Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі: тарихи маңызы және даму перспективалары


Пән: Алғашқы әскери дайындық
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Сабақтың тақырыбы: Республиканың мемлекеттік тәуелсіздікке ие болуы,

оның Қазақстан халқы үшін тарихи маңызы.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік

тәуелсіздікке ие болу тарихымен және Қазақстанның

даму бағдарымен қысқаша таныстыру.

Уақыты: 45 минут.

Өткізілетін орны: АӘД бөлмесі.

Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі - 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі - 10 минут.

- ҚР-ның мемлекеттік құрылымы туралы айтыңдар.

- ҚР егемендігі қандай белгілермен сипатталады?

- Қазақстанның әскери саясаттағы жалпы принциптерін атаңдар.

- ҚК-ің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі қандай?

- ҚР ҚК құрылысының даму және реформалау кезеңдерін атап шығыңдар.

- ҚР ҚК құрылымын дамыту және реформалаудың бірінші және екіші кезеңінде қандай міндеттер шешілді.

- ҚР ҚК құрылымын дамыту және реформалаудың үшінші кезеңінде атқарылатын міндеттер мен мақсаттар туралы айтыңдар.

Негізгі бөлім - 22 мин.

Республиканың мемлекеттік тәуелсіздікке ие болуы, оның Қазақстан халқы үшін тарихи маңызы. Егемен Қазақстанның даму перспективалары.

1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстанның Жоғары Кеңесі халықтың еркін білдіре отырып, өзін-өзі айқындау құқын нақтылай түсіп, құқықтық мемлекет құра отырып және бейбітсүйгіш саясатты жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады.

Біздің бабаларымыз ежелден солтүстігі мен оңтүстігі екі ұлы державамен шектесетін алып аумақты мекен еткен. Ұлтты сақтау үшін қазақ хандарына икемді саясат жүргізуге тура келді.

Мұндай дипломатияның даналығы мен көрегенділігінің жарқын үлгісі - Отанының тағдыры мен тарихи келешегіне алаңдаған Әбілқайыр, Абылай хандардың әрекеті болды.

Қазақ даласының солтүстіктегі көршімен тығыз байланыста болуы көптеген әлеуметтік-саяси төңкерістерге қарсы тұруға, бабалардың салт-дәстүрі мен туған тілін сақтап қалуға көмектесті.

1936 жылы КСРО құрамындағы одақтас мемлекет болған Қазақстан қағаз жүзінде мемлекеттік тәуелсіздіктің барлық нышандарын алды.

Бірақ ол бостандық тек елес қана еді де, ал мемлекеттік нышандар тоталитаризмнің шынайы бет жүзін бүркемелеген перде ғана болатын.

Жаппай аштыққа ұшырау, қазақтардың өз тарихи Отанынан көшіп кетуіне ықпал еткен сталиндік ұжымдастыру шаралары қасіретті із қалдырды.

С. Сейфуллин, Б. Майлин, І. Жансүгіров секілді қазақ зиялыларының көрнекті өкілдері мен қазақ халқының басқа да 65 мың ұл-қыздары сталиндік репрессияның құрбаны болды.

Тоталитаризм тақсіретін халықпен бірге қазақтың жер-суы да тартты. Біз бүгін Абайдың туған жері - ядролық жарылыстан тозған Семей аймағын, тартылып бара жатқан Арал теңізін, басқа да экологиясы нашар аумақтарды еске алмай өте алмаймыз.

Қазақстан Кеңестік орталықтың дәстүрлі ауыл шаруашылығы - шикізат көзі ретінде қарастырылды.

Қайда не егу керек, қандай құрылыс салу қажет, қалай өмір сүріп, қай тілде сөйлеу керек, Қазақстанның жоғары билік органдарына кадр орналастыру сияқты мәселені шешу құқы орталықтың ғана құзырында болды.

Алматы мен Қазақстанның бірқатар облыстарын қамтыған 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы - қайта құру жылдарындағы Кеңестер Одағындағы алғашқы демократиялық дүмпу еді.

Желтоқсан оқиғасы құқықтық мемлекет идеяларын жақтайтын жас демократия мен әкімшілік - әміршілік жүйе арасындағы қақтығыс еді.

1987-1988 жылдары елде тоталитаризм рухының өзін және мықты орталықтандыру жүйесін бұзбайынша, қайта құруды әрі қарай жалғастыруға мүмкін болмай қалды. Мұны сезінуде халық депутатарының 1 съезі шешуші рөл атқарды.

1989 жылдың шілдесінде Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің ХV Пленумында ашық жариялылық жағдайында Республика партия ұйымының бірінші хатшылығына Н. Ә. Назарбаев сайланды.

1991 жылдың аяғында Қазақстан тарихында тұңғыш рет бүкілхалықтық тіклей дауыс беру арқылы Республика Президенті болып Н. Ә. Назарбаев сайланды.

Қазақ КСР-ы Жоғарғы Кеңесі 1990 жылдың 25 қазанында Қазақ КСР-ның мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылдады.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Жоғарғы Кеңес қабылдаған, 1991 жылдың 16 желтоқсанынан бастап күшіне енген конституциялық заң Қазақстанның тәулсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет екенін нақты айқындады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заңда: «Қазақстан Республикасы - тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі және мемлекеттік басқарудың қалыптасуы
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі: конституциялық негіздері және мемлекеттік билік бөлінісі
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі және мемлекеттік рәміздерінің қалыптасуы мен символикасы
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мен унитарлық мемлекеттік жүйесінің қалыптасуы (1986-1993)
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі мен 1993-1995 жылдардағы Конституциялық қалыптасуы
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі: 18 жылдық мемлекеттік құрылу, реформалар және халықаралық интеграция
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі, мемлекеттік рәміздері және жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік шаралары
Қазақстан Республикасының салық жүйесін реттеу және даму перспективалары
Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты: талдауы және даму перспективалары
Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесін қалыптастыру және даму перспективалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz