Сауат ашу арқылы бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту



Кіріспе

І Сауат ашудың ғылыми .теориялық негіздері

І.1 Сауат ашу туралы жалпы түсінік
І.2 Қазақстанда сауат ашудың қалыптасуы мен дамуы
І.3 Сауат ашудың ғылыми негіздері

ІІ. Мектепте сауат ашуарқылы тіл дамыту әдістемесі

ІІ.1 Сауат ашудың әліппеге дейінгі кезеңіндегі тіл дамыту әдістемесі
ІІ.2 Сауат ашудың әліппе кезеңіндегі тіл дамыту әдістемесі
ІІ.3 Әліппеден кейінгі кезеңдегі тіл дамыту әдістемесі

Қорытынды
Қазіргі Қазақстан бастауыш мектебіндегі жаңа өзгерістер әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып, баланың жеке дара күшінің дамуын қамтамасыз ететін жаңа технологияларды іздестіру және оларды қолдануға бағытталған. Мұнда, негізінен оқытуды ізгілендіруге сүйеніледі: ол оқытудың жеке тұлғаға бағдарлануын, жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының үрдісі мен нәтижесін, оның тұрақтылығы мен әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді. Бұл оқытудың мақсаттары, мазмұны, түрлері мен әдістерін анықтап, оларға жаңа мазмұн-мағына береді.
Соңғы онжылдықта көптеген шет елдердегі білім беру жүйесінде өзгерістер жүріп жатқаны байқалады. Білім беру пәлсапасында дәстүрлі жалпыға бірдей сауаттылықтан жоғары қызметі бар білім парадигмасының жетекші бағытына айналуда. Білім берудің бастауыш сатысы сол білімнің тәуелді негізі болуға бағдар алып, оқытуды ақпараттандыруға, соған сәйкес жаңа технологияларға баса көңіл бөлінуде. ЮНЕСКО тұжырымдамаларында көрсетілгендей тәуелді сауатсыздық өркениет көшінде жалпы адамзаттық қатер болып отырғаны барған сайын айқындала түсуде. Ол ғылыми-практикалық ілгерілеудің жедел қарқынмен дамуымен түсіндіріледі.
Халықаралық білім беру жүйесіне кірігу проблемасы өзгермелі (жылжымалы) білім беруді күшейте отырып, тәуелді білім парадигмасына ауысуда жаңа педагогикалық технологиялармен, инновациялық оқумен байытылу арқылы іліктестірілген құрылымда жүзеге асады.
Қазақстандық қоғамдағы түбірлі өзгерістерге сай үздіксіз білім берудің бастауыш білім беру жүйелерінде елеулі жаңарулар туындауда.
1. Қ.Жұбанов. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер.АлматыҒылым», 1999, 341-б
2. К.Аханов.Тіл білімінің негіздері Алматы, Санат, 2003,410-б
3. С.Аманжолов. Орыс алфавитіне негізделген қазақтың жаңа алфавиті мен орфорграфиясы, Алматы,1940,19-бет (№2м,Алматы)
4. Қ.Басымұлы.Жаңа әріп пен жаңа емле және дыбыстарымыздың жіктері. Алматы: Қазақстан баспасы,1932, -35 бет.
5. Ш. Сарыбаев Телжан Шонанұлы // Ана тілі, 1994, 4 шілде.
6. Т.М.Әбдікәрім «Мәтін және «Ана тілі» оқулығы мәтіндемесін құраудың теориясы. Ы.Алтынсарин атын. Қазақ білім академиясы. 2006. -250 б.
7. Байтұрсынұлы А. Әліпбій. – Қызылорда: Казиздат, 1928. -118 б.
8. Т.Шонанов, М.Жолдыбаев. Әліппе. Алматы: Қазақстан баспасы, 1935, -69 бет.
9. С.Кеңесбаев.Әліппе. Алматы: Қазақ мемлекет баспасы. 1940, -72 бет

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Сауат ашу арқылы бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту

Жоспар:

Кіріспе

І Сауат ашудың ғылыми -теориялық негіздері

І.1 Сауат ашу туралы жалпы түсінік
І.2 Қазақстанда сауат ашудың қалыптасуы мен дамуы
І.3 Сауат ашудың ғылыми негіздері

ІІ. Мектепте сауат ашуарқылы тіл дамыту әдістемесі

ІІ.1 Сауат ашудың әліппеге дейінгі кезеңіндегі тіл дамыту әдістемесі
ІІ.2 Сауат ашудың әліппе кезеңіндегі тіл дамыту әдістемесі
ІІ.3 Әліппеден кейінгі кезеңдегі тіл дамыту әдістемесі

Қорытынды

Кіріспе
Қазіргі Қазақстан бастауыш мектебіндегі жаңа өзгерістер
әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып, баланың жеке дара
күшінің дамуын қамтамасыз ететін жаңа технологияларды іздестіру және оларды
қолдануға бағытталған. Мұнда, негізінен оқытуды ізгілендіруге сүйеніледі:
ол оқытудың жеке тұлғаға бағдарлануын, жеке тұлғаның дамуы мен
қалыптасуының үрдісі мен нәтижесін, оның тұрақтылығы мен әлеуметтік
қорғалуын қамтамасыз етеді. Бұл оқытудың мақсаттары, мазмұны, түрлері мен
әдістерін анықтап, оларға жаңа мазмұн-мағына береді.
Соңғы онжылдықта көптеген шет елдердегі білім беру жүйесінде өзгерістер
жүріп жатқаны байқалады. Білім беру пәлсапасында дәстүрлі жалпыға бірдей
сауаттылықтан жоғары қызметі бар білім парадигмасының жетекші бағытына
айналуда. Білім берудің бастауыш сатысы сол білімнің тәуелді негізі болуға
бағдар алып, оқытуды ақпараттандыруға, соған сәйкес жаңа технологияларға
баса көңіл бөлінуде. ЮНЕСКО тұжырымдамаларында көрсетілгендей тәуелді
сауатсыздық өркениет көшінде жалпы адамзаттық қатер болып отырғаны барған
сайын айқындала түсуде. Ол ғылыми-практикалық ілгерілеудің жедел қарқынмен
дамуымен түсіндіріледі.
Халықаралық білім беру жүйесіне кірігу проблемасы өзгермелі (жылжымалы)
білім беруді күшейте отырып, тәуелді білім парадигмасына ауысуда жаңа
педагогикалық технологиялармен, инновациялық оқумен байытылу арқылы
іліктестірілген құрылымда жүзеге асады.
Қазақстандық қоғамдағы түбірлі өзгерістерге сай үздіксіз білім берудің
бастауыш білім беру жүйелерінде елеулі жаңарулар туындауда.
Әлемдік білім кеңістігіне енуді қолға алып, өркениет елдері қатарына
кіруге талпыныс жасап отырғанда, мемлекеттік тілді орнықтыру, болашақ
ұрпақтың әлемдік деңгейде соңғы ақпараттық технологияларды пайдалана
отырып, ешбір қиындықсыз білім алуына жағдай жасау үшін білім беру жүйесін
компьютерлік технологияны кеңінен қолданысқа енгізу латын әліпбиіне көшуді
қажет етіп отыр. Осындай ауқымды мақсатты көздеген елбасы Н.Ә.Назарбаев
Халықтар Ассамблеясының ХІІ сессиясында латын әліпбиіне көшу жөнінде нақты
мәселе қозғады. Бұл ақпаратты қоғамда, мәдениет технологиясы мен адам
денсаулығын, қоршаған ортаны қорғау кезеңінде әлемдік кеңістікке бет
бұруымыздың көрнісі болып табылады. Өйткені қазіргі кезең Қазақстан
Республикасында мемлекеттік білім беру саясаты әлемдік білім кеңістігімен
үйлесімде дамуын көздейді.
Білім беруді ізгілендіру жеке тұлғаның дамуына және оқытуды саралауға
мүмкіндіктер туғызуға бағытталған. Бұл ұстаным білім берудің мәдениет
қалыптастырушы қызметінің жандануына мүмкіндік береді. Осындай түрлендіру
тұрғысынан алғанда қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық
өзгерістерді ескере келе, оқушыларды жеке тұлға ретінде дамыту, тәрбиелеу
бағытын анықтау; білім мазмұнын жаңарту; білім беруді ізгілендіруге сәйкес
оқу үрдісін ұйымдастыру мәселелері маңызды болып табылады.
Осы заманғы білім берудің стратегиялық мақсаты – өз бетімен шешім
қабылдай білуге қабілетті, өз жауапкершілігін сезіне алатын, өздігінен
әрекет жасай білетін, қандай істе болмасын сауатты (іскер) тұлғаны
тәрбиелеуді қамтамасыз ету болып табылады. Жоғарыдағы мақсаттарға бастауыш
білім берудің отандық және әлемдік тәжірибелеріндегі өз қызметін ойдағыдай
атқарып келе жатқан білім мазмұнының негізгі құрылымын, жобасын жүзеге
асыра алатын педагогикалық технологиялар арқылы жету көзделеді.
Сөйтіп, республика бастауыш мектептерінде жаңа педагогикалық
технологиялар бүгінде ерекше құбылыс болып қана қоймай, сонымен бірге оның
дамуының басты себебі, негізгі көзі де болып отыр.
Өзгермелі әлеуметтік-экономикалық жағдай, әлемдік білім жүйесіне
көтерілуге талпыныс жасау мақсатында оқыту құралдары мен әдістерін
жетілдіру тәуелсіз Қазақстан мектептеріндегі бастауыш оқыту кезеңінің
мазмұнын қайта құруға мәжбүрледі. Демек бұл мәселенің қазіргі кездегі
қажеттілігі мен оның педагогика тарихында бұрын-соңды қарастырылмауы
арасындағы қайшылық анық байқалады.
Жаңа жүйенің қажеттігі Қазақстандағы оқу-ағарту жүйесінің дамуындағы
жаңа кезеңге байланысты, жаңартылған бағдарламалар мен қолданыстағы оқу
жүйесінің арасындағы қайшылықтарға байланысты туындап отыр.
Біздің зерттеуіміздің өзектілігі бастауыш сынып оқушыларының оқу-жазу
дағдыларына, ойлау дәрежесі мен тілінің дамуына жан-жақты жағдай жасап, ана
тілінің дыбыстық құрамының ұлттық тіліміздің ерекшелігіне сай таза болмауы
және оның тарихы мен оқыту әдістемесі берілетін ғылыми білімнің қазіргі
заман талабына сәйкес зерттелмей келуінде.
Оқытудың алғашқы саласы сауат ашу жұмысы болғанымен, бұл мәселенің
тарихы мен қазіргі жағдайына әлі күнге дейін жеткілікті көңіл бөлінбей келе
жатқаны, әсіресе тіліміздің дыбыстық жүйесін дәл ғылыми негізде бере алмай
отырғаны белгілі. Қазіргі кезде тіл мамандары, педагогтар мен психологтар,
лингвистер осы орыс әрпінен латын әліпбиіне көшу мәселесін қолға алып, тек
қазақ дыбыстарынан ғана тұратын әліпби жобаларын ұсынуда.
Бастауыш білім беру, сауат ашудың дыбыстық-буындық әдістері, ауызша-
жазбаша тіл дамыту бойынша біршама ғылыми-зерттеу жұмыстары бар. Бірақ әр
кезеңдердегі сауат ашу, әр түрлі әліпбилерге негізделген әліппе
оқулықтарының тарихы мен бүгінгі күнгі мәселесі ғылыми түрде жүйеленбей,
зерттелмей келеді. Ал оның өзіндік ерекшелігі мол және бастауыш сыныпта
үлкен орын алады. Сондықтан бұл мәселенің зерттелуі теориялық, әдістемелік,
практикалық тұрғыда да өте қажет. Соған орай біз алдымен бұл мәселелердің
ең негізгі қарастырылатын нысаны – Әліппе оқулықтары деп алып, олардың
тарихы мен бүгінгі жағдайы, ғылыми-әдістемелік негізі жайында сөз
етпекпіз.

І Сауат ашудың ғылыми -теориялық негіздері
І.1 Сауат ашу туралы жалпы түсінік
Әліппе – жас жеткіншектердің ең алғаш танысатын оқулығы. Баланың оқи
білуі, жазу дағдылары осы кітап арқылы қалыптасады. Бастауыш сынып
оқушыларының оқу және жазу сауаттылығы неғұрлым жылдам әрі тез қалыптасса,
соғұрлым ол өзге де ғылым негіздерін оңай әрі тез игеруге дағдыланады.
Сондықтан да сауат ашу – қазіргі таңдағы оқыту мен тәрбие үрдісіндегі басты
мәселенің бірі.
Сауат ашу мәселесі, бастауыш сынып оқушыларын оқыту, сауатты жаздыру
Әліппе оқулығының ғылыми тұрғыда белгілі бір әдістемелік негізге сай
құрылуына байланысты. Қазақстанда қазақ балалары үшін қазақша оқулықтарды
алғаш орыс әліпбиі негізінде Ы.Алтынсарин, одан кейін араб әліпбиі
негізінде А.Байтұрсынов жасап, сауат ашудың ғылыми негізін жасап берді.
Ы.Алтынсарин ағартушылық қызметі арқылы қазақ тарихында тұңғыш
педагогикалық ой-пікірдің негізін салып, жалпы және кәсіби білімнің дамуына
жол ашты. Өзі іргесін қалаған мектептерге арнап оқу құралдары мен
әдістемелік кітаптар жазды. Ағартушы, педагог-ғалым Ы.Алтынсариннің
Орынбордан 1864 жылы шыққан (Киргизская (казахская) хрестоматия), 1871
жылы шыққан Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы (Начальное
руководство к обучению киргизов русскому языку) атты алғашқы оқулықтары
миссионерлік кириллицамен басылған болатын. 1899 жылы Қазақ
хрестоматиясы Мақтубат деген атпен қайта басылып шықты. Бұл оқулықтарда
Ы.Алтынсарин орыс әліпбиінің жазу таңбаларын мен орыс мектептерінің озық
тәжірибесін батыл алып қолданса да, оның кері әсері болатынын, орыс
таңбасының оқытуға, баланың сауатын ашуға жеңіл емес екенін, бұған
жауапкершілікпен қарау керектігін айтты. 1871 жылы 31 тамызда
Н.И.Ильминскийге жазған хатында: Сіз бұл хатыңызда қазақ арасына орыс
алфавитін енгізу жөнінде пікір айтқан екенсіз. Бұл талассыз пайдалы пікір
ғой. Дегенмен оны жүзеге асыру, меніңше, үлкен қиыншылыққа кездеседі. Қазақ
балалары үшін ашылған орыс мектептерінде орыс алфавитін қолдану (бұл
мектептерге қазақтар балаларын орыс тілін үйренсін, орысша жаза білсін деп
беріп отырғандықтан) кейбіреулердің ойлағанындай, қазақ арасында әңгіме,
күдік туғызады деп ойлаймын. Бірақ мәселе мынада: орыс әрпімен жазылған
кітаптар қазақ арасына тез сіңе қоймайды. Бірінші жағынан, фанатизмнің
салдарынан, екінші жағынан, орыс жазуына көздері үйренбегендіктен, оның
таныс еместігінен, оның үстіне елімізде тарап отырған татар жазуының
әсерінен – міне, осылардың бәрін еске ала келгенде жалпы оқуға арналған
кітаптар мектептің есігінен шықпай, соның өзінде қала береді. Ондай
ықпалдан (татар ықпалынан) құтқару үшін мазмұны балалардың білімін
көтеретін, тақырыбы оларды қызықтыратын кітаптарды қазақтың өз тілінде,
олардың өздеріне таныс әріппен шығара білу керек. Сөйтсек ол кітаптарды
жұрт бірден қолға алып, бұл кітаптар татар кітаптарымен қатар зор күшке
айналар еді. Бұл арада әріптің арабша не орысша болуы – араб әрпінің
ептеген зияны болғанмен, ісімізге онша кесел келтірмейді - деп жазды [1].

І.2 Қазақстанда сауат ашудың қалыптасуы мен дамуы
Алғаш рет Ы.Алтынсарин кирилл әліпбиін ХІХ ғасырда қазақ тіліне
лайықтап, православиелік миссионерлердің діни басылымдарын шығару үшін және
орыс-түземдік мектептер үшін лигатуралық және диакритикалық символдар
қосып, әліпби жасады. Бұл әліпбиді ғылымда миссионерлік кириллица деп
аталды. Миссионерлік кириллица 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейін
реформацияланбаған ескіше араб әліпбиімен қатар ішінара қолданылып келді.
Ы.Алтынсариннің көрсетуі бойынша 1876 жылы халық ағарту министрі граф
Толстой Орынбор округінің оқу орындарын тексеру мақсатымен келгенде сол
өлкенің қазақтарын оқыту мәселесі де талқыға түседі. Негізгі мәселесінің
бірі ретінде қазақ арасына орысша хат таныту жолдары және бұл үшін қазақ
тіліне орыс әліпбиін қолдануға болатын-болмайтыны жөнінде арнайы сөз
қозғалды. Маслихатқа Орынбор өлкесінің генерал-губернаторы генерал-адьюдант
Крыжановский, Орынбор оқу округінің попечителі Лавровский, Қазандағы
оқытушылар серминариясының директоры Ильминский және Торғай, Орал
облыстарының генерал-губернаторлары қатысып, бірауыздан орыс алфавитін
қазақ тіліне қолдануға болады деген қорытындыға келеді. Бұл шұғыл шешімнің
астарында кеңестік саясаттың ұшқыны жатқанын аңғару қиын емес еді.

Алайда орыс-қазақ тілін қатар меңгерген мұғалім кадрлардың тапшылығы
бұл мәселенің бірден шешімін табуға мүмкіндік бермеді, алдымен Торғай, Орал
қалаларының бірінен қазақтар үшін оқытушылар мектебін ашу қажеттілігі
туындады. Осы тәрізді іс-шараларды ұйымдастыру үшін 1879 жылы Торғай облысы
мектептерінің ерекше инспекторы деген жаңа штат ашылып, бұл қызметке
Ы.Алтынсарин шақырылды.
Өткен ғасырдың ІІ жартысынан бастап көтерілген жаппай оқу-ағарту
мәселесі қазақ қоғамы үшін әлеуметтік мәндегі үлкен мәселе болса, оны іс
жүзінде қолға алған тұңғыш ағартушы Ы.Алтынсарин болатын.
ХІХ-ХХ ғасырларда оқу-ағарту саласының 2 түрлі бағытта болуына
байланысты (медреселер, орыс-қазақ мектептері) әліппелер де араб және орыс
әліпбиімен жазылды. Қазақ даласында алғаш мектептердің ашылуына байланысты
оқулықтар қажеттігі келіп туды. Оған байланысты сол кездегі ғалымдар
бастауыш саты үшін сол кездегі алдыңғы қатарлы әдістемелік жетістіктерге
сүйене отырып, алғашқы оқулықтар жаза бастады.
Ы.Алтынсарин ағартушылық қызметі арқылы қазақ тарихында тұңғыш
педагогикалық ой-пікірдің негізін салып, жалпы және кәсіби білімнің дамуына
жол ашты. Өзі іргесін қалаған мектептерге арнап оқу құралдары мен
әдістемелік кітаптар жазды. Ағартушы, педагог-ғалым Ы.Алтынсариннің
Орынбордан 1864 жылы шыққан (Киргизская (казахская) хрестоматия), 1871
жылы шыққан Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы (Начальное
руководство к обучению киргизов русскому языку) атты алғашқы оқулықтары
миссионерлік кириллицамен басылған болатын. 1899 жылы Қазақ
хрестоматиясы Мақтубат деген атпен қайта басылып шықты. Бұл оқулықтарда
Ы.Алтынсарин орыс әліпбиінің жазу таңбаларын мен орыс мектептерінің озық
тәжірибесін батыл алып қолданса да, оның кері әсері болатынын, орыс
таңбасының оқытуға, баланың сауатын ашуға жеңіл емес екенін, бұған
жауапкершілікпен қарау керектігін айтты. 1871 жылы 31 тамызда
Н.И.Ильминскийге жазған хатында: Сіз бұл хатыңызда қазақ арасына орыс
алфавитін енгізу жөнінде пікір айтқан екенсіз. Бұл талассыз пайдалы пікір
ғой. Дегенмен оны жүзеге асыру, меніңше, үлкен қиыншылыққа кездеседі. Қазақ
балалары үшін ашылған орыс мектептерінде орыс алфавитін қолдану (бұл
мектептерге қазақтар балаларын орыс тілін үйренсін, орысша жаза білсін деп
беріп отырғандықтан) кейбіреулердің ойлағанындай, қазақ арасында әңгіме,
күдік туғызады деп ойлаймын. Бірақ мәселе мынада: орыс әрпімен жазылған
кітаптар қазақ арасына тез сіңе қоймайды. Бірінші жағынан, фанатизмнің
салдарынан, екінші жағынан, орыс жазуына көздері үйренбегендіктен, оның
таныс еместігінен, оның үстіне елімізде тарап отырған татар жазуының
әсерінен – міне, осылардың бәрін еске ала келгенде жалпы оқуға арналған
кітаптар мектептің есігінен шықпай, соның өзінде қала береді. Ондай
ықпалдан (татар ықпалынан) құтқару үшін мазмұны балалардың білімін
көтеретін, тақырыбы оларды қызықтыратын кітаптарды қазақтың өз тілінде,
олардың өздеріне таныс әріппен шығара білу керек. Сөйтсек ол кітаптарды
жұрт бірден қолға алып, бұл кітаптар татар кітаптарымен қатар зор күшке
айналар еді. Бұл арада әріптің арабша не орысша болуы – араб әрпінің
ептеген зияны болғанмен, ісімізге онша кесел келтірмейді - деп жазды [1].
Ыбырайдың осы хатын зерделей келе араб әліпбиімен шыққан татар
оқулықтары орыс әріптерінен гөрі неғұрлым ыңғайлы деп ұғып, оларды сол
әліпбимен басып шығаруды дұрыс деп ойлағанмен, ғалым оқулықтарын орыс
әліпбиімен жазуға мәжбүр болды. Бұл жерде үкіметтің саясатынан әрі асып, өз
ойлағанын іске асыра алмағандығын көруімізге болады.
Ол тұңғыш қазақ оқулықтарында танымдық, тәрбиелік мәні зор, көркемдігі
жоғары шығармалар жазып, қазақ жазба әдебиетінің алғашқы нұсқаларын
жасады, балалар әдебиетінің негізін қалады. Ұлы ағартушы-ғалымның Қырғыз
(қазақ) хрестоматиясы атты алғы сөзінде қазақ халқының сауатсыздығынан,
қазақ тілінде басылған бір де кітаптың жоқтығынан оқу орындарының
мұғалімдері қазақ балаларын оқытқанда амалсыздан қазақ тілінің орнына татар
тілін пайдаланғанын айтады. Сондықтан көзге көрінер ешқандай пайдасы
болмаса да, шәкірттерге амалсыздан татар тілінен ешқандай кемшілігі жоқ ана
тілін тастап, татар тілін үйренуге тура келгендігін айтып қынжылады.
Екінші жағынан татар тілінде араб, парсыдан енген сөздер көп болғандықтан
сауатсыз қазақтарға бұлар түсініксіздеу болатын. Бұл тілде басылып шыққан
кітаптардың бәрі дін туралы болғандықтан ғылыми мақсаттарды көздейтін орыс-
қазақ мектептерінде пайдалануға, орыс тіліне аударып, жаттықтыруға қолайсыз
болды. Ал осы айтылған мақсаттарға жету жолында, сол күнге дейін ешқандай
жетекші құрал болған жоқ еді. Жалпы бастауыш оқу құралдары, хрестоматия
сияқты кітаптар шын білім, пайдалы мәліметтер беретін ғылыми, күрделі оқу
құралдарына жол салып беретіндігін, ал мұндай жалпы білім беретін
оқулықтардың Азия халықтарының ешбірінде жоқтығы жақын жердегі орыс
тілінен іздеуге мәжбүр етті. Бұл шығарылған оқулық сол кездегі көздеген
мақсатына сәйкес болып, орыстың ғылыми және жалпы пайдалы кітаптарына
мағынасы жағынан да, әрпі жағынан да ұқсас болып орыс әрпімен бастырылды.
Бұл жерде айта кететін жай, қай уақытта болмасын үкіметтің саясатына
қарсы шығып, өз дегенімен әрекет ету қандай істе болмасын өте қиын болатын.
Сол кездегі патша үкіметінің саясаты қараңғы халыққа орыс әліпбиі арқылы
сауат ашқызып алып, кейіннен орыс әліпбиін үйреніп алған балаларға орыстың
тілін үйрету болатын. Істі осылайша бастау орыс тілін үйретуге оңайға
түсетінін олар жақсы білді. Патша үкіметі мұны тікелей ашып айтпағанмен
басқаша қырынан келтіріп, бірнеше қаулылар да қабылдады. Бірақ осы
қаулыларды өздерінің мақсатына қарай шешіп, халық арасындағы жаппай
сауатсыздықты жоюға асыға қоймады.
Сол кезде оқу мәселесімен айналысқан Ы.Алтынсарин үкіметтің сол
саясатын жүзеге асыруға мәжбүр бола отырып, қолынан келгенше қазақ халқын
қараңғылықтан алып шығуды қоса ойлаған алғашқы педагог болды. Алайда бұл
саясаттың қазақ үшін маңызы да болды. Ол Қазақстанда жаппай сауат ашуға жол
ашқан бірден-бір түрткі, басты себеп болды. Ы.Алтынсариннің ағартушылық
қызметін арттыра түсетін құнды жері де осы. Ы.Алтынсариннің зор еңбегі
арқасында қазақ даласында жер-жерлерде мектептер ашыла бастады. Алғаш
Торғай даласында қазақ балалары үшін мектеп ашылуын, алғашқы оқу кітабының
шығуын қазақ халқының рухани дамуына есік ашылып, жаппай сауат ашуға
жасалған бетбұрыс деп түсіну қажет. Осы тұрғыдан алғанда Ы.Алтынсариннің
ағартушы-педагог ретінде алатын орны ерекше екендігінде дау жоқ. Бұған
біржақты қарап, баға беруге болмайды.
Қазақты орыс әліпбиіне көшіруді Орынбордың, Түркістанның генерал
губернаторлары да қолдап, халық ағарту министріне тілек білдірді. Ағарту
министрі ішкі істер министрі арқылы патшаның алдына қояды. 1876 жылы патша
қол қояды. Іс осылай шешілгенімен қазақ арасында орыс әліпбиі ол күнде
өріс ала қойған жоқ еді. Оның бірнеше себептері бар:
1. Ол кезде қазақтар орыс патшасын қалай жек көрсе, оның тілін, жазуын
да жек көрді. Патша үкіметінің қысымына қарсы болды.
2. Патша өкіметі қазақтың әліппесі орысша алынсын дегенмен қазақта ана
тілінде мектеп болуын, газет-журналдардың көбеюін, қазақша кітаптардың
басылуына жол бермеді.
Сондықтан да орыс әліппесі сөз жүзінде болып.іс жүзінде болмады. Патша
үкіметінің бұл қылығын арабшылдар, панисламистер, пантуркистер ерекше
пайдаланып, қазақ даласына діни әдебиеттерді көп таратты. Бір жағынан
Қазан, Стамбул, Уфа араб жазуымен кітап таратса, бір жағынан Бұхара,
Ташкент, Самарқант таратты. Осылайша қазақ халқы екі жақтан араб ықпалынан
арыла алмады.

І.3 Сауат ашудың ғылыми негіздері
Кеңес мектебінде сауат ашуда үйретуде дыбыс жүйесіне негізделген
талдау, жинақтау (анализ-синтез) әдісі қолданылады.
Бұл әдіс балаларға тілдегі дыбыстарды және олардың әріптермен
таңбалануын үйретуге негізделгендіктен, дыбыс жүйесіне негізделген әдіс деп
аталады.
Кеңес мектебінде 1935 жылы қабылданған бұл әдіс дыбыс жүйелі талдау-
жинақтау әдісі болып табылады, өйткені бұл әдіспен оқытқанда, әрдайым
үздіксіз талдау және жинақтау тәсілдері қолданылады: талдау жолымен балалар
сөз ішімен буындар мен дыбыстарды талдап ажыратып алады, ал жинақтау
жолымен дыбыстарды қосып буын және сөз құрайды. Оқу-жазуға үйрету ісінде
жинақтау мен талдау бір-бірімен тығыз байланысты: сөзді талдағаннан кейін
іле-шала жинақтау жүргізіледі, ал жинақталған сөз қайтадан талданады.
Оқу-жазуға үйретудің дыбыс жүйесіне негізделген әдісі қазақ тілінің
фонетикасына (қазақ тілінің дыбыстары мен буындары туралы ғылымға
(графикаға) тілдегі дыбыстарды әріптермен таңбалау тәсілдеріне) және оқу-
жазуға үйрене бастаған балалардың оқуы мен жазуының психикасы мен
физиологиясына сүйенеді.
Тіліміздегі әртүрлі дыбыстар мен буындардың ерекшеліктерін білу,
ауызша және жазбаша тілдің арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды
түсіну, сондай-ақ оқу-жазуға үйрене бастаған баланың жазуы мен оқуын талдау
– осының барлығы оқу-жазуға үйрету сабақтарының ғылыми жүйесін құруға,
дыбыстар мен буындардың орналасу тәртібін анықтауға және сабақтың ең
қолайлы деген тәсілдерін таңдап алуға мүмкіндік береді.
Балаларды оқу-жазуға үйреткенде, оларға алдымен әріптерді үйретпей,
дыбыстарды үйрету керек, оның үстіне еш уақытта оқытушы дыбыс пен әріп
деген ұғымдарды шатастырмай, араластырмай оқушыға да өз орнында қолдануды
үйрету керек. Бұл әдістің тиімділігін кезінде ғалым-әдіскер А.Байтұрсынов
жоғары бағалап, мұғалімдердің осы әдісті толық меңгермей жатқандығын
айтқан.
Мұғалім тілдегі дыбыстар мен әріптер саны дәлме-дәл келмейтіндігін
білдірмеуі керек. Қазақ тілінде дауыссыздардың қ – к, ғ – г, дыбыстарынан
басқалары өз алдына жуан, жіңішке болып айрылмайды, - олар буын құрамындағы
дауысты дыбыстың түріне бағынады: буын құрамындағы дауысты дыбыс жуан
немесе жіңішке болса, дауыссыз дыбыстар да жуан немесе жіңішке болып
айтылады. Мысалы: ал - әл, сан-сән, тұр – түр, атын-өтін т.б. Бірақ жазуда
екі түрі де бар: Қазақтың байырғы сөздеріндегі я, ю, г, щ таңбалары қос-қос
дыбыстың белгілері: я – й +а, таяқ – тайақ, ю – й+у, қою – қойу, у – ұ+у
немесе у – ү+у, қызыл ту – туу; ту, өзің қалай сөйлесесің! – туу; щ – ш+ш,
ащы – ашшы, кеще – кешше т.б.
Қазақ тілінде сөз ішінде және сөз аралығындағы дыбыстардың барлығы
бірдей жазылуынша айтылмайды: үндестік заңына байланысты қатар келген екі
дыбыс бір-біріне әсер етіп өзгеріп айтылады, өзгеріп естіледі. (түңгі –
түнгі, Есеңкелді – Есенгелді, таш жол – тас жол, ағаю – ақ аю т.б.) Бірақ
жазғанда сөздер естілуінше емес, түбірі сақталып жазылады. Міне, осыны да
балаларға білдіру керек.
Тіліміздегі дыбыстар жасалу тәсіліне (жолына) қарай бірдей емес.
Оларды дауысты (а - ә, о - ө, ы – і, ұ – ү, и е (э); дауыссыз үнді (р, л,
м, н, ң, у, й); дауыссыз ызың (ф, ш, с, х, в, ж, з,щ); дауыссыз шұғыл (п,
к, қ, т, б, г, ғ, д); африкат (қосар дауыссыздар) ц, ч дыбыстары деп бөлуге
болады.
Оқу-жазуға үйретуде дыбыстардың созылыңқы және шұғыл айтылу қасиетін
білудің өте-мөте маңызы бар. Осы тұрғыдан қарағанда дыбыстардың арасында
мынадай айырмашылықтарды байқауға болады: дауыстыларды, үнді р, л, м, н, ң
дыбыстардың және ызың дауыссыздарды созып айтуға болады, ал шұғыл
дауыссыздар мүлдем созып айтуға келмейді; ц, ч сияқты қосар дауыссыздарды
созып айтса, олар жалаң дыбысқа айналады (ц-ны созып айтса, ақыры с болып
естіледі, ч-ны созып айтса, ақыры жіңішке ш болып естіледі)
Оқу-жазуға үйретудің алғашқы кезінде анық естілетін, созып айтуға
келетін және дыбысталуымен таңбалануы бір-біріне сай келетін дыбыстары бар
сөздерді алу керек. Ал белгілі бір дыбысты сөз ішінен бөліп алып
үйреткенде, сол дыбыс үндестік заңына қарай өзгеріп айтылатын сөз болса,
ондай сөзді алмау керек (мысалы, жұмысшы – айтылуы – жұмышшы; бұрынғы –
айтылуы – бұрыңғы).
Іштен шығатын ауаның екпінімен бөлініп-бөлініп шығатын бір не бірнеше
дыбыс буын құрайды. Сөйлеген кезде алдыңғы буынның алдыңғы кезі келесі
буынның бас кезімен қосылып кетеді.
Балалар оқу-жазуға үйренгенде, өздері көріп тұрған не жазған әріптерге
қарай саналы түрде буын құрайтын болады. Олар талдау арқылы сөздің қандай
буындардан, дыбыстардан тұратындығын ажыратса іле шала жүргізілген жинақтау
арқылы дыбыстардан буын құрап, буындардан сөз құрап үйренеді.
Оқу-жазуға үйреткендегі дыбыстар мен буындардың орналасу тәртібі
дыбыстардың сөз буын ішінен айырып алуға қаншалықты ауыр жеңілдігіне
байланысты: дара айтуға және басқа дыбыстармен қосып айтуға ең қолайлы
оңай келетін дыбыстар дауыстылар болады, содан кейін сонорлар, ызың
дауыссыздар, ең қиындары шұғыл және қосар дауыссыздар сонор й, у дыбыстары.
Оқу-жазуға үйреткенде ең әуелі дауыссыздар мен ызың дауыссыздарды
оқытудың қолайлылығы мынадан: алғашқы кезде балалар оқығанда бірден екі
әріпті біріктіріп оқи да алмайды, сол әріптердің дыбыстарын да қосып айта
алмайды; оқушылар алғашқы кезеңде бір ғана әріпті қабылдайды, үйрене келе
жалғас тұрған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сауат ашу кезеңі - бала тілінің дамуы процесіндегі ең жауапты да күрделі кезең
Сауат ашу кезеңінде бірінші сынып оқушыларының сөйлеуін дамытудың теориялық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдыларын қалыптастыру
Тіл дамыту және оқыту әдістемесі
Қазақ тілі сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамыту әдістемесі
Сауат ашу теориясы
«Қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру»
Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдыларын қалыптастыру жолдары
Қазақ тілі сабағындағы тіл дамыту жұмыстары
Қазақ мектептерінің бірінші сыныбында Әліппені оқыту үрдісі
Пәндер