«Электронды үкіметті» қалыптастыру және дамыту



Ақпараттық технологияның дамыған заманында нарықтың қатаң талаптары Қазақстан Үкіметінің алдына еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда қыруар міндеттер жүктеп отыр. Соның бірі - «электронды үкіметті» қалыптастыру. Соған орай, «Қазақстан Республикасындағы электронды үкіметті қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның» қабылданып, жүзеге асырыла бастағаны белгілі. Электронды үкімет жоспарын әзірлеу кезінде Корея, Сингапур, Эстония, Италия, Германия, Үндістан және басқа да елдердің тәжірибелері зерделенген болатын. Нәтижесінде, әлемдік тәжірибені ескере отырып, елімізде «электронды үкіметті» енгізуді төрт кезеңге бөліп жүзеге асыру белгіленді. Оның біріншісі - ақпарат кезеңі. Бұл кезеңде, яғни 2005-2006 жылдары мемлекеттік органдардың веб-сайттары арқылы анықтамалық ?ақпараттық қызмет көрсету жұмыстары жолға қойыла бастады. Ал, интерактивтік деп аталатын екінші кезеңде, яғни 2006 жылдың екінші жартысы мен 2007 жылы мемлекеттік органдар мен азаматтар арасындағы іс-қимылды тікелей және кері беру жолдарымен интерактивтік қызметтерді ұсыну жұмыстары іске асырылады. Үшінші транзакциялық кезеңде қаржылық операциялар үкіметтік портал арқылы іске асырылмақ. Бұл кезең 2007-2008 жылдарды қамтиды. Төртінші кезеңде, яғни 2009 жылы ақпараттық қоғамды қалыптастыруға маңыз берілмек. Ақпараттық кезеңді осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы Асқар Жұмағалиевтың айтуынша, «электронды үкіметті» қалыптастыру үшін Ұлттық идентификациялық реестрлер туралы және Ақпараттандыру туралы екі заңды қабылдау қажет. Үкімет Ұлттық идентификациялық реестрлер туралы заң жобасын жуық арада Парламент қарауына ұсынатын болады. Ал Ақпараттандыру туралы заң жайлы айтатын болсақ, агенттік төрағасы қолданыстағы Ақпараттандыру туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігін айтуда. Заңнамаға енгізілетін түзетулердің жобасын жасау барысында қолданыстағы заңға біршама өзгерістер енгізу қажеттігі анықталған. Осыған байланысты Ақпараттандыру туралы заңның жобасын қайтадан жасауға шешім қабылданып отыр. Мұнымен қоса ақпараттандыру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге енгізілетін түзетулер жобасы жасалатын болады. Соған сәйкес агенттік Ақпараттандыру туралы заңның жаңа нұсқасын әзірлеп, оны тиісінше Үкімет назарына ұсынып, одан кейін Парламентке шығаруды көздеп отыр. Аталған екі заңды Елбасы Жолдауына сәйкес ағымдағы жылдың желтоқсан айына дейін бекіту жоспарлануда. Енді «электронды үкіметтің» нәтижелеріне тоқталсақ. Агенттік төрағасының сөзіне қарағанда, электронды үкіметтің порталы жұмысын 2006 жылғы сәуірдің 12-сінен бастап жолға қойған. Онда қажеті ақпараттарды қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде табуға болады. Порталдарда орналастырылған қызмет көрсетулер саны 377-ні құрап отыр. Бұл қазіргі таңда халық арасында мейлінше сұранысқа ие қызмет көрсетулер.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Электронды үкіметті қалыптастыру және дамыту.

Ақпараттық технологияның дамыған заманында нарықтың қатаң талаптары
Қазақстан Үкіметінің алдына еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда
қыруар міндеттер жүктеп отыр. Соның бірі - электронды үкіметті
қалыптастыру. Соған орай, Қазақстан Республикасындағы электронды үкіметті
қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның
қабылданып, жүзеге асырыла бастағаны белгілі. Электронды үкімет жоспарын
әзірлеу кезінде Корея, Сингапур, Эстония, Италия, Германия, Үндістан және
басқа да елдердің тәжірибелері зерделенген болатын. Нәтижесінде, әлемдік
тәжірибені ескере отырып, елімізде электронды үкіметті енгізуді төрт
кезеңге бөліп жүзеге асыру белгіленді. Оның біріншісі - ақпарат кезеңі. Бұл
кезеңде, яғни 2005-2006 жылдары мемлекеттік органдардың веб-сайттары арқылы
анықтамалық ?ақпараттық қызмет көрсету жұмыстары жолға қойыла бастады. Ал,
интерактивтік деп аталатын екінші кезеңде, яғни 2006 жылдың екінші жартысы
мен 2007 жылы мемлекеттік органдар мен азаматтар арасындағы іс-қимылды
тікелей және кері беру жолдарымен интерактивтік қызметтерді ұсыну жұмыстары
іске асырылады. Үшінші транзакциялық кезеңде қаржылық операциялар үкіметтік
портал арқылы іске асырылмақ. Бұл кезең 2007-2008 жылдарды қамтиды.
Төртінші кезеңде, яғни 2009 жылы ақпараттық қоғамды қалыптастыруға маңыз
берілмек. Ақпараттық кезеңді осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып
отыр. Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы Асқар
Жұмағалиевтың айтуынша, электронды үкіметті қалыптастыру үшін Ұлттық
идентификациялық реестрлер туралы және Ақпараттандыру туралы екі заңды
қабылдау қажет. Үкімет Ұлттық идентификациялық реестрлер туралы заң жобасын
жуық арада Парламент қарауына ұсынатын болады. Ал Ақпараттандыру туралы заң
жайлы айтатын болсақ, агенттік төрағасы қолданыстағы Ақпараттандыру туралы
заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігін айтуда. Заңнамаға
енгізілетін түзетулердің жобасын жасау барысында қолданыстағы заңға біршама
өзгерістер енгізу қажеттігі анықталған. Осыған байланысты Ақпараттандыру
туралы заңның жобасын қайтадан жасауға шешім қабылданып отыр. Мұнымен қоса
ақпараттандыру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге енгізілетін
түзетулер жобасы жасалатын болады. Соған сәйкес агенттік Ақпараттандыру
туралы заңның жаңа нұсқасын әзірлеп, оны тиісінше Үкімет назарына ұсынып,
одан кейін Парламентке шығаруды көздеп отыр. Аталған екі заңды Елбасы
Жолдауына сәйкес ағымдағы жылдың желтоқсан айына дейін бекіту жоспарлануда.
Енді электронды үкіметтің нәтижелеріне тоқталсақ. Агенттік төрағасының
сөзіне қарағанда, электронды үкіметтің порталы жұмысын 2006 жылғы сәуірдің
12-сінен бастап жолға қойған. Онда қажеті ақпараттарды қазақ, орыс және
ағылшын тілдерінде табуға болады. Порталдарда орналастырылған қызмет
көрсетулер саны 377-ні құрап отыр. Бұл қазіргі таңда халық арасында
мейлінше сұранысқа ие қызмет көрсетулер. Ал қызмет көрсетулер саны тиісінше
кезең-кезеңімен ұлғая беретін болады және оны жыл соңына дейін 933-ке дейін
ұлғайту жоспарлануда. Осы тұста тоқтала кетер жәйт, 2006 жылдың соңына
таман электронды үкіметті қалыптастыру аясына халыққа 933 ақпараттық
қызмет, халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 14 интерактивті қызмет
көрсету жоспарланып отыр. 2007 жылы ақпараттық қызмет көрсетулер саны
өзгерісссіз қалса, интерактивті қызметтер санын 72 бірлікке жеткізу
көзделіп отыр. Ал, 2008 жылы интерактивті қызметтер саны екі есеге дейін
артып, 145 бірлікке жетеді. Бұл уақытта транзакциялық қызметтер пайда
болады. 2009 жылы транакциондық қызметтер саны 54 бірлікке дейін өседі.
Тағы бір атап өтер мәселе, электронды үкімет аясында Ақпараттандыру және
байланыс агенттігі барлық мемлекеттік органдарда электронды құжат айналымын
енгізуді межелеп отыр. Қазіргі таңда еліміздегі бес мемлекеттік органда,
атап айтқанда Көлік және коммуникациялар, Индустрия және сауда, Әділет,
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінде, сондай-ақ
Ақпараттандыру және байланыс агенттігінде электронды құжат айналымы
енгізілген. Осы күндері мұндай құжат айналымын Есеп комитетінде, Білім және
ғылым министрлігінде енгізу жұмыстары жүргізілуде. Ал жыл соңына дейін
еліміздің барлық мемлекеттік органдарында электронды құжат айналымын енгізу
көзделеді. А. Жұмағалиевтың сөзіне қарағанда, электронды құжат айналымының
ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арнайы орта қажет. Осыған
байланысты агенттік біртұтас көлік ортасын құрғалы отыр. Бұл жұмысты
биылдың өзінде Астана қаласында жүзеге асыру көзделуде. Жоба қазан айында
аяқталады. Атап өтер жайт, қазіргі таңда 21 мемлекеттік орган біртұтас
ортаға біріктірілген. Соған орай барлық ақпараттар қорғалған арналар
(каналдар) арқылы өтуде. Ал электронды құжат айналымы жыл соңына дейін
Парламентке енгізілетін болады. Электронды құжат айналымы дегеніміз не? Ол
- қажетті құжаттар мемлекеттік органдар арасында тиісті қорғалған арналар
арқылы жіберіледі деген сөз. Тағы бір тоқтала кетер жәйт, электронды
үкіметті қалыптастырудағы негізгі жобалардың бірі - Ұлттық идентификациялық
жүйе. Онда жеке тұлғалар және Қазақстанда тіркелген барлық заңды тұлғалар
туралы ақпараттар жинақталатын болады. А. Жұмағалиевтың атап
көрсеткеніндей, қазіргі таңда Ұлттық идентификациялық жүйе үшін тиісті
мәліметтер базасы әзірленуде. Осы тұста, жеке тұлғалар және заңды
тұлғалардың мәліметтер базасы туралы айтар болсақ, бүгінге дейін бұл
бойынша ілкі жобалар жүргізілген. Тұтастай алғанда ілкі жобалардың жұмысы
өздерінің толыққанды екенін көрсеткен. Идентификациялық нөмірлердің ұлттық
реестрлары туралы заң бекітілгеннен кейін бұл мәліметтер базасы өнеркәсіп
эксплуатациясына енгізілмек. Және әрбір азамат оны қолдана алады. Ал
мемлекеттік органдар әрбір жеке тұлғалар және заңды тұлғалар туралы
мәліметтерді біліп отыратын болады. Алайда жеке тұлғалар және заңды
тұлғалар туралы мәліметтерді білуге кез-келген мемлекеттік қызметшіге
рұқсат берілмейді. Осы тұста тоқталып өтер тағы бір жайт, аталған
мәліметтер базасын енгізу нәтижесінде жеке тұлғалар үшін бірыңғай
идентификациялық нөмір, ал заңды тұлғалар үшін бірыңғай бизнес
идентификациялық нөмір енгізілмек. Бұл мәліметтер базасын жасау кезінде
қандай да бір қателікке жол бермеу үшін жасалғалы отыр. Осылайша
электронды үкіметті дамытудың бірінші кезеңі аяқталады. Электронды
үкіметтің екінші интерактивті кезеңінде Ұлттық куәләндыратын орталық
құрылатын болады. Бұл орталық әрбір жеке тұлға мен заңды тұлғаны электронды
үкімет жүйесіне кіру кезінде аудиоидентификациялауға мүмкіндік береді. Бұл
азаматтың электронды үкімет жүйесіне енуіне мүмкіндік беретін электронды
сандық (цифрлы) қолды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Электронды үкіметті» қалыптастыру және дамыту туралы
«Электронды үкімет»
Электрондық үкімет деген не
Электронды үкімет инфрақұрылымы
Электрондық үкіметтің әлемдік тәжірибесі және оның Қазақстандағы қалыптасуы (салыстырмалы саяси талдау)
ҮКІМЕТТІ БАСҚАРУДЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫ ӘДІСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ
Шетелдік электронды үкімет
Қазақстан Республикасының атқарушы билік органдарын ұйымдастыру мен қызметінің қағидалары
Электронды үкіметті құру мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асырылу нәтижелері
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметі
Пәндер