Этикет ұғымы туралы түсінік



1 Этикет ұғымы
2 Этикеттің кейбір ұстанымдары
3 Әдеп амандасудан басталады
4 Этика
Пайдаланған әдебиет
Этикет хан (шах, король, патша) сарайларында рәсімділік сақтау тәртібі ретінде пайда болған. "Этикет" сөзі француз тілінен аударғанда "рәсімді реттеуші қоқау-қағаз, этикетка, рәсім өткізу тәртібі" деген мағынаға ие. XVIII ғасырда этикет деп монархтар сарайларында өзін-өзі ұстау ережелерінің жиынтығын айтатын болған, бірақ өмір бұл терминнің одан гөрі кең мағынада қолданылуын қажет етті. Жоғары билік жүргізушілер арасындағы қарым-қатынастардың өз алдына бөлініп, қарапайым халықтан ерекшеленуінің нәтижесінде этикетке көп мән берілгендігін тарих дәлелдейді. Этикет билеушілер сарайындағы өмірді қатаң түрде реттеп отырды: кімнің қашан тұруы керектігі, монархты кімнің, қашан, қалай киіндіретіндігі, аудиенциялардың өту тәртібі және т.б.
Этикетке ұсақ-түйек деп мән бермеуге болмайтын, өйткені сол қатынастағы ұсақ-түйектердің дұрыс орындалмауынан қақтығыстар мен жанжалдар туып, тіпті мемлекеттер арасы шиеленісетін.
Корольдік билік тұсында этикет заңдары монархты конституция заңдарынан әлдеқайда мықты байлап алды деп әзілдейтін де еді. Тіпті "әтикет патшаларды күл етті" деген сөз де сол кез үшін этикеттің маңызын танытса керек. Этикет нормалары дербес қасиетке ие. Адамдардың нені жағымды, нені жағымсыз деп тануы әрбір тарихи кезеңге, әрбір этностың өзіндік менталитетіне сай анықталады. Кейбір халықтарда қонақтың тамақты жеп, риза болғанының куәсі ретінде кекіргенін естігенге мәз болады, ал ол басқа халықтарда нағыз мәдениетсіздіктің көрінісі болып табылады. Кавказ халықтарында амандасу барысында алғашқы болып үлкен кісі қол ұсынса, Қазақстанда жасы кішіден ізет күтеді.
Әлеуметтік элита арасында дүниеге келіп, сонда біраз уақыт бойында өз әсерін білдірген этикет халық арасында кездеспеді деуге тағы да болмайды.
1. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7
2. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1 Этикет ұғымы
2 Этикеттің кейбір ұстанымдары
3 Әдеп амандасудан басталады

4 Этика

Пайдаланған әдебиет

Этикет ұғымы

Этикет хан (шах, король, патша) сарайларында рәсімділік сақтау тәртібі
ретінде пайда болған. "Этикет" сөзі француз тілінен аударғанда "рәсімді
реттеуші қоқау-қағаз, этикетка, рәсім өткізу тәртібі" деген мағынаға ие.
XVIII ғасырда этикет деп монархтар сарайларында өзін-өзі ұстау ережелерінің
жиынтығын айтатын болған, бірақ өмір бұл терминнің одан гөрі кең мағынада
қолданылуын қажет етті. Жоғары билік жүргізушілер арасындағы қарым-
қатынастардың өз алдына бөлініп, қарапайым халықтан ерекшеленуінің
нәтижесінде этикетке көп мән берілгендігін тарих дәлелдейді. Этикет
билеушілер сарайындағы өмірді қатаң түрде реттеп отырды: кімнің қашан тұруы
керектігі, монархты кімнің, қашан, қалай киіндіретіндігі, аудиенциялардың
өту тәртібі және т.б.
Этикетке ұсақ-түйек деп мән бермеуге болмайтын, өйткені сол қатынастағы
ұсақ-түйектердің дұрыс орындалмауынан қақтығыстар мен жанжалдар туып, тіпті
мемлекеттер арасы шиеленісетін.
Корольдік билік тұсында этикет заңдары монархты конституция заңдарынан
әлдеқайда мықты байлап алды деп әзілдейтін де еді. Тіпті "әтикет патшаларды
күл етті" деген сөз де сол кез үшін этикеттің маңызын танытса керек. Этикет
нормалары дербес қасиетке ие. Адамдардың нені жағымды, нені жағымсыз деп
тануы әрбір тарихи кезеңге, әрбір этностың өзіндік менталитетіне сай
анықталады. Кейбір халықтарда қонақтың тамақты жеп, риза болғанының куәсі
ретінде кекіргенін естігенге мәз болады, ал ол басқа халықтарда нағыз
мәдениетсіздіктің көрінісі болып табылады. Кавказ халықтарында амандасу
барысында алғашқы болып үлкен кісі қол ұсынса, Қазақстанда жасы кішіден
ізет күтеді.
Әлеуметтік элита арасында дүниеге келіп, сонда біраз уақыт бойында өз
әсерін білдірген этикет халық арасында кездеспеді деуге тағы да болмайды.
Әрбір халықтың өзіндік қарым-қатынас мәдениеті болғандығына ешкім күмән
келтірмейді. Оның қазіргі күні де кәсіптік, тұрмыстық және отбасылық
этикетте өзіндік орын алып отырғаны белгілі.
Іскерлік немесе кәсіптік этикеттің моральдық негізі — гуманизм. Адамзаттың
қадір-қасиетіне деген құрмет, өзінің әріптесінің мүддесі мен іс-әрекет
психологиясын білу, тану және т.б. кәсіптік этикеттің құрамдас бөліктері.
Этикетті этикамен шатастыруға болмайды. Дыбыстық ұқсастықтарына
қарамастан ол екеуі — екі дүние. Этикет нақты бір мезетте нақты бір
жағдайға байланысты нақты адамдардың өзін-өзі белгілі бір ортада ұстау
әдебін танытса, этика одан анағұрлым кең ауқымды қамтитын ұғым.

Этикеттің кейбір ұстанымдары

Қазіргі нарықтық экономика жағдайында іскерлік қажетті қасиеттердің
біріне айналып отыр. Іскер деп нарық экономикасына әбден бейім, яғни сату-
сатып алу, алу-алмасу әрекеттеріне жатық, өз ісін жетік білетін қагілез
жанды айтады. Іскер де тірі жан болғандықтан, адам қоғамында өмір сүретін
болғандықтан, оны тек өз баспайдасын ғана көздеген, ешкіммен санаспайтын
жан деп түсіну дұрыс емес. Іскерліктің де өзіне тән этикеті — іс-әрекет
ұстанымдары бар.
Іскерліктің маңызды ұстанымына сенім жатады. Әріптес адамдар арасында сенім
болмай, іс оңға баспайды. Жалпы, сенім — адамдардың қарым-қатынасын мүмкін
ететін фактор. Егер көлік жүргізушіге сенбесек, ешқашан жолға шықпаған
болар едік, егер аспазшыға сенбесек, өмірде көшеде тамақ ішпеген болар
едік, дәрігерге сенбесек, ауруханаға қаралмаған болар едік және т.б. Ендеше
адамдық әрекеттенушілік негізінде метафизикалық сенім жатыр. Сенім жоғалған
жерде үміт үзіледі, ал үмітсіз тек шайтан ғана. Адам баласы қандай қиын-
қыстау жағдайда болсын үмітін бір үзбейді. Сол сияқты іскерлер де
әлдекімнің айтқан сөзінде, уәдесінде тұрар деген сенімін жоғалтпайды әрі
өздері де сенімнен шығуға тырысады.
Іскерлік аясында болсын, жалпы, қандай да ұжым ортасында қарым-қатынас
адамдардың бір-біріне деген көңілінен басталады. Ашық-жарқын көңіл-күйде
болу, айналаңа шаттық нұрын себу — тек іскердің емес, жалпы, әрбір адамның
парызы. Қай ортада жүрсең де мынаны есте ұстаған жөн: ұрыс-керіс, айқай-шу
шығарып, істі насырға шаптырғаннан гөрі сондай жағымсыз эмоционалды күйдің
алдын алған жөн. Ол үшін ең тиімдісі — қай жағдайда болсын сабыр сақтап,
қиындықты айналып өтіп (оны мәселеге үстірт, калай болса солай қараудан
айыра білу керек), ұжымда бәріне жағымды ахуал жасай білу.

Әдеп

Әдеп - қоғамдағы адамдар мінез-құлқына қойылатын этикалық талаптардың
жиынтық атауы. Әдептің қоғамдағы басты қызметі тұлғалық қатынастарды
адамгершілік талаптарына сәйкес ретке келтірумен байланысты. Бұл сипатта
Әдеп мәдениеттің іргелі бір құрамдас бөлігіне жатады. Мәдениеттің қалыптасу
барысында ізгі мінез-құлық белгілері әдептілік талаптарына айналып
отырған.Әдеп өлшемдері арнаулы қаулы арқылы жарияланбайды және олар
данышпан адамдардың ойлап тапқан құндылықтары емес. Әдеп ережелері өркениет
пен мәдениеттен сұрыпталып алынған.

Қазіргі заманғы ғылым әдептің қалыптасуына әсер еткен 3 басты факторды
атап өтеді. Олар : жыныстық қатынасты реттеу арқылы аналық рудың пайда
болуы; тайпа мүшелерін өлтіруге тиым салу; қариялар мен балаларға қамқорлық
ету (альтруизм). Мәдениеттің өзегін салт-дәстүр, Әдеп құрастырады. Егер
соқыр сезім (инстинкт) жануарлар тіршілігіне қалай әсер етсе, салт-дәстүр
де алғашқы адамдардың іс-әрекеті мен мінез-құлқына, ақыл-ойына сондай әсер
етті. Алғашқы рулық қоғамдағы Әдеп көріністері: “қанға қан, жанға жан”
(талион) принципі, сезімнің ақылдан басым болуы, жеке бас бостандығының
қауымдық мүдделермен тежелуі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Этикет туралы ұғым
«Жеке және әлеуметтік өрлеу этикасы»
Іскерлік қарым- қатынас психологиясы пәні, оның міндеттері
Этика ұғымы және оның мәні. Гиппократ этикасы және деонтологиясы
Экономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешеннің жинағы
Имамнның имиджін модельдеу
Шет тілінің қарым - қатынас құралы ретінде сөйлеу дағдыларын оқыту әрі дамыту процесі
Этикалық ізгіліктер
Этика саласындағы стандартты операциялық процедураларды анықтау және оның дамуын зерттеу
Мемлекеттік қызметтің имиджі
Пәндер