Өмірбаян жазу



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Өмірбаян
2. Өмірбаянның мазмұндық.құрылымдық жүйесі
3. Әскери өмірбаян
4. Өмірбаян үлгілері.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Өмірбаян – жеке адамның өмір жолы хронологиялық тәртіпте қысқаша жасалған ресми құжат. Әдетте оқуға түсу, жаңа қызметке орналасу кезінде жазылады. Онда азаматтың аты-жөні, туған жылы, күні, айы және туған жері, ұлты, отбасы жағдайы, білімі, бітірген оқу орындары, қызметі мен жұмыс тәжірибесі туралы және т.б. қосымша мәліметтер көрсетіледі.
Тәжірибеде өмірбаян үш түрлі болып жазылады. Бірі-адамның өз өмірі мен қызметі туралы баяндауы. Бұл көбінесе қызметке орналасу кезіндегі жеке іс қағазына қоса тігілу үшін жазылады. Онда адам өзінің аты-жөнін, туған күнін, толық көрсетеді. Одан кейін жаңа жолдан нақты деректермен санамалап жазады. Өмірбаянның бұл түрі көбінесе ресми түрде жазылады да, көлемі жағынан шағын болады.
Өмірбаянның екінші түрі - мемуарлар, яғни ақын, жазушылардың, өнер, қоғам қайраткерлерінің өз өмірін қоғам өмірімен байланыстыра баяндауы. Мұндай өмірбаяндар көркем шығармаға жақын, әдеби тілмен, шебер жазылғандығымен оқырманды тартады және ол оқырманды жеке адам өмірімен ғана емес, қоғам дамуымен таныстырады. Мұндай шығармалар кай тілде болмасын өте көп және қара сөзбен де, өлең сөзбен де жазылған түрі кездеседі. Мысалы, Қ. Байсейітовтың "Құштар көңіл"(1977) Ш. Жиенқүлованың «Өмірім менің - өнерім» (1983) кітаптары өмірбаянның осы түріне жатады.
Өмірбаянның үшінші түрінде қоғамға белгілі қайраткерлердің өмірі мен шығармашылық, саяси қызметтері өз тарапынан емес, басқа біреулер тарапынан баяндалады. Мәселен, ұлы жазушылар мен ақындар-А.Құнанбаев, Ш.Уәлиханов, А.С. Пушкин өмірлері туралы шығармалар осындай өмірбаян түріне жатады. Мысалы, С.Мүқанов - «Аққан жүлдыз»,
М. Әуезов «Абай жолы». Өмірбаянның мұндай түрі көркем шығарманың әр түрлі жанрлары ыңғайында очерктен бастап роман-эпопеяға дейін жазыла береді.
1. «Қазақстан Республикасында іс қағаздарын жүргізу». Алматы 2001 ж.
2. «Қазақ тілі» А. Алдашева
З. Ахметжанова
Қ. Қадашева
Э. Сүлейменова Алматы «Рауан» 2000ж.
3. «Қазақстан ұлттық энцикопаедиясы»
Қазақ бас редакциясы Алматы 2005ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Өмірбаян
2. Өмірбаянның мазмұндық-құрылымдық жүйесі
3. Әскери өмірбаян
4. Өмірбаян үлгілері.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Өмірбаян.
Өмірбаян – жеке адамның өмір жолы хронологиялық тәртіпте қысқаша жасалған
ресми құжат. Әдетте оқуға түсу, жаңа қызметке орналасу кезінде жазылады.
Онда азаматтың аты-жөні, туған жылы, күні, айы және туған жері, ұлты,
отбасы жағдайы, білімі, бітірген оқу орындары, қызметі мен жұмыс тәжірибесі
туралы және т.б. қосымша мәліметтер көрсетіледі.
Тәжірибеде өмірбаян үш түрлі болып жазылады. Бірі-адамның өз өмірі мен
қызметі туралы баяндауы. Бұл көбінесе қызметке орналасу кезіндегі жеке іс
қағазына қоса тігілу үшін жазылады. Онда адам өзінің аты-жөнін, туған
күнін, толық көрсетеді. Одан кейін жаңа жолдан нақты деректермен санамалап
жазады. Өмірбаянның бұл түрі көбінесе ресми түрде жазылады да, көлемі
жағынан шағын болады.
Өмірбаянның екінші түрі - мемуарлар, яғни ақын, жазушылардың, өнер, қоғам
қайраткерлерінің өз өмірін қоғам өмірімен байланыстыра баяндауы. Мұндай
өмірбаяндар көркем шығармаға жақын, әдеби тілмен, шебер жазылғандығымен
оқырманды тартады және ол оқырманды жеке адам өмірімен ғана емес, қоғам
дамуымен таныстырады. Мұндай шығармалар кай тілде болмасын өте көп және
қара сөзбен де, өлең сөзбен де жазылған түрі кездеседі. Мысалы, Қ.
Байсейітовтың "Құштар көңіл"(1977) Ш. Жиенқүлованың Өмірім менің - өнерім
(1983) кітаптары өмірбаянның осы түріне жатады.
Өмірбаянның үшінші түрінде қоғамға белгілі қайраткерлердің өмірі мен
шығармашылық, саяси қызметтері өз тарапынан емес, басқа біреулер тарапынан
баяндалады. Мәселен, ұлы жазушылар мен ақындар-А.Құнанбаев, Ш.Уәлиханов,
А.С. Пушкин өмірлері туралы шығармалар осындай өмірбаян түріне жатады.
Мысалы, С.Мүқанов - Аққан жүлдыз,
М. Әуезов Абай жолы. Өмірбаянның мұндай түрі көркем шығарманың әр түрлі
жанрлары ыңғайында очерктен бастап роман-эпопеяға дейін жазыла береді.
Күнделікті өмірде ең жиі қолданылатын құжаттың біріншісі
- өмірбаян. Өмірбаян әркімнің өз қолымен, таза, жүйелі түрде, сиямен
жазылады. Арнайы қағазға жазылуы да мүмкін.

Өмірбаянның мазмұндық-құрылымдық жүйесі:
1. Құжаттың аты (өмірбаян)
2. Аты-жөні (толық жазылады), туған жылы, айы, күні, туған жері
3. Ұлты
4. Білімі, оқыған оқу орындары
5. Қоғамдық-саяси қызметі
6. Ата-анасы, жұбайы, балалары туралы мәлімет
7. Қазіргі жұмысы, мекен-жайы
Өмірбаянның мазмұны автордың өмір жолын, іскерлік қасиеттерін жан-
жақты баяндап беруге тиіс.

Әскери өмірбаян
Өмірбаянды үміткер өз қолымен, еркін түрде, түзетулерсіз, төмендегі
мәліметтерді міндетті түрде көрсете отырып жазады:
- тегі, аты, әкесінің аты, туған датасы мен жері, ұлты, ана тілі, тағы
қандай тілдерді біледі;
- қашан, қайда, қандай оқу орындарында оқыды, білімі бойынша мамандығы;
- кім болып, қашан және қайда жұмыс істеді, кәсіпорынның, мекеменің
немесе ұйымның толық атауы мен мекен-жайы көрсетілсін;
- әскери міндеттілікке қатысты, мерзімді әскери қызметке қашан және,
қандай әскери қызметте болды, кім болып қызмет атқарды, әскери атағы;
- үміткер мен оның отбасы мүшелерінің отбасы жағдайы, қашан некеге
тұрды, әйелінің (ерінің) тегі, аты, әкесінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өмірбаян түрлері
Өмірбаянның жазылу ережесі
Ресми немесе іс қағаздар стилінің ерекшелігі
Жеке құжаттардың адам өміріндегі маңызы мен жазылу мақсаты
Түйіндеменің өмірбаяннан айырмашылығы
Іс қағаздардың түрлері
Іс қағаз
Жеке құрам бойынша құжаттар
Іс қағаздар (Лекция жинағы)
Жеке құрам бойынша негізгі құжаттардың ережелері, нұсқаулықтары
Пәндер