Қазіргі таңда аймақтық саясатты жүргізу мәселелері


Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Қазіргі таңда аймақтық саясатты жүргізу мәселелері

Қабылдаған:

Орындаған:

Тобы:

Тақырыбы: Қазіргі таңда аймақтық саясатты жүргізу мәселелері

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

І Нарық жағдайындағы аймақтық саясатты жүргізу мемлекеттік басқару обьектісі ретінде

1. 1. Қазіргі кезеңдегі аймақтық саясаттың жүргізудің теориялық ерекшеліктері . . . 4

1. 2. Басқару аймақтық саясатты жүзеге асырудың негізгі құралы ретінде . . . 9

1. 3. Аймақтық саясатты басқарудың шетелдік тәжрибесін пайдалану мәселелері . . . 13

ІІ Нарық жағдайындағы аймақтық саясатты жүргізудің даму бағыттары

2. 1. Аймақтардың дамуындағы экономикалық қауіпсіздік мәселелері . . . 18

2. 2. Индустриялық-инновациялық стратегияның аймақтарда жүзеге асыру барысы . . . 22

ІІІ Қазақстандағы аймақтық саясатты жүргізудің тиімділігін арттыру жолдары

3. 1. Қ. Р. аймақтық саясатты жүргізу жолдары және оны жетілдіру . . . 27

3. 2. Аймақтардың дамуының қазіргі жағдайы және оны жетілдіру . . . 30

Қорытынды . . . 34

Пайдалынылған әдебиеттер . . . 36

Кіріспе.

Қазақстанның қазіргі заманғы дамуы экономикалық одан әрі интеграциалануы, экономикалық және әлеуметтік процестердің өзара байланысуының күшеюмен, елдің экономикалық біртұтас әлеуметтік -экономикалық комплекске айналуымен сипатталады. Сондықтан да, оның дамуын стратегиялық жоспарлау біртұтас экономикалық қана емес, сонымен бірге республиканың аймақтық саясаттың дамуын да қамтуы тиіс. Осыған байланысты аудан мен облыстың экономикасының дамуының жинақталған жоспарын құру әдістемесімен методологиясын жетілдіру мәселесі елдің экономикасын стратегиялық жоспарлау жүйесімен өзара байланысты, жоспарды экономикалық дайындау жүйесін құру қажетті өзекті мәселесі болып табылады.

Әлеуметтік - экономикалық дамуының аймақтық стратегиялық жоспарларын басқаруды жетілдіру басты бағыттарының бірі, эконмикалық жоспарлау жүйесіндегі аймақтық комплексті жоспарлаудың ролін арттыру жатады. Өйткені, мемлекеттің экономикалық саясатының жалпы міндеттері облыстар, аудандар мен қалалардың денгейінде нақтыланады. Аймақтың комплексті жоспарлар Қазақстан Республикасының экономикасының даму жоспарының базисі болып табылатын, республиканың облыстары мен қалалары, аудандарымен ауылдарының экономикалық және әлеуметтік даму жоспарларының критериі жоспарлардың өзара байланысты

Аймақтардағы күрделі әлеуметтік - экономикалық проблемаларды және аймақтық мақсатты бағдарламалары мен ведомстволардың арасындағы процестерді шешуге, қоршаған ортаны қорғау мен өндірістік, әлеуметтік инфрақұрылымдардың дамуын есепке ала отырып, жергілікті ресурстарды комплексті пайдалану мен әлеуметтік даму мәселелерін шешуге бағытталады.

Аймақтық бағдарламалардың негізгі көрсеткіштері түгелдей кешенді стратегиялық жоспарға еңгізіледі.

І. Нарық жағдайындағы аймақтық саясатты жүргізу мемлекеттік басқару обьектісі ретінде.

1. 1. Қазіргі кезеңдегі аймақтық саясатты жүргізудің теориялық ерекшеліктері.

Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының ұзақ мерзімге арналған стратегиясы табиғи, әлеуметтік-экономикалық және т. б. аумақтық факторларды толықтай ескеріп, оларды мемлекеттік саясаттың барлық бағыттарында нақтылағанда ғана ғылыми тұрғыдан негізделген және жүзеге асу мүмкіндігі жоғары болады.

Қазіргі уақытта республика кеңістігіндегі әлеуметтік-экономикалық даму жағдайларының біркелкі болмауы мемлекет тарапынан жүргізілетін аймақтық саясат ерекшеліктерін анықтайды. Соған орай мемлекеттің аймақтық саясатының мақсаттары мен міндеттері, оларды жүзеге асыру механизмдері анықталады.

Мемлекет нарықтық қатынастардың дамуы барысында кәсіпорындарға толықтай дербестік бере отырып, олардың шаруашылық қызметіне тікелей араласпағанмен де, жанама түрде (салықтар, экологиялық, монополияға қарсы шектеулер т. б. ) араласады. Бұл нарық жағдайында кәсіпорындардың тиімді қызмет етуінің бір шарты деуге болады. Ал егер мемлекет аймақтармен дұрыс өзара қарым-қатынас орнатпаған болса, немесе халықтың өмір сүруін қамтамасыз ететін ортасы болып табылатын мемлекеттің барлық аумақтарының дамуы үшін жауапкершіліктен бас тартатын болса, онда жүргізіліп жатқан реформалардың оң нәтижеге- жеткізбейтіндігі анық. Демек, аймақтардың дамуын мемлекеттік реттеу - бұл олардың дамуының қажетті шарты.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің ерекше бағыты ретінде қарастырылатын аймақтық саясаттың қазіргі теориялық ерекшеліктерін қарастыру оның тиімді жүзеге асуына ықпалын тигізетін негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Сондықтан да аймақтар дамуындағы қазіргі қалыптасып отырған жағдайды саралау және соған орай аймақтық саясаттың багыттарын айқындау өзекті мәселеге айналады. Осы мақсатта аймақтық саясаттың қалыптасуына әсерін тигізетін негізгі жағдайларды сараптауға жүгінейік.

Нарықтық қатынастарды қалыптастыру барысында жүргізілген реформалар аймақ аралық саралауды (дифференциация) тым «күшейтіпң жіберді. Нәтижесінде жан басына шаққандағы жалпы аймақтық өнімді (ЖАӨ) өндіру көлемі бойынша республика халқының айырмашылығы он есеге дейін жетті. (1-кесте) . Ал АҚШ-та ең «алдыңғың және ең «артта қалғанң штаттарының арасындағы айырмашылық -■ небәрі 1, 8 есе ғана. Кесте деректері көрсетіп отырғанындай, жан басына шаққандағы жалпы аймақтық өнімнің ең жоғары көлемі - Атырау облысына, ал ең төменгі көлем Жамбыл облысына тиесілі болып отыр. 2005 жылғы деректер бойынша осы екі облыстың жан басына шаққандағы ЖАӨ-дегі айырмашылык 12 есе болған.

Жан басына шаққандағыжалпы аймақтық өнім, мың теңге

1Облыстар:

1

Облыстар

жылдар::

жылдар:

1Облыстар:

2000

жылдар::

2001

2002

2003

2005

1Облыстар:

Қазақстан Республикасы

жылдар::

12!, 5

157, 8

168, 4

172, 3

266, 9

1Облыстар:

Лкмола

жылдар::

87, 1

94, 7

95, 8

98. 1

157, 6

1Облыстар:

Актебс

жылдар::

124, 2

162, 5

185, 4

200, 1

285, 9

1Облыстар:

Алматы

жылдар::

58, 5

72, 0

74, 6

85. 7

120, 8

1Облыстар:

Атырау

жылдар::

288, 6

581, 7

698, 2

70 і . 5

1099, 4

1Облыстар:

Шыгыс Қазақстан

жылдар::

125, 0

143, 3

152, 4

164. 8

196, 7

1Облыстар:

Жамбыл

жылдар::

44, 0

50, 2

56, 4

60. 0

91, 2

1Облыстар:

Батыс Қазакстан

жылдар::

1 ! 5, 9

203, 4

240, 0

258. 9

323, 0

1Облыстар:

Қараганды

жылдар::

150, 8

197, 2

201, 4

202. 5

272, 2

1Облыстар:

Қызылорда

жылдар::

122, 6

144, 1

145, 6

158. 3

217, 1

1Облыстар:

Қостанай

жылдар::

58, 8

93, 4

и 100, 7

103, 4

189, 5

1Облыстар:

Маңкыстау

жылдар::

247, 4

432, 1

458, 3

504. 3

566, 5

1Облыстар:

Павлодар

жылдар::

136, 7

175, 2

198, 3

203, 4

289, 9

1Облыстар:

Солтүстік Қазақстан

жылдар::

55, 1

61, 1

67, 5

71, 3

147, 8

1Облыстар:

Оңтүстік Қазақстан

жылдар::

55, 1

61, 1

67, 5

71. 4

1 10, 3

1Облыстар: Астана қаласы
жылдар::

243, 3

254, 0

259, 4

302, 5

510, 6

1Облыстар: Алматы каласы
жылдар::

283, 1

329, 9

331, 2

367. 1

625, 7

Мұндай тым саралау, әрине, миграцияның күшеюіне, дағдарысты және кедей ареалдардың кеңеюіне, аймақтардың экономикалық өзара әрекет ету механизмінің әлсіреуіне және аймақаралық қарама-қайшылықтардың өсуіне алып келері сөзсіз. Бұл өз кезегінде біртұтас әлеуметтік-экономикалық саясатты жүргізуді айтарлықтай қиындатады. Аймақтық әлеуметтік-экономикалық теңсіздіктер (диспропорциялар) көбінесе объективті сипаттағы себептермен байланысты болғанмен де, оларды «жұмсартуң қажеттілігі айқын. Мемлекеттің тұтастығын сақтауға ұмтылған бір де бір мемлекет аумақтық теңсіздіктердің соншалықты алшақтығына жол бермейді. Мұны дамыған мемлекеттердің тәжірибесі де дәлелдей түседі. Сондықтан Қазақстан үшін әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын тегістеуге бағытталған мемлекеттік аймақтық саясатты жүргізу стратегиялық тұрғыдан маңызды болып табылады. Ұлттық экономиканың тұрақты өсуі елдің проблемалық аймақтарындағыы өмір сүру жағдайын жақсартпайынша мүмкін емес. Республиканың қазіргі зкономикалық кеңістігі әлеуметтік, экономи-калық, экологиялық ерекше проблемаларымен сипатталатын әр түрлі аймақтарды қамтиды. Осы тұрғыдан алғанда және аймақтардың мамандандырылу қағидасына сәйкес республика аймақтарын төрт топқа бөлуге болады:

  • Шаруашылықтарының құрылымы экспортқа бағытталған;
  • индустриялық дамыған;
  • агроөнеркәсіптік;
  • дағдарыстық.

Бірінші топ - стратегиялық сипаттағы минералды ресурстардың айтарлықтай қорларын иеленетін және ғылыми өндірістік әлеуетінің қарқынды дамуына жеткілікті мүмкіндігі бар, бірақ ауылдық аймақтарының экономикалық-әлеуметтік артта қалуымен, эқологиялық жағдайларының нашар болуымен ерекшеленетін аймақтар. Бұл аймақтарға Қазақстан экономикасын дағдарыстан шығару және тұрақтандырудың рөлі беріледі. Осы аймақ топтары үшін төмендегідей проблемалар кешенін шешу қажет деп атап көрсетуге болады:

  • минералдық шикізат және көмірсутек шикізаттарын кешенді өндіру мен өңдеудің жаңа технологияларын енгізу негізінде стратегиялық шикізат түрлеріне бай жерлерді интенсивті игеру;
  • отандық және шетелдік инвесторлар үшін қолайлы инвестициялық климатты анықтайтын және әлемдік стандартқа жауап беретін жоғары дамыған өндірістік, әлеуметтік және нарықтық инфрақұрылымдарды кұру
  • ауылдық аймақтарының дамуындағы «жинақталғанң күрделі проблемаларды (әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, т. б. ) шешу.

Екінші топқа - ауыр индустрия салаларына нақты маманданған, жоғары технологиялық ғылымды қажетісінетін өндіріс құру үшін қолайлы экономикалық жағдайлары және жоғары ғылыми-өндірістік әлеуеті бар, негізінен қаржылық ресурстармен өзін-өзі қамтамасыз ете алатын аймақтар жатады.

Бұл аймақтарды дамытуда шешуді талап ететін проблемалар қатарына төмендегілерді жатқызуға болады:

  • шетел инвестицияларын тарту жолымен экспорттық әлеуетті қалыптастыру;
  • жаңа ғылымды қажетсінетін өнімдер шығаруды ұйымдастыру, жаңа технологиялар негізінде құрал-жабдықтар мен машиналар, электроника құралдары, автомобиль құрылысы, жаңа мнтериалдар, лазер технологиясын дамыту;

• нарықтық инфрақұрылымды дамытуды жеделдету.
Үшінші топ - ауыл шаруашылығына маманданған агроөнеркәсіптік кешенді аймақтар. Бұл топтағы аймақтар үшін халықтың жұмысбастылығын қамтамасыз ету және жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында ауыл шаруашылығы мен оған сабақтаса дамитын салаларда шағын жэне орта бизнесті дамыту қажет.

Олардың әлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақтандыру үшін келесідей мәселелер өз шешімін табуы тиіс:

• ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру үшін тиімді
мамандандыруды жүзеге асыру;

  • ауыл шаруашылық өнімінің жоғары сапалығын және экспорттық әеуетнің өсуін қамтамасыз ететіндей өндірістік үрдістерге жаңа технология мен техникаларды енгізу және пайдалану;
  • тұтыну нарығын тепе-тең түрде дамыту мақсатында, тұтыну заттарын өндіретін ауыл шаруашылығының және өнеркәсіп салаларының материалдық-техникалық базасын нығайту, міндетті түрде өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдарды құру.

Төртіннші топқа - қысылшаң (экстремальный) табиғи климаттық, әлеуметтік-экономикалық және техника-технологиялық жағдайдағы, шаруашылықтың салалық құрылымы ұтымды емес дағдарыстық аймақтар, сонымен қатар экологиялық дағдарысқа ұшыраған аудандар жатады. Бұл аймақтарда жинақталған проблемалардан «арылуң үшін мемлекеттік реттеудің нақты шаралары қажет. Сонымен бірге осы топтағы аймақтардың дамуы үшін шешілуі тиіс мәселелер келесідей:

  • экологиялық дағдарыстың терендеу үрдісінің алдын алу;
  • осы аймақтарда тұратын халықтардың өмір сүру сапасын және деңгейін көтеру үшін материалдық негіз құру жөнінде нақты шаралар қабылдау;
  • қоршаған табиғи ортасы адамдардың денсаулығына өте кауіпті ауылдық аймақтардан, кіші және шағын қалалардан және басқа да тұрғылықты жерлерден республикамыздың басқа аймақтарына орын ауыстырғысы келетін халықтар үшін қажет жағдайлар жасау;
  • шетелдік техникалық және гуманитарлық көмектерді тарту және оларды тиімді пайдалану.

Республика аймақтарын мұндай топтастыру басқарудың аймақтық мәселелерін тиімді шешуге және жергілікті шаруашылықтарды қарқынды дамытуға мүмкіндік береді.

Проблемалық аймақтардың қатарына бірқатар себептердің салдарынан экономикалық әлеуеті орташа республикалық көрсеткіштерден бірнеше есе төмен, ал экономикасы өнеркәсіптің аз әртараптандырылған (диверсификация) құрылымымсн, нашар дамыған инфрақұрылымымен сипатталатын аймақтар жатады. Мұндай аймақтар олардың өзіндік дамуын ынталандыратын мемлекеттің көмегіне мұқтаж. Сондықтан да экономикалық ғаламдану үрдісіне қадам басып отырған Қазақстан үшін шешілуі тиіс басты міндет - аймақтар үшін жағымсыз салдарларды бейтараптандыра отырып, олардың дамуы үшін қажет жағдайларды қалыптастыру негізінде тиімді нәтижені ұлғайту.

Аймақтардың дағдарыстығының басты белгілері болып табылатындар:

  • өндіріс қарқынының төмендеуі;
  • халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуі (жан басына шаққандағы табыстың төмендігі) ;
  • жұмысбастылыққа қатысты жағымсыз тенденциялардың өрістеуі (жұмыссыздықтың жоғары деңгейі) ;
  • демографиялық, экологиялық, әлеумеггік қызметтер көрсету саласындағы проблемалардың күшеюі және т. б.

Аймақтардың біркелкі дамымауы іргелі әлемдік үрдістерге жатады. Әрбір елде салыстырмалы түрде өркендеген және артта қалған аймақтар бар - бұл әлеуметтік-экономикалық табиғи-климаттық, ресурстық және басқа да жағдайлармен байланысты табиғи, аймақтык айырмашылықтар. Осы орайдағы мемлекеттің міндеті шектен тыс жоғары аймақтық саралауға жол бермеу болып табылады.

Өмір сүру деңгейі мен сапасындағы шектен тыс аймақтық айырмашылықтар көбінесе аймақтардың экономикалық, табиғи-климаттық ресурстық және инфрақұрылымдық ерекшеліктерімен анықталады, сондай-ақ олар мемлекеттің «теңестіруң саясатын жүргізу үшін негіз болып табылады. Осы саясатты жүзеге асырудың басқарушылық механизмінің негізгі міндет-терінің қатарына артта қалған аймақтардағы өмір сүру деңгейі мен экономикалық -даму параметрлерін ең болмағанда орташа деңгейге (осы параметрлер бойынша) біртіндеп жақындау жатады. Бұл жағдайда негізгі міндет мемлекет тарапынан аймақтардың өзіндік дамуын ынталандыру: халықтың әлеуметтік бейімділігін қолдау (қолайлы жерлерге көшіп-қонуға көмек көрсету) ; артта қалған аймақтарға капитал мен инвестициялардың келуін ынталандыру және т. б. болып табылады

Аймақ дамуының кез келген аясындағы дағдарысты жою, бір жағынан алғанда, экономикалық белсенділік деңгейімен байланысты. Әлеуметтік даму салыстырмалы түрде дербестікке ие бола отырып, айтарлықтай дәрежеде ресурстық мүмкіндіктермен анықталады, олар өз кезегінде экономикалық даму деңгейіне байланысты. Екінші жағынан, нарықтық шаруашылықтың әлеуметтіқ жағдайға зиянын тигізе отырып, тек ғана экономикалық басымдыққа біржақты бейімделуі нарықтық экономиканың және тұтас мемлекеттің дамуына қауіп туғызады. Сондықтан мемлекеттік реттеудің әлеуметтік және экономикалық құраушыларының тепе-тендігі қажет. Экономикалық және әлеуметтік құраушыларды тепе-теңдікте дамыта отырып, аймақ дамуындағы әр түрлі бағыттағы олқылықтардың орнын толықтыруға және халықтың тұрмыс жағдайының деңгейін көтеруге болады, бұл түптеп келгенде мемлекеттің аймақтық саясатының табысты жүргізілуін анықтайтын негізгі шарттардың бірі болып табылады.

Аймақтық саясаттың мәні мен міндеттері және оларды жүзеге асырудың өзіндік механизмдері бар . Макро экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі бола отырып, аймақтық саясат әрбір аймақтың экономикасының тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы экономиканың тиімділігін көтеруді өзінің басты мақсаты етіп қояды. Қойылған мақсатқа жету үшін, әрине, міндеттердің қойылуы шарт. Олардың қатарына: мемлекет пен жекелеген аймақтардың мүдделерін үйлестіру, аймақтық дамудың әрекетті механизмін жасақтау, сонымен қатар аймақтың ресурстық, ғылыми, еңбек әлеуетін барынша пайдалану жатады.

1. 2. Басқару аймақтық саясатты жүзеге асырудың негізгі құралы ретінде

Тәуелсіз мемлекетіміздің аймақтық саясатын жүзеге асыру тиімді басқару жүйесін қалыптастырмайынша жоғары нәтижеге жеткізбейтіндігі көптеген дамыған мемлекеттердің тәжірибесімен дәлелденіп отырған ақиқат. Қазіргі уақытта ешбір мемлекет ел ішіндегі тиімді аумақтық басқару жүйесінсіз бәсекеге қабілетті болып, әлемдегі өзінің лайықты орнына ие бола алмайды. Өздерінің мемлекетгік басқару жүйесін қазіргі талаптарға сай «жаңартқан» мемлекеттер өз аумақтарында шаруашылық кәсіпорындарын орналастыру үшін, шетел инвестицияларын тарту үшін тартымдырақ бола түсті. Ал бұл қазіргі ғаламдану үрдісі белең алып отырған әлемдік бәсекелестік жағдайында аса маңызды.

Экономикасы нарықтық қатынастар негізінде дамыи отырған елдерде аймақтық дамуға мемлекеттің араласуының екі негізгі мақсатын бөліп қарастырады:

- «әділдік», яғни барлық аймақ тұрғындары үшін жақсы
тұрмыс-жағдайына жетудің тең мүмкіндіктерін қам-
тамасыз ету;

- «тиімділік», жалпы ұлттың тұрмыс-жағдайын көтеру
мақсатында әр аймақтың өндірістік әлеуетін тиімді
пайдалану талап етіледі.

Бұл екі мақсат қарама-қайшы да бірыңғай да болуы мүмкін. Мысалы, экономикалық өсу кезеңінде бірінші мақсат басымдыққа ие болса, дағдарыс кезеңінде екінші мақсат алдыңғы орынға шығады.

Қазіргі кезенде әлеуметтік-экономикалық жүйенің күрделенуіне орай басқарудың көп деңгейлі жүйесі кеңінен таралып отыр. Соған сәйкес қалыптасқан теориялық негіздерге жүгінейік. Жоғары деңгейдегі басқару құрылымы өзінен кейінгі басқару құрылымдарына үш негізгі тәсілмен ықпалын тигізеді: мақсаттар қою арқылы;

белгілі бір күтілетін нәтижені жүктеу арқылы; ресурстарға шектеу қою арқылы. Басқарудың әр түрлі деңгейлерінің арасында өкілеттіліктер, жауапкершіліктер және функңиялар болып бөлінеді. Бекітілген өкілеттілік аясында әрбір басқару құрылымы өз бетінше басқару шешімдерін қабылдауға кұқықтары бар. Басқарудың жоғары деңгейі ағымдағы қызметке, соңғысы өзінің функцияларын орындай алмаған жағдайда ғана араласа алады. Бір деңгейдегі басқару құрылымдары тікелей бір-бірімен өзара әрекеттесе отырып, басқарудың жоғары деңгейлерінің көмегінсіз өздерінің мәселелерін шеше алады. Басқару деңгейлері арасындағы өзара әрекеттесу бөлінген өкілеттіліктер мен функциялар шегінен шығып кететін болса, келісімшарт түрінде жүзеге асырылады. Өкілеттіліктерді бөлгенде функциялардың қайсысын ерекше орындау қағидасымен, ал, қайсысы үшін басқарудың әр түрлі Деңгейлеріне ортақ жауапкершілік бекіту керектігін ескеріп, соған сәйкес оңтайлы шешімдер табу маңызды болып табылады.

Аймақтық басқарудың кез келген деңгейі басқарушылық қызметтің нақты түрлерін орындаумен сипатталады, яғни, құрылымның әрбір деңгейіне қатысты нақты функциялардың болуы. Аймақтық басқарудың нақты функцияларының жиынтығы басқару деңгейінің негізгі сипаттамасы болып табылады. Оларды бөлудегі бастапқы негіз аймақтық басқарудың нақты әр деңгейінің мақсаттары мен міндеттері. Әр деңгей жоғары деңгеймен келісе отырып, өзінің мақсаттарын қалыптастырады.

Аймақтық басқару құрылымының деңгейлері бойынша функциялар мен міндеттерді бөлу және қалыптастыру төменнен, яғни басқару объектісінен, сол сияқты жоғарыдан басқару субъектісінен де таралуы тиіс. Функциялар мен міндеттер тым орталықтандырылу негізінде қалыптастырылса, төменгі деңгейлерге артық немесе жүзеге асырылмайтын функциялардың берілу қаупі туындайды, сол сияқты оларды орталықсыздандыру арқылы қалыптастырған жағдайда маңызды стратегиялық мақсаттар мен міндеттердің ескерілмей қалу қаупі бар. Басқару деңгейлері бойынша нақты функцияларды бөлгенде төменгі басқару деңгейлерінің басымдығы немесе теңдігі сақталуы тиіс. Бөлу барысында басқару органдарының міндетті өкілеттілігіне аймақты басқару мақсаттарына жауап бермейтін және нарықтық қатынастар арқылы шаруашылық жүргізуші субъектілер өздері жүзеге асыратын функциялар енгізілмеуі қажет.

Осыған байланысты аймақты басқарудың көптеген функцияларын бөлудің негізгі ережесі болып субсидарльқ қағидасы табылады. Ол қағидаға сәйкес басқарудың нақты функциясы оны тұтынушыға барынша жақын болуы тиіс. Демек, басқару деңгейлері арасында бөлінген функциялар басқару объектісінің мақсатына қаншалықты сай болса, басқару да соншалықты нәтижелі болады. Сонымен қатар басқару деңгейлері арасындағы функцияларды бөлгенде сақталуы қажет бірқатар қағидаларды атап өтейік:

• өкілеттіліктердің жеткілікті болу қағидасы, оған сәйкес функцияны орындайтын басқару деңгейінің өкілеттілігі оны тиімді жүзеге асыру үшін қажет және жеткілікті болуы тиіс;

  • өкілеттіліктер мен жауапкершіліктердің сәйкестік қағидасы, белгілі бір функцияны орындаудағы жауапкершілік берілген өкілеттіліктер шегінен асып кетпеуі қажет, сондай-ақ бұл өкілеттіліктерден кем болмауы да шарт;
  • ресурстармен қамтамасыз етілу қағидасы, басқару деңгейіне сәйкес нақты функцияны жүзеге асыру қажетті материалдық, қаржылық, еңбек және ақпараттық ресурстармен қамтамасыз етілуі қажет.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аймақтарды басқарудың шетелдік тәжірбиесін пайдалану мәселелері
Аймақтық саясат
Аймақтардың экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу
Халықты еңбекпен қамту туралы алғашқы
Қазақстан Республикасының аймақтарында шағын кәсіпкерліктің дамуының қазіргі жағдайы
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберіндегі еңбек көші-қонының құқықтық механизмдері
Қазақстан Республикасының экономикасының аймақаралық сипатын талдау
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнеске қолғабыс ету инфрақұрылымы
Инновациялық әлеует саясаты
Қазақстанда жергілікті өзін - өзі басқару жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz