылқанды орманмен жабылған, шыңдарында жартас гранит тектерiнiң
шығулары бар.
Реликтiлiк Серебряный бор
Солтүстiк Қазақстанда қылқанды ормандардың пайда болу мәселесiнде
ғалымдардың көпшiлiгi осы ормандардың Орал және Алтай ормандарымен
байланысты болған ертеде кең жайылған ормандардың қалдықтары болып
табылатынына сәйкес көзқарасты қолдайды. Қызылжар әкiмшiлiк ауданындағы
Большая Малышка селосынан қашық емес жерде орналасқан реликтiлiк
Серебряный бор 243 га аумақты құрайды. Ағаштардың жартысынан көбiнiң
жасы 100 жылға дейiн. Қарағай орманын ақ қайыңдар айнала қоршап тұр.
Сондықтан Серебряный бор аталған. Көптеген жылдар қатарында шырша
әртүрлi ғимараттар үшiн құрылыс материалы ретiнде қолданылды. Осы жерлерде
алғашқылардың бiрi болып Долматов, Красноярка, Соколовка, Вагулин селолары
пайда болды. Сол кездiң өзiнде жергiлiктi табиғат ландшафтарының
бiрегейлiгiн түсiнген шенеунiктер болды және олар сондықтан қарағай
орманын кесуге тыйым салды. Осы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Қазақстанның географиялық атауларының шығу тегі мен мағыналық жүктемесінің физикалық-географиялық негіздері
Қазақстан территориясын физикалық-географиялық аудандастыру
Қазақстан территориясын зерттеуші ғалымдар
Географиядан проблемалық оқытудың белгілері
Қазақстанның экономикалық аудандары
Қазақстандағы ірі физикалық – географиялық аудандар
Қазақстанның физикалық географиялық жағдайы
Қазақстанның географиялық орны мен шекаралары
Тәуелсіз Қазақстан Республикасы
Ақмола өңірінің географиялық атауларының қалыптасуындағы геоэкологиялық құрастырушылар ( Зеренді және Атбасар аудандарының мысалында )
Пәндер