«Экономиканы басқарудың шетелдік тәжірибесі» пәнінен лекция тезистері


ІРІСПЕ
«Экономиканы басқарудың шетелдік тәжірибесі» пәні - дүниедегі дамыған озық елдердің экономиканы басқару саласындағы тәжірибелерін ел экономикасын көркейту үшін сараптау, таңдау және ұлттық экономика талаптарына қарай адаптациялауды оқып үйрететін ғылым.
Экономиканы басқарудың шетелдік тәжірибесі пәнінің мақсаты: шетелдік экономиканы басқарудың үздік үлгілерін оқып білу. Студенттерді шет ел мемлекеттерінің географиялық, саяси, жер қойнауы және басқа да ерекшеліктерін ескере отырып экономиканы басқарудың тиімді әдістерін ұлттық экономикаға адаптациялауды үйретуге негізделеді.
Қазіргі таңдағы алдыңғы қатарлы дамыған Швеция, АҚШ, Жапония, Корея, Қытай сияқты тағы басқа мемлекеттердің экономиканы басқару тәжірибелерін оқып үйрену, ҚР Президенті жолдауындағы «50 бәскеге қабілетті елдер қатарына» ену үшін атсалысу, экономиканы тиімді басқарудың тетіктерін оқып үйрету және т. б.
Экономиканы басқарудың шетелдік тәжірибесі пәнін оқып меңгеру үшін студенттердің экономикалық теория, халықаралық экономика, экономиканы мемлекеттік реттеу пәндерінен түсініктері болуы керек. Бұл курсты меңгеру үшін студенттердің Микроэкономика, Макроэкономика, Экономикалық ілімдер тарихы және менеджмент сияқты пәндерден алған білімдері өте қажет.
Экономиканы басқарудың шетелдік тәжірибесі пәнін толық меңгерген студент Қазақстан экономикасын басқару, экономиканы мемлекет тарапынан реттеу және тағы басқа экономикалық пәндерді меңгере алады.
ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ
1. Тақырып. Экономиканы басқарудың шетелдік тәжірибесі пәніне кіріспе
1. Экономиканы басқаруда шетелдік тәжірибені қолданудың мақсаты және күтілетін нәтижелер
2. Экономиканы басқарудың теориялары және олардың ерекшеліктері
3. Мемлекеттің нарықтық экономикаға араласудың 5 түр себебі
«Экономиканы басқарудың шетелдік тәжірибесі» пәні - дүниедегі дамыған озық елдердің экономиканы басқару саласындағы тәжірибелерін ел экономикасын көркейту үшін сараптау, таңдау және ұлттық экономика талаптарына қарай адаптациялауды оқып үйрететін ғылым.
Экономиканы басқарудың шетелдік тәжірибесі пәнінің мақсаты: шетелдік экономиканы басқарудың үздік үлгілерін оқып білу. Студенттерді шет ел мемлекеттерінің географиялық, саяси, жер қойнауы және басқа да ерекшеліктерін ескере отырып экономиканы басқарудың тиімді әдістерін ұлттық экономикаға адаптациялауды үйретуге негізделеді.
Қазіргі таңдағы алдыңғы қатарлы дамыған Швеция, АҚШ, Жапония, Корея, Қытай сияқты тағы басқа мемлекеттердің экономиканы басқару тәжірибелерін оқып үйрену арқылы, ҚР Президенті жолдауындағы «50 бәскеге қабілетті елдер қатарына» ену үшін атсалысу, экономиканы тиімді басқарудың тетіктерін оқып үйрену басты міндеттердің бірі.
Қазақстан экономикасын дамытудағы басты мақсат ретінде Қазақстанның халықаралық бәсекеге қабілеттілігін және ел азаматтарының өмір сүру сапасын арттыру үшін қолайлы институционалдық және экономикалық шарттар құруды айқындайды. Бұл таяудағы он жылда Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруі жөніндегі стратегиялық міндетті шешуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Экономиканы басқаруда шетел тәжірибесін үйрену арқылы, дамыған елдердің экономикасының даму барысын сараптап, басынан өткен түрлі экономикалық дағдарыстар себептерін талдау, бұл дағдарыстардың ұлттық экономикаға әсерін жою немесе азайту болып табылады.
2000 жылдағы АҚШ-тың көптеген технологиялық компаниялары акцияларының құлдырауымен басталған Америка экономикасындағы проблемалар, дүние жүзіндегі экономиканы басқарудың американдық моделіне деген тұрақтылық сенімін жоғалта бастады. Түрлі газет-журналдарда ұмытыла бастаған «Кейнс ілімі» және «классикалық теория» сияқты теориялар жайында, олардың түрлендірілген формалары жайында пікір-таластар жүргізіле бастады. Мысалы: Пол Кругман сияқты «Нью-Йорк таймс» газетінің атақты экономисті, өз сұхбатында «экономикалық моделдердің ішінде ең идеалдысын Швецияның 1980-1990 жылдарындағы моделінің үлгісін көрсетті.
Экономиканы тиімді басқару арқылы келесі нәтижелерге қол жеткізуге болады:
- экономиканың серпінді дамуын қамтамасыз ету (жалпы ішкі өнімнің орташа жылдық нақты өсімі, Экономиканың жалпы өсімі, Тұрақты макроэкономикалық шарттарды қамтамасыз ету мақсатында орташа жылдық инфляция деңгейі 5 - 7 % дәлізінде ұстау) ;
- жылдамдатылған экономикалық дамуға қол жеткізу (еңбек өнімділігін арттыру, өнеркәсіп өндірісінің орташа жылдық өсімін қамтамасыз ету, негізгі капиталға инвестициялардың өсімі) ;
- Қазақстан халқының өмір сүру сапасы мен стандарттарын жақсарту (халықтың жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімді тұрақты арттыру) ;
- экономикасы дамыған елдердің алғышқы қатарында болу.
2. Экономиканы басқарудың теориялары және олардың ерекшеліктері.
ХХ ғасырдың басында әлемдік экономикалық қоғамдастықтың кейбір елдерге тән жекелеген экономикалық мектептер, экономикалық ойлардың бөлініп шығуы байқалады.
Маржинализм (француз тіліндегі "Marginal") шекті деген ұғымды білдіреді, яғни процестер мен құбылыстарды шектерді пайдалану арқылы түсіндіреді, Ол шекті пайдалылық, шекті өнімділік, шекті шығындар түсінігіне сүйенеді, Шекті пайдалылық теориясы бірінші маржиналистік теория болып саналады. Бұл теорияның авторы ағылшын экономисті Ульян Стэнли Джевонс (1835-1882) . Австриялық мектептің экономистері Карл Менгер (1840-1921), Фридрих Визер (1851-1926), Эйтен Бем-Баверктерді (1851-1914) шекті пайдалылық теориясының классиктері деп атаймыз.
Экономикалық тепе -теңдік тсориясы. Тепе-теңдік тұрақтылықпен сипатталғандықтан, жүйені тепе-теңдікке ұстап тұруға ұмтылу табиғи нәрсе. Сэйдің өзі нарықта сұраныс пен ұсыныс әрқашан теңестіріледі деп болжам жасаған. Бірақ, тепе-теңдік теориясының пайда болуы негізінен Швейцария экономисті Леон Вальрастың (1834-1910) атымен байланысты. Экономикалық процестердің математикалық бейнесін іздеуде Вальрас тепе-тендік жағдайға бағытталған жүйені математикалық формада сипаттап, тепе-теңдік жүйесін жасады. Ол өзінің "Таза саяси экономия элементтері" кітабында, тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы бір экономикалық жүйедегі түрлі нарықтардың байланысын сипаттайды.
Неоклассицизм бұл классикалық мектептің калыптасқан дәстүрін нарық және нарық механизімімен байланыстырып дамытатын бағыт. Неоклассикалық бағыттың көрнекті өкілі, баға теориясының негізін салушы Англияның атақты экономисті, Кембридж университетінің профессоры Альфред Маршалл (1842-1924) еді. "Саяси экономика принциптері" (1890), "Өнеркәсіп және сауда" (1922) еңбектерінде ол Рихардоның ілімін жалғастырушы ретінде көрінеді. Маршалл нарықтық бағаның калыптасуын зерттеп, сұраныстың да, ұсыныстың да бағасын анықтауда басты роль орындамайтынын анықтады, Экономикалық процестерді талдағанда математикалық тәсілдерді кеңінен қолдауға шақырды.
Неолиберализім ағымы өндірушілер, кәсіпкерлер мен сатушыларға барынша еркіндік беріп, мемлекеттің экономикаға араласуын барынша төмендетуді қолдады. Бұл бағыттың өкілдеріне Фридрих Фон Хайек (1894-1984) пен талантты экономист-социолог Йозеф Шумпетерді (1883-1950) жатқыза аламыз. Хайек өзінің еңбектерінің аралас, орталықтандырылған, әміршілдік экономика мен нарықтық жүйені салыстырып, оның артықшылықтарын көрсетіп дәлелдеуге арнады.
Монетаризм баға мен инфляцияға, экономикалық процестердің барысын ақша массасының әдісі шешуші роль атқарады деп есептейтін теория. Бұл мектептің көрнекті өкілі-Фридмен. Ол А. Шварц пен жазған 1867-1960 жылы АҚШ-тың монетарлы тарихы кітабында шаруашылык өмірдегі ірі өзгерістер ең алдымен ақша массасымен, оның қозғалысына байланысты дейді. Монетаристік мектеп экономикалық еркіндіктік ролін ерекше маңызды, мемлекеттің нарықтық катынастарға араласуы мүмкіндігінше аз, саналы болуы керек деп есептейді.
Кейнсиандық бағыт ағылшын экономисті Джон-Мейнард Кейнс атымен тікелей байланысты. Оның теориясы "Индекстік тәсіл", "Жұмыспен қамту, процент жөне ақша айналысының жалпы теориясы" (1936) және көптеген мақалаларында тұжырымдалған.
Дж. Кейнстің экономикалық ілімге қосқан жаңалығы жинақтап айтсақ төмендегідей:
Біріншіден, нарықтық механизімнің экономикалық дағдарыстан шығарудағы әлсіздігін көрсетті. "Таза" нарықтық экономикалық тепе-теңдікке жету мүмкін болмайды, себебі жалақы мен баға икемді емес.
Екіншіден, экономикалык дағдарыс жағдайында мемлекеттік реттеу қажет.
Үшіншіден, Дж Кейнс макро-микро экономикалық проблемаларды қатар қарап, әсіресе микроэкономикаға баса көңіл бөлді.
Төртіншіден, нарықтық қатынастарға да оң көзбен қарады, түрлі агрегаттық модельдер жасауға жол ашты, экономикалық зерттеу тәсілдерін жақтады.
Кейнс мемлекет сұраныстың жалпы көлеміне әсер етуі керек. Сұранысты өсіре отырып, бағаның асуымен инфляцияға жол берілмейді, сонымен сатып алу қабілетінің жоғарлауы жұмыссыздықты төмендетеді, ал оның азайуы инфляцияның әсерін азайтады. Экономиканы мемлекеттік реттеу теориясынан басқа, Кейнс нақты валюта жүйесін құруға атсалысты.
А. Смит XVIII ғасырдың, К. Маркс XIX ғасырдың, Кейнс XX ғасырдың ұлы экономисті деп есептеледі.
3. Мемлекеттің нарықтық экономикаға араласудың 5 түр себебі
Үкімет және басқа да қоғамдық институттар нарықтық экономиканың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін бес түрлі қызмет атқарады:
Біріншіден, үкімет экономикалық қызмет үшін жағдай жасайды: адамдарды оқытады, олардың моральдық және этикалық іс әрекетін қалыптастырады, өндіріс технологиясының ғылыми негізін жасайды, халықтың өзін өзі қамтамасыз ете алады деген келешекке сенімділік оятады.
Екіншіден, экономикалық жүйені дұрыстап, оның оперативтілігін арттырады: жекеменшік құқығын анықтайды, тауарлар туралы ақпарат береді, бизнес операцияларды жүргізуді реттеу.
Үшіншіден, ресурстардың бөлінуін реттейді: инфрақұрылымды қамтамасыз етеді, сыртқы ортаны ластаудан қорғайды, монополияларды бақылайды, шексіз қауіп қатерлерден сақтандырады.
Төртіншіден, тікелей тарнсферттер арқылы немесе әлеуметтік бағдарламаларды субсидиялау арқылы табысты қайта бөледі.
Бесіншіден, макроэкономиканы тұрақтандырады: жұмыссыздық пен инфляцияны төмендетеді, ұзақ мерзімді дамуды қамтамасыз етеді.
Экономиканы мемлекеттік реттеу және оның әдістері:
Мемлекет белгілі бір таптардың мүдделерін қорғай отырып, бір жағынан, қоғамдық қажеттілікті қамтамасыз ету мүмкіндігін анықтайды, ал екінші жағынан, осы қажеттілікті камтамасыз ету жолдарын іздестіріп, жүзеге асырады.
Мемлекеттің нарықтық экономикада атқаратын қызметтерін мына топтарға бөлуге болады:
- тиімділікті қамтамасыз ете отырып, монополияға жол бермеу;
- нарықтық жүйеде еңбекке жарамсыз топтар мен балалар, қарттарға мемлекет әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге тырысады;
- бағаның өзгеруі мен бағалық мехзанизмді ретке келтіреді;
- прогрессивті салық салу;
- зейнеткерлер, еңбекке жарамсыз көп балалы, жұмыссыздар, әлеуметтік мұқтаж азаматтардың табыстарын қорғау шараларын қарастыру.
- экономикалық тұрақтылықты сақтау;
- шаруашылық жүргізу туралы бекітілген шешімдерді заңдылық- құқықтық жағынан қамтамасыз ету;
- несие саясатын жүргізу, ақша айналымын тұрақтандыру.
Жалпы мемлекеттің саладағы саясаты екі бағытта жүргізіледі:
- білім беру, денсаулық сақтау, экология сферасында күрделі мемлекеттік әлеуметтік бағдарлама бекітіліп жүзеге асырылуда;
- нарыққа көшуге байланысты халықты әлеуметтік жағынан қорғау.
Экономиканы реттеуде мемлекет әртүрлі тәсілдер қолданады: әкімшілік- құқыктық, ақпарат хабарлармен, қаржы бөлу, экономикалық тетіктер (салық, несие, баға т. б. ) мемлекеттік тапсырыс, лимиттер мен квоталар т. б.
2 Лекция. Халықтың әлеуметтік экономикалық жағдайын жақсартуда, елдегі экономиканы тиімді басқару әдісін таңдаудың маңызы
1. Аймақтың әлеуметтік - экономикалық дамудың негізгі бағыттары
2. Экономиканы дамытудың мақсаттары және міндеттері
Аймақ белгілі бір территорияда қалыптасып, нарықта өндіруші, тұтынушы және қайта өндіріс үрдісін ұйымдастырушы болып табылатын, сонымен қатар халық шаруашылығы жүйесінде дамитын - әлеуметтік-экономикалық құрылым болып табылады. Аймақтың даму жағдайы - бұл әр түрлі әлеуметтік және экономикалық үрдістердің жиынтығы, даму тұрғысында анықталатын көп өлшемді және күрделі аспектілі үрдіс. .
Егер тек аймақтың экономикалық даму жағдайын қарастырғанның өзінде, оның өзі қоғамның әлеуметтік жағдайының дамуымен байланысты бағаланады. Теориялық және тәжірибелік тұрғыда әлеуметтік - экономикалық дамудың негізгі бағыттарына келесілер жатады:
- өндіріс пен табыстардың өсімі;
- қоғамның әлеуметтік, институционалдық және әкімшілдік құрылымындағы өзгерістердің болуы;
- қоғамдық танымдағы өзгерістері;
- дәстүр мен дағдыдағы өзгерістер
Бүгінгі таңда әлемнің көптеген елдеріндегі және оның аймақтарындағы экономикалық дамудың негізгі мақсатына халықтың өмір сүру деңгейі және сапасын арттыру болып табылады. Сонымен қатар аймақтың әлеуметтік -экономикалық жағдайын дамытудың негізгі мақсаттарына халықтың ақшалай табыстарын арттыру, білім сапасын жақсарту, азық - түлікпен қамтамасыз ету, денсаулық саласы, кедейшілікпен күрес жүргізу, айналадағы табиғи ортаны жақсарту, халықтардың тең мүмкіндіктерін қалыптастыру және аймақ экономикасын тиімді басқару жүйесін жүзеге асыру жатады.
Аталған мақсаттардың ішіндегі- аймақтық экономиканы тиімді басқару жүйесі бүгінгі таңда аса көңіл бөлетін бағыттардың бірі. Елімізде аймақтық экономиканы тиімді басқару сол аймақтың территориялық, климаттық, экономикалық және әлеуметтік ерекшеліктеріне байланысты қалыптасып, арнайы мемлекеттік билік органдары (мемлекеттік орталықтандырылған және жергілікті билік) арқылы реттеліп, жүзеге асырылады. Қәзіргі уақытта аймақтардың экономикасын басқарудың түрлері өте көп, бірақ олардың ішінде негізгі үшеуін: жалпы саяси, құқықтық және экономикалық басқару түрін бөліп көрсетуге болады. Мемлекеттің аймақтық және ұлттық саясатының жалпы қағидаларына негізделген басқарудың жалпы саяси түрінің негізгі бағыттарына келесілер жатады:
- аймақтардың жеке шекараларын айқындау;
- аймақ пен мемлекет арасында өзара іс-әрекет аясын қалыптастыру мен дамыту;
- республиканың билік органдарының аймақ экономикасын дамытуға қатысты жауапкершіліктері мен құзыреттерін бекіту;
- ҚР-ндағы әкімшілдік-аймақтық құрылымдардың құқықтары мен міндеттерін анықтау және т. б.
Аймақтың экономикасын басқарудың экономикалық- құқықтық түрі келесі бағыттардан тұрады:
- аймақтық табиғи ресурстарды бөлістіруде жалпы қағидалардың орындалуын қадағалау;
- мемлекеттік қаржылардың аймақ аралық бөлістіру көздерін анықтау;
- жергілікті қаржылардың бөлістірілу қағидаларын тиімді жүзеге асыру;
- мемлекеттік және жергілікті билік органдарының өз міндеттемелерін дұрыс орындауын қадағалау және реттеу;
- аймақ экономикасының мамандандырылған салаларының әлсіз және басым бағыттарын анықтау және т. б.
Аталған бағыттардың әр қайсысы да аймақтың саяси және әлеуметтік-экономикалық статусын жоғарылатуға бағытталатын мемлекеттік саясаттың көптеген кешенді іс - шараларынан тұрады.
Экономист ғалымдардың тұжырымдамасында экономиканы басқару тиімділігін бағалауда мемлекеттің немесе белгілі бір аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын және басқару қызметінің нәтижелерін сипаттайтын негізгі параметрлермен өлшенеді. Олардың негізгілеріне келесілер жатады:
- аймақ экономикасын басқару әдісі;
- аймақтық жиынтық өнім көлемінің деңгейі;
Облыстық экономикасын басқару мемлекетімізде жүзеге асырылып отырған орталықтандырылған-республикалық және жергілікті билік органдары арқылы үш дегейде (республикалық→аймақтық→салалық) жүзеге асырылады. Елімізде аймақ экономикасын басқаруда аймақтық -мақсатты бағдарламалардың ролі ерекше. Бұл бағдарламалар экономиканы басқарудың бағдарламалы-мақсатты нысанына негізделіп, пайдаланылады яғни мемлекет пен аймақтық экономикасының әлсіз және басым тұстарын анықтап, экономиканың дамуын жоспарлау негізінде құрылады. Мақсатты бағдарламалар мемлекеттік және жергілікті бюджет есебінен қаржыландырып, белгілі бір саланы дамытуға бағытталады.
Аймақ экономикасы салыстырмалы түрде алғанда дамуы жағынан біршама тұрақтанғанымен әлі күнге дейін қолдауды қажет ететін, даму жағынан біршама баяулап отырған салалар баршылық. Атап айтсақ: аймақтық экономикасының барлық салалары бойынша өңдеуші кәсіпорындардың саны кемде-кем, сондай-ақ таранспорт және байланыс саласында, сауда, әртүрлі қызмет түрлері бойынша өндірілген өнім көлемі 7 жыл ішінде айтарлықтай нәтижеге қол жеткізбеген. Аймақ экономикасын басқарудың тиімділігін арттыратын негізгі бағыттарға келесілер ұсынылады:
- аймақ экономикасын басқаруда қалыптасып отырған үш деңгейлік басқару жүйесін жетілдіру; Атап айтсақ басқару жүйесі төрт деңгей арасында:кәсіпорын (ұйым) ↔︎ сала ↔︎аймақ↔︎ республикалықдеңгейде жүзеге асырылуы қажет. Кәсіпорын өзінің қызметінің даму жоспарын аймақтық билік органдарына ұсынады. Осының нәтижесінде аймақ экономикасының даму бағыттары анықталып, арнайы мақсатты бағдарламалар дайындалады. Экономиканың тұрақтылығы мен өсуін қамтамасыз ететін кәсіпорын (шағын және орта бизнес) деңгейін басқару жүйесіне қосу келешекте аймақ экономикасын дамытудың негізгі бағытының бірі болмақ. ;
- Аймақтағы өнім өндірісін дамыту;
- Экономиканың барлық салаларында шикізат базасын өндіруді дамыта отырып, экологиялық таза өнімді өңдеу бойынша прогрессивті технологияны ендіру мен дамыту;
- Аймақтық мақсатты бағдарламалардың жүзеге асырылу нәтижелерін қадағалау (Аумақтық ауылды мекендерді дамытуға бағытталған “Ауыл”бағдарламасы, Қазақстаннның 2003-2015 жылдарға арналған индустаралды-инновациялық даму бағдарламасы және т. б. ) ;
- Аймақтағы бәсекелестіктің дамуына және шағын және орта бизнестің өркендеуіне жол ашу;
- өңдеуші салалардың қосалқы ресурстарын максималды пайдалану;
- аймақтық өнім өндірісінде кластерлік жүйені дамыту;
Аталған бағыттармен қоса тағы да ескере кететін жайт, аймақтың әлеуметтік - экономикалық жағдайын дамытуды ең алдымен тиімді басқару жүйесі арқылы қол жеткізуге болады. Себебі осы тиімді басқару жүйесін жүзеге асыра отырып, аймақтың өндірістік -шаруашылық даму деңгейіне қол жеткіземіз. Ал бұл көрсеткіш өз кезегінде аймақтың әлеуметтік -экономикалық дамуының мүмкіндіктерін айқын көрсетеді.
3 Лекция . Қазіргі таңдағы нарықтық экономика
1. Экономиканы басқарудың тиімді жүйесін таңдау
2. «Нарық» туралы дамыған елдердегі экономиканы басқару саласындағы ғалымдардың пікірлері
3. Экономиканы басқарудың Ресей тәжірибесі
1. Экономикалық жүйе типтері мен моделдері . Күнделікті экономикалық өмірде адамдар арасындағы қатынаста әрқашанда белгілі экономикалық жүйе ретінде қызмет жасайды. Экономикалық жүйе - бұл экономикалық процестер жиынтығы. Ол қалыптасқан мүліктік катынастар мен ұйымдық түрлер негізінде қоғамда жүзеге асады.
Әлемдік экономикалық әдебиеттерде экономикалық жүйені топтаудың кең таралған екі фактор негізінде жүргізіледі:
- Меншік типтері бойынша;
- Экономиканы ұйымдастыру типтері бойынша. Осындай әдістернегізінде экономикалық жүйені шешуді төмендегідей типтер арқылыбөледі:
а) дәстүрлі экономика;
ә) әкімшілдік-әміршілдік экономика;
б) еркін бәсекелестік (таза капитализм) нарықтық экокомика;
в) қазіргі нарықтық экономика (қазіргі капитализм) немесе аралас
экономика.
Енді осы типтерге толығырақ тоқталайық.
а) дәстүрлі экономика тұйықталған, оқшауланған шаруашылыққа негізделеді. Ұрпақтан ұрпақка беріліп отырған дәстүр мен салт, кандай тауарды қалай, кім үшін өндіру арқылы анықтайды. Экономиканың осы түрі бұрынғыға қарағанда Азия, Латын Америкасы мен Африка елдерінде қазір өте сирек кездеседі.
ә) еркін бәсекенің нарықтық экономикасы ресурстарға жеке меншіктік және тауар өндірушінің еркін бәсекелік механизмімен сипатталады. "Тұлға өзінің барлық материалдық және рухани мүмкіндіктерін өз пайдалылығы үшін колдануға тырысады. Ол күнделікті өмірде қоғам үшін пайда келтіруді ойламайды. Адам тек өзінің мүддесін көздейді, бірақ бұл жағдайда көптеген басқа кездегідей, ол «көрінбейтін қолмен» мақсатқа қарай бағыттайды және оның ойында бұл болғанда емес. Өзінің ойлаған мүддесін тіпті саналы түрде көздегенмен де, ол қоғам мүддесіне батымды-ақ жиі қызмет жасайды".
Мұндай экономика ең «идеалды экономика» ретінде қарастырылады. Еркін (либералды) нарықтық экономиканың негізін қалаушы А. Смит болды. Ол нарықтык экономикаға барынша еркіндік беру қажет деп есептеді. Алайда еркін нарықтық экономиканың нақты қызмет атқаруы көрсеткеніндей, оның бөлінбес серігі - артық өндіру экономикалық дағдарысының үнемі туындауы болып табылады. Экономикалык дағдарыстар тарихын зерттеу көрсеткендей, олар 1825 -ші жылдан бастап үнемі әрбір 8-10 жылда кайталанып отырады. Саудада тоқырау басталады, нарықтар өтпейтін өнімдер мөлшеріне толтырып жібереді, қолма-қол ақшалар айналымнан жойылады, зауыт пен фабрикалар тоқталып, жұмысшылар жұмыссыз қалады. Тоқырау жылдарға созылып, экономика бүлінеді.
б) әкімшілдік-әміршілдік экономика. Нарықтық экономикадағы еркін бәсеке және оны тереңірек талдау құбылысы әкімшілік-әміршілдік экономика теориясының пайда болуына ықпал етеді. Әміршілдік экономика теориясының ұраны: "Қазіргі өндіргіш күштермен олардың ұғыну бейнесінде, тіпті табиғатымен қарау байқалады. Өндірістегі қоғамдық -анархия, енді өндірісті коғамдық-жоспарлы реттеумен алмастырылады.
Әкімшілдік-әміршілдік экономиканың нарыктық экономикаға карағанда артықтығы мынада: ол ашық түрде жұмыссыздықты, өндірістің тым кұлдырауын болдырмайды. Ал қиын шешуші кезеңде елдің материалдық, еңбектік және ақша қорларын ірі халық шаруашылығының міндеттері мен бағдарламасын жүзеге асыруға шоғырландырады және (Энгельс Ф. "Анти-Дюринг" - М; 1973. 254 С) жұмылдырады. Сондықтанда жоспарлау жүйесін қоғамдық меншікке негізделген социалистік елдер ғана емес, жеке меншікке негізделген кейбір капиталистік елдерде қолданады. Айталық, екінші дүние жүзілік соғыс кезеңінде бұл гитлерлік Германияда байқалды. Экономиканың ауқымды, салалары мен барлық салалары орталық жоспарлау және соғыс ұйымдарының тікелей бакылауында болды. Осы кезеңдерде Англия ме АҚШ-та дәл солай жүзеге асты.
Әміршілдік-әкімшілдік экономиканың кемшіліктері мынада: Біріншіден , барлық шаруашылық сауалдарын көп сатылы бюрократтық инстанция арқылы шешу кажет болды. Олардың келісімін алуға көп уақыттың кетуі - барынша кедергі болып табылады. Мұндағы басты мақсат - жаңа өнімді шығару кажеттілігі, жаңа техника мен технологияны өндіру болмақ . Ал келісімге кеткен уакыт бұған кедергі жасайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz