Римнің рухани құлдырауы



1. Римнің рухани құлдырауы
2. Христиан дінінің тарихы
3. Христиан дінінің таралуы.
4. Евангелия тарихы
5. Мессияның туылуы.
Бір кездері Рим Цезарларының кейбіреулері нәпсі құлының ең жоғарғы сатысына, айуаншылықтың шыңына шыққан кездері болды. Мысалы: өз шешесінің ашынасы болды, немесе астарындағы мініп жүрген аттарын сенаттың мүшесі қылған кездері де болды. Енді не істерін білмеген әбден есірген елбасылар адам өмірін ойыншық санап, олардың айуанша қырылып, өмір үшін күресуін ауыздарынан су ақанша тамашалап рахат табатын болды.
Ювенал өз заманы туралы былай баяндайды: «Бүкіл әлемді бағындырған рим халқы қазір екі ақ нәрсені қалайды. Біріншісі тойып тамақ ішу, екіншісі ойын-сауық тамашалау, көңіл көтеру.» Данышпан Сенека «Адамдар арасында сөйлесу мәдениеті жоғалды. Енді олар адамша сөйлеспейді. Енді тек арба мінген сарбаздардың сайысын сағаттар бойы сөз қылып, содан ләззат алып, таң қалатын болды. Римдіктердің өмірі тек қана қанды қыздырып, желікті құтыртатын құмар ойындарды тамашалаудан тұрды. Алғашында ойын-сауық Рим қоғамында дәстүрге тереңдеп ене қойған жоқ. Жылына төрт рет қараша, сәуір, шілде, қыркүйек айларында ғана ойын-сауық ойналатын. Уақыт өте келе Рим халқы той –томалақтың жиі өткізуді талап ете бастады. Соның кесірінен Колизейдің үлкен цирк алаңында сан түрлі сайыстар күн құрғатпай өте бастады. Тарихи құжаттарда ең алғашқы ойын Б.з.д. екі жүз алпыс төртінші жылы басталды делінеді. Ең алғашқы қанды қырғынға екі жұптан тұратын алты құл қатысқан. Олар өмір мен өлім үшін соғысты. Осыдан төрт жүз жыл өткеннен кейін Император Троянның тұсында бір күнгі ойын сауықта он мың адам, он бір мың хайуан өлтіріліп, бақилыққа аттанды.
Негізгі ойыншылар «Гладиаторлардан» тұратын. Олар сахынаға өмір Қақпасы арқылы шығатын. Бүкіл халық қол шапалақтап оларды қошеметпен қиқулап қарсы алатын. Гладиаторлар да оларға салтанатпен құтты бір тойға бара жатқандай дәстүрлі түрде сәлем беретін. Олардың сәлемі «Шаттаныңыз Цезар! Өлімге бара жатқандар сізге сәлем жолдайды!» Осындай ойын сауықтың бағдарламасы күн сайын алуан түрлі болып өзгеріп отыратын. Мысалыға: Бір күні Гладиаторлар бір бірінің бетіне тіке қарап тұрып, біреуі құлап өлғенше төбелесетін, екінші күні бір топ жабайлармен соңына дейін соғысатын. Үшінші күні алаңға шыққан Гладиаторларды топ топтарға бөліп өзара қырқыстыратын. Осылайша өлім үшін болатын ойынның шарттары күнде өзгеретін. Алаңда құлап өлгендердің денесін Өлім қақпасы арқылы далаға сүйреп шығарып, аш иттерге тамақ қылып лақтырып тастайтын. Гладиатор өлмей жараланып қалған болса оның тағдырын император шешетін. Император бас бармағын жоғары көтерсе, Гладиатор тірі қалатын, ал төмен түсірсе, өлтірілсін деген мағынаны білдіретін. Гладиатор сайысын ұйымдастырушылар Рим көшелерін: «Бүгін пәленше деген гладиатор мен түгенше деген гладиатор жекпе жек шығады. Немесе пәлен мектеп пен түген мектептің арасында соғыс болады» деген жарнамалар көрінген жерде жаллбырап ілініп тұратын.
Рим халқы Гладиаторлардың сайысына қанағаттанбай мұнан да қызықты ойындар қоюды талап ете бастады. Енді жабайы аңдар мен адамдар арасында сайыстар болатын болды. Тіпті цирк алаңында әскери соғыстар мен теңіз шайқастары да қойылатын. Халық бұған да қанағат таппады. Әлемде жоқ неше түрлі зұлымдықтарды ойлап тапты. Жас қыздарға бұқаларды салатын болды. Бүкіл халық Христиандарды тірідей өртегенін тамашалап отыратын. Олардың бастарына май құйып, ойбайлап, шың,ырғанына қарамастан бастарын алаулатып жағып қоятын. Енді біреулерін тірідей арыстандарға тастайтын. Тірі қалған бейшараларды крокодилдерге толы бассейннен жүзіп өтуге мәжбүрлейтін. Адамдарды азаптап өлтірудің түрлері күнде жаңарып отыратын. Халық әрбір жаңалықты ыстық ықыластарымен мәз мейрам болып керемет қабылдайтын. Римдегі мұндай бассыздыққа б.з. төрт жүз төртінші жылы христиан дінін қабылдаған Император Ганорий тыйым салды.
Бірақ халықтың делебесін қоздыратын арбакештер сайысы оңайлықпен жойыла қоймады. Рим құлдырап біржола құлағанша сайыстың бұл түрі Римнен Византияға дәстүр ретінде жалғасып жетті.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Римнің рухани құлдырауы

Бір кездері Рим Цезарларының кейбіреулері нәпсі құлының ең жоғарғы
сатысына, айуаншылықтың шыңына шыққан кездері болды. Мысалы: өз шешесінің
ашынасы болды, немесе астарындағы мініп жүрген аттарын сенаттың мүшесі
қылған кездері де болды. Енді не істерін білмеген әбден есірген елбасылар
адам өмірін ойыншық санап, олардың айуанша қырылып, өмір үшін күресуін
ауыздарынан су ақанша тамашалап рахат табатын болды.
Ювенал өз заманы туралы былай баяндайды: Бүкіл әлемді бағындырған рим
халқы қазір екі ақ нәрсені қалайды. Біріншісі тойып тамақ ішу, екіншісі
ойын-сауық тамашалау, көңіл көтеру. Данышпан Сенека Адамдар арасында
сөйлесу мәдениеті жоғалды. Енді олар адамша сөйлеспейді. Енді тек арба
мінген сарбаздардың сайысын сағаттар бойы сөз қылып, содан ләззат алып,
таң қалатын болды. Римдіктердің өмірі тек қана қанды қыздырып, желікті
құтыртатын құмар ойындарды тамашалаудан тұрды. Алғашында ойын-сауық Рим
қоғамында дәстүрге тереңдеп ене қойған жоқ. Жылына төрт рет қараша, сәуір,
шілде, қыркүйек айларында ғана ойын-сауық ойналатын. Уақыт өте келе Рим
халқы той –томалақтың жиі өткізуді талап ете бастады. Соның кесірінен
Колизейдің үлкен цирк алаңында сан түрлі сайыстар күн құрғатпай өте
бастады. Тарихи құжаттарда ең алғашқы ойын Б.з.д. екі жүз алпыс төртінші
жылы басталды делінеді. Ең алғашқы қанды қырғынға екі жұптан тұратын
алты құл қатысқан. Олар өмір мен өлім үшін соғысты. Осыдан төрт жүз жыл
өткеннен кейін Император Троянның тұсында бір күнгі ойын сауықта он мың
адам, он бір мың хайуан өлтіріліп, бақилыққа аттанды.
Негізгі ойыншылар Гладиаторлардан тұратын. Олар сахынаға өмір
Қақпасы арқылы шығатын. Бүкіл халық қол шапалақтап оларды қошеметпен
қиқулап қарсы алатын. Гладиаторлар да оларға салтанатпен құтты бір тойға
бара жатқандай дәстүрлі түрде сәлем беретін. Олардың сәлемі Шаттаныңыз
Цезар! Өлімге бара жатқандар сізге сәлем жолдайды! Осындай ойын сауықтың
бағдарламасы күн сайын алуан түрлі болып өзгеріп отыратын. Мысалыға: Бір
күні Гладиаторлар бір бірінің бетіне тіке қарап тұрып, біреуі құлап өлғенше
төбелесетін, екінші күні бір топ жабайлармен соңына дейін соғысатын.
Үшінші күні алаңға шыққан Гладиаторларды топ топтарға бөліп өзара
қырқыстыратын. Осылайша өлім үшін болатын ойынның шарттары күнде өзгеретін.
Алаңда құлап өлгендердің денесін Өлім қақпасы арқылы далаға сүйреп шығарып,
аш иттерге тамақ қылып лақтырып тастайтын. Гладиатор өлмей жараланып
қалған болса оның тағдырын император шешетін. Император бас бармағын жоғары
көтерсе, Гладиатор тірі қалатын, ал төмен түсірсе, өлтірілсін деген
мағынаны білдіретін. Гладиатор сайысын ұйымдастырушылар Рим көшелерін:
Бүгін пәленше деген гладиатор мен түгенше деген гладиатор жекпе жек
шығады. Немесе пәлен мектеп пен түген мектептің арасында соғыс болады
деген жарнамалар көрінген жерде жаллбырап ілініп тұратын.
Рим халқы Гладиаторлардың сайысына қанағаттанбай мұнан да қызықты
ойындар қоюды талап ете бастады. Енді жабайы аңдар мен адамдар арасында
сайыстар болатын болды. Тіпті цирк алаңында әскери соғыстар мен теңіз
шайқастары да қойылатын. Халық бұған да қанағат таппады. Әлемде жоқ неше
түрлі зұлымдықтарды ойлап тапты. Жас қыздарға бұқаларды салатын болды.
Бүкіл халық Христиандарды тірідей өртегенін тамашалап отыратын. Олардың
бастарына май құйып, ойбайлап, шың,ырғанына қарамастан бастарын алаулатып
жағып қоятын. Енді біреулерін тірідей арыстандарға тастайтын. Тірі қалған
бейшараларды крокодилдерге толы бассейннен жүзіп өтуге мәжбүрлейтін.
Адамдарды азаптап өлтірудің түрлері күнде жаңарып отыратын. Халық әрбір
жаңалықты ыстық ықыластарымен мәз мейрам болып керемет қабылдайтын. Римдегі
мұндай бассыздыққа б.з. төрт жүз төртінші жылы христиан дінін қабылдаған
Император Ганорий тыйым салды.
Бірақ халықтың делебесін қоздыратын арбакештер сайысы оңайлықпен
жойыла қоймады. Рим құлдырап біржола құлағанша сайыстың бұл түрі Римнен
Византияға дәстүр ретінде жалғасып жетті.

Христиан дінінің тарихы

Әлемдік үлкен үш діннің біреуі, батыс еуропа мен шығыс еуропаны рухани
азғындап құлдыраудан сақтап қалуға сеп болған Христиан дінінің дәнегі
Еуропаға топырағына Таяу шығыстан, дәлірек айтсақ қазіргі Израилден келіп
түсті. Оның Еуропаға тамыр жіберіп нық орнығуына бірнеше ғасыр уақыт
кетті. Иудей провинциясы (Қазіргі Израил) Римнің бір провинциясы болатын.
Тарихта Назареттен шыққан Ғайса деген атпен қалған әйгілі уағызшы осы
Иудейде б.д.д. бесінші жылы туылып, отыз үшінші жылы дүниеден өтті. Бұл
кәдуілгі мұсылмандардың киелі кітабы Құрани кәрімде құрметпен есімі аталған
Ғайса пайғамбар еді. Дүние жүзін дүр сілкіндірген бұл ұлы оқиға император
Тиберидің тұсында болған. Ол заманның адамдары Ғайса ғ.с. ды ағашқа керіп
тастап, қинап өлтірдік деп айтады. Оны соттаған Понти Пилат есімді Римнің
прокуроры. Аңыз бойынша Ғайсаның ешқандай кінәсі болмаған. Понти Пилат
еврей дін басыларының талаптарын қанағаттандыру мақсатында ғана оны өлім
жазасына амалсыз кескен.
Ең қызығы Ғайса ғс ның өмір баяны туралы ешбір тарихи құжаттардан
мәлімет ала алмаймыз. Керек десеңіз сол замандағы ең атақты деген Иосиф,
Филон секілді еврей жазушылары да ол туралы ештеме жазып қалдырмаған.
Інжілдің төрт кітабында ғана өте қысқа деректер келтіріледі, оның өзі бірін
бірі қайталайды. Ел арасына Ғайсаның ілімі өті әсерлі хикаялар түрінде
және өзінің соңына ерген дәруіштерімен болған сұхбаттары түрінде ғана
таралған. Оның қалдырған ілімі екі өсиетке негізделген. Жаратушы Алланы
жан тәніңмен сүю, екінші өсиеті барша адам баласын жақсы көру деген. Бұл
шындықтарды Матвей нұсқасының жиырма екінші және отыз жетінші аяттарынан
табуға болады. Ғайса пайғамбар ешқашан ресми билікке қарсы шықпаған. Тіпті
билік туралы әңгіме де қозғамаған. Ешқандай партия, ұйым құрмаған.
Ешқандай шіркеудің негізін қаламаған. Ешқандай саяси мәлімдемелерді
жариялап және христиан дінінің негізгі кітабы саналатын Інжілді де арнайы
отырып жазбаған. Бар болғаны өзінің дәруіштеріне сырға толы рухани ілім
қалдырған. Және ең қызығы өзінен кейін болатын уақиғаларды болжап айтаып,
соңғы пайғамбар туралы анық айтып сендірген. Өкінішке орай кейінгі
христиандар соңғы пайғамбар рухына қатысты шындықтарды Бұл басқа киелі
рух. Ол да Ғайсаның өз рухы деп анық шатасты. Осылайша олар жетінші
ғасырда Исламды жатсынатын жаман мінез тапты.
Осы ілімнің Рим империясында ресми дінге айналатын уақыды туды деп
ешкім ойламаған. Христиандардың өзі діннің осылайша бүкіл империяға
таралуын тек Құдайдың еркімен ғана жүзеге асып жатыр деп ешқақандай саяси
сараптама жасамастан риясыз қызмет қылып жүре берген. Сол кездегі
Римдіктердің өзі және Рим халқының басым бөлігі айналасында болып жатқан
өзгерістерді сезбей де қалған. Ғайсаның ілімін ұзақ уақыттар бойына
түсініксіз аймақтық аса бір мәні жоқ тек бар болғаны аймақтық құбылыс деп
есептеген.
Қазір айқыш крест Христиан дінінің ең маңызды символикасы. Негізінде бұл
қарапайым ғана белгі, таңба болып келген. Тіпті оның формасы әр түрлі; үш
бұрышты, домалақ, төрт бұрышты пішінде бола беретін. Және адамзат баласы
бұл таңбалармен атам заманнан бері таныс еді. Уақыт өтіп, заман озған сайын
адамдар бұл таңбаларға мән мағына бере бастайды. Ғылым кресті толығу,
қалыптасу, деп түсіндіргісі келеді. Ал Ғайса пайғамбарды крестке асып
азаптауына байланысты кейінгі христиандар өздерінің символына айналдырып
алады. Христиан дүниемесінде кресті пайдаланбайтын жері жоқ. Оны шіркеуде,
зираттарда, ескерткіштерде, мемлекеттік туларында елтаңбаларында пайдална
береді. Бұдан бөлек барлық діни ғұрыптарды крест кеіәнен пайдаланады. Орта
ғасырларда крестшілер үлкен үлкен крсетерді арқалап жүретін. Христиан
дініндегі крестердің сан түрлі варианттары бар. Әр қайсысының өзіндік
ерекше мағынасы бар. Кей жағдайда оны символ ретінде кейбір кездері сәндеу
мақсатында қолдана береді.
Еуропада христиан діні келгенге дейін де крестердің басқа да түрі
болған. Ең бізге танымалы ежелден тарихы бар свастика кресті. Оны сынық
крест деп атаған. Свасти деген санскрит сөзі. Мағынасы благополучие деген.
Ал қытайлардың діни нанымы бойынша свастика бақытсыздықты білдіреді. Ал
кельт тайпалары дөңгеленген доғал кресті пайдаланатын. Бұл оларда күннің
белгісі. Гитлер де өз империясын құрғанда свастика крестінің сәтті мғынасын
пайдаланғысы келді. Бұдан басқа христиандық емес шығыс елдерінің өзіндік
белгі таңбалары бар. Олардың ішінде ең әйгілісі сармат тайпасының
тамғалары. Бұлар көбіне қытай йероглифтері секілді болып келеді. Сонымен
қатар бұл тамғалар біздің ата бабамыз түркілердің маңызды символы болған.
Түркілердің тамғасы орта ғасырларда Таяу Шығыс елдеріне жетеді. Одан ары
Исламның гиральдикасына әсер етті. (гиральдика таңбалар ғылымы)
Крестшілер қасиетті жерге келгенде өздерінің асынып жүрген белгілеріне
өте ұқсас таңба белгілерді кездестіріп таң қалады. Бәрінен де қызығы
Польшаның қайталанбайтын гиральдикалық жүйесі бар. Осы жүйе түркіліредің
тамғаларынан ешқандай айырмашылығы жоқ. Осыған байланысты ғалымдар мынадай
қорытынды жасайды. Полша ақсүйектері өздерінің шығу тегін ежелгі
сарматтардан тараймыз дегенін теріске шығармайды. Осыдан бастап полшада
ақсүйектер сарматтық идеология дегенді шығарады. Бүкіл ел таңбаларына
тамғаларды салып алады одан қала берді атқа міну өнерін алдыңғы орынға
шығарып барынша жетілдіреді.

Символдар адамдардың ең бір қуатты сезімдерін қоздарытын қасиеті бар. 1863
жылы қызыл крест ұйымының негізі қаланғанда еуропалықтардың көпшілігі бұл
эмблеманың барлық адамға жақсы әсер етеніне сенмді болды. Себебі бұл таңба
кез келген адамның нәзік сезімін шертетін. Бұны еуропалықтар жасады.
Дегенмен басқа діндегілер бұған қарсы болды. Нәтижесінде ұйымның
эмблемасының таңбалары толығып оған жарты ай, қызыл жұлдыз, қызыл арыстан
қосылды.

Христиан дінінің таралуы.

Христиан діні негізінен адамның ішкі жан дүниесіндегі рухани ізденісі мен
сұранысын қанағаттандырды. Ал Рим қоғамында жалпы римдікдердің өмір сүру
образында адамның рухани мәселесі мүлдем болған жоқ. Өлімнен соң өмір бар
екендігін және ахиретте азаптан құтыласың деген христиан дінінің негізгі
ұстанымдары адамдарды өте қатты қызықтырды. Осы жерде мынадай мәселе
туындайды, яғни, Рим қоғамынды жаңа құтқарушы дінге деген сұраныс пайда
болады. Екіншіден осы бос кеңістікті яғни рухани аштықты неге христиан діні
толтырды. Не себепті өзге діни наным сенімдер толтыра алмады? Себебі ол
кезде Римде сан түрлі басқа да діндер көп болған. Енді осы маңызды мәселеге
жауап іздеп көрелік. Христан дінінің таралуына Ғайса пайғамбардың соңынан
ерген шәкірттері барынша еңбек етті. Бірінші қасиетті әулие Павл бірінші
болып Христиан дінінің негізгі кітабы қасиетті кітабты басшылыққа ала
отырып, жаңа заветтің негізгі тарауларын жазып шығады. Осы әулие Павл
өзінің уағыздарын Рим халқына таратудан бастайды. 68 жылы азаппен қаза
табады. Содан кейін барып оны адамдар әулие тұтады. Екінші көрнекті тұлға
Тарсадан шыққан Савл оны жұрт қасиетті әулие Павел деп атайды. Бұл өзі
еврей болғандықтан әуеліде иуда дінін ұстанған. Енді Павелдің еңбегі туралы
бірер сөз. Ол екі маңызды іс тындырған. Бірінші Иудаизм дінінен бас тартқан
алғашқы апостол ретінде ол діндегі жаңа жолды ұсынды. Яңни христиан діні
еврейлердің жеке діні емес барлық адамзатқа ортақ деген принципті шығарды.
Екіншіден болашақ христиан ілімінің біртұтатас негізін қалап берді. Павел
Ғайса Құдайдың баласы ал шіркеу оның мистикалық денесі деп атады. Яғни
шіркеуге барушы барлық сенушілер Ғайсаның мистикалық денесін құрайтын
болыптымыс. Сөйтіп әулие апостол Павел христан дінін жүйелі доктринасын
жасап қалдырды.
Бұған бір Құдайға сенетіндер арасында дау болады. Ол дау мынадан келіп
шығады. Яғни бұған дейін иуда дінін еврейлер ғана ұстанатын. Басқалар
мушриктер болып саналатын. Ғайсадан соң тағы да бір Құдайға табынатын топ
пайда болды. Бірақ еврейлер осы арада бүйректен сирақ шағарады. Яғни діннің
жаңаруы заңды. Ол дінде бізге түскен. Құдай бір және оны сүю ережелері
дұрыс. Бірақ шикілік мына арады. пайғамбар емес. Оны Құдай таңдап алған
жоқ. Ол өзін өзі Құдайдың таңдаулысымын деп жалған ақпар таратты. Деп
Ғайсаны барынша мойындамауға тырысты.
Б.д. 7О жылы еврей халқы империяға қарсы көтеріледі. Бұл көтеріліс аяусыз
жаншылып, езіледі. Осыдан бастап күллі еврейді бүкіл Рим империясының
территориясына шашып, таратып жібереді. Бұл жағдай христиандар мен еврейлер
арасындағы қатынасты қатты ушықтырып жібереді. Евриейлер христиандарды
қасиетті кітабты ұрлаушылар қасиетті тиым талаптарды бұзушылар, біздің
дінімізге нұқсан келтіргендер деп айыптады. Ал христиандардың халықтық
сенімдері бойынша және христиандардың ресми патуа байламдарында
еврейлерді Христосты өлтірушілер деп айыптады. Осының кесірнен екі діннің
арасы ажырап суии түсті. Ымыраға келмейтін еврейдің көзқарасы бойынша
христиан дінінің табиғатынан анти семитизмге жол береді екенміш. Ал енді
хритиндардығ көзқарасы бойынша иудаизм табиғаты антихрист немес Тажалдың
сипатын береді. Осы екі мәселе оларды мәңгілікке екіге айырды.
Қазіргі зерттеушіліредің айтуынша бұл екі дін екі ғасыр бойына арасындағы
байланысын толығымен үзген жоқ. Бұл екеуінің түбегейлі айрылуы 131 жылғы
РИмге қарсы еврейлердің екінші көтерілісінің нәтижесінде болды. Өйткені
көтерілістің жетекешісі Симон Бар Кохба өзін мессиямын деп жариялайды. Ал
Ғайсаны мессия деп танушы христандар бұл мәселеге келгенде олармен біржола
ат құйрығын кесіседі.
Бірақ осыдан бері екі мың жыл өтсе де бұлар бір бірімн қатар үзеңгі
қағыстырып дамып еле жатыр. Өйткені еврейлердің қасиетті күні жұма кешікісн
бастлады. Ал христиандар сенбі күні кешкісін басталады. Осы екі күнде
олардың әрқайсыс өз дұғаларын жасайды. Біздегі сенбі, жексенбі күнгі
демалыстар содан бері қалыптасып келе жатыр.

Алғашында христин дінінің бесекелестері өте көп болды. Мистикалық изида,
кибела және парсылардың діні кең тараған болатын. Бірақ олардың барлығының
да христиан дінімен ұқсас жерлері көп еді. Бәрі де құтқарушы бір Құдай бар
деп сенетін.
Осы кезде Рим империсында өте күшті ағым пайда болады. Оларды гностиктер
деп атаған. Оларды ілім іздеушілер деп атаған. Бұлар иуда және христина
дініне өздеріне қажетті пайдлы деген жерлерін алып отырыған. Әсіресе
христиан дінінің әсері көп болды. Сондықтан оларды христина дінінің сектасы
деп санаған. Осыдан барып гностиктер мен христиандардығ арасында айтыс
тартыс басталады. Гностиктер айтады Ғайса пайғамбардың тәні материалдық зат
емес еді. Сондықтан оның денесінің қайта тірілуі де шындыққа жанаспайды.
Олар иудаизмнің де догматтарын, оның ішінде Ветхи заветті мұлде өтірікке
щығарып мойындамай отырып алады. Сөйтіп Ғайсаның тәні ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XIX ғ. ғасырдағы антикалық тарихнама
Рим империясының құлдырауы
Рим империясының құлауы
Жерге жекеменшіктің орнауы
Батыс Рим империяcының құлауы. Франк корольдігі және варвар мемлекеті
ХVІІ-ХІХғ. 1-жартысындағы Араб елдері. Араб елдерінің әлеуметтік-саяси құрылысы мен феодалдық меншік формалары наталдау жасау. Түрік билігіне қарсы ұлт-азаттық күрестеріне сипаттама беру
Ежелгі Рим сәулет өнерінің тарихын жазу
ҚОҒАМНЫҢ ДАМУЫН КЕЗЕҢДЕУДІҢ НЕГІЗГІ ТӘСІЛДЕМЕЛЕРІ
Греция ғалымдары Платон мен Аристотель
Ежелгі Шығыстағы саяси және құқықтық ойлар
Пәндер