Баланың дене тәрбиесі


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Өмірдегі ең күрделі де қиын әрі өте жауапты жұмыс - бала тәрбиесі. Оның ішінде бала бойында жақсы мінез-құлық, ақыл-парасат, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру басты міндет болғанымен, дені сау, тәні шыныққан шымыр болуы үшін жүргізілетін тәрбие сәби өмірге келісімен-ақ бастау алуға тиісті ізгі істер. Олар: сәбиді шомылдыру, сылап-сипау, дене жаттығуларын жасау, ыстық, суыққа шыңдау. Өйткені, балалар - Аллаһ тағаланың ата-аналарға берген аманаты, ал сәбилердің кіршіксіз тәні, пәк жүрегі, нәзік жаны адами асыл құндылықтардың дәнін сіңіріп, табиғат аясында аялап, гүлдентіп көркейтетін мәуелі бақтың құнарлы жері іспеттес. Сол себепті, ақ ниетті ата-аналар қашанда жаратушы Иемізден: «О, Раббымыз! Сахабалар сияқты жәннат бағының гүліндей жайқалып өсетіндей тамаша ұрпақ тәрбиелеуді баршамызға нәсіп еткейсің!», - деп тілейді, барлық білім, тәжірибесін дені сау, саналы ұрпақ тәрбиелеу жолына жұмсайды. Алайда қалада тұратын, өмір көрген ата-анасы жоқ жас отау иелерінің көбісі баланың дене тәрбиесін қалай жасауға болады, оның қарапайым қағида, шарттарын да білмейді.

Емшектегі баланың табиғаты

Бір жасқа дейінгі сәбиді - емшектегі бала дейді. Бұл кезде оның денсаулығына, ақыл-ойына, ағзасының өсуіне негіз қаланады. Нәрестенің алғашқы бір жылы мынандай кезеңдерге бөлінеді: 1. Дүниеге келу кезеңі. Ол алғашқы төрт апта. 2. Емшектегі кезең. Ол бір жасқа дейінгі мезгіл.

Салмағы. Мерзімінде туған баланың дене салмағының артып, өсуі мынандай: ер баланың (39-40 аптадан кейін туған) салмағы 3500 ± 450 грамм. Қыз баланың салмағы 3300 ± 460 грамм. Алғашқы айда сәбидің салмағы 700-800 грамға дейін өседі. Кейін дененің салмақ қосуы баяулайды, бірінші жарты жылдықтың әр айында 600 грамнан, екінші жарты жылдықтың әр айында 500 грамнан ғана салмақ қосады. Сөйтіп, жас баланың салмағы 5-6 айлығында 2 есе, бір жасқа толарында 3 есе өседі, 10-11 келіге жетеді. Ірі болып туған балалардан гөрі жеңіл салмақта туған балалар айына салмақты көбірек қосады, - дейді бала дәрігерлері.

Бойы. Мерзімінде туған баланың бойы 47-56 сантиметр аралығында, кейде 50-51 сантиметрдей. Емшектегі баланың бойы бір жасқа толарында орта есеппен 25 сантиметр өседі де, айына 3 сантиметрден қосып отырады. Сосын бала бойының өсу деңгейі төмендейді: 4 айлығынан 6 айлығына дейін айына 2-2, 5 сантиметр, 7 айлығынан 9 айлығы аралығында айына 2 сантиметр және 10 айлығынан 12 айлығы аралығында айына 1, 5 сантиметр өседі.

Терісі. Жаңа туған нәрестенің терісі үлбіреген жұмсақ, тез жарақаттанғыш. Дұрыс күтім жасалмаса, қатпарлары базданып, іріңдейді. Сүйек жасушаларында тұз аз, сол себепті ол шеміршек сияқты майысқақ, оның күтімі дұрыс болмаса, қисайып өседі. Жастыққа отырғызғанда, аяғынан ерте тұрғызғанда, емізгенде сол есте болсын.

Бас сүйегі. Нәрестенің бас сүйегі жетілмей туады. Оның қосылған жігі жұмсақ, былқылдақ. Мұны еңбегі дейді. Бала еңбегі сәбиге 9-14 ай толғанда барып қатаяды. Емшектегі баланың басы үлкен: жаңа туғанында басының шеңбері 34-36 сантиметр, бір жастағы баланың басы 45-46 сантиметр, қолы мен аяғының ұзындығы бірдей, бойынан аяғы біршама қысқа.

Дене қызуы. Ересек адамдардың дене қызуына (температурасына) қарағанда емшектегі сәбидің дене қызуы 0, 3-0, 4ºС жоғары. Сәби денесі сыртқы температураның өзгерісін тез сезгіш, оның әсерімен сәби денесінің қызуы да өзгеріп отырады.

Тыныс алу мүшелері. Жаңа туған нәрестенің өкпесі мен тыныс алу бұлшық еттері де онша жетілмеген. Олар ауаны (кислородты) ересектерден екі есе артық қажетсінеді. Өйткені, олардың тыныс алуы жиі, біркелкі болмайды. Тек сәби бір жасқа толғанында ғана өкпесі мен тыныс алу бұлшық еттері жетіледі, тыныс алуы сирейді, тереңнен тыныстануға ауысады.

Қан қысымы. Өмірге енді ғана келген сәбидің жүрек тамырларының жүйесіне күш көп түсіп, бала тамырының соғуы жиі өзгереді. Ол қатты жылағанында қан тамырлары минутына 160-200 рет соғады. Өсуіне сәйкес күре тамырларының қысымы артады: үш айлығына дейін оның мөлшері орта есеппен сынап бағанасымен 75/50 мм., 9-10 айлығында - 90/55 мм-ге жетеді.

Тістерінің шығуы. Дені сау баланың 6-8 айлығында тісі жарады (шығады), төменгі екі тісі қылтияды. 8-10 айлығы аралығында үстіңгі 4 тісі, бір жасқа толғанында тағы да төменгі 2 тісі шығады. Осылайша, сәби бір жасқа толғанында 8 тісі болады. Мешел баланың тістері кеш шығады. Тіс жарғанда іші өтуі, тәбетінің қашуы, аузынан сілекейі ағуы, қызынуы, мазасыздануы, ыстығының көтерілуі мүмкін. Ұйқысы да қашады. Мұндайда ем жасаудың қажеті жоқ.

Дәреті. Емшектегі бала алғашқы аптада дәретке тәулігіне 4-5 рет, жыл аяғында 1-2 рет отырады. Туғанна соң бірінші үш күнде кіші дәретке онша көп отырмайды. Тәулігіне 4-5 рет қана. Алайда алғашқы аптасының аяғында, екінші аптаның ортасында тәулігіне 20-25-ке дейін кіші дәретке отырып, жасқа толарда ол 15-16 ретке дейін азаяды. Ішек құрылысы ағзасының жүйке реттеуіштері дұрыс толық жетілмегендіктен, алғашқы айларда нәрестенің асты дұрыс қорыта алмауы, құсуы, ішінің кебуі, кекіруі, дәретке жиі отыруы ықтимал.

Мінеки, біз жоғарыда әңгіме еткен жаңа туған нәресте ағзасының табиғаты оған дене тәрбиесін беріп, тәнін шынықтыруда кез келген ата-ана білуге тиісті жағдайлар.

Жаңа туған баланы шомылдыру

Ең бірінші рет сабындап шомылдырады. Суға түсірер алдында тілін жұтып қоймауы үшін оны тартады. Алдымен төбесінен бастап жуып, сонан соң судан шошынып қалмауы үшін біртіндеп екі аяғын суға батырып, денесін үйретіп алады. Бірінші рет суға түсірілгенінде су тимеген жері қалмауға тиісті. Шомылдырып болған соң кіндік түбіне қойдың майын жағып, байлап, құндақтап жатқызады. 40 күн толғанша бөбекті бір күн сабынды, бір күн тұзды, бір күн жұпар иісті шөп салынған (маралоты) сумен кезекпе-кезек шомылдырады. Тұзды суға шомылып, тұзға піскен бала шымыр болады, өскенде бір жері зақымданса, жарасы тез жазылып кетеді.

Нәрестені алғашқы 5-7 күнде ваннаға отырғызып шомылдырмай, кіндігі түскенше күн сайын жылы сумен қолға ұстап шомылдырған жөн. Баланың кіндігі 7 күннің ішінде түспесе, оны шомылдыру, шомылдырмау жөнінде балалар дәрігерімен ақылдасқан абзал. Кіндігінің жарасы толық жазылғанша нәрестені тек қайнатылған суға шомылдыру қажет. Содан кейін шомылдыру үшін бұлақтың, өзеннің суын пайдаланғанда оны әуелі қайнатып алады. Сәбиді 6 ай бойы күн сайын шомылдырып, одан кейін күн ара шомылдыруға көшеді. Ол шомылатын судың жылылығы 35-36ºС болуы шарт: алғашқы үш аптада мұнан да жылы, 36-37ºС болады. Жазда денесіне бөрткен шыққанында, қызғылтым ғана етіп суға марганец калийінің ерітіндісін салады. Нәрестені шомылдырғанында бөлме температурасының 20-22ºС болғаны дұрыс, жаңа туған бөбек үшін 22-24ºС. Сәбидің бетін ваннадағы сумен жумайды. Ол үшін жеке ыдысқа құйылған суды пайдаланады. Алты айға толмаған баланы ваннада 5 минуттан артық ұстамайды. Ал одан кейін 10 минутқа дейін шомылдыра береді.

Қыс айларында баланы кешкі ұйқы алдында шомылдырған оңды. Жазда кез-келген уақытта да қолайлы. Шомылған баланы жарты сағатқа дейін үйден сыртқа шығаруға болмайды. Нәрестені тамақтанған соң бір сағаттан кейін шомылдырады, күніне 1 реттен артық шомылдырмау керек. Ұл баланы 40 күнге жеткізбей, 37 не 39 күнде, қыз баланы қырық күннен асырып, 42 не 44 күнде қырқынан шығарады. Қырқынан шыққан соң ғана шашы мен тырнағын алады.

Емшектегі баланы шомылдыру тәсілі: баланың сыртқы киімдерін шешіп, өзін легендегі суға ептеп шалқасынан жатқызады, сол қолмен басын көтеріңкіреп ұстайды. Су баланың иығынан жоғары аспауға тиіс. Оның аузы-мұрнына, құлағына су кетпеуін, көзіне сабын тимеуін қадағалау қажет. Әуелі оң қолмен баланың мойнын, кеудесін жуады. Сосын қолға сабынды жағып алып маңдайынан желкесіне қарай сипап, басын жуады. Одан әрі бір жұмсақ шүберекті сабындап алып, сонымен баланың барлық денесін жуып шығады. Әсіресе, нәрестенің құлағының сыртын, алақандарын, мойны мен қолтығын мұқият тазалап жуған жақсы. Бетін бөлек ыдысқа құйып, салқындатып қойған сумен жуып, барлық денесі тазаланып болған соң бөбектің үстіне иығынан бастап таза су құяды. Дереу жұмсақ сүлгіге немесе жаймаға орап, еппен сүртіп, денесін құрғатып барып киіндіреді. Тұзды немесе марганцовка қосылған сумен шомылған күні баланың денесіне бөбектерге арналған крем жағып, оны сылайды. Сылап болған соң баланың аяқ-қолын кереді, созады, гимнастика жасатады. Әсіресе, екі қолын үнемі жоғары-төмен қозғап тұру қажет. Әйтпесе, жауырынының жабысып, қолын қозғай алмай қалуы мүмкін.

Таңертең ұйқыдан тұрғанда, кешке ұйықтар алдында баланың беті-қолын жылы суға малып алынған сүлгісінің бір шетімен сүртеді. Алты айға толған соң беті-қолын жылы сумен жууға болады. Таңертең қайнаған суға немесе бор қышқылының ерітіндісіне (1 стақан суға 1 шай қасық бор қышқылын қосып) шыланған мақтамен нәрестенің көзін сүртіп тұрады. Бір көзін сүрткен мақтамен екінші көзін сүртпейді. Бір көзін жуған судың екінші көзіне қарай ақпағанын қадағалау керек.

Сәбиді серуендету

Жылдың төрт мезгілінде де сәбиді серуендетеді. Тек желді, жаңбырлы, боранды, қатты аязды күндері далаға шығармайды. Бала таза ауада көп болса, солғұрлым дені сау болып жақсы өсіп, ширығады. Таза ауа сәбидің тәбетін ашып, ішіп-жеген тағамының жақсы қорытылып, сіңуіне жәрдемдеседі, қан айналымын жақсартып, көп аурудан сақтандырады.

Жазда туған баланы үйге әкелісімен-ақ біртіндеп далаға шығара бастайды, қыста туған баланы ауаның температурасы 10ºС-ден төмен болмаса, 2-3 аптадан кейін далаға шығарады. Алғашқыда 10 минутқа дейін ғана серуендетеді. Бір айлық баланы таза ауада 40 минут ұстайды. Кейін бірте-бірте 5-10 минуттан қосып отырады. Сәби 3 айға толғанда серуенге шығару уақытын күнін 4 сағатқа дейін (қыста) жеткізеді. Суықта 2, 5-3 айлық баланы күніне 2-3 рет далаға шығарады. Бірақта серуенге шығу мерзімі 2 сағаттан аспасын.

Дене шынықтыру

Емшектегі баланың денесі тез ысып, тез суынатындықтан, оны айналасындағы температура өзгерісіне біртіндеп үйретеді. Таза ауамен шынықтырғанда әуелі жаттығуды үйдегі ауа ваннасынан бастайды. Мұндағы негізгі температура 21-22ºС. Баланы жөргектегенде жылытылған жаялықтың қажеті жоқ. Бұл ауаға көндігуге кедергі жасайды, суық көп тиеді. Бала бір-екі минут жалаңаш жата тұратындай етіп жаялықты ауыстырады.

Ауа ваннасы былай жасалады: суықта - бөлмеде, жылы кезде - далада. Баланы күніне 2-3 рет алдымен 1-2 минутқа сосын 3-5 минутқа жалаңаш жатқызады. Мұнан кейін оны біртіндеп күніне жарты сағатқа дейін созады. Тиісті жаттықтырудан кейін ауа ваннасының температурасын 20-18ºС-қа дейін азайтады. Әлсіз балалардың денесін біртіндеп жалаңаштап, оны былай жүзеге асырады: әуелі қолы мен аяғын, сосын беліне дейін, кейін мүлдем жалаңаш тастайды. 3-4 айлығында баланың денесін орамалмен ысқылай бастайды. Баланың денесін ысқылауға арналған суға ас тұзын (1 стақан суға 1 ас қасық) немесе әтір (1 стақан суға 1 ас қасық) қосады. Алғашқыда су температурасы 35-36ºС, 5-7 күннен кейін 32-33ºС болады.

Массаж бен гимнастика

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Денсаулық сақтау технологияларының мақсаты мен оқу-үрдісіндегі маңызы туралы
Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыста салауатты өмір салтын ұйымдастыру
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің теориясы мен методикасы
Жас ерекшеліктеріне сай баланы сауықтыру шараларының маңызы
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесін ұйымдастыру әдістемесі
Мектепке дейінгі дене әдістемесінің мақсаты мен міндеттері
Дене тәрбиесінен дәрістер жинағы
Дене тәрбиесі теориясының пәні
Дене тәрбиесі мақсаты мен міндеттері
Мектеп жасына дейінгі жастағы балалардың дене тәрбиесін ұйымдастыру жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz