Тәрбиеге тұлғалық бағыт беру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Тәрбиеге тұлғалық бағыт беру

Тәрбиелеу процесінде тәрбиелснушілердің жеке міндеттемесі мен мүмкішшіліктерін есепке алу маңызды жұмыс болып табылады. Тұлғалық саналарға сүйену тәрбиенің өте маңызды сипаттамаларының бірі, яғни тұлғаның бағыттылығы мен оның құндылықтар таңдауын ескерс білу. Тұлға бағыты оның өмірлік жоспарларын, қалыптасқан өмір жолдарын, іс-әрекетін және қылығын бас қарушы мотивтерін білдіреді.

Тәрбиеге тұлғалық, тұрғыдан қарау принципі тәрбиешіден мына міндеттерді орындауды талап етеді:

I) өз тәрбиеленушілеріне жеке темперамент ерекшеліктерін, мінез бітістерін, көзқарастарын, талғамдарын, әдеттерін қырағы танып, жақсы білу; 2) ойлау бейімі, тұлғаның бағыттылық мәтивтері, қызығушылықтары, өмірге, еңбек етуге көзқарасы, қүндылықтар пайымы, өмірлік жоспарлары т. б сияқты аса маңызды сапалардың қалыптасу деңгейінің қаншалықты болғанын және болатынын анықтай білу? 3) тұлға дамытудың әсерлі түрін біртіндеп күрделендіре отырып тәрбиелік іс-әрексттерге әрбір тәрбиеленушіні тарту; 4) дер кезінде мақсатқа жетуге кедергі болатын себептерді анықтап, олардан арылу, ал егер дер кезінде сезіп, жою мүмкіндігі болмаса, онда жаңа туындаған жағдайларға байланысты тәрбие тактикасын ауыстыра білу; 5) тұлғаның өз белсенділігіне көбірек сүйену; 6) тәрбиені тұлғаның өзіндік тәрбиесімем байланыстырып, өзіндік тәрбиенің мақсат, әдіс, формаларын таңдауға көмектесу; 7) тәрбиелснушінің өзіндік іс-әрекетін, белсенділігін, дербестігін дамытып, оған жетекшілік етіп, үйымдастыра табысқа жетуге бағыттау.

Бұл талаптардың бірлікті түрде іске асырылуы жас және жеке ерекшеліктеріне үстірт қарамай, процестердің тереңнен дамуына, себеп-салдарлы қатынас заңдылықтарына сүйенуге тәрбиешіні міндеттейді.

Тәрбиені тұлғалық тұрғыдан жүргізген кезде жас және жеке ерекшеліктерді есепке алу жаңа бағыт алады. Адамгерішлік, әлеуметтік сапаларды қалыптастырудың ен ыңғайлы мүмкндіктері бастауыш мектеп жасында болады. Неғұрлым жасы кіші болса, соғұрлым тәрбие ықпалдарын нақты қабылдап, бала өз тәрбиешісіне көбірек сенеді, оның беделіне сөзсіз бағынады. Сондықтан кіші мектеп жасында және ерте жеткіншек жаста жағымды әдеттерді тәрбиелеуге, балаларды еңбекке, тәртіпке, қоғамдық іс-әрекеттерге үйрету жеңіл болады. Ересек жеткіншектер болса, пайдалы еңбектің тура, ашық міндеттерін қалайды, оларды орындауда белсенділік танытуға құмар келеді. Дегенмен де, бұл белсеңділік, талпыныстар педагогтар тарапынан өте жақсы ұйымдастырылуы қажет.

Тәрбиенің болашақ нәтижелерін жобалағанда тәрбиеленушілердің мүмкіншілік пәрменділігінің кейбір сапаларды қалыптастыруда азаятынын, жасына байланысты жүйке жүйесінің нәзіктігін, сыртқы әсерлерне психологиялық қарсылықтың көбейетінін, сензитивті кезең қажеттерінің өзгеруін естен шығармаған жөн.

Тәрбиеші сүйінетін оқушының жеке ерекшелікгерінің қатарыңда олардың қабылдау, ойлау, есте сақтау, сөйлеу, мінез, темперамент, ерік бітістерін атауға болады. Бұл және басқа да ерекшеліктерді айыра тану тәрбиелеуде қиынға соқса да тәрбіиеші табысқа жетуді ниет қылса, қосымша уақытын, күш - жігерін, құралдарын пайдаланып, тұлғалық сапаларды толық және нақты танып-білуге ынта-ықыласты болуы шарт.

Тәрбиеші қазіргі заманғы оқушылардың білім деңгейінің жоғарылығын ескере отырып, өзі де жан-жақты дамып отыруы керек, яғни өз мамандығы төңірегіндегіні ғана біліп қоймай, сонымен қоса саясат, өнер, мәдениет саласындағы білімдерді жинақтап, өз тәрбиеленушілеріне өзін адамгершіліктің жоғары үлгісі ретінде адамдық қадір - қасиеттің, құндылықтың таратушысы ретінде танылуы тиіс .

Балалық және жеткіншек жастағы тұлғалық сапалардың жылдам қарқынмем қалыптасуы озық әрекет етуді, тәрбиеленушіден даму желісіндегі тәрбие мазмұны мен оның ұйымдастырылуы, әдістері және формалары арасында қайшылық туындамай тұрғанда, жағымсыз әдеттер баланың жан дүниесіне орнығып қалмай тұрып, алдынала қимылдауды қаурыт талап етеді. Әйтсе де, талаптарды күшейте отырып, тәрбие ықпалдары бағытталған тәрбиеленушілердің шама-шарқын ескерген абзал. Қиын талаптар баланың өз күшіне сенімін азайтып, көңілдерін қалдырады, тіпті ең қауіптісі, -сол талаптарды үстірт орындауға итермелейді. Әдетте, мұндай жағдайда жартылай істелінген іске қанағат тұту әдеті қалыптасып қалуы мүмкін.

Тәрбиешілер әсіресе, тұлғаның негізгі сапаларына, яғни, олардың құңдылықтарды таңдау бағытына, іс-әрекет жасаудың және қылық қалыптастырудың өмірлік жоспарларына мән беріп тәрбие процесін түзейді, әрі бұл процесті тұлғалық және қоғамдық, қажеттерді қанағаттандыруға бағдарлайды.

Кейбір тәрбиешілер нақты тәрбиені тек "қиын" оқушылар мен тәртіп бұзушыларға қатысты деп ойлайды.

Сөз жоқ, мұндай тәрбиелеушілер көбірек бақылауды керек етеді. Бірақ "жағдайы жақсы" оқушыларға да мойын бұру керек. Сырттай жақсы көріністің көлеңкесінде жаман пиғылды ойлар, мотитзтер әрекеттерде жасырынып жатуы мүмкін. Бұған ешкімді: ешуақытта кінәлауға болмайды, бірақ барлық оқушыларға теңдей көңіл бөлу керек.

Тұлғаның сыртқы көрініс, әрекеттерінен оның ішкі мінез-құлқын түсіну өте қиын, осыдан тәрбие мақсаты әрқашан іске аса бермейді. Тәрбиешіге тәрбиеленушінің өзі көмектесуі қажет. Тәрбиеленушіні дос, көмекші, одақтас етіңіз. Бұл түпкілікті сапаларды түсініп, болжаудың ең қысқа, анық жолы болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәрбие принциптерінің өзара байланыстылығы
Тәрбие принциптері
Тұлғалық бағыт принципі
Гносеология ғылыми зерттеудің жалпы ғылымдық әдіснамалық негізі
Тәрбие заңдылықтары туралы тусінік
Бала тәрбиесі Тәрбие процесінің мәні
Тәрбие процесінің принциптері
Педагогиканың жалпы мәселелері
Тәрбие құралдарына түсінік беру
Бастауыш мектеп оқушыларын тәрбиелеудің мәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz