Лидерліктің танымдық бағыттылығын зерттеу және олармен жүргізілетін психологиялық жұмыс түрлерін анықтау


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 ЛИДЕРДІ ЗЕРТТЕУДІҢ ТАНЫМДЫҚ ҒЫЛЫМИ - ТЕОРИЯЛЫҚ МАЗМҰНЫ. . . ………. 7

1. 1 Лидер танымының . . . 7

1. 2 Лидердің жеке қасиеттерінің ерекшеліктері . . . 13

1. 3 Тұлғаның лидерлік мотивациясын қалыптастыру . . . 22

2 ЛИДЕРДІҢ ТАНЫМДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ ЖОЛДАРЫ . . . . . . . 31

2. 1 Лидер дамуында танымның анықталуы . . . 31

2. 2 Лидердің танымдық қасиеттерін дамыту жолдары . . . 39

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 42

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 44

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі. Біздің білім беруді, денсаулық сақтауды, ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламаларымыз жалғаса береді. Бұл туралы алдағы жылы Үкіметтің алғашқы кеңейтілген отырысында нақты әңгіме қозғайтын боламыз. «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясат - әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына бару жолындағы біздің ауқымды қадамымыз [1] .

Қазіргі тәуелсіз Қазақстан Республикасында психология ғылымы қоғамның өмірінде ерекше орынға ие. Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Жаңа онжылдық жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауында: «Адам - елдің басты байлығы. Енді жаңғырту стратегиясын іске асырудың табыстылығын ең алдымен, қазақстандықтардың біліміне, әлеуметтік және дене болмысы, көңіл - күйлеріне байланысты» - делінген [2] .

Бүгінгі күнде лидерлік мәселесі барлық ғылымдарда толыққанды зерттелуде. Мәселен, психология лидердің тұлғалық ерекшеліктерін зерттейді. Әлеуметтану лидерлікті әлеуметтік жүйенің негізінде қарастырады. Әлеуметтік психология лидерлікті әлеуметтік және психологиялық факторлардың өзара қызметтік процесі ретінде зерттейді. Ал саясаттану саяси лидерлікті билік феномені ретінде қарастыра келе, оның табиғатын, қызмет ету механизмдерін, қоғамға ықпалын зерттейді. Сонымен бірге, тиімді басқарудың әдістері мен тәжірибелік ұсыныстары айқындала түседі.

Ғалымдардың пікірлерінше, өз бойында туа біткен қасиеттерді ұштастыратын адам ғана қайырымды халықтың басшысы бола алады: «бұл адамның мүшелері мүлдем мінсіз болуы тиіс, бұл мүшелердің күші өздері атқаруға тиісті қызметті аяқтап шығу үшін мейлінше жақсы бейімделген болуы керек; жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінетін, айтылған сөзді сөйлеушісіне ойындағысын және істің жай-жағдайына сәйкес ұғып алатын болуы керек; өзі түсінген, көрген, есіткен және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, бұларды ешнәрсені ұмытпайтын болуы керек; әйтеуір, бір заттың кішкене ғана белгісін байқаған заматта сол белгінің ишаратын іліп әкетерліктей алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі болу шарт; өткір сөз иесі және ойына түйгеннің бәрін айдан-анық айтып бере алатын тілмар болу шарт; өнер-білімге құштар болу, оқып үйренуден шаршап шалдықпай, осыған жұмсалатын еңбектен қиналып азаптанбай, бұған оңай жететін болу керек; тағамның, ішімдік ішуге, сұқ-сұбқат құруға келгенде қанағатшыл болу керек. Жалпы лидерлік саяси салада саяси басқару негізінде түсініледі. Қайырымды халықтың басшысы болу үшін тек лидерлік қасиет қана емес, мемлекет те көшбасшылық қасиет танытуы тиіс. Мемлекет, ұлттың лидерлігі қазіргі теорияда жеке қарастыратын нысан болып табылмайды.

Осы түсінікке сипаттама беруде лидерлікті ұстап қалу және иеленудегі заңдылықтарды айқындаймыз. Ал жалпы мемлекет лидерлігін зерттеуде әлемдік ұйымдастырушылық-қызмет құрылымын, оның тенденцияларын, әлемдік қауымдастықтың тұрақты дамуына қатер туғызатын жағдайларын қарастырамыз.

Лидерлік проблема жүз жылдан бері көптеген ғалымдармен қарастырылып келеді. Зерттеушілердің қызығушылығы заңды, яғни адам қоғамында әр түрлі топтар бар, міндетті атрибуты болып дамудың белгілі бір деңгейінде лидерлікке жылжуы болып табылады. Бұл проблема Кеңестік одақта, Ресей мен шетелдің жақын елдерінде ерекше белсенді. Бұл елдердің демократизациялануы өмірдің әлеуметтік - экономикалық шарттардың өзгеруі, жаңа лидерді қажет ететін жаңа топ түрлері мен топшаларының пайда болуына әкеледі. Бұрынғы дәстүрлі басшылық әліде жаңа шарттардың өзгерісін басынан кешіруде. Шетелдік әдебиеттердің анализі көрсеткендей топ мүшелері және жұмысшылар қатарының арасындағы гендерлік айырмашылықтар жиі азаяды немесе жоғалып баратыны, әр түрлі жыныстағы лидерлердің салыстырғанда, американдық зерттеушілер бекіткен заңдылықтар әрқашанда басқа мәдениеттермен қолданбайды.

Лидерлік проблемасының көпжылғы құруына қарамастан жеткіліксіз қарастырылмаған аспектілерді табуға болады. Бұны толықтыру негізгі жұмысқа бағытталған. Лидер таңдау, студенттік лидер, үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар және жоғарғы оқу орындарының басшылар (кафедра меңгерушілерінен бастап ректорға дейінгі) . Қазіргі замандық Қазақстан жағдайында саяси лидерлік түрлі деңгейде, яғни лидерлік белгілі бір жергілікті жерде немесе топта, сондай-ақ саяси қозғалыс немесе партия шегінде жүзеге асатын жалпы мемлекеттік, аймақтық және жергілікті жер деңгейінде болады.

Қазіргі заманда ұйымдастырушылық құрылымы күрделі корпорациялар өте көп. Осыған байланысты лидерлерге байланысты қажеттілік туындайды. Белгілі ресей ғалымы Б. Д. Парыгиннің анықтамасы бойынша, лидер - кенеттен ресми емес басшы рөліне белгілі бір жағдайларда шығарылатын топ мүшесі. Ол ортақ мақсаттарға тез және сәтті қол жеткізу үшін адамдардың бірігіп, ұжымның ұйымдасуын қамтамасыз ететін тұлға [3] .

Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында «Күшті ұлт болу үшін алдымен ішкі бірлік, ұйымшылдық пен татулық қажет. Ал сондай ұлтты алға жетелейтін білімді, патриот, еңбекшіл, өз салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін, дінін, ділін құрметтейтін азамат нағыз көшбасшы болуға лайық» - деп, аталған болатын. Көшбасшы ретінде адамдар көптеген кедергілер мен қарсылықтарға тап болады. Сол кезде алдыға жылжытатын жалғыз ықпал ісіңізге адал болу. Іске адалдық, жетістікке жетуге мүмкіндік береді.

Оқу-тәрбие процесінде бала үлкендерден үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Баланың өзін-өзі бағалауы үлкендердің бағалауына байланысты. Өз еркін басқара алу, көшбасшы болып, жетістікке жетуге саналы түрде талпыну баланың ең маңызды қасиеттерінің бірі. Егер бала белгілі бір затты өздігімен орындап жетістікке жететін болса, бұл кезеңде жетістікке жету мотивациясы қалыптасады. Ал, егер балаға беделі бар адамның жетістіктерін аз мақтап, сәтсіздіктерін көп жазалап отырса, оларда сәтсіздіктердің алдын-алу мотивациясы ертерек қалыптасады. Баланың көшбасшылық, жетістікке жету сапасының қалыптасуына оның жеткен жетістіктерін мадақтаудағы саналы ойластырылған үлкендер әрекеті, сонымен қатар баланың өз жетістігіне сенуі жатады. Қазіргі уақытта жеке тұлғаның табыстылығы оның мінез-құлқына, қабілетіне, әдеттеріне, жетістік деңгейіне, дүниетанымына, рухани дәрежесіне, құзыреттілігіне, көшбасшы ретіндегі жеке қасиеттеріне тікелей байланысты.

Ал бүгінгі таңда елімізде болып жатқан әлеуметтік, мәдени, экономикалық, саяси өзгерістер қоғамның әрбір белсенді мүшесінің қалыптасуына тереңінен зерттеу жүргізуді талап етіп отыр. Психологиядағы лидерлік ғылыми-әдіснамалық еңбектерінің аздығы мен танымының дамуын жан-жақты зерттеп, қалыптастыру арасында қарама-қайшылықтың бар екені анық байқалып отыр. Осы мәселенің шешімін табу біздің зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Лидердің танымдық ерекшеліктерін зерттеу» деп таңдауымызға негіз болды.

Зерттеудің мақсаты - лидерліктің танымдық бағыттылығын зерттеу және олармен жүргізілетін психологиялық жұмыс түрлерін анықтау.

Зерттеу нысаны - таным арқылы лидерді қалыптастыру процесі.

Зерттеу пәні - лидер танымының даму ерекшеліктері.

Зерттеу жұмысының болжамы: егер тұлғаның лидерлік мәселесін арнайы теориялық зерттеулер негізінде қарастырып, оны дамыту мен жетілдіруге бағытталған жұмыс жолдары нақтыланса, онда лидерлік таным ерекшеліктерінің дамуына тиімді ықпал етуге болады.

Зерттеу міндеттері :

- тұлғаның лидерлік таным ұғымына сипаттама жасау.

- лидердің танымдық даму деңгейлерін, оның қалыптасу дағдыларын жетілдіру;

- эксперименттік зерттеу нәтижелерін жинақтау және қорытындылау.

Зерттеу әдістері : ғылыми еңбектерге теориялық талдау жасау әдісі, психодиагностикалық әдістемелер, бақылау, эксперимент, зерттеу нәтижелерін өңдеу және талдау әдісі.

Зерттеудің теориялық - әдіснамалық негіздері: психология ғылымында лидерлік ерекшеліктерді зерттеген Дж. Максвелл, Д. Мак-Грегор, Лао- Цзы, Г. Мюррей, М. Г. Эванс, Ф. Е. Фидлер, тұлғадағы көшбасшылық жетістікке жету мотивациялық мәселесінің әр түрлі аспектілерін қарастырған Ф. С. Бортт, Дж. В. Гетуель, Р. Дж. Хилл, С. В. Миллз, Б. Д. Парыгин, Дж. Аткинсон, С. М. Казе, А. Адлер, Джон Кэхо, Дональд-Трамп, Р. П. Хау, Б. Т. Басстың құнды талдаулары зерттеу жұмысымыздың мәселесін шешуге мүмкіндік берді.

Зерттеудің теориялық маңыздылығы - зерттеудің ғылыми әдістерін мақсатты түрде қолдану және теориялық тұрғыдан негіздеу арқылы жүзеге асырылды. Тәжірибе жүргізуге бағытталған теориялық деректер жинағы сапалық жағынан талданып өңделді, ұсыныстар енгізілді.

Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы - лидердің танымдық ерекшеліктерін тәжірибеде зерттеп оның дамуына тигізетін әсерін анықтауға арналған әдістерді қолдану нәтижелері тиімділігін жоғарылатады.

Зерттеу базасы - ТарМПИ, Педагогика факультеті, «Педагогика және психология» мамандығының білімгерлері.

Зерттеу кезеңдері:

Бірінші кезең - ізденіс кезеңінде зерттеу мәселесін анықтау үшін психологиялық - педагогикалық және арнайы әдебиеттерге талдау жасалынды және жүйеге келтірілді, зерттеудің ғылыми аппараты анықталды.

Екінші кезеңінде жинақталған материалдарға қазіргі педагогика, психология ғылымының теориялық негіздері тұрғысынан сараланып лидерлікті зерттеуге арналған эксперименттік жұмыстар жүргізілді.

1 ЛИДЕРДІ ЗЕРТТЕУДІҢ ТАНЫМДЫҚ ҒЫЛЫМИ - ТЕОРИЯЛЫҚ МАЗМҰНЫ

  1. Лидер танымының психологиялық сипаттамасы

Тұлға - біріншіден, дербес әрекетпен айналысатын субъект ретіндегі нақты жеке адам. Ал оның өзіндік бағыт-бағдары, көзқарасы мен сенімі, қызығу, қажеттерінен көрініс береді. Тұлға әлеуметтік тіршілік ету жағынан дара болады, оның өзіндік дүниесі ерекше өмір жолын белгілейді және ол мазмұны жағынан әлеуметтік жағдайлармен анықталады. Ал тегі, құрылымы және нысаны жағынан даралық сипатта болады. Тұлғаның мәні нақты индивидтің өзіндік ерекшелігінде, оның әлеуметтік жұйе шеңберіндегі өзімен-өзі болу қабілетінде ашылады. Табиғи таланттардың, туа біткен ерекшеліктерінің маңызды рөлін тұлға дамуында әлеуметтік факторлар жаңаша түрде көрсетеді. Дара өмірдің тіршілік ету әдісі дегеніміз - адам өмірінің (неғұрлым ерекше немесе неғұрлым жалпы) көрінісі, адамның бірегей және бесаспап қасиеттерінің бірлігі, тұтас жүйе: екіншіден, адамдар арасындағы өзінің ұстаным-орнын еркін және жауапкершілікпен анықтайтын, қоғамның өкілі ретіндегі адам. Қоршаған ортамен, қоғамның және адами қарым-қатынастар жүйесімен, мәдениетпен өзара әрекеттестікте қалыптасады [4] .

Тұлғадағы көшбасшылық жетістікке жету мотивациялық мәселесінің әртүрлі аспектілерін зерттегендер Дж. Максвелл, Д. Мак-Грегор, ЛаоЦзы, Г. Мюррей, М. Г. Эванс, Ф. Е. Фидлер, Ф. С. Бортт, Дж. В. Гетуель, Р. Дж. Хилл, С. В. Миллз, Б. Д. Парыгин, Дж. Аткинсон, С. М. Казе, А. Адлер, Джон Кэхо, Дональд Трамп, Р. П. Хау, Б. Т. Басс т. б. ғалымдар зерттеген.

Лидер (ағылшынша leader - жетекші) - қоғамға, ұйымға немесе топқа ықпал етуге қабілетті тұлға. Халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мақсат-мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам Лидер ретінде танылады. Лидер алға қойған мақсатқа жету үшін белгілі бір әлеуметтік ортада адамдардың күш-жігерін біріктіріп, іс-әрекетін қоғам мүддесіне сай жүргізеді. Лидерге алғырлық, ақылдылық, қажырлылық, ұйымдастырушылық, жұртқа жағымдылық, сондай-ақ өзіне жауапкершілік ала білу және іскерлік таныта білушілік, т. б. қасиеттер мен қабілеттер тән. Кез келген тарихи кезеңде, қоғамдық-саяси өмірде Лилер аса беделді тұлға ретінде танылады;

Лидер - (жетекші) әлеуметтік топ мүшесі, оның психологиялық ықпалындағы топ мүшелері оның беделі мен жетекшелік қасиетте сөзсіз мойындайды және оның жолымен жүруге дайын болады. Лидер - топ мүшелері оған топтың мүддесін қозғайтын және бүкіл топтың іс-әрекетінде бағыты мен сипатын анықтайтын жағдаяттарда жауапты шешімдерді қабылдауға құқық беретін, топтан өз ақылы, өжеттілігімен беделді топ мүшесі. Лидер - бірлескен іс-әрекетті ұйымдастыруда және топтағы өзара қатынастарды реттеуде шынайы орталық рөлді атқаратын тұлға. Психологияда лидер келесі түрлерін бөліп, жіктейді: біріншіден, іс-әрекет мазмұны бойынша - шабыт беруші лидер мен орындаушы лидер; екіншіден, іс-әрекет сипаты бойынша - әмбебап лидер мен жағдаяттық лидер; үшіншіден, іс-әрекет бағыттылығы бойынша - эмоциялық лидер және іскер лидер т. с. с. Бір адамның бір уақытта лидер және басшы болуы міндетті емес. Егер бастық көбінесе сайланатын болса, ал лидер кездейсоқ таңдалады. Ол топтан өзге ешқандай биліктік күшке ие болмайды. Оған ешқандай ресми міндеттер жүктелмейді. Егерде лидер мен басшы бір адам болмай, бірақ өзара тату болса, онда бұл көбінесе топішілік конфликтіге әкеледі. Ал мұның өзі топтың даму деңгейімен тікелей байланысты болады. Лидерлік (жетекшелік) - тұлғааралық қатынастардағы доминанттылық.

Лидер - басшы, жетекші. Топта, ұжымда, әдетте жетекші міндетін атқаратын бір адам. Әлеуметтік психологияда мұндай адамды «лидер» деп атайды. Лидер топты ұйымдастыруға және басшылық етуге сайланады не ұсынылады. Лидер әдетте топтың іс-әрекеті жайлы, оның құрамымен мүмкіндіктері жайлы мейлінше хабардар болады. Ол топ мүшелерімен қатынаста өзін еркін, сенімді ұстайды.

Психологиядағы зерттеулерде лидердің мынадай қызмет атқаратындығы айқындалған:

  • ол топ алға қойған мақсатқа жетудің жолдары мен құралдарын жоспарлайды,
  • топ мүшелері арасында атқарылатын іске жауапты адамдарды белгілейді,
  • егер топтың алдына маңызды іскерлік мүдде қойылған болса және бұл топ өндірістік еңбек ұжымы болса, белгілі бір топтық шырай орнатады,
  • топ мүшелерінің әлеуметтік белсенділігін дамытады.

Британдық фельдмаршал Бернард Монтгомеридің айтуынша, көшбасшылық - ерлер мен әйелдерді бір мақсатқа жетелейтін қасиет, сонымен қатар сенімділік ұялататын мінез-құлық.

Көшбасшылық әлеуметтік-психологиялық зерттеу объектісі ретінде. Лидерлікті әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде зерттеу өзектілігі ең алдымен, соңғы, ең көп әсері бар топтық мақсаттарға қол жеткізуге ықпал ететін, топтық интеграцияның ең маңызды факторларының бірі болып табылуымен анықталады. Көшбасшылық қиындығы кеңестік психологиялық әдебиетте 20-30-шы жылдар кезеңіндегі С. О. Лозинский, Е. А. Аркин, А. С. Залужный, П. Л. Применительнодің басты балалар (ағыл Загоровского және басқа да ( ұйымдастырылған және табиғи) топтарына зерттеулерде қойылған және жетілдірілді [24] .

Психологтар зерттеулерінде мектеп ұжымдарындағы лидерлердің бірнеше типі болатынын көрсетті:

Бірінші типі. Лидер жағдайға байланысты өзін танытады. Мысалы, оқушы сыныпта музыка викторинасын ұйымдастырып, өткізді делік. Ол көптеген шығармаларды біледі, домбырада, гитарада, пионинода, аккордеонда ойнайды. Бұл жерде ол өзінің дарыны мен шеберлігін көрсетті. Ол - лидер. Ал басқа жағдайда ол ұжымның қатардағы мүшесі болып қала береді.

Екінші типі. Сан алуан істерді атқару кезінде ұжымның басқа мүшелерінің жан-жақты ықпал алатын оқушы лидер болады. Мысалы, сынып сонда түнейтін болып, тоғайға туристік жорыққа шықты делік. Лидер оқушы соны әзірлеуге қатысады, топты қажеттіқұрал-жабдық, азық-түлікпен қамтамасыз етуге басшылық етеді, автокөлік табуға әрекеттенеді, жорықта өтетін ойын-сауықты әзірлейді т. б. ол сондай-ақ еңбек ардагерлері, Ұлы отан соғысына қатысқандармен кездесу ұйымдастырады, көрші сынып немес мектеп оқушыларымен спорттық ойындардан жарыс өткізуге келіседі. Алайда оның лидерлігі қысқа мерзімдік дәрежеде ғана болады. Іс тәмамдалған соң оның лидерлігі де шектеледі.

Үшінші тип. Оқушы өзінің лидердік қабілетін іс-әрекетінің көптеген саласында ұзақ уақыт бойы сақтайды: бұл сынып старостасы, мектептегі жастар ұйымының хатшысы т. б. Топ, ұжым лидерін аты әйгілі адамдар ұғымымен барабар дейге болмайды. Зерттеулер бір адамның бойында лидерлік пен әйгілі болу қабілеттерінің екеуі де болуы мүмкін екенін көрсетеді. Мұндай үйлесім топтың, ұжымның атқаратын ісіне игі әсер етеді. Дегенмен бұл жерде алшақтық та кездесіп, лидер бір адам, әйгілісі екінші адам болуы мүмкін. Мектеп практикасында сынып старостасына, не болмаса жастар ұйымының басшылығына әйгілі емес оқушыны сайлау жиі кездеседі. Демек, лидерлік әйгілі болудан гөрі басқа себептерге негізделетін болса керек (арнайы зерттеулер жүргізіледі) .

Лидерлік - жекелеген адамның туа біткен қасиеті және мүлдем мәңілікке берілген артықшылық емес. Лидерлік дегеніміз-әрқашанда қорғап қалуға керекті белгілі бір мәртебе, позиция, адамдардың іс-әрекетіндегі, саяси процестегі аяқ астынан болатын нәрселерді бастан өткере білу. Саяси қызмет және саяси қатынас өзінің табиғаты жағынан әрқашанда мақсатты, ұйымдасқан сипатта болады. Осыдан барыпқоғамдық идеяны жүргізуге қабілетті, қоғам сезініп, білетін нәрсені білдіретін, ұжымдық сананың иесі және ұжымдық әрекетті ұйымдастырушы болатын лидерге деген қажеттілік туындайды. Қоғам ұжымдық ерік-жігер мен мақсатты бейнелейтін беделдің болуын объективті түрде талап етеді. Лидерлік саясаттың шығармашылық мазмұнынан тура туындайды. Лидер саясаттың және қоғамның бүкіл саяси жүйесінің ядросы болып табылады. Лидерлік ғаламдықтан бастап жекелеген саяси топқа дейін саяси жүйені ұйымдастырудың барлық деңгейінде пайда болады, қалыптасады және қызмет етеді.

Басқару психологиясы - өндірістегі, корпорациялардағы, фирмалардағы, іс-әрекетті басқарудың жалпы психологиялық жақтарын арнайы зерттейтін әрі модельдейтін сала. Басқару психологиясы іс-әрекетті арнайы басқарудың және психологиялық жағдайдың талдамалы модельдерін және еңбектің сапасын көтеруге бағытталған. Басқару психологиясы - басқару жүйелеріндегі (мемлекет басқару, ұйым, мекеме, топ, ұжым және т. б. ) адамдардың қатынастарына байланысты мәселелерді зерттейтін және білімдерді жинақтайтын қолданбалы психологиялық саласы [5] .

Ә. Алдамұратов зерттеулерінде жеке адамдар мен топтар күнделікті өмірде басқа да әр түрлі топтпастырып, адамдармен істес болып, өзара тығыз қарым-қатынас жасайды. Бұл адамның қызмет немесе оқу орнындағы, сондай-ақ, өмір сүретін ортасындағы адамдардың топтары болуы да мүмкін [6] .

Басқару - ұйымдастырушылық, жоспарлау, бақылау және лидерлік арасында айырмашылық бар. Жақсы лидер осы заттардың барлығын орындай біледі, бірақ олардың шеңберінен шығып кетеді, себебі ол қойылған тапсырманы орындауда басқа адамдардың қолдауына толықтай энтузиазмды қалай жеңіп алу керек құпиясын біледі. «Он жылдық» бағыт лидерліктің басқаша маңызды принципін илюстрациялайды, ол адамдарды жігерлендіру, ынталандыру. Кім өзінің артына ерітіп, жағдайын көтеретін болса, бастағанын аяқтауына батылдығын күшейтеді. Ксенофонттың сөзі және ісі гректерге сенімділік пен табандылықты тудырды.

«Лидер» ағылшын сөзінің түп негізі - жол, қатынас немесе кеменің теңіздегі бағыты түсінігін береді. Бұл сөз жолға деген әрекетінің қатынасын білдіреді. Егер сіздің ұйымыңыз бір орында тұрса онда сізге лидер қажеттілігіне қарағанда бір басшы да жеткілікті болады.

Лидер сөзбе - сөз мағынада әрқашанда алда жүретін адам емес. Лидерлік команданың бірлігі сақталатындай және бірлескен іс - әрекет кезінде әрбір бағынушыға қамқор көрсететін жол көрсетуін күтеді.

Осы үш шеңбер кез - келген адам ұжымында болады, олар:

- адамдар өздерінің бірлескен тапсырмасын орындау кезінде олар қайда жылжуын білу керек;

- олар біріккен командада болу керек;

- әрбір индивид қанағаттандыруды талап ететін адалдық және жеке қызығушылықтарға ие болу керек;

Лидер бұйрық беру керек, бірақ олар дұрыс болуы қажет. Бұл туғаннан немесе жағымды пайда болған және анық ойлаудың қабілетінен пайда болған және дұрыс шешімдерді қабылдау үшін практикалық ойлаудың қабілетін талап етеді. Бұл сөзді гректер Phronesis, яғни практикалық парасаттылықты немесе дұрыс мағынаны білдіреді.

Лидерге қауіптілік бұл - өзіндік сенімділікке, жоғары шекке ұмтылу болып табылады. Өзіндік артықшылық сезімнің шектен тыс болуы, сонымен қатар жиі өзіндік дұрыстығын сөзсіз сендіруі, биліктік қылықтар және деспотизмдегі бейімділік жатады. Жоғары ұстауға қарсы күш - ол келісу.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеткіншектік кезеңнің психологиялық ерекшеліктері
Педагогикалық колледж студенттерінің кәсіптік бейімін анықтау
Мектепте және колледжде кәсіптік бағдар беру ерекшеліктері
Саясат психологиялық феномен ретінде
Бағыныштылар билігі
Психология ғылымындағы кәсіби бағыттылық мәселелеріне теориялық шолу
Зерттеудің міндеттері жоғары сынып оқушыларының лидерлікке даярлығын тәрбиелеудің теориялық негіздерін айқындау
Өзіндік жұмыс арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру
Мектеп мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігі
Бизнес этикасы пәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz