Эволюция теориясы


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

1. Эвалюциялық туралы түсінік

2. Дарвин, Уолмис, И. Н. Воронцовтың эволюция туралы теориясы

3. Эволюция теориясының негізгі принциптері

Эволюция теориясы

«Эволюция» (латынша - «evolutio») - тарихи даму, өзгеру, өрлеу деген мағынаны білдіреді, яғни органикалық дүниенің күрделі және ұзаққа созылған тарихи даму процесін айтады. Тірі организмдердің тарихи даму себебтерін, қозғаушы күштері мен жалпы заңдылықтарын эволюциялық ілім түсіндіреді. XVIII ғасырдың аяғында Англияда өндірістің дамуы шикізат қорын ұлғайтуды талап етті. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы қарқынды дами бастады. Қолтұқымдар мен іріктемелер шығару үшін селекциялық жұмыстарды дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Мүйізді ірі қара, жылқы, шошқа, қой, ит, кептерлердің қолтұқымдары шығарылды. Өсімдіктердің (жеміс-жидек, бақша өсімдіктерінің) жаңа іріктемелері алынды. XIXғасырда жаратылыстану саласында геология, физмка, химия ғылымдары көптеген жетістіктерге жетті. Жаратылыстанудың әр саласына (геология, полинтология, биогеография, эмбриология, салыстырмалы анатомия, физиология, өсімдіктер мен жануарлар систематикасы), М. Шлейден мен Т. Шванның барлық тірі организмдердің құрылым бірлігі «клетка» екендігін дәлелдеп, клеткак теориясының ашуы т. с. с. ғылымдағы көптеген ұлы жаңалықтарды жиналған материалдар табиғат өзгермейді деген көзқарасты жоққа шығарды.

Дарвин мен Уоллестің теориясы:

  1. Қандай да болмасын тірі организмдерге өзгергіштік тән.
  2. Барлық тірі организмдер көп мөлшерде ұрпақ қалдыруға бейім келеді. Бірақ табиғатта осынша көп мөлшерде ұрпақ дамып жетілмейді. Өйткені олардың басым көпшілігі қоректің, судың, жарықтың жетіспеушілігінен т. б. себептерден тіршілігін жояды.
  3. Организмдердің шексіз көбеюге бейімділігі мен кеңестік және тіршілік ресурстарының арасындағы қарам-қайшылық тіршілік үшін күрес тудырады.
  4. Тұқым қуалайтын өзгергіштігі бар даралар тіршілік еткен орта жағдайларына бейімделіп, ал ондай өзгергіштіг жоқтары жойылып отырады. (табиғи сұрыпталу)
  5. Түрлердің көбейіп, ұрпақ қалдыруы - пайдалы өзгерістердің организмде ұрпақтан-ұрпаққа беріліп бекітілуі. Осының нәтижесінде ұрпақ пен тектің арасында бірсыпыра алшақтық пайда болады.

Н. Н. Воранцов бойынша эволюцияның синтетикалық теориясы:

1. Неоламаркисисистердің айтуы бойынша эволюцияландырушы ең кіші бірлік дарақ емес, популяция

2. Негізгі тіпті жалғыз эволюцияның қозғаушы факторы кездейсоқ және ұқсас мутациялардың табиғи сұрыпталуы.

3. Эволюция дивергенттігі сипатта болады.

4. Эволюция біртіндеп және ұзақ сипатта болады.

5. Әрбір жүйелік бірліктің (түр, туыс, тұқымдас және т. б. ) бір тамыры болуы (монофилиттік шығу тегі) қажет. Бұл қарастырылып отырған топтың тіршілігіне қойылатын міндетті талап, өйткені эволюциялық жүйе өзінің классификациясын ұқсастығын емес тегін қарай құрады. Туыс тек бір эволюциялық тармақтан тарйтын топтар.

6. Гендердің ағымы тек түр ішінде ғана, осыдан түрді генетикалық біртұтас жабық жүйе ретінде анықтайды

7. Түрден асқаннан кейін эволюция аяқалады, яғни макроэволюция тек микроэволюция жолымен жүреді және макроэволюцияның микроэволюциядан айырмашылығы заңдылықтары жоқ. Сонымен қатар, систетикалық теория микроэволюциялық дәрежеде, мысалы, жақын иуыс емес формаларды жақындататын және қатар құбылыстарды бақылауды құптайды.

8. Түр политипті, яғни көптеген популяциялардан тұрады.

9. Өзгергіштік кездейсоқ сипатта болады.

10. Эволюция болжамсыз. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің үздіксіз өзгерісте болатыны жайлы идеяны Ч. Дарвиннен бұрын көптеген ғалымдар айтқан болатын. Олардың ішінде ең ғылымилығы француздың жаратылыс зерттеуші ғалымы Жан Батист Ламарктың (1744-1829) көзқарасы болды: ол тірі организмдердің эволюциясы сыртқы орта жағдайларының әсерінен болады деп есептеді. Сыртқы ортаның әсер етуі нәтижесінде организм өз тіршілігі үшін қолайлы қасиеттерге ие болып, ол қасиеттер кейінгі өз ұрпақтарына тұқым қуалау жолымен ауысып отырады дейді. Сөйтіп, Жан Батист Ламарктың пікірінше, тірі организмдерде пайда болған қажетті қасиеттер мен белгілер тұқым қуалаушы болғандықтан одан былайғы эволюцияның барысын да айқындап береді. «Биология» деген терминді ғылым атауы ретінде енгізген Ламарк, сөйтіп түрлердің өзгеру себебін екі фактормен сыртқы ортаның (қоректенуін, климат, органдарының жаттығуы) әсерінен және тұқым қуалауынан деп түсінеді. Ламарк идеалист болды, өйткені табиғаттың даму заңын мойындаумен бірге, сондай-ақ дүниені жаратушы Құдай деп түсінді.

Ламарк ұсынған эволюциялық проблемаларды ойдағыдай шешкен ағылшынның табиғат зерттеушісі Ч. Дарвин (1809-1882) болды. Ол өзінің 1859ж. шыққын «Происхождение человека и половой подбор» деген еңбегіде ол эволюцияның жалпы теориясын адамның жануарлар дүниесінен табиғи дамып, шығуы жайлы мәселені зерттеу арқылы нақтылай түсті.

Дарвиннің эволюциялық теориясының негізгі принциптері - тірі организмдердің өзгергіштігі, тіршілік үшін күресуі және табиғи сұрыпталу процесстері. Бұл үшеуі өзара іштей бір-бірімен тығыз байланысты. өзгергіштік бірінші принцип болу себебі: табиғатта бірінен-бірі аумай қалған ұқсас, бірдей екі организм табу мүмкін емес. Өйткені ондай тепе-теңдік жоқ. Табиғатты мұқият, жан-жақты зерттеген сайын біз онда өзгермейтін еш нәрсе жоқ екенін көреміз - өзгеріс табиғаттың ең жалпы универсал заңдылығы. Сырттай қарағанда, мәселен, орманда өсіп тұрған қарағайдың бәрі бірдей сияқты. Ал үңіле қараса бір-біріне өте ұқсас екі ағаштың бойында бірнеше айырмашылық бар екені ашылады: біреуінің тұқымдары ірілеу, екіншісі қуаңшылыққа төзімділеу, үшіншісінің жапырақтары жасылдау және т. б. Әдетті жағдайда бұл айырмашылықтар ағаштың дамуына айтарлықтай әсер етпейді, бірақ қолайсыз жағдай туа қалса, ол өзгешеліктер шешуші себепке айналуы, айталық, ағаштың қурап кетуіне немесе аман қалуына шешуші әсерін тигізуі мүмкін.

Ч. Дарвин өзгергіштікті екіге бөлді «жеке организмдік» немесе «айқынсыз өзгеріске» екі «бүкіл топтық» немесе

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғылыми білімнің құрылымы
Эволюция және прогресс түсініктер қатынасы прогресс критерийлері
Эволюция және Прогресс пен Регресс
Эволюциялық идеялардың даму кезеңдері
Эволюция ілімінің дарвиннен кейінгі дамуы
Спенсердің әлеуметтік ілімдері
Эволюция ілімі
Дарвинизм және эволюциялық биологияның қалыптасуы
Антропологиядағы эволюционизм
СҰРЫПТАЛУ, ӨЗГЕРГІШТІК. ДНҚ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz