Тәрбиенің теориялық және әдістемелік негіздері



1. Тәрбие процесінің мәні мен мазмұны.
2 Тәрбиенің заңдылықтары
3 Тәрбие заңдылықтары мен принциптпері, олардың өзара байланысы
4 Қазіргі кездегі жалпы білім беретін оқу орындарындағы тәрбиенің ерекшеліктері
Бақылау сұрақтары
« Жас бала - жаңа өркен жайған жасыл ағаш тәрізді», -дейді халқымыз. Жерге отырғызған жас көшетте қашан тамыры тереңдеп, жапырағы жайқалып, саялы ағаш болып үлкейгенше мәпелеп кұтіп, үзбей тәрбиелеуді керек етеді
Тәрбие кездейсоқ оқиға емес, ол қоғамның пайда болуына тән қасиет.
Тәрбие - жеке тұлғаның санасына, мінез-құлқыны.щ дұрыс қалыптасуына әсер ететін құрал.
Тәрбие процесінде жеке тұлғаның сана-сезімі мен ақыл-ойына жүйелі түрде әсер етіп, оның дүниетанымын қалыптастырады, ерік-жігері мен моральдық бейнесінің қалыптасуына оң ықпал етеді.
Сондықтан да тәрбиенің мәнісі біріншіден, қоғеам үшін саналы, белсенді азаматты қалыптастыру болса, екіншіден, жеке адам үшін оны өмір сүре білуге, өзін қоршаған ортамен қарым-қатынас жасай білуге үйрету.
Адамды табиғат жаратса, қоғам әрбір жеке адамның қабілетін дамыту үшін бәріне бірдей жағдай жасап, ортақ тәрбие беруге тиіс. Олай болса, тәрбие процесі деп қогамның, талап-тілектеріне сай әрбір жеке тұлғаның ақыл ойын, сана сезімін, ерік-жігерін, мінез-құлық ерекшеліктерін жүйелі түрде қалыптастырып, дамытудағы тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара әрекетін айтамыз.
Тәрбиенің қоғамдағы атқаратын қызметіне орай ӨЗІНдік ерекшеліктері бар.
Тәрбие - қоғамдық құбылыс. Өйткені қоғамның материалдық жағдайының өсуі, идеалогиясының өзгеруімен байланысты тәрбиенің мақсат-міндеттері, мазмұны мен оны ұйымдастыру тәсілдері толығып, жаңа жағдайға сәйкес жақсарып отырады.
Тәрбие - мақсатты процесс. Тәрбие мақсаты айқын әрі нақты өмір жағдайына сай белгіленсе ғана өз нәтижесін дұрыс береді. Оны тәрбиешілердің өз қалауымен анықтауға болмайды. Себебі тәрбие мақсаты қоғамның, мемлекеттің әл-ауқаты және оның саясатымен әрқашан да тығыз байланысты болады.
Тәрбие біртұтас процесс. Себебі тұлға жеке адам ретінде тәрбиеленеді. Сондықтан да жеке тұлғаның кісілік қасиеттерін қалыптастыру жеке-дара атқарылмайды, керісінше бір мезгілде, бірыңғай жағдайда жүзеге асырылады. Өйткені тұлғаның қалыптасып, дамуы тұтас процесс.
Тәрбие – ұзақ әрі кұрделі процесс. Жеке адамның қалыптасуы бүтіндей бір дәуірді қажет етеді. Адам баласы туғаннан бастап, есейіп ержеткенге дейін тәрбиенің ықпалында болса, кейінгі уақытта ол өзін-өзі тәрбиелеу процесімен жалғасып отырады. Екіншіден, тәрбиелеу барысында қойылған мақсаттың нәтижесін жуық арада байқауға болмайды. Өйткені әрбір жеке тұлғаның мінез-құлқында дара ерекшеліктері, қабілеттері, дүниетанымы бірыңғай қалыптасып дамымайды. Оған ықпал ететін ішкі және сыртқы факторлардың да әсері мол.
Тәрбие - кәпжақты процесс. Жасөспірімдерді азамат етіп тәрбиелеу, қоғамдық пайдалы еңбекке өзірлеу процесі қоғамның барлық азаматтарының міндеті, отбасы, мектеп жұртшылықпен бірлесіп атқаратын ортақ мақсаты. Дегенмен де ата-аналар мен жұртшылык, әрекетін қадағалап, бағыт-бағдар беріп, олардың бала тәрбиесіндегі жұмыстарын бірыңгай ұйымдастырып отыратын - ұстаздар тобы. Оның орталығы мектеп.
Жеке тұлғаны қалыптастырып дамытуда өзін-өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеудің маңызы
Тәрбие процесінде тұлғаның кісілік қасиеттерін қалыптастыруда ықпал ететін факторлар жүйесінде өзін-өзі тәрбиелеудің орны ерекше. Тәрбиедегі даналық сол -оған тәрбиеленушілердің өздерін белсенді түрде қатыстыру. Олардың болашағын өздерімен бірге ақылдасып шешу. Мұндағы көздейтін негізгі мақсат - тәрбиенің міндеттеріне сай атқарылатын жұмыстар тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеудегі міндеттерімен ұштастыра жүргізу. Осындай жұмыстардың негізінде жалпы тәрбиелік мақсат пен міндеттер өз нәтижесін береді.
Өзін-өзі тәрбиелеу, ең алдымен жеке тұлғаның адамгершілік және интеллектуалдық жетілу формасында көрінеді. Тұлғаның рухани жан-дүниесі байып, соның негізінде адамгершілік қасиеттері жетілген сайын олар өз мінез-құлқындағы, жүріс-тұрысындағы кемшіліктерге жолдастары мен ұстаздары және ата-анасы, туысқандары сын көзбен қарай бастайды.
Әдетте, өзін-өзі тәрбиелеу процесі жеткіншек шағынан бастау алады. Осы кезеңде олардың қылықтарында үлкендерге еліктеу, бой түзеу, өз бетінше әрекет жасау, өздерін көрсетуге ұмтылуы және әр нәрсеге қызығушылығы артады. Есейген сайын өздері мен жолдастарының қылықтарына сын көзбен қарап, баға беруге, білгендері мен оқығандарын талқыға салуға, өздері оқыған әдеби кітаптағы кейіпкерлер мен көк экраннан көрген жағымды бейнелерге, т.с.с. ұқсауға тырысу басымырақ келеді.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ТӘРБИЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
2.1. Тәрбие процесінің мәні мен мазмұны. Тәрбиенің заңдылықтары
Тәрбие процесі, оның мәні мен өзіндік ерекшеліктері
Тәрбиелеу дегеннің мәнісі не?
Жас бала - жаңа өркен жайған жасыл ағаш тәрізді, -дейді халқымыз.
Жерге отырғызған жас көшетте қашан тамыры тереңдеп, жапырағы жайқалып,
саялы ағаш болып үлкейгенше мәпелеп кұтіп, үзбей тәрбиелеуді керек етеді
Тәрбие кездейсоқ оқиға емес, ол қоғамның пайда болуына тән
қасиет.
Тәрбие - жеке тұлғаның санасына, мінез-құлқыны.щ дұрыс
қалыптасуына әсер ететін құрал.
Тәрбие процесінде жеке тұлғаның сана-сезімі мен ақыл-ойына
жүйелі түрде әсер етіп, оның дүниетанымын қалыптастырады, ерік-жігері мен
моральдық бейнесінің қалыптасуына оң ықпал етеді.
Сондықтан да тәрбиенің мәнісі біріншіден, қоғеам үшін саналы,
белсенді азаматты қалыптастыру болса, екіншіден, жеке адам үшін оны өмір
сүре білуге, өзін қоршаған ортамен қарым-қатынас жасай білуге үйрету.
Адамды табиғат жаратса, қоғам әрбір жеке адамның қабілетін дамыту
үшін бәріне бірдей жағдай жасап, ортақ тәрбие беруге тиіс. Олай болса,
тәрбие процесі деп қогамның, талап-тілектеріне сай әрбір жеке тұлғаның ақыл
ойын, сана сезімін, ерік-жігерін, мінез-құлық ерекшеліктерін жүйелі түрде
қалыптастырып, дамытудағы тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара
әрекетін айтамыз.
Тәрбиенің қоғамдағы атқаратын қызметіне орай өзіндік ерекшеліктері
бар.
Тәрбие - қоғамдық құбылыс. Өйткені қоғамның материалдық
жағдайының өсуі, идеалогиясының өзгеруімен байланысты тәрбиенің мақсат-
міндеттері, мазмұны мен оны ұйымдастыру тәсілдері толығып, жаңа жағдайға
сәйкес жақсарып отырады.
Тәрбие - мақсатты процесс. Тәрбие мақсаты айқын әрі нақты өмір
жағдайына сай белгіленсе ғана өз нәтижесін дұрыс береді. Оны тәрбиешілердің
өз қалауымен анықтауға болмайды. Себебі тәрбие мақсаты қоғамның,
мемлекеттің әл-ауқаты және оның саясатымен әрқашан да тығыз байланысты
болады.
Тәрбие біртұтас процесс. Себебі тұлға жеке адам ретінде
тәрбиеленеді. Сондықтан да жеке тұлғаның кісілік қасиеттерін қалыптастыру
жеке-дара атқарылмайды, керісінше бір мезгілде, бірыңғай жағдайда жүзеге
асырылады. Өйткені тұлғаның қалыптасып, дамуы тұтас процесс.
Тәрбие – ұзақ әрі кұрделі процесс. Жеке адамның қалыптасуы
бүтіндей бір дәуірді қажет етеді. Адам баласы туғаннан бастап, есейіп
ержеткенге дейін тәрбиенің ықпалында болса, кейінгі уақытта ол өзін-өзі
тәрбиелеу процесімен жалғасып отырады. Екіншіден, тәрбиелеу барысында
қойылған мақсаттың нәтижесін жуық арада байқауға болмайды. Өйткені әрбір
жеке тұлғаның мінез-құлқында дара ерекшеліктері, қабілеттері, дүниетанымы
бірыңғай қалыптасып дамымайды. Оған ықпал ететін ішкі және сыртқы
факторлардың да әсері мол.
Тәрбие - кәпжақты процесс. Жасөспірімдерді азамат етіп тәрбиелеу,
қоғамдық пайдалы еңбекке өзірлеу процесі қоғамның барлық азаматтарының
міндеті, отбасы, мектеп жұртшылықпен бірлесіп атқаратын ортақ мақсаты.
Дегенмен де ата-аналар мен жұртшылык, әрекетін қадағалап, бағыт-бағдар
беріп, олардың бала тәрбиесіндегі жұмыстарын бірыңгай ұйымдастырып
отыратын - ұстаздар тобы. Оның орталығы мектеп.
Жеке тұлғаны қалыптастырып дамытуда өзін-өзі тәрбиелеу мен қайта
тәрбиелеудің маңызы
Тәрбие процесінде тұлғаның кісілік қасиеттерін қалыптастыруда
ықпал ететін факторлар жүйесінде өзін-өзі тәрбиелеудің орны ерекше.
Тәрбиедегі даналық сол -оған тәрбиеленушілердің өздерін белсенді түрде
қатыстыру. Олардың болашағын өздерімен бірге ақылдасып шешу. Мұндағы
көздейтін негізгі мақсат - тәрбиенің міндеттеріне сай атқарылатын жұмыстар
тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеудегі міндеттерімен ұштастыра жүргізу. Осындай
жұмыстардың негізінде жалпы тәрбиелік мақсат пен міндеттер өз нәтижесін
береді.
Өзін-өзі тәрбиелеу, ең алдымен жеке тұлғаның адамгершілік және
интеллектуалдық жетілу формасында көрінеді. Тұлғаның рухани жан-дүниесі
байып, соның негізінде адамгершілік қасиеттері жетілген сайын олар өз мінез-
құлқындағы, жүріс-тұрысындағы кемшіліктерге жолдастары мен ұстаздары және
ата-анасы, туысқандары сын көзбен қарай бастайды.
Әдетте, өзін-өзі тәрбиелеу процесі жеткіншек шағынан бастау алады.
Осы кезеңде олардың қылықтарында үлкендерге еліктеу, бой түзеу, өз бетінше
әрекет жасау, өздерін көрсетуге ұмтылуы және әр нәрсеге қызығушылығы
артады. Есейген сайын өздері мен жолдастарының қылықтарына сын көзбен
қарап, баға беруге, білгендері мен оқығандарын талқыға салуға, өздері
оқыған әдеби кітаптағы кейіпкерлер мен көк экраннан көрген жағымды
бейнелерге, т.с.с. ұқсауға тырысу басымырақ келеді.
Өзін-өзі тәрбиелеу - өзіңді-өзің саналы, жоспарлы, жүйелі түрде
қолға алу деп түсіндіруге болады. Ол жеке тұлғаның өзіне қоятын талаптар
жүйесін қамтиды, өз кезегінде бұлар қоғамның талаптарына тәуелді болып
іселеді. Мұндай өзара қатынас, тәрбие жұмысының мақсатын нәтижелі етіп
ұйымдастыруда тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің әрекетін жандандырады,
тұлғаньщ саналы әрекеті мен белсенділігін, құштарлығын дамі.і-
тады.
Өзін-өзі тәрбиелеуде міндетті түрде қоғамдық-әлеуметтік
себеп болу керек. Себеп - тұлғаның мақсатқа жетуінде, оны саналы әрекетке
жетелейді.
Өзін-өзі тәрбиелеуде, сонымен қатар тұлғаның өзінің
қажетсіну сезімінің пайда болуының мәні зор. Себеп пен қажетсіну - өзін-өзі
тәрбиелеудің қөзгаушы күші болып табылады. Өзін-өзі тәрбиелеудегі негізгі
шарт себеп пен қажетсінуді қамтамасыз ету. Олай болмаған жағдайда, өзін-өзі
тәрбиелеуде нәтиже болмақ емес. Сонымеи бірге жас және дара ерекшеліктерін
ескеру міндетті.
Қорыта айтқанда, өзін-өзі тәрбиелеудің маңызы тұлғаның мінез-
құлқындағы кемшіліктері мен әрекетіндегі сәтсіздіктерді үнемі сын көзбен
қарап, оларды болдырмаудың тиімді жолдарын іздестіруді көздейді.
Ендігі жерде езін-езі тәрбиелеудін, шарттары мен жолдарына
тоқталайың.
Өзін-өзі тәрбиелеудің жолдары мынандай:
1. Тұлғаның өзін-өзі сендіруі;
2. Өзін-өзі бақылауы;
3. Өзін-өзі сынауы, т.б.
Өзін-өзі тәрбиелеуді ұйымдастыру тәсілдері:
1. Тұлғаның мәдени ой-өрісін кеңейтуде көркем-әдеби шығармаларын оқуы.
2. Мәдени ошақтарға үзбей баруы (кино, театр, мұра-жай, көрме, т.б.)
3. Соғыс және еңбек ардагерлерімен, өндіріс өзаттарымен, өнер
қайраткерлерімен қызықты кездесулерге қатысуы.
4 . Дене шынықтыру,спорт ойындарымен айналысуы.
5.Қоғамдық тапсырмаларды орындауы.
6.Арнайы күнделік дәптерін жүргізуі.
7. Өз мінез-құлқына баға беруі.
8. Өзнің алдында нақтылы міндеттер қойып отыруы.
9. Ұстаздар тарапынан тұлғаның мінез-құлқына, атқарған істерінің нәтижесіне
бақылау-басшылық жасауы, ақыл-кеңес беруі, бағалауы, кемшілікті жоюдың
жолын көрсетіп отыруы, т.б.
10. Ұжымда өзіндік есеп беруі.
Тәрбие процесінде тәрбиелеу, өзін-өзі тәрбиелеумен қатар
тұлғаны қайта тәрбиелеу жұмыстарының да атқарылатын кездері аз емес. Мұндай
жағдай кейбір жасөспірімдердің мінез-құлқында кездесетін қоғамға жат
қылықтары, соның негізінде өзіне жүктелген міндеттерді орындамау, тәртіп
бұзу, жолдастарынан оқшаулау керінуге тырысу немесе ұжымда жат қылықтары
жағынан жетекші болуға ұмтылуы және отбасында үлкен-дердің тілін алмауы,
өтірік айтуы, т.б. жағымсыз қасисеттерге бейім болуы негізінде пайда
болады.
Қайта тәрбиелеудің мәнісі баланың мінез-құлқында бұрыннан
қалыптасқан жағымсыз, зиянды дағдылар мен әдеттерді түзету, кемшіліктерді
жоюды көздейді.
Жасәспірімдерде кездесетін мұндай жат қылыңтардың пайда болуы
көбінесе:
1. Баланың айналасындағы жәнсіз ортадан;
2. Әр түрлі қолайсыз жағдайлардан;
3. Отбасы мен мектептің жіберген кемшіліктері әсерінен де пайда болады.
Осындай жағдайлар жасәспірімдерді қоғамға жат қылықтарды
істеуге, бұзақылық жасауға, құқықтық нормаларды бұзуға итермелейді.
Қайта тәрбиелеу - қиын да ұзақ процесс. Ол ұстаздар тарапынан
педагогикалық аса шеберлікті қажет етеді. Шеберлік - ұстаздың педагогтік
жұмысының жоғарғы сатысы. Қайта тәрбиелеу жұмыстарын нәтижелі ұйымдастыруда
тәмендегідей жағдайларды ескеру қажет деп есептейміз
1)балаға әсер ететін қолайсыз жағдайлардың себебін анықтау,оларды
болдырмаудың жолын іздестіру.
2)баланың мінез-құлқында кездесетін жат қылықтарын зерттеп тану.
3) баланың жеке басында кездесетін жағымды қасиеттерді анықтап, соған
сүйене отыра әр түрлі әрекеттерін ұйымдастыру, жақсы қасиеттерін дамыту;
4) қоғамдық пайдалы жұмыстарға араластыру, қызықты істерге қатыстыру;
5) ұстаздар мен ата-аналар тарапынан бақылауды күшейту;
6) баланың сенімі мен нанымын қалыптастыру, ол үшін оған жағдай туғызу,
оған сенім арту;
7) мұғалімдер мен ата-аналардың қиын балаға деген ынтымақты қарым-қатынасын
орнықтыру;
8) баланың бойында кездесетін жат қылықтардап арылу үшін жаттықтыру
жұмыстарын ұйымдастыру;
9) тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеуді қайта тәрбиелеумен ұштастыра жүргізу;
10) Қиын деп ат қойған баланы аластау, басқа мектепке ауыстыру секілді
мектеп тәжірибесінде кездесетін кейбір келеңсіз шараларды болдырмау, т.б.
Тәрбие заңдылықтары мен принциптпері, олардың өзара байланысы
Тәрбие процесін табысты, нәтижелі ұйымдастыру тәрбиешілерге,
алдымен тәрбие заңдылықтарын жете түсінуді қажет етеді.
Философия ғылымында заңдылық деген ұғымды құбылыстар мен
процестер арасында дамуды сипаттайтын мәнді байланыс деп түсіндіреді. Олай
болса, педагогикалық құбылыстар мен процестер арасындағы байла-ныс
мәселесін қарастырайық.
Педагогикалық құбылыстар деп тұлғаның өмір сүруі, әрекеттері
барысында жеке басында, айналасында кездесетін, ықпал ететін табиғи немесе
табиғи емес әр түрлі жағдайларды айтуга болады.
Тәрбие процесінің негізіне тұлғаның табиғатын,әлеуметтік
мәнін,қоғамдық өмірдің объективтік қажеттілігін білдіретін заңдылықтар
жатады.
Тәрбие заңдылықтарына:
1) баланың үнемі жетілуі, даму жағдайында болуы, бұл — табиғи заңдылық;
2) баланың өзінің түрлі әрекетінсіз және оның сыртқы орта мен табиғи қарым-
қатынасынан тыс тәрбие болмайды;
3) тәрбие мен дамудың бірлігі және өзара байланыстылығы;
4) тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігі және өзара байланыстылығы;
5) тәрбиеде бірыңғай дайын рецептің болмауы және оны қолдану мүмкін
еместігі;
6) қоғамның үнемі әркендеп дамуы, онда өмір сүріп отырған әрбір жеке
адамның кұш-қуаты мен өмірлік пөзициясына тәуелді екендігінде, сондықтан да
тұлға тәрбиесі, бұл - заңды құбылыс.
Кезінде аты әйгілі ғалымдар тек педагогикалық ережелерді
жаттап алу тәрбие процесінде оң нәтиже бермейтіндігін, керісінше тәрбиенің
ғылыми заңдыльпңтарын жете танып білудің қажеттілігіне баса назар аударуға
кеңес берген. Сондықтан да тәрбие заңдылықтарын жетік білмейінше тәрбиені
жетілдіру, дамыту мүмкін емес.
Педагогика ғылымында тәрбиенің заңдылықтарын ашып көрсетуді
негізгі міндет ретінде қарастырмаійды, керісінше оның заңдылықтары
негізінде қандай принциптерді қарастыру қажеттілігіне көптеп көңіл бөледі.
Сол себептен де кейбір жағдайларда тәрбие принциптері оның
заңдылықтары ретінде қарастырылады.
Принцип деген ұғым латын тілінде бастапқы, негізгі деген
түсінікті білдіріп, белгілі бір әрекет барысында басшылық ету идеясын
көздейді.
Олай болса, тәрбие принциптері деп тәрбие процесінде оның
мазмұнын, ұйымдастыру тәсілдері мен формаларын жүзеге асыруда
тәрбиешілердің пайдаланатын басты тәрбие идеяларының жиынтығын айтамыз.
Болмаса, мұны кейбір педагогикалық әдебиеттерде негізгі талаптар немесе
ережелер жүйесі деп те түсіндіреді. Тәрбие принциптері тәрбие
міндеттеріне сай анықталады.
Педагогика тарихының дамуында тәрбие принциптерінің төмендегідей
жүйесі қалыптасқан:
• тәрбиенің мақсаттылығы;
• тәрбиенің өмірмен, еңбекпен, қоғамдық құрылыс практикасымен
байланыстылығы;
• еңбек арқылы тәрбиелеу;
• жеке тұлғаға талап қоюшылық пен құрметтей білудің бірлігі;
• балалардың жас және дара ерекшеліктерін есепке алу;
• тәрбиенің жүйелілігі, бірізділігі және үздіксіздігін қамтамасыз ету;
• жеке тұлғаны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғамның әлеуметтiк даму жағдайында мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудi теориялық-әдiснамалық тұрғыда негiздеп, ғылыми-әдiстемемен қамтамасыз ету
Қазақ этнопедагогикасының негізінде студенттерге патриоттық тәрбие беру
Педагогика пәні бойынша бағдарлама
Жеткіншектерге құқықтық тәрбие берудің педагогикалық шарттары
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ҰЛТТЫҚ, ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ
Болашақ мұғалімдерді мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие беруге даярлау
Оқушыларға экономикалық тәрбие беру
Мектептің оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырушылық- әдістемелік басшылығы
Көпбалалы отбасында қазақ этнопедагогикасы негізінде ұлттық қасиеттерді қалыптастыру
Дене шынықтыру және спорт педагогикасы
Пәндер