Ана тілі пәнін оқыту әдістемесі
1. Алғы сөз. . . . . . . . . . . . . . .3
2. Ана тілін оқытудың мақсаты мен міндеттері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .4
3. Бастауыш сыныптарда мәтінмен жұмыс жүргізу әдістері. . . . . . . . . . . . . 13
4. Мәтінді қабылдауға байланысты жүргізілетін жұмыстар. . . . . . . . . . . . . .20
5. Мәтінге байланысты сөздік жұмысын жүргізу. . . . . . . 22
6. Мазмұндама мен шығарма жазуға үйрету жолдары. . . . . . . . . . . . . . . . . . 24
7. Мазмұндамалар жинақтарына талдау жасау. .. . . . . 27
8. Мазмұндама түрлері және оларды меңгертудің жолдары. . . . . . . . . . . . . .30
9. Сурет бойынша мазмұндама аздыр
10. Сюжетті суреттер арқылы мазмұндама жаздыру. . . .
11. Оқушыларды мазмұндама жазуға қызықтыру. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 38
12. Шығарманы оқу. . . . . . . . . . . . . .41
13. Шығарманың мазмұны бойынша жүргізілетін шығармашылық жұмыстар. .
14. Көркем шығармалардың кейбір түрлерін оқыту. . . . . . . 45
15. Оқудың түрлері. . . . . . . . . . . . . . 48
16. Сабақ үлгілері. . . . . . . . . . . . . . 52
17. Пайдаланған әдебиеттер . . . . . 59

Ғылыми -техникалық прогрес пен өндірістік технологияның дамуы, экономиканың өркендеу дәуірінде қоғамға жан-жақты дамыған, белсенді, өз бетінше жасампаздықпен ойлай білетін жастардың тұрақты легінің келіп отыруын талап етеді. Сондықтан оқыту үрдісі деңгейін арттыру арқылы, ақылойы жетілген, жан-жақты дамыған, жасампаздықпен еңбек етуге қабілетті, өз тағдырларын өздері шеше алатын, өз бетінше білімін толықтыру және өздігінен кәсіби шеберлігін арттыру мүмкіндігі бар азаматтар даярлау білім саласындағы басты мақсат болып табылады. Сол себепті, оқушыларды жаңа білімдерді алу жолдары мен құралдарына әдейі арнап мақсатты түрде оқыту қажеттілігі туындайды.
Ана тілі пәнін оқыту білімдік, танымдық және дамытушылық қызметтер атқарады. Білімдік қызметте оқытылатын пәнге байланысты білім, іскерлік және дағды қалыптаса, танымдық қызметте ғылыми таным жолдарын, көздерін, әдістерін игеру жүзеге асырылады. Ал оқытудың дамытушылық қызметі білімді игеру үдерісіндегі оқушылардың ақыл-ой іс-әрекетін ұйымдастыруға байланысты болады.
Мектепте ана тілі пәнін оқыту арқылы оқушылар мәселені талдауға, жалпылауға, нақтылауға, қажетті және жеткілікті шарттарды көрсете білуге, ұғымдарды анықтауға, пайымдаулар құруға, ой қортулар жасауға, дәлелдеуге т.б. үйретіледі, яғни іс жүзінде әрбір қадам сайын логикаға оқыт ылады. Ұсынылып отырған әдістемелік құралда негізінен ана тілін оқыту әдістемесін, ана тілін оқытуға қойылатын дидактикалық талаптар, мазмұндама мен шығарма жазуға үйрету жолдары, , оқу техникасын жетілдіру жолдары, мәтінге байланысты сөздік жұмыстарын жүргізу жолдары қарастырылады. Бастауыш сыныпта жүргізілетін мәтінмен жұмыс істеуде оқушының танымдық қабілетін, ақыл-ойын дамыту, тілін байытудың әдіс-тәсілдері баяндалады. Сонымен қатар бастауыш сынып мұғалімдері бұл құралдан әдістемелік нұсқауларда ала алады. Оларды өздерінің шығармашылық ізденістерімен ұштастырып, мәтін талдаудың деңгейін мүмкіндігіне қол жеткізеді. Ана –тілі пәнін оқыту барысында оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуға, сөздік қорын молайтуға, адамгершілік, эстетикалық тәрбие беруге, әсіресе әдеби және тарихи деректерді түсіндіруге көмектеседі. Бұл құрал жас мамандарға, бастауыш мектеп мұғалімдеріне әдістемелік бағыт-бағдар береді. Оны бүгінгі күн талабына сай қолдану әр мұғалімнің өз шығармашылық ізденісіне байланысты қолдануына болады.

1. Құлмағамбетова Б. Қазақ тілін оқыту методикасы. А., Мектеп баспасы.
2. Иванова С. Ф. Речевая основа учащихся. М., Просвещение.
3. Оразханова Н. Фонетикалық талдауды сатылай комплексті түрде жүргізу. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы. №10.
4. Баранов М. Т., Трудникова А. Р. Лексические упражнения. М.:
5. Исабаев Е. Дыбыс жүйесінің негіздері. А., Мектеп.
6. Диктанттар жинағы. А., Мектеп.
7. Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы. А., Мектеп.
8. «Қазақ тілі мен әдебиет» пәнінің бағдарламасы. А., Мектеп.
9. Омаров С., Бәйділдаев Н. Мазмұндама текстерінің жинағы. А., Мектеп.
10. Тілешова С. Әдебиет сабағында жүргізілетін жазба жұмыстары. А., Мектеп.
11. Ушинский К. Д. Педагогика. М., Просвещение.
12. Рахметова С. Мазмұндамалар жинағы. А., Мектеп.
13. Коменский Я. А. Школьная правила. Русский язык в школе. М.
14. Аймауытов Ж. Психология. А. , Ғылым баспасы.
15. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. А., Ана тілі.

Асанова Г. Б.
Палмухаммедова К. М.
Ана тілі пәнін оқыту әдістемесі
Түркістан-2014
УДК373:811. 512. 122
ББК74. 268. 1
А87
Пікір берген: Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Қожагелдиева С.
Асанова Г. Б. Палмухаммедова К. М.
А87
Ана тілі пәнін оқыту әдістемесі. Оқу-әдістемелік құрал. -Түркістан 2014. 59- б.
Ұсынылып отырған оқу-әдістемелік құралда ана тілі пәнін оқыту әдістерін, оқытудың негізгі дидактикалық қағидаларын және ережелерін, дидактикалық ойындар, сабақ өтудің әдіс-тәсілдерін, диктанттың жазылу ережелерін тереңдеңдетіп оқыту мәселелерін және әдіскерлерге, мұғалімдерге өздерінің педагогикалық іс-тәжірибесінде білімін көтеруде әдістемелік құрал өз көмегін көрсете алады.
ISBN 9965-9530-3-1
ББК74. 268. 1
Асанова Г. Б.
Палмухаммедова К. М.
Алғы сөз
Ғылыми -техникалық прогрес пен өндірістік технологияның дамуы, экономиканың өркендеу дәуірінде қоғамға жан-жақты дамыған, белсенді, өз бетінше жасампаздықпен ойлай білетін жастардың тұрақты легінің келіп отыруын талап етеді. Сондықтан оқыту үрдісі деңгейін арттыру арқылы, ақылойы жетілген, жан-жақты дамыған, жасампаздықпен еңбек етуге қабілетті, өз тағдырларын өздері шеше алатын, өз бетінше білімін толықтыру және өздігінен кәсіби шеберлігін арттыру мүмкіндігі бар азаматтар даярлау білім саласындағы басты мақсат болып табылады. Сол себепті, оқушыларды жаңа білімдерді алу жолдары мен құралдарына әдейі арнап мақсатты түрде оқыту қажеттілігі туындайды.
Ана тілі пәнін оқыту білімдік, танымдық және дамытушылық қызметтер атқарады. Білімдік қызметте оқытылатын пәнге байланысты білім, іскерлік және дағды қалыптаса, танымдық қызметте ғылыми таным жолдарын, көздерін, әдістерін игеру жүзеге асырылады. Ал оқытудың дамытушылық қызметі білімді игеру үдерісіндегі оқушылардың ақыл-ой іс-әрекетін ұйымдастыруға байланысты болады.
Мектепте ана тілі пәнін оқыту арқылы оқушылар мәселені талдауға, жалпылауға, нақтылауға, қажетті және жеткілікті шарттарды көрсете білуге, ұғымдарды анықтауға, пайымдаулар құруға, ой қортулар жасауға, дәлелдеуге т.б. үйретіледі, яғни іс жүзінде әрбір қадам сайын логикаға оқыт ылады. Ұсынылып отырған әдістемелік құралда негізінен ана тілін оқыту әдістемесін, ана тілін оқытуға қойылатын дидактикалық талаптар, мазмұндама мен шығарма жазуға үйрету жолдары, , оқу техникасын жетілдіру жолдары, мәтінге байланысты сөздік жұмыстарын жүргізу жолдары қарастырылады. Бастауыш сыныпта жүргізілетін мәтінмен жұмыс істеуде оқушының танымдық қабілетін, ақыл-ойын дамыту, тілін байытудың әдіс-тәсілдері баяндалады. Сонымен қатар бастауыш сынып мұғалімдері бұл құралдан әдістемелік нұсқауларда ала алады. Оларды өздерінің шығармашылық ізденістерімен ұштастырып, мәтін талдаудың деңгейін мүмкіндігіне қол жеткізеді. Ана - тілі пәнін оқыту барысында оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуға, сөздік қорын молайтуға, адамгершілік, эстетикалық тәрбие беруге, әсіресе әдеби және тарихи деректерді түсіндіруге көмектеседі. Бұл құрал жас мамандарға, бастауыш мектеп мұғалімдеріне әдістемелік бағыт-бағдар береді. Оны бүгінгі күн талабына сай қолдану әр мұғалімнің өз шығармашылық ізденісіне байланысты қолдануына болады.
Ана тілін оқытудың мақсаты мен міндеттері
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан - 2030" бағдарламасында "Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы туралы" Қазақстан халқына жолдауында айқындалған негізгі басым бағыттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін білім мазмұнын жаңартумен қатар оқытудың әдіс-тәсілдерін қолданудың тиімділігін дамытуға ерекше көңіл бөлген.
Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттың ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты. Осы орайда егеменді еліміздің білім бнру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасаланып жатқан талпыныстар оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді ізденімпаз, барлық іс-әркетінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде. Мектептегі оқу үрдісі оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыра отырып, олардың белсенділігін, шығармашылық әрекетін дамыта білу бүгінгі күннің өзекті мәселесінің біріне айналып отыр.
Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту болашақта білімді өз бетінше жинау алу қабілеттерін дамытуда жетекші рол атқарады және оқушылардың жалпы белсенділігін арттырады.
Қызығу балалардың жақсы оқуына, оқығанын жақсылап ұғып алуына ықпалы зор. Егер балада қызығу болмаса, ол оқу пәндеріне, тәрбие жұмыстарына ешбір қызықпаса, оқудың да, тәрбиенің де жемісі болмас еді.
Жас ұрпақты тәрбиелеу ісі қоғам дамуының қай кезеңінде болмасын уақыттың талап тілегіне сай үздіксіз жүзеге асырылып отырады. Әрбір пәнді оқытудың ғылыми дәрежесінің неғұрлым берік игерілуі, идеялық-саяси, оқу-ағарту ісін қайта құру біздің рухани, азаматтық - потенциалымызға, жаңаша ойлау қабілетіміз бен ізденісімізге байланысты болмақ. Ана тілі пәнін оқытудың негізгі мақсаты - еліміздің болашақ жас ұрпағын өскелең заман деңгейіне сай білім негіздерімен қаруландыру, жан - жақты рухани байлық пен адамгершілікке, еңбекшілдік пен тәрбиелікке, өз Отаны мен халқын шексіз сүюге - шынайы патриот болуға, бауырмалдыққа тәрбиелеу.
Аталған мақсат төмендегідей міндеттерді жүзеге асыруды қажет етеді:
1) тұтас сөзбен жүгірте оқуды жетілдіре отырып, оқушылардың жалпы оқу техникасын дамытуға аса назар аудару;
2) байланыстырып сөйлеу шеберлігін арттыру; шағын көлемді мазмұндама, шығарма жазуға төселдіру;
3) оқушылардың жалпы ой-өрісін жетілдіретін ойлау мен байқағыштық қабілетін арттыруға арналған жаттығу жұмыстарын жүргізу;
4) ана тілі бағдарламасы талап еткен грамматикалық мағұлматтарды жете меңгерту;
5) сауатты және көркем жазуға жаттықтыру, бұған қажетті емлелік және каллиграфиялық дағдыларды қалыптастыру;
6) 1-сыныпқа арналған дидактикалық материалдар мен жазу дәптерлерін сабақта орынды пайдалану арқылы оқушылардың пән негізін терең қабылдауын қамтамасыз ету;
7) балалар әдебиеті мен көпшілік қолды кітаптарды жиі оқуға қызықтыру арқылы оқушылардың лексикалық тіл байлығын дамыту;
Ана тілі пәнін оқытуға қойылатын дидактикалық талаптар
Оқыту әдістемесінде ежелден қалыптасқан түрлі дидактикалық принциптер бар екені белгілі. Оқушыларға, әсіресе кіші жастағы оқушыларға, білім негіздерін меңгерту оқытудың дидактикалық принциптердің бастауыш мектепте жиі қолданылатын негізгі түрлері:
1. Түсініктілік принципі. Бұл принциптің алға қоятын негізгі талабы-оқу материалдары баланың жас ерекшелігімен тікелей байланысты әрі таныс, әрі деректілікке құрылуын қажет етеді. Қазақ тілін оқыту материалдарының объектісі:сөз, сөйлем, сөз тіркестері және олардың дыбыстық құрамы-оқушыға түсініксіз болса, оны қабылдай алмайтыны түсінікті;керісінше, олар оқушыға етене таныс, белгілі де деректі болса, оны меңгеру де қиын болмас еді. Сондықтан да оқулықта балаға түсініксіз сөздер берілмейді;сол сияқты, құрылымы күрделі грамматикалық оралымдар мен түсінікке ауыр сөйлем құрылымдары да оқу материалдарында кездеспеуі керек. Қысқасы, түсініктілік принципі бойынша оқушыны ой еңбегіне қызықтыратын, ынталандыратын аса түсінікті оқу материалдарының берілуі шарт.
2. Ғылымилық принципі. Оқу материалдары, сол сияқты, мұғалім тарапынан берілетін білім мағлұматтары, тағы басқа түрлі ақпараттық деректер ғылыми жағынан ешқандай дау тудырмайтын терең зерттелгені көпке әйгілі, қатесіз, ғылыми тұрғыдан алып қарағанда аса дұрыс мәліметтер болуға тиіс. Мұнсыз олар білім негізі бола алмайды. Барлық дидактикалық принциптер басқа принциптермен тығыз бірлікте қолданылады. Мәселен, түсініктілік принципі өздігінен қолданылып, ғылыми принциппен байланыспаса, онда ол принцип болудан қалар еді. Өйткені кез келген оқу материалы аса түсінікті тілмен баяндалса да, берілмек деректер ғылымилық принципіне қайшы болса, әрине одан пайда емес, оқушы зиан шегер еді.
Ал оқу материалы ғылыми тұрғыдан дұрыс болғанымен, оның тілі ауыр, балаға түсініксіз болса, бұдан да оқушы ешқандай білім ала алмаған болар еді.
3. Көрнекілік принципі. Бұл принцип - бастауыш сыныпта ежелден қолданылып келе жатқан принцип. Ол дәстүрге айналған принцип ретінде әсіресе 1-сыныпта жиі қолданылады. Ана тілі сабағында қолданылатын көрнекіліктің негізгі түрлері мыналар:
1) нақты көрнекілік (затты не құбылысты тікелей көрсету);
2) бейнелеу көрнекілігі (сурет, сызба, кесте, плакат, диаграмма, т.б.).
3) дыбыстық құралдар (магнитофон, компьютер, диафильмдер, т.б.).
4) көркем сөз арқылы бейнелеу (мұғалімнің оқушыға заттар мен құбылыстарды түсінікті де жеңіл тілде бейнелеп баяндауы).
Аталған көрнекіліктер сабақтың өн бойында: жаңа тақырыпты түсіндіру кезінде де, пысықтау және қорытындылау кезінде де, пысықтау және қорытындылау кезінде де қолданыла береді. Көрнекі құралдар мұғалім сөзін тереңдетеді, оны дәлелдей түседі. Көрнекілік оқушылардың сезім мүшелерін, олардың қабылдау белсенділігін нақтылап шыңдай түседі, баланың дүниетанымын жетілдіреді. Алайда кез келген көрнекілік сабақта белгілі мөлшерде шектен аспайтын дәрежеде қолдануды керек етеді, жөнсіз қолдана беру жалықтырып жібереді.
4. Есте берік сақтау принципі. Оқу материалдарын есте берік сақтау - оқу жұмысына қойылатын негізгі шарт. Білім негізі есте сақталмаса, әрине, оқудың да керегі болмас еді. Алған білімді есте сақтауды қамтамасыз етудің негізгі шарты ең алдымен мұғалімнің материалды жеткілікті дәрежеде, дидактикалық талаптарды мүлтіксіз орындай отырып түсіндіре білуіне тікелей байланысты. Түсінбеу И.Г.Песталоццидің пікірінше, оқу материалының қиындығынан ғана емес, баяндаудың бұлыңғырлығынан. Демек, мұғалімнің тиянақты түсіндірілуі білім негізінің оқушы есінде берік қалыптасуына көмектеседі. Екіншіден, оқушыны оқу материалының негізгі түйінін таңдай білуге тәрбиелеу, әр тақырыптың негізгі фактілерін есте сақтауға арналған жаттығу жұмыстарын жүйелі әрі қызғылықты жүргізу оқу материалдарын есте сақтаудың негізгі бір кепілі болмақ, үшіншіден, оқушының логикалық ойлау қабілетін тәрбиелеуге оқу процесінде ұдайы көңіл аударылуы тиіс. Мұның өзі оқушыны жаттампаздықтан, формализмнен сақтайды, түсінбей жаттау арқылы есте сақтаған оқу материалы ойда тұрақталмай, тез ұмытылатыны белгілі, керсінше, логикалық жүйеде өзара бір-бірімен тығыз байланысқан оқу материалы оқушы ойында мәңгі қалады.
5. Оқушының өзіндік ерекшеліктерін есепке алу принципі. Қазіргі мектептерде ұжымдық тұрғыда оқыту жүйесі қалыптасқан. Бағдарламалық оқу материалдарының негізі де жаппай жалпы және бірден білім беру принциптеріне лайықталған. Ұжымдық жүйеде оқытудың пайдасы мол, алайда жеке оқушылардың түрлі психологиялық, физологиялық, т.б. өзіндік ерекшеліктері жан-жақты зерттеліп, есепке алуды қажет етеді. Сондықтан мұғалімнің оқыту барысында жақсы үлгерімге жету үшін әрбір баланың өзіндік ерекшеліктерін жете білуге үлкен мән беруі қажет-ақ. Мұнсыз оқу тәрбие жұмысы іске аса алмаса керек. 1-сыныпқа арналған Ана тілі оқулығында берілген оқу материалдарын мұғалім жеке оқушының өзіндік ерекшелігіне қарай сұрыптап, әр алуан жаттығу түрлерін жасауға болады. Әсіресе, қазіргі орысша сөйлеу ортасының басым кезеңінде қайсыбір оқушылардың ана тілінде шорқақ сөйлеуі, қазақшаны жете түсінбеуі сияқты жағдайлар жиі кездеседі. Мұндай кемшілікті жою мұғалімнен көп жұмыс істеуді, асқан шеберлік пен төзімділікті талап етеді. Демек, оқу процесінде жеке оқушылардың әр түрлі өзіндік ерекшеліктерін есепке алу проблемасы - аса ауқымды, күрделі процесс. Мұның өзі тек дифференциялап оқытуды ғана емес, сонымен қатар бала тілін таба білуді, оны оқуға қызықтыруды, оқу материалдарын аталған дидактикалық принциптердің тұтасқан бірлігінде үйретуді қажет етеді.
6. Оқытудың тәрбиелік принципі. Барлық оқу, сайып келгенде, тәрбиеге әкеліп соғады. Оқу нәтижесінде тек білім көлемі ғана жетілмейді, сонымен қатар оқушының адамгершілік пен еңбекті құрметтеу, Отанын сүю, эстетикалық, ерлік, т.б. сапалы қасиеттері де жетіледі. Өйткені білім мен тәрбие өзара тығыз байланысты. Білім адамның қасиетін-сезімдерін тәрбиелейді, -деп Н.Г.Чернышевский бекер айтпаған. Демек, оқыту әрқашан да тәрбиелейді. Осыған орай, оқулықтағы грамматикалық жаттығулар мен оқуға берілген әрбір дидактикалық және мәтіндік материалдар оқушыны жан - жақты тәрбиелеуге лайықталған. Мұғалімнің негізгі мақсаты - оқушыға жалаң білім беріп қана қоймай, сонымен бірге ол оқушының әдепті, тәрбиелі болуын қамтамасыз етуге тиіс.
Оқытудың тәрбиелік мәні туралы халық педагогикасында көп ашылады. Сондықтан сыныпта және сыныптан тыс уақыттарда халық ауыз әдебиетінен: мақал-мәтел, ертегі, аңыз әңгімелер, т.б. туралы жиі-жиі әңгімелер өткізіліп, жас ұрпақты халық педагогикасы негізінде тәрбиелеуге баса назар аударған жөн.
Әліппені оқып тәмамдаған оқушылардың білімдік деңгейі мен жалпы ой-өрісі біршама жетіледі. Олар хат танып, сауат ашады, ой еңбегіне төселе бастайды. Атап айтқанда, мынадай негізгі оқу іскерлігін меңгереді:
Сөздерді буынға бөлмей, тұтас сөзбен оқуды меңгереді;
Жеңіл оқиғалы мәтіндерді өз бетінше жүргізіп оқи алатын болады;
Сөйлем, сөз, буын, дыбыс деген ұғымдарды меңгеріп, сөйлемнің сөздерден, сөздің буындардан, буынның дыбыстардан құралатынын білетін болады;
Сөйлемдегі сөздердің бөлек-бөлек айтылуын, сөйлемдер арасына дауыс кідірісін жасап, қажетті интонациямен оқуды үйренеді;
Оқиғалы мәтіндердің мазмұнына байланысты сөйлемдер арқылы өздігінен айтып беретін болады.
Жазу біліктілігінің деңгейі:
Сөздерді іштей дыбыстап, буынға бөліп жазудан есту, көру бойынша тұтас сөзбен жазуға, сөйлем түрінде жазуға көшеді.
Сөйлемдегі сөздерді бөлек-бөлек жазуды, сөйлемнің бірінші сөзін бас әріптен бастап, соңына нүкте қойып жазуды меңгереді;
Әріп элементтерін дұрыс жазуды үйренеді, каллиграфиялық ережелерді сақтап, көркем жазу эстетикасын сезіне бастайды.
Жазу жұмысында даярлық негізі - жеке сөйлемдерді өзара байланыстырып жазуға төселе бастайды.
Ана тілін оқыту кезінде 1-сынып оқушыларының аталған білімдік және іскерлік деңгейлері мұғалім тарапынан мұқият ескерілуі тиіс. Әліппеден кейінгі кезеңге, яғни жаңа пәнді - Ана тілін оқытуға қойылатын басты талап оқушылардың оқу техникасы мен жазу машығын жетілдіру, тіл ұстарту, жалпы ой-өрісін дамыту болып табылады. Осыған орай, оқушылардың жалпы ой-өрісін дамытып, оқу техникасы мен жазу техникасын жетілдіру оқу жылының екінші жартысындағы кезекті міндеттер болып есептеледі.
Оқу техникасын жетілдіру
Дұрыс оқу. 1. Сөздегі әріптерді түгел оқу: ешбір әріпті тастамай, ешқандай артық әріп қоспай оқу.
Сөздің дыбысталуы мен сөйлем интонациясын сақтап оқу, осы сияқты сөйлем интонациясын сақтап оқу да дұрыс оқу негізін құрастырады. Бұл жөнінде айта кететін мәселе - сөйлемге байланысты оны интонациялаудың әр алуан құбылыстарын ескеру: сұраулы, лепті, хабарлы сөйлемдердің интонациясы, бірыңғай мүшесі сөйлемдер мен құрмалас сөйлем интонациясы (яғни ажыратушы тыныс белгілеріне сай қолданылатын интонация), сол сияқты оқшау сөздер мен оңашаланған айқындауышқа байланысты интонация (яғни бөлуші тыныс белгілеріне қатысты интонация), екпіндер мен логикалық екпіндер.
Диалогтарда оқу ерекшеліктері (рөлмен оқу, өздігінен сұрау-жауаптарды интонациямен ерекшелеп оқу).
Дыбыстарды өзара шатастырмай, олардың өздеріне тән фонемалық ерекшеліктерін, артикулятциясын сақтап оқу.
Сөйлемдегі сөздің аражігін ашып, әрбір сөзді бөлек - бөлек оқу. Бұл тұрғыда байланысқан сөз тіркестерін мағыналық жақтан сезініп, орын тәртібі жағынан байқап отыруға үйрету. Ондай сөз тіркестерінің синтагмалы тұтастық интонацяисын сақтап сөйлеу.
Аталған дұрыс оқу негіздері оқу техникасының басқа түрлерімен тығыз байланысты
2. Тез оқу - оқу техникасының негізгі бір түрі. Тез оқудың жан-жақты білім алудағы мәні үлкен. Ол өмірдегі толып жатқан ақпараттарды дер кезінде қабылдауға мүмкіндік береді, уақыт үнемдеуге көмек теседі. Сондықтан оқушыны шапшаң оқуға жас кезінен бастап дағдыландырған жөн. Тез оқу дегеніміз кез келген мәтінді қалай болса солай зулатып оқып шығу деген сөз емес, ол - шапшаң оқуға қойылатын талаптарды сақтап оқу деген сөз. Шапшаң оқуға қойылатын талаптар:
- тыңдаушыға жететін ақпараттардың түсінікті болуы;
- әр бір сөз бен дыбыстың анық айтылып, құлаққа жағымды болып естілуі;
- дауыс ырғағы - интонацияның сөйлеу мазмұнына сай болуы;
- сөйлемдегі сөздердің дербес айтылуы;
- сөздер аралығындағы кідіріс жасалмау;
- сөйлем құрылымдарын еркін меңгеру;
- түсініксіз сөздер мен сөз оралымдарының кездеспеуі үшін жұмыс істеу;
- мәтін жолдарын тұтас, еркін көру және көздің алға жылжуын қадағалау.
3. Түсініп оқу. Саналы түрде түсініп оқу - жылдам оқуға қарама - қарсы құбылыс. Түсініп оқу техникасын менгірген оқушы білім негіздерін жете қабылдай алмайды, содан өздігінен ғылым - білімді игере алмайды.
Саналы түрде түсініп оқудың әсіресе қиын мәтіндерді меңгеруге көмегі зор. Түсініп оқуға қойылатын әдістемелік талаптардың негізгілері мыналар:
Мәтіндегі түсініксіз сөздер мен терминдерді, бейнелеуші сөздер мен ауыспалы мағынада қолданылған сөздердің мағынасын анықтау;
Түсініксіз жерлерді қайталап оқу;
Мәтіндегі қажетті білім негіздерін (жаңа сөздер мен сөз тіркестерін, грамматикалық терминдерді) жазып алу.
Түсініп оқу бағдарламада берілген негізгі грамматикалық мағұлматтарды (сөйлем, сөз, сөздердің түрлері, оларға қойылатын сұрақтар, сөйлемдегі сөздердің байланысы, дауыс ырғағы, т.б.) еркін түсініп, жете меңгеруді қажет етеді.
4. Мәнерлеп оқу. Мәнерлеп оқу - көркем сөздің үлгісі. Ол адам сезімін оятып, кісінің жан дүниесіне әсер етеді. Ондағы дауыс құбылысы, бейнелі сөздердің әсері, мимика, қозғалыс, т.б. бірлігі мәтін мазмұнын аша түседі.
Мәнерлеп оқуға қойылатын талаптар:
Мәтін түріне байланысты дауыс мәнерін сақтау;
Сөз бен сөз дыбыстарын мағынасына сай дұрыс дыбыстай білу;
Дағдылы жаттығулар;
Бейнелеуші сөздер мен ауыспалы мағыналы сөздер лексикасын байыту т.б.
Бұл аталған жеке оқу техникасы түрлеріне қойылатын талаптардан тұтас оқу техникасына қойылатын жалпы ортақ талаптарды белгілеуге болады. Ондай жалпы ортақ талаптар белгілі педагогикалық принциптерге негізделеді. Жалпы ортақ талаптар, әсіресе оқу материалдары баланың жас ерекшелігіне сай, басқаша айтқанда, мейлінше түсінікті болуын керек етеді. Түсініктілік принципі таныстылық, нақтылық, жүйелік, біртіндеп (сатылап) өсу: жеңілден - қиынға, қарапайымнан - күрделіге, аздан - көпке қарай бірте - бірте даму процестерін қамтиды. Мәселен, оқуға ұсынылған мәтіндегі сөйлем құрылымдары немесе сөйлем құрылымдары жеке сөздер оқушыға түсінікті, яғни таныс, нақты болса, ондай мәтінді оқу да, жазу да оңай, керсінше, берілген мәтіннің сөйлемдері күрделі, сөздері ауыр немесе дерексіз атаулары болса, оны оқуда да, жазуда да қиынға түседі. Сондықтан, әсіресе, 1- сыныпта оқуға, жазуға, т.б. білімділік дағдылар қалыптастыруға берілген оқу материалдары ең алдымен түсініктілік принципіне негізделуі керек.
Байланыстырып сөйлеу мен байланыстырып жазуға үйрету
Байланыстырып сөйлеу мен байланыстырып жазу - сөйлеудің аса қажетті компоненттері. Бұл термин қазақ тіліне орыс тілі арқылы енген. Связаная речь дегенді байланыстырып сөйлеу деп жүрміз. Алайда аталған грамматикалық термин біршама анықтауды керек етеді. Ежелгі жазу сызу болмаған заманда сөйлеу (речь) деген ұғым тек ауызша сөйлеуге тән қолданылған. Жазу мәдениеті қалыптаса бастағаннан кейін сөйлеу ұғымы да өзінің алғашқы тар мағынасын өзгертіп, кең мағынада (әрі сөйлеу, әрі жазу мағыналарын қамтып) қолданыла бастады. Сондықтан қазір байланыстырып сөйлеу (связная речь) деген термин сөйлеу мен жазуда бірдей грамматикалық термин ретінде қолданылады. Солай бола тұра, мұғалімдерге түсінікті болу үшін бұл ұғымды байланыстырып сөйлеу және байланыстырып жазу деп даралап беруді жөн көрдік. Байланыстырып сөйлеу мен байланыстырып жазуға үйрету бастауыш мектептің 1-сыныбынан бастап жүргізіледі. Байланыстырып сөйлеу мен байланыстырып жазуға үйрету - өзара ажырамас бір тұтас жұмыс. Сөйлеуге де, жазуға да қойылатын талаптар бірдей және бір мезгілде орындалуды қажет ететін оқу үрдісі болып саналады. Айырмасы - сөйлеуде ауызша баяндаса, жазуда жазбаша баяндайды.
Мектеп тәжірбиесінде байланыстырып жазу, оқу ана тілі, қазақ тілі сабақтарында жүргізіледі. Өйткені жазба жұмыстарында орфографиялық және тыныс белгілірден жіберілген қателіктермен жұмыстар жүргізуге тура келеді.
Байланыстырып жазудың түрлері
Байланыстырып жазудың мектеп тәжірбиесінде қолданылатын мынадай негізгі түрлері бар:
Сөйлемдегі сөз орындары ауыстырылып берілген оқулықтағы жаттығулар бойынша; сөздердің өзара байланысын анықтау арқылы сөздерді дұрыс орналастырып, жаттығу мәтінін көшіріп жазу;
Мәтіндегі орын ауыстырылып берілген оқулықтағы жаттығулар бойынша мәтіндегі сөйлемдерді ой жүйесіне қарай дұрыс орналастыру арқылы мәтін құрамына енетін жеке сөйлемдерді бір-бірімен байланыстырып, жаттығу мәтінін көшіріп жазу;
Мәтін мазмұнына сай берілген сұрақтарға жазбаша дәл және еркін жауап жазу;
Мәтінде жасалған жоспар бойынша мазмұндама жазу (5-6) сөйлем;
Сурет бойынша мазмұндама жазу (4-5 сөйлем);
Сюжетті мәтін бойынша мазмұндама жазу;
Оқыған, көрген - білгендері туралы шағын шығарма жазу.
Байланыстырып жазу жұмысын ұйымдастыру кезеңі
Байланыстырып жазуға үйрету ең алдымен оны ұйымдастырудан басталады. Бұл жұмыс мұғалімнің тікелей көмегімен ауызша (сөйлеу арқылы) жүргізіледі. Өйткені байланыстырып сөйлеу байланыстырып жазуға қарағанда әлдеқайда жеңіл. Жазу жұмысы белгілі дәрежеде грамматикалық мағұлматтарды, жазу емілелерін, орфографиялық және пунктуациялық ережелерді білуді керек етеді; сөздерді бөлек жазу, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі, бас әріп және кіші әріптермен жазу, т.б. ережелерін менгеруді талап етеді. Сондықтан байланыстырып жазу жұмысы байланыстырып сөйлеуге қарағанда біршама күрделі.
Осыған байланысты, аталған байланыстырып жазу жұмыстарының кез - келгенін байланыстырып сөйлеуден бастаған жөн. Байланыстырып сөйлеу, біріншіден, ол- барлық сынып оқушыларының түгелдей белсенді қатысуын талап ететін ұжымдық жұмыс; екіншіден, ол - мұғалімнің тікелей басшылығымен атқарылатын жұмыс. Мысалы, сабақ басталды. Қоңырау соғылды. Балалар орындарына отырды. Мұғалім келді деген жаттығу мәтіні бойынша сөйлемдерді мағынасына қарай орын - орнына қойып, көшіріп жазу жұмысы тапсырылған делік. Бұл берілген тапсырманы дұрыс орындау оқушылырды байланыстырып жазуға даярлайтынын жақсы түсінген мұғалім жазу жұмысын мынадай тәртіппен ұйымдастырған болар еді: 1) мәтінде неше сөйлем барын анықтау; 2) сөйлемдердің теріс орналасқанын дәлелдеп түсіндіру; 3) сөйлемдерді логикалық жүйеге келтіру - орын - орнына қойдыру; 4) мәтіннің дұрыс жазылған нұсқасын дәптерге көшірту.
Мұғалім алдымен оқулықтағы берілген жаттығу тапсырмасын түсіндіріп, жаттығу мәтіні бойынша жазба жұмысын орындайтындарын хабарлайды. Мұндай жазба жұмысы бұдан бұлай мазмұндама деп аталатынын ескертеді. Келесі жұмыс түрі - бұрын жазып даярланған немесе сабақ үстінде тақтаның бір жағына жазылған жаттығу мәтініндегі әр бір сөйлемді оқушылардың өздеріне тапсырып, жеке - жеке оқытып, ондағы сөйлелемдердің дұрыс орналаспағанын аңғарту; бұл тұстағы ен қиын да жауапты сәт - мәтіндегі сөйлемдердің дұрыс орналаспағанын дәлелдеп түсіндіру, оған оқушылардың көзін жеткізу.
Сөйлеу барысында қолданылатын диалог жобасы мына тұрғыда болуы мүмкін:
Мұғалім:
Мәтінде неше сөйлем бар?
Оқушы:
Төрт сөйлем бар.
Мұғалім:
"Дұрыс. Төрт сөйлем бар. Енді сол төрт сөйлемді жеке - жеке атап көрейік. Бірінші сөйлемді кім оқып береді?" - деген сұрақ қояды.
Бірінші сөйлем оқылып болған соң, оқушылар кезек - кезек қалған сөйлемдерді де оқып шығады. Бұдан мұғалім оқушылардың сөйлем деген ұғымды дұрыс түсінетінін байқайды.
Мұғалімнің келесі сұрағы:
Балалар, жақсылап байқаңдаршы. Осы төрт сөйлемнің әрқайсысы өзіне тиісті орында тұр ма? Мысалға бірінші сөйлемді алайық. Ол егер өз орнында тұрса, мәтіндегі жеке сөйлемдер мағыналық жақтан өзара байланыса алар ма еді?
Қоңырау соғылмаса, балалар орындарына отырмай, сыртта жүрсе, мұғалім келмесе, (қалай ойлайсыңдар?) сабақ басталар ма еді? Демек Сабақ басталды деген сөйлемді бірінші етіп қоюға болмайды. Қалған сөйлемдердің орын тәртібі де осындай түсініктер арқылы анықталады. Іс нәтижесінде мәтіндегі сөйлемдердің мына түрде орналасуы анықталады: Қоңырау соғылды. Балалар орындарына отырды. Мұғалім келді. Сабақ басталды. Бұдан кейін дұрыс орналасқан, яғни бір - бірімен мағына жағынан тығыз байланысқан сөйлемдерден құралған мәтін дәптерге таза етіліп көшіріледі. Ондағы емілелік, каллиграфиялық қателер және сөйлемге қатысты тыныс белгілерінің дұрыс қойылуы тексеріледі. Аталған жазбаша жаттығу нәтижесінде 1-сынып оқушылары байланыстырып жазуда мәтіндегі сөйлемдерді мағыналық жақтан өзара байланыстырып жазудың қажет кенін түсіне бастайды. Осы сияқты сөз орындары ауыстырылып берілген сөйлемдер бойынша сөйлемге қатысты сөздерді мағынасына қарай таңдап алу, артық - кем сөздерді болдырмау, сөздерді және грамматикалық формаларды қайталамай жазу сияқты грамматикалық және стильдік қателерді жібермеу байланыстырып жазуды қалыптастырудың негізгі талаптары болып есептелінеді.
Бастауыш сыныптарда мәтінмен жұмыс жүргізу әдістері
Жас ұрпақты тәрбиелеу ici қоғам дамуының қай кезеңінде болмасын уақыттың талап тілегіне сай үздіксіз жүзеге асырылып отырады. Жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп реформасының негізгі бағыттарында: Әрбір пәнді оқытудың ғылыми дәрежесінің неғұрлым жоғары болуы, ғылым негіздерінің бepiк игерілуі, идеялық-саяси және адамгершілік тәрбиенің этикалық және дене тәрбиенің жақсартылуы қамтамасыз етілетін. Оқыту мен тәрбие - леу әдістерін жетілдіру міндетті қойылсын, -- делінген.
Оқу-ағарту iciн қайта құру -- біздің рухани, азаматтық-шығармашылық потенциалымызға, жағаша ойлау қабілетіміз бен ізденістерімізге байланысты болмақ. Ахмет Байтұрсыновтың Ең әуелі мектепке кepeгi -- білімді, пе - дагогика мен әдістемеден хабардар, оқыта білетін мұғалім. Eкiншi -- оқыту iciнe керек құралдардың қолайлы да ыңғайлы болуы. Үшінші -- мектепке кepeгi бағдарлама. Әр ic көңілдегідей шығу үшін оның үлгici иә мepзiмi өлшеуге боларға керек дегенінен сол кезеңнің өзінде ең бipінші орында әдіскер мұғалімнің қажеттілігіне ден қойылғандығын- аңғаруға болады. Түрлi әдic-тәсiлдердi жан-жақты игеріп, білімдерін жетілдіретін іс-тәжірбиелермен қоса әдістемелік құралдар қажет. Себебі мұндай қосалқы материалдар ұстаздар білімін толықтырады. Ал білімді де білікті ұстаздан тәлім алған оқушының жан-жаұты жетік болары сөзсіз. Сондықтан жақсы оқытудың нәтижелі тәрбие берудің кілті мұғалімнің қолында деп білеміз.
В.А.Сухомлинский: Mұғалімнің өзінің жалпы білім деңгейін көрсету үшін, өзі оқытатын пәнді терең білу, интеллектуалдық байлығын, педагогикалық мәдениеті мен шеберлігін дамыту ушін өзін шәкірт ретінде ұстаса, білім үстіне білім, дағдысына дағды қосып отырса, шәкірттердің ішінде оған еліктеушілер аз болмайды, -дейді.
Бастауыш мектептің ана тілінен оқушылар қоғам, Отан, табиғат, сондай-ақ, жануарлар дүниесі жайлы әңгімелермен танысады. Өмірдегі сан алуан кұбылыстардан хабар береді. Соның нәтижесінде баланың оқуға деген ынтасы, белгілі бip мамандыққа деген кұмарлығы артады.
Ана тілін оқыту сабақтарының мәні ерекше. Өйткені ол сабақтарда оқушылардың ой-өpici, сөйлеу тілі дамып, жеке мәтінмен, кітаппен өздігінен жұмыс істеуге үйренеді. Кітапты түсініп оқу балалардың алған білімдерін тереңдетіп, дүниетанымын арттырады. Д.Писаревтің Мектепте оқу керек, ал мектептен шыққан соң одан да көп оқу керек деген cөзi бар, яғни баланың сыныптан тыс, қосымша материалдар игеруіне, өздігінен білім алу мәселелеріне ерекше назар аударған абзал.
Мектеп реформасының осы талаптары ескеріліп, бас - тауыш сыныптың оқу бағдарламасы мен оқу кітабына өзгерicтep енгізіп, қайта жаңартылды.
Білім беру дегеніміз -- ғылымға негізделген жүйелі бағдарлама бойынша теориялық, практикалық, icкe, еңбекке баулу, дүниетанымын кеңейту. Оқушының бойындағы бар қабілетін жетілдіріп, кемеліне келтіру болып табылады. Чехтің ұлы педагогы Я.А.Коменский: Адамның жас шағында алған білімі ғана орньқты болып, естен шық- пайды, -- деген екен. Олай болса, баланың дұрыс білім алуы, ең алдымен, ұстазға байланысты. Әpбip мұғалім өз iciне жетік, теориялық, біліммен жақсы қаруланған болса ғана балаларға жақсы өнеге, терең білім бере алады. Мұғалім мәтінді жеңіл, қарапайым тілмен түсіндіре отырып, балаға қоғамдағы көзқарас қалыптастыруға тиіс. Ол мына сатылардан тұратын нұсқау түрінде болуы керек:біріншісі -- мәтiндi оқып, оның нақты мазмұнын түсініп, шығарманың тақырыбын игеру. Бұл мәтінді оқудан тұратын алғашқы жинақтау болмақ. Ал eкіншісі -- сол шығарманың түрімен таныстыру. Бұл -- таныммның ғылыми сатысы. Оны шығарма идеясын және мәтінмен жұмыс жүргізу, талқылау арқылы жинақтаймыз. Үшінші саты -- жинақтау кезінде бала сол мәтінді оқудан алған бiлімiмен әсерiн байытады. Бұл үш сатының үшеуі де жүйелi түрде жаттығу арқылы icкe асырылады. Ол тез оқуды, оқығанын ауызша айтуды, әсерлі дауыс арқылы оқығанды жазып үйренуді, есте сақтау қасиетін баланың бойына дарытқанда ғана оның білімі баянды болмақ. Жүйелі жүргізілген белгілі бip мақсаттағы жаттығулар білімді дағдыға айналдырады. Осыдан барып бірнеше жаттығудың орындалу нәтижесінен кейін ол ұмытылмастай болып қалыптасады. Бізде нақты мәтінді сабақпен ұштастырмай, немесе оның мазмұнын кipicпe сөзбен араластырып өзi айтып беріп, шығарма мазмұнын игертуге мән бермейтін де жайттар кездеседі. Ондайда мұғалім негізгі объектіден алшақтайды. Сөйтіп мәтіннің өзін оқудан туатын алғашқы сезімді қабылдауды елемейді. Кейде мәтін мазмұны кіріспеде айтылады. Ол дұрыс емес. Kipiспеде мәтіннің мазмұны әңгімеленіп кетсе, онда негізгі мәтінді талдау қызықсыз болады, оқушылардың сабаққа белсенділігі баяулайды. Сондықтан кipicпe әңгіме мен мәтіннің мазмұнын араластырмай, жеке жүргізу талап етіледі. Кіріспеде әңгімеленетін мәселелер сабаққа дайындық кезінде алдын ала жүйеленіп, нақтыланады.
Оқу-тәрбие жұмысының негізгі әдісі -- дидактика заңдарын толық қолданып жаттықтыру, яғни білімді мазмұннан туғызып, дағдыға айналдыру екенін әр кез есте ұстаған абзал. Сабақты мәтінге негіздеп жүргізу үшін әpбip мұғалім озат, тәжірибелі ұстаздардың іс-тәжірибесімен санасып, өз ізденісінен туған жемісті әдіс-тәсілдермен ұштастырып отыруы керек. Сабақ білімді жаттығуға негіздеп, жүйелеп өткізуді талап етеді.
Сабақты сапалы етіп өткізу үшін мұғалім оның теориялық негізін жетік білуі тиіс. Сонда оған сабақтың теориясы мен практикасы айқын болады. Сонымен қатар мұғалім педагогика, психология әдістемелеріне сүйенеді. Ал дидактиканың мәні -- бip ғана тәрбие жұмысы емес, оқудың теориясы мен жүйесі. Оны қазақтың ұлы педагогы Ы.Алтынсарин бip тұтac әдіс деп атаған. Сондықтан мұғалімнің мұны да ecкергені жөн.
Мәтінмен жұмыс icтey әдістемесі әрі теорияльқ, әpi практикалық ұғымда қолданылады, яғни бұл әдіс мәтінмен жұмыс кезінде теориялық білім берудің тәсілдерін, соған байланысты практикалық дағды мене тәлім-тәрбие берудің амалдарын саралайды. Соны практика жүзінде іске асырудың тәсілімен жолдарының дәл жүйесін көрсетеді.
Оқушылардың білімі мен практикалық дағдысын қалыптастыру жолындағы мұғалімнің жүргізетін жұмыс түpi оқыту әдістерінің құрылымына тікелей байланысты. Сонымен бipгe мұғалімнің басшылығымен орындалатын жұмыстың тұрақты сатысы оқыту әдістерінің мазмұнына қатысты болады. Ана тілінен білім берудің әдістері мәтінмен жұмыс жүргізудің теориялық, материалдарын психикалық функциялар негізінде меңгеріп, оны қалыптастыруды және практикада шығармашылықпен қолдана білуді үйрететін тәсілдер жиынтығы болып табылады.
Оқу жұмыстарын жүргізудің формалары сабақ барысында icкe асырылады. Бұл жұмыс кезінде оқушылар сөздің мағыналық қасиетімен, сөздік қор және грамматикалық, құрылысымен танысады. Ауызекі сөйлеу мен әдеби тілдің өзіндік белгілерін ажыратады. Сөйтіп сөйлеу мәдениетінің үлгіciн қалыптастырып, дұрыс оқып, оқығанын қайталап айтып беруге жаттығады. Сауатты және дұрыс жазуға дағдыландырады. Оқушылар өмірдегі қоғам шындығын тiл арқылы біліп, сезіну, түйсіну және үйрену жолымен білімін молайтады.
Бұл көрсетілгендердің әрқайсысына тоқталып, түсіндірy міндетті емес, мұғалімдер өздеріне қолайлы деген әдісті қолдануларына болады. Орыс жазушысы JI.Толстой: Жақсы дерлік те, жаман дерлік те бip әдіс жоқ. Ол қылықтьң белгісі -- түрлі әдісті болуы; шеберліктің белгісі -- түрлі әдісті болу, орнында жоқ әдісті табу да қолынан келу. Мұғалiм әдісті көп білуге тырысуы керек, оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек, -- дейді.
А.Байтұрсынов: Әдіс -- кезекшіліктен шығатын нәр - се, әдістің жақсы, жаман болмағы жұмсалатын орнының керек қылуына қарай, -- депті.
Мәтінмен жұмыс жүргізу жүйесін теорияльқ жақтан үйрену әдістері оқу материалдарының, теориялық негіздеpi мен заңдарын меңгертумен бipгe мұғалім тақырыптың өзіндік белгілерін ғылыми тұрғыдан сұрыптап, мәтіндердің мазмұны мен көлеміне және әpбip сабақтың құрамына сай оқытылу жуйесі белгілейді Бұл бағдарламаның кө - леміне негізделеді де, оқушылардың ой дәрежесі мен жас ерекшелігне сәйкестендіріледі. Mұғалім әңгімені үнемі өзі мазмұндамай, оған оқушыларды да қатыстырып белсенділіктерін арттырып отырады. Жаңа материалды меңгертуде әуелі мәтіннің ішкі қасиеттерін саралап, осыған лайықты дидактикалық материалдар пайдаланғаны жөн. Сонымен, оқыту әдісін түрлендіру, оқушылардың өздігінен жұмыс icтey белсенділігін арттыру мәселесі бірінші кезекке қойылады. Осыған орай көрнекті педагогтарымыз оқы - ту әдісінің көп екенін анықтады. Оларға мыналар жатады:
Мұғалімнің баяндауы;
Мұғалімнің оқушылармен әңгімесі;
Мұғалімнің тәжірибелерді және оқытылатын затты (объекта) керсетуі;
Көрнекілікті көрсету;
саяхат;
оқулықтан және басқа кітаптардан оқушылардың өздігінен білім алуы;
оқушылардың өздігінен бақылауы және тапсырманы орындауы;
жаттығулар;
оқушылардың білімін тексеру әдici (ауызша, жазбаша);
түсіндіру;
байқау;
практикалық жұмыс;
шығармашылық жұмыс.
Оқыту әдістерін саралағанда, тек олардың атаулары ғана жаңарады. Ал мазмұны жағынан қарастырганда, педагогикаға бұрыннан аян оқыту әдістері болады. Бұл -- оқытудың жалпы әдістepi ғана. Біз бұл әдістемелік еңбекте олардың бәріне бірдей тоқталып жатпаймыз, өйткені қай пәннің болмасын әдістемесі оқытудың жалпы әдістерінен өзіне тиімдісін ғана басшылыққа алып, өз пәнінің оқыту әдістерін ғана баяндайды. Дегенмен, әдістердің мазмұнын аша түсу мақсатын көздеп, әpi мұғалімдердің оқыту әдістері туралы нақты бағыт-бағдар алуына, оны сабақ барысында пайдалану және әдістердің не екенін ұғынуға жеңілдік жасау үшін жүйелей отырып, сызбаға түcipy (жоғарыдағыдай) тиімді болар деп таптық.
Бастауыш сыныптарда көбіне түсіндірмелі оқу әдiсi қолданылады. Оқу жүйесінде түсіндірмелі оқу әдісінің мәні ерекше. Ceбeбi ол сабақтарда оқушылардың ой-өpiсін, сөйлеу тілін дамытуға, сондай-ақ жеке мәтінмен, кітаппен өздігінен жұмыс істей білуге баулу мүмкіндіктерінің негізін қалыптастырады. Бастауыш сынып бағдарламасында түсіндірмелі оқу әдісін мәтінмен жұмыс жүргізу және шығарма мәніне қарай талдау деп те атайды. Түсіндірмелі оқу әдісін (немесе түсіндірмелі оқуды) саналы оқу десе де болады. Оқудың бұл түpi бойынша балалар (2-4-сыныптарда) мәтінде үйде әлденеше рет оқып, әңгімеге әзірленеді. Оны ескертпе оқу деп атайды. Түсіндірмелі оқу негізінен үш түрлі жолмен жүзеге асады. Олар:
мәтінді жаттығу негзінде ұйымдастыру;
оқыған мәтінді өз сөзімен әңгімелеуге үйрету;
оқыған мәтінді талдау.
Мазмұндауды үйретудің нақыл, мақал, фразеологиялық тіркестердің мағынасын анықтау, түрлі шығармашылық жұмыстар жүргізуден бастаған жөн. Дегенмен, ғалымдар көбінece әңгіме әдісін (сұрақ-жауап) дұрыс деп санайды. Мәтіндегі ұғымдарды көбінесе жалпыдан жалқыға қарай, ал бастауыш сыныпта жалқыдан жалпыға қарай оқытамыз. Бұл талдау-жинақтау әдісі деп аталады. Әңгіме әдici немесе сұрақ-жауап әдісі кейде эвристикалық әдіс деп те айтылады. Эвристикалық әдіс проблемалық әдіспен де ұштасады. Әңгіме кезінде оқушылардың алдына белгілі бip міндет немесе проблема қойылады. Оны оқушылар өздері шешеді. Мысалы, оқулықтың бip тарауы бойынша бірнешe сұрақ қойылады. Осы сұрақтар бойынша тараудағы материалдан жауап табуға ұмытылады. Бұл әдістер ана тілін оқыту сабағындағы сияқты қазақ тілін сабағында да қолданылады.
Tүсіндірмелі оқуды eкіге бөледі. Бірінде бала оқыған мәтіннің мазмұнын игереді, екіншісінде оның құбылысын зерттеп, мәнін ашады.
Төменгі сыныптарда мұғалім оқылған мәтіннің маз - мұнын әңгіме әдісі бойынша талқылайды. Tүсіндірмелі оқуды сыныптары әңгіме әдісіне де жатқызуға бо - лады. Сөз, сөйлем түсінігі сұрақ-жауап әдісімен жүргізілгендіктен, оны диалог әдісі деп атайды. Бұл әдісті алғаш рет өзінің Қазақ хрестоматиясы мен Қазақтарға орыс тілін оқытудың қолданбасы деген еңбегінде Ы.Алтынсарин пайдаланған. Ол талдау-жинақтау әдісін тілдік грамматикалық ережеден емес, сөз үйретуден бастады. Сөйтіп түсініп оқу, сөздік жасау, аударма әдісін грамма - тика элементімен ұштастыруға, жаттау мен мазмұндауға негіздеді. А.Байтұрсынов әдістемесінде талдауды жалқылау деп, жинақтауды жалпылау деп келген. Оның бүгінгі күнге дейін мәні зор. Талдау-жинақтау әдісі са- бақтың қай түріне болса да қолданылады. Түсіндіруге қажетті объекті талдана отырып, ол түсіндірілуімен жалғасады. Түсіндірмелі оқуды төте (мазмұндық) оқу дейміз. Бастауыш сыныпта шығарма ерекшеліктерін (тақырып, идея, образ, сюжет) терең талдауға пәлендей мән берілмейдi. Хат таныған бала мәтінді оқи алса, сол жеткілікті деп есептеген. Ал бүгінгі әдістемеде мәтінге ерекше мән беріледі, яғни қоғам дамуымен бipre оқыту сапасы да жоғарылайды. Әр кезеңдегі тәрбие жұмыстары да өзгеше. Сондықтан тіл үйретуде тым жеңілдіккке бой алдырмай, астарлы ой, тұрақты тipкec, көркем сөздерге ерекше мән бepiп, оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін сатылап үйрету абзал.
Бүгінгі қолданылып жүрген әдістерде көркем сөздерге ерекше мән беріледі Қай сабақ тұсында болсын құрғақ сөз аз болып, жаттығу арқылы оқушыларды оқу iciнe дағ- дыландыруға көбipeк көңіл бөлінуі тиіс. Осы тұрғыдан Ш.Сарыбаев, F.Бегалиев, С.Жиенбаев, А.Садуақасов т.б. -- кітап оқытудың методикасына баса көңіл бөлген ғалымдар. Ал С.Рахметова, Б.Баймұратова, М.Жұбанова, К.Бозжанова -- осы ғалымдардыц шығармашылық дәстүрін жалғастырғандар.
Бастауыш сыныптарда ана тілін оқытуда сұрақ-жауап арқылы әңгіме жүргізу ұтымды. Ал әңгіме бойынша оқу - шылар көркем сөздің мазмұнын айту, тақырып, образ жөнінде түсініктерін молайтуға мүмкіндік алады. Бастауыш сыныптардың атақты әдіскерлері озық ойлы педагогтар (С.П.Редозубов, Н.Н.Шепетов, Н.П.Щербакова, Е.А.Адамович) түсіндіріп оқытудың кеңестік жүйесін зерттеді, ол бастауыш сыныптарға оқыту сабақтарының нeгізi болып енді. Түсіндірмелі оқытудың мақсаттарымен сәйкестендірілген оқыту бағдарламалары бойынша Ана тілі оқулықтары құрастырылды. Оларда оқушыларды табиғатты қорғауға, елін сүюге, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу мақсаттары, оқу және сөйлеу дағдыларын дамыту көзделді. Қазіргі оқыту әдістемесін дамытуда Е.А.Адамовичтің еңбектеі басты орын алады. Оның Объясни - тельное чтение в начальной школе атты монографиясында (1954 ж.) оқыту барысында жасөспірімдерге тәрбие беру жолдары көрсетілген. Н.Н.Шепетов Методика чте - ния в начальной школе атты оқу құралында (1958 ж.) көркем шығармалармен және мақалалармен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz