Отанды қорғау - мемлекеттің маңызды қызметі


Пән: Алғашқы әскери дайындық
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Сабақтың тақырыбы: Отанды қорғау - мемлекеттің маңызды қызметі.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды әскери анттың қасиеттерімен таныстыру.

Уақыты: 45 минут.

Өткізілетін орны: АӘД бөлмесі.

Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, әскери жарғы.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі - 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі - 7 минут.

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздікке ие болу тарихын қысқаша айтып беріңдер.
  2. Егемен Қазақстанның даму бағдары қандай?

Негізгі бөлім - 25 мин.

Отанды қорғау - мемлекеттің маңызды қызметі. Әскери ант қабылдау. Әскери анттың талаптары.

Алғаш рет әскери қызметке алынған, бұрын әскери қызмет өткермеген, әскери жиынға алғаш рет шақырылған ҚР-ның азаматы ҚР-ның Мемлекеттік жалауының және әскери бөлімнің жауынгерлік туының алдында әскери ант қабылдайды.

Әскери ант - мемлекеттік маңыздылығы зор құжат.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 25 тамыздағы Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН және заң күші бар.

ӘСКЕРИ АНТ

Мен, Қазақстан Республикасының азаматы (тегі, аты, әкесінің аты), Қарулы Күштердің қатарына кіре отырып ант қабылдаймын және Қазақстан халқы мен оның заңды сайланған Президентіне ақтық демім қалғанша адал болуға, өзімнің егемен мемлекетімнің Конституциясы мен заңдарын қастерлеп сақтауға салтанатты түрде ант етемін.

Өзіме жүктелген міндеттерді, әскери жарғыларды және командирлер мен бастықтардың бұйрықтарын бұлжытпай орындауға, әскери қызметтің ауыртпалықтары мен қиыншылықтарын табандылықпен көтеруге ант етемін.

Әскери істі дәйекті оқып-үйренуге, әскери және халық мүлкін мұқият ұстауға, әскери және мемлекеттік құпияны қатаң сақтауға ант етемін.

Мен өз Отанымның, тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік мүдделерінің ержүрек әрі батыл қорғаушысы болуға ант етемін.

Егер мен өзім қабылдаған әскери антты бұзсам, онда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген қатаң жазаны өтеуге әзірмін.

Әскери антты - толықтыруға келген жауынгелер мен матростар, тиісті бағдарламадан өтіп, жауынгердің негізгі міндеттерін, әскери анттың мәнін, әскери бөлімнің Жауынгерлік Туының, әскери тәртіпті жете білгеннен соң, әскери бөлімге келген күннен бастап екі айдан кешіктірмей қабылдайды.

Әскери антты қабылдау уақыты әскери бөлім командирінің бұйрығымен жарияланады.

Тағайындалған уақытта әскери бөлім салтанатты сапқа тұрады.

Әскери антты қабылдаушы әскери қызметшілер бірінші саптарда болады.

Әскери антты қабылдаушы әрбір әскери қызметші бөлімше сабының алдында әскери анттың мәтінін дауыстап оқиды, одан соң арнайы тізімге өз қолын қояды да, саптағы өз орнына тұрады.

Әскери ант қабылдау салтанаты аяқталған соң, әскери бөлімнің командирі бүкіл бөлімді жаңа толықтырумен құттықтайды, бұдан соң оркестр ҚР-ның мемлекеттік әнұранын орындайды.

Мемлекеттік әнұран орындалған соң, әскери бөлім саптық байқау үшін салтанатты шерумен өтеді.

Әскери антты қабылдау күні осы бөлім үшін жұмыс күні емес болып табылады және мереке күні ретінде өтіледі.

ҚР Президентінің Жарлығы және Қорғаныс министрлігінің бұйрығына сәйкес, бір жылда екі рет белгіленген мерзімде қызмет атқарған жауынгерлер өз бөлімшелерімен қоштасады, олардың орнына жаңа толықтырма келеді.

Әскери шеберлікті игеріп, Достастық мемлекеттер мен Қазақстан халқының бейбіт еңбегінің қорғаушысы болу үшін, жауынгерлердің жас толықтырмасы аға буындардың жауынгерлік эстафетасын қабылдап, оны абыроймен алып жүруге, жауынгерлік дәстүрді барынша өркендетуге, Отан қорғаушылардың абыройы мен жауынгерлік даңқын қастерлеуге шақырылып - әскери антты қабылдайды.

«ҚР ҚК және қорғанысы туралы» заңында Отанды қоғау мен Республиканың ҚК-інде қызмет ету - Отан алдындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық міндеті және борышы болып табылатыны көрсетілген.

«ҚР ҚК және қорғанысы туралы» заңында үкімет және басқару органдарының өкілеттілігі, ҚК-ді басқару және қорғаныс саласындағы азаматтардың міндеттері мен құқықтары баяндалады.

Заңға сәйкес ҚР-ның азаматтары өз мемлекетінің мүддесін сақтауға, оның қуатын нығайтуға, Отанды қорғауға өзін дайындауға және ҚР-ның заңдылықтарында қарастырылған қорғаныс мақсатындағы басқа да міндеттерді орындауға міндетті.

Республикадағы әскери қызмет атқарудан бас тартқан азаматтар заң бойынша жауапкершілікке тартылады.

Қазақстанның әрбір азаматы үшін ар - намыс мәселесі дегеніміз - халық алдындағы өзінің конституциялық міндетін орындауы, оның бейбіт кезде жасампаз еңбегін сенімді қорғауда бөлімдер мен бөлімшелердің ұрысқа дайындығын барынша нығайту болып саналады.

Әскери ант мәтіні Конституция мен ҚР-ның заңдарын, әскери тәртіпті қатаң сақтауды, әскери жарғыларды, командирлер мен бастықтардың бұйрықтарын мүлтіксіз орындауды, адал да ержүрек және қырағы жауынгер болуды, Қазақстанның жарқын болашағы үшін берген сертін есіне ұстап, оның мемлекеттік мүддесімен тәуелсіздігінің лайықты қорғаушысы болуды талап етеді.

Әскери абырой - жауынгердің тек өзіне деген адамгершілік қатынасы ғана емес, сонымен бірге оған деген әскери ұжымның және бүтіндей қоғамның қатынасы.

Әскери ар-намыс - әскери қызметшінің тәртібін, әскери ұжымға қатынасын, әскери борышты орындауын сипаттайтын оның ішкі ізгілік қасиеті.

Әскери қызметшінің моральдық - саяси, жауынгерлік қасиеттері - әскери антқа адал болу, ержүректік, қырағылық. Ең негізгі талаптың бірі - адал болу.

Бұл кездейсоқтық емес. Адамнан адалдықты, шындықты талап ететін армиялық заң ғана емес. Тек адал адам өз мемлекетінің қауіпсіздігін, оның қорғаныс қабілеттілігінің нығаюы үшін күреске белсене қатынасады.

Ант қабылдаған кезінде, жауынгер ержүрек батыл болуға ант береді. Ал батырлық, ерлік дегеніміз не?

Батылдық, ерлік дегеніміз - жауынгердің ең қиын, қауіпті жағдайларда да өз өмірі үшін қорқыныш сезімін жеңіп, өз Отанын қорғау үшін ерлік жасауға барғаны.

Егер поста тұрған жауынгер өз міндеттерін нақты орындап қырағылық танытса, постқа шабуыл жасау жағдайлары болмайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттің қызметтері
Мемлекеттік құрылым формасы
Қарулы Күштердің құрылысы
Мемлекет функциясының белгілері
Жас ұрпақты әскери патриотизмге тәрбиелеу
Бастауыш сынып оқушыларына отансүйгіштікті қалыптастыру
Оқушы жастарға патриоттық тәрбие берудегі алғышарттар
БАСТАУЫШ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРҒА ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҮЙРЕТУДІҢ ҒЫЛЫМИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Жастар бойында азаматтық пен патриотизмді қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық негіздері
Азаматтардың мәдениет саласындағы құқықтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz