Өкпенің ошақты туберкулезі: патогенезі, патологиялық анатомиясы, клиникалық және рентгенологиялық белгілері, диагностикасы мен емі


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

  1. Өкпенің ошақты туберкулезі.
  2. Патогенезі және патологиялық анатомиясы.
  3. Клиникалық түрлері.
  4. Диагностикасы.
  5. Рентгенологиялық көрінісі.
  6. Туберкулинді диагностика.
  7. Зертханалық тексерістер.
  8. Емі.

Өкпенің ошақты туберкулезі.

Өкпенің ошақты туберкулезіне мөлшері 2-10мм, алғаш реет немесе туберкулездің басқа түрлерінің емделуі нәтижесінде пайда болған, көбінесе қабынудың пролиферативті (латынша proles-жасушалардыңкөбеюі) түрінде өтетін аздаған ошақты өзгерістер жатады.

Ошақты мынадай клиникалық түрлерге бөлінеді:

1. өкпенің жаңа ошақты туберкулезі:

2. өкпенің созылмалы ошақты туберкулезі:

Патогенезі және патологиялық анатомиясы.

Өкпенің ошақты туберкулезі, бастапқы неиесе бастапқыдан кейінгі туберкулезді емдегеннен кейін қалған ескі ошақтардағы, тыртықтардағы инфекцияның өршуінен (эндогенді, ішкі инфекцияның қайта белсенді түріне ауысуы - реактивация) немесе ТМБ-нің ауа, тамақ арқылы жұғуынан (қосымша инфекцияның сырттан түсуі-суперинфекция ) пайда болады.

Алғаш рет жаңадан пайда болған ошақты туберкулезді өзгерістер өкпенің жоғарғы бөліктерінде дамиды. Ол жағдайда ТМБ лимфа түйіндерден немесе ауа арқылы бронхыларға, лимфа тамырларына өтеді, ал қанға инфекцияның түсуі өте сирек кездеседі. Өкпе тінінің зақымдануы ұсақ бронхылар мен лимфа тамырларының туберкулезбен қабуынан басталады. Бронхылардың қабуында пайда болған, ішінде ТМБ бар казеозды бейне (масса) көршілес жатқан өкпе ұшындағы субапикалды, апикалды бронхыларға енеді, осы төңіректе ацинозды-нодозды(түйінді) және лобулярлы ошақтар пайда болады. Қабыну лимфа тамырларына да жайылады, жаңа ошақтар түзіледі. Жаңа туберкулез ошақтары(Абрикосов ошақтары) осылай пайда болады. Алғашқыда бронхыпневмониялық ошақтар қабынудың экссудативтік түрінде өтеді, көп ұзамай тіннің реакциясы продуктивті түріне өтеді.

Клиникалық түрлері.

Өкпенің ошақты туберкулезінде аурудың клиникалық белгілерінің мардымсыз, немесе тіпті жоқ болуы өкпедегі зақымдану процесінің аздаған аймақты қамтуына және оның көбінесе пролиферативті қабыну түрінде өтуіне байланысты. Клиникалық көрінісін шартты түрде интоксикация белгілері және тыныс мүшелерінің зақымдануы салдарынан пайда болатын белгілер деп бөлеміз. Дене қызуының тұрақсыз көтерілуі, жұмыс істеу қабілетінің төмендеуі, көңіл-күйінің жабырқау болуы, вегетотамырлы құбылмалық түрінде байқалады. Науқас адам-бүйірінің сырқырайтығына, құрғақ немесе аз мөлшердегі қақырықты жөтел бар екендігі кей жағдайда қанды қақырық тастайтыны сияқты шағымдар айтады.

Рентгенологиялық көрінісі.

Рентгенологиялық көрінісінде үдемелігі төмен, пішіні анық емес, жолақ, нәзік тор секілді көлеңкелер байқалады. Ары қарай тексергенде осы ортада көлемі 1см-ге жақын пішінсіз, үдемелігі аз, шеттері онша анық емес, жекеленген немесе топталған көлеңкелер анықталады. Жаңадан пайда болған продуктивті кіші ошақтардың диаметрінің көлемі 3-6мм болады. Олар дөңгелек 3-4 ошақтармен топтасып бір-біріне жақын орналасады да, көп ретті көлеңке түзеді.

Диагностикасы.

Өкпенің ошақты туберкулезі клиникалық белгілерсіз немесе аздаған клиникамен өтеді жане ауру біртіндеп дамиды. Өкпе зақымдауына тән клиникалық белгілері жоқ болғандықтан, ошақтарды табу үшін рентгенолгиялық тәсіл ең басты тексеру әдісі болып саналады. Туберкулезді осы түрінің рентгенологиялық көрінісінде әр түрлі көлемді (1см-ден үлкен емес), түрі домалақ, немесе полициклді белсенді процесте көлеңке қоюлығы төмен, шеті анық емес, ал белсенділігі жоқ процесте қоюлығы жоғары, шеті анық көлеңкелер анықталады. Диагнозды дәлелдеу үшін науқастың өткен жылдардағы флюорографиялық тексерістеріне талдау жасаудың маңызы бар. Өкпенің ошақты туберкулезі диагнозын қоюда, қақырықта, бронхы жуынды суларында, басқа патологиялық материалдарда ТМБ-ның табылуы үлкен маңызға ие.

Туберкулинді диагностика.

Өкпенің ошақты туберкулезінде туберкулин реакциясы(2ТБ мен Манту сынамасы) орташа дәрежеде болады, оның ТМБ инфекциясы жұққан сау адамдардағы реакциядан айырмашылығы болмайды.

Зертханалық тексерістер.

Науқастардың қақырығында ТМБ бар екендігін анықтау үшін, жұғындыны бактериоскопиялық тексерістне өткізеді, қақырықты қоректі ортаға сеуіп, кейбір жағдайларда әдейі жануарларға жұқтырады. Ошақты туберкулезде ыдырау қуысы өте сирек түзіледі, сол себептен туберкулездің ошақты түрінде бактерия бөлу мардымсыз немесе мүлде бөлінбейді. Қақырықты және бронхы ішіндегі сұйықты кемдегенде 3рет тексереді, бүл жағдайда науқастардың 50%-де ғана анықталады.

Қан анализінің гемограммасында өзгерістер болмайды. Тек кейбір науқастарда таяқша ядролы нейтрофилдердің, лимфоциттердің саны көбейеді(лимфоцитоз) немесе лимфоциттер саны азаяды (лимфопения), ЭТЖ жоғарлайды (10-18мм /сағ аспайды), гуморалдық және жасушалық иммунитеттің, зат алмасу процесінің көрсеткіштері шамалы өзгереді.

Емі.

Туберкулезге қарсы 2-3 түрлі дәрілерді бір тұтас қолданады. Алғашқы анықталған ошақты туберкулездің экссудативті түрін емдеуге изониазид, стрептомицин және рифампицин(немесе этамбутол) 6-9ай бойына белгіленеді, оның ішінде стрептомицин алғашқы 2-3 ай бойы қолданылады. Ошақты туберкулездің продуктивті түрімен ауыратын науқастарға изониазит және рифампицин(этамбутол немесе пиразинамид) дәрілерін 6-9 айға белгілейді. Алғашқы 4 айда науқастар препараттарды күн сайын қабылдайды, одан кейін үзіліспен 2-3 рет қабылдайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өкпенің ошақты және инфильтративті туберкулезінің клиникалық және рентгенологиялық дифференциалды диагностикасы
Өкпенің диссеминацияланған туберкулезі: таралуы, патоморфологиясы, клиникасы, диагностикасы және емі
Балалардағы өкпе туберкулезі: этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, емі және алдын алу
Инсульт: этиологиясы, патогенезі, клиникалық көріністері, диагностикасы және емі
Сальпингит және аналық без аурулары: патогенезі, клиникалық белгілері, диагностикасы және емі
Мысықтардың несеп жүйесі аурулары: этиологиясы, патогенезі, клиникалық белгілері, диагностикасы және емі
Гемолитикалық анемиялар: этиологиясы, патогенезі, клиникалық көрінісі, диагностикасы және емі
Эмболия: патогенезі, клиникалық көрінісі, диагностикасы және емі
Жануарлардағы гастрит: этиологиясы, патогенезі, клиникалық белгілері, диагностикасы, емі және алдын алу шаралары
Құс туберкулезі: этиологиясы, эпизоотологиясы, клиникалық және патологоанатомиялық белгілері, диагностикасы мен алдын алу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz