Бастауыш мектепте ағылшын тілін оқытудың жоспарлы нәтижесіне қол жеткізу


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Бастауыш мектеп оқушыларына ағылшын тілін оқыту
  2. Ағылшын тілін үйренудегі ойын әдістемелерін пайдалану ерекшеліктері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Бастауыш мектеп оқушыларына ағылшын тілін оқыту

Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес елдегі беделді тілдің бірі - халықаралық қатынастағы ағылшын тілі болып саналады. Ағылшын тілі - XXI ғасырдың тілі. Ағылшын тілі халықаралық қатынаста қолданылатын ортақ тіл, бүгінгі таңда алыс-жақын шетелге шығушылар, шетелде оқушылар, білім жетілдірушілер, қызметкерлер үшін тіл үлкен маңызға ие болып отыр. Қазіргі кезде мектеп оқушылары ағылшын тілінде еркін сөйлеуді мақсат етеді, олар өзінің болашақ оқуы мен қызметіне кажет екенін түсінеді. Ағылшын тілі дүние жүзіне кең тараған тіл. Ол Канада, Ұлыбритания, АҚШ, Австралия, Жаңа Зеландия елдерінің мемлекеттік тілі болып табылады. Канада, Ирландияда мемлекеттеріндегі қос тілдің бірі. Алты құрлыққа кең тараған бұл тілде қазір 400 млн-нан астам адам сөйлейді. Қазақстанда да XX-ғ-дың 50-жылдарынан бастап жоғары және орта оқу орындарында ағылшын тілі оқытылып, мамандар дайындалуды. Ағылшын тілі Британдық және Американдық болып екі түрге бөлінеді. Британдық ағылшын тілі өз ішінде шотландиялық, солтүстік, батыс, шығыс, оңтүстік диалектілерге жіктеледі Ағылшын тілі біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғааралық және мәдениаралық қарым-қатынастардың аса маңызды құралы болып табылады. Мемлекеттің халықаралық байланыстарының сапалық өзгерістері адамның практикалық және зияткерлік іс-әрекетінде ағылшын тілі сұранысқа ие болу қажеттілігін туғызып отыр.

ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлынғыр болмайды дегендей, жас ұрпаққа саналы, мән- мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің талабы.

Еліміздің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы артып отырған шақта ағылшын тілін еркін меңгерген, келешекте білімін түрлі саладағы қарым-қатынас жағдайында пайдалана алатын адамды мектеп қабырғасынан оқытып шығару - біздің казіргі кездегі міндетіміз. Ағылшын тілін тереңдетіп, жан-жақты оқытуды қоғам, уақыт қажет етіп отыр. Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің даму жолына түсуі, ағылшын тілін жетік меңгертуді талап етеді. Мектебімізде биылғы жылдан бастап 1 сыныптан ағылшын тілі оқытыла бастады. Ағылшын тілін ерте жастан оқытудың мақсаты - оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады.

Ағылшын тілін үйренудегі ойын әдістемелерін пайдалану ерекшеліктері

Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың білім -біліктілік, танымдық, коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда ойын элементтерін қолданудың маңызы зор. Ойын - ақыл-ой мен сезім күшін талап ететін ерекше ұйымдастырылатын сабақтар. Ойын әрқашан шешім қабылдауды ұсынады - қалай істеу, не айту, қалай ұту қажет? Осы мәселелерді шешу тілегі ойнаушылардың ойлау әрекетін арттырады. Ал егер оқушы сонымен қатар шетел тілінде сөйлесе, ол оқытудың бай мүмкіндігін ашады. Балалар ол туралы ойланбайды. Ойын олар үшін ең бастысы - еліктіргіш сабақ. Сонысымен ол оқытушыларды, соның ішінде шет тілдер оқытушыларын қызықтырады. Ойын кезінде барлығы тең. Ол тіпті нашар оқушылардың да қолынан келеді. Тіпті тіл даярлығынан нашар оқушы ойында бастаушы болуы да мүмкін: кей кезде бұл жердегі тапқыштық пен түсінгіштік пәнді білуден де маңызды болады. Теңдік сезімі, қуаныш атмосферасы, тапсырманың қолынан келетіндігін сезіну - сөзінде басқа тіл сөздерін еркін қолдануға бөгет жасайтын балалардың ұялшақтық сезімін жеңуге мүмкіндік береді және оқыту нәтижесіне жағымды әсерін тигізеді. Байқаусыз тіл материалы меңгеріледі - «мен басқаларымен бірдей сөйлесе алады екенмін» деген ой оқушы жадына келеді.

Сонымен бірге ойынды оған тән белгілермен - сөйлеу ықпалының мақсаттылығымен, күтпегендігімен, әсерлілігімен шынайы сөйлеу арқылы араласуға барынша жақындатылған сөйлеу үлгісінің көп қайталанатын пысықтауы үшін мүмкіндік туатын жағдайдағы түрлі-жағдайлы жаттығу ретінде қаралады.

Ойындар маңызды әдістемелік тапсырмалардың орындалуына мүмкіндік туғызады:
1. Балалардың сөйлеу арқылы араласуына психологиялық дайындығын жасауға;
2. Олардың тіл материалын көп қайталауына табиғи қажеттілікті қамтамасыз етуге;
3. Сөйлеудің жалпы алғанда күтпеген жағдайға дайындығы болып табылатын оқушылардың қажетті сөйлеу үлгісін таңдап алуға жаттықтыруға.
Міндеттері:
1. Ойын әдістемелерін ағылшын тілі сабағында жасөспірімдердің танымдық белсенділігіне ынталандыру құралдары ретінде пайдалану проблемалары жөніндегі әдебиетті зерделеуге.
2. Ойын әдістемелерін топтастыруға әртүрлі көзқарастарды талдауға.
3. Жас өспірімдердің ағылшын тілін үйренудегі ойын әдістемелерін пайдалану ерекшеліктерін атап көрсетуге. Сабақ үрдісінде оқушыларға ойынның мақсаты мен талаптары, ережесі толық түсінікті болуы өте маңызды рөл атқарады. Ойын әдісі арқылы оқыту олардың, пәнге деген қызығуын арттырамыз, өз ойын, пікірін, көзқарасын білдіруге, екінші бір адамның жауабын тыңдап, оны толықтыруға, жетістіктері мен кемшіліктерін айта білуге жаттығады. Жақсы құрастырылған және де үздік әдіспен ұйымдастырылған ойын практикалық, тәрбиелік және дамытушылық жағынан оқыту тәсілі болып табылады. Ойынға қойылатын әдістемелік талаптар:
1. Ойынның мақсаты нақты болуы керек.
2. Ойын тәртібі әбден түсіндірілуі керек
3. Көрнекіліктер мен материалдар алдын ала таныс болуы керек
4. Оқушылар түгел қамтылуы тиіс. Дұрыс шешім қабылдауға дайын болу керек.
Оқытушы ойынның жүру барысында оқушылардың түгел қатысуын қадағалаумен қатар оларды ойын үстінде дұрыс шешім қабылдай білуге жетелеуі маңызды болып табылады. Жеке тұлғаны қалыптастыру үстінде оқушы қабілетін зерттеудің тиімділігін де пайдаланған абзал. Біздің мақсатымыз -ақыл -ойын, сезімін, білімін, құзыреттілігін еркін үйлесімділікте ұстай білетін, өнегелі мінез қалыптастырып, адамгершілік қағидаларды меңгерген тұлға тәрбиелеу. Бұл ретте білім мен тәрбиені ұштастыра отырып оқушылардың бойында өзіне сын тұрғысында қарау түсінігін қалыптастыруға күш салуымыз қажет. Ол үшін әңгіме, пікірталас, және басқа әдіс -тәсілдерді, сондай -ақ ролдік, іскерлік ойындарды енгізіп отырған жөн.
Ағылшын тілін үйрету барысында музыканың ықпалы зор. Ән тілідік қарым-қатынас құралы ретінде жаңа сөздер мен сөз тіркестері құралып оқушының сөздік қорының көбеюіне ықпал етеді. Ән, өлең тыңдау кезінде таныс лексика оқушы есінде тез жатталады. Шет тілінде ән айтып үйрену барысында оқушы дыбыстарды дұрыс атап үйренеді, сөйлемге дұрыс екпін қояды. Әнмен жұмыс барысында оқушының көңіл күйі көтеріліп, тілге деген қызығушылығы арта түседі. Сабақ барысындағы әндер мұқият жас ерекшелігі ескеріліп таңдап алынуы керек. Сонымен қатар электронды оқулықтардың пайдасы өте зор. Сабақта электронды оқулықтарды пайдалану арқылы оқушының шығармашылық қабілетін арттыруға, ізденісін ұлғайтуға, танымдық көзқарасын қалыптастыруға, өзіндік жұмыстарды тез орындауға машықтануына негіз қаланады.

Қазіргі заманғы жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейінде пәнаралық байланыстарды тереңдетуге мүмкіндік туады. Бұл оқушының ақпаратты, қоғам жағдайында ойлау қабілетін арттыра түседі. Осындай бағыттағы білім оқушыларды Отанға деген сүйіспеншілікке, достық пен ынтымаққа баулиды.
Оқушылдарының оқу-танымдық құзыреттіліктерін қалыптастыра отырып, танымдық іс-әрекет белсенділіктерін арттыру үшін, көрнекі құралдар, техникалық құралдарды жиі пайдалану қажет.
Мұнда оқушыда кез-келген ақпаратты алғаннан кейін немесе мәтінді алғаннан кейін сол мәліметке қатысты өзіндік көзқарас туындайды. Яғни, адамның ішкі жан дүниесінде сезімдік, эмоционалдық із қалдырады, сол себепті мұғалім берілетін ақпараттарға жағымды қатынас туындатып, білімнің негізін қалайды.

Бастауыш сынып барлық білімнің қалануының негізі. Бастауыш сынып оқушыларына нені үйретсең соны санасына сіңіретін нағыз қабылдау жасында болғандықтан, мейлі қандай тіл болмасын өте тез игеріп алуға болады. 3 тұғырлы тілді алға ұстаған қазіргі кезде біздің мектебімізде ағылшын тілі бірінші және үшінші сыныптан бастап өтуді негіз етіп отыр. Балдырғандарымыз тіл жағындағы қадамын нық басса, алдағы болашақта нұрлы жолға қадам тастауына негіз қаланар еді. Бастауыш сынып оқушыларының тілі толық дамып жетілмегендіктен әрине, ағылшын тілі басында қиынырақ сезлігенімен, соңына келе біртіндеп қалыптасып, жаттық әрі әдемі ағылшын тілін сөйлеуіне болады. Бастауыш сынып оқушлары ауыр сабақ жүгін алып жүре алмайтындықтан біз балаларды ағылшын тілінен жалқпауы үшін көбінесе жаңаша үйретіу тәсілдерімен тәрбиелеуіміз қажет. Елдің болашағы келешек ұрпақтың қолында, яғни олар мұратты, мөралды, тәртіпті болумен қатар мықты білім иесі болуы тиіс.

Қорытынды

Бастауыш мектепте ағылшын тілін оқытудың жоспарлы нәтижесіне қол жеткізу үшін оқу үдерісін жоспарлау кезінде де, оқу материалын азайту кезінде де іске асырылатын келесі әдістемелік принциптерді жетекшілікке алу қажет: оқытудың коммуникативтік принципі, материалдың оқиғалық-тақырыптық ұсынылуы принципі, функционалдық принцип, кешендік принципі, саралаушылық принципі, концентризм принципі.
Коммуникативтік принципі арнайы мақсат етілген тілдік құралдар - белсенді лексика және белсенді грамматикалық материал арқылы коммуникативтік міндеттерді шешуге бағытталған, күнделікті жағдайдағы рөлдік ойындарды пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

Бастауыш мектеп оқушыларына ағылшын тілін оқытуда функционалдық принципке ерекше назар аудару қажет. Тілдік жүйе ағылшын тілінің әртүрлі деңгейлік құралдары - лексикалық және синтаксистік (фонетикалық, сөзжасаушы, морфологиялық шеңберде де) құралдары микрожүйесінің нақты тақырыбына қызмет ететін жүйе ретінде көрініс табады.
Кешендік принципі ағылшын тілі бойынша тілдік емес (экстралингвистикалық) және тілдік (лингвистикалық) оқу материалының өзара байланысқан ұсынылымында, сонымен бірге сөйлеу қызметінің түрлерін өзара байланысқан аспектіде оқытуда: 1-сыныпта - аудиолау және сөйлету (ауызша алға озу принципі бойынша; ағылшын әліпбиімен танысу 2-жартыжылдықтан басталады), аудиолау, сөйлету, оқу және жазу - 2-4-сыныптан бастап жүзеге асырылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орта мектепте оқыту процесінде көптілділікті дамыту мәселелері
Бастауыш білім деңгейіне арналған шет тілін оқыту
Мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру
Оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыру
Оқушылардың коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыру теориясы
Ағылшын тілін оқытудың бастапқы сатысында оқушыларды ауызша сөйлеуге үйретудің жолдары
Шет тілін оқыту теориялық негіздері
Сөйлеуді оқытудың инновациялық технологиялары
ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БІЛІКТІЛІГІН ДАМЫТУ
Ағылшын тілін қарқынды оқытудың принциптері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz