Танылмаған мәйіт табылған жағдайларда жүргізілетін алғашқы тергеу әрекеттері


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

  1. Танылмаған мәйіт табылған жағдайларда жүргізілетін алғашқы тергеу әрекеттері . . . 3
  2. Танылмаған мәйіттің жеке басын анықтауда жүргізілетін әрекеттер . . . 8

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 9

  1. Танылмаған мәйіт табылған жағдайларда жүргізілетін алғашқы тергеу әрекеттері

Адам өлтіру ісі бойынша оқиға болған жерді қараудың ерекшеліктері, қылмыстық ситуацияның ашылуымен және қылмыс жасалған жердің сипатымен қамтамасыз етіледі. Атыс қаруын қолдануға байланысты жасалған адам өлтіру ісі бойынша оқиға болған жерді қараудың уландыру және т. б жолмен жасалған адам өлтіру ісі бойынша оқиға болған жерді қараудың уландыру және т. б жолмен жасалған адам өлтіру қылмысын қараудан айырмашылығы ерекше. Бұған қарамастан, адам өлтіруге байланысты іс бойынша оқиға болған жерге қарау жүргізудің жалпы тактикалық ұсыныстары бар.

Адам өлтіруге байланысты іс бойынша қараудың негізгі объектісі-мәйіт және оның табылған жері, себебі көп жағдайларда оның табылған жері болып келеді. Мұндай қарау әрекетін жүргізуді тергеушінің өз жетекшісі бола отырып құрған топ жедел-іздестіру қызметкерлері, маман-криминалист, сот-медицина саласының мамандары, яғни жедел-тергеу тобымен жүзеге асырылады.

Оқиға болған жердің және нақты бір қылмыс жағдайының ерекшеліктеріне байланысты топ құрамына басқа да мамандар кіргізілуі мүмкін.

Тергеуші оқиға болған жерге келген соң бұрынырақ келген полиция қызметкерлерінің алған мәліметтері негізінде қылмысты көзімен көрген тұлғалардан жауап алады және қоршаған жағдайды өзі қарай отырып-жедел іздестіру шараларын жүргізуге нұсқаулар береді, қаралатын жердің шекарасы мен қылмыстық іздің негізгі шоғырланған жерін анықтайды, іске қатысушылардың өзара атқаратын міндеттерін белгілейді.

Мәйіт қаралады, қылмыстың ізі табылу мүмкіндігіне байланысты ол табылған жер мен оның территориясы қаралады. Мәйіт табылған жерден едәуір ара қашықтықтан іске қатысты іздер мен басқа да объектілер табылған жағдайларда, оларды қарау өзінше жекеленген тергеу әрекетін құрайды (әрекеттерінен тұрады) . Оқиға болған жерде мәйіт болған кезде қарау әрекеті тәртіп бойынша орталықтан сыртқа қарай бағыттала отырып жүргізіледі. Мәйіттік құбылыстардың өзгеріске ұшырамай тұрғанында оларды бекіту және тергеу ісіне қажетті басқа да мәселелерді анықтау үшін қарау әрекеті мәйіт жатқан жерден нақты айтқанда мәйітті қараудан басталады.

Мәйітті қарау барысында оның: жынысы, шамамен жасы, дене бітімі, бойы; оқиға болған жердегі жылжымайтын объектіге қатысты мәйіттің орналасу жағдайы анықталады; мәйіттің орналасу жай-күйі, сондай-ақ басының және аяқ-қолдарының орналасу жағдайлары мен ерекше белгілері бекітіледі. Қарау кезінде мәйіт танылмаған жағдайларда ауызша суреттеу әдістемесі бойынша хаттамаға толық сипатталынып бекітіледі. Содан соң хаттамаға белгілі бір кезектілікпен мәйіттің денесі мен киімдері, олардан табылған заттар және оның жатқан территориясы сипатталып жазылады. Мәйіттің киімдерін қарау барысында, оның киімінің жай-күйіне, оның жыл-мезгіліне сәйкестігіне және жәбірленушінің дәл осы кездегі физикалық жағдайына аса назар аудару қажет. Киімінің қалталары мұхият тексеріледі және табылған заттар, сондай-ақ киімдеріне жыртық, зақымдар, қол дақтарының іздері, бақа да биологиялық іздер, балшық т. б болса, олардың түрлері, өлшемі, формасы, нақты орналасқан жерлері толық көрсетіле отырып сипатталады. Мәйіттің денесін қарау кезінде одан табылған мәйіттік құбылыстардың көрінісі мен оның дәрежесі, дене жарақаттары (қан болса оның тоқтағандығы), олардың саны, өзара орналасуы, өлшемі, түр-түсі денесіндегі бөгде іздер мен басқа да бөлшектер нақты сипатталып көрсетіле отырып хаттамаға бекітіледі.

Қылмыстың жасалу тәсілі көрініс табатын дене жарақатының сипатына байланысты мәйітті қараудың белгілі бір ерекшеліктері бар. Мәселен, мәйіттің денесіндегі шауып-кесуден түскен жарақаттарды, сондай-ақ өтпейтін қатты заттармен келтірілген жарақттарды қарау кезінде жарақаттың санына, жарақаттың өзара орналасуына, өлшеміне, формасына, киімдерінің жай-күйіне, денесіндегі жарақаттардың киіміндегі зақымдармен сәйкестігіне, жәбірленушінің денесіндегі арпалысу және қорғаныс іздерінің болуына назар аудару қажет.

Атыс қарулары арқылы жарақат келтірілген мәйітті қарау кезіндегі мәйіттің денесі мен оның киімдеріндегі ату іздері зерттелуге және бекітілуге жатады. Хаттамада жарақаттардың саны, олардың өзара орналасу жағдайы, өлшемі, оның жиегінің жай-күйі, штанцмарканың болуы, кекіні, пішіні, ыс шегінділерінің, қару майларының іздері мен жанбай қалған порохтың түйірлерінің сипаты және орналасқан жері, аумағы хаттамада көрсетіліп бекітіледі.

Ілмектен алынған мәйітті қарау олардың мойындағы странгуляциялық әжім-қыртыстарға, оның сипатына, бағытына, ені мен ұзындығына, түр-түсіне, оларда ілмек материалының бейне-көрінісі іздерінің қалуына мұқият зер салып тексеру керек; хаттамада мәйіттегі дақтар мен олардың орналасуы, сондай-ақ олардың түр-түсі мен басқа да ерекшеліктерімен еріксіз зәр шығару кемістік іздері бекітіледі.

Мәйіттің уланғандығын көрсететіндей жағдайларда, мәйітті қарау кезінде-оның денесіндегі және киіміндегі химиялық заттардың іздері, сондай-ақ өлімнің белгілі бір уландырғыш заттан болғандығы, ерекше иістердің, мәйіттік құбылыстардың болуы хаттамаға белгіленіп, сипатталады.

Судан шығарылған мәйітті қарау кезінде, оның денесіндегі жарақаттарды бекітуден басқа да, мацерациялардың, сондай-ақ мәйіттің аузы мен мұрнының айналасында көбіктердің болуына көңіл аудару қажет.

Оқиға болған жердегі қан іздерінің сот-медициналық қана емес, сонымен қатар криминалистикалық маңызы бар екендігі міндетті түрде ескерілуі тиіс. Оларды зерттеу негізінде тергеу жағдайына маңызды мынандай мән-жайлар: қылмыстың жасалған жері, оның механизмі, жәбірленушіге дене жарақатын салу кезіндегі оның күй-жайы және т. б анықталады. Табылған қан іздері, олардың саны, мөлшері, көрінісі, олардың сипаты, аққан қаннан қалған із, қанның жиналуы, қанның тамшысы, шашырауы, жағылуы, пішіні және жиектерінің формасы, толық көрсетіле отырып хаттамаға бекітіліп жазылады. Бұл іздерді тасушы көп жағдайларда жәбірленушінің киімі, мәйіттің денесі және қылмыс құралы болады. Мәйіттің киімі мен денесінен қылмыскердің киімінің талшықтары, тырнақтарының арасынан қылмыскердің терісінің ткандары, шаштары, мәйіттің жарақаттарынан-қылмыс құралынан бөлініп қалған шыны, металл, ағаш бөліктері т. б ал қылмыс құралдарынан-мәйіттің ішкі органдарының іздері табылуы мүмкін. Сонымен қатар, қылмыстың жасалған жерін, болмаса мәйітті жасырған жерді, жәбірленушінің мамандығын анықтауға мүмкіндіктер беретін микрообъектілер мәйіттің денесі мен киімдерінен табылуы ықтимал.

Оқиға болған жердегі қылмыстық іздерді табу, бекіту алу және зерттеу үшін криминалистикалық техника құралдарын тергеу әрекетіне пайдалану, жоғары мамандықты талап етеді. Мәселен, ултракүлгін жарықтандырулары арқылы органикалық және бейорганикалық заттардың іздерін анықтауға болады; электронды-оптикалық құрылғылар көмегімен жәбірленушінің киіміне төгіліп жағылған қаннан жақыннан ату іздерін табуға болады. Қылмыс құралын және жәбірленушіден ұрланған заттарды іздестіру кезінде тралдар, бұрғылар, магниттік және металіздегіштер қолданылады. Қарау кезінде бірқатар техникалық сұрақтарды шешу үшін оқиға болған жерде, сол жердегі және басқа да объектілер алдын ала зерттеуді қажет етеді. Мұндай зерттеулер тергеуші мен қарау әрекетіне шақырылған мамандарға жүктеледі. Жарылғыш заттарды қолданумен байланысты адам өлтіру қылмыстарын тергеу барысында пиротехника мамандары «жарылғыш заттардың орталығы»-деп тапқан жерді ескере отырып тергеуші қарау шекарасын анықтайды; «ізі суымаған» қылмыстар

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәйітті табылған жерде тексеріп қарау тәртібі
Адам өлтіруді және дене жарақатын салу қылмыстарын тергеу әдістемесі
Адам өлтіруді тергеу
Тергеудің алғашқы кезеңіндегі типтік жағдайлар және тергеуші әрекеттері
Криминалистік әдістеме жүйесі
Жеке адамға қарсы қылмыстар туралы
Мәйітті жерленген жерінен қазып алудың жалпы ұғымы
Қылмыс туралы оқиға болған жерді қарауда тергеушінің ұйымдастырушылық қызметі
Криминалистика пәнінен дәрістер
Шариғаттағы қылмыстың объективтік жағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz