Ашық және қорғаулы жерлерде өсімдіктер ауруларымен күресуге қарсы, антибиотиктер мен микроорганизмдерді қолдану мүмкіндігі



І бөлім Кіріспе ... ... ... 1
ІІ бөлім. Өсімдік ауруларын қоздыратын микроорганизмдердің табиғатта таралуы ... ... ... ..1.2
2.1. Микроорганизмдер және қоршаған орта
2.2. Өсімдік ауруларына қарсы күресу жолдары ... ... ... ... ... ... .5.7
2.3. Қорғаулы жер туралы түсінік, маңызы және оның құрлыстарын жіктеу ... ... .8.11
2..4 Қорғаулы топырақты жерлердегі өсімдіктердің ерекшеліктері ... ...12.20
2.5. Ашық жерге арналған сұрыптар ... 21.24
Қорытынды ... ... ...25
Пайдаланыған әдебиеттер тізімі ... ... ... ..26
Ауыл шаруашылық проблемалары өте күрделі мәселе, еліміздің бүгінгі тіршілігі мен келешегінің мүдделі міндеттернің бірі, бірі емес бірегейі. Президент бұл мәселені бекер көтеріп отырмаса керек. Еліміз экономикасының, егемендігінің, мәдениетінің келешегін жан-жақты ойлап, күрделі міндетті қолға алып отыр деп есептеймін.
Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» деген еңбегінде былай деп атап көрсетті: «...барлық стратегиялық жоспарлардың алдында агроөнеркәсіп кешенінің дамуы, оны жүйелі және батыл реформалау келеді...». «Ауыл, селоны және агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың артықшылықтары туралы» Заң қабылдау да осы мақсаттарға арналады.
Әңгіме – ауылды қазіргі орын алып отырған дағдарыс жағдайынан шығаруда ғана емес. Әрине, егіндікке жарайтын жер, шабындық, су толық және тиімді пайдаланылмай келеді. Ауыл шаруашылығы жұмыстары жан –жақты қамтылған, арзандау техника емес, білектің күшіне қарап қалды. Негізінен соның салдарынан егіндік пен мал басы кеміп кетті. Ауылдық жерде жұмыссыздық бой көтеріп, колхоз, совхоз тараған тұста жастардың қалаға қаш – қаштауы кең орын алып кеткені де белгілі. Көптеген денсаулық, мәдениет орындары қаңырап қалды.Қазақстан Республикасының саяси тәуелсіздігі оның алдына экономикалық дербестік міндетін қойып отыр. Қазақстанның мұндай дербес экономикалық көтерілуі қайта жаңғырту мен елдің әрі қарай даму жолына терең теориялық негіздеу арқылы ғана іске асуы мүмкін. Қазақстан экономикасының қазіргі даму кезеңінде бір – бірімен байланысты мынадай екі міндет шешілуге тиіс: нарықтық қатынастарды қалыптастыруды аяқтау және дағдарыстан шығу. Соңғы жылдары еліміздің әлеуметтік экономикалық дамуында едәуір оң өзгерістерге қол жеткіздік: біріншіден, Қазақстан егемен тәуелсіз мемлекет болды; екіншіден, біз кең ауқымды әлеуметтік, саяси және экономикалық реформаларды жүргізе бастадық.
1 Торыбаев Х.Қ., Ашықбаев Н.Ж. Өсімдік карантині. Алматы., 2001.
2 Поспелов С.М., Шестиперова З.И., Долженко И.К. Основы карантина сельскохозяйственных растеиий. М.: Агропромиздат,1985. -184 с.
3 Воронкова А.В., Сметник А.И., Шамонин М.Г. и др, Карантин растений в СССР. М.: Агропромиздат,1986. - 256 с.
4 Обеззараживание растительной продукции от карантинных и других вредителей, Сб.науч. литр. М., 1982. -67 с.
5 Правила по внешнему карантину растений. М.: Колос, 1968. - 48 с.
6 Руководство по досмотру и зкспертизе растительных и других подкарантинных материалов. М., 1982. - 440 с.
7 Сельскохозяйственная энтомология. Под ред. А.А. Мигулина. М.:
Колос, 19837 - 416 с.
8 Тілменбаев Ә.Т., Жармұхамедова Г.Э. Энтомология. Алматы, Кайнар, 19947 -336б.
9 Защита растений от вредителей. Под ред. В.В. Исаичева. М., «Колос», 2003. - 472с.
10 Миноранский В.А. Защита орошаемых полевых культур от вре-дителей.
- М., 1989. - 207с.
11 Осмоловский Г.Е., Бондаренко Н.В. Энтомология. - Л., «Колос», 1980. - 360с.
12 Павлов И.Ф. Защита полевых культур от вредителей. - М.,1987.
13 Справочник агронома по защите растений.Под ред. Т.Н. Нур-муратова и Г.Х. Шек. - Алма-Ата, 1983. - 184с.
7 Справочник по защите растений. Под ред. академиков НАН РК Сагитова А.О., Исмухамбетова Ж.Д. Алматы, 2004. - 320с.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

І бөлім
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...1
ІІ бөлім. Өсімдік ауруларын қоздыратын микроорганизмдердің табиғатта
таралуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .1-2
2.1. Микроорганизмдер және қоршаған
орта ... ... ... ... ... ... ... ... 2-4

2.2. Өсімдік ауруларына қарсы күресу жолдары ... ... ... ... ... ... .5-
7

2.3. Қорғаулы жер туралы түсінік, маңызы және оның құрлыстарын
жіктеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 8-11

2..4 Қорғаулы топырақты жерлердегі өсімдіктердің
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..12-20

2.5. Ашық жерге арналған
сұрыптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21-24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ..25
Пайдаланыған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .26

Кіріспе
Ауыл шаруашылық проблемалары өте күрделі мәселе, еліміздің
бүгінгі тіршілігі мен келешегінің мүдделі міндеттернің бірі, бірі емес
бірегейі. Президент бұл мәселені бекер көтеріп отырмаса керек. Еліміз
экономикасының, егемендігінің, мәдениетінің келешегін жан-жақты ойлап,
күрделі міндетті қолға алып отыр деп есептеймін.
Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның егемен мемлекет
ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы деген еңбегінде былай деп атап
көрсетті: ...барлық стратегиялық жоспарлардың алдында агроөнеркәсіп
кешенінің дамуы, оны жүйелі және батыл реформалау келеді.... Ауыл, селоны
және агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың артықшылықтары туралы Заң қабылдау
да осы мақсаттарға арналады.
Әңгіме – ауылды қазіргі орын алып отырған дағдарыс жағдайынан
шығаруда ғана емес. Әрине, егіндікке жарайтын жер, шабындық, су толық және
тиімді пайдаланылмай келеді. Ауыл шаруашылығы жұмыстары жан –жақты
қамтылған, арзандау техника емес, білектің күшіне қарап қалды. Негізінен
соның салдарынан егіндік пен мал басы кеміп кетті. Ауылдық жерде
жұмыссыздық бой көтеріп, колхоз, совхоз тараған тұста жастардың қалаға қаш
– қаштауы кең орын алып кеткені де белгілі. Көптеген денсаулық, мәдениет
орындары қаңырап қалды.Қазақстан Республикасының саяси тәуелсіздігі оның
алдына экономикалық дербестік міндетін қойып отыр. Қазақстанның мұндай
дербес экономикалық көтерілуі қайта жаңғырту мен елдің әрі қарай даму
жолына терең теориялық негіздеу арқылы ғана іске асуы мүмкін. Қазақстан
экономикасының қазіргі даму кезеңінде бір – бірімен байланысты мынадай екі
міндет шешілуге тиіс: нарықтық қатынастарды қалыптастыруды аяқтау және
дағдарыстан шығу. Соңғы жылдары еліміздің әлеуметтік экономикалық дамуында
едәуір оң өзгерістерге қол жеткіздік: біріншіден, Қазақстан егемен тәуелсіз
мемлекет болды; екіншіден, біз кең ауқымды әлеуметтік, саяси және
экономикалық реформаларды жүргізе бастадық.
ІІ бөлім. Өсімдік ауруларын қоздыратын микроорганизмдердің табиғатта
таралуы
2.1. Микроорганизмдер және қоршаған орта

Біздің планетамыздың дамуының алғашқы сатысында литосферада бос
оттегінің болмағаны белгілі. Біртіндеп химиялық және бтологиялық
эволюцияның нәтижесінде осыдан 3 миллиардтай жыл бұрын бір клеткалы
бактериялар мен көк-жасыл балдырлар пайда болып,олар гидросфераға бос
оттегін бөліп шығара бастаған.
Микроорганизмдер қоршаған ортаға тез бейімделіп кететіндіктен,
табиғатта өте кең таралған.Оларды басқа организмдер тіршілік ете алмайтын
ортада да кездестіруге болады. Экватордан бастап Антарктидаға дейін,
органикалық заттарға бай қара топырықпен қатар шағыл құмдар мен гранит
тастарда да микробтар тіршілік етеді. Ауаның сферада да микроорганизмдер
кездеседі.Температурасы +60-70 жететін Гейзер қайнарлар мен тұзды суда да
микробтар тіршілік етеді.Су мен топырақтың терең қабаттарында оттегісіз
ортада тіршілік ететін анаэробты микробтар да белгілі.
Өсімдіктер- микроорганизмдердің тіршілігі үшін қолайлы орта. Жасыл
өсімдіктер микрофлораға өте бай келетінін бірінші рет ағылшын ғалымы Бурри
байқады.Ол 1 грамм картоп жапырағында 25,6 миллион , қиярда -15,4 миллион,
алмада- 1,38 миллион бактерия клеткалары кездесетінін анықтады.
Микроорганизмдердің қоршаған ортаға тез бейімделуінің негізгі
себебі – олар өте жылдам көбейетініндігінде .Бактерия клеткасы 25- 30
минуттың ішінде жаңа өнім бере алады.Егер бір клетка 30 минут сайын 1000
есе көбейіп отырады. Өсуіне кедергі болмаса 48 сағаттың ішінде 1
бактериядан 270 миллион клетка түзілген болар еді.
Өсімдіктер күннің энергиясын пайдалана отырып арнайы пигмент
хлорофиллмен және тамыр арқылы алынатын сумен , басқада минералдық
заттарды ауадағы көмір қышқылы газымен байланыстырып, күрделі органикалық
зат түзеді. Бұл афтотрофты қоректену болып саналады.
Микроорганизмдердің көпшілігі дайын органикалық затпен
қоректенетіндіктен гетеротрофты организмдерге жатады. Сонымен қатар
олардың арасында афтотрофты организмдер де көп кездеседі. Соңғыларының
қоректенуі үшін жоғары сатыдағы өсімдіктер сияқты күн сәулесі мен
көмірқышқыл газы қажет.
Біраз микроорганизмдер сутек, азот,күкірт , темір сияқты минералдық
заттарды тотықтандыру арқылы қоректеніп, өздерін энергиямен қамтамасыз
етеді.Бұларды хемеотрофты организмдер деп атайды.
Микроорганизмдердің өсімдіктер мен жануарларға тән және ерекше
қасиеттерін ғалымдар жан жақты зерттеп, оларды микроорганизмдерге актинс
мицеттер, бактериялар , вирустар , микроплазмалар жатады.
Микроорганизмдер клеткасында ядро немесе ядроға тән заттар бар
екені соңғы жылдары ғана белгілі болды.Клеткада ядросы айқын көрінетін
микроорганизмдерді эукароиттар немесе ядролы организмдер деп атайды.
Бұл топқа саңырауқұлақтар жатады.
Микроорганизмдердің көпшілігі бір немесе бірнеше клеткадан
тұрады.Олардың клеткасында тірі организмге қажет барлық информациялар
жинақталған.Жалғыз клеткалы микроорганизмдер қоректену ,тыныс алу, көбею,
тұқым қуалау сияқты күрделі процестерден өтеді.
Микроорганизмдер қоректік затты бүкіл денесімен сору арқылы
қабылдайды.Егер қоректік заттар ірі молекулалардан құралып , клетка қабықша
арқылы өте алмайтын болса, микроорганизмдер өздерінің ферменттері арқылы
оларды ыдыратып , жеңіл қорытылатын қосынды ларға айнадырады.
Микроорганизмдердің өсіп-өну жылдамдығы температураға байланысты
болатындықтан , олар бірнеше топқа бөлінеді. Психрофилдер- немесе төменгі
температуралық оптимумы +25-25, иаксимумы +30-35 .Мезофильдер- немесе
орташа температурада өсуге бейімделген микроорганизмдердің
температуралық минимумы - +45 жетеді. Алтермофильдер тобы өте жлғары
температурада өсуге бейімделген.Олар -20 -30 жағдайда өсіп
жетіледі.Термофильдердің температуралық оптимумы - +50-55 , максимумы -
+80.
Микроорганизмдер төменгі температурада өнбейді, тыныштық қалпын
сақтайды.Бірнеше тәулік бойы – 90 ұсталған микробтар тіршілік қабілетін
жоймай, қолайлы ортаға тап болғанда өсіп-өніп , көбейе береді. Көптеген
Микроорганизмдер +60-70 температурада 15-20 минут қыздырғанда тіршілік
қабілетін жоятын болса, ал кейбіреулері үшін 100 температурада керек.
Кейбір микрооранизмдерді жою үшін оларды +100-120 температурада бір-екі
сағат автоклавта ұстау қажет.

2.2. Өсімдік ауруларына қарсы күресу жолдары

Өсімдік аурулары, туындау себептеріне байланысты жұқпалы
(түрлі бактерия, вирус, саңырауқұла қ,гематода, т.б. тудыратын) және
жұқпайтын (қоректену тәртібінің бұзылуынан, ыстық-суықтан, өнеркәсіп
қалдықтарының әсерінен, т.б.) аурулар топтарына бөлінеді. Жұқпайтын
ауруларға қыстың үскірік аяздарынан жеміс ағаштарының діңі шытынап жарылуы,
күздік егістер мен көпжылдық шөптесін өсімдіктердің үсікке ұрынуы, жаз
айларының аптап ыстығы мен куаңшылығы, аңызақ желдер салдарынан астық
дақылдарының масақтарында дән байлануы төмендеп, шөпектенуі, т.б. жатады.
Өсімдіктердің жұқпалы ауруларын саңырауқұлақтар, бір клеткалы, таяқша
тәріздес бактериялар, вирустар мен вироидтар қоздырады. Зиянды
саңырауқұлақтардың, бактериялардың, кейде аяз салдарынан өсімдіктің кейбір
бөлігі дұрыс өспей, шектен тыс ұлғайып ісікке, бұдырға айналып, өсімдік
рагіне әкеліп соқтырады. Көпжылдық ағаштардың мех. немесе аяздан
зақымданған діңдерінде, тамыры мен тамыр жемісінде, кейбір өсімдіктердің
сабақтары мен гүл қауашақтарында, жапырақтарында бунақ денелілер
жұмыртқаларын салып, сонда өсіп-көбейіп, зақымданған органды пішіні
домалақтау келген ісіктерге айналдырып, оның дамуына себепші болады.

Basіdіomycetes класының Puccіnіa ту ысына жататын саңырауқұлақтар
тарататын аса зиянды және кең таралған кесел – өсімдіктердің тат
аурулары. Тат өсімдіктің жер бетіндегі бөлімдеріне, оның ішінде гүліне,
жемісіне түседі. Ауру белгілері жапырақ пен сабақта және масақтың
қауыздарында ақшыл сарғыш (сары тат), қоңырқай (жапырақ немесе қоңыр тат),
қызғылт-қоңырқай (сабақ таты) түсті, көлемі әр түрлі күлдіреуіктер түрінде
байқалады. Олар, әсіресе астық дақылдарында көп кездеседі. Сары тат
көбінесе оңтүстік пен оңтүстік-шығыс аймақтарда күздік бидай егісінде кең
таралған. Қоңыр тат солтүстік, шығыс және батыс аймақтарда жаздық бидай
егістерін жиі шарпып, өнімге айтарлықтай зиян келтіреді. Тат ауруына
жүгері, күнбағыс, қарақат, таңқурай ,алмұрт, алма, т.б. шалдығады.
Өсімдіктердің солуы топырақта ылғал жеткіліксіз болса, ауаның температурасы
жоғарылап, сонымен қатар аңызақ жел соқса, жапырақтарға сабақтың өткізгіш
түтікшелері арқылы тасымалданатын су жетіспегенде болады. Кешке қарай ауа
салқындап, жапырақтарға су тасымалдану реттелген соң өсімдік бастапқы
қалпына келеді. Жаңа отырғызылған көшеттер де бастапқы кезде күн ашық,
ыстық болса солып, толық тамырланғаннан кейін солуы тоқталады.
Өсімдіктердің солуының келесі бір себептері топырақта тіршілік ететін
кемірушілер мен бунақденелілер, саңырауқұлақтар мен бактериялар қоздыратын
аурулардың (вертициллезді және фузариозды солу немесе трахемикоз аурулары)
салдарынан болады. Топырақта тіршілік ететін сымқұрттар мен зауза қоңызының
дернәсілдері өсімдіктердің тамырларымен қоректеніп, негізгі тамырларды
зақымдауынан олар біртіндеп солады. Саңырауқұлақтар мен бактериялардың
мицелийлері (жіпшелері) көбінесе тамырлар мен сабақтың түтікшелерін торлап,
кейде улы заттар – токсиндер шығарады. Осының салдарынан өткізгіш
түтікшелер бітеліп, жапырақтарға судың тасымалдануы нашарлайды. Кейде
бөлініп шыққан токсиндер ұлпаларды улайды. Бұлардың салдарынан өсімдіктер
тез арада солады. Таз қотыр ауруы өсімдіктің жапырағын, жемісін, өзегін
зақымдайды. Олардың бетінде қара дақтар пайда болып, көптеген саңырауқұлақ
жіпшелері бар қатты қоңыр даққа айналады. Бұл дақтар жемісті тіліктеп қатты
жарақаттайды. Ауру қоздырғыштары жерге түскен жапырақ арасында қыстап
шығады. Өсімдік аурулары қоздырғыштарының сақталу, таралу немесе
тасымалдану ерекшеліктеріне байланысты негізінен 3 топқа бөлінеді: тұқым
немесе көшет арқылы, ауа толқыны және жаңбыр арқылы таралатындар, топырақта
немесе өсімдік қалдықтарында сақталатындар. Вирустар мен бактериялар
қоздыратын ауруларды таратуда олардың зиянкестерінің атқаратын рөлі зор.
Ауру қоздырғыштары ауа толқыны, жаңбыр бұлттары арқылы жүздеген шақырым,
кейде тіпті бір құрлықтан екіншісіне таралуы мүмкін. Ауа райы жағдайларына
байланысты аурудың дамуы және таралу ерекшеліктері, одан келетін шығын
құбылмалы болады. Эпифитотия дәрежесіне дейін дамыған жағдайда олардан
келетін шығын 30 – 40%-дан асады. Өсімдіктің солуын тежеу үшін көкөніс және
басқа да суды көп қажет ететін дақылдарды уақытында суғарып отыру қажет.
Кеміргіш бунақденелілерден келетін ауруларды төмендетуде ауыспалы дақылдың
және жер қыртысын аудара жыртудың маңызы зор. Сонымен қатар, отырғызылатын
көшеттер мен тұқымды инсектицидтер және фунгицидтер ерітіндісінде дәрілеген
жөн. Өсімдік ауруларының таралуы мен дамуын және зияндылығын шектеу
үшін карантиндік жәнефитосанитарлық , агротехникалық, ал қажет болса
химикалық шаралар қолданылады. Осы мақсат
үшін селекция және биотехнология әд істерін кеңінен пайдалана отырып ауруға
берік немесе төзімді сорттарды шығарудың атқаратын маңызы өте зор.

Өсімдік ауруларының себептері.

Т.Д.Страховтың анықтамасы бойынша: ауру -өсімдіктерде потогенді организмдер
мен қоршаған ортаның қолайсыз жағдайынан пайда болып,өзгеріп
отыратын,олардың қалыпты физиологиясы мен құрылысына , түсіміне ерекше әсер
ететін құбылыс.

Өсімдіктердегі қалыпты физиологиялық процестерді әр түрлі физиологилық
процестердің әр түрлі аурудың әсерінен бұзылу ерекшеліктерін бірнеше топқа
бөлуге болады.
Фотосинтездің төмендеуі ауру қоздырғыштарының әсерінен хлорофиль
зақымдалып фотосинтездің екпінділігі төмендейді.Хлорофиль дәндерінің
зақымдалуынан жапырақтар мен сабақтарда алуан түрлі дақтар пайда болып
олардың фотосинтезге қатысатын түрлері азаяды.Осы себептен клеткаларда
жүретін синтез процесінің жылдамдығы азаяды өсімдіктердің өсуі баяулап
түсімділігі азаяды.
Өсімдіктің тыныс алуының өзгеруі ауруға шалдыққан өсімдіктердің тыныс
алу екпінділігі артып,қорға жиналатын органикалық заттар ысырапқа
өшырайды. Кейде аурудың әсерінен зәрлі заттар бөліп шығып клеткалар өсімдік
органдары клеткалар уланады.тыныс алу кезінде бөлініп шығатын энергия
өсімдік органдарымен ткандерін қыздырады.Өсімдіктің тыныс лу жылдамдығы
төмендеген жағдайда қорға жиналатын заттардың синтезделу күрт азайып
өнімнің түсімділігі кемиді,сапасы нашарлайды.
Өсімдік органдарының су және қоректік заттармен қамтамыз етілуінің
бұзылуы.Фотосинтездердің нәтижесінде жапырақта түзілетін органикалық заттар
төменгі ағыс жолыме н тамыр,жеміс пен түйнекке,масаққа т.б
жинақталады.Тамыр жүйесі ауруға шалдыққанда жоғары ағыс жолымен немесе
ксилемамен су жүрмейтіндіктен өсімдіктер солып біртіндеп қурайды.Флоэма
жолдары ауруға шалдыққанда фотосинтез нәтижесінде түзілетін органикалық
заттардың мөлшері жапырақта көбейіп, қор жинақталатын органдарға
ақпайды.Осының салдарынан өсімдіктің түсімділігімен қатар өнімнің сапасыда
нашарлайды.Бұл жағдай көбінесе өсімдіктер вирус ауруына шалдыққанда
байқалады.Солу органдарын бактериялар мен саңырауқұлақтар қоздырып су
жүретін түтікшеледі бітеп тастайдықтан оларды трахеобактериоз жән
трахеомитоз деп атайды.

2.3. Қорғаулы жер туралы түсінік, маңызы және оның құрлыстарын жіктеу
Қорғаулы жер –маусымнан тыс уақытта көкеніс және басқа да ауыл
шаруашылығы дақылдарын өсіруге пайдаланатын, өсімдіктерге қолайлы жасанды
микроклиматы бар, арнаулы құрылыстар немесе жер телімі. Қорғаулы жер
көкеніс шаруашылығын солтүстікке және шығысқа жақындатуға мүмкіндік
жасайды, өсірілетін көкеніс дақылдарының түрлерін көбейтуге, халықты жыл
бойы жас көкеніспен қамтамасыз етуді ұйымдастыруға көмектеседі.
Қорғаулы жер өсіру құрылыстары жылыжай, булыжай және жылытылған жер
болып бөлінеді. Ашық және қорғаулы жерлерді дұрыс үйлестіріп, көкеніс
өнімін сақтауды жақсы ұйымдастыра отырып, жас көкеністі жыл бойы өсіруге
болады.
Жылыжайлар
Жылыжайлар- ең жетілген өсіру құрылыстарының бірі, мұнда өсімдік
тіршілігінің барлық себепшарттарын, сондай-ақ өнімділікті де реттеуге
болады.жылыжайдағы еңбек- өнеркәсіптік өндірістің бір түрі. Пайдалану және
құрлысын салу бойынша жылыжайларды: міндетті, пайдалану ұзақтығы. Өсіру
технологиясы, жарық өткізгіш қоршау түрі, қоршауының пішін үйлесімі, жылыту
тәсілі сияқты алты топқа бөледі.
Міндеті бойынша жылыжайлар көкеністік, көшеттік және гүлзар болып
бөлінеді. Көкеністік жылыжайларда тауарлық қөкеністер, көшеттіктерде- ашық
және қорғаулы жерлер үшін көшеттер өсіріледі.
Пайдалану ұзақтығы бойынша жылыжайлар қысқы және көктемдік болып
бөлінеді. Қысқы жылыжайда жыл бойы көкеніс және көшет өсіріледі,
көктемдікті- ерте көктемнен қоңыр күзге дейін пайдаланады.
Өсіру технологиясы бойынша сөрелі, сөресіз, фитотрондар және
қозықұйрық өсіретін болып бөлінеді. Сөрелі жылыжайлар, көбінесе көшеттер
өсіруге пайдаланады.
Гидропонды жылыжайларда өсімдіктерді қоректік ертінділер құйылған су
өтпейтін бетонды астауларда өсіреді.
Фитотрондар- қоршаған орта себепшарттарының өсімдікке әсерін зерттеу
үшін жасанды жағдайларды реттейтін қондырғылар. Қозықұйрық өсіргішжай-
жылыжайлардың қозықұйрық өсіруге бейімделген түрі.
Қозықұйрық өсіру үшін әртүрлі құрылыстар: ұңғармалар,
үңгірмелер,кеніштер, сондай-ақ жертөле, ескі ғимараттар, жылыжайлар
пайдаланады.
Жылыжайлар жарық өткізгіш жамылғыларының түрлері бойынша шыныланған,
пленкамен және қатты полимерлі жадығаттармен жабылған болып бөлінеді.қысқы
жылыжайлар шыныланады да, көктемдіктер шынылы да пленкалы болуы керек.
Күн сәулесі жылыжайдың ішіне өтіп топыраққа, өсімдікке қабырғаға және
басқада жерлерге түседі, оларды қыздырып жылуға айналады, сосын шыны арқылы
кері сыртқа шыға алмайды да , жылыжайдың температурасын көтереді. Бұл
құбылысты булыжай немесе жылыжай әсері дейді.
Қоршаудың пішін үйлесуі бойынша жылыжайлар ангарлы және топтамалы
болады, көлденең қиығының пішіні бойынша сыңар жақты және екі жақты
құламалы, тегіс және цилиндрлері, оңтүстікке бағытталынған ққламалы болып
бөлінеді. Ангарлы жылыжайларда тіреулер болмайды.
Блокты жылыжайлардың ангарлы жылыжайлардан артықшылығы: қоршау
коэффициентінің аздығы, бағасының және отын шығынының 15-18 пайызға
төменірегі, құрылысты салу 30-35 пайызға арзанырақ.
Жылыжайдың басқа да құрылымдары бар:аспалы, ауалық, биіктік-
конвейерлік. Ванттық жылыжайлардың пленкалары жылыжайдың екі жағындағы
бағаналарға тартылған тросқа байланысты, үрмелердің пленкасы үнемі ауаның
қысымымен ұсталынып тұрады.
Көкеніс дақылдарын белгілі бір кезеңде өсіргенде, өсімдіктерге қажетті
жылу режимін қалыптастырып үшін соңғы жылдары жылжымалы жылыжайларға
қызығушылық туындауда. Жылыжайды рельс бойымен лебедкамен немесе қолмен,
сондай-ақ рельс бойымен роликтің қөмегімен қозғайды. Көбінесе жылжымалы
жылыжайларды көп жылдық көкеніс дақылдарының –қояншөптің , рауғаштың,
қымыздықтың, шалғамның және т.б. жеміс салуын тездету үшін пайдаланады.
Күзде, оларды жинап алғаннан кейін жылыжайды көрші телімге жылжытып, кеш
пісетін дақылдарды өсіруге пайдаланады.
Тұрғын үйлердің және өнеркәсіп ғимараттарының төбесіне жылыжай
салу, аталынған орындардың қалған жылуын және жерді тиімді пайдалануға
мүмкіншіліктер жасауда.
Жылыжайлар жылыту тәсілі бойынша күнкөзілік, биологиялық және
техникалық жылудағы болуы мүмкін.

2..4 Қорғаулы топырақты жерлердегі өсімдіктердің ерекшеліктері.

Қорғаулы топырақтар деп – арнай қондырғылары бар, маусымнан тыс, яғни
жыл бойы көкөніс өсіруге арналған микроклиматы бар жер үлескілері мен
құрылымдарды айтады. Қорғаулы топырақ құрылымдарын культивациялық
құрылымдар деп те атайды. Қорғаулы топырақтарға
жататындар: жылыжай, булыжай, жылыт ылған топырақ құрылымдары, оларды кейде
қарапайым қорғаулы топырақтар деп те атайды, саңырауқұлақжай –
саңырауқұлақтар мен қозықұйрықтарды өндіруге арналған культивациялық
құрылымның ерекше бір түрі.

Қорғаулы топырақтар халық шаруашылығының бірқатар салаларында
пайдаланылады. Олардың қолданылатын салары:

1. Жеміс (субътропикалық, цитрус), жидек, жүзім өсіруде; 2. Әртүрлі
дақылдардың көшеттерін өсіруде; 3. Бағалы жеміс және орман ағаштарының
отырғызу материалдарын жеделдетіп өндіруде; 4. Ауыл шаруашылығы
дақылдарының жаңа сорттарын шығаруда; 5. Жануарларға үстеме қорек ретінде
ерте пісетін дәруменді балдырлар өсіруде; 6. Сәндік өсімдіктерді өсіруде
және т.б. Көкөністерді қорғалған топырақтарда өсіру халықты жыл бойы
көкөніспен қамтамасыз етудің бірден-бір жолы болып табылады. Негізінен
қорғаулы топырақтарда көкөніс өсіру солтүстік облыстарда аса маңызды.
Себебі, онда ашық танапта көкөніс өсірудің табиғи кезеңі оңтүстікке
қарағанда қысқарақ.

Қорғаулы топырақтардың маңызы

1. Көкөністер көшеттерін ашық және қорғалған топыраққтарға арнап
дайындау; 2. Ашық танапта көкөніс өсіруге болмайтын кезеңде көкөніс өндіру
үшін жергілікті жағдайда пісіп үлгермейтін дақылдар өндіру үшін

[Қорғаулы топырақтардың міндеттері]:

1. Жыл бойы және маусымнан тыс (ашық танаптағы көкөніс өндірудегі
уақытты есептемегенде) жоғары сапалы көкөніс өндіру; 2. Көкөніс
дақылдарының түрлерін көбейту; 3. Культивациялық құрылымдар үшін көшеттер
өсіру; 4. Ашық танапқа арнап көшеттерр дайындау; 5. Жылу сүйгіш дақылдардың
жылыжайлық сорттары мен будандарының тұқымын дайындау; 6. Екіжылдық аналық
көкөніс дақылдарын ашық танапқа отырғызар алдында өсіріп алу; 7. Ашық
танапқа өсірген көкөністерді ары қарай өсіру, пісіріп-жетілдіру; 8. Көкөніс
дақылдарын солтүстік аймақтарға қарай көбірек тарату және олардың түрлерін
көбейту.

Қорғаулы топырақтардың ерекшеліктері

1. Жыл мезгілі мен ауа-райы жағдайына қарамастан көкөністерді өсіріп-
өндіру техникалық базасының болуына (арнаулы орын, жылыту және қорғаныс
қондырғыларығ сумен қамтамасыз ету, жасанды қоректендіру, желдету,
жарықтандыру қондырғылары, ауаның келуін реттейтін қондырғылар және т.б.)
байланысты; 2. Қажетті микроклиматты жасайтын қондырғылары мен құрылымдар
құнының жоғарылығы; 3. Ашық танаптағы көкөністермен салыстырғанда аз ғана
жер бөліктеріне орналастыруға болатындығы; 4. Культивациялық орындардағы
аудандарды өте тиімді пайдалану: бір орыннан немесе бір жерден жылына 3-5
рет өнім алуға болатындығы, өсімдіктерді жол жиектері мен стеллаждарға
бірнеше қатар етіп орналастыруға болатындығы; 5. Өнімділігінің
жоғарылығында, егер ашық танапта қиярдың өнімдіділігі 90тнга болса жоғары
көрсеткіш болып есептелінеді. Ал жылыжайда 250-300 тнга орташа деп
бағаланады. Яғни ір шаршы метрден 40-50 кг, гектарына 400-500 тн өнім алуға
болады; 6. Қол еңбегін жоғары деңгейдегі механизациямен ұштастырып
қолдануға және өндірістік процестерді электрификациялау, жекелеген
жағдайларда жұмыс түрлерін толық автоматтандыруға болатындығы; 7. Әрбір
өсімдікке жеке күтім жасауға болатын жерді тиімді пайдалануға бағытталған
дақылдардың өндірудің күрделі технологиясын (өсімдікті қалыптастыру,
гүлдерді қосымша тозаңдандыру, үстеме қоректендіру, жиі суару және т.б.)
пайдалану; 8. Қорғалған топырақ жағдайларына бейімделген арнайы сорттарды
қолдану; 9. Өнім өндірудің өзіндік құнының жоғарылығы. Ол жасанды
микроклимат жасау және күрделі агротехникалық шараларды орындауға кететін
материалдық шығындармен анықталады; 10. Еңбекті ұйымдастырудың ерекшелігі
және қызметкерлердің жоғары кәсіби біліктілігі, ол күрделі қондырғыларды
пайдалану мен микроклимат жасау,ды білу, сондай-ақ өсімдіктердің
агротехникалық талаптарын қатаң орындау болып табылады; 11. Өсімдіктердің
тамыры мен қоректену ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Антибиотик түзуші микроорганизмдер
Өсімдік фитонцидтерінің емдік қасиеттерін зерттеу
Биологиялық күрес тәсілінде қолданылатын биопрепараттар тобы
Биологиялық активті заттарды түзуші микроорганизмдер
Биотехнологияда қолданылатын микроорганизмдер
Қызанақ жылу сүйгіш өсімдік
МИКРОКАПСУЛАЛЫ ВАКЦИНАЛАРДЫ АЛУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Хлортетрациклиннің продуценттері
Микроорганизмдер генетика жүйесі
Табиғаттағы заттардың айналымындағы микроорганизмдердің маңызы
Пәндер