ХІХ ғасырдағы Түркістан қаласы



Мазмұны

І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2.1.ХІХ ғасырдағы Түркістан қаласының тарихы
2.2.Түркістан қаласындағы салық
2.3.Жаңа реформаның Түркістан қаласына әсер етуі
ІІІ Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе

Ресей империясының 1867—1917 жылдар аралығындағы әкім-аумақтық аймағы. 1867 ж. Жетісу, Сырдария облыстарынан құралды. Солтұстігінде Торғай, Ақмола, Семей облыстарымен; шығысынданда Шығыс Тұркістанның Жоңғар, Үрімші аймағымен; оңтүстігінде Кашкариямен, Памир, Бұхар жері, Хиуа хандығымен; батысында Аралмен шектесті. 1868 ж. Түркістан генерал губернаторлығына патша өкіметі жаулап алған Зеравшан округі, 1871 ж. Құлжа аймағы, 1873 ж. Әмудария аймағы қосылды. 1876 ж. бұрынғы Қокан хандығының орнына Ферғана облысы құрылды. Түркістан генерал губернаторлығында 3038119 адам тұрды. Халық санының көптігінен Сырдария (1094557 адам), Жеітсу (758250) облыстары, ал халқының тығыздығынан Зеравшан, Ферғана облыстары ерекшеленді. Түркістан генерал губернаторлығында қазақтар 1532790, өзбектер — 1970420, құрамалар — 77330, қарақалпақтар — 58770, орыстар - 59280, тәжіктер — 137280 адамды құрады.
Өлке әкімшілігі Ташкент қаласында орналасты. Сонымен қатар мұнда әскери губернаторлықтың округі әскерінің қолбасшысы, Сырдария облысы мен уезінің, Құрама уезінің өкімшілігі орналасты. Жетісудың орталығы — Верный, Ферғананікі — Маргилан, Зеравшан округінікі — Самарқанд, Құлжа ауданың орталығы — Құлжа, Әмудария бөлімшесінің орталығы — Петро-Александровск қалалары болды. 1886 жылғы "Түркістан өлкесін басқару жөніндегі ереже" бойынша Т. г.-г. Сырдария, Жетісу, Самарқанд облыстарына бөлінді. Өлкені басқару ген.-губернаторға жүктеліп, облыстарды әскери губернатор мен обл. басқарма, ал уездерді уез (ояз) бастығы басқарды. Уездер болыстарға, болыстар ауылдарға бөлінді.
Т. г.-г-нда барлық билік отаршылдар қолында шоғырланды. Жергілікті халық өкілдері басқару жүйесінің төменгі сатыларына — болыстар мен ауылнайлар қызметіне ғана тартылды. Т. г.-г-ндағы көшпелі халықтар қазына пайдасына әр-бір шаруашылықган 4 сом төлеуге міндетті болды. Бұған қоса елдімекеңдердің үстімен өткен патша әскерлерін үй және отынмен қамтамасыз ету де жергілікті халықтың мойнына жүктелді. Патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы Т. г.-г-нда 1898 ж. Әндіжан көтерілісі басталды. 1916 ж. Т. г.-г. көлемінде Жетісуда, Сырдарияда, Ферғанада ұлт-азаттық көтерілістің ірі ошақтары болды. Бұл көтеріліс патша өкіметінің әскери күшімен аяусыз басып-жаншылды. 1917 ж. Ақпан төңкерісінен кейін Т. г.-г. жойылды. Өлкедегі барлық билік Уақытша өкіметтің Түркістан комитетінің қолына көшті.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. К Мамырұлы. «Казақ тарихы» Алматы 1995ж 209-213б
2. С Сабыров. «Қазақстан тарихы» Алматы «Ғылым» баспасы 2004ж 146-152б
3. Г Қ Кәдірқұлова «Қазақстан тарихы» Алматы 2005ж 246-256 бет
4. Ч Мусин «Қазақстан тарихы» Алматы 2005ж

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2.1.ХІХ ғасырдағы Түркістан қаласының тарихы
2.2.Түркістан қаласындағы салық
2.3.Жаңа реформаның Түркістан қаласына әсер етуі
ІІІ Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Ресей империясының 1867—1917 жылдар аралығындағы әкім-аумақтық аймағы.
1867 ж. Жетісу, Сырдария облыстарынан құралды. Солтұстігінде Торғай,
Ақмола, Семей облыстарымен; шығысынданда Шығыс Тұркістанның Жоңғар, Үрімші
аймағымен; оңтүстігінде Кашкариямен, Памир, Бұхар жері, Хиуа хандығымен;
батысында Аралмен шектесті. 1868 ж. Түркістан генерал губернаторлығына
патша өкіметі жаулап алған Зеравшан округі, 1871 ж. Құлжа аймағы, 1873 ж.
Әмудария аймағы қосылды. 1876 ж. бұрынғы Қокан хандығының орнына Ферғана
облысы құрылды. Түркістан генерал губернаторлығында 3038119 адам тұрды.
Халық санының көптігінен Сырдария (1094557 адам), Жеітсу (758250)
облыстары, ал халқының тығыздығынан Зеравшан, Ферғана облыстары
ерекшеленді. Түркістан генерал губернаторлығында қазақтар 1532790, өзбектер
— 1970420, құрамалар — 77330, қарақалпақтар — 58770, орыстар - 59280,
тәжіктер — 137280 адамды құрады.
Өлке әкімшілігі Ташкент қаласында орналасты. Сонымен қатар мұнда әскери
губернаторлықтың округі әскерінің қолбасшысы, Сырдария облысы мен уезінің,
Құрама уезінің өкімшілігі орналасты. Жетісудың орталығы — Верный,
Ферғананікі — Маргилан, Зеравшан округінікі — Самарқанд, Құлжа ауданың
орталығы — Құлжа, Әмудария бөлімшесінің орталығы — Петро-Александровск
қалалары болды. 1886 жылғы "Түркістан өлкесін басқару жөніндегі ереже"
бойынша Т. г.-г. Сырдария, Жетісу, Самарқанд облыстарына бөлінді. Өлкені
басқару ген.-губернаторға жүктеліп, облыстарды әскери губернатор мен обл.
басқарма, ал уездерді уез (ояз) бастығы басқарды. Уездер болыстарға,
болыстар ауылдарға бөлінді.
Т. г.-г-нда барлық билік отаршылдар қолында шоғырланды. Жергілікті халық
өкілдері басқару жүйесінің төменгі сатыларына — болыстар мен ауылнайлар
қызметіне ғана тартылды. Т. г.-г-ндағы көшпелі халықтар қазына пайдасына әр-
бір шаруашылықган 4 сом төлеуге міндетті болды. Бұған қоса елдімекеңдердің
үстімен өткен патша әскерлерін үй және отынмен қамтамасыз ету де жергілікті
халықтың мойнына жүктелді. Патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы Т.
г.-г-нда 1898 ж. Әндіжан көтерілісі басталды. 1916 ж. Т. г.-г. көлемінде
Жетісуда, Сырдарияда, Ферғанада ұлт-азаттық көтерілістің ірі ошақтары
болды. Бұл көтеріліс патша өкіметінің әскери күшімен аяусыз басып-жаншылды.
1917 ж. Ақпан төңкерісінен кейін Т. г.-г. жойылды. Өлкедегі барлық билік
Уақытша өкіметтің Түркістан комитетінің қолына көшті.

2.1.ХІХ ғасырдағы Түркістан қаласының тарихы

1886 жылдың 2 маусымындағы Түркістан өлкесін басқару туралы ереже.
1868—1870 жылдардағы кетеріліс патша өкіметінің жергілікті халықтың 1867—68
жылдардағы Уақытша ережені қабылдамауы мүмкін екендігі туралы қаупін
қуаттады, рас, ол отарлық Казақстанның әкімшілік-аумақтық, сот және
шаруашылық құрылымына аз өзгеріс енгізген жоқ. XIX ғасырдың 80-жылдарының
орта шеніңде ғана қауырт өскен Ресей өнеркәсібінің шикізаттық шылауына
айналған Казақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы өзгерістерді заң
тәртібімен нығайту мүмкін болды.
Кең-байтак Қазақстанды басқару жүйесі қуатты Ресейдің жалпы им-периялық
әкімшілік-саяси жүйесіне таңылған болып шықты. Қазақстан көп үлтты Ресей
империясының құрамдас бөлігіне айналып, өз дамуында капиталистік нарықтық
экономикаға тән кәсіпкерліктің және жаңа өндірістік үрдістердің бастамасын
қабылдады. Бұл тұрғыдан алғанда, негізінен 60—70-жылдардағы әлеуметтік-
экономикалық даму деңгейіне, XIX ғасырдың аяғына сәйкес келген Уақытша
ереженің негізгі бағыттары қоғамдағы терең әлеуметтік саралану,
шаруашылықтың басым нысаны мал шаруашылығындағы, урбанизация үрдісіндегі
ғажап өзгерістердің, қала және село халқының әлеуметтік-экономикалық
қалыптарының етене жақындасуының, даланың күнделікті номадтар өмірінің
ерекшелігіне көзқарастардың өзгеруі салдарынан шын мәнінде ескірді.
Метрополия мен отардың өзара қатынастары болып көрмеген өзгерістерге
ұшырады және отаршылдық әкімшілік пен үкіметті көптен ойластырылған
өзгерістерді жүзеге асыруға—1867—68 жылдардағы Уақытша ережені елеулі
жаңартулар мен толықтырулар қажет етілген бөлімдеріне едәуір түзетулер
енгізе отырып, заңдастыруға итермеледі.
Александр патшаның Түркістан өлкесін басқару туралы 1886 жылғы 2
маусымда қол қойған Жарлығы кең-байтақ өлкені басқарудың бүкіл кұрылымына
реформа жасауды бастап берді.
Жаңа ережеге сәйкес Түркістан генерал-губернаторлығына үш облыс:
Сырдария, Ферғана, Самарқан облыстары кіргізілді. Кейініректе, 1897 жылы,
Жетісу облысы да жаңа генерал-губернаторлықтың құрамына берілді Бұрынғыша
генерал-губернатордың билігі сақталып, біршама күшейтілді, ол іс жүзінде
дара билеушіге айналды. Облыстардың билігі әскери губернаторларға берілді.
Жоғары шенеуніктік биліктің осылай кұрылуы 20 жыл бойы өзін ақтап, әсіресе
жергілікті жерлерде өлкені отарлауды жеңілдеткен едәуір сындарлы басқару
жүйесін бекіте түсті. Түркістан генерал-губернаторлығының барлық облыстары
арасынан екі облыстың — Сырдария және Жетісу облыстарының Қазақстанға
тікелей қатынасы болды. Өткен уақыт ішінде уездерге бөлу принципі сақталып
қалды, саны жағынан және олардың шекараларын тарихи-географиялық жағынан
межелеуде елеулі өзгерістер болды: Сырдария облысы - 5 уезд, оның ішінде
Әулиеата уезі - 7800 шаршы шақырым, Перовск уезі - 105 725, Қазалы уезі -
59 550, Шымкент уезі - 91 025, Ташкент уезі - 32 100 шаршы шақырым, 2
учаскесімен Әмудария бөлімі: Шурухан - 50 500, Шымбай — 32 800 шаршы
шақырым болып бөлінді.
Халықсаны 800 230 адам, жер көлемі 353 430 шаршы шақырым болатын
көршілес Жетісу облысы 6 уезден: Верный, Қапал, Лепсі, Пішпек, Пржевальский
және Жаркент уездерінен турды. Пржевальский уезі облыстың ең таулы белігін
Тянь-Шань сілемдерін алып жатты. Верный, Жаркент және Пішпек уездері де
сонда орналасты. Облыстың солтүстік шектері Семей облысымен жанасып,
Тарбағаттай және Ақшат (Ақшатау) жоталарымен аяқталды.
1886 жылғы Ереженің негізгі өзегі бүкіл жер қорын мемлекеттің меншігіне
беру болды, ол қазақтардың экономикалық өл-ауқатының негізгі нысаны - мал
шаруашылығына орасан нұқсан келтірді
ХІХ ғасырдың аяғына қарай Сырдария облысында ғана 7 727 034 бас мал; ал
Жетісу облысында 7 миллионнан астам мал болды. Жерді мемлекеттік меншік деп
жариялап, жергілікті халықты жерін бей мерзім жалға берушілер деп қараған
үкімет, соңғыларына мал жаюға, топырақ және тас, балшық жинауға құқық бере
отырып (253-бап), номадтардан құнарлы алаптардың алып қойылуын тездетті, ол
XX ғасырдың басында столыпиндік аграрлық реформалардың жүргізілуімен
аяқталды.
Қоныс аударушы шаруалардың, қазақтардың және басқа да өзге ұлтты көшіп
келушілердің (ұйғырлардың, дүнгендердің және басқалардың) мүдделерін кездеп
жүзеге асырылған жерді кең көлемде зорлықпен тартып алу саясаты шын мәнінде
Қазақстанның оңтүстік аудандарындағы жер пайдаланудың дәстүрлі нысандарын
түп-тамырымен қиратуға әкеп соғып, қазақ-тардың аграрлық қатынастары
жүйесін мықтап шиеленістірді. Егер отырықшы халық пен көшпелілердің жерге
құқықтарын салыстыратын болсақ, алғашқыларына қарағанда соңғыларының
әлдеқайда басыбайлы болғанын мойындау керек деген пайымдауында зерттеуші
П.Г.Галузо әбден дұрыс айткан.
Бұл арада әңгіме 1886 жылғы Ереженің шектеу қойған баптары жайында болып
отыр, онда халықтық ғұрыптар негізінде жерді пай-далану белгіленіп берілген
еді, бұл орайда 276-бапта Сырдария облысы-ның қазақтарына көршілес далалық
облыстарға жазғы жайлауға көшіп бару кезеңінде бұрынғы құқықтарды
пайдалануға рұқсат берілген, бұл үшін Түркістан генерал-губернаторының
рұқсаты талап етілді, ол рұксат беру үшін мұндай мәселелер жөнінде дала
губернаторымен қатынас жасаған. Ереженің мұндай мырзалығын Қазақстаннан
империяның орталық аудандарына көп көлемде мал өнімдерін әкетуге мүдделі
орыс кәсіпкерлерінің экономикалық. мүдделерімен түсіндіретін пікірді дүрыс
деп санау керек.
Оңтүстік аудандарда жерге жеке меншікті енгізуді қарастырған кезінде
үкімет көшпелілер өмірінің үш компоненттен киіз үйден, малдан, даладан
түратын ерекшелігін мүлде ескермеді. 1886 жылғы Ереженің отаршылдык бағыты
салық жүйесінен де өз керінісін тапты. Ол шынына келгенде 1867 жылғы
Уақытша ереженің баптарын қайталады) әңгіме әр түрлі міндеткерліктердің
көлемін көбейту жайында ғана болды.

2.2.Түркістан қаласындағы салық

Патша кіметінің сырттай бақылаушылық саясаты ең алдымен Ресей қаржы
үйымдары үшін онша түсінікті емес шаңырақ ұғымының мәнін ашып көрсетті.
Шаңырақ алымы 4 сомға дейін көбейтілді. Сірө, 1868—1870 жылдар-дағы
көтеріліс үкіметті қатты қорқытса керек, ол шаңырақ алымының мөлшерін
белгілеуге бірден батылдық ете алмады. Бұл үшін ол алым көлемін бірте-бірте
көбейтіп, біркатар үстеме шаралар жүргізді.1882 жылы Жетісу облысында
бастапқы үлес 1 сом 25 тиынға көбейтілді. Алайда қазақ шаруашылықтарына
1879-1880 жылдардағы жүт келтірген зор зиян себепті 4 сомдық міндеткерлікті
кейінірек, Түркістан өлкесінде 1886 жылғы 8 желтоксаннан, далалық
облыстарда 1887жылғы 1 қаңтардан бастап енгізуге ұйғарылдыл сот
құылымындағы өзгерістер көрсетілген жаңалықтардың іске асырылуын заң
тәртібімен қамтамасыз етуге тиіс болды және ол рыноктық қатынастарға
тартылған әлеуметтік жіктердің мүдделерін қорғауды көздеді.
Негізгі үш сот инстанциясы - бітістіруші судья, облыстық сот және
үкіметтік Сенат отаршылдық тәртіптер енді ғана орныға бастаған жағдайларда
қоғамның тіршілігін құқықтық жағынан қамтамасыз етуді реттеген бұрынғы заң
ережелерін жоққа шығарды. 141-бапта христиан нанымына қарсы, басқару
тәртібіне, мемлекеттік және қоғамдық қызметке қарсы, мемлекеттік
міндеткерліктерді, кірістерді, меншікті етеуге қарсы наразылық бойынша
жасалған қылмыстар үшін бұратаналарды империялық заңдардың жалпы
негіздерінде жауапқа тарту белгіленді. Үкімет халық соттарының мақсаттары
мен қызмет жағдайлары жөнінде теріс көзқарас үстанғанымен, ислам соттарын
діни үстанымдар негізінде жоюдың мерзімі жеткен жоқ деп санады және оларды
сақтап қалды.
Дегенмен, Ресей сот жүйесіне қарсы әрекеттердің барлығы екінші қатарға
ығыстырып тасталды. 208-бапта былай делінген: Отырықшы және көшпелі
байырғы халықтың қылмыстық істерді жылдар бойы орын алып келе жатқан
ғұрыптар негізінде шешетін жеке халық соттары болады. Бүл орайда 3 жылға
бекітілетін, халықтың сеніміне ие болған, 7 күндік қамаудан аспайтын
немесе 30 сомнан астам ақшалай жаза алмаған, кез келген адам болуы мүмкін
халық судьялары уездік басқармалар бастықтарының жасырын қысым көрсетуі,
судья қызметіне өздерінің сенімді адамдарын тықпалауға тырысқан
партиялардың үздіксіз күресі жағдайында өз мүмкіндіктерін толық көлемінде
іске асыра алмады.
Далалық облыстарды басқару туралы 1891 жылдың 25 наурызындағы ереже. XIX
ғасырдың соңғы ширегі Қазақстанның әлеуметтік-экномикалық дамуында
бетбұрысты кезеңге айналдыр. Әлеуметтік және шаруашылық салаларда тауар-
ақша қатынастарының біртіндеп орнығуы, елкені мекендеушілердің негізгі
құрамындағы княздықтардың өмірінен патриархаттық жүйенің ығыстырылып
шығарылуы отаршыл империяның бөлігі ретінде Қазақстан дамуының
барлықжақтарын қамтыған капитализмнің ықпалын бастан кешірген оңтүстік
аудандарға қарағанда, әсіресе далалық аудандарда дәстүрлі өндірістік
қатынастардың сипатын қатты өзгертті.
Өндеуші өнеркәсіптің ұлғаюы, кен өндіретін өнеркәсіптің біршама тез
дамуы, жаңа темір жол желілерінің салынуы, урбанизация үрдісі, жұмысшы
табының қалыптасуы осының бәрі жинақтап алғанда әеуметтік-экономикалық
факторлардың бүкіл жүйесінің өзгеруіне әкеп соғып Қазақстанды отарлық шет
аймаққа айналдырды, барған сайын нығайып келе жаткан рыноктык кәсіпкерлікті
заң арқылы қамтамасыз етті. Қазақстанның жалпы Ресейлік өмірге тартылуы,
осыдан туындайтын барлық зардаптарымен қоса алғанда, бұрынғы заң
актілерінің далалық, облыстардың қоғамдык саяси шаруашылық өмірінде
қалыптасқан өзгерістермен негізгі сәйкессіздігі туғызған субъективті
кедергілерге ұшырады. Оның үстіне оңтүстіктегі екі облыс — далалық
аудандармен өте жақын жанасып жатқан Сырдария және Жетісу облыстары
өмірінің көптеген салаларында жүзеге асырылып жатқан өзгерістер далалық
аудандарды әкімшілік-аумақтык басқарудың жана сатысына нысанды түрде
тартып, қалған төрт облыста реформаны әзірлеу мен қабылдау аса қажеттілікке
айналды. Көптеген комиссиялардың жазбалары, ұсыныстары, ықпалды
шенеуніктердің, әскери әкімшілік қызмет өкілдерінің пікірлері де осындай
реформа жүргізудің пайдалы екенін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әзірет Сұлтан тарихи-мәдени қорық-мұражайының құрамындағы ескерткіштер
Алтын Орда дәуіріндегі Сыр бойы қалаларының қалыптасу тарих
Ресейдің Қазақстанның оңтүстік өңірін отарлауы және оның халықтың күнделікті өміріне әсері
Мұсылман ағартушылығының мәнін ашу және хіх ғасырдағы Қазақстандағы мұсылман ағартушылығының даму жағдайы мен барысы
Таяу Азия халықтары
Түркістан қаласының әлеуметтік-саяси тарихының мәселелері
Шымкент қаласының жергілікті маңызы бар археологиялық ескерткіштерінің тарихы мен сақталу мәселелері
ҚАЗАҚСТАНДА ҚАЛАЛЫҚ, ОТЫРЫҚШЫЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІҢ ДАМУЫ
Түркістан өңірі тұрғындарын енді Ресейдің кару күшімен басып алудағы негізгі мақсатын айналымға түскен жаңа құжаттар мен деректер негізінде көрсету
Ташкент қаласының қазақ халқының саяси-әлеуметтік, экономикалық және рухани өміріндегі маңызы (хіх ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың алғашқы ширегі)
Пәндер