Дене шынықтыру сабақтарында 10-11 жастағы оқушыларды баскетбол ойыны техникасына үйретуді оңтайландыру


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Орал гуманитарлық - техникалық колледжі
Дене тәрбиесі және спорт кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы:
Дене шынықтыру сабақтарында 10-11 жастағы оқушыларды баскетбол ойыны техникасына үйретуді оңтайландыру
Орындаған: 5 КШФ тобының
студенті Амантаев С.
Ғылыми жетекшісі: Қайырғали Б.
Орал- 2015ж
Жоспар
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
1. Баскетбол ойынының шығу тарихы.
2. Баскетбол сабақтарының мәні туралы ғылыми-педагогикалық көзқарастар мен оның жалпы білім беретін мектептерде жобалануы
3. Қауіпсіздік ережелерін сақтау
4. Ойын техникаларын үйрету
IIIҚорытынды
IV Әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі . Жан-жақты дамыған, ізгілікті тұрғыдан таза және рухани бай адам қалыптастыру мемлекеттің бірінші кезектегі міндеті болып табылады. Оқушы жастардың дене бітімі жағдайына, дене даярлығына республикамыздың саяси, экономикалық және идеологиялық болашағы тәуелді болып келеді. Сондықтан да, жастардың дене бітімінің дамуы, дене даярлығы және салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызды мәселелері мемлекетіміздің Президенті Н. Ә. Назарбаевтың, Үкіметіміз бен қоғам өкілдерінің тұрақты қамқорлығы аясынан табылады.
Жоғарыда аталған мәселелер бойынша соңғы жылдары аса маңызды құжаттар қабылданған: «Білім туралы», «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстанның Республикасының Заңдары, Қазақстан Республикасында Дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған Тұжырымдамасы мен бағдарламасы және басқа да құжаттарда дене бітімінің дамуы, дене дайындығы және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері мемлекеттік маңыздылыққа ие мәселелер екені атап көрсетілген.
Көптеген әдіс-тәсілдердің ішінде баскетбол алдыңғы орындардың бірінде болғандықтан, оқушылардың қозғалыс белсенділігін арттырудың анағұрлым тиімді құралы ретінде жалпы білім беретін мектептің бағдарламасына 3 сыныптан бастап енгізілген.
Тәуелсіздік алғалы бері республикамызда өзіндік дене шынықтыру жүйесі қалыптасқандықтан, дене тәрбиесі мәселелерін жақсарту мәселелері шешімін тауып, халықаралық деңгейде үлкен жетістіктерге жетіп келеміз. Қазақстандық жүйенің тиімділігі көптеген факторлар арқылы анықталады, олардың арасында спортшы тұлғасының іргетасы қаланатын жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие процесін құру және оның мазмұнын жақсарту маңызды рөл атқарады.
Спорттық ғылыми-әдістемелік әдебиеттерде оқушыларды жалпы білім беретін мектептерде оқытудың шарттары, құралдары мен әдістері ұсынылған. Басты назар дене жаттығуларының түрлері, соның ішінде баскетбол бойынша оқу материалын (бағдарламасын) топтастыруға аударылып келеді. Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде дене шынықтыру бойынша оқушы немесе сыныптың қозғалыстары мен қимылдарының сыртқы сипатын ғана емес, ойын шарттарын негізге ала отырып, оқу материалдарының бастысы мен екінші дәрежелісін анықтауға деген жаңа көзқарастарды негіздеу талпыныстары бар [С. І. Қасымбекова, Ю. Г. Телеугалиев, 2002; Ю. Г. Телеугалиев, 2003] . Дене тәрбиесі жүйесін жетілдірудің (оңтайландырудың) маңызды шарттарының бірі оқушылардың типтік-ерекшелік және дара ерекшеліктерін ескеру арқылы оқу-тәрбие үдерісін дараландыруды іске асыру балып саналады.
Мәселені оңтайлы нәтижелер арқылы шешу үшін бірсыпыра себептерге бола өз шешімін таба қоймаған мәселелерді атап көрсеткен жөн деп білеміз:
- сабақтарда баскетбол бойынша оқушылардың техникалық және тактикалық қимылдарын қалыптастыру барысында сенімді технологиялық көзқарасжасалмаған;
- ойын тәсілдерін меңгерудің орындалған детерминанттары жеткілікті дәрежеде атқарылмай қалғандықтан, динамикалық ойын жағдайларын және үйретудің құрылымды-қисынды кестесін жобалауды едәуір қиындатады;
- дене шынықтыру пәні мұғалімі мен оқушы арасындағы ақпараттар ағымын тиімді басқару тәсілдері елестетудің әртүрлі түрлеріндегі мәліметтер мен хабарламалар түрінде нақтылана қоймағандықтан, үйрету қарқынын, дене бітімі статусы мен спорттық нәтижелерін едәуір төмендетеді.
Баяндалған мәліметтер бойынша тұтас педагогикалық үрдісте оқушыларды үйретудің бастапқы кезеңіндегі жоғары маңыздылығы мен осы кезеңдегі спорттық-педагогикалық технологияларды жобалау (жоспарлау) жағдайлары мен тәсілдерінің жеткілікті түрде жасалғандығы арасындағы объективті қарама-қайшылық баскетболшы оқушыны қалыптастырудағы көкейтесті мәселе болып табылады.
Зерттеудің түпнұсқасы. Зерттеу жұмысының тақырыбына сәйкес келетін философиялық, педагогикалық, психологиялық, медициналық-биологиялық сипаттағы жұмыстардың түпнұсқаларынан құралады.
Жетекші идеясы. Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының дене шынықтыру сабақтарында баскетболмен шұғылдану тиімділігінің шынайы жақсаруы.
Зерттеудің негізделуі. Зерттеу жалпы білім беретін мектеп оқушыларының дене шынықтыру сабақтарының тиімділігін жетілдірудің басымды бағыттарын ескеру арқылы жүргізілген.
Зерттеу нысаны - жалпы білім беретін мектептегі дене шынықтыру сабағы.
Зерттеу пәні - дене шынықтыру сабағында баскетбол ойыны техникасының негіздерін қалыптастыру әдістемесі.
Зерттеу мақсаты - дене шынықтыру сабақтарында баскетбол ойыны техникасының негіздеріне оқушыларды үйрету үдерісінің тиімділігін арттыру.
Зерттеу болжамы. Болжамның ғылыми негізін адамның қоғамдық болмысының жинақталған түрі ретінде болмыс құбылысын өміршең деректерге айналдыруды анықтайтын нәтиже болатындай теориялық ережелер құрайды [В. А. Сластенин, 2000; С. П. Баранов, 2002; Н. А. Алексеев, 1997және т. б. ] .
Дене шынықтыру сабақтарында баскетбол ойыны техникасына үйретудің бастапқы кезеңін сабақтар жүйесінде келесі әдістемелік көзқарастарды іске асыру есебінен едәуір жақсарту мүмкіндігі қарастырылды:
- кезеңдер бойында ойын техникасы тәсілдерін қалыптастыру;
- динамикалық ойын жағдайлары (модульдері) негізінде оқу материалы мен оқу сабақтарын құру мазмұнын іріктеу.
Зерттеу міндеттері:
1. Технологиялық тәсілдердің жүзеге асырылуының басты бағыттарын баскетбол бойынша ойын техникасын қалыптастыруда қолдану.
2. Динамикалық ойын жағдайларының мазмұнын оқушыларды техникалық дайындаудың бастапқы кезеңінде қолдану негіздемесін беру.
3. Баскетбол ойынының техникасын қалыптастыру технологиясын жасаудың және динамикалық ойын жағдайларын дене шынықтыру сабақтарында қолданудың эксперименталді негіздемесін беру.
4. Оқушыларды дене шынықтыру сабақтарында баскетбол ойынының негіздеріне үйретудің тимділігін арттыру бойынша ғылыми-педагогикалық ұсыныстар түзу.
Зерттеу әдістері: зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми және әдістемелік әдебиеттерді теориялық зерттеу, мамандардың тәжірибесін жинақтау, сауалнама жүргізу, баскетболшының дене дайындығы мен арнайы сапаларын тестен өткізу, антропометрлік (дене салмағы, бойы, ӨТС және т. б. ), педагогикалық эксперимент, математика-статистикалық өңдеу әдістері.
Зерттеу мәселесі - баскетбол ойыны техникасының негіздерін қалыптастыру үшін спорттық-педагогикалық технологияларды жобалау шарттары мен тәсілдерін жасау.
Зерттеудің әдіснамалық негізін адам туралы қоғамдық және жеке дара дамудың жоғарыдан берілген мәліметі деп білетін философиялық ілім құрайды: жеке дара тұлғаның қалыптасуындағы іс-әрекетінің қоғамдық-тарихи және әлеуметтік-мәдени алғышартының жетекші рөлі туралы. Әдіснама ретінде адамды үйрету мен тәрбиелеуге деген әрекеттестік көзқарасы пайдаланылған.
Зерттеу жұмысының теориялық негізін құрайды:
- жеке тұлғаның дамудың сыртқы факторлары мен ішкі жағдайлары арқылы жеке тұлғаның қалыптасуындағы детерминациялаудың психологиялық-педагогикалық теориясынан [Б. Г. Ананьев, 1977; А. Н. Леонтьев, 1975; С. Л. Рубинштейн, 1976және т. б. ] ;
- оның субъектілерінің әрекеттесу теориясы [К. А. Абульханова-Славская, 1977; В. В. Давыдов, 1986; А. Н. Леонтьев, 1983және т. б. ] ;
- жұмыс әлеуметтік қайта өзгерту ойларын жасау барысында оларды жобалау мен іске асыруды жүйелеу идеясына негізделген [В. П. Кузьмин, 1986және т. б. ] ;
- оқыту теориясынан [В. Г. Афанасьев, 1981 және т. б. ] ;
- дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі [В. К. Бальсевич, 1992; М. Я. Виленскийжәне т. б. ] .
Зерттеудің ғылыми жаңалығы :
- дене шынықтыру сабақтарында баскетбол бойынша оқу үдерісінің бастапқы кезеңіне деген технологиялық көзқарастың құрылымы мен функциясы белгіленген;
- динамикалық ойын жағдайларын (модульдерді) пайдалану арқылы баскетболдың негізгі техникалық тәсілдерін кезеңдер бойынша қалыптастырудың педагогикалық технологиясы жасалынған.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы. Зерттеу нәтижелері жалпы білім беретін мектеп оқушыларының дене шынықтыру сабақтарындағы дене бітімінің жай-күйін педагогикалық басқару саласындағы білімдерін кеңейтеді және тереңдетеді.
Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы тұрады:
- баскетболшы оқушылардың бастапқы техникалық даярлығының жасалынған педагогикалық технологиясын тікелей тәжірибеге ендіруден;
- баскетбол тәсілдеріне үйрету тиімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік беретін арнайы жаттығулар мен қозғалмалы ойындар түріндегі динамикалық ойын жағдайларының мазмұнын жасаудан.
Зерттеу нәтижелерінің шынайылығы қамтамасыз етіледі:
- теориялық, әдіснамалық, спорттық-педагогикалық ережелердің жиынтығы арқылы;
- тәжірибеге қатысушыларды таңдау көлемі және қайта көрсету арқылы;
- жүргізілген зерттеулердің мерзімі мен кезеңдерінің ұзақтығы арқылы;
- зерттеу әдістерінің ақпараттылығы мен сенімділігі арқылы;
- диссертация авторының ғылыми-педагогикалық жұмыс тәжірибесінің жеткіліктілігі арқылы.
Қорғауға ұсынылған қағидалар:
- баскетбол ойынының негізгі тәсілдерін кезеңдер бойында қалыптастырудың педагогикалық технологиясы оқушылардың базалық қозғалыс және техникалық-тактикалық әрекеттерін меңгеру тиімділігін арттыруға ықпал етеді;
- динамикалық ойын жағдайлары түріндегі арнайы жаттығулар мен қозғалмалы ойындардың дербестендірілу түрлері жалпы білім беретін мектеп оқушыларына баскетболды үйрету үдерісін педагогикалық басқару тәсілдерін оңтайландыру үшін негіз болып қызмет етеді;
- баскетбол бойынша оқу үдерісіне деген технологиялық көзқарасты іске асыру әдістемесі оқушылардың ойын әрекетінде қосымша мүмкіндіктер қалыптастыруға жағдай жасайды;
- баскетболды дене шынықтыру сабақтарында пайдалану олардың дене және тактикалық даярлығы деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
Диссертанттың жеке үлесі келесіден тұрады:
- баскетбол ойыны техникасын қалыптастыруға деген технологиялық көзқарастарды іске асырудың негізгі бағыттарын үйренуден;
- баскетболшы оқушылардың техникалық даярлығының бастапқы кезеңінде оқушыларға арналған динамикалық ойын жағдайларының мазмұнын негіздеуден;
- дене шынықтыру сабақтарында динамикалық ойын жағдайларын пайдалану арқылы баскетбол ойыны техникасын қалыптастыру үшін жасалған технологиялық көзқарастарды эксперименттік тұрғыдан негіздеуден.
- дене шынықтыру сабақтарында оқушыларды баскетбол негіздеріне үйрету үдерісінің тиімділігін арттыру бойынша ғылыми-тәжірибелік нұсқаулар қалыптастырудан.
Зерттеу базасы . Осындай база ретінде 5-6 сынып оқушыларына дене шынықтыру сабақтарында баскетбол ойыны техникасының негіздерін үйрету үдерісінің тиімділігін арттыруды ғылыми түрде негіздеген оқу үдерісі қызмет етті. Бұл үдеріс Алматы қаласындағы №39 орта мектептің оқушылары арқылы ұйымдастырылды.
Зерттеу нәтижелерін ендіру. Зерттеу нәтижелері оқу үдерісіне ендірілген: Алматы қаласындағы №39 орта мектеп, спорт ойындары бойынша №8БЖСМ, Қазақтың спорт және туризм академиясы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі дене шынықтыру және спорт Ұлттық ғылыми-практикалық Орталығы.
Зерттеу нәтижелері бойынша Алматы, Санкт-Петербург қалаларындағы ғылыми-практикалық конференцияларында (2007-2010жылдары) 3 хабарламалар жасалынды, 3 ғылыми мақала Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған басылымдарда жарияланған.
Курстық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындылар мен пайдаланылған түпнұсқалар тізімінен және қосымшалардан тұрады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі - 230. Жұмыс мазмұны 4 кестемен безендірілген.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
- Баскетболдың даму тарихы.
Баскетбол ағылшын тілінен аударғанда»basket»себет және»boll»доп деген сөзді білдіреді. Баскетбол командалық спорттық, оның мақсаты қарсыластың торына доп түсіру, сонымен қатар қарсылас команда допты торға салдырмау әрекетін жасайды.
Әр түрлі қимылдарды түрлі қарқында, бағытта, түрлі жылдамдықпен орындай отырып, адам ағза жүйесінде және ішкі құрлыстарына жақсы әсер алады.
Адам ойын үрдісі кезінде жоғары эмоционалды жүктелген және үлкен қуанышқа бөленіп, қанағат алады. Дене тәрбиесі жүйесінде баскетбол ойынының маңызы зор.
Балалар және үлкендер қажетті дағдыларды иемден отырып, өз бетінше үнемі дене шынықтыруды жетілдіруге, денсаулықты сақтауға, көңіл көтеруге және ұзақ өмір сүруге мүмкіндік бар. Баскетбол ойынымен балалар 9-10 жасынан бастап айналысуына болады(өз жастарына лайықты құрал жабдықтарды қолдана отырып)
Баскетболдың шығу тарихы
Орталық Американың ежелгі халықтарының доп ойынының көрінісі салынған сурет тапқаннан кейін белгілі болды. Бұл суретті көрінісінің қазіргі кездегі баскетболға ұқсастығы болған және Юкатан түбегінен төр бұрышты алаң табылған алаңды қоршаған тастан соғылған қабырғаның ортасында қарама-қарсы тро ілінген.
Майя және кейінірек ацтек құдайшыларды бұл ойынды өз тілінде»Пок-то-пок»деп атаған. Бұл ойын ұнемі құдайдың құрметіне арнаған мейрамдарда өткізілген. Доп резеңкеден жасалған, ішіне шөппен толтырылған допты қарсыласының торына түсіру қажет болған.
Сонымен қатар1603жылы Дитрих Брусьтың салған суретінде де қазіргі баскетболға ұқсастығы болған. 1818жылы Фата энциклопедиясында Флорияда тұрғындарының ойыны жазылған, онда бағанаға ілінген торға допты көздегені туралы жазылған.
1891ж Джеймс Нейсмит 1-ші рет ойынның негізгі пинціптерін құрастырды, олар осы күнге деиін маңызын сақтады.
Бұл пинциптері төмендегідей:
- Қолмен доп ойнауға болады, бірақ допты ұстап жүгіруге болмайды:
- Екі команданың барлық ойыншылары қай уақытта, қандай қалыпта болсын допты ұстай алады.
- Екі команда да алаңның бір бөлігінде бола алады:
- Ойыншылар бір-бірінің денесіне қай жері болмасын тиісуге болмайды.
- Допты тастайтын орын көлденең жерде және белгілі бір биіктікте орналасқан.
Баскетбол ойыны өте жылдам тарай бастады және бұл ойынды дүние жүзінің түкпір-түкпірінде ойнай бастады. 1-ші халықаралық кездесу 1919 ж АҚШ, Италия, Франция елдедер армиясының командаларының турнирінде болды. 1923 ж Франция, Италия, Чехословияның әйелдер командасының турнирі өтті.
1932 ж Халықаралық баскетбол федерациясы құрылды. 1935 ж Женевада 1-ші Европа чемпионаты өтті, Ливия құрама командасы жеңінпаз атанды.
1938 жылынан бастап әйелдер 1-шілігі өте бастады. Италия командасы 1-ші чемпион атанды. Қазір Европа чемпионаты 2 жылда 1 рет өткізіліп тұр.
1950 жылы ерлер арасында әлем 1-шілігі өткен, 1953 жылынан бері әйелдер арасында өткізіліп келеді. Ерлер арасында әлем біріншілігінің 1-ші жеңінпаздары Аргентина ал әйелдер арасында АҚШ құрамалары болды. Қазіргі кезде әлем 1-шілікгі 4 жылда 1рет өткізілді.
1936 ж Берлинде өткізілген олимпиадалық ойындарда ерлер арасында АҚШ құрамасы чемпион атанды. 1976 ж Монреонда әйелдер арасында КСРО құрама командасы чемпион атанды.
Ойын техникасы.
Техника-ол ойынның тәсілі, ойыншылардың қорғаныс пен шабуылда нәтижелі әрекеттерін қамтамасыздандырып, команда ішінде ойыншылардың бірігіп әрекеттесуі мен қарсылық көрсетуін ұймдастырады.
Қазіргі заман техникасы-ол күрестің формасы мен әдісінің тарихи дамуы қорытындысы. Уақыт өте келе, тәсілдірдің саны да өзгерді. Әр бір тарихи уақыт кесіндісі көптнген ұтымды тәсілдерді ұсынады. Сондықтан, қазіргі заман әдістерінің керекті арсеналын білу қажет және қазіргі заманға ең тиімді әдістердің бастысын анықтайтын ойынның даму техденсия арсеналын білу қажет.
Ойынның белсенді түрде қазіргі заман техниканың алуан түрлілігіне алып келді. Ол ашық көрсетілген динамикалық шабуыл сипаты жай және роционалды, ауыспалы жылдамдық пен шапшаңдық, тиімділік пән дәлдікпен үйлестіріледі. Қазіргі уақытта белгілі шарадағы техника әдістердің дұрыс орындалу сипатын анықтайды, соның арқасында қозғалыста түрлі жағыдайға ойыншыларының өзіндік бір ерекшеліктері пайда болып әр түрлі, алуан түрлілігімен сипатталады. Яғни, барлық қозғалыстардың көмегімен әр түрлі әдістер жүзеге асырылады, ол былыққан сипат болмай, белгі бар заңдылықпен қалыпты жағыдайда қайталанады, оларды топтастыруға және жүйелеуге болады.
Жіктеу-ол белгідегі барлық әдістер мен тәсілдерді бөлім мен топ бойынша анықталған белгі негізінде топтастыру.
Бұрын осындай барлық белгінің санына қозғалыстың кинематикалық және динамикалық құрылымының өзгешелігі, әрекет сипатын белгілеуге қатысты еді. Әрекетті сипаттау бойынша барлық қозғалысты екі үлкен бөлімге бөлуге болады:Шабуыл техникасы мен қорғаныс техникасы. Олардың әрқайсысына доппен және допсыз орындалатын қимылдың әртүрлі сипатты топтпар кіреді:ауысу техникасы, допқа ие болу техникасы, допты менгеу техникасы және тәсілдерге қарсы әрекет.
Ауысу техникасы
Барлық ойын барысында баскетболшы кенеттен болатын, әр түрлі әрекет орындауға дайын болуы қажет. Сондықтан ол әрдайым дайындық кезеңде болуы керек, яғни бұл оған қажетті тапсырманы орындауға мүмкіндік береді. Мүның бастапқы рөлі алға 1.
Техника-ол ойынның тәсілі, ойыншылардың қорғаныс пен шабуылда нәтижелі әректтерін қамтамассыздандырып, команда ішінде ойыншылардың бірігіп әректтесуі мен қарсылық көрсетіп ұйымдастырады.
Қазіргі заман техникасы-ол күрестің формасы мен әдісінің тарихи даму қортындысы. Уақыт өте келе, тәсілдердің саны да өзгерді. Әрбір тарихи уақыт кесіндісі көптеген ұтымды тәсілдерді ұсынады. Сондықтан, қазіргі заман әдістерінің керекті арсеналын білуі қажет және қазіргі заманға ең тиімді әдістерінің бастысын анықтайтын ойынның даму тенденция арсеналын білу қажет.
Ойынның белсенді тұрде дамуы қазіргі заман техникасының алуан түрлілігіне алып келеді. Олашық көрсетілген динамикалық шабуыл сипаты жай және рационалды, ауыспалы жылдамдық пен шапшаңдық, тиімділік пен дәлдікпен үйлестіреді. Қазіргі уақытта белгілі бір шарадағы тактика әдістерінің дұрыс орындалу сипатын анықтайды, соның арқасында қозғалыста түрлі жағыдайдағы ойыншылардың өзіндік бір ерекшеліктері пайда болып тұруы керек. Кез- кеген уақытта қарсыласынан допты алуға дайын болу қабілеттілігі мен бір қалыпты жағыдайды сақтау негізгі талап болып табылады. Бір қалыпты жүгіру ойынның ауысу жұмсақтығымен оның еркіндігімен ерекшеленеді.
Жұлқыну-тез шапшаңдау. Жұлқұнудың көмегімен қарсыласынан жұлып алу және бағытты өзгерту іске асырылады. Жұлқыну үшін жақын қашықтықта жүгіру қолданылады.
Қосымша қадам-қимыл бағыты бойынша бірінші тұратын аяғы баскетболшының тік тұру қадамынан басталады. Бір уақытта жұмсақ, айнымалы қозғалыспен екінші аяқ оған тартыла түседі. Қорғаныста қарсы әрекетке тәсілдерді қолдануда олар ерекше кең пайдаланады.
Секіру-барлық үйлесімді тәсілдерменбірге қолданылады және оның еш қарсы әрекетсіз және оның еш қарсы әрекетсіз және тиімді орындауына жақсы жағдай жасайды. Секіру екі аяқпен және бір аяқпен секіру болып бөлінеді.
Екі аяқпен жұлқына секіру тік тұру негізінде орындалады. Секіріс сәл ғана шамалап отырып алаңнан аяқтың бүгілуімен қоса қалдың алға жоғары бағытта серпілуі арқылы орындалады. Секіріп жерге қайтадан түскенде, тізкнің бүгілуі, жерге жайлап түсуге бір уақытта тік тұруына көмектеседі. Бір аяқпен жұлқына секіріп ол тек жүгіру кезінде орындалады. Жүгірудің соңғы қадамы жай қадамға қарағанда бір шама үлкенірек болады және алаңға бірінші өкше тиеді. Осы себептен отырыстың табиғи жағдайы қалыптасады, бұл алаңнан өзін итеру кезінде керек. Ұшудың жоғары нүктесінде бұлғанған аяқ жайлап жерге түседі, сона баскетболшы толығымен ұзарады. Жерге түсу екі бүгіліп жасалған аяқпен жасалады.
Аялдау-бұл әдіс, бір шама ауысуды тақтатуға мүмкіндік береді, яғни қарсылыс топтың уақытын немесе ене белсенді кедергісіз әрекеттердің орындалу арақашықтығын ұтуына мүмкіндік береді. Аялдаманын екі тәсілі бар:екі қадам, секіру. Екі қадаммен аялдау аялдамаға дейінгі сонғы қадам жүгірістен кейінгі үлкен болдады, аяқтың қайырылыстан кейін аялдамадағы баскетболшының денесі біршама бір жаққа қарай ығысады, ол қарсы қозғалысқа байланысты болады. Жерге түсу аяқтың бүгілуімен яғни сәл отырынқырап орындалады. Екінші аяқ алға қарай яғни бастапқы қозғалыстың бағытына қарай қойылыды, баскетболшы тірек алған жаққа қарай бұрылыды. Тіреуші аяғы амортизация функциясы мен қозғалыстың жылдамдығын баяулату үшін қолданады. Жүгірістің жылдамдығы коп болған сайын жерге қону кезіндеол қатты бүгіледі. Екінші қадам тоқтату функциясын орындап дененің еш бір қалыптылығын жоғалтпайды, тіреу шегінде бір қалыпты ұстап тұру мен қамтамасыз етеді.
Секіру аялдау. Алаңнан денені итергенен кейін келесі жерге түскендегі жүгіріс қадамы, ал алдындағы тәсіл сияқты бірден екі аяқпен орындалады.
Бұрылыстар арқылы ойыншы допты қарсылысынан қорғап қала алады және де сол шарттар бойынша ойыншы қарсыласына жақындай және алыстай алалады. Бұрылыстар алға және артқа қарай болады. Келесі аяқ бұрыла қара қадам жасайды. Егер бұрылыс кезінде ойыншының кеудесі алға бұрылса, бұрылыс алға қарай болады, егер әрекет артқа қарай болса, демек бұрылыс артқа қарай болады. Тіреу болатын аяқтың бүгіліп тұрып тіке тербеліссіз ось айналасында айналуы негізгі талап болып табылады.
Допты билел техникасы.
Допты билеу техникасының қабылдануына тосып алы, қолға беру, допты басқару және жүгіріс жатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz