Суфизмдегі тариқат


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

СУФИЗМДЕГІ ТАРИҚАТ

Ғалымдар сопылық сатысы туралы Сопылықтың төрт сатысы- ның қайсы сол жолдағы адамдар үшін міндетті? Бұл жөнінде Ә. Нысанбаев былай дейді: «Сопылық - адам туралы ілім. Иә, қоғамды жетілдіру үшін алдымен адамның өзі жетілу қажет деп есептейді сопылар. «Кемел нисан», яғни кемел адам қалпына жетіп, жаратқан Хақпен дидарласып, әлемдік ақыл-оймен бірігуің үшін төрт сатыдан өтуің қажет.

Біріншісі - жұрттың бәріне ортақ шари-ғат жолы. Яғни Жаратушының өз сөзі - Құранда айтылатын парызыңды орында, өтірік айтпа, ұрлық қылма, зәбір жасама, т. б.

Екінші саты - тарихат жолы. Бұл саты кез-келген адам үшін міндетті емес. Қалайсың ба, өз еркің. Бірақ тарихат жолына түспей, яғни ақиқатқа жету мақсатымен азап шекпей, мехнат тартпай, өзіңді өзің қинамай, өмір қы-зығынан бас тартпай, кемелдік дәрежеге жете алмайсың.
Үшінші саты - хақиқат (яғни ақиқат) жолы. Бұл енді азан арқылы, жатпай тұрмай ізденген жанкешті еңбегінің нәти-жесінде адамның дүние сырын тани бастауы.

Төртінші саты - мағрифат. Хақпен дидарласу, адамзатты жаратқан әлемдік рухпен, яғни абсолют ақыл-оймен бірігу. Бұл дәрежеге жеткен адам қайтыс болған жақын-туысқандары-ның рухымен де еркін дидар-ласып, ғаламның барша сырына қаныға алады».

Сопылық мақамдары, оның кезеңдері Сопылық: құлшылық етуші (ғабид), тақуа (захид) тәрізді бірнеше мақамдарға бөлінеді. Олардың өзара айырмашылы- ғы, өзіне тән әдісі, ұстанар жолы, мақсаты бар. Сопылық жолға түскендер міндетті түрде үш сатыдан тұ-ратын ерекше күйден өтуге тиісті. Олар: шариғат, тарихат және хақиқат (ақиқат), Тари- хатта (жол, бағытта) сопы-лардың тоқтайтын, тыныс ала- тын аялдамалары бар. Оны «макам» (мақам) деп атайды. Біз енді оның талас туғызбайтын белгілеріне тоқтал-сақ.

Тәубе. Адамның күнәһар екендігін сөзсіз мойындауы. Тәубе ету - күнәдан арылу, оны жасағанына қатты өкіну, екінші рет қайталамауға серт беру.

Мақамның екінші кезеңі. Бұл - сақтық. Мұнда халал мен харамды ажырата білу шарт.

Үшінші кезең - зухд (тартыну) . Яғни бұл кезде нәпсі- ге тиым салу қажет.
Төртінші кезең - пақыр (қайыршылық) . Ол кедейлік емес. Алланың алдындағы ке- дейлік, Жаратушыға жалба-рынғанда арада ешнәрсенің болмауы.
Бесінші кезең - сабыр. Бұл - Жаратушының ісіне араласпау, оған бас иіп, көну, сыр бермеу.

Алтыншы кезең - таваккул (тәуекел) . Тәуекел - істің басы тәуекел, ортасы бойсұну, соңы ісін Аллаһқа тапсыру, бір Жасаған Иеге сену, не іс атқарса да оған иек арту.

Жетінші кезең - рида (толық бойұсыну, құлшылық) . Бұл сатыға жеткен адамға дүниелік істердің ешқайсы әсер етпейді.

Осы жеті кезеңмен тариқат аяқталып, ақиқат басталады. Сопылық «тариқаттар» - ағымдар Олар мынандай: Қадирия; Руфағия; Ахмадия; Дусуқия; Акбария; Шазилия; Бақташия; Маулауия; Нақшибандия; Маламития; Иассауия. Сопылық философия Хасан әл - Басриден бастал-ған сопылық философияның бірте - бірте қалыптасу барысында екі негізгі салаға: маламийа, исбатийа мектебі болып айырылғаны мәлім. «Малами-йа - адам психологиясының те- рең сырларын танып, меңге-руге сүйенетін сопылық дү-ниетанымның ұлы мұраты - па- расаттылық (ахлақ) филосо- фиясы. Исбат - адамның ғиба-даты мен тағатында адамдық санасының сақталуы, үнемі зікірде болу»

ТАРИХАТ ТУРАЛЫ ДІН ҒУЛАМАЛАРЫ НЕ ДЕЙДІ?

Қазір өздерін салафиміз деп атайтын топ ибн Тайимия деген имамның ақидасын алға тартады. Бұл кісі туралы мен толыққа жуық мәліметтер келтірдім. Бірнеше рет "жаздым, жаңылдым" деген бұл зат та Тарихат ілімі туралы өз заманында мойындауға мәжбер болған. Мен "далял" сұраушыларға оның үш тілдегі нұсқасын ұсынған едім. Өкінішке орай өздерінің "Шейхтарынан" басқаға құлақтары керең, көздері соқыр азаматтар оған да қарар емес. Енді оны Сіздер де оқып-көріңіздер? Сонымен,

Ибн Таймия өзінің Маджуму аль-Фатва деген кітабында:
Егер саған біреу(«әулие» деген атақтан үміті барлардың ішінен) : «Мен Мұхаммедтің/с. ғ. с. / Захир ілімімен жүргім келеді, бірақ Батын ілімімен емес» немесе «Мен Мұхаммедтің/с. ғ. с. / Шариға ілімімен жүргім келеді, бірақ Хакика ілімімен емес», -десе ол/осыны айтушы/: «Мұхаммед тек сауатсыздарға жіберілген(яғни араптарға), ол Кітап иелеріне жіберілмеген»-дегенді айтатын еврейлер мен христиандардан да ары.

Анығында мұндайлар бір бөлігіне сеніп, бір бөлігіне(Дін Исламның) сенбегендіктен кәфір болып табылады. Бұл жағдай: «Мұхаммед/с. ғ. с. / Захир ілімімен жіберілген, алайда Батын ілімімен жіберілген емес»-дейтіндерге де қатысты. Мұндайлар да бір бөліміне сеніп, бір бөліміне сенбегендіктен кәфір болып табылады. Мұндайлардың кәфірлігі жоғарыда аталғандардың кәфірлігінен неғұрлым үлкен. Өйткені, Батыный ілім - бұл жүрек иманы(«иман уль-кулюб»), оны тану(«мағриф») және ахуалы(«ахваль») ғылымы/зерттейтін/. Бұл - Діннің қасиетті мағынасынның ғылымы және бұл ғылым Исламның сыртқы әрекеттерін қарастыратын ілімдерден асып түседі.

Ибн Таймийя айтты: «Ақиқат жолын(тарихат) тұтынушыларға қатысты, Фузайл ибн Ийяз, Ибрагим ибн Адхам, Абу Сулайман Дарани, Маруф аль-Курхи, Сирри аль-Сакти, Джунайд аль-Мухаммад және басқа да басқа да алдынғылар, сондай-ақ Абуль Кадыру Джилани, шейху Хамалу, шейху Абуль Баяну секілділер муридтеріне, мейлі олар ұша алатын, су бетінде жүре алатын болса да Шариғат бұйырғандар мен тиғандар шегінен шығуға жол бермейді. Ол тек Құран мен Сунна және ізгі жолддағы аталарымыз біртұтас мақұлдап, рұқсат етілгендерді ғана жасауға, өле-өлгенше тиым салынғандардан баз кешуге міндетті. Бұл қағида олардың сөздерінен жиі кездеседі». (Маджму аль-фатави. Т. 10, С. 516-517. )
Мазхаб имамдары былай дейді:

Имам Ахмад Ханбали. Суфилермен кездескенше ол ұлы Абдуллаға айтты: «О, ұғлым менің, сен хадистерді меңгеруге ұмтыр және сондай адамдардан аулақ бол, кімдерді суфи деп атаса. Олардың бірқатары өздерінің діндерінің мөлшерін білмеулері мүмкін». Ол Абу Хамза әл-Бағдадимен достасып суфилердің иқтиғадтарымен танысқан соң, өзінің ұлына айтты: «О, ұғлым менің, сен бұл адамдармен жақындасуға ұмтыл, олар бізден білімдерімен де, еріктеріне иелінімен де, Жаратушының алдындағы қорқыныштарымен де, тақуалытарымен де және аса жоғары тәуекелдерімен де асып түсті». (Амин Кудри. Танвир аль-кулюб. С-405)
Имам Шафи айтты: «Мен суфилермен достасу арқылы өзімнің қажетіме тек қана екі өнегелі сөзді алдым: «Уақыт - қылыш, егер сен оны шапқылап тастамасаң, онда ол сені шауып түсіреді» және «Егер сен өз тәніңді Аллахқа бағындырмасаң(нафс), онда ол сені өзінің әуейлігіне бағындырады». (Джалялюддин ас-Суюти. Та´йиду аль-хакикати аль-алийя.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Суфизмнің қазақ жеріне таралуы
Сопылық дәстүрі C. Бақырғанидің дүниетанымының негізі
Орта ғасырлық ислам мәдениетіндегі әлемді және адамды тану мәселелері
Қожа Ахмет Яссауидің шығармалары туралы жалпы түсінік
Сопылық
Қожа Ахмет Яссауидың сопылық дүниетанымындағы этикалық мәселелер
Ясауидің еңбектеріндегі алла сүйіспеншілігі
Қожа Ахмет Яссауи туындыларының әдеби-көркемдік қуаты туралы ғылыми-теориялық пікірлер
Ортағасырдағы түркі мұсылмандық дүниетанымы
ХОЖА МАХМУД АНЖИР ФАҒНАВИЙ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz