Танымдық іс-әрекетте ересектіктің дамуы салдарын негіздeу



1 Жеткіншек жасындағылардағы достық, оның даму ерекшеліктерін негіздеңіз
2 Мектепке дейінгілердегі екінші сигналдық жүйенің дамуының шешімін табыңыз
3 Кеңестік даму психологиясының негізгі теориялық бағыттарын талқылаңыз
4 Қарым.қатынастардың жаңа типінің қалыптасуын талқылаңыз.
5 Ересектердің танымдық қызығушылықтарын талқылаңыз.
Ересектіктің дамуындағы маңызды бағыт мазмұнды мүдделердің дамуымен және болашаққа жоспарлар жасаумен байланысты. Ол жеткіншкетің бір нәрсені шын мәнінде танып-білуге ұмтылуынан барып өрістейді. Мұның өзі мектеп бағдарламасының шеңберінен асып түсетін танымдық іс-әрекеттің дамуына себепші болады. Мұндай іс-әрекеттің ғылымға, өнерге, білімнің бір не бірнеше саласына қатысты болуы мүмкін және кәсіптік ниеттермен әрдайым байланысы бола бермейді. Әуестену құштарлық сипатта болып, ондайда бірқатар уақыт ( бос уақыт қана емес ) сол өзіне ұнамды іспен шұғылдануға кетеді. Қайсыбір іске ынталы жеткіншек өте белсенді болады: қажетті кітаптарды, материалдарды, аспаптарды іздестіріп, әр түрлі тәсілдермен игереді. Жеткіншектер үнемі кітапханаға, көрмелер мен музейлерге барып, экспозицияның белгіілі бір бөлігін егжей-тегжейлі зерттей бастайды. Мүддделерің үйлесуі негізінде жолдастарымен қарым-қатынас орнайды. Балалар әр түрлі мәселелерді талқылайды, кітаптармен, материалдармен алмасады, әр түрлі қиыншылықтарда ақыл-кеңес пен нәтижелі іс-әрекеттің дамуындағы өте маңызды қадам: жаңа білімдерді қажетсіну дербес, яғни өздігінен білім алу арқылы қанағаттандырылады. Жеткіншектің дербес іс-әрекетінде кейде шығармашылық элементтері болады, оны жаңа нәрсе жасау процесі және жалпы алғанда танымдық процестің өзі әуестіндіреді. Бұл орайда интеллектілік даму жеделдеп, білім терең сипатта әрі көлемді болады.
Таным мүдделердің басым бағыттылығы нақ осы жеткіншектік шақта қалыптасады. Әрбір сыныпта білімнің әр түрлі салаларынан өз мамандары болады, сыныптары одан ақыл-кеңес алады, дау туа қалса, соның төрелігіне жүгінеді. Мұндай жеткіншектердің едәуір көп білім алуы- дербес жұмыс істеудің нәтижесі. Олар білімге және таным процесіне өздері үшін маңызды әрі қажетті деп қарайды. Бесінші сыныптағылардың кейбіреулерінде-ақ өздігінен білім алу элементтері болады. Әдетте бұлар ұлының не қызының танымдық мүдделерін дамытуға және мазмұнды іс-әрекетіне көп көңіл бөлетін ата-аналардың балалары болады.
Кейде нақ осындай жағдайда бастауыш шағында немесе жеткіншектік жастың басында тиянақты кәсіптік ниеттер қалыптасады, ал 5-6 сыныптардан өзін болашаққа даярлау жөніндегі іс-әрекет басталады. Кейбір жағдайларда ойын, өздігінен білім алу және өзін-өзі тәрбиелеу элементтері өзінше ұштасады: белгілі бір мамандық туралы арман, бір жағынан, мүдделер тобын анықтап, белгілі бір білімге, іскерлікке, қасиеттерге жетуге ынталандырады.
Жеткіншектің болашақ мамандық туралы түсінігі неғұрлым анық әрі орнықты болған сайын білімдерді “керек” және “керегі жоқ” деп саралау соғұрлым ерте басталады, оларға уақыт та осы саралауға сәйкес бөлінеді.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Танымдық іс-әрекетте ересектіктің дамуы салдарларын негіздеңіз.

Ересектіктің дамуындағы маңызды бағыт мазмұнды мүдделердің дамуымен
және болашаққа жоспарлар жасаумен байланысты. Ол жеткіншкетің бір нәрсені
шын мәнінде танып-білуге ұмтылуынан барып өрістейді. Мұның өзі мектеп
бағдарламасының шеңберінен асып түсетін танымдық іс-әрекеттің дамуына
себепші болады. Мұндай іс-әрекеттің ғылымға, өнерге, білімнің бір не
бірнеше саласына қатысты болуы мүмкін және кәсіптік ниеттермен әрдайым
байланысы бола бермейді. Әуестену құштарлық сипатта болып, ондайда бірқатар
уақыт ( бос уақыт қана емес ) сол өзіне ұнамды іспен шұғылдануға кетеді.
Қайсыбір іске ынталы жеткіншек өте белсенді болады: қажетті кітаптарды,
материалдарды, аспаптарды іздестіріп, әр түрлі тәсілдермен игереді.
Жеткіншектер үнемі кітапханаға, көрмелер мен музейлерге барып,
экспозицияның белгіілі бір бөлігін егжей-тегжейлі зерттей бастайды.
Мүддделерің үйлесуі негізінде жолдастарымен қарым-қатынас орнайды. Балалар
әр түрлі мәселелерді талқылайды, кітаптармен, материалдармен алмасады, әр
түрлі қиыншылықтарда ақыл-кеңес пен нәтижелі іс-әрекеттің дамуындағы өте
маңызды қадам: жаңа білімдерді қажетсіну дербес, яғни өздігінен білім алу
арқылы қанағаттандырылады. Жеткіншектің дербес іс-әрекетінде кейде
шығармашылық элементтері болады, оны жаңа нәрсе жасау процесі және жалпы
алғанда танымдық процестің өзі әуестіндіреді. Бұл орайда интеллектілік
даму жеделдеп, білім терең сипатта әрі көлемді болады.

Таным мүдделердің басым бағыттылығы нақ осы жеткіншектік шақта
қалыптасады. Әрбір сыныпта білімнің әр түрлі салаларынан өз мамандары
болады, сыныптары одан ақыл-кеңес алады, дау туа қалса, соның төрелігіне
жүгінеді. Мұндай жеткіншектердің едәуір көп білім алуы- дербес жұмыс
істеудің нәтижесі. Олар білімге және таным процесіне өздері үшін маңызды
әрі қажетті деп қарайды. Бесінші сыныптағылардың кейбіреулерінде-ақ
өздігінен білім алу элементтері болады. Әдетте бұлар ұлының не қызының
танымдық мүдделерін дамытуға және мазмұнды іс-әрекетіне көп көңіл бөлетін
ата-аналардың балалары болады.

Кейде нақ осындай жағдайда бастауыш шағында немесе жеткіншектік жастың
басында тиянақты кәсіптік ниеттер қалыптасады, ал 5-6 сыныптардан өзін
болашаққа даярлау жөніндегі іс-әрекет басталады. Кейбір жағдайларда ойын,
өздігінен білім алу және өзін-өзі тәрбиелеу элементтері өзінше ұштасады:
белгілі бір мамандық туралы арман, бір жағынан, мүдделер тобын анықтап,
белгілі бір білімге, іскерлікке, қасиеттерге жетуге ынталандырады.

Жеткіншектің болашақ мамандық туралы түсінігі неғұрлым анық әрі
орнықты болған сайын білімдерді “керек” және “керегі жоқ” деп саралау
соғұрлым ерте басталады, оларға уақыт та осы саралауға сәйкес бөлінеді.

Жеткіншек жасындағылардағы достық, оның даму ерекшеліктерін негіздеңіз.
Жеткіншектің жеке басының әлеуметтік-моральдық ересектігінің дамуында қарым-
қатынастың ерекше түрі - маңызды рөл атқарады. Жыл өткен сайын олар
неғүрлым қажет бола түседі. Жеткіншектер сыйлы, беделді, қайсыбір салада
озық сыныптастарымен қарым-қатынас жасауға ұмтылады. Мұндайда жолдастық
қасиеттер, білімділік, қолынан біәрі келетіндіктер, батылдық, спорттағы
жетістіктер, сырт пішінінің ересек болып көрінетіндігі, өзін-өзі ұстау
мәнері, романтикалық сипаттағы қарым-қатынастардағы тәжірибе, ересектермен
қарым-қатынастардағы дербестік секілді алуан түрлі жайлар тартымды болуы
мүмкін. Жеткіншекке мүдделері қарама-қарсы өте әрқилы балалар тартымды
болатыны жиі кездеседі, аз ба, көп пе уақыт бойы жеткіншектік қарым-
қатынас жасайтын ортасы өте кең, бірақ тұрақсыз болуы мүмкін; біршама тығыз
болғанымен уақытша қарым-қатынастар орнығады, жақын жолдас іздеу басталады.
Барлық жағдайларда да қарым –қатынастың тартымдылығы, екі түрлі: мүдделер
жағынан және жеке қарым-қатынастың сипатымен қанағаттану дәрежесі жөнінен
тіл табысушылық сыннан өтеді. Жолдасының неғұрлым ересек болғаны
жеткіншекке ұнайды, бірақ нақ осының өзі жақындасуға кедергі болуы мүмкін,
өйткені неғұрлым ересек жолдасына мұнымен қарым-қатынас жасау қызықсыз
болуы мүмкін, бірақ әдетте нақ естияр жолдасы қарым-қатынаста жетекші
болып, әрбір іс-әрекетте батауыш болады.
Балалардың жақындасуы үшін мүдделер мен сүйікті кәсіптердің
ұқсастығының, әңгімелесудің тартымдылығының үлкен маңызы бар. Жеткіншек
өзіне ұнаған құрдасының ден қойған нәрсесіне оңай елігеді, өзі де оны өз
ісіне ортақтастыруға ұмтылады. Жолдасымен қарым-қатынастың кейде тартымды
болатыны соншалықты, жеткіншек онымен бірге өзін бұрын қызықтырмаған, қазір
де қызықсыз іспен шұғылдана бастайды. Алайда кейін ол бұған шындап ден қоюы
мүмкін. Сондықтан жолдастарымен қарым-қатыцнас жасау – жеткіншектердің жаңа
мүдделердің пайда болуының қайнар көзі болуы мүмкін. Біріне-бірі ұнайтын
балалар әр түрлі істерде ынтымақтасуға ұмтылып, әрқайсысының айтқанын
көбіне екеуі бірігіп істейді. Бірлесіп жұмысты жақсы істей білуді
жеткіншектер өте бағалайды.

Жеткіншектерде кәсіптік ниеттермен , өзін-өзі тәрбиелеумен, өздігінен
білім алумен байланысты, ортақ әрі әрқайсысы үшін өте маңызды мақсаттар
мен міндеттер пайда болған кезде қарым-қатынастар дамудың жаңа, неғұрлым
жоғары деңгейіне көтеріледі. Достар оларды ортақтаса күш салып жүзеге асыра
бастайды: білімді, іскерлікті бірлесіп меңгереді, әр түрлі қасиеттерін
дамытып, бір-біріне көмектеседі. Бұл достықтың жеке адамның дамуы үшін өте
бағалы түрі. Достықтың қарама-қарсы түрі жеткіншектердің сырттай
ересектікке ұмтылуына, уақыт өткізіп, көңіл көтеру мәнерінде ересектерге
еліктеуіне негізделген. Мұндай әдетте неғұрлым ересегі басшы болады:
бағынушы біраз уақыт клісуі мүмкін, бірақ кейін көбі жолдасының өктемдік
жүргізбек ниетіне қарсы шығады. Теңсіздікке негізделген қатынастарды
жеткіншектер нағыз достық деп санамайды.

Жеткіншектік жаста ер балалар мен қыз балалар арасындағы қарым-
қатынасында айтарлықтай өзгерістер болады. Бір-біріне ден қоюы, ұнатуға
тырысу, ал осыған байланысты өзінің сырт пішініне зер салып ұнамды
көрінуге шығады. Дене және жыныстық жетілуде қыздар балалардан озып кетеді.
5-6 сыныптарда қайсыбір қыздар балалардан биік әрі ірі болып көрінеді.
Тапал болғаннан ер бала өзін кем сезініп, бірталай күйініш көреді. Бойы өз
сыныптастарынан озып кеткен қыз балада да осылай күйіну мүмкін.

Бастапқыда басқа жынысқа көңіл аудару көптеген ер балаларда кіші жастағы
жеткіншектерге тән қыз балаларға “тиісуден” көрініп, дамиды; қыздар ер
балалардың мұнысына шағым айтқанымен, оның себебін дұрыс түсінеді де, онша
жәбірлене қоймайды. Кейін қарым-қатынас өзгереді, ашықтық қалады, жасқану,
ұялу, ыңғайсыздану келіп шығады. Біреулерінде бұл тікелей көрінсе,
екіншілерінде сырттай жайбарақаттықпен, басқа жынысты “жек көрумен”
бүркемеленеді. Алайда олар туындайтын қарым-қатынасқа, олардың даму
ерекшелігіне барынша қызығумен қарайды.

5-6 сыныптарда көбі, әсіресе, қыздар кім кімге ұнайды деген мәселелерге
зер салады. Өзінің қарым-қатынасы туралы жеткіншектер, әдетте досына не
жақын жолдасына ғана айтатын болғанымен, мұны әдетте сыныптастарының көбі
біледі; олар аңғарғыш болады, жаңалықтармен алмасады. Кіші жеткіншектік
шақта балалар мен қыздар арасында достық сирек болады; ал 7-8 сыныптарда
жиі кездеседі, өзара ұнау өте эмоциялы болып, өмірінде маңызды орын алады.
Өзі оны ұнатқанымен оның мұны ұнатпауы енді күшті толғаныстардың қайнар
көзі болады. Романтикалық қатынастар ортақ мүдделер не ұмтылыстар болған
жағдайда жолдастық қатынастар түрінде дамуы мүмкін, ал мұндай мазмұнды
негіз болмаса кездесулер, серуендер, киноға, мұз айдынында, парктерде т.б.
баруы басым болуы мүмкін. 7-8 сыныптарда аралас топтар құру тенденциясы
шығады.

Басқа жынысты құрдастарына ден қоюы жеткінгшектің жеке басының дамуы үшін
маңызы бар. Ұнатқан объектісіне барынша көңіл аудару саралай
аңғарғыштықтан көрінеді, өзіне ұнаған құрдасының қылығындағы,
әсерлеріндегі, көңіл-күйіндегі, толғаныстарындағы нәзік өзгерісті аңғаруға
бейімділік пайда болады. Ұнайтын адаммен қарым-қатынастың нәтижесінде
өзінде болатын психикалық көңіл-күйге бөленеді. Романтикалық ұнату жеке
бастың барлық мүмкіндіктерін ширықтырады, жақсы болуға, жақсылық жасауға,
көмектесуге, қорғауға ұмтылдырады. Бұл ден қою өзін-өзі жетілдірудің
себептерінің айналады.

Сөйтіп, жеткіншектік шақта жолдастармен қарым-қатынас жеткіншектің
жеке басының қалыптасуына зор, көбіне шешуші ықпал жасайды. Жолдастары оған
үлгі болады, балалар бір-біріне белсене іс-әрекет жасайды, бірін-бірі
тәрбиелейді. Сондықтан жеткіншектердің қарым-қатынастары ғана емес, жақын
жолдастарымен, достарымен жеке қарым-қатынастарды психолог үнемі назардан
тыс қалдырмауы тиіс.

Мектепке дейінгілердегі екінші сигналдық жүйенің дамуының шешімін
табыңыз.
Бөбек жасындағылар негізінен үй ішіндегілермен қарым-қатынас жасайды, ал
4,5-5 жаста бала сыртқа шығып, құрбыларымен ойнайды, әрқайсысының сөз
қоры бірінің білмегенін бірі білуі арқылы, бөбекке қарағанда, 3 есе арта
түседі. Бұл жаста сөз қоры 3200-3800-ге жетіп қалады. Сөздік қорының көбеюі
тек зат есім арқылы емес, сын есім, сан есім және т.б. арқылы іске асады.
Егер бөбек сөздерден сөйлем құрастыра алмаса, енді бұл жаста қарапайым
сөздерден сөйлем құрастыра білу қабілеті артады. Бірақ сөйлем құру тек сан
жағынан емес, сапа жағынан да үлкен өзгерістерге ұшырайды. Мектепке
дейінгілер есінде бар сөз қорына негізделе отырып, тілдің тиісті ережелерін
пайдаланып, мыңдаған жаңа сөйлемдерді құра бастайды. Бұл жерде жаңа
сөйлемдер деп, сол тілде бар сөйлемдер ғана емес, тіпті жоқ сөйлемдерді де
құруды айтады. Сонымен қатар, қолданылатын сөзін бала тым өткір және
күлдіріп айтуға да шеберлігі дами бастайды. Қазақ тілінде кейбір
категориялар жоқ болғандықтан, мектепке дейінгілер үшін сөйлеу жеңіл әрі
оңай түседі және тиісті морфемалар арқылы сөйлемдерге жаңа жұрнақтарды
“желімдей” беруге мүмкіндік туады.
Фонематикалық есту ана тіліне байланысты қалыптаса бастайды,
фонематикалық есту мектепке дейінгілерде ана тілінде жақсы дамыған. Мысалы,
біреу “сөз” деген сөздің орнына “бөз” десе оны кекетіп бір әріптің
өзгерілуі, сол сөздің мәнісін өзгертіп жіберетінін бала сезеді.
Егер бөбектің сөйлеуі көбіне ситуацияға жағдайға тәуелді келсе,
мектепке дейінгілерде сөйлем көп текстіге сай құрала бастайды. Ситуацияға
байланысты сөйлеуде зат есім онша кездеспейді, оның орнына есімдік көп
айтылады. Демек балалар сөйлеіп отырғанда қасына біреу келсе, олардың
сөзіне түсіне алмайды. Түсіну үшін әңгіме не жөнінде екенін білу қажет. Ал
контекстіге байланысты сөйлеу деп сөйлеушілердің қасында тыңдап отырғандар
не жөнінде болып отырғанын білмесе де ситуацияны білмесе де сол
айтылған сөздің тікелей мәнісіне қарап, соны айқын түсіне алуын айтамыз.
Мектепке дейінгілер 6-7 жас ситуацияға байланысты сөйлеуден контекст
арқылы сөйлеуге көшеді. Себебі, олардың тек ситуацияға орай түсінікті емес,
онсыз да түсінікті келеді. Осыған қарап ситуацияға қатысты тілдің төменгі
сатысы екен, ал контекстің негізінде сөйлеу жоғарғы сатысы екенін айтуға
болмайды. Себебі, тек мектепке дейінгілер емес, ересектерде кейбір жағдайда
ситуацияға негізделе отырып сөйлейтіні жиі кездеседі. Мектепке
дейінгілердің сөздері көбінесе өздеріне арналған. Себебі, ересектер
сөйлегенде сөзін өзгелерге арнайды. Ал кіші балалар кейде өз-өзіне арнап
сөйлейді. Сөйлеудің бұл түрін Ж.Пиаже эгоцентрикалық лат. Его+центрум -
өзіне сөйлеу деп атаған. Әдетте, үлкендер айланғанда ішкі сөйлеу арқылы
өз ісін жоспарлайды. Ішкі сөйлеу мектепке дейінгілерде әлі
қалыптаспағандықтан, ойын естіртіп, өз-өзіне айтады. Демек, эгоцентрикалық
сөйлеу -өзгелерге аналған емес, баланың өзіне арналған ойды жеткізудің
ерекше түрі. Баланың ойы өзіне түсінікті болғандықтан, сол ойын өзіне
естіртіп айтуы не үшін қажет? Бұл жағдайда бала ой үстінде өзіне сөз
арнағанда, сол сөзді тірек ретінде пайдаланады. Әйтпесе, оның ойлана алуы
мүмкін емес. Ж.Пиаже эгоцентрикалық сөйлеу балада 7 жасқа дейін
сақталынады, кейіннен жойылады. Бұған Л.С.Выготский қарсы шығып, 7 жасқа
толғанда эгоцентрикалық сөйлеу бір жолата жойылмайды дейді. Ол кейін
баланың ішкі сөйлеуіне айналады. Л.С.Выготскийдің пікірінше, ішкі сөйлеу
сырттай естіртіп сөйлеуден дамып шығады, бұлардың екі арасында
эгоцентрикалық сөйлеу кездесіп, екеуін ұштастырып, өзі кейін жойылады
дейді. Бұл пікірге кейін АҚШ психологы Дж. Брунер қарсы шығып, ішкі сөйлеу
сырттай естіртіп тілге үйренуден балада пайда болмайды. Бұл оның түрлі
символ арқылы дүниедегі затты бейнелеуге талпынуынан дамып шығады. Оның
пікірінше, тілге үйрену балада туғаннан кейін пайда болғанымен, ол оның
тәжірибесіне жатпайды.
Даму психологиясындағы биогенетикалық және әлеуметтік генетикалық
бағыттарды негіздеңіз.
Балалардың психикалық даму проблемасы, мұндай дамудың қайнар көздері
мен заңдылықтары даму психологиясы үшін әрқашанда басты проблема.
20 ғасырдың басында даму психологиясы саласында балалардың психикалық
дамуының қайнар көздерін (факторларын) әр түрлі түсіндіруші 2 ағым
айқындалды. Бұл бағыттар бір бірінен бала дамуының негізіне қандай
факторды, биологиялық немесе әлеуметтік
факторды алуымен ерекшеленеді. Бұл, әрине бір бағыт өкілдері балаға
әлеуметтік әсердің болатынын, ал екінші бағыт өкілдері дамудың биологиялық
алғы шарттарын толық жоққа деген сөз емес. Биогенетикалық және әлеуметтік-
генетикалық бағыттар баланың психикалық даму концепциясын жасаудың басым
тенденциясын ғана шамалап айқындайды.
Биогенетикалық бағытқа туа біткен ерекшеліктерді мойындау, баланың мінез-
құлқы мен дамуына жеңіл-желпі, атүс тіүсіну тенденциялары жатады.
Биогенетиктер үшін дамудың биологиялық және әлеуметтік факторлары қатар
тұратын тәрізді болғанымен, биологиялық ең алдымен тұқым қуалаушылық фактор
айқындаушы болып есептелінеді. Биогенетиктердің пікірінше, даму жеке
адамның сапалық және сандық жақтары міндетті түрде тұқым қуалаушылықпен
анықталады, ал орта- бойында көптеген мүмкіндіктері бар икемді тұқым
қуалаушылықпен өзара әсер ететін тек реттеуші, көрсетуші, қайсыбір
өзгермейтін фактор ғана.
Биогенетикалық заңды ең алғаш тұжырымды алғаш ашқан 19 ғасырда Геккель
болды. Сонымен, психологиядағы биогенетикалық заңның негізіне ішкі
себептермен пайда болған, тәрбиеге тәуелсіз баланың психика лық дамуы
жатады, ал сы ртқыц фактор ретінде қайсыбір тұқымқуалаушылыққа байланысты
психикалық қасиеттердің көріну процесін тежеуге немесе тездетуге жарамды
болады деген идея жатқызылады.
Әлеуметтік-генетикалық бағытты қолдаушылардың пікірінше, бала дамуының
орташа шешуші факторы ретінде көрінеді, сондықтан да адамды зерттеп білу
үшін оның ортасының құрылымын талдау жеткілікті, қоршаған орта қандай
болса, оның мінез-құлықтарының механизмі, да му жолдары, сондай болмақ.
Мінез-құлық пен дамуды генетикалық бейімділіктің жүзеге асуына апарып
таңып, адам белсенділігін жоққа шығарған биогенетиктер секілді
социогенетиктер де барлық себепті әлеуметтік орта әсеріне таңып, жеке адам
белсінділігін мойындамады. Нәтижесінде белгілі бір әлеуметтік ортада
көптеген көрсеткіштері жағынан мүлдем алуан түрлі адамдардың қала йша
қалыптасатыны, ал неліктен түрліше ортада ішкі жан дүниесі, мінез-
құлықтарының мазмұны мен формалары жағынан өте ұқсас адамдар шығатындығы
түсініксіз болып қалды.
Кеңестік даму психологиясының негізгі теориялық бағыттарын талқылаңыз.
Л.С.Выготскийдің психикалық даму теориясы. 20-30 жылдары Л.С.Выготскийдің
жоғары психикалық функцияларды дамыту теориясы қалыптасты. Выготский
Энгельстің адамның табиғатқа икемделудегі және өндіріс процесінде
құралдардың көмегімен табиғат күштерін өзгертудегі еңбектің рөлі жөніндегі
идеяларына сүйене оытрып, еңбек- адамның құралмен істейтін әс-әрекеті, ол
адамның мінез-құлық типін өзгертуге, адамды жануарлардан ерекшелеуге
жеткізеді деген ой айтты. Адамның бұл ерекшелігі оның іс-әрекетінің жанама
сипатта болуынан білінеді. Жанамалау адамның сыртқы практикалық іс-
әрекетінде құралды қолданатыны сияқты, өзінің ішкі психикалық әрекетінде
белгілерді ( сөзді, цифрды т.б. ) пайдалануы негізінде мүмкін болған.
Адамның дамуы оқыту арқылы барлығын игеру процесін де жүзеге асады.
Оқыту баланың психикалық дамуын анықтай отырып, оның өмірін ұйымдастырудың
бүкіл жүйесінде негізгі орын алады. Психика дамуының бұрынғы ұрпақ
тәжірибесін игеруге себепкер белгі тәсілдері меңгерілетін әлеуметтік
ортадан тыс қаралуы да және оқытусыз түсінікті болуы да еш мүмкін емес. Л.
С. Выготскийдің психологиялық теориясында адамның әлеуметтік мәні
жөніндегі маркстік идея жүзеге асты. Мәдени дамудың жалпы генетикалық
заңын Выготский былайынша тұжырымдады: “... баланың мәдени дамуындағы
қандай да болмасын іс-әрекет сахнада екі рет, екі бағдарда: әуелі-
әлеуметтік, кейін- психологиялық, алдымен интерпсихикалық категория
ретінде, баланың ішінде көрініс береді”. “Қандай да жоғары психикалық
функция бастапқы әлеуметтік функция болатындықтан, өз дамуында сыртқы саты
арқылы өтуі қажет”.
Бала тілінің дамуында маңызды рөл атқарады. Л.С.Выготскийдің пікірінше,
мінез-құлықтың барлық жоғары формаларының ең көне негізі болып саналатын
көрсеткіш ым-ишарат тарихы.
Сонымен, барлық жоғары психикалық функциялардан адамдардың әлеуметтік
қарым-қатынастары көрініп жатады. Л.С.Выготскийдің адамның психологиялық
табиғаты дегеніміз ішке енгізілген және жеке адам функциясы мен оның
құрылымының формлары болған қоғамдық қарым-қатынастар жиынтығы деп жазды.
Әлеуметтік мінез-құлықтың генетикалық түрде жеке-дара мінез-құлықтан
шығарған дәстүрлі психологияға қарама-қарсы. Л.С.Выготский жоғары
псизикалық функциялар алдымен қарым-қатынастар ретінде қалыптасады да, тек
содан кейін ғана жеке адамның психикалық функциясына айналады деп көрсетті.
Л.С.Выготскийдің теориясына сәйкес, талас ой толғаныстарын туғызады. Жеке
адамның қалыптасу процесі дегеніміз жеке адамның кім болып шығуы оның басқа
адамдарға жасаған қарым-қатынасы арқылы болады деген сөз.
2. П.Я.Гальпериннің ақыл-ой әрекетінің кезеңмен қалыптасу теориясы. Даму
психологиясының концепцияларының бірі – ақыл-ой әрекеттерінің кезеңмен
қалыптасу теориясы болып табылады. 50 жылдарда бұл теория П.Я.Гальпериннің
еңбектерінде кездес ті. Ақыл-ой әрекеттерінің кезеңмен қалыптасу
теориясының негізгі идеясы мынадан тұрады: білімдер алу оқушылардың іс-
әрекеті процесінде, әрекеттердің белгілі бір жүйесін орындауы жағдайында
және соның нәтижесінде жүзеге асырылады. Адам ой әрекетін табиғаттан даяр
күйінде алмайды, ол ойлауды үйренеді, ойлай операцияларын игереді.
3. Сана мен іс-әрекеттің біртұтастық қағидасы. Даму психологиясының аса
маңызды қағидасы- сана мен іс-әрекеттің біртұтастылығы. Бұл қағидаға сүйене
отырып, білім игеруді белгілі бір әрекеттерді орындау және игеру
нәтижесінде болатын процесс ретінде қарастырады. Осы көзұарас тұрғысынан
алғанда психикалық іс-әрекеттің бастапқы формасы- қоршаған дүниенің
объектілері, өзгеретін, материалдық, сыртқы, нақты іс-әрекеті. Ішкі
психикалық, ойлай іс-әрекетінің игерілуі сыртқы, материалдық кезеңін немесе
материалданған іс-әрекеттер кезеңі арқылы өтпейінше еш мүмкін емес. Іс-
әрекеттің материалдық формасының мысалы болып табылатын таяқшамен есептеу
табылады. Іс-әрекеттің нақты заттармен немесе схемалармен жүргізілуі
оқушыларға іс-әрекет құрамына кіретін әрбәр операцияны айқын қадағалап
отыруға мүмкіндік береді.
Жеткіншектің оқуға, мұғалімге және оқу пәндеріне деген көзқарасын
талқылаңыз.
Мектеп пен оқу жеткіншектердің өмірінде үлкен орын алады, алайда олардың
бәрі оқудың маңыздылығы мен қажеттігін ұғынатындығына қарамастан, әр
балада бұл түрліше болады. Мектептің тартымдылығы балалардың көбіне
құрдастарымен қарым-қатынас жасау мүмкіндігіне байланысты артады, бірақ
оқудың өзіне бұдан жиі нұсқан келеді. Жеткіншек үшін сабақ – оқу жұмысымен
өтетін 45 минут қана емес, сонымен қатар, сыныптастарымен, мұғаліммен
қарым-қатынас жасалатын елеулі іс-әрекеттерге, бағаларға, толғаныстарға
толы ахуал. Әр түрлі тапсырмаларды орындау барысында балалар қарым-
қатынасын тоқтатпайды. Материалдың өте қызықты түсіндірілуі және сабақта
мұғалімнің жұмысты ұйымдастыру шеберлігі ғана жақсы кіші жеткіншекке
жолдастарын ұмыттыра алады. Олармен қарым-қатынас сабақ даярлаудан
алаңдатады, оның үстіне жеткіншекте жеке мүдделер, ұнамды сабақтар мен
қызығулар пайда болады. Жеткіншектің әр түрлі негіздерден алатын қызғылықты
да алуан түрлі хабарлары мектепте алынатын білімдерімен бәсекеге түседі.
Тәжірибенің, айналадағы ортанамен және адамдармен байланыстың молайып,
ұлғаюы жеткіншектің оқуға деген зейінін кемітеді. Оқу қызметі енді
бұрынғыдан басқаша жағдайда өтеді.

Орта мектепке өтетін сәтте балалар көп жағынан әр түрлі болады. Мұндай
айырмашылықтар мына жөнінде болады:

1. оқуда көзқараста өте жауапты қараудан бей-жай қарауға дейін;
2. жалпы дамуда жоғары дәрежеден бастап ой-өрістің барынша шектеулілігі
мен сөйлеудің нашар дамуына дейін;
3. мектеп бағдарламасының шеңберінде білімнің көлемі мен тиянақтылығында
оны тамаша игеруден бастап негізгі пәндер бойынша білімде елеулі
олқылықтардың болуына дейін;
4. оқу материалын игеру әдістерінде; өздігінен жұмыс істей біліп,
материалды ұғудан бастап сөзбе-сөз жаттап алуға дағдыланғандықтан
өздігінен жұмыс дағдысының мүлдем болмауына дейін;
5. оқу жұмысындағы қиыншылықтарды және білуде әжептеуір қажырлылықтан
бастап қиын не зауқы түспегеннің бәрінде ізінше басқадан көмек күтіп
дағдыланған әдет түріндегі масылдыққа дейін;
6. мүдделеріндегі айқын көрінген танымдық мүдделермен және мазмұнды
істермен шдұғылданудан бастап мұның екеуінің де мүлдлем болмауына
дейін.
Оқу қызметіндегі олқылықтардың сырттай көріну дәрежесі әр түрлі болады.
Егер төменгі сыныптарда бұлардың кейбіреулері балаларға жақсы оқуға кедергі
жасамаған болса, 5 сыныпқа келгенде бұл олқылықтар жасырын түрден анық
көрінетін олқылықтарға айналып, білімдерді толық меңгеруге елеулі бөгет
түрінде көріне бастайды. Егер оларды дер кезінде жоймаса, олардың түзуге
келмейтін салдары болуы мүмкін: жаңа, бірден-бір күрделілірек тоүсетін
материалды өздігінен игере ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғылыми-таным кезеңдері мен деңгейлері Акселерация және жеке тұлғаның әлеуметтік жетілу мәселесі туралы ақпарат
Жеткіншек кезеңіндегілердің психикалық дамуы
Жеткіншектердің ересектігінің құрдастарымен қарым – қатынасының ерекшеліктерін қарастыру
Жеткіншек шақ
Жеткіншектердің жеке тұлға ретінде қалыптасуындағы қарым - қатынастың рөлін зерттеу
Даму психологиясының пәні мен міндеттерін анықтаңыз
Жас ерекшелік және әлеуметтік психология пәні бойынша студенттерге арналған лекция жинағы
Бала психикасының онтогенездегі даму ерекшеліктері
Жасөспірімдер мен ересектердің қарым - қатынас психологиясы
12 жылдық білім беру үдерісінде тұлғаның өзіндік танымына әлеуметтік орта әсерінің психологиялық ерекшеліктері
Пәндер