Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары


Сабақтың мақсаты
Негізгі бөлім
Сұрақтар мен тапсырмалар
Мемлекеттік Елтаңба, Ту, Қазақстан Республикасының Гимні - Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің және егемендігінің ресми рәміздері. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің нышандары және әскери бөлімнің Жауынгерлік туы.
ҚР Президентінің 1996 жылғы 24 қаңтарында Конституциялық заң күші бар Жарлығымен мемлекеттік рәміздер-Елтаңбаның, Жалаудың сипаттамалары мен оларды ресми пайдаланудың рет жөні бекітілді.
ҚР Мемлекеттік Туы көгілдір түсті матаның ортасында алтын күн бейнесі мен ұшып келе жатқан дала қыраны - бүркіт және сабының бойына салынған ұлттық ою - өрнектер нақышталған тік жолақтан тұрады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының авторы - Шәкен Ниязбеков.
Зеңгір көк аспан барлық халық үшін әрқашан бейбітшілік пен тыныштықтың белгісі болған. Елтаңба тану ғылымы геральдика тілінде, көк түс - адалдықтың, кіршіксіз тазалық пен бейкүнә пәктіктің нышаны.
Ұлы даланың билейушілері Әмір Темір, Шыңғысхан өздерін тәңірден жаратылған Көк Аспанның ұлдары деп есептесе, Қытай императорларында «Аспан Ұлы» деген дәреже болған. Қазақстан аймағында көне заманнан бері Тәңірге – Көк Аспанға сену, оған табыну дәстүрі кеңінен тараған.
Көк түстің мәдени семантикалық тарихына үңіле отырып айтарымыз: Мемлекеттік Тудағы көк түс Қазақстан халқының өз мемлекетін құру жолындағы ниетінің тазалығын және маңыздылығын білдіреді.

Пән: Алғашқы әскери дайындық
Жұмыс түрі:  Материал
Көлемі: 4 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 400 теңге
Таңдаулыға:   
Тегін:  Антиплагиат

Қандай қате таптыңыз?

Рақмет!






Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары.

Қазақстан Республикасы Қарулы
Күштерінің

нышандары және әскери бөлімнің
Жауынгерлік туы.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік

нышандарымен Қазақстан
Республикасы Қарулы

Күштерінің нышандарымен және
әскери бөлімнің

Жауынгерлік туымен таныстыру.

Уақыты: 45 минут.

Өткізілетін орны: АӘД бөлмесі.

Көрнекі құралдар: Мемлекеттік Елтаңба, Ту, Қазақстан Республикасының
Гимні. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің нышандары, АӘД оқулығы.

Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді,
амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.

Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымы негіздері дегенді
қалай түсінесіңдер?

Армия дегеніміз не?

Мемлекеттегі Қарулы Күштердің рөлі мен орны туралы айтып беріңдер.

Негізгі бөлім – 25 минут.

Мемлекеттік Елтаңба, Ту, Қазақстан Республикасының Гимні - Қазақстан
Республикасы тәуелсіздігінің және егемендігінің ресми рәміздері. Қазақстан
Республикасы Қарулы Күштерінің нышандары және әскери бөлімнің Жауынгерлік
туы.

ҚР Президентінің 1996 жылғы 24 қаңтарында Конституциялық заң күші бар
Жарлығымен мемлекеттік рәміздер-Елтаңбаның, Жалаудың сипаттамалары мен
оларды ресми пайдаланудың рет жөні бекітілді.

ҚР Мемлекеттік Туы көгілдір түсті матаның ортасында алтын күн бейнесі
мен ұшып келе жатқан дала қыраны - бүркіт және сабының бойына салынған
ұлттық ою - өрнектер нақышталған тік жолақтан тұрады. Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік Туының авторы - Шәкен Ниязбеков.

Зеңгір көк аспан барлық халық үшін әрқашан бейбітшілік пен тыныштықтың
белгісі болған. Елтаңба тану ғылымы геральдика тілінде, көк түс -
адалдықтың, кіршіксіз тазалық пен бейкүнә пәктіктің нышаны.

Ұлы даланың билейушілері Әмір Темір, Шыңғысхан өздерін тәңірден
жаратылған Көк Аспанның ұлдары деп есептесе, Қытай императорларында Аспан
Ұлы деген дәреже болған. Қазақстан аймағында көне заманнан бері Тәңірге
– Көк Аспанға сену, оған табыну дәстүрі кеңінен тараған.

Көк түстің мәдени семантикалық тарихына үңіле отырып айтарымыз:
Мемлекеттік Тудағы көк түс Қазақстан халқының өз мемлекетін құру жолындағы
ниетінің тазалығын және маңыздылығын білдіреді.

Өрнек – көркем бейнеленген әшекейлі кесте. Ерте кезде халық ою -
өрнектің бойынан адамды зұлымдықтан желеп – жебеп, қорғайтын керемет күш
көрген. Сондықтан да ою - өрнекке деген көзқарас ерекше болған.

Еліміздің Мемлекеттік Туын көркемдеу үшін арнайы жасалған өрнек
қазақтың декоративті өнерінің нақыштарымен үйлесім тапқан.

Күннің нұр шұғылалы алтын бейнесі - байлық пен берекенің, тыныштықтың
нышаны.

Сары түс – қымбат металдың, алтынның түсі. Жер шарының барлық халқы
Күнге табынған.

Күн – мәңгілік қозғалыстың, даму процесінің, үнемі өсу мен өшудің,
өмір мен өлімнің, батыс пен шығыстың нышаны. Күн – уақыт өлшемі.

Ежелгі көк тәңірі Аспан мен Күнге жақындап, шарықтай ұшатын қыран
бүркіт аса қасиетті де құдіретті.

Қанатты қыран кең дала биігінде жеке дара ұшады. Осыдан барып, бүркіт
денесіне айбындылық, еркіндік, тәуелсіздік, бостандық, тәкаппарлық, биік ой
– мақсат, маңғаздық, қырағылық тән.

Кең даланың көгілдір аспанында шарықтап ұшқан бүркіт дала халқының
барлық халықтар мен ұлттарға құшағын жая ұмтылатын кеңдігін, көп ұлтты
егеменді мемлекетіміздің бостандық сүйгіш рухани ерекшелігін бейнелейді.

Елтаңба таңба деген сөзден шыққан. Мемлекеттік Елтаңбаның авторлары
– Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлиханов.

ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының ең басты жүгін көтеріп, оған негіз болып
тұрған – шаңырақ. Ол - елтаңбаның жүрегі.

Шаңырақ: Отан - от басынан басталады деген киелі ұғымға ие. Шаңырақ
бейнесі – бүкіл қазақ елі үшін тіршіліктің, шексіз өмірдің нышаны.

Шаңырақ – кйіз үйдің күмбезі, күн бейнесін, ал уықтары одан тарап
жатқан алтын сәулелерді елестетеді.

Елтаңбаның композициялық құрылымының негізгі бөлігі жарты ай бітімдес
мүйіздірі бар, қиял – ғажайып тұлпарлар. Олардың қанаттары бидай масақтары
түрінде. Ат ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары мен рәміздері. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің нышандары және өскери бөлімнің Жауынгерлік туы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышаны
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері
Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы
Қазақстан Республикасының саяси мемлекеттік
Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағат ұғымы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары
Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы
Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь