Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстар


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

1. Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы және белгілері

2. Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстардың объективтік жағы

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазақстан Республикасы Кеңестік үкіметінің өз тәуелсіздігін алағанан кейін ақ біліне астады. Мемлекеттік аппарат шенеуніктерінің сыбайластыққа салынуына бастап белгілі бола бастаған еді. Қазіргі әлеуметтік проблемелерға байланысты Қазақстан Республикасының қылмыстық кодекстің 13 тарауы мемлекеттік қызмет пен басқару мүдделеріне қарсы сыбайластық жемқорлық және өзге де қылмыстарға арналған 1959 жылғы Қазақ ССР Қылмыстық кодексінде мұндай тарау жоқ еді, керісінше «Лауазымды қылмыстар» деген тарау (V) бар болатын. Қоғамызда орын алған күрделі әлеуметтік - экономикалық, саяси өзгерістердің нәтижесінде мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның лауазымды адамдардың қылмыстары мемлекеттік органның аппараты жүйесінде немесе коммерциялық және өзге де ұйымдар жүйесінде айқындалды.

Бүгінде сыбайлас жемқорлық секілді дертпен жекелеген мемлекеттер өз бетімен күресе алмайды. Әсіресе, жаһандану заманында сыбайлас жемқорлықтың иегі жоқ, ол бір елден екіншісіне оңай көшіп жүре береді. Бұл оңай іс емес. Бұл дерттің тамыры тереңде жатыр. Мұның дәлелі XV ғасырдың өзінде Британ парламенттінде осы мақсатта шулы даулар орын алған.

Көптеген мемлекеттік және жекелеген құрамдас жүйелерде сыбайлас жемқорлық төңірегінде қалыптасқан жағдай бөлек алып бара жатыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғаламдық және ұлттық деңгейлердегі маңызды қадамдарға қарамастан оның халықаралық қауымдастықтың алдына қойып отырған кедергілері әлі де бар. Сыбайлас жемқорлықтың қылмыстық - құқықтық көрініс түрлері туралы да өптеген пікірлер бар. Көптеген професорлар сыбайлас жемқорлыққа анықтама берген.

Профессор Н. Кузнецова сыбайлас жемқорлықты әлеуметтік көлеңкелі құбылыс деп көрсетіп, оның бір тұлғаны екінші бір тұлғаның сатып алуынан тұратынын анықтайды. Профессор А. И. Долгова осындай пікірді қолдай отырып, корупцияны мемлекеттік немесе басқада қызметкерлердің жеке басының пайдасы үшін ресми қызметтік өкілеттіліктерін және соған байланысты беделдері мен мүмкіндіктерін сатуы немесе сол үшін сатылуы деп атап көрсетеді. Бұл дегеніміз корупция ұғымын парақорлықпен теңестіру деген сөз. Басқалар корупцияны шенеуніктердің өз қызмет бабын жеке пайдасы үшін қолдануға негізделген басқару аппаратының іріп - шіруі деген анықтама береді. Бұл жағдайда олар «cor» (дене) сөзін негізге алып корупция деген сөзге латын тілімен сөзбе сөз дененің іруі іріп - шіруі процесі деп анықтама келтіреді. Осы мәселені түбегейлі зерттеп жүрген профессор В. В. Волженкин «сыбайлас жемқорлық дегеніміз - әлеуметтік құбылыс болып табылатын биліктің іріп - шіруі, мемлекттік функцияны атқаруға өкілетті мемлекеттің немесе басқа да соларға теңестірілген адамдардың өз қызмет бабын, қызмет статусы мен беделін жеке басының баюы мақсатында немесе топтық мүдде үшін пайдалануы деп анықтама берді.

Осы анқтамаға сүйенсек, сыбайлас жемқорлықтың парақорлық шегінен шығып кететіні байқаймыз.

Сыбайлас жемқорлық - мемлекеттік лауазымды адамның өзінің билік өкілеттігін және өзіне берілген құқықтарын белгілелеген ережелерге қайшы жеке басының пайдасына қолдануы. Бұл термин көбіне бюкрократялық аппаратқа және саяси элитоға қатысты қолданылады.

Сыбайлас жемқорлыққа тән белгі лауазымды адамның әрекеті мен оған жұмыс берушінің мүдделері арасындағы немесе таңдап алынған тұлғаның әрекеті мен қоғам мүдделерінің арасындағы қайшылық болып табылады.

Сыбайлас жемқорлықтың көптеген түрлері лауазымды адам жасаған алдау-арбауға ұқсайды және мемлекеттік билікке қарсы жасалған қылмыстар қатарына жатады.

Сыбайлас жемқорлыққа дискрециялық билікке, яғни өзіне тиесілі емес ресеурстарды өз қалауынша бөлу билігіне ие кез келген адам шенеунік, сот, құқық қорғау орындарының қызметкері, әкімші, дәрігер және т. б. ұшырауы мүмкін. Сыбайлас жемқорлыққа жетелейтін басты нәрсе билік өкіметтігін пайдалана отырып экономикалық пайда табу мүмкіндігі, ал басты қаупі - оны әшкереу мен жазалау. Сыбайлас жемқорлықтың тарихи жаныры жақсы жағдайға ие болу үшін сыйлық жасау дағдысынан бастау алады. Қымбат сыйлық адамды өзге сұраушылардың арасынан бөліп алып, оның өтініші орындауына мүмкіндік беретін болған. Сондықтан алғашқы қауымдық қоғамда дінбасыларға көсемге ақы төлеу қалыпты жағдай саналған. Мемлекеттік аппараттың күрделенуі мен орталық үкімет билігінің күшеюі нәтижесінде кәсіби шенеуніктер пайда болды, олар билеушілердің ойынша белгіленген жалақыға қанағаттануына тиіс еді. Ал іс жүзінде шенеуніктер өзінің қызмет жағдайын өз жағдай өз кірістерін құпия түрде көбейтуге қолдануға ұмтылды.

Сыбайлас жемқорлықтың ең қауіпті түрлері қылмыстық іске жатады. Сыбайлас жемқорлықпен күрестің батыл шараларын қабылдамасақ оның криминалдық экономикалық және әлеуметтік проблемадан саяси проблемаға айналып, мемлекеттің конституциялық негізіне қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан да еліміз Н. Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан 2030» . Барлық Қазақстандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі және тұрмыс жағдайының жақсаруы деп аталатын Жолдануында сыбайлас жемқорлықпен аяусыз күресті басты мақсаттар қатарына қойған, оны құқықтық мемлекет орнатудың шарты деп санаған.

Бұл бағыттағы жұмыс Елбасы Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаевтың қатаң бақылауына алынған, ол сыбайлас жемқорлықпен күресті жетілдіруді талап етіп отыр.

Елбасының сыбайлас жетқорлықпен күресінің 2006 - 2010 жылдарға арналған және Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына ену бағдарламасын ұсынды, онда сыбайлас жемқорлықпен күрестің жалпы ұлттық бағдарламаларын дәйекті түрде жүзеге асыру керектігіне баса назар аударды.

Сыбайлас жемқорлық қылмысының қоғам үшін қауіптілігі Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғанан кейін ақ біліне бастады, мемлекеттік аппарат шенеуніктерінің сыбайластыққа салынуы әу бастан белгілі бола бастаған еді. Осыған байланысты республикада бұл құбылысқа қарсы бағытталған заңдылық және ұйымдастырушылық шаруаларды қолға алды. 1992 жылы 17 - наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің «Ұйымдасқан қылмыстық нысандары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларын күшейту туралы жарлы шығып 1994 жылы Ұйымдасқан қылмыс пен күрес жөніндегі Республикалық комиссия құрылды. Оған қоса 1997 жылы 5 қарашада «Ұйымдасқан қылмыспен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті одан әрі өрістету шаралары туралы Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы қабылданды. Ал 1998 жылы шілдеде «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

Осымен байланысты Қазақстаннның посткеңестік кеңестікте алғашқылардың бірі болып сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң қабылдағанын атап көрсетеміз.

Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы және белгілері

Қылмыстық кодекстің 13-тарауы "Мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмысқа" арналған. 1959 жылғы Қылмыстық кодексте мұндай тарау жоқ еді, керісінше "Лауазымды кылмыстар" деген тарау (V) бар болатын. Қоғамымызда орын алған күрделі әлеуметтік-экономикалық, саяси өзгерістердің нәтижесінде лауазымды адамдардың кылмыстары мемлекеттік

органның аппараты жүйесінде немесе коммерииялық және өзге де ұйымдар жүйесінде істелетіні айқындалды. Осыған орай бұрынғы Кодекетегі лауазымдық қылмыстар деген тарау лауазымды адамдардың қызмет бабын пайдалана отырып істейтін қоғамға қауіпті іс-әрекеттерінің мәніне қарай коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы және мемлекеттік қызметкерлеріне қарсы қылмыстар болып жеке екі тарауға бөлінеді. Мұндай бөлінудің негізгі қылмыстың объектісі мен субъектісі болып табылады. Мемлекеттік емес ұйымдардың лауазымды адамдарының қылмысты іс-әрекеті сол ұйымдардың бір қалыпты жұмысына кедергі келтіреді және олардың мемлекеттік аппарат қызметіне еш қатысы болмайды.

Осы екі органның - мемлекеттік немесе коммерциялык және өзге ұйымдардың лауазымды адамдарының атқаратын функцияларында елеулі өзгерістер бар. Сондықтан да осы тұрғыдағы кылмыстар үшін жауаптылық Кодекстің арнаулы 8-тарауында көзделген. Жалпыға мәлім бірқалыпты дұрыс қызмет атқаратын мемлекеттік органдардың қызметі ғана қоғамның экономикалық дамуына, оның мүшелерінің құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге қабілетті. Осыған орай мемлекеттік аппараттың қызметін корғау, оған қылмыстық қол сұғуды болдырмау ең маңызды мәселе болып табылады. Өйткені мемлекеттік аппарат қоғамды басқару жүйесінің қажетті белгісі болып, ондағы жүріп жатқан процестердің реттеушісі болып табылады. Жаңа Қылмыстық кодексте қызмет борышын адал атқаратындардың мүдделерін қорғайтын көптеген баптар баршылық, сонымен бірге өз қызметтеріне қиянат жасайтындарға заң алдындағы қатаң жауаптылықта көзделген.

Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстарды бір тарауға біріктіруге негіз болған мына төмендегідей ортақ белгілері бар: 1) Бұл тұрғыдағы қылмыстар негізінен арнаулы субъект - мемлекеттік қызметші немесе мемлекеттік органның лауазымды адамдары арқылы жасалады.

  1. Бұл тараудағы кылмыстар қызмет өкілдігін пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
  2. Лауазымды адамдардың қылмысты іс-әрекеттері мемлекеттік аппараттың дұрыс, заңды қызметін қызмет мүддесіне кайшы түрде бұзады.

Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстардың объективтік жағы

Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстардың топтық объектісі-мемлекеттік апараттың дұрыс, бір қалыпты қызметі. Қосымша тікелей объектісіне-азаматтардың, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделері, қоғамның, мемлекеттік заңды мүдделері жатады. Кейбір қылмыс құрамдарының міндетті белгісі қылмыс заты болады: материалдық сыйақы (311, 312, 313-баптар) ресми құжат (314-бап) .

Объективтік жағынан-мемлекет мүддесіне қарсы қылмыстар материалдық құрам (307, 309, 315, 316-баптар) және формалдық құрам (310, 314-баптар) болып бөлінеді.

Субъективтік жағынан бұл қылмыстар негізінен қасақана кінә нысанымен жасалады, тек қана салақтық (316-бап) абайсыздық түрiндегі кінә нысаны арқылы жүзеге асырылады. Қызмет өкілеттігін теріс пайдалану (307-бап), қызметтік жалғандық (314-бап) жасау құрамдарының субъективтік жағынын қажетті белгісі ретінде заңда пайдакүнемдік немесе өзге де жеке басының мүддесі көзделген.

Осы тараудағы қылмыстардың субъектісі-мемлекеттік қызметші немесе мемлекеттік аппараттың лауазымды адамдары болады. Тек қана Қылмыстық кодекстің 312, 313, -баптарының субъектісі жай адам болады.

2 . 307-бап. Қызмет өкiлеттiгiн терiс пайдалану

Қылмыстың объектісі-мемлекеттік аппараттың қалыпты, заңды қызметіне қол сұғу.

Қызметтік өкілетті теріс пайдалану объективті жақтарының міндетті белгілері мыналар болып табылады: мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның қызметтiк өкiлеттiгiн өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылық алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында қызмет мүдделерiне кереғар пайдалануы, eгep бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн елеулi түрде бұзуға әкеп соғуы болып табылады.

Лауазымды адамдардың заңсыз іс-әрекеттері мен пайда болған зардаптарының арасында келтірілген себептік байланыс болуы керек. Субъективті жағынан қылмыс қасақана нысанымен сипатталады.

Егер осы қылмысты адам пайдакүнемдікпен немесе өзге де жеке бас мүддесі үшін жасаған болса ғана жауапкершілік туындауы мүмкін. Осы қылмыстық ниеті қылмыстық құрамдардың міндетті элементтері болып табылады. Пайдакүнемдікпен жасалған қылмыстар ниеттің, мақсаттың болуы, лауазымды тұлғаның заңсыз сыйақы, мүлік, ақша, көлденең табыс, я болмаса материалды түрдегі басқа да жеке басының пайдасына шешілетін қажетті жағдайлар жасалуымен сипатталады.

Өзге де жеке басының мүддесі үшін жасалған әрекеттер деп мүліктік емес, яғни карьеризм, қызғанушылық, протекционизм, жағымпаздық, т. б. осы сияқты белгілермен ұштасқан әрекеттерді айтамыз.

Заңға сәйкес аталған қылмыс құрамының субъектісі болып, біріншіден, өкілет өкілі қызметін жүзеге асырушы лауазымды тұлғалар; екіншіден, мемлекеттің міндетін тікелей орындау үшін қажетті қызметтерді атқаратын адамдар танылады.

Осы баптың 2-бөлігі, лауазымды адам жасаған нақ сол әрекет, ал 3-бөлігінде, жауапты мемлекеттiк лауазым атқаратын адам жасаған нақ сол әрекет үшін қатаң жауаптылық көзделген.

Аталған баптың 4-бөлігі осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген, ауыр зардаптарға әкеп соққан не ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық қауымдастықтың (қылмыстық ұйымның) мүддесiнде жасалған әрекеттер үшін жауаптылықты көздейді.

Заңда берілген ескертулерге байланысты.

1. Мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамдарға лауазымды адамдар, Парламент пен мәслихаттардың депутаттары, судьялар және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңдарына сәйкес барлық мемлекеттiк қызметшiлер жатады.
2. Мемлекеттiк қызмет атқаруға уәкiлеттi адамдарға:
1) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына сайланған адамдар;
2) заңда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасының Парламентi мен мәслихаттардың депутаттығына, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару сайланбалы органдарының мүшелiгiне кандидаттар ретiнде тiркелген азаматтар;

3) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында тұрақты нeмece уақытша жұмыс iстейтiн, еңбегiне ақы Қазақстан Республикасы мемлекеттiк бюджетiнiң қаражатынан төленетiн қызметшiлер;
4) мемлекеттiк ұйымдарда және жарғылық капиталындағы мемлекеттiң үлесi кемiнде отыз бec процент болатын ұйымдарда, сондай-ақ жарғылық капиталындағы мемлекеттiң үлесi (кемiнде отыз бес процент) ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық даму институттарына, ұлттық компанияларға берiлген ұйымдарда, сондай-ақ олардың еншiлес ұйымдарында басқару функцияларын атқаратын адамдар теңестiрiледi.
3. Тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкiлеттiк бойынша өкiметтiң өкiлi қызметiн жүзеге асырушы не мемлекеттiк органдарда, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында ұйымдастырушылық-әкiмшiлiк немесе әкiмшiлiк-шаруашылық қызметтердi орындаушы адамдар лауазымды адамдар деп танылады.
4. Мемлекет қызметтерiн және мемлекеттiк органдардың өкiлеттiктерiн тiкелей орындау үшiн Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының конституциялық және өзге де заңдарында белгiленген лауазымдарды атқаратын адамдар, сол сияқты Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңдарына сәйкес мемлекеттiк қызметшiлердiң саяси лауазымдарын атқаратын адамдар жауапты мемлекеттiк лауазым атқаратын адамдар деп түсiнiледi.
5. Осы Кодекстiң 176-бабы үшiншi бөлiгiнiң г) тармағында, 177-бабы үшiншi бөлiгiнiң г) тармағында, 192-бабы екiншi бөлiмiнiң в) тармағында, 193-бабы үшiншi бөлiмiнiң а) тармағында, 209-бабы үшiншi бөлiмiнiң а) тармағында, 307-бабында, 308-бабының төртiншi бөлiмiнiң в) тармағында, 310-315-баптарында, 380-бабында көзделген қылмыстар, оларды жасаған адамдар мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алған жағдайларда, сыбайлас жемқорлық қылмыстар деп танылады.

3. 308-бап. Билiктi не қызметтiк өкiлеттiктi асыра пайдалану

Қылмыстың объектісі-мемлекеттік аппараттың қалыпты қызметі болып табылады.

Объективті жағынан алғанда бұл қылмыс міндетті түрде келесі белгілермен сипатталады: билiктi не лауазымдық өкiлеттiктi асыра пайдалану, яғни мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның өзiнiң құқықтары мен өкiлеттiгi шегiнен көрiнеу асып кететiн және азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн елеулi түрде бұзуға әкеп соғатын әрекеттер жасауы; осы бапта келтірілген заң бұзушылық түрінде қоғамға қауіпті зардаптардың болуы; тұлғаның өкілеттік шегінен асуы мен жасалған зардаптар арасында себептік байланыстың болуы.

Заңда көрсетілген зардаптар басталған сәттен бастап қылмыс, атап айтқанда азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделері не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзу аяқталған болып есептеледі.

Билікті және қызметтік өкілеттікті асыра пайдаланудың объективтік жағынан қажетті белгісі-лауазымды адамның құқықтары мен өкілеттігі шегінен көрінеу асып кетуі мен одан тікелей туындаған заңда көрсетілген зардаптың біреуінің орын алуының арасындағы себепті байланыстың болуы болып табылады.

Қылмыс субъективтік жағынан тек қана қасақаналықпен жасалады.

Қылмыстың субъектісі болып өкімет өкілі немесе басқадай лауазымды тұлғалар танылады. Осы баптың 2-бөлігінде лауазымды адам жасаған нақ сол әрекет үшін жауаптылық көрсетілген, ал 3-бөлігінде жауапты мемлекеттiк лауазым атқаратын адам жасаған нақ сол әрекет үшін жауаптылық көзделген. 4-бөлігінде осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiмдерiнде көзделген әрекеттер не ауыр зардаптарға әкеп соқтырған әрекеттер:
а) күш қолдану немесе оны қолданамын деп қорқыту арқылы; б) қаруды немесе арнайы құралдарды қолдану арқылы; в) өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылық алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында жасалғаны үшін жауаптылық көзделген.

4. 311-бап. Пара алу

Пара алудың объектісі мемлекеттік ақпараттың дұрыс қызметі, беделі болып табылады.

Қылмыстың қажетті белгілерінің бірі параның заты болып табылады. Пара заты болып табылатын: ақша, бағалы қағаз, материалдық игіліктер, өтеусіз төлемдер, төленетін қызметті тегін көрсету, қымбат заттар мен техника, антикварлық, жеке коллекциялық заттар, және де мүлікке құқық беретін жеңілдіктер (құрылыс жүргізу, қалпына келтіру, жөндеу жұмыстары, жол жүру билеті, жеңілдік арқылы қарыз алу және т. б. ) .

Қылмыстың объективтік жағы болып-мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның, өзi немесе делдал арқылы пара берушiнiң немесе оның өкiлi болған адамның пайдасына жасаған iс-әрекетi (әрекетсiздiгi) үшiн ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүлiк, мүлiкке құқығы немесе мүлiк сипатындағы өзi немесе басқа адамдар үшiн пайда түрiнде пара алуы, егер, мұндай iс-әрекет (әрекетсiздiк) мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның қызметтiк өкiлеттiгiне кiретiн болса не ол қызметтiк жағдайына байланысты осындай iс-әрекетке (әрекетсiздiкке) мүмкiндiк жасаса, сол сияқты жалпы қамқоршылығы немесе қызметi бойынша жол беруі болып табылады.

Пара алу- формалдық қылмыс құрамына жатады. Ол мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның келісілген параның бір бөлігін алған уақыттан бастап аяқталған деп танылады.

Пара алудың субъектісі мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адам не оған теңестiрiлген адам.

Қылмыстық кодекстің 311-бабының 2-ші бөлігі бойынша, лауазымды адамның 1-ші бөлігінде көрстеілген нақ сол әрекеттердi жасауы, сол сияқты заңсыз iс-әрекет (әрекетсiздiгi) үшiн пара алуы.

Қылмыстық кодекстің 311-бабының 3-бөлігі, осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiмдерiнде көзделген, жауапты мемлекеттiк лауазымды атқарушы адам жасаған әрекеттер үшін қылмыстық жауаптылық көзделген. Қылмыс субъектісі жауапты мемлекеттік лауазымды адам.

Осы баптың 4-бөлігі пара алудың ерекше дәрежеленген белгілерін көздеген: а) қорқытып алу жолымен; б) адамдар тобы алдын-ала сөз байласып немесе ұйымдасқан топ; в) ірі мөлшерде (500 АЕК) ; г) әлденеше рет жасаса. Ал 5-бөлігінде осы баптың бiрiншi, екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер олар аса iрi мөлшерде жасалса.

Заңда көрсетілген ескертуге байланысты.
1. Бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен асатын ақша сомасы, бағалы қағаздардың, өзге де мүлiктiң немесе мүлiктiк сипаттағы пайданың құны iрi мөлшердегi пара деп танылады.
2. Егер сыйлықтың құны екi айлық есептiк көрсеткiштен аспаса, мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның бiрiншi рет сыйлық ретiнде мүлiк, мүлiкке немесе өзге мүлiктiк пайдаға құқық алуы бұрын жасалған заңды әрекетi (әрекетсiздiгi) үшiн алдын ала уағдаластық болмаған жағдайда маңызы аз екендiгiне байланысты қылмыс болып табылмайды және тәртiптiк немесе әкiмшiлiк ретпен қудаланады.
3. Екi мың айлық есептiк көрсеткiштен асатын ақша сомасы, бағалы қағаздардың, өзге де мүлiктiң немесе мүлiктiк сипаттағы пайданың құны аса iрi мөлшердегi пара болып танылады.
4. Осы Кодекстiң осы бабына және 312-бабына қатысты лауазымды
адамдарға осы Кодекстiң 307-бабының ескертулерiнде көрсетiлген
лауазымды адамдар, сондай-ақ шет мемлекеттердiң немесе халықаралық
ұйымдардың лауазымды адамдары жатады.

312-бап. Пара беру

312-баптың 1-бөлігі бойынша пара беру дегеніміз мемлекеттiк функцияларды атқаруға уәкiлеттi адамға не оған теңестiрiлген адамға тiкелей немесе делдал арқылы пара беру.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстардың құрамы, саралануы мен түрлері
Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстардың жекелеген құрамдар
Тәртіптік жауапкершілікке әкеп соғатын сыбайлас жемқорлық әрекеттері
Қазақстан Республикасында әскери қызмет атқарудың тәртібі
Парақорлық қызметтік пайдакүнемдік қылмыс
Қылмыс ұғымы және қылмысқа жауапкершілік
Қылмыстық құқық Ерекше бөлімінің жалпы ұғымы
Мемлекеттік қызмет пен басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының мәселелерінің түрлері
ҚЫЗМЕТТІК ӨКІЛЕТТІЛІКТІ ТЕРІС ПАЙДАЛАНУМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫЛМЫСТАР
Қылмыс объектілерінің түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz