Стерилизация


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Стерилизация

Стерилизация (лат. stcrilis- ұрықсыз) - өндеуге жататын нысандардағы микробтарды толық жою.

Стерилизацияның негізгі 3 тәсілі бар: жылулық, сәулелік, химиялық.

Жылулық стерилизация микробтардың жоғары температураға сезімталдығына негізделген. 60° С -та және су бар жерде ақуыз денатурациясы, нуклейн қышқылдарынын, липидтердің деградациясы болып, нәтижесінде микробтардың вегетативті түрлері жойылады. Құрамында аз мөлшерде суы бар және онымен тығыз байланысқан тығыз қабығы бар споралар 160-170° С-де жойылады. Жылулық стерилизацияда негізінен құрғақ ыстық пен қысымды бу қолданылады.

Өндеу келесі манипуляциялардан тұрады:

1. Жарақатпен, қанмсн және инфекциялық бөлінділермен жанаспаған медициналық заттарды дезинфекциялап, екі рет шашып алады.

2. Жоғарыда аталған заттармен жанасқанда стерильдеуден бұрын алдын - ала жақсылап ендеуден өткізеді.

Сынама қойған кезде бақыланып отырған затқа екі реактивтен де тамызады. Қан немесе жуу заттарының қалдықтары бар болған жағдайда ондай заттарды қайта өндеу керек болады. Стерильдеудің алындағы тазарту сапасын бақылауга тәулігіне өнделген заттардың әр түрінің 1%-зы алынады.

Құрғақ ыстықпен стерилизациялау- ауалы стерилизаторда (бұрынғы аты - құрғақ ыстық шкафтар немесе Пастер пеші деп аталады) жүргізіледі.

Ауалы стерилизатор - термометрі бар, электр желісімен қыздырылатын, тығыз жабылатын металды шкаф. Материалдьщ залалсыздандырылуы ереже бойынша 160° С - та 120 минут жүргізіледі, басқа да тәртіп (200° С - та 30 минут. 180° С - та 40 мин. ) қолданылуы мүмкін.

Құрғақ ыстықпен зертханалық ыдыстарды және т. б. шыныдан жасалған заттар, құралдар, силиконды резина, яғни жоғары температурада өзінің сапасын жоғалтпайтын нысандарды стерилдейді.

3. Ірінді опперация немесе жұкпалы аурулар кезінде қолданылатын заттарды алдымен дезинфекциялап, тазалап, стерильдеуге жібереді.

4. Шыныдан, металдан, термотөзімді полимерлерден, резинкадан жасалған заттарды стерилизаторда 30 мин. кайнатады, содан сон стерильдейді.

5. Шыныдан, металдан жасалған және стоматологиялық аспаптарды 120- 130°С-та 15 мин өңдейді. Стерильдеу алдында дезинфекциялау үшін төмендегі химиялық ерітінділердін біреуіне салып залалсыздандыруға болады:

  • 0, 5% хлорамин ерітіндісі - 30 мин.
  • 3% сутектің асқын тотыгы + 0, 5% жуу заты - 30 мин.
  • 0, 1% дезоксон ерітіндісі - 20 мин.

Медицинада қолданылатын заттарды стерильдеудің алдындағы тазарту

Осы мақсатта стерильдейтін заттарды ақуыздан, май қалдықтарынан, тағы басқа ластардан қолмен немесе механикалық әдістермен тазартады.

Қолмен тазартқанда келесі ретпен жасалынады:

Қанмен ластанған аспаптарды 0, 14%натрий олеатының (таттану ингибиторы) ерітіндісіне 22 °С, 60 минутқа салу керек.

Су ағымымен 0, 5 мин. жаксылап шайады.

"Биолот" жуғыш затына - 15 минутқа, (50 °С) батырады.

0, 5 минут сумен жуады.

Ағымды және дистилденген сумен 3 мин шайады.

Ыстық ауалы стерилизаторда 80 °С - 85 °С та кептіреді.

Стерильдеудің алдындағы тазарту сапасын бақылау. Медициналық аспаптарды, шприцтерді, инелерді, және басқа заттарды стерильдеудің алдындағы тазарту сапасын бақылау сынамалар қою арқылы жасалады. Қан қалдықтарын анықтау ушін амидопириндік және азопириндік сынама қойылады. Жұғыш заттардың қалдықтарын фенолфталеиндік сынамамен, майдың кетпегенін судан 3 - пен сынама қойып анықтайды.

Амидопириндік сынама - 5% амидопириннін спирттік ерітіндісін + 30% сірке қышқылын + З/о сутектің асқын тотығын бірдей мөлшерде араластырады. Нәтижесі он болғанда - көгілдір -күлгін тұс береді

Азопириндік сынама

Бақылау:

Термиялық - камераның ішіне термометр салып бақылау

Химиялык тест аркылы, аталған байланыстардың біреуін пайдаланып жасалады: гидрохинон, шарап қышқылы, тиамочевина, левомицетин. Стерилизациялану тиімділігі орындалганда тест түсін өзгертеді.

Бактериологиялық- биотесттер ретінде 160 °С температурада 1-1, 5 сағат ұстағанда ѳлмейтін шѳп немесе картоп таяқшаларының спораларымен жұқтырылған, пробиркалар қолданылады.

Стерильдеуші заттардың көпшілігі мұндай ендеуге шыдамсыз, сондықтан оларды булы стерилизаторда залалсыздандырады.

Булы стерилизаторларда қысымды бумен өңдеу (бұрынғы аты- автоклав) - стерилдеудін эмбебап тәсілі.

Булы стерилизатор - қабырғасы мықты, герметикалық жабылатын, су буы және стерилдеуші камерадан тұратын металды цилиндр. Аппарат манометр, термометр және басқа да бақылау- өлшеу құралдарымен жабдықталған. Автоклавта жоғары қысым қайнау температурасын арттырады (1 - кесте) .

Микробтарга жоғарғы температурамен бірге бу әсер ететіндіктен, споралар 120°С-та жойылады. Булы стерилизатордың кең таралған жұмыс тәртібі: 2 атм -121° С (15-20минут) . Атмосфералық қысым мен температура жоғарылаган сайын (136° С 5мин. ) стерилдеу уақыты азаяды. Микробтар бірнеше секундта жойылғанымен, материалды өңдеу уақыты ұзағырак, себебі, жоғары температура стерилденетін материалдың ішіне енуі керек,

Автоклавта таңу материалдарын, халат, коррозияға -төзімді металды құралдар, қоректік орталар, ерітінділер, инфекциялык материалдарды және т. б. стерилдейді.

Автоклавтың жұмысын бақылау.

Химиялық бақылау.

а) Автоклавтағы будың температурасына (120 - 121°С) жақын балку нүктесі бар құрамында фуксині бар бензой қышқылын 30 - 40 мм -лік ұзындықтағы шыны түтүкшеге салып, екінші үшын балқытып дәнекерлеп тастайды (балқу нүктесі 121 - 122°С) .

б) кұкұрт немесе пирокатехинді пробиркаға салып, бикске салады, күкұрттің балқу температурасы - 112, °С, пирокатехиндікі - 102°С.

в) Д+ маннозаны үзындыгы 115 мм болатын шыны түтүкшеге себеді, екінші ұшын дэнекерлейді. Балқу температурасы - 132°С.

Бактериологиялық бақылау - топырақтағы споралы сапрофитті микробтар 120°С температурамен 3 - 5 мин әсер еткенде өлмейді. Топырақтан сынама алып 3 пакетке салады, біреуін бикстің ішіне, ал калған екеуінің бірін стерильденетін заттардың үстіңгі жағына, ал екншісін астыңгы жағына қояды. Стерильдеп болғаннан кейін топырақ сынамаларын бактериологилық зертханаға жібереді. Егерде үш сынаманың біреуінен тірі микроб себілсе қайтадан бақылау жүргізеді. Екінші рет стерильдеудің нәтижесінде бір сынамада микроб ѳссе, автоклавты пайдалануга тиым салынады.

Булы стерилизаторлардың жұмысына бақылау орталықтандырылған стерилизациялык бөлімдерде кварталына 1 реттен кем емес жасалады. Емханаларды, клиникалық зертханаларды (иммунологиялык, серологиялық, биологиялық және т. б. ) жылына екі реттен кем емес қадағалап отырады. Инфекциялық, хирургиялық диспансерлерде, перзентханаларда, балалар бөлімдерінде, стоматологиялық мекемелерде және кан құю орталықтарында, жедел жәрдем станцияларында бақылау жүргізу кварталына 1 реттен кем емес, басқа да ЕПМ - де жылына 1 реттен кем болмауы керек.

Сонымен бірге булық стерилизаторлар қойылған мекемеде жұмыс жасайтын қызметкерлер стерильдік камераның бақылауын химиялық индикаторлардың біреуін салып кристалдык заттың балқуы бойынша бақылайды. Олар белгілі температурадан асып кеткен жағдайда балқиды.

Булы стерилизаторда стерилдеу тиімділігі заттарды орау, дұрыс орналастыруға (будың еркін ѳтуіне)
байланысты.

Жоғарғы температурамен стерилдеудің бір түрі, белшекеп стерильдеу - 100° С-тан у. тары температурага шыдамайтын материалды өңдеуге, мысалы, желатин, кемірсу қосылған қоректік орталарды стерилдеу үшін қолданылады. Су моншасында оларды 80° С-та 30-60 минут бойына қыздырады, нәтижесінде бактериялардьщ вегетативті түрлері жойылады. Бұл процедураны 3 күн қатарынан қайталап, арасында коректік орталарда споралардың бар-жоғын байқау үшін термостатта ұстайды.

Қазіргі уақытта сүтті арнайы стерильдеудің тағы бір тәсілі- ультра жоғарғы температурамен оңдеу (УЖТ) :130-150° С-та сүтті бірнеше секунд өңдейді.

Жылулық стерилизация- тиімді, экологиялық кауіпсіз, арзан және жақсы бақыланатын тәсіл. Бірақ та заттар жоғары температурада бұзылатын болса, оны қолдану мүмкін емес. Мұндай жағдайда басқа тәсіл қолданылады.

Стерилъдеудің химиялық тәсілі- токсикалық газдарды, этилен оксидін, ОБ қоспасын (этилен тотығы мен бромды метилдің қоспасы 1:2, 5 көлемдік қатынасында) және формальдегидті қолдану арқылы: жүргізіледі. Бұл заттар алкилдеуші агент ретінде микроорганизмдердің ДНҚ, РНҚ-ын, ақуыздарын, ферменттерінің активті топтарының белсенділігін жояды.

Газдармен стерилдеу арнайы камерада 18-80° С температурада бумен жүргізіледі. Ауруханаларда формальдегид, тұрмыстық жағдайда-этилен тотығы және ОБ қоспасы қолданылады.

Химиялық стерилдеудің алдында, барлык енделінетін заттар кептірілуі керек. Бұл стерилдеу түрі қызметшіге, қоршаган ортага және науқасқа кауіпті (көптеген стерилдеуші агенттер сол заттарда қалады) . Кейбір обьектілер қыздырғанда бұзылады, мысалы, оптикалық қүрал, радио- және электронды аппаратура, термиялык тезімсіз полимерлер, ақуызды заттар т. б., олар ұшін химиялық стерилдеу қолданылады. Мысалы, өте дэл аппаратурамен жабдыкталған ғарыштык кеме, жер серіктерін газды қоспалармен залалсыздандырады.

Соңғы кезде медициналық пратикада оптикалық қондырғылармен жабдықталған термолабилді материалдардан жасалған құралдар кеңінен қолданылатындықтан, мысалы эндоскоптар, оларды химиялық ерітінділер көмегімен залалсыздандырады. Тазалап және дезинфекцияланған приборлар белгілі уақытқа (45-60 мин) стерильдеуші ерінтіндіге салынып, кейін стерилді сумен жуылады. Одан соң стерильді сұрткішпен құрғатып, стерильді ыдысқа салады. Барлық манипуляция асептикалық жағдайда, стерильді қолғаппен жүргізіледі. Бұл заттарды 3 тәуліктен аса сақтамайды.

Сәулемен стерилдеу - гамма сәулелермен немесе жеделдетілген электрондар көмегімен жүргізіледі. Гамма - сәуле көзі - арнайы гамма - қондырғылардан алынатын радоактивті изотоптар болып табылады, мысалы етСо, mCs. Электронды сәулелнудіалу үшін электронды жылдамдатқышты қолданады (жоғарғы энергия деңгейі 5-10 MeV. )

Гамма - сәуле мен жылдамдатқын: лектрондардың әсерінен микробтар жойылуы, ондағы нуклеин қышқылының зақымдануымен байланысты. Көпжасушалы организмдерге қарағанда, микробтар сәулеленуге тѳзімділеу болады.

Сәулемен стерилдеу өндіріс жагдайында газбен стерилдеудің альтернативі түрі, және де стерильденетін зат жоғары температурага төзімсіз болғанда қолданылады. Сәулемен бір мезгілде заттарды кеп мѳлшерде ѳндеуге (мысалы, бір реттік шприцтер, қан құю жүйелері) болады.

Стерилдеудің тагы бір әдісі -сүзгіден өткізу (фильтрлеу) . Әр түлі сүзгілер (керамикалық, асбестті, шынылық), әсіресе нитроцеллюлозаның коллоидты ерітінділерінен дайындалган мембранды ультрасүзгілердің көмегімен сұйықтықтағы (қан сарысуы, дәрілер) бактерия, саңырауқұлақ, қарапайымдардан (тіптен вирустардан) арылуға болады. Сүзу процесін жеделдету үшін, сүзілінетін сұйықтығы бар ыдыста қысымды жоғарылатады.

Қазіргі кезде жаңа технологияға негізделген, озон, плазма қолданып стерильдеудің жаңа тәсілдері кең пайдаланылады.

Күнделікті практикада стерилденген обьектіге микробиологиялық бақылау жүргізілмейді. Ол жанама бақылау- стерилизатор жұмысын бақылау арқылы бірнеше тәсілмен атқарылады. Біріншіден микробтарды жоюға арналған стерилдеу тәртібін құжаттауды қызметкер қатал түрде бақылау керек. Екіншіден, тиісті температураның ұсталуы, стерилденуші обьектінің тереңіне және беткейіне салынған химиялық индикаторлардың (индикаторлық кағаз немесе ұнтақ, дәнекерленген ампуладағы бензой қышқылы, мочевина сұйықтықтары) бояуын өзгертуі бойынша бақылайды. Үшіншіден, аппаратураны тиісті қызмет көрсету мекемесі уақытылы техникалық бақылау жүргізуі керек. Төртіншіден, жылына 3 рет биологиялық бақылау, яғни стерильдеуші аспапқа термотөзімді бацилладан (Вас. stearothermophilus) дайындалған биосынама жасау аркылы тексереді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Емдеу мекемесіндегі тазарту түрлері, тазарту жиһаздарын өңдеу. Стерилизация туралы түсінік
Медициналық құралдар мен материалдарды стерилизациялау түрлері мен тәсілдері
Стоматологиялық құралдарды зарарсыздандыру алды өңдеу
Стоматологиялық аспаптарды дезинфекциялау мен залалсыздандырудың заманауи тәсілдері
Биопрепараттар
Анализдейтін ерітіндіні дайындау
Медициналық құралдарды зарарсыздандыру тәсілдері
Стерилизациялаудың түрлері
Стерилизация түрлері
Жалпы байлам материалдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz