Тұтас педагогикалық үрдістегі тәрбие. Дәрістер


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 105 бет
Таңдаулыға:   

1- Лекция тақырыбы: Тұтас педагогикалық үрдістегі тәрбие.

Лекция жоспары:

  1. Әлеуметтендіру және тәрбие. Тәрбие үрдісі туралы.
  2. Қазіргі заман педагогикасындағы қозғаушы күштер.
  3. Тәрбиенің ұлттық мәні.

1. Әлеуметтендіру және тәрбие. Тәрбие үрдісі туралы.

Адамның әлеуметтенуін қарастырмас бұрын адам табиғаты мен адамның даму үрдісіне қажетті шарттарды қарастырып алған орынды.

Тұлға күшінің табиғаты. Күш-толымды өмір, оның көптеген қыры мен мәні деген сөзі. Әскери, саяси, қаржылық, құқықтық дамадар ісінде күш бар. Дегенмен, адамдар мұндай күш иелеріне сене бермейді.

Тұлға күші басқа күш формасынан айырмасы бар. Сайлаушылар еркі мемлекеттік төңкеріс, брижа акциясының төмендеуі, мұғалім мен ата-ана және милиция қиқарлық, нұсқаушылары немесе жоғарылау төменге берге емес. Ол үстемдікке қатысы жоқ. Тұлға үстемдігі осалдардың көрінісі, олардың үрейі мен өззімшілдігінің белгісі.

Тұлға күші-білімге, бабылдық пен ынтымақтастыққа негізделеді. Тұлға күші-ақыл-ойды жүрегімен сезген және іске асырған даналығы мен тәжірибе

Тұлға күшін-молшылық, билік, даңқ және қызметтік жағдаймен салыстыруға болмайды. Мұндай күштілік уақытша қызмет жағдай, мәртебеге байланысты сағымда болумен тең. Қызмет жағдайы тоқтағанда мұндай тұлғалық күш жойылады. Сондықтан, мұндай тұлғалық күш көз баямалық сипатқа ие болады. Тұлға күші кедей, бай немесе білімді, білімсіз деп талғап барып келмейді және сонымен бірге ол кездейсоқта берілмейді. Ол адамның тырысуынан туындайтын ішкі қуат. Тұлға күші-адамның өзбетінше ойлануы, ниет шынайлығы мен тереңдігі, адамның өз өмірінде жинақтаған табиғи даналығы.

Тұлға күші-ақыл-ой, жүрек және дене саулығы мен еркінің (синтезі) бірлігі «тұлға күші» сыртқы қоғам жағдайына емес, тікелей тұлғаға қатысты күш. Ол уақыт және кеңестікте туындап жинақталады және ол олардан тыс өмір сүреді. Тұлға күші бүкіл ғұмырында бір кезеңнен екінші кезеңге өткенде жинақталып отыруы және ерік, ықылас және қиялына байланысты дамып, беки түседі.

Тәрбие процесінің мәні және заңдылықтары. Адамзат дамуының қай кезеңінде болмасын тәрбие тиімділігін жетілдіру ісі жүзеге асырылып келеді. Тәрбиенің мәнін анықтайтын белгілері болады. Тәрбиенің мәні - адамның қоғамдық мазмұнын әлеуметтік оның ұжымы мен және қоғаммен практикалық қатынастың жүйесін құру. Өзінің табиғаты жағынан тәрбие ісі педагогикалық міндеттердің төмендегідей бірқатар мәселелерін шешуді қамтиды:

1. Педагогикалық жағдайдың тәрбиелік әсерлердің нәтижесін талдау жоспарлау жұмысын реттеу. Сөйтіп оқушының тәрбиелігінің деңгейін анықтауды, оның қоғамдық мәні мен ұжымның дамуын белгілеуде нақты педагогикалық міндетті бөлуді және қалыптастыруды, оны шешудің жолдарын анықтауды, тәрбиенің құрылымы мен әдістерін таңдай білуді тағы басқа қажет етеді.

2. Тәрбие процесінің жобасын құру және жүзеге асыру. Бұл өзінің мазмұны жағынан педагогикалық іс-әрекетті пайдалы бөліктерге және ықпалдарға бөлудің оқушылардың іс-әрекетіне педагогикалық басшылық етудің, оқушылар ұжымы мен шағын топтардың, жеке оқушы мен дұрыс қарым-қатынастарды бекітудің, оқушылар тәртібінің әлеуметтік психологиялық, шарттары мен себептерін аңғара білудің, шарттары оқушыларға жеке тұрғыда қатынас жасаудың бірлігінің болуын талап етеді.

3. Тәрбиелік ықпалдарды реттеу және оларға түзетулер енгізу. Бұл мазмұны жағынан педагогикалық міндеттерге енгізілген түзетулерді орынды жүзеге асыруды сыртқы ықпалдың қауіпті жағдайға өтуін және қабылдауын қамтамасыз етеді. Қоршаған ортаға сай баланы дамыту үшін қажетті материалдарды таңдап алуды, ұжым мен адамдар арасындағы қарым-қатынас реттеуді, бағыттауды, дамытуды, пайда болатын жеке шиеленістерді жоюды, оқушылар арасындағы достық пен жолдастық қатынастарды нығайтуды педагогикалық жағдайларға байланысты талап логикасын түрлендіруді, өзгерген жағдайларды тәрбиелік ықпал жасаудың бағытын дұрыс анықтауды және тәсілдерді қайта құруды т. б. талап етеді.

4. Қорытынды есепке алу. Мұның мазмұны әдепкі берілгендермен салыстырып, қол жеткен нәтижесіне талдау, қолдану тәрбие әдістің тиімділік шеңбері анықтау баланың дамуындағы және тәртібіндегі ойластырылмаған қажетсіз құбылыстардың туу себептерін белгілеу, орынды құралдарды, әдістерді, тәсілдерді жинақтау өз тәжірибесіне енгізілген мақсатта басқа мұғалімнің іс-әрекетін зерттеу педагогикалық теория мен тәжірибені сәйкестендіре білу деген сөз. Тәрбие бұл - педагогикалық құбылыс. Олай болса педагогикалық құбылыстар мен процестер арасындағы байланыс мәселелерін қарайық. Бұл жерде кейбір заңдылықтарды атауға болады.

1. Тәрбие қоғам мұқтаждығына және жағдайына байланысты. Неғұрлым қоғамның әлеуметтік экономикалық мүмкіншілігі өскелең өмір талабына сәйкес дамып отырса, соғұрлым жастардың келешегіне, адамгершілік қасиеттерінің дамып қалыптасуына игі әсер етеді.

2. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігі. Оқушы тұлғасының дамуы мен қалыптасуына белсенділіктің ролі зор. Іс-әрекет барысында белсенділіктің бірнеше түрін байқауға болады. Олар қарым-қатынас белсенділігі, таным белсенділігі және өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі.

3. Тәрбие іс-әрекетінің және қарым-қатынастың шешуші ролі. Тәрбие, оқыту және білім беру іс-әрекетіне байланысты. Іс-әрекеттің бірнеше түрлері бар. Оларға ойын, оқу, еңбек, спорт, көркемдік, қоғамдық саяси іс-әрекеттері т. б. жатады. Осы іс-әрекеттердің нәтижесінде баланың ақыл-ойы, дүниеге көз-қарасы дамиды, мінез-құлық және эстетикалық қасиеттері қалыптасады, еңбек етуде жауапкершілік сезімі артады.

4. Тәрбие процесінде оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін есепке алу.

5. Педагогикалық процесте ұжым мен адамның өзара байланысы.

Тәрбие-мақсат көздеген процесс. Жалпы адамзаттық тұрғыдан қарағанда тәрбие мақсаты-әрбір тұлғаны әр жақты және жарасымды етіп тәрбиелеу. Адам жер бетіндегі тірі организмнің жоғарғы сатысы, қоғамдық-тарихи іс-әрекеті мен мәдениет субъектісі, басқаша айтқанда іс-әрекет қарым-қатынас иесі. Адам іс-әрекеті, сезімі мен ойлау ерекшеліктері оның өмір сүріп отырған қоғамдық-тарихи жағдайларына тәуелді болады. Егер тәрбие мақсатының қалай өзгеріп отырғанына көз жіберсек, тәрбие мақсатын белгілеудің қаншалықты маңызды екенін айқын байқауға болады. Тәрбие - қоғамдық құбылыс, онсыз ешбір қоғамның өмірі ілгері дамуы мүмкін емес және тәрбие қоғамның пайда болуымен бірге пайда болады, онсыз қоғам жоқ, ол өмір сүруін тоқтатады, ілгері дамымайды.

Педагогика ғылымы тәрбиенің мақсатын жеке адамды жан-жақты дамыту, әділетті қоғамды өз қолымен құратын және оны қорғай алатын етіп тәрбиелеу деп қарастырады. Тұлғаны жан-жақты жетілдіріп, дамыту деген ұғымды оқу мен жастардың практикалық еңбегінің тікелей байланысы, дененің және ақыл-ой дамуының біртұтастығы деп түсіну керек.

Тұлғаны барлық жағынан дамытып тәрбиелеу, жас ұрпақты қоғам құрылысына белсене қатысуға әзірлеу міндеттері мектеп арқылы жүзеге асырылады. Мектепте білім және тәрбие алу барысында жас түлектердің ақыл-ойы дамиды, адамгершілік қасиеттері қалыптасады, ой еңбегіне төселеді, рухани өмір байлығын меңгереді. Тәрбиенің жалпы мақсатын жүзеге асыру ең алдымен тәрбие бөліктерін байланыстырып шешуді талап етеді. Тәрбиенің құрамды бөліктері:

1. Ақыл-ой тәрбиесі.

2. Құлық тәрбиесі.

3. Еңбек тәрбиесі.

4. Экономикалық және экологиялық тәрбие.

5. Эстетикалық және дене тәрбиесі.

Тәрбиені құрамды бөліктерінің бірлігі мен өзара байланысының нәтижелі болуы ең алдымен мұғалімнің шеберлігіне жалпы дайындығына байланысты. Қазіргі мектеп жағдайында тәрбие процесінің бағыттары мынадай:

- Үйлесімді, жан-жақты дамыту мақсатын есепке ала отырып, тұлғаны біртұтас қалыптастыру;

- Азаматтық құндылықтар, әлеуметтік бағдарлы мотивация, ақыл-ой, эмоционалдық және еріктік үйлесім арқылы негізінде тұлғаның адамгершілік сапасының қалыптасуы;

- Оқушыларды ғылыми мәдени және өнер т. б. қоғамдық құндылыққа қатысу;

- Қоғамның демократиялық өңделуіне тұлғаның құқықтары мен міндеттеріне сәйкес өмірлік позицияға тәрбиелеу;

- Оқушылардың даралық және қоғамдық түсінімдерін дамытатын танымдық іс-әрекет ұйымдастыру;

- Тұлғаның аса маңызды әлеуметтік функцияларын яғни өзгермелі еңбектің іс-әрекет жағдайларының қатынастарын дамыту, әлеуметтік қуаттылықты көтеру.

Тәрбие диалектикасы дегеніміздің өзі сыртқының ішкі жағдайдың игілігіне айналатын адам санасының шеңберіне өткізілуі. Келешекте іс-әрекет нәтижесінде көрінетін құбылыс. Адамның қоғамдық мәні дамудың қай жағдайда жүруіне байланысты қалыптасады. Дегенмен, адамның қоғамдық мәнінің қалыптасуына оның осы жағдайлардағы нақты орны, қатынасы және сол жағдайлардағы іс-әрекетінің сипаты маңызды роль ойнайды. Бұл дамудың әлеуметтік жағдайы деп аталып кеткен. Тәрбие процесінде адамның қоғамдық мәнін қалыптастырудың қозғаушы күші деп саналатын бір қатар қарама-қайшылықтар тән, олар сыртқы және ішкі қарама-қайшылықтар болуы мүмкін.

2. Қазіргі заман педагогикасындағы қозғаушы күштер.

Қазіргі мектептерде тәрбиенің сапасына, әдіс-тәсілдерінің мазмұнына, мақсатына зор көңіл бөлуде және жаңаша көзқарастар қалыптастырылуда. Жаңа талап негізі қарқынды өркениет бағыттарынан қалыспай, терең білімді игеру. Осыған орай, қазақ мектептерінің оқыту жүйесінде әлемдік және ұлттық негізде жеке тұлғаны дамыту үшін өте орынды жағдайлар жасалып, нәтижелері көрінуде болашақ ұрпақты тәрбиелеу ең басты міндеттердің бірі- мектеп оқушыларының іс-әрекетін ізгілендіріп, рухани дамуының дұрыс жолға қойылуы. Ол үшін оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін гуманистік бағытта тәрбиелеп, олардың алдын-ала шығармашылықпен дамытуына жол ашу.

Тәрбие берудің кез-келген жүйесінің негізгі мақсаты - білім алушы (оқушы) тұлғасының дамуы жөнінде айта келе, ең алдымен қазіргі замандағы педагогикалық психологияның негізгі ережелерінің бірін атап өту қажет, оған сәйкес оқыту адамның психикалық және жалпы алғанда, тұлғалық дамуының шарты ғана емес, сонымен катар оның негізі және құралы болып табылады. Оқыту мен дамытудың ара қатысының сипаты туралы сұрақ та маңызды.

Тәрбие процесінің барлық кезеңінде белгілі бір сапалар қалыптасады, бірақ әр жеке сыныпта тәрбие әдісі өзгеріп отыруы тиіс. Бірінші сыныпқа дәл келетіні, үшінші сыныптағыларға сәйкес келмейді, ал бесінші сыныптағылар оны қабылдамауы мүмкін. Тәрбиеленушілердің жекелік және түлғалық ерекшеліктері. Жалпы әдістер, жалпы бағдарламалар тәрбиелік өзара әрекеттегі тек бастама ғана. Жекелік және тұлғалық түзетулер қажет. Инабатты тәрбиеші өз әдістерінше әр тұлғаның өзіне тән қабілетгерін дамытуға, оның өзіндік қасиеттерінің сақталуына, "мендік" белгілерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін әрекеттерді жасайды.

Тәрбие-қоғамдық үрдіс, қоғам мен жеке тұлғаның ара қатынасын қамтамасыз ететін басты жүйе. Оның негізгі өлшемі өмірге қажетті тұлғаның жағымды қасиеттерін дамыту болып табылады. Тәрбие маңыздылығы сондай, біздің болашақ ұрпағымыз тәрбиеден ғана рухани байлық алып, тәрбие арқылы ғана Адам болып қалыптасады.

Қазіргі таңда еліміздегі оқу-тәрбие жұмысына байланысты болып жатқан жаңартулар білім мен тәрбие жұмысын қайта қарауды міндеттейді. Бүгінгі таңда тиянақты білім беру жүйесінде оқушылармен тәрбие жұмысын дамыту басты мақсат болып отыр. Осыған байланысты мектептің алдына қоятын ең басты мәселесінің бірі-өркениетті, прогресшіл бағыттағы азаматтық-адамгершілік қасиеті мол, сондай-ақ ұлттық тілін жоғалтпаған, өзге елдегі замандастарымен тең дәрежеде бәсекелесе алатын биік, өрелі, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу.

Ал мұғалім мен мектептің ең қасиетті міндеті-рухани бай, жан-жақты дамыған жеке, дарынды тұлғаны зерттеп, дамытып, қалыптастыру. Болашақты гүлдендіріп, тәуелсіздікті нығайтатын ұрпақ алдымен рухани ұлттық тәрбие нәрімен сусындауы қажет. Рухани байлық, ең алдымен, әр халықтың ұлттық әдет-салты, әдебиеті, мәдениеті, өнері, шыққан түп-тамырында жататыны белгілі.

Сол ұлттың байлықты бүкіл адамзаттың өз ұрпағын тәрбиелеудегі, білім берудегі озық ұстанымдарымен байланыстыра отырып, әр баланың қабілетін, талантын ашу, өзіне-өзінің сенімін нығайтып, өзіне-өзінің жол ашуына түрткі жасау. Міне, бүгінгі білім беру, тәрбие ісінің басты міндеті осы . . . Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Ендеше, тәрбие-ауадай қажет.

Оқу-тәрбие үрдісінде әрбір шара ата-аналардың қатысуымен өткізілетінін ерекше атағым келеді. Ата-ананың балаға өнегесі-барлық жағдайдағы ең күшті бағдар екендігі сөзсіз. Отбасындағы шынайы ұлттық тәрбие қолға алынбай, бала ұлттық тәрбиенің нәрін татпай, оның ұлттық менталитеті қалыптаспайды. Ондай жағдайда ол өзін де, өзгені де сыйлап, құрметтеп, отбасының, елінің намысын ойлап жарытпайды. Мұндай мәселелерде әсіресе жанұяның рөлі ерекше. Себебі тәрбие жанұядан басталады. Балаларды тәрбиелеуде ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісіне қатыстыру, олармен тығыз байланыс жасау мәселесі негізгі орын алуға тиіс. Қоршаған орта өзінің құндылықтарымен тұлғаны жасайтынын, ал бай орта болатынын ескере отырып, біз мектептің ата-аналар, оқушылар мен мұғалімдердің өзара әрекет жасауына үнемі ашық болу үшін бар күшімізді саламыз.

«Егер баланы тәрбиеленген дәрежеге жеткізудің сәті түссе, адамгершілік тәрбие жеке адамды жетілдіруде тиімді ықпал жасайды», -дей отырып, «Егер біз балаға қуаныш пен бақыт бере алсақ, ол бала дәл сондай бола алады», -деген В. А. Сухомлинский сөзін басшылыққа алуымыз керек. Тәрбие арқылы білім беру-үзіліссіз жүргізілетін үрдіс, ол адамның өмірге келген күннен бастап өмір бойы жалғаса береді. Оның мазмұны оқушының жеке бас қасиеттерінің кең шеңберін қамтиды.

Дербес Қазақстан мемлекетінің ертеңгі болашағы-бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне тікелей тәуелді. Өскелең ұрпақтың рухани жан дүниесін білім нәрімен сусындатып, халқының ерте заманнан жинақталған асыл мұрасымен байытып, ұлттық дәстүрлердің озық үлгілерін санасына сіңіріп, Абайша сөйлесек, «көкірек көзін оята тәрбиелеу»-ата-анадан басталып, мектепте жалғасып, бүкіл қоғам болып ат салысатын жауапты міндеттердің ең бастысы.

3. Тәрбиенің ұлттық мәні.

Тәрбиенің табиғилық принципін алғашқы рет XVII ғасырда Я. А. Коменский көрсетті. Тәрбиенің бұл принципінің жүзеге асырылуын қазақтардың күнделікті тұрмыс-тіршілігінен көруге болады. Олар өздерін табиғаттың ажырамас бөлігі ретінде есептеген. Мұның барлығы өз ізін жыныстық-жас ерекшелік саралауда да қалдырды.

Ата-бабаларымыздың «Балаңды бес жасқа дейін хандай ұста, он бес жасқа дейін құлдай жұмса, он бес жастан кейін досыңдай көр» деген дана сөзінен баланың мектепке дейінгі кезеңінде сана-сезімінің тұрақсыздығы, танымдық ерекшеліктерінің ырықсыздығы, ересектердің мінез-құлықтарына еліктеушілігі көрінеді. Сондықтан этностық-мәдени сәйкестілікті мектепке дейінгі кезеңде қалыптастырудың ерекшелігін бұл принцип аша түседі.

Тәрбиенің табиғилық принципі - кез келген тәрбие әрекеті мен педагогикалық процестің жетекшісі болып, нақты даму деңгейімен ерекшеленеді. Бұл принциптің мәні мынада: тәрбие мен білім беру табиғи және әлеуметтік-мәдени процестердің өзара байланысы туралы ғылыми түсінігінің негізінде танылады. Биологиялық организмнің витальды ерекшеліктерін есепке алу және жыныстық-жас ерекшелік саралауынан тұрады.

Тұлғаның «Мен-тұжырымдама» бөлігінде этностық-мәдени сәйкестілік адам психологиясының түбірлі өзгерісіне байланысты. Одан жас ерекшелік дамуының әр түрлі кезеңіндегі сапалы мәнін табуға болады.

Этностық-мәдени сәйкестілік өзінің қалыптасу процесінде баланың психикалық даму кезеңдеріне сай бірнеше кезеңдерден өтеді. Баланың белгілі бір ұлттық топқа жататыны жөніндегі алғашқы тұжырымдамалардың бірін Пиаже ұсынды. Пиаже этникалық сипаттамалардың дамуының алғашқы кезеңін мектепке дейінгі жас кезеңіне арнады, бірақ бала алғашқы өз этносы туралы үзік, жүйелі емес білімді игереді дейді.

Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастырудың ерекшелігін айқындайтын екінші әдіснамалық қағида - мәденилік принципі.

Балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыруда мәденилік принципінің мәні бала тәрбиеленіп отырған ортаның, ұлттың, қоғамның, мемлекеттің, аймақтың мәдениетін баланың қолдана алуы.

Н. Б. Крылова бойынша мәденилік принцип - метапринцип, тәрбие мен білім беру, бір жағынан, мәдениеттің ерекшеліктері мен талаптары бірқалыпты болса, екінші жағынан, әлеуметтік қайта құруға қабілетті, яғни тек қана оның нормалары мен құндылықтарын тасымалдаушы ғана емес, жаңа мәдени формаларды ұйымдастырушы. Тәрбие мен білім берудің қабілеттілігі - мәдениеттің мәнін, қарқынын , мазмұны мен компоненттерін көрсетіп, мәдени өзін-өзі анықтауға және сәйкестілендіруге (идентификациялауға) шарттар тудыру. Бұл принцип бойынша тәрбие мен білім беру жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде пайда болып, оларға қайшылыққа келмейтін этно-ұлттық мәдени құндылықтар мен нормалар және аймақтық дәстүрлерге сәйкес құрылады.

Этностық-мәдени сәйкестіліктің дамуы бұл мәдени салада маңызды роль атқаратын психологиялық әлеуметтік үрдіс. Адам өзінің сәйкестілігін мойындайтын көптеген ерекшеліктерді әлеуметтік жағдайдың дамуын талдамайынша, түсінуі қиын.

Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастырудың маңызды факторы - тіл. Балалардың өзара әрекетінің нәтижесінде этникалық топ өзінің этникалық тілін сақтай алады, кез келген жағдайда этникалық тілді сақтау этностық-мәдени сәйкестілікке әсер етеді.

Бабаларымыздың қара сөзінің құдыретін жас ұрпаққа үйрету арқылы олардың сөз қорын байытып, ана тілінің мәртебесін көтеру қажет деп ойлаймыз.

Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастырудың үшінші ерекшелігі ұлттық сана-сезім мен этностық-мәдени сәйкестіліктің арақатынасына байланысты айқындалады. Балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыруда бұл ерекшеліктің мәні этностық-мәдени сәйкестілік компоненттері арқылы анықталады. Олар: когнитивті, аффективті, мінез-құлықтық.

Когнитивті компонентке жас ерекшелігіне этникалық өзіндік идентификация, ана тілін үйренуге талпыныс, өз халқының және басқа да этностардың тарихын, мәдениетін және ұлттық ерекшеліктерін білу жатады.

Аффективті компонентке жеке тұлғаның сезімінде көрінетін сипаттамалар кіреді.

Мінез-құлықтық компонентке мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың әрекетіндегі білім, эмоция, сезімдердің көрінуі, мінез-құлық ережелерін сақтауы жатады.

Ұлттық сананың қалыптасуындағы мәдениет, өнер рольдерін ашуда, оның маңызын көрсетуде де Л. С. Выготскийдің триадасы «сана - мәдениет - жүріс-тұрыс» туралы пікірін тысқары қалдыра алмаймыз. Себебі, әр ұлт өзінің ұлт болып қалыптасуында өзінің рухани мәдениеті: әдебиеті, өнері, ғылымы арқылы мінез-құлық, болмыс, сана-сезім ерекшеліктерін анық көрсетеді. Сөйтіп, өзінің өмір сүру ұзақтығы, мәдениетінің ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, ұлт бастамасы «баланың» өз мәдениетіне ену мүмкіндігімен анықталады.

Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастырудың төртінші ерекшелігі этноәлеуметтік-рольдік принципіне негізделеді.

Этностық мәдениеттің қайта пайда болуы жағдайында біз баланың назарын жас кезінен этноәлеуметтік рольдерге аударуымыз керек. Бала басқа адам алдындағы өз міндетін, жауапкершілігін бірте-бірте игере отырып, өзінің этноәлеуметтік ролінің мәнін түсіне бастайды. Этноәлеуметтік рольді тани отырып, бала бір жас кезеңнен екінші жас кезеңге өту барысында әр түрлі этноәлеуметтік рольдерді игереді. Бұл рольдердің этникалық тәрбие берудегі маңызы өте зор. Оларды әлеуметтену үдерісімен бірлікте жүзеге асыру керек. Адам әлеуметтену барысында белгілі рольдер атқарып, сол рольдер арқылы әлеуметтік ортада белгілі орын алады.

Бала - отбасының жеміс берер гүлі, алтын тіреу діңгегі болғандықтан да, тәрбиенің негізі осы кішкентай нәресте кезден басталуы керек. Ұлттық тәрбие - бесіктен басталады. Отбасындағы ата мен әженің, әке мен шешенің, апа-қарындас, аға-інінің бір-бірімен күнделікті өмірдегі қарым-қатынасы, мінез-құлқы - ұлттық тәрбиенің бастау бұлағы. Этностық тәрбие - жеке тұлғаның этноәлеуметтік рольдер жүйесін игеруін мақсатты түрде реттеу.

Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастырудың бесінші ерекшелігі мемлекеттік интеграция және этностық-мәдени сәйкестілік (қазақстандық патриотизм) идеясына тәуелді.

Қазіргі қоғам дамуында және білім беру жүйесінде екі тенденция байқалады: саралау және кірігу. Этностық қатынастар саласында оларды бірлікте қарастыру этно-мәдени білім беру қажеттілігін тудырды. Педагогикалық үдерісте бұл тұжырымдаманы жүзеге асыру этностық сәйкестілікті мемлекеттік кірігумен бірлікте қалыптастыру мақсатына әкелді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикадағы оқыту процесі және принциптері
Педагогикадағы оқыту процесі және принциптері жайлы
Оқыту мен білім берудегі инновациялық технологиялардың қолдану мүмкіндіктері
Мемлекеттік тілде іс-қағаздарды қашықтан оқыту технологиясы
Педагогикалық жүйе
Болашақ мұғалімдердің педагогикалық мәдениетін дамытудың өзекті мәселелері
Талдап оқыту әдістемесі
Мұғалімнің жеке тұлғасының оқушылардың тәрбиесіне ықпалы
Математиканы модульдік технологиямен оқыту
Педагогикалық үрдістегі тәрбие мақсаттарының әртүрлілігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz