Физиологияның пәні, әдісі, дамуының негізгі этаптары, оның маңызы


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

13. Лекция тезистері

Физиологияның пәні, әдісі, дамуының негізгі этаптары, оның маңызы

Дәрістің мақсаты : Физиология ғылымының дамуы жөнінде қысқаша шолу.

Физиологияның қазіргі жағдайы жөнінде жалпы түсінік беру. Зерттеу

обьектілері мен әдістері. қазіргі биология пәндерінің арасындағы

физиологияның ролі.

Дәрістің жоспары:

1. Физиологияның пәні, әдісі, дамуының негізгі этаптары, оның маңызы

2. Физиология-организм функциялары туралы ғылым екендігіне анықтама

3. Физиология дамуының тарихы

4. Физиологияның зерттеу әдістері

5. Ғылым дамуының қазіргі этаптарындағы физиология. Физиология дамуы үшін физика, химия, электроника, кибернетика, радиотехника жетістіктерінің маңызы.

Физиология тірі ағзаның оның жеке жүйелерінің мүшелерінің ұлпаларының және жасушаларының әрекетін, атқаратын қызметін жүйелі түрде адам ағзасының ішкі және сыртқы ортасымен байланыстыра зерттейтін ғылым. Физиология анатомия мен гистологиядан бөлініп шыққанан бастап, физика мен химияның әлдістерін қолдана отырып, үрдіс дамып келе жатқан ғылым саласы. Оның дәлелелі ретінде қазіргі физиологиядан жеке ғылым ретінде биохимия, биофизика, эндокринология, жүйке физиологиясы, т. б. бөлініп шықты.

Физиология өзінің ғылыми бағытына және көздеген мақсатына сәйкес бір-біріне тығыз байланысты және жеке дамитын бірнеше салаларға, жалпы, салыстырмалы, жеке жас, қолданбалы болып бөлінеді.

Жалпы физиология - ағзаның жасушалары мен ұлпаларына мүшелеріне бірдей тән негізгі тіршілік әрекетінің табиғатын, қызметтерінің жалпы көрсеткіштерін, қасиеттерін зерттейді. Олардың сыртқы және ішкі ортаның әр түрлі әсерлеріне жалпы жауабын тітіркену, қозу, тежелу т. б. құбылыстар туралы мәліметтерді қарайды.

Салыстырмалы физиология - әр түрге жататын ағзалардың өзіне тән қызмет ерекшеліктерін немесе бір түрге жататын ағзаның әртүрлі тіршілік кезеңдеріндегі қызмет ерекшеліктерін зерттейді (қазіргі уақытта-эволюциялық даму физиологиясы деп аталады. )

Жеке физиология - кейбір жануарлар түрлерінің, мысалы, малдар, өсімдіктер, адам ағзаларының қызметін зерттесе, немесе адам физиологиясының ішінен жеке мүшелердің бауырдың, бүйректің, жүректің, жүйке жүйелерінің т. б. қызметі мен ерекшеліктерін зерттейді.

Жас ерекшеліктер физиологиясы - адам ағзасының тіршілік әрекетінде онтогенездік даму барысындағы өзгерістерді анықтайды.

Қолданбалы физиология - адамның әлеуметтік жағдайлары мен мақсатты іс-әрекетіне байланысты ағзадағы өзгерістерді, оның заңдылығын анықтайды. Оған еңбек физиологиясы, спорт физиологся, тамақтану, қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларының ағза қызметіне әсері, экологиялық физиология дамып отыр. Сонымен қатар кейбір мамандық саласында адам ағзасы әр алуан төтенше жағдайлар мен орасан жүктемелер әсеріне тап болады. Мысалы, су асты, ауада, ғарышта, соған сәйкес су асты, авиация, ғарыш физиологиялары үрдіс дамуда.

Қалыпты жағдайдағы және дене жұмысы кезіндегі (денені шынықтыру немесе машықтану) адам ағзаларының тіршілігіне бейімделу қызметтерін адам физиологиясы оқып үйретеді.

Физиология анатомия ғылымымен өте тығыз байланысты, себебі екеуінің зерттеу оьбектісі адам, егер анатомия тірі адамның құрылысын, құрылымын зерттесе, ал физиология оның атқаратын қызметін тексереді, физиология ұлпалардың жасушалардың құрылысы мен даму заңдылықтарын зерттейтін ғылымдар гистологиямен және цитологиямен де байланысты.

Физиологияда қолданылатын тәжірибелерде физика мен химиялық әдістер пайдаланылады, себебі әрбір тірі ағзада болып жататын зат, қуат алмасу процестерінің өзі физикалық және химиялық құбылыстар болып табылады. Сондықтан да бұл сана үрдіс дамып, ғылымның жеке бөлімдері биологиялық химия және биологиялық физика салалары дамып шықты.

Соңғы уақыттарда физиология үшін кибернетика ғылымының маңызы өсіп отыр. Кибернетика- басқарудың жалпы принциптері туралы ғылым, ол машина мен тірі ағзалардың байланысын зерттейді. Ол математика және физика ғылымдарына сүйене отырып ағзадағы әртүрлі мүшелердің қызметін реттеудің жалпы принциптерін, байланысын ашуға көмектеседі.

Физиология сонымен қатар барлық медицина ғылымдарымен тығыз байланысты. Бұл байланыс туралы «И. П. Павлов (1849-1936) былай деген: медицина тек қана физиологиялық деректермен күннен күнге толықтырылып отырғанда ғана, адам денесіндегі бұзылған механизмдерді дәл тауып, дұрыс емдей алады, яғни шын мәнінде өз мақсатын орындайды». Оған көптеген дәлелдерде келтірілген. Мысалы, 1. Ас қорыту физиологиясының дамуы ас қорыту жолдарының ауруларын түсінуге, тамақтану ерекшеліктерін уағыздауға негіз болады. 2. Витаминдерді зерттеу мешел (рахит) немесе қырқұлақ ауруларымен күресуге көмектесті. 3. ұйқы безінің гормоны инсулиннің

ашылуы және оны жасап шығару қант ауруымен ауыратын миллиондаған аурулардың өмірін ұзартуға көмектесті.

Физиолгия- сонымен қатар психология және педагогика ғылымдарымен де ұштасып, байланысады. Мысалы, И. П. Павлов ашқан жоғары жүйке жүйесі туралы ілім психология мен педагогика ғылымдарының негізі болып табылады, мұғалімдердің жас жеткіншектер ағзасының жастық ерекшеліктерін түсінуге дұрыс тәрбиелік жұмыстар жүргізуге көмектеседі.

Физиология пәнін де дене шынықтыру мен спорт саласының және салауатты өмір салтын уағыздайтын мамандар оқып үйрену арқылы өздерінің кәсіби дайындығын тереңдетеді. Ағзаның қызметін білмей, дене жұмысы арқылы оның күшін қалыптастырып дамыту немесе денсаулықты сақтау мүмкін емес, физиологияны терең білмеген дене шынықтыру саласының мамандары (мұғалім немесе бапкер) оқу-жаттығу сабақтарын тиімді болатын құбылыстардың, физиологиялық механизмдердің өзгеруін түсіне алмайды. Оқу жаттығу жұмыстары дұрыс ұйымдастырмаса, спортшының денсаулығына зиян келуі мүмкін немесе ол сабақтар ешқандай нәтиже бермеуі мүмкін.

Физиологияның даму кезеңдері

Физиологияның дамуы көне заманнан басталады. Біздің жаңа дәуірге дейінгі 14-15 ғасырларда Ертедегі Египетте адам мумиясын дайындауда олардың ішкі мүшелерімен жақсы таныс болған. Дәрігер фараон Унастың мазарында көне медициналық аспаптар бейнеленген. Ертедегі Қытай мамандары тек жүрек соғу жиілігінің ерекшелігі арқылы 400-ге жуық ауруларды ажырата алған. 4-5 ғасырларда (жаңа дәуірге дейінгі) адам ағзасының қызметін өзгертетін ерекше нүктелер туралы ілім қалыптасып, қазіргі уақыттағы инемен, рефлексотеропиямен емдеудің негізі қаланған. Ертедегі Қытай, Үнді, Грек, Орта Азия елдерінің ойшыл ғұламалары, дәрігерлері ағзаның құрылысы мен тіршілік әрекеттері туралы көптеген мәліметтер жинаған. Мәселен, жаңа дәуірге дейінгі 4-ғасырда өмір сүрген ертедегі Грецияның атақты дәрігері Гиппократ (б. э. д. 460-377 ж. ж. ) ағза құрылысының негізін төрт түрлі сұйықтық, қан (sanglus), сілекей (ph)

2-тақырып. Қозғыш құрылымдар физиологиясы

Дәрістің мақсаты: Клетка физиологиясының негіздері. Клетка қызметтерінің реттелуі. Тітіркендіру, тітіркендіргіштік және тітіркену. Қозғыштық және қозу. Жүйке импульстерінің таралу шапшаңдығы туралы мәлімет.

Дәрістің жоспары:

1. Қозғыш құрылымдар физиологиясы

2. Тітіркену және тітіркендіргіштер қозғыштың және қозу биоэлектрлік құбылыстарды зерттеу тарихы мен жазып алу тәсілдері.

3. Биоэлектрлік құбылыстар механизмі

Тірі организмдер екі түрлі қалыпты жағдайда болады: физиологиялық тыныштық және физиологиялық белсенділік.

Физиологиялық тыныштық деп органимзнің көзін жұмып, тыныш, ештеңені ойламай, тыңдамай денесін босатып, демалып, ояу жатқан қалпын айтады. Бұл кезде организмнің өзінің тіршілігіне қажетті құрылымдары (жүрек-қан тамырлар, тыныс алу, зәр шығару ) белгілі шамада қызмет атқарады. Бұл кезде ұлпалардың клеткаларында белгілі мөлшерде зат алмасуы жүріп жатады. осындай қалыпты сыртқы ортаның қандай да болмасын бір жағдайлары әсер етсе, органимз физиологиялық тыныштықтан физиологиялық белсенділікке ауысады. Организмнің қандай да болмасын жеке мүшесі немесе мүшелер жүйесі, тіпті бүкіл организмнің қызмет атқаратын жағдайын физиологиялық белсенділік дейді. Физиологиялық белсенділік кезінде зат алмасуы артады, бірнеше мүшелер, мүшелер жүйелері қызметі күшейтеді. Мысалы, тамақ ішкеннен кейін ас қорыту мүшелері қызметі атқаруына байланысты оларға қоса жүрек-қан тамырлар, тыныс, зәр шығару жүйелерінің қызметі күшейеді. Мұндай жағдайда сыртқы ортаның әсері денедегі ұлпаларды, клеткаларды тітіркендіреді.

Адам денесіндегі көпшілік тірі клеткалардың тітіркену қасиеті болады. Тітіркену деп сыртқы және ішкі орталардың түрлі әсерлеріне жауап беру қабілетін айтады. Сыртқы және ішкі орталардың әсерлерін тітіркендіргіш деп атайды. олардың әсерінен организм, оның жеке ұлпалары физиологиялық тыныштықтан белсенділікке ауысады. Тітіркендіргіштерді тегіне қарай төртке бөледі: физикалық, химиялық, физико-химиялық және биологиялық тітіркендіргіштер.

Физикалық тітіркендіргіштер деп түрлі механикалық (соққы, шаншу, қысым) және электрлік әсерлерді айтады.

Химиялық тітіркендіргіштерге тамақтың құрамындағы органикалық және бейорганикалық заттар, дәрілер, улы заттар, сілтілер, қышқылдар, тұздар және олардың ерітінділері тәрізді көптеген химиялық заттардың әсері жатады.

Физико-химиялық тітіркендіргіштерге ерітінділердегі заттардың парциалдық қысымы, осмостық қысымы, иондардың және түрлі заттардың концентрация айырмашылықтарының әсері жатады. (айталық, 5 пайыз және 7 пайыз тұз қышқылының ерітінділерінің әсерінің айырмашылығы)

Биологиялық тітіркендіргіштерге түрлі макро және микроорганизмдердің әсерін жатқызуға болады.

Тітіркендіргіштердің әсерінен тітіркене алатын ұлпаларды тітіркендіргіш ұлпалар деп атайды. Оларға нерв, ет, без ұлпалары жатады. олар тітіркендіргіштің әсеріне қозумен жауап береді. Қозу аталған ұлпалардың жұмыс қабілеті. Қозу кезінде бұл ұлпалардың электрлік және биохимиялық қасиеттері өзгереді, ұлпалар қызмет атқарады, олардың қызметі күшейеді.

Сыртқы ортаның кейбір тітіркендіргіштері әсер еткенде қозғыш ұлпалардың қозуы бәсеңдейді немесе мүлде тоқтап қалады. Мұны тежелу деп атайды. Тежелу де қозу іспетті тірі ұлпалардың белсенді қызмет атқару күйі. Бірақ тежелу кезінде жеке мүшелерде немесе организмде бұрын басталған қызмет баяулайды, я болмаса мүлде тоқталады. Тірі ұлпалардың электрлік қасиетін биоэлектрлік құбылыс деп атайды. Көп клеткалы организмдерде сыртқы және ішкі орталардың мәліметтерін қабылдап, сақтап, талдап, бір жерден екінші жерге жеткізу, қажетіне қарай қайтадан жаңғырту тарихи даму барысында қалыптасқан электр сигналдары арқылы іске асады.

Электр күшін тудыратын қуат клетка мембранасының ішкі және сыртқы жағында орналасқан оң (+) зарядты натрий, калий, кальцийдің катиондары мен түрлі теріс зарядты (-) аниондарға байланысты. Олардың бір-біріне градиенттік қатынасы (мембрананың иондық тартқышы) деп аталатын арнайы молекулалық құрылымның қызметіне негізделген. Энергия көзі саналатын иондық тартқыш- аденозиүшфосфор қышқылы (АТФ) ферменттердің әсерінен ыдырай кезінде пайда болатын энергияны (яғни зат алмасуынан пайда болатын энергияны) жұмсайды.

Тыныштықтағы клетка мембранасының сырты мен ішіндегі потенциал айырмашылықтарын мембрананың потенциаля немесе тыныштық тоғы деп атайды.

Қызмет атқарған клетканың мембранасы мен тыныштықтағы клетка мембранасының потенциал айырмашылығын әрекет потенциалы дейді. Тыныштық тоғы 50-90 мВ-қа дейін болады.

Бақылау сұрақтары :

1. Физиология пәні, әдісі, дамуының негізгі этаптары.

2. Физиологияның зерттеу әдістері

3. Физиология дамуының тарихы.

3-тақырып. Нерв жүйесінің физиологиясы

Дәрістің мақсаты : Нерв жүйесінің эволюциясының негізгі кезеңдері. Жүйке клеткаларының құрылысы. Вегетативтік жүйке жүйесі. Жұлын, оның құрылысы, эфферентті және аралық нейрондардың орналасуы жайында жалпы түсінік.

Дәрістің жоспары :

1. Нерв жүйесінің физиологиясы

2. Нерв жүйесінің маңызы, оның дамуы, зерттеу әдістері

3. Нерв ұлпасының негізгі құрылымдары

4. Нерв талшықтарының құрылым мен функциясы. Синапстар ОНЖ-дегі қозу және тежелу

Жүйке жүйесі ағзада тарихи ұзақ даму нәтижесінде қалыптасқан. Эволюциялық даму кезеңінде де жануарлар сияқты адамдар ағзасындағы жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі сыртқы ортаның түрлі құбылыстарына байланысты өзгеріп, күрделеніп отырған. Өйткені ағзаның сыртқы ортаға үнемі бейімделуі қажет болады. Осыған байланысты кез келген тірі мақұлықтың тіршілік етуі үшін өзінің айналасындағы сыртқы және ішкі ортамен, яғни денедегі мүшелердің қызметтерімен тығыз байланыста болуы керек. Сонымен бірге олардың мүшелері мен ұлпалары өзара тұрақты байланыста болып, күрделі физиологиялық жұмыс атқаруына тура келеді. Бұл жағдайлар сөздің пайда болуына байланысты адам баласы да өте жоғары дәрежеге көтерілген, адамдар көрмесе де сөз арқылы сол нәрсенің бейнесін, мазмұнын түсіне білді. Олар естігенін есте сақтауға бейім болды. Жүйке жүйесінің маңызы, адамның қимылын реттеп басқарып отырады. Жүйке жүйесі адамның психологиялық құбылысын да басқарып отырады. Ес, ақыл, ой, қалау т. б. осындай жағдайлардың барлығы да жүйке жүйесінің үлесіне тиетін іс-әрекет.

Жүйке жүйесінің қызметі бұзылса, адам айналасындағы дүниені түсіне алмайды. Ондай адамдар кейде сал ауруына ұшырап, қимылсыз қалады. Адамдардың кейде жақсы мен жаманды, алыс пен жақынды ажырата алмауы -ми қызметінің бұзылуы нәтижесі.

Ағзаны сыртқы ортмен байланыстытырып, оған бейімдеп отыратын жүйке жүйесінің әрекеті жүйке жүйесінің жоғары дәрежелі қызметі болып табылады. Ал тек қана денедегі мүшелердің қызметін ғана реттеп, келістіретін және басқаратын жүйке жүйесінің әрекеті жүйке жүйесінің төменгі дәрежелі қызметі деп аталады. жұлын, ми және жүйке талшықтары аса күрделі жұмыстарды басқарып, реттейтін жалпы жүйке жүйесі болып табылады. жүйке жүйесі морфологиялық құрылысы мен қызметтеріне қарай, сондай-ақ дененің қай мүшелерін жүйкелендіруне байланысты үш бөлімге бөлінеді.

Орталық жүйке жүйесі. Бұл бөлімге жұлын мен ми жатады. жұлын мен ми -жүйке жүесінің нағыз орталығы. Өйткені сыртқы және ішкі ортадан келетін тітіркендіргіштердің барлығы осы бөлімдерде талдап анықталады.

Қиян (перифериялық) жүйке жүйесі. Жұлыннан шыққан 31 жұп жүйкелер және мидан шыққан 12 жұп жүйкелер осы бөлімге жатады. қиян жүйкелер орталық жүйке жүйесін дененің сыртқы аймағында орналасқан мүшелермен байланыстырып тұрады. Тері, бұлшықет, буын, дененің сыртқы аймағындағы мүшелер болып табылады.

Ерекшеленген (вегетативті жүйке жүйесі) . Бұл бөлімге симпатикалық және парасимпатикалық жүйкелер жатады. бұлар да орталық жүйке жүйесінен таралады. Бірақ қозғылы жүйке жүйесі тек ішкі мүшелерді ғана жүйкемен жабдықтайды.

Жүйке жүйесі жүйке ұлпасынан түзіледі. Жүйке ұлпасының нейрон жүйке жасушасынан түзіледі. Нейрон жүйке жүйесінің құрылыстық іс-әрекеттік бірлігі болып саналады. әрбір нейронның денесі және ұзынды-қысқалы өсінділері болады. Оның тармақталған қысқа өсінділері дендрит, ал ұзын өсіндісі аксон немесе нейрит деп аталады. аксонның тармақталған ұшы мүшелерге жалғасады. Аксонның өсіндісі жүйке талшығы деп аталады. нейрондардың денесі жұлын мен мида орналасып, бір-бірімен дендрит өсінділері өсінділері арқылы байланысады. Нейронның аксондық ұзын өсіндісі немесе жүйке талшығы жұлын мен мидан шығып, денедегі барлық мүшелерге таралады. Жұлыннан немесе мидан шыққан бірнеше жүйке талшықтары бірігіеді де қабық қаптайды. Оны жүйке тамыры деп атайды. Сонда әрбір жүйке тамырында бірнеше жүйке талшықтары болады. Жүйкелердің ұзындығы жүйкеленетін мүшелердің орталық жүйке жүйесінен қаншалықты алыс-жақын орналасуына байланысты әр түрлі болады. Кейбіреуі өте қысқа, ал кейбіреулерінің ұзындығы мертден асады.

Жүйкелердің негізгі қасиеті-тітіркену және қозуды өз бойымен өткізу. Теріні, бұлшықетті тітіркендіретін тітіркендіргіштердің барлығы жүйкені де тітіркендіреді. Нейронның денесінен яғни орталық жүйке жүйесінен келетін жүйкелік қозу жүйкенің ұшындағы сезім мүшелеріне әсер етеді. Жүйкенің өзінде қозу пайда болмайды. Сондықтан да жүйкенің екі ұшындағы мүшелерден пайда болған қозу орталықтан алшақ жатқан мүшелерге қарай және алшақ жатқан сезім мүшелерінен орталыққа қарай өткізіп тұрады. Жүйкенің осы қызметіне байланысты жүйкелер 2 топқа бөлінеді: 1) қимыл таратқыш әсерлі ) эффакторлы) және 2) орталыққа баратын сезім таратқыш (эфферентті) қабылдағыш нейрон.

Қимылтаратқыш нейрондар қозуды жұлын немесе мидан алшақ аймақтағы мүшелерге жеткізеді. Бұл жүйкелердің ұшы мүшелердің бұлшықеттеріне жалғасса, онда қимыл жүйкесі, ал бездерде болса шырыштық немесе секреттік жүйке деп аталады.

Сезім таратқыш нейрондардың қозуы денедегі әр түрлі мүшелерден орталық жүйке жүйесіне қарай өтеді. Мұндай сездіргіш жүйкелердің қозғалысы да, құрылысы да бірдей болады.

Орталық жүйке жүйесі арқылы ағзаның тітіркендіруге жауап беруі рефлекс деп аталады. мысалы: тізе сүйегінен төмендеу жерден сондағы төрт басты бұлшықеттің сіңірін балғамен жайлап ұрса, бұлшықеттің қатты жиырылуынан аяқтың басы жоғары қарай серпіледі. Көзге жарық күшті әсер етсе, көздің қарашағы тарылады, нәресте аузына салғанда оны емеді. Мұның барлығы рефлекстердің өте сан алуан көп екенін көрсетеді.

Жүйкенің қозғанда жүріп өтетін жолы рефлекс доғасы деп аталады. рефлекс доғасының ең қарапайым сызба нұсқасы қозудың жұлынға қайтаратын жауабы болып есептеледі. Мысалы, жұлынын қалдырып, басы кесілген бақаның артқы аяғын қысқышпен қыссақ, ол аяғын сілтеп, қимыл рефлексімен жауап қайтарады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Физиология пәні және оның мәселелері
Оқушылардың физиологиялық дамуы пәні
Адам мен жануарлар физиологиясы
Физиологияға ғылым ретінде жалпы сипаттама
Физиологияның даму тарихы
Патологиялық физиология пәні және патологиялық физиологияға үлес қосқан ғалымдар.Ауру туралы жалпы түсінік
Физиологияның даму кезеңдері
Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы пәнінің оқұ-әдістемелік кешені
Жас ерекшеліктер физиологиясы пәні, міндеттері, басқа ғылымдармен байланысы
И.М. Сеченов пен И.П.Павловтың физиология дамуындағы рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz