Сауат ашу әдістемесінің ғылыми негіздері


М А З М Ұ Н Ы
КІРІСПЕ . . . 3
І-ТАРАУ. САУАТ АШУ ӘДІСТЕМЕСІ
- Сауат ашу әдістемесінің ғылыми негіздері . . . 5
- Сауат ашу кезеңінде жүргізілетін оқу-тәрбие жұмысының түрлері . . . 8
ІІ-тарау.
2. 1 Сауат ашу кезеңіндегі жұмыстар . . . 10
2. 2 Сауат ашу кезеңіндегі міндеттер, олардың мән мағынасы . . . 18
2. 3 Сауат ашу кезеңінде баланың тілі мен ойын дамыту . . . 26
2. 4 Сауат ашу кезеңінде пайдаланылатын көрнекті құралдар . . . 29
2. 5 Дайындықтары әр түрлі оқушылармен жүргізілетін сауат ашу жұмысының ерекшеліктері . . . 33
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ . . . 35
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 37
Кіріспе
Кез-келген елдің білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік - экономикалық және мәдени дамуына ықпал етуге бағытталған. Өйткені мектеп, жоғарғы оқу орындары болашақта қоғамның экономика, мәдениет, саяси өмірі салаларында белсенді қызмет ететін адамдарды дайындайды.
Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына мүлдем жаңа міндеттер қойып отыр. Қоғам мен техниканың ғарыштап дамуына байланысты адамның да сана - сезімі өзгеруінен «Жаңа оқушылар» пайда болды. Олардың мақсаттары да, құндылықтары да, табылатын идеялары да бұрынғыдан әлдеқайда өзгерген.
Сондықтан болашақ ұрпақ ғылым мен білімнің тұтқасын ұстап отырған ғалымдар мен ұстаздарға ерекше жауапкершілік артады. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе, » - ғұлама ғалым М. Әуезов айтқандай, жаңа қоғамның болашақ маманы ғылымның қазіргі өзекті мәселелерге сай зерттелуіне, білімнің сапасы мен тиімділігіне, практикалық тәжірибелік, нәтижелігіне байланысты
қалыптасады және тәрбиеленеді. Осы бағыттағы келесі мәселелерді шешуде басшылыққа алынатын маңызды құжат - «2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында Білім беруді дамыту тұжырымдамасы» баспа бетінде жарияланды. Білім беру жүйесінің қай сатысын алсақ та, ұлттық болмыс пен құндылықтарды игеруге бағытталғанын көруге болады. Осы деңгейлердің жиынтығы жас ұрпақтың үздіксіз білім алуын толық қамтамасыз етеді. [1]
Мектептегi оқыту процесi сауат ашудан басталатыны белгiлi. Сондықтан оның балаға ана тiлiн оқытып үйретуде алатын орны да ерекше.
Қазіргі Қазақстан бастауыш мектебіндегі жаңа өзгерістер әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып, баланың жеке дара күшінің дамуын қамтамасыз ететін жаңа технологияларды іздестіру және оларды қолдануға бағытталған. Мұнда, негізінен оқытуды ізгілендіруге сүйеніледі: ол оқытудың жеке тұлғаға бағдарлануын, жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының үрдісі мен нәтижесін, оның тұрақтылығы мен әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді. Бұл оқытудың мақсаттары, мазмұны, түрлері мен әдістерін анықтап, оларға жаңа мазмұн-мағына береді.
Соңғы онжылдықта көптеген шет елдердегі білім беру жүйесінде өзгерістер жүріп жатқаны байқалады. Білім беру пәлсапасында дәстүрлі жалпыға бірдей сауаттылықтан жоғары қызметі бар білім парадигмасының жетекші бағытына айналуда. Білім берудің бастауыш сатысы сол білімнің тәуелді негізі болуға бағдар алып, оқытуды ақпараттандыруға, соған сәйкес жаңа технологияларға баса көңіл бөлінуде.
Сауаттылықтың өрісін кеңейтіп, білім берудің үзіксіздігі мен сабақтастығын қамтамасыз ету. Барлық бұл қағидалар «Білім беру туралы» ҚР Заңында орын алған. [2]
Н. Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсеткендей, «Бәсекеге қабілетті ұлтты оның білімнің денгейі анықтап береді» және білім берудің негізгі бағыттарын реформалап, бекітті: мектеп
қабырғасындағы білім берудің 12 жылдыққа ауысуы; жаңа формациядағы
оқытушылардың келуі, қатан отандық жоғары оқу орындары мен шетелдік
оқу орындарының филиалының көбеюі әлсіз білім беруді тудырады, сондықтан жоғарғы талаптардың негізінде қысқартушылық; еліміздегі элиталы жоғары оқу орындарын топтарын анықтап оларды мамандық дайындаудың эталонына айналдыру, яғни мемлекеттік қызметтер үшін; болашаққа жол тартатын білім берудің Мемлекеттік жаңа бағдарламасын
өндеп шығару. [3] Осындай жағдайдағы білім берудің болашақ гуманизациялануы оқып үйретудің қазіргі методы мен формаларына айтарлықтай ықпалын тигізеді.
ЮНЕСКО тұжырымдамаларында көрсетілгендей тәуелді сауатсыздық өркениет көшінде жалпы адамзаттық қатер болып отырғаны барған сайын айқындала түсуде. Ол ғылыми-практикалық ілгерілеудің жедел қарқынмен дамуымен түсіндіріледі.
Халықаралық білім беру жүйесіне кірігу проблемасы өзгермелі (жылжымалы) білім беруді күшейте отырып, тәуелді білім парадигмасына ауысуда жаңа педагогикалық технологиялармен, инновациялық оқумен байытылу арқылы іліктестірілген құрылымда жүзеге асады.
Қазақстандық қоғамдағы түбірлі өзгерістерге сай үздіксіз білім берудің бастауыш білім беру жүйелерінде елеулі жаңарулар туындауда.
Әлемдік білім кеңістігіне енуді қолға алып, өркениет елдері қатарына кіруге талпыныс жасап отырғанда, мемлекеттік тілді орнықтыру, болашақ ұрпақтың әлемдік деңгейде соңғы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, ешбір қиындықсыз білім алуына жағдай жасау үшін білім беру жүйесін компьютерлік технологияны кеңінен қолданысқа енгізу латын әліпбиіне көшуді қажет етіп отыр.
Осындай ауқымды мақсатты көздеген Елбасы Н. Назарбаев 2006 жылы Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІІ сессиясында: «Қазақ әліпбиін латынға көшіру жөніндегі мәселеге қайта оралу керек. Бір кездері біз оны кейінге қалдырған едік. Әйтсе де латын қарпі коммуникациялық кеңістікте басымдыққа ие және көптеген елдер, соның ішінде посткеңестік елдердің латын қарпіне көшуі кездейсоқтық емес. Мамандар жарты жылдың ішінде мәселені зерттеп, нақты ұсыныстармен шығуы тиіс. Әлбетте, біз бұл жерде асығыстыққа бой алдырмай, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін зерделеп алуымыз керек», - деген еді. «Қазақстан-2050» стратегиясында латын тіліне 2025 жылы толық көшетініміз туралы кесімді сөз айтылды. [4]
Бұл ақпаратты қоғамда, мәдениет технологиясы мен адам денсаулығын, қоршаған ортаны қорғау кезеңінде әлемдік кеңістікке бет бұруымыздың көрнісі болып табылады. Өйткені қазіргі кезең Қазақстан Республикасында мемлекеттік білім беру саясаты әлемдік білім кеңістігімен үйлесімде дамуын көздейді.
Біздің зерттеуіміздің өзектілігі балалардың сауат ашуына, оқу-жазу дағдыларына, ойлау дәрежесі мен тілінің дамуына жан-жақты жағдай жасап, ана тілінің дыбыстық құрамының ұлттық тіліміздің ерекшелігіне сай таза болмауы және оның тарихы мен оқыту әдістемесі берілетін ғылыми білімнің қазіргі заман талабына сәйкес зерттелмей келуінде.
Оқытудың алғашқы саласы сауат ашу жұмысы болғанымен, бұл мәселенің тарихы мен қазіргі жағдайына әлі күнге дейін жеткілікті көңіл бөлінбей келе жатқаны, әсіресе тіліміздің дыбыстық жүйесін дәл ғылыми негізде бере алмай отырғаны белгілі. Қазіргі кезде тіл мамандары, педагогтар мен психологтар, лингвистер осы орыс әрпінен латын әліпбиіне көшу мәселесін қолға алып, тек қазақ дыбыстарынан ғана тұратын әліпби жобаларын ұсынуда.
Сауат ашу жұмысының негiзгi мiндетi - балаға хат таныту, яғни оған оқу мен жазуды үйрету. Сонымен қатар, сауат ашу барысында оқушылардың тiлi мен ой - өрiсiн жетiлдiруге де баса назар аударылады. Соның нәтижесiнде жас ұрпаққа тиiсiнше жалпы бiлiм негiздерiн меңгертiп, адамгершiлiк, патриоттық тәрбие беруге негiз қаланады. Демек, сауат ашу бiлiм мен тәрбие алудың кiлтi iспеттес. [5]
І-ТАРАУ. САУАТ АШУ ӘДІСТЕМЕСІ
1. 1 Сауат ашу әдістемесінің ғылыми негіздері
Сауат ашу әдістемесі тілдің жазба түрі мен ауызша түрінің арасындағы айырмашылықтар мен күрделі байланыстарды бірдей ескерген жағдайда ғана нәтижелі болмақ. Тілдің орфографиясы мен орфоэпиясына қатысты алуан түрлі мәселелерді оқып меңгеру - ең алдымен тілдің дыбыстық жүйесін, ондағы жеке дыбыстардың табиғаты мен фонетикалық заңдарып жете білуді қажет етеді.
Табиғи жағынан дыбыс қандай да болмасын бір дененің белгілі бір ортада теңселіп, қозғалуының нәтижесінде пайда болады да, құлаққа естіледі. Дыбыс өтетін орта - ауа кеңістігі. Ауа кеңістігінсіз ешбір дыбыстың жасалып, пайда болуы мүмкін емес.
Дыбыстың жасалуында: оның ырғағы, күші, созылыңқылығы, әуені ажыратылады,
Дыбыстың ырғағы белгілі бір уақыт мөлшері (әдетте 1 сек. ) ішіндегі дірілдің саны; ол неғұрлым көп, жиі болса, ырғақ солғұрлым күшті болады. Ал, керісінше, дірілдің саны аз болса, ырғақ та солғындап, әлсірей береді. Адамның құлағы 1 сек. ішінде 16-дан 2-ға дейінгі дірілдің нәтижесінде пайда болатын дыбысты қабылдап, ести алады. Дауыс құбылысы осы ырғаққа, яғни сөйлеу барысында ырғақтың өзгеруіне байланысты болады.
Дыбыс күші дірілдің қарқынынан шығады. Егер дірілдің кеңдік (амплитуда - лат. amplitugo) қарқыны көбейе түссе, дыбыс күші де ұлғайып, күшейе береді. Сөйлеуде дыбыс күші екпінмен қарым-қатынасқа түседі.
Дыбыс әуені дыбыс дірілінің түрлерімен ұштасады. Дірілдің ритмикалы және ритмикалы емес деп аталатын түрлері болады.
Тіліміздегі дыбыстар өкпедегі ауаның сөйлеу аппараты (өкпе, көмей, дауыс шымылдығы, тамақ қуысы, ауыз, мұрын қуысы, тіл, таңдай тіс, ерін т. б. ) арқылы шығуынан жасалады.
Дыбыстарды айтуда әсіресе дауыс шымылдығы мен тіл айрықша қызмет атқарады: дауыс шымылдығының керіліп тұруынан діріл пайда болады да, үн шығады; ал тілдің бірде көтеріліп, бірде төмен түсуінен, сондай-ақ оның артқы шені мен орта шенінің немеcе ұшының қимылынан әртүрлі дыбыстар жасалады.
Тіл дыбыстарының артикуляциясына айрықша қатысы бар дыбыстау мүшелерінің бірі - ерін. Қазақ тілінде 38 дыбыс бар. Олар дауысты, дауыссыз болып екіге бөлінеді. Бұлайша бөлу дыбыстардың буын құрау қызметіне негізделеді. Қазақ тілінде 13 дауысты дыбыс буын құрайды да, 25 дауыссыз буын құрамайды. Дауыстылар: а, ә, о, ө, е, ы, і, ұ, ү, е, э, и, у. Дауыссыздар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ. «У» дыбысы дауыстыдан кейін келсе, буын құрай алмай, үнді дыбыс болады. Ендеше ол бірде дауысты, бірде дауыссыз қызметін атқарады. Бұлай топтау балаларға әсіресе олардың акустикалық жақтары мен физиологиялық жақтары баса үйретілуі қажет.
Дауыстылар мен дауыссыздардың жасалуын Бодуэн де Куртенэ: дауыссыз дыбыста қысым - дыбыстау аппаратының бір ғана мүшесіне түссе, дауыстыда дыбыстау аппаратына жайылады да, жалпылама өтеді - деп, айқындаған болатын.
Мұғалім тілдің артқы таңдайға қарай жылжуы мен бүктеліңкіреп айтылуынан жуан дауыстылар, тілдің таңдайдың алдыңғы жағына жуықтауынан жіңішке дауыстылар шығатынымен таныстырды. Әсіресе айтылуы қиындық келтіретін дыбыстар - дауыссыздар. Тіпті кейбір балалар дыбыстарды мектепке келгенде айта да алмайды. Осыған орай, кейбір дауыссызды айтқанда тілдің ұшы күрек тіспен жымдасып, бірден кілт ажырап кететінін, кейбіреулері астыңғы еріннің үстіңгі ерінге немесе тіске тиюінен, енді біреулері тіл ұшының астыңғы тіске жуысуынан, ал тілдің артқы шенінің жұмсақ таңдайға жуықтасуынан, жұтқыншақтың тарылуынан дыбысының пайда болатын байқатып айтқызып балаларды дағдыландырды.
Сауат ашу кезеңінде балалар дыбыстарды айтуға дағдылануымен бірге олардың қалай таңбалатынымен де танысады. Дыбыстардың таңбасын білу, әріптерді үйрену - сауатты болудың алғашқы баспалдағы. Әріптерді білу арқылы жазуды меңгереді.
Мектепте осы сауат ашу ең бір шешуші кезең болып есептеледі. Өйткені қазақ тілін үйрену жоғарыда көрсеткеніміздей, басқа пәндерді де үйрену барысындағы жетістіктер мен кемшіліктердің негізі болып табылады.
Сауат ашу кезінде балалар сөздің дыбыс, буын құрамын меңгереді, сөйлеммен танысады. Буындардан қалайша сөз құрауға болатыннын біледі, жаңа сөздер үйреніп, сөздік қорларын байытады, практикалық түрде қазақ тілінің нормасына сай сөйлем құрастырып, өз ойларын айтып беруге дағдылана бастайды.
Мұғалім бөбектерге айтылатын дыбыстарды қағаз бетіне түсіру үшін және оларды оқу үшін бұл дыбыстардың белгілі бір графикалық таңбалармен белгіленетін айтады.
Бірінен кейін бірі рет-ретімен орналасқан әріптердің жиынтығы алфавит деп аталады. Қазақ тілінде орыс графикасы арқылы белгіленетін 42 әріп бар. Олар: а, ә, б, в, г, ғ, д, е, е, ж, з, и, й, к, қ, л, м, н, ң, і, ы, ұ, ү, о, ө, п, р, с, т, у, ф, һ, ц, ч, ш, щ, э, ю, я, ь (жіңішкелік белгі), ъ (жуандық белгі) . Қазақ тілінде бір таңба екі дыбысты белгілейтін жағдайлар да бар: е, я, ю, у, ц, ч, щ.
Дыбыс тіркестерінің, сөздердің дұрыс айтылу ережелері орфоэпия( гр. Сөзі orthos - тура, дұрыс, epos - сөйлеу ) деп аталады.
Сөз құрамындағы дыбыстар немесе сөздердің аралықтарындағы дыбыстар бір-бірімен өзара үндесіп, үйлесе айтылады. Сөйлеу олардың үндестігін сақтап, нақышына келтіре айту үшін тілдің дыбыстық жүйесінің табиғатын, дыбыстардың бір біріне әсер ету заңдылықтарын жете білу керек.
Қазақ тіліндегі сөздердін, айтылуы мен жазылуында аса көп айырмашылық жоқ. Дегенмен сөз ішіндегі және сөз аралығындағы дыбыстардың барлығы бірдей айтылуынша жазылмайды. Үндестік заңына сай, қатар келген екі дыбыс бір-біріне ықпал жасап, өзгеріліп естіледі (түңгі-түнгі, Амангелді-Аманкелді, Жампейіс-Жанпейіс, башшы-басшы, баралмай-бара алмай т. б. ) .
Оқу-жазуға үйретудің алғашқы кезеңдерінде анық, естілетін, созып айтуға келетін және дыбысталуы мен таңбалануы бірдей дыбыстардан құралған сөздер іріктеліп алынады. Балалар сауат ашу кезінде өздері көріп тұрған не жазған әріптерінен буын құрай алады. Олар талдау арқылы сөздің қандай буындардан, дыбыстардан құралып тұрғанын ажыратса, жинақтау арқылы дыбыстардан буын, буындардан сөз құрап үйренеді.
Дара айтуға және басқа дыбыстармен қосып айтуға ең, қолайлы келетін дыбыстар дауыстылар болады, сонан кейін үнді дауыссыздар мен ұяң дауыссыздар. Ең қиындары - қатаң дауыссыздар. Сондықтан да оқу-жазуға үйреткенде ең алдымен дауыстылар, сонан соң; дауыссыздарды оқытқан орынды болады. Өйткені сауат ашудың ең, алғашқы кезінде балалар бірден екі әріпті біріктіріп оқи алмайды. Алғашқы кезде бала бір-екі әріпті қабылдай алады. Үйрене келе, бірте-бірте жалғас тұрған әріпті де қабылдайды. Бірінші әріптен екінші әріпке көшіп, екі әріпті қосып оқи алатын кезде, созып айтуға болатын дыбыстардың берілгені жөн. Сондай-ақ алғашқы кезде оқуға ұсынылған сөздер буын жағынан да жеңіл (ашық буын) көбінесе жуан дауыстылар мен созып айтылатын дауыссыздардан құралғаны қолайлы.
Балалар жуан буынды оқып үйрене бастаған кезде, жіңішке буындарды оқуға онша қиналмайды.
Сауат ашу кезінде дыбыстар және буын түрлерімен қатар сөздің құрамындағы дыбыстардың аз-көптігінің де әсері болады. Яғни, алғашқы сабақтарда екі-үш дыбысты сөздер үйретілгені дұрыс. Бірақ қазақ тілінде екі-үш дыбысты ашық буыннан құрылған сөздер өте аз. Сондықтан бір-екі сабақтан кейін-ақ бірнеше дыбыстан (өткен әріптердің қайталанып келуі арқылы) құрылған сөздер мен тұйық буын қатар өтіледі. Екі дыбысты ашық және тұйық буыннан үдету амалымен үш немесе төрт дыбысты сөздер құрастырылып үйретіледі (Шо-ра, ша-на, ал, ал-ма, ар-ша, Са-ра т. б. ) .
Балаларға сөздерді, біріншіден, мағынасы жағынан, екіншіден, қолданылу аясы мен шеңбері жағынан үйретудің олардың ойы мен тілін дамыту үшін маңызы зор.
Сөздің ауыспалы, келтірінді мағынада қолданылуын бірде метафора арқылы, бірде метонимия арқылы, кейде синекдоха тәсілдері арқылы беріліп отырады. Метафора (гр. - mеtорога ауысу) - белгілерінің ұқсастығына қарай, сөз мағынасының ауысуы. Мысалы, орыстың ғылымы, өнері - дүниенің кілті (Абай) . Метонимия (гр. mеtоnuymіа атын өзгерту) заттың не құбылыстың атауы екінші затқа не құбылысқа белгіленетіні (өзара іргелес, шектес болуына қарай ауысуы) . Мысалы, Жүрегім менің қырық жамау (Абай) . Синекдоха (гр. synekdohe) -бірге жобалап түсіну. Мысалы, басың нешеу?
Сөзді үйрену барысында балалар мынадай амалдарға дағдыланулары тиіс:
1) сөздің мағынасын айту;
2) сөзді тағы қандай мағынада қолдануға болатынын айту;
3) осы мағынаны тағы қандай сөздермен білдіруге болатынын айту;
4) сөйлеуде лексикалық құралдарды дұрыс пайдалану;
5) мағына жағынан ұқсас немесе қарама-қарсы сөздерді қолданылуын аңғару. [6]
1. 2 Сауат ашу кезеңінде жүргізілетін оқу-тәрбие жұмысының түрлері
1. Оқу сабақтарында, экскурсияларда табиғат құбылыстарын бақылап үйренеді (маусымдық өзгерістерді) . Жылдың әр маусымындағы өзгерістерді салыстырады, жалпылайды және көктемнің, жаздың, күздің, қыстың белгілері жөнінде қорытынды шығарады. Маусымдық, өзгерістердің себептерін түсіндіреді (күннің сәулесі мен жылуына байланысты) . Табиғат календарын жасайды. Жыл маусымдарына қарай, адамдардың бау-бақша-дағы, егістіктегі, мал шаруасындағы қызметінің өзгерістерін байқайды.
2. Адамдардың тұрмысы мен қызметінде білімнің ролі туралы қарапайым елес қалыптасады. Оқу әрекетінің негізгі ережелерімен танысады, танымдық ойындар ойнайды, жұмбақтар шешеді, тату болу, сәтсіздіктерге күлмеу, оқудағы өздерінің және жолдастарының табыстарына қуану т. б. с. с. үйренеді.
3. Оқушы режимінің негізгі бөлімдерімен танысады. Оқулықтарды, оқу жабдықтарын ұқыпты үстауға дағдыланады, ертеңгіліктерге қатысады (Кітап мерекесі», «Әліппемен кездесу», «Әліппемен қоштасу» т. б. ) .
4. Қоғам өмірімен танысады. Отаны туралы, туған жері, елі, халқы туралы, оның басынан өткен уақиғалар мен бүгінгі жайы және болашағы, салт, дәстүрі туралы, түрлі мейрамдар және оларды неге мейрамдайтынымызды т. б. біледі.
5. Адамдардың еңбектерін бағалауға үйренеді, мектеп мүлкін сақтау, киімдерін күту, нан, басқа да тағамдарды төгіп-шашпау, ағаштардың бұтақтарын сындырмау, жер бетінде шыққан көгалды таптамау т. б. с. с. біледі және сондай әрекеттерге дағдыланады.
6. Мектептегі және қоғамдық орындардағы мінезқұлық нормаларымен танысады. Жақсы деген немене, жаман деген немене екенін айырады. Кішіпейілділік, мейірімділік, адалдық, қарапайымдылық т. б. с. с. қасиеттерінің не екенін, олардың мәнін түсінеді.
7. Көшеде жүру тәртібімен, жол ережесімен танысады.
8. Санитарлық-гигиеналық ережелерді орындауға үйренеді.
Бұл жұмыстар сабақ үстінде де, сабақтан тыс уақытта да жүргізіледі.
Сөздердің ұқсастықтары мен ерекшеліктерін, теріс жазылуынан мағына бұзылатынын балаларға ережені түсіндіргенде де, жаттығулар жүргізгенде де, олардың жазуларындағы қателерді түзеткенде де көрсетіп, түсіндіріп отырудың пайдасы көп (тұзшы-тұщы, барма-бар ма т. б. ) .
Сауат ашу кезінде оқу мен жазу жұмыстары өзара тығыз байланыста болады. Жақсы оқи алатын бала таза да сауатты жаза біледі, ал, жазуды жақсы меңгерген оқушы оқуды жеңіл меңгереді. Бір сабақтың өзінде оқу қызметі мен жазу жұмысы бірін-бірі алмастырып және бірін меңгеруге екіншісінің көмегі тиіп отырады. Бұл байланыс баланың алғаш А дыбысын танып, оны оқумен бірге «А» әрпін жазып үйренуден басталады да, ол бүкіл сауат ашу кезеңінде бірлікте жүріп отырады. Демек, әліппені оқып үйрену кезеңінде ана тілі пәнінен бір күнде жүретін екі сабақтың біреуі дыбыс пен әріпті тануға арналады. Бұл, әлбетте, оқуға үйрету сабағы болады. Ал, екінші сабақта сол күнгі үйренген дыбыстың әрпін және жаңа әріп қатысқан буын, сөз, сөйлем жазу жұмысы жасалады.
Қандай да болмасын дағдыға бала басқалармен қарым-қатынас жасау барысында үйренеді.
Бала үлкендердің істеген әрекетін көріп бақылап, оған еліктейді, кейін оны өзі істей бастайды.
Дағды мен шеберлікті қалыптастыру ұзақтығы да оның нәтижесі де (беріктігі, саналылығы, жинақтылығы т. б. ) ақыл-ой әрекетін қалыптастыру процесін ұйымдастыруға байланысты екені көрсетіледі. Ендеше мұнда да жауапкершілік мұғалімге жүктеледі. Ақыл-ой әрекетін ұйымдастыруға қойылатын негізгі талаптар:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz