Шет елдік Азия археологиясы



Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Месопотамияның тарихы . географиялық түсінігі
2. Тигр және Евфрат өзендерінің өркениеттерінің өсуіне әсері
3. Месопотамияның көне тас ғасыры. Зарзия үңгірі. Шанидар үңгірі
4. Тигр және Евфрат өзендерінің оңтүстік бөлігінің мәдениеті. Эреду Халаф мәдениетінің қалыптасуы
5. Солтүстік Месопотамия археологиясы: Арпачия қонысы
6. Көне Иран археологиясы. Загрос Керманшахтағы қазбалар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
XIX ғасырдың соңғы ширегінде Тигр және Евфрат (Қос өзен) өзендерінің бойында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде ежелгі ескі қалалардың орны ашылып, әлемге «Шумер өркениеті» деген жаңа мәдениет белгілі болды. Адамзат баласының ғасырлар бойы жинақтаған мол мәдени мұраларына қомақты үлес қосқан, дүниежүзілік өркениеттің тағы бір бастауына айналған бұл жаңа мәдениеттің аты аңызға айналды, адамзат қауымының «фәлсафалық мәйегі», ілгерілеу мен дамудың қайнар бұлағы деп дәріптелді.
Жер бетінде алғаш өркениетті қауым, іргелі мемлекет құрған шумерлердің мәдениеті дүниежүзілік мәдени ошақтардың бірі Египет мәдениетіндей өте жоғары болды. Бірақ Ніл аңғарында үш мың жыл бойы бір-ақ халық қоныстанып, бір-ақ қана мемлекет Ежелгі Египет қоныстанса, ал Қос өзен бойында Шумер, Аккад, Вавилон,Ассирия, Иран сияқты түрлі мемлекеттік құрылымдар тарих сахнасында бірінен кейін бірі алмасып тұрды, түрлі халықтар өзара сауда-саттық жасаумен қатар, өзара әскери қақтығыстарға да жиі барып тұрды, соның салдарынан қалалар мен әсем ғимараттар күл-талқан болып қирады да. Бірақ мұндай қақтығысқа қарамастан бұл мемлекеттердің мәдени гүлдену процесі тоқтап қалған жоқ.
Оған дәлел, Қос өзеннің ең көне мәдениеті Шумер-аккад мәдениеті. В.В. Струве, В.И. Авуев, В.А. Тураев, Б.И. Грозный сияқты аса көрнекті шығыстанушы ғалымдардың пікірінше, шумерлер бүкіл Вавилон мәдениетінің негізін қалаушылар бо¬лып саналады. Ал шумерліктердің өздері, олардың ата-бабаларын Қос өзен өңіріне сонау таудың ар жағынан, солтүстіктен, яғни солтүстік-шығыстан келген.
Ғалымдардың айтуынша, бұл келгендер «тау тұрғындары», «малшы көшпелілер» болып есептелсе керек. Шумердің 3100-2800 жылдардағы халқы туралы белгілі ғалым JI. Вулли: «Дәл осы кезеңде бүлардың халқының басым көпшілігі келімсектерден құрылғаны анық. Әр түрлі себептермен келген олар бүл елдегі халықтардың игере алмай отырған биік мәдениетін өркендетуге белгілі дәрежеде әсер еткен болса керек», - деп жазады.
Шумер мемлекетінің мәдени жетістіктері орасан зор болды. Адамзат тарихындағы алғашқы «алтын ғасыр туралы» поэмасы шумер елінің топырағында жарық көрді, шумерліктер алғашқы элегияларды жазды, дүние жүзінде бірінші рет кітапханалық каталогтар жасауды игерді. Осы орайда ғалымдар «Месопотамия - архивтер отаны» деп тегіннен-тегін атамағанын атап өткіміз келеді, өйткені мұнда мемлекеттік архивтермен қатар жеке адамдардың да архивтері болған. Сонымен қатар шумерлер - ең көне медициналық еңбектердің, дәрі-дәрмек рецептері жинақтарының авторлары, диқаншының тұңғыш күнтізбесін жасаған да осы шумерліктер.
1. Монгайт Л.А. Археология Западной Европы. Каменный век. Москва, 1975.
2. Монгайт Л.А. Археология Западной Европы. Бронзовый и железный век. Москва, 1974.
3. Warwik Bray and David Trump. The Penguin Dictionery of Archaelogy. –Stone Age. Thee age system.
4. Ларичев В. Охотники за черепами. Москва,1971.
5. Матюшин Г.Н. Три миллиона лет до нашей эры. Москва, 1986.
6. Ларичев В. Поиски предков Адама. Москва, 1978.
7. Монгайт Л.А. Археология Западной Европы. Каменный век. Москва, 1975.
8. Монгайт Л.А. Археология Западной Европы. Бронзовый и железный век. Москва, 1974.
9. Warwik Bray and David Trump. The Penguin Dictionery of Archaelogy. –Stone Age. Thee age system.

Пән: Мұрағат ісі
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Шет елдік Азия археологиясы. Көне Месопотамия археологиясы

Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Месопотамияның тарихы – географиялық түсінігі
2. Тигр және Евфрат өзендерінің өркениеттерінің өсуіне әсері
3. Месопотамияның көне тас ғасыры. Зарзия үңгірі. Шанидар үңгірі
4. Тигр және Евфрат өзендерінің оңтүстік бөлігінің мәдениеті. Эреду Халаф
мәдениетінің қалыптасуы
5. Солтүстік Месопотамия археологиясы: Арпачия қонысы
6. Көне Иран археологиясы. Загрос Керманшахтағы қазбалар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
XIX ғасырдың соңғы ширегінде Тигр және Евфрат (Қос өзен) өзендерінің
бойында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде ежелгі
ескі қалалардың орны ашылып, әлемге Шумер өркениеті деген жаңа мәдениет
белгілі болды. Адамзат баласының ғасырлар бойы жинақтаған мол мәдени
мұраларына қомақты үлес қосқан, дүниежүзілік өркениеттің тағы бір бастауына
айналған бұл жаңа мәдениеттің аты аңызға айналды, адамзат қауымының
фәлсафалық мәйегі, ілгерілеу мен дамудың қайнар бұлағы деп дәріптелді.
Жер бетінде алғаш өркениетті қауым, іргелі мемлекет құрған шумерлердің
мәдениеті дүниежүзілік мәдени ошақтардың бірі Египет мәдениетіндей өте
жоғары болды. Бірақ Ніл аңғарында үш мың жыл бойы бір-ақ халық қоныстанып,
бір-ақ қана мемлекет Ежелгі Египет қоныстанса, ал Қос өзен
бойында Шумер, Аккад, Вавилон,Ассир ия, Иран сияқты түрлі мемлекеттік
құрылымдар тарих сахнасында бірінен кейін бірі алмасып тұрды, түрлі
халықтар өзара сауда-саттық жасаумен қатар, өзара әскери қақтығыстарға да
жиі барып тұрды, соның салдарынан қалалар мен әсем ғимараттар күл-талқан
болып қирады да. Бірақ мұндай қақтығысқа қарамастан бұл мемлекеттердің
мәдени гүлдену процесі тоқтап қалған жоқ.
Оған дәлел, Қос өзеннің ең көне мәдениеті Шумер-аккад мәдениеті. В.В.
Струве, В.И. Авуев, В.А. Тураев, Б.И. Грозный сияқты аса көрнекті
шығыстанушы ғалымдардың пікірінше, шумерлер бүкіл Вавилон мәдениетінің
негізін қалаушылар бо¬лып саналады. Ал шумерліктердің өздері, олардың ата-
бабаларын Қос өзен өңіріне сонау таудың ар жағынан, солтүстіктен, яғни
солтүстік-шығыстан келген.
Ғалымдардың айтуынша, бұл келгендер тау тұрғындары, малшы
көшпелілер болып есептелсе керек. Шумердің 3100-2800 жылдардағы халқы
туралы белгілі ғалым JI. Вулли: Дәл осы кезеңде бүлардың халқының басым
көпшілігі келімсектерден құрылғаны анық. Әр түрлі себептермен келген олар
бүл елдегі халықтардың игере алмай отырған биік мәдениетін өркендетуге
белгілі дәрежеде әсер еткен болса керек, - деп жазады.
Шумер мемлекетінің мәдени жетістіктері орасан зор болды. Адамзат
тарихындағы алғашқы алтын ғасыр туралы поэмасы шумер елінің топырағында
жарық көрді, шумерліктер алғашқы элегияларды жазды, дүние жүзінде бірінші
рет кітапханалық каталогтар жасауды игерді. Осы орайда ғалымдар
Месопотамия - архивтер отаны деп тегіннен-тегін атамағанын атап өткіміз
келеді, өйткені мұнда мемлекеттік архивтермен қатар жеке адамдардың да
архивтері болған. Сонымен қатар шумерлер - ең көне медициналық еңбектердің,
дәрі-дәрмек рецептері жинақтарының авторлары, диқаншының тұңғыш күнтізбесін
жасаған да осы шумерліктер.
Өз заманында іргелі мемлекет құрған шумерлер айналасы тас дуалды әдемі
қалалар салудың тамаша үлгісін көрсете білді. Қалада патша сарайы, дін
ордалары, қалалық әкімшілік, шеберхана, мектеп, базар, тұрғын үйлер
тәртіппен түзіліп, шаһардың сәулетіне сәулет қосты.
Дүние жүзіндегі алғашқы жазуды ойлап табу да осы дарынды халықтың
үлесіне тиген. Шумерлер сына жазуын ойлап табумен қатар, оның жетілген
оқулықтарын, грамматикасын жaсады. Шумер елінде мектептер мәдениет пен
білім ошағына айналды. Бір таңқаларлық жағдай дінтану оқу бағдарламаларына
енгізілмеген. Оқушылар негізгі пәндер - шумер тілі мен әдебиетімен қатар,
математика, астрономия, грамматика сияқты ғылым салаларын оқумен
шұғылданған.
Мектептерде шәкірттердің білімін сараптайтын сынақ жүйесі болды,
медицина, сот істері бір ізге қойылды, сәлемхат жазба түріндегі елшілік
қарым-қатынас, келісім шарттарға ерекше мән берілді, қазыналық кіріс-шығыс
есебі мұқият жүргізілді. Әдебиет пен өнер өркен жайды. Адамзат қауымының
тұңғыш әдебиет үлгісі, сына жазу арқылы бізге келіп жеткен даңқты
Гильгамеш туралы аңыз қасиетті шумер елінде дүниеге келді. Бұл тамаша
дастанда адам өмірінің мәні мен маңызы туралы мәселе көтеріліп, өлім мен
өмірдің арақатынасы жайында фәлсафалық толғаулар айтылады. Шумер мәдениетін
зерттеген шетел ғалымдарының айтуынша, шумер мемлекетінің бірнеше қалалары
болған. Солардың ішінде Ур-Уч қаласы (қазіргі Ирак Республикасының Варка
қаласы) негізгі бас шаһар болып саналады. Сондай-ақ шумерлердің Ларса,
Лагаш, Умма, Аратта, Шу-руппақ сияқты бір-біріне жапсарлас орналасқан
қалалары да болған. Қос өзеннің байырғы тұрғындары - шумерлердің діни наным-
сенімдері де, мифологиясы да жан-жақты дамыған. Өз құдайларын діңгір-
тәңір деп атаған шумерлер әлемнің жаралуының басын Ан-Ки деп білген.
Аны — аспан, Киі — жер, демек олар көк иесіне Ан деген, ал жер иесіне
Ки деген атақ бер- ген. Шумерлер адамзат тағдырын шешетін 50-ден астам
құдай бар деп есептеген. Олардың біразының аты белгілі: Ан, Ан-Ки, Ан-Лил,
Ереш-қигал, Инанна, Нурур-Саг, Мама, Мами, Уту, Марту, Ие, Мардук, Шамаш
және т.б. Осы орайда Шумер мәдениетіне байланысты ғалымдардың бұлтартпас
деректерімен дәлелденген ақиқат бар. Ол әлемге ізгілік жолын сілтеген киелі
кітап Тәуратқа байланысты ақиқат. Өйткені, теологтар Тәурат пен Інжілді
құдай сөзі, не болмаса құдай сөзін қаз-қалпында жеткізген пайғамбарлар
уағызы деп түсіндірсе, ғалымдар оны көне дәуір адамының ұшқыр ойының жемісі
деп бағалады. Шындығында солай шығар, бірақ Қос өзен бойынан табылған жазба
деректерге қарағанда иуда және христиан дініне бастау болған Тәураттың-
шумерлердің мифологиясы аңыздары мен дастандарының көшірмесі екендігі
айқындалып отыр. Бұл жағдай шумерлер өркениетінің мәртебесін өсіріп,
шоқтығын биіктете берері сөзсіз.

"Авеста кітабы"
Қазіргі заман мәдениетінде шумер-вавилондық математика мен астрономия
өз ізін қалдырды. Оған дәлел ретінде күні бүгінге дейін шеңберді 360
градусқа, сағатты 60 минутқа, ал минутты секундқа бөлген шумерлік есептеу
жүйесін қолданатынымызды айтсақ та жеткілікті сияқты.
Шумер мәдениетінің тағдырына келсек, шумер елі шапқыншылыққа ұшырап,
б.з.д.б. 3-мыңжылдықтың аяғында семит тайпалары аккадтықтар жаулап алғаннан
кейін Вавилон, Ассирия мемлекеттері орныққаннан кейін де бүл өркениет
адамзат медениетінің теңдесі жоқ үлгісі болып қала береді. Ол өзінің ішкі
рухани қуаты мен ізгілік мұраттары арқылы қайтадан жаңғырып, бүгінгі заман
бейнесінен қайта көрініс тапты. Осы орайда шумерлердің байырғы отаны
Евразия құрлығы, оның ішінде Қазақстан топырағында болғандығы жөніндегі
тарихи деректерді ескере отырып, шумерлер өркениеті мен түркі әлемі
мәдениетінің өзара тығыз байланыста болғандығын ерекше атап өткіміз келеді.
Қазірдің өзінде шумер тіліндегі 400-ден аса сөз түрік сөздеріне ұқсас
сияқты толып жатқан ғылыми тұжырымдар осы пікіріміздің айқын дөлелі сияқты.
Шумер-Аккад өркениетінің тікелей мұрагері ежелгі Вавилон болды. Б.з.д.
II мыңжылдықтың ортасында Хаммурапии патшаның тұсында (б.з.д. 1792-1750 ж.
патшалық қүрған) Вавилон қаласы бүкіл Шумер және Аккад облыстарын өзінің
қол астына біріктірді. Хаммурапидың кезінде екі метрлік тас діңгекке
сыналап жазылған атақты заңдар жинағы өмірге келді. Хамму- рапи заңдарында
Қос өзен алқабының ежелгі тұрғындарының шаруашылық өмірі, салт-дәстүрлері
мен әдет-ғұрыптары және дүниетанымы кеңінен көрініс тапты. Бір кездерде
қуатты Вавилон патшалығы мен және ұлы Ассирия державасы туралы деректер
өткен ғасырға дейін тек Библиядан, сондай-ақ Геродоттың жөне тағы да басқа
көне заман авторларының еңбектерінен ғана белгілі болатын. Ал Мосулдағы
француз консулы Поль Эмиль Ботта Қос өзен бойында таңқаларлық археологиялық
жаңалық ашып, осы бір ұлы мәдениеттің көмескі жақтарын айқындауға жол салып
берді.
Қос өзен бойының байырғы тұрғындары суға және аспанға табынған. Суға
табынушылық, бір жағынан ол құнарлылық, береке көзі болғандықтан болса,
екінші жағынан бұл өңірді талай рет ойрандаған мейірімсіз жауыздық күші
болғандықтан қалыптасса керек. Вавилондықтар аспан жарықтарына жай ғана
табынып қана қойған жоқ, оның құпия сырларын ашуға да талпыныс жасады. Олар
күннің, айдың айналысын және тұтылудың қайталану заңдылықтарын есептеп
шығарды, сонымен қатар вавилондық астрономдар аспан денелерін, яғни
жұлдыздарды бақылап зерттеуде тамаша табыстарға ие болды. Б.з.д. V ғ.
Вавилонда астрологиялық мектептер болған, ал жұлдыздардың өзара қашықтығын
көрсететін таблицалар күні бүгінге дейін сақталған.
Вавилон абыздарының ілімі бойынша адамдар құдайға құлшылық ету үшін
балшықтан жаратылған. Вавилондықтар көп құдайларға табынған, солардың
ішіндегі ең бастылары: Шамаш - Күн құдайы, Син – Ай құдайы, Адад - Жауын-
шашын құдайы, Нергал - Өлім құдайы, Ирра - Соғыс құдайы, Вильги - От
құдайы. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәуелсіздік жылдарындағы жаңа зерттеулер
Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасы
Ортағасырлық қалалардың деректері
Ғұндар және үйсіндер археологиясы
Алтын адам жәдігерінің зерттелуі-ұлттық құндылық
Орталық Қазақстан ерте көшпелілерінің әлеуметтік құрылымы
Археология ғылымы. Археологиялық ескерткіштер түрлері
М.Е. Массонның Орта Азия мен Қазақстан археологиясына қосқан үлесі
Оңтүстік Қазақстанда XIX ғ. аяғында жүргізілген археологиялық және этнографиялық зерттеулер
Сақ өнерінің кейбір белгілері
Пәндер