Жаздық бидай



I.Кіріспе
1.1) Жаздық бидайға сипаттама
1.2)БҚО Орал қаласының табиғи климаттық жағдайы.
II.Негізгі бөлім
2.1) Жаздық бидай дақылын өсіру технологиясы
2.2) Жаздық бидайда кездесетін зиянды нематодалар, кенелер, кеміргіштер.
2.3) Есептеу тәсілдері.
2.4) Күресу шаралары
III.Қорытынды.
IV.Пайдаланылған әдебиеттер.
Бидай (лат. Triticum) – астық тұқымдасына жататын аса маңызды дәнді дақыл. Қазақстанда 6 түрі (Еділ бидайы, Польша бидайы, көже бидай, жұмсақ бидай, қатты бидай, көбен бидай) өседі, жабайы түрлері сирек кездеседі. Бидай – дәнді-дақылдар тобына жататын, көбінесе біржылдық шөптесін өсімдік. Дәнді-дақылдардың ішіндегі ең басты және ең көп өндірілетін дақыл. Бидайдың 20-ға жуық жабайы және мәдени түрі белгілі. Бір гектардан 30-40 центнер өнім береді. Бидай сұрыптары құрамындағы эндосперманың (80-84%) мөлшеріне байланысты бағаланады.
Бидай біздің заманымызға дейінгі 6000-5000 жылдары Ежелгі Грекияда өсіріле бастаған. Мысыр мен Қытайда біздің заманымыздан 4000 жыл бұрын бидайдан тағамдар жасаған. Адамдар бидайды тек тағам ретінде ғана емес, сонымен қатар емдік қасиеттері үшін де ерте заманнан бағалаған. Бидайдың дәні байлық пен жақсылықтың нышаны ретінде қабылданған, өйткені ол кезде көбіне қолданылған сұлы мен қара бидайға қарағанда, суыққа және құрғақшылыққа төзімсіз бидайдан жақсы өнім алу қиын болған. Ақ ұн тек үлкен мерекелер кезінде ғана пайдаланылған, онда да оған әркімнің мүмкіндігі келе бермейтін. Сұрпына қарай бидайдың құрамындағы крахмал мен көмірсулардың мөлшері 50-70%-ға дейін, ақуыздар 10%-дан 20%-ға дейін жетеді. Сондай-ақ, өсімдік майлары, дәрумендер (В1, В2, В6, С, Е, РР), минералдар (калий, кальций, магний, фосфор т.б), өзектер, пектинді заттар, сонымен қатар белсенді ферменттер бар. Зерттеу жұмыстары барысында суда өнген бидайдың құндылығы бірнеше есе көбейетіні анықталған. Мәселен, өнген бидайда В2 дәрумені 10 есе көп болған. Осындай керемет қасиеттерінің арқасында өнген бидайды жеу адам ағзасы үшін аса пайдалы. Бидайдың дәніне қарағанда, қабығы мен ұрығында Е дәрумені, антиоксиданттар, В тобындағы дәрумендер өте көп болады. Жұмсақ және қатты бидайлардың жаздық және күздік сорттары бар. Жаздық бидай көктемде, күздік бидай күзде егіледі. Күздік бидайдың тұқымы 1 — 20С жылылықта, 7 — 9 күнде көктеп шығады. Сол қалпымен қар астында қыстап, көктемде өсіп, дән салып, жазда піскен соң орылып жиналады. Күздік бидай дәнінің толыға бастаған кезінде ылғалды көп керек етеді. Көктемгі қуаңшылық оның өнімінің азаюына әсер етеді, дәні солыңқы болады. Сондықтан қыста қар тоқтату жұмыстарын жүргізу керек. Күздік бидай, көбінесе, оңтүстік облыстарда өсіріледі. Күздік бидайдың белгілі сорттары: “Жетісу”, “Қарлығаш”, “Комсомолдық — 1”, “Мироновтық — 808”, “Прогресс”, “Шыны тәріздес-24”. Егіс көлемі, түсімі, дәнінің сапасы жағынан жаздық бидай бірінші орын алады. Ол, көбінесе, Қазақстанның солтүстік, солтүстік-шығыс, орталық облыстарында өсіріледі, оның тұқымы 12 — 140С жылылықта бітік шығады. Түптену және сабақтану кезеңінде суды көп керек етеді, әрі топырақтың құнарлығын қалайды. Әсіресе, қызыл-қоңыр, құнарлы, саздау топырақтарда, тың жерлерде жақсы өседі.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
I.Кіріспе
1.1) Жаздық бидайға сипаттама
1.2)БҚО Орал қаласының табиғи климаттық жағдайы.
II.Негізгі бөлім
2.1) Жаздық бидай дақылын өсіру технологиясы
2.2) Жаздық бидайда кездесетін зиянды нематодалар, кенелер, кеміргіштер.
2.3) Есептеу тәсілдері.
2.4) Күресу шаралары
III.Қорытынды.
IV.Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе
0.1. Жаздық бидайға сипаттама.
Бидай (лат. Triticum) - астық тұқымдасына жататын аса маңызды дәнді дақыл. Қазақстанда 6 түрі (Еділ бидайы, Польша бидайы, көже бидай, жұмсақ бидай, қатты бидай, көбен бидай) өседі, жабайы түрлері сирек кездеседі. Бидай - дәнді-дақылдар тобына жататын, көбінесе біржылдық шөптесін өсімдік. Дәнді-дақылдардың ішіндегі ең басты және ең көп өндірілетін дақыл. Бидайдың 20-ға жуық жабайы және мәдени түрі белгілі. Бір гектардан 30-40 центнер өнім береді. Бидай сұрыптары құрамындағы эндосперманың (80-84%) мөлшеріне байланысты бағаланады.
Бидай біздің заманымызға дейінгі 6000-5000 жылдары Ежелгі Грекияда өсіріле бастаған. Мысыр мен Қытайда біздің заманымыздан 4000 жыл бұрын бидайдан тағамдар жасаған. Адамдар бидайды тек тағам ретінде ғана емес, сонымен қатар емдік қасиеттері үшін де ерте заманнан бағалаған. Бидайдың дәні байлық пен жақсылықтың нышаны ретінде қабылданған, өйткені ол кезде көбіне қолданылған сұлы мен қара бидайға қарағанда, суыққа және құрғақшылыққа төзімсіз бидайдан жақсы өнім алу қиын болған. Ақ ұн тек үлкен мерекелер кезінде ғана пайдаланылған, онда да оған әркімнің мүмкіндігі келе бермейтін. Сұрпына қарай бидайдың құрамындағы крахмал мен көмірсулардың мөлшері 50-70%-ға дейін, ақуыздар 10%-дан 20%-ға дейін жетеді. Сондай-ақ, өсімдік майлары, дәрумендер (В1, В2, В6, С, Е, РР), минералдар (калий, кальций, магний, фосфор т.б), өзектер, пектинді заттар, сонымен қатар белсенді ферменттер бар. Зерттеу жұмыстары барысында суда өнген бидайдың құндылығы бірнеше есе көбейетіні анықталған. Мәселен, өнген бидайда В2 дәрумені 10 есе көп болған. Осындай керемет қасиеттерінің арқасында өнген бидайды жеу адам ағзасы үшін аса пайдалы. Бидайдың дәніне қарағанда, қабығы мен ұрығында Е дәрумені, антиоксиданттар, В тобындағы дәрумендер өте көп болады. Жұмсақ және қатты бидайлардың жаздық және күздік сорттары бар. Жаздық бидай көктемде, күздік бидай күзде егіледі. Күздік бидайдың тұқымы 1 -- 20С жылылықта, 7 -- 9 күнде көктеп шығады. Сол қалпымен қар астында қыстап, көктемде өсіп, дән салып, жазда піскен соң орылып жиналады. Күздік бидай дәнінің толыға бастаған кезінде ылғалды көп керек етеді. Көктемгі қуаңшылық оның өнімінің азаюына әсер етеді, дәні солыңқы болады. Сондықтан қыста қар тоқтату жұмыстарын жүргізу керек. Күздік бидай, көбінесе, оңтүстік облыстарда өсіріледі. Күздік бидайдың белгілі сорттары: "Жетісу", "Қарлығаш", "Комсомолдық -- 1", "Мироновтық -- 808", "Прогресс", "Шыны тәріздес-24". Егіс көлемі, түсімі, дәнінің сапасы жағынан жаздық бидай бірінші орын алады. Ол, көбінесе, Қазақстанның солтүстік, солтүстік-шығыс, орталық облыстарында өсіріледі, оның тұқымы 12 -- 140С жылылықта бітік шығады. Түптену және сабақтану кезеңінде суды көп керек етеді, әрі топырақтың құнарлығын қалайды. Әсіресе, қызыл-қоңыр, құнарлы, саздау топырақтарда, тың жерлерде жақсы өседі. Тұқым себу мөлшері мен мерзімі әр аймақтың ауа райына, топырағына байланысты. Қазақстанда жаздық бидайдың көп тараған сорттарына ерте пісетін "Қазақстан-15", "Қазақстан-19", "Қазақстан-25", "Қарабалықтық-90", "Лютесценс-32", "Саратовтық -- 29", т.б. жатады.
Жаздық бидайдың өзі дәнінің сапасына қарай жұмсақ және қатты бидай болып бөлінеді. Жұмсақ бидайдың өнімділігі жоғары, сапасы төмен, ұны макарон жасауға келмейді. Әйтсе де жұмсақ бидай астық шаруашылығының негізгі дақылы ретінде елімізде жаздық бидай егісінің 90%-тен астам жеріне егіледі. Бидай дәні 1 - 2 0С-та өсе бастайды, бірақ дәнді топырақ температурасы 10 - 12 0С-қа жеткен мезгілде себу керек. Күннің жылынуы әр жерде әрқалай, әр мерзімде өзгеріп тұрады. Республикамыздың батысында сәуір айында күн жылып, температура қажетті мөлшерге жете бастайды. Ал күннің тез жылуына байланысты жер тез құрғай бастайды, сондықтан ылғалды тиімді пайдаланып, жаздық дақылдарды мерзімінде сепкен жөн. Еліміздің солтүстігінде көктем кеш шығып, құрғақшылық ертерек басталады, жаз ортасы жаңбырлы, егістіктің өсіп-жетілуіне қолайлы келеді. Сондықтан бұл жерде жаздық дақылдарды кешірек (мамыр айының 10 -- 15-терінде) егеді. Ал бидай сорттарының ерте-кеш пісетініне қарай егу мерзімі реттеліп отырады. Кеш пісетіндерін ертерек, ерте пісетіндерін кешірек себеді. Бұл жағдай дәнді дақылдарды егу кезіндегі ұйымдастыру жұмыстарын, әр мерзімде егілген егістің пісу мерзімін реттеуге, әр мерзімде піскен дақылдарды шығынсыз жинап алуға мүмкіндік береді. Өнім әр мерзімде жиналған кезде егістік даланы ретімен келесі егіске дайындайды. Өнім шығымдылығы егілетін дәннің егу мөлшеріне, егу тереңдігіне байланысты болады. Бұл өлшемдер әр дақылда әр түрлі. Оған қоса топырақтың құнарлылығына, ылғалдылығына, температурасына байланысты өзгеріп тұрады. Мысалы, Батыс Қазақстан облысында әр га-ға 1,5 - 2,8 млн., солтүстікте 2 - 3 млн., шығыста 2,5 - 4 млн. дән себіледі. Ылғалды жерге дән таяз, құрғақ жерге тереңірек егіледі. Егу тереңдігі 4 -- 5 см-ден 6 -- 7 см-ге дейін өзгеріп отырады. Жаз бойы егістік даланы арамшөптен, зиянкестерден қорғау жұмыстары жүргізіледі. Дәнді дақылдардың, оның ішінде бидайдың егістік жер көлемі ылғалы аз, ыстық, құрғақ далалы жерде орналасқан. Осыған байланысты ауыспалы егіс жүйесінің құрамында сүрі жер міндетті түрде болуы тиіс. Бидайды осы сүрі жерге, одан соң 2-3 - дақыл ретінде егеді.

1.2. БҚО Орал қаласының табиғи климаттық жағдайы.
Облыстың климаты тым континенттік. Қысы суық, жазы ыстық әрі құрғақ. Қаңтар айының орташа температурасы - 11 -- 14 °С, кейде -- 40 °С-қа дейін төмендейді, шілде айындағы температура 22 -- 25 °С, кейде 40 °С-қа дейін көтеріледі. Жауын-шашынның көп жылдық орташа мөлш. 190 (оңт-те) -- 350 мм (солтүстікте). Қар жамылғысы 70 күннен (оңтүстікте) 140 күнге (солтүстікте) дейін жатады. Жыл бойына екпінді желдер (кейде 15 -- 20 мс-қа дейін) болып тұрады. Өсімдіктердің вегетациялық кезеңі 150 -- 170 тәулік. Облыс аумағында ғасырлар бойы үстем болған табиғи құбылыстардың әсерінен тым континенттік климат басым қалыптасқан және бұл сипат солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай күшейе түседі. Континенттік климат нәтижесінде күн мен түн, қыс пен жаздағы ауа райының шұғыл қарама-қарсылығы байқалып, қыс маусымы жазға тез ауысады. Бүкіл облыс жері үшін атмосфералық жауын-шашынның тұрақты болмауы мен тапшылығы, қар жамылғысының жұқалығы мен ашық далада ұлпа қар дың жел екпінімен ұйытқып ұшып кетуі, ауа мен топырақтың тым құрғақтығы, бүкіл вегетациялық (өніп-өсу) кезеңінің өн бойында жер бетіне тікелей күн жарығының өте көп түсуі және топырақтың қарқынды булануы тән. Қысы суық, көбіне бұлтты, бұлыңғыр, бірақ қысқа, ал жаз ыстық және әжептәуір ұзақ болады. Бүкіл облыс аумағы үшін ауаның орташа жылдық температурасы 5,9°С жылы келеді. Қыс маусымы, әдетте, тәуліктік температураның 0°С-тан төмендеуінен басталады; бүл құбылыс облыстың солтүстігінде қазан айының соңғы күндерінде, оңтүстігінде 5-10 қарашада болады. Тұрақты қар жамылғысы солтүстік аудандарда желтоқсанның алғашқы он күндігінде, ал оңтүстік аудандарда желтоқсанның екінші он күндігінің ақырында түзіледі. Қыс ерте түскен жылдары облыстың солтүстігінде тұрақты қар жамылғысы қарашаның алғашқы күндерінде, ал кеш түскен жылдары қаңтарда түзіледі. Оның қалындығы облыстың солтүстік бөлігінде наурыздың алғашқы жартысында 25-30 см-ге және оңтүстік бөлігінде 10-20 см-ге жетеді. Қар суының орташа жылдық қоры облыстың солтүстігінде 90 мм-ге, оңтүстігінде 30-55 мм- ге дейін жиналады; қар жұқа болган жылдары орташа көп жылдық қор мөлшері 1,5- 2 есеге дейін азаяды. Ең суық ай - қаңтар, Бұл айда температура облыс солтүстігінде -- 14-11°С аяз болады, орташа температура - 12,9°С. Қысқы кезеңде облыс аспанына арктикалық ағын енген кезде ауаның суықтығы оқта-текте -30-35°С- қа дейін төмендейді, өте суық күндерде абсолюттік ең төменгі температура -- 40-44°С-қа дейін барады. Кейде қаңтар мен ақпанда 1-3 күнге созылатын жылымық болуы мүмкін. Қыс айларында желдің қарқыны 4,5-5 м сек-қа жетеді. Әсіресе ақпан мен наурызда күшті жел соғып, қарлы боран мен бұрқасын үйтқиды. Көп жылдық қарлы боран күндерінің қыстағы орташа мөлшері облыстың солтүстігінде 30-35 күнге, оңтүстігінде 15-20 күнге жетеді. Ауа температурасының 0°С- тан жоғары тұрақты шамасы облыстың солтүстік жағында сәуірдің алғашқы бес күндігінде, оңтүстік батысында наурыздың үшінші он күндігінің басында байқалады. Бұл кезеңде қар жамылғысы сетінеп, жылғалардан су ағып, өзендер деңгейі көтеріле бастайды. Көп жылдық бақылаулардың мәліметтері бойынша Орал қаласында 24 көкекте ауаның орташа тәуліктік температурасы 10°С-тан жоғарылайды да, ауыл шаруашылық дақылдарының басым бөлігі белсенді өсіп-өну кезеңіне өтеді. Көктем облыста ерте жөне жаппай басталады, бірақ күннің жылынуы үнемі ауытқулы болады, оқтын-оқтын ызғырық еседі. Жалпы, аязсыз кезең облыстың солтүстігінде 130 күнге, оңтүстігінде 170 күнге дейін жетеді. Кей жылдары аязсыз кезең бұл шамадан едәуір ауытқуы мүмкін. Жаз айлары ыстық, қуаң өрі шаңқай ашық ауа райы тән. Бүкіл аумақтағы ауаның орташа температурасы шілдеде 23,6°С құрайды, абсолюттік максимум 41-45°С ыстыққа жетеді. Облыс жағдайында топырақтың жеткілікті ылғалданып, егіннен мол өнім жинау көрсеткіші атмосфералық жауын-шашын түсіміне байланысты. Олардың жылдық мөлшері солтүстігінде 300 мм-ден жөне оңтүстігінде 140 мм-ге дейін ауытқиды, бүкіл облыс аумағы үшін орташа шама 263 мм- ге сәйкес келеді. Бірақ жауын-шашын өр жылда әркелкі мөлшерде болады. Агроклиматтық аудандарда 10°С-тан жоғары температуралық кезеңнің ішінде орташа алғанда солтүстікте 100-135 мм, оңтүстігінде 90-100 мм жауын-шашын түседі, Бұл жылдық жауын-шашынның 45-55%-і ғана, ал Бұл кезендегі булану шамасы солтүстікте 850 мм- ден оңтүстігінде 1300 мм-ге дейін шарықтайды. Вегетациялық кезең ішінде жауын- шашын мөлшері өсімдіктің қалыпты өсуі мен дамуы үшін жеткіліксіз болады, оның үстіне жылы кезендегі жауын-шашын жоғары темп-рамен үштасады да, іс жүзінде өсімдік үшін пайдасыз, мардымсыз болып қалады. Жылы кезеңдегі бұлыңғыр күндердің саны айына 5-8 күннен аспайды, ал желдің орташа айлық жылдамдығы жазғы кезенде 3,5-4,5 мсек. болады. Облыс ауа райы көктем соңында жөне ерте күз айларында шаруаға аса қолайсыз. Осы өлара шақта ызғар есіп, атмосфера жөне топырақ құрғақшылығы артып, аңызақ тұрып, шандақ пен құм борататын екпіні 15 мсек-тан асатын күшті дауыл соғып, бұршақ жауу, көк мұз басу, т.б. табиғи құбылыстар жиілейді.

2.1. Жаздық бидайды өсіру технологиясы
Бидайды күріш ауыспалы егісіне енгізіп, мелиоритивті танаптарда өсіру бұл дақылдың өсіру технологиясын жетілдіруді, әсіресе минеральды тыңайтқыштарды қолдану жүйесін және суару режимін оптимизациялауды қажет етеді. Жаздық бидайдың агротехникалық ролі де үлкен, өйткені ауыспалы егістегі суармалы жерлер тиімділігін арттырады,суды үнемдейді, жалпы өнімі артады.
Жаздық бидайдың өнімділігі көптеген факторларға, соның ішінде табиғи экологиялық және техногендік ( агроэкологиялық ) факторларға байланысты. Аймақтағы табиғи экологиялық факторлар (жарық және температура режимдері, жауын- шашын мөлшері,оның маусымдық және әр жылдары бойынша өзгеруі т.б. ) адамзат әрекеті арқылы реттелінбейді, оған бидай дақылы, оның сорттары бейімделуі керек.
ТМД елдері аймағында егіліп жүрген жаздық бидай сорттар ішінде саратов сорттары көпшілік жағдайда өнімді және қуаңшылыққа төзімді.
Жұмсақ бидайдың өнім деңгейі оған танаптарды дайындағанда жүргізілетін шаралармен ғана емес, сонымен қатар шаруашылықтағы бүкіл егіншілік мәдениетіне байланысты анықталады. Бидай өсірудің технологиясы оның морфологиялық және биологиялық ерекшеліктерін ескере отырып жасалуға тиіс. Жаздық бидай өсіруге қойылатын талаптарды төмендегідей жиынтық түрде көрсетуге болады: жаздық бидай барынша жоғары өнімді қоректік заттарға бай, жыртылатын қабаты қалың, бонитеті жоғары танаптарда қамтамасыз етеді. Топырақтың механикалық құрамы неғұрлым жеңіл болса, соғұрлым егіншілік мәдениеті мен пәрмендендіру факторларына талаптар да арттырылады. Бидайды өсіргенде шектеулі факторға өсімдіктердің өсіп-жетілу кезеңдеріндегі ылғалмен төмен деңгейде қамтамасыз етілуі де жатады; топырақ жеңіл болған сайын, жауын-шашынның мөлшері мен бөлінуі ерекше маңызға ие болады.
Алғы дақылдар. Дақылдың құндылығын ескере отырып, оның өсірілу жағдайларына талаптарын қанағаттандыру мақсатында жаздық бидайға барынша жақсы жерлерді, алғы дақылдарды таңдап алуға тура келеді. Ең жақсы алғы дақылдар: сүрі жері, сүріден кейінгі екінші дақыл, дәнді бұршақ дақылдары, сүрлемдік жүгері. Пішенге, жасыл балаусаға дәнді бұршақ дақылдарының бірімен (асбұршақ, сиыржоңышқа, ж.б.) немесе жеке өзі өсірілген сұлы, сонымен қатар ерте себіліп (жаздық бидайды себуге дейін) және жалқы азыққа (монокорм) жиналған арпа да айтарлықтай алғы дақыл болады.
Топырақ өңдеу. Топырақ өңдеу нақты аймақ жағдайында алғы дақылға, топырақ ерекшеліктеріне, оның арамшөптермен ластануына, басым арамшөптер түріне және көптеген басқа - жағдайларға байланысты өзгереді.
Топырақ өңдеу жүйесі көктемгі себу қарсаңына барынша мол ылғал қорын жинақтауға және оның өсімдіктердің өсіп-жетілу кезеңдерінде үнемді пайдалануына мүмкіндік жасағаны абзал.
Сүрі жерді өңдеу. Сүрі жерді өңдеу аймақтық егіншілік жүйесіне сәйкес жүргізіледі. Қазіргі кезеңде ҚР АШМ-нің Казагроинновация АҚ-ның А.И. Бараев атындағы Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ЖШС-нің және басқа ғылыми мекемелердің жасаған жазықтілгішті, кешенді құрастырылған эрозияға қарсы, нөлдік, минималды - нөлдік және минималды сүрі танабын дайындау технологиялары қолданылуда.
Жазық тілгішті сүрі танабы алғы дақыл жиналғаннан кейін жазық тілгіш культиваторлардың бірімен 12-14 см тереңдікке өңделеді.Соның нәтижесінде өсіп тұрған арамшөптер қырқылады, олардың тұқымының бір бөлігі топыраққа сіңіріледі және қопсытылған топырақ суды жақсы жұтады. Қара сұлымен қатты ластанған танаптарды күзде жазық тілгіштермен өңдесімен БИГ-3 имек тісті тырмалармен немесе олардың модификацияларының бірімен 4-6 см тереңдікке қосымша қопсытылады. Ал бұл агротехникалық шара қара сұлы мен басқа арамшөптер тұқымдарының ерте көктемде жаппай өсіп шығуына мүмкіндік жасайды. Көктемгі жұмыс сүрі жерді қара сұлы жаппай көктегеннен кейін жазық тілгіш культиваторлардың бірімен өңдеуден басталады. Күшті ластанған танаптарда бұл жұмысты дәнді дақылдарды сепкенге дейін жүргізген дұрыс, соның нәтижесінде арамшөптер тым өсіп кетпейді, топырақты өңдегенде олар жеңіл құртылады, әрі топырақ артық кеуіп кетуден сақталады. Сүрі танабының бұдан әрі өңделуі атпа тамырлы арамшөптер күйіне байланысты - олардың сабақтанып кетуіне жол бермеген жөн. Осы мақсатпен пардысүрі жерді өңдегенге дейін (тамыздың соңғы онкүндігі) әрбір 18-20 күнде 10-12 см тереңдікте культивацияланады да жаз бойы кем дегенде 4 рет жүргізіледі. Жаз қуаңшылықты болғанда культиваторлармен сүрі жерді екінші немесе үшінші өңдеуден өткізгеннен кейін атпа тамырлы арамшөптер өсіп шығуы ықтимал. Олардың ішінде ең қауіптісі егістік шырмауық. Қуатты тамыр жүйесінің арқасында ол механикалық өңдеуге өте төзімді. Оны құрту үшін топырақты жазық тілгіш құралдармен өңдеумен қатар 2,4-Д немесе диален гербицидімен бүрку жұмыстарын қабыстырып жүргізу қажет. Бұл жағдайда сүрі жерді екінші өңдегеннен кейін 25-30 күн бойы егістік шырмауықтың өсуіне мүмкіндік беру керек, ал соңынан (тамыздың бірінші онкүндігінде) танап 2,4-Д тобының эфирлерімен (1,2 кгга ә.е.з. мөлшерінде) немесе диаленмен (1,6-2,0 кгга ә.е.з.) бүркеледі. Қоректік заттармен бірге төмен түсетін ағыстың нәтижесінде гербицидтер тамыр жүйесіне енеді де келесі жылы шырмауықтың толық жойылып кетуіне әкеліп соғады.
Жаздық бидай өсіруде алғы дақылға отамалы дақылдар ішінде сүрлемдік жүгері жиі пайдаланылады. Әдетте жүгеріге топырақ 20-22- ден 25-27 см дейін жазық тілгіш құралдармен немесе қайырмалы соқамен терең өңделеді. Жеңіл топырақ тек қана жазық тілгіш құралдармен саяз өңделеді.
Аталған ерекшеліктер топырақты бидай өсіруге дайындағанда ескеріледі.Мал азығына өсірілетін шөптерден бидайға қарағанда танаптар ерте (1,0-1,5 ай) босайды. Сондықтан шөптерді жинап алысымен ине тісті тырмалармен (БИГ-3) немесе сыдыра жыртқыштармен (ЛДГ-10, ЛДГ-15) 5-6 см тереңдікке өңдейді. Арамшөп көгі шыққаннан кейін топырақ тығыздығы мен ылғалдылығына байланысты жазық тілгішті құралдармен (КПШ-9, КПГ-2-150, ПГ-3-5 ж.б.) негізгі өңдеуден өтеді.Солтүстік Қазақстан облыстарында нақты топырақ - климат жағдайында жаздық бидайға көпжылдық шөптен (еркекшөп) босаған танапты негізгі өңдеу мына технология бойынша жүргізіледі.
- құрғақ далада шөп жинап алынғаннан кейін оның қыртысы КПШ-5 немесе КПШ-9 жазық тілгішімен тілінеді, соңынан шымды бірнеше рет өңдеп терең қопсытылады (ПГ-3-5, КПГ-2-150 ж.б.);
- қуаңшылықты далада шөп қыртысын әуелі ауыр тырмалармен (БДТ-7) үгітеді, содан соң соқамен ( ПН-8-3,5, ПН-3-35) жыртылады және соңынан қажеттігіне қарай танап сыдыра жыртқыштармен өңделеді. Сондықтан қыста ылғал жинақтау шараларының маңызы өте зор. Солтүстік Қазақстанда қар түрінде түсетін ылғал мөлшері 60-80мм, алайда қысқы қатты желдің әсерінен қар танаптардан жыраларға, сайларға т.б. үйіледі. Осыған байланысты - қар тоқтату сүрі жер алғы дақылдарда жаздық бидайды оңтайлы өсіру жүйесіндегі қажетті шара.
Ерте көктемгі топырақ өңдеу күзгі кесек топырақты сүдігерде, жазық тілгішті технологиямен дайындалған сүрі жерлерде жүргізіледі және оның физикалық пісу кезеңінде басталады. Негізгі мақсаты - екпе дақылдар тұқымдарын біркелкі сіңіру үшін топырақ бетін тегістеу және қара сұлы тұқымын сіңіру. Тәжірибеде алғашқы көктемгі топырақ өңдеуі ылғал жабумен теңдестіреді.

Сурет 1. Бидай. 1,2,3 - жұмсақ: егін көгі мен гүлдену кезеңдерін-дегі өсімдіктер, масақша; 4,5,6 - қатты, сондай; 7 - жапырақ пен сабанның қосылуы; 8 - дәннің көлденең қимасы: а - ұрық, б-эндосперм, в - жеміс және тұқымдық қабықтар, г-айдары; 9 - өсу кезеңдері; 10 - ұннан дайындалған нан: а - әлсіз, б - орташа қуатты және в - қуатты бидайдан.

Бұл жұмысты жүргізуге творчестволықпен қарау керек: барлық сортаңдау топырақтарда, жаз аяғында немесе күзде терең қопсытудың нәтижесінде ірі топырақ кесектері пайда болған танаптарда ерте көктемгі топырақ өңдеу - қажетті агротехникалық шара. Ол үшін тісті тырмалармен топырақ 4-5 см тереңдікке өңделеді. Ықтырмалы сүрі танабында тырмалау ықтырма бағытымен жүргізіледі, өйткені тырмалардың бітісіп қалмауы және көктемгі қатты желден топырақ бетінің қорғалуы көзделеді. Тым ірі кесекті топырақ бетін тығыздағыштармен (каток) тығыздайды. Карбонатты оңтүстік қара топырағында бетін тегістеу қажеттігі болмаса және 10-12 см өңделген сүдігер де, сонымен қатар күзде ине тісті тырмалармен өңделген алқаптарда ерте көктемде тырмалауды жүргізудің керегі жоқ.
Аралық культивация қара сұлы мен қатты залалданған және триаллат, немесе авадекс енгізілмеген танаптарда жүргізіледі. Культивация қара сұлының жаппай көгі пайда болғанда (1м2 алаңда 50 өсімдік болғанда ) жасалады. Аралық культивациядан қорқудың қажеті жоқ, өйткені қара сұлының жиі көгі топырақты қопсытқаннан кем ылғал жұмсамайды. Жалғыз-ақ бұл жағдайда топырақты қосымша тығыздау қажет. Аралық культивация табанды КПС-4 культиваторымен жүргізіледі, СЗС-2,1 сепкішін және дискілі сыдыра жыртқыштарды да пайдалануға болады (соңынан тырмаланып тығыздалады).
Қара сұлымен жоғары дәрежеде ластанған танаптарға триаллат немесе авадекс қолдануға болады. Оларды себуге дейінгі кезеңнің кезкелген уақытында топыраққа 3-5 см тереңдікке сіңіреді. Ең дұрысы мұны бір агрегатпен іске асырған дұрыс: бүріккіш штангасы тісті тырма немесе сыдыра жыртқыш рамасына бекітіледі. Сонымен гербицид енгізу аралық немесе себу алдындағы культивациялаумен қабыстырып жүргізіледі. Бір есте ұстайтын жайт, қара сұлыға қарсы гербицид енгізілетін танаптарда алғашқы көктемгі өңдеу жұмысын сыдыра жыртқыштармен жүргізген жақсы, өйткені аңыз паясы мен сабан қалдықтары топыраққа сіңіріледі. Бұл енгізілетін гербицидтің тиімділігін айтарлықтай арттырады.
Себу алдындағы топырақ өңдеуді гербицидті өңдеумен алмастыруға да болады, бұл шара арамшөптерден тазартып қана қоймай, топырақтағы ылғал қорын да сақтауға жағдай жасайды. Себу алдындағы гербицидтік өңдеуді (раундап 36% с.е., 1,8-2,0 лга) бидайдың кеш себілетін танаптарында себуден 7-8 тәулік бұрын жүргізген тиімді.
Тыңайтқыш қолдану. Тыңайтқыштар-өсімдіктердің қоректендіруін оңтайландыруды, топырақ құнарлығын, дақылдың өнімі мен сапасын арттыруды қамтамасыз ететін маңызды фактор. Жаздық бидай астығының бір тоннасын қалыптастыруға орта есеппен 35-45 кг азот (N), 8-12 кг фосфор (Р2О5) және 17-27 кг калий (К2О) қажет. Топырақтан қоректік заттарды жаздық бидай түптенуден дәннің сүттене пісу кезеңіне дейін барынша қарқынды сіңіреді. Алайда астық өніміне әсер ететін қиын-қыстау кезеңі - себу - түтікке шығу аралығы. Қазақстанның көпшілік аймақтарында, әсіресе орманды дала аймақтарында, жаздық бидай үшін тиімді тыңайтқыштардың бірі - фосфор тыңайтқышы. Негізгі астықты өңір Солтүстік Қазақстанда сүрі танабына енгізілген (Р2О5) әрбір киллограмы тура және соңғы әсерімен 10-12 кг-ға дейін қосымша жаздық жұмсақ бидай өнімін қамтамасыз етеді. Оның үстіне ол 5-6 тәулік ерте піседі, ал бұл дер кезінде егінді ысырапсыз жинап, жоғары сапалы астық алуға мүмкіндік береді.
Сүрі танабы фосфор тыңайтқышын енгізетін ең жақсы орын болып есептеледі. Бұл оның жоғары ылғалдылығына, нитратты азотпен қамтамасыз етілуіне және арамшөптерден тазалығына байланысты. Фосфор тыңайтқышы енгізілгенде сүр танабының аталған артықшылықтары толық іске асады және жаздық бидайдың қосымша өнімі артады. Бұлар Қазақстанның ауыл шаруашылық ғылыми мекемелерінің көп жылдар бойы жүргізген зерттеулерінде дәлелденген. Мәселен, Қостанай облысының оңтүстік қара топырақтарында жүргізілген біздің зерттеулеріміз фосфор тыңайтқышының жоғары тиімділігін көрсетті: сүрі танабына енгізілген 60кг Р2О5 бірінші жылдың өзінде жаздық жұмсақ бидайдан 3,4-3,6 цга қосымша астық өнімін берді (Қ.К. Әрінов, 1998); С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті АҚ - ның өсімдік шаруашылығы кафедрасының ғалымдарының (Қ.М. Мұсынов, Б.К. Әрінов, 2008). Қарағанды облысының күңгірт қара-қоңыр топырақтарының сүрі танабында (2005-2007 жж.) жүргізген тәжірибелерінде орта есеппен үш жылда жаздық бидайдың тыңайтқыш енгізілген (Р60) танаптағы астық өнімі 18,7 цга, клейковина мөошері - 32,5%, натуралық массасы - 783 гл, шынылығы - 70%-ға жетіп, тауарлық астықтың бірінші класс талаптарына сәйкес келсе, тыңайтқыш енгізілмеген (Р0) танапта бұл көрсеткіштер тиісінше - 14,2; 29,9; 774 және 61 ғана болды.
Сүрі танабын дайындағанда әртүрлі себептермен (тыңайтқыш болмай қалғанда, кеш жеткізілгенде немесе қаржы қол байлау болғанда ж.б.) фосфор тыңайтқышы енгізілмегенде жаздық бидайды себерде қатарлап енгізілген Р20 да қосымша жоғары сапалы астық өнімін береді. Атап айтқанда, жоғарыда келтірілген жоғары оқу орнының Ақмола облысының Исағали ЖШС-де жүргізген зерттеулерінде (Қ.М.Мұсынов, Б.К.Әрінов, 2009) сүрі танабына Р20 мөлшерінде себумен қатар тыңайтқыш енгізілгенде Астана жаздық жұмсақ бидай сортының астық өнімі -15,9 цга, клейковинасы 37,0% болғанда, бақылау вариантында (Р0) астық өнімі 2,6 цга, ал дәндегі клейковина мөлшері 2,7%-ға төмен болды.
Ғылыми деректерге қарағанда, таза сүр танабына енгізілген 60 кгга Р2О5 қанша жиынтық қосымша өнім берсе, қатарынан үш жыл енгізілген 20кгга Р2О5 сондай қосымша өнім береді. Сондықтан жаздық жұмсақ бидай өсірудің оңтайлы технологиясында тыңайтқыш енгізудің аталған екі тәсілі де бірдей деп қорытынды жасауға болады.
Фосфор тыңайтқышын қатарлап енгізудің кемшіліктері де жоқ емес: қуаңшылық жылдары топыраққа енгізілген фосфор тыңайтқышы құрғақ қабатта қалып қояды да бидайдың жас өсімдіктері тиімді пайдалана алмайды, соның нәтижесінде астық өнімі төмендейді.
Ауыспалы егіс көлеміне толық мөлшермен (60-80 кгга ә.е.з.) негізгі тәсілмен енгізілген фосфор тыңайтқышының бірқатар артықшылықтары да бар: 4-5 жылда бір рет енгізіледі және соның нәтижесінде бірінші және одан кейінгі жылдары бидай өнімінің артуы қамтамасыз етіледі; қуаңшылықты жылдардың өзінде, тыңайтқыш топыраққа дұрыс сіңірілген болса, қосымша өнім алынады.
Жаздық бидай өнімі мен сапасын арттыру жолында негізгі аймақтарда тыңайтқыш енгізудің мынадай шараларын орындаған дұрыс: 1га егістікке есептелген ауыспалы егістіктің бүкіл айналымына Р2О5 20-25 кг мөлшерінде сүрі танабына фосфор тыңайтқыштарын негізгі енгізу:
- төмен және өте төмен дәрежеде қамтамасыз етілгенде тыңайтқыштарды екі кезеңмен енгізген жөн- тыңайтқыштардың 23 бөлігін 14см және одан тереңірек сүр танабына, ал қалған бөлігін себу кезеңінде 10-12 кг ә.е.з. мөлшерінде, немесе барлық мөлшерін СЗС-2,1 сепкішімен (немесе оның модификацияларының бірімен) сүр танабына 10-12 см-ге сіңіру қажет;
- орташа дәрежеде қамтамасыз етілгенде себу кезінде енгізу тиімсіз; барлық мөлшерін ГУН-4, КПП-2,2У құралдарының бірімен аралық немесе негізгі өңдеу кезінде сүр танабына 14 см енгізген дұрыс;
- фосформен жақсы қамтамасыз етілген танаптарда фосфор тыңайтқышын өніммен шығындалатын мөлшерде енгізу керек;
- топырақ фосформен жоғары деңгейде қамтамасыз етілгенде -- тыңайтқыш енгізудің қажеті жоқ.
Фосфор тыңайтқыштарын енгізудің ең қолайлы мерзімі- жаздың соңы немесе сүрі танабын негізгі өңдеу алды, мұның өзі арамшөптердің тыңайтқышпен енгізілген қоректік заттарды босқа шығынға ұшыратпауға мүмкіндік береді.
Барлық жағдайда төрт танапты ауыспалы егісте екінші дақылға азотты тыңайтқыш (30-45 кгга ә.е.з.), бес танаптыда - үшінші дақылға азотты тыңайтқыштардың бірін (N30-60 кгга мөлшерінде) себу алдында немесе себумен қатар енгізген абзал.
Тыңайтқыштарды топырақ түріне, картограммаға сәйкес қоректік заттармен қамтамасыз етілуіне, ауыспалы егістегі айналым ұзақтығына, ылғалмен қамтамасыз етілуіне, бағдарламаланған өнімге байланысты жоғарыда келтірілген талаптарға сай енгізіледі
Тұқымды себуге дайындау. Себуге өнімділік қасиеттері жоғары тұқымды пайдаланған жөн, әрі ондай тұқым сорттары мемлекеттік тізімнен себуге рұқсат етілген болуы тиіс.
Тұқымды тазалау және себу кондициясына жеткізу күзде аяқталады. Көктемде себу алдында тұқымды құрғақ ауада қыздырады, дәрілейді және қажеттігіне қарай кейбір препараттармен өңдейді.
Құрғақ ауада қыздыру тұқым сапасына оң әсерін тигізеді. Бұл өну энергиясы мен танаптық өнгіштікті арттырудың бір жолы. Құрғақ ауада қыздыруды күн көзінде 15-20оС-да жүргізген жақсы. Бұл жұмысты арнаулы белсенді желдеткіш құрылымдарында (15-20оС жылылықта) жүргізгенде ыңғайлы және тиімді.
Тұқымды дәрілеу. Тұқымды саңырауқұлақ және бактериялық ауру қоздырғыштарынан залалсыздандыру үшін уақытында және сапалы дәрілеу (себуден 1-2 ай бұрын) қажет. Қазақстанда қара күйе, тамыр шірігі ж.б. ауруларға қарсы жүйелі әсері бар витавакс 200 фф 34%, ТМТД 80% (1,5-2,0 кгт), витарос (2,0-2,5лт), раксил 6% (0,4лт), премис 2,5% (1,0-1,5лт) ж.б. улы химикаттардың бірімен өңдеген тиімді. Дәрілеуді негізінен ылғалдандыру тәсілімен жүргізген дұрыс (10л су 1т тұқымға), бұл экологиялық тұрғыдан қауіпсіз, әрі препарат тұқымға жақсы жабыстырылады. Дәрілеуді арнайы машиналарда (ПС-10ж.б.) және алаңдарда жүргізген абзал.Тозаңды қара күйеге қарсы термиялық залалсыздандыруды қолданады.
Себу мерзімі.Жаздық бидайдың себу мерзімі аймақтың ерекшеліктерді ескере отырып анықталады, өйткені себу мерзімі алынатын астық өнімі мен сапасына айтарлықтай әсер ететін маңызды агротехникалық шаралардың бірі. Себу мерзімі, астық дақылдары дамуының физиологиялық ерекшеліктерімен және өнімділік мүшелерінің түзілу желісімен айқындалады.
Климат, топырақ жағдайлары және дақылдың ауыспалы егістегі орнымен қатар себу мерзіміне нақты шаруашылықтың техникамен жарақтануына, оның өнімділігіне тікелей байланысты. Әдетте шаруашылықтарда оңтайлы себу мерзімін таңдап алу барлық факторлар арасындағы ымыра болып табылады.
Қазақстанның өзіндік климат жағдайлары жаздық бидайдың оңтайлы себу мерзімін таңдауға ерекше амал талап етеді. Републиканың солтүстік аудандарында ерте көктемгі құрғақшылық қалыпты үрдіс, ол топырақтың беткі қабатын кептіріп жібереді, сирек егін көгін қалыптастырады, бидайдың тамырлану жағдайларын нашарлатады. Құрғақшылықтың бұл түрі түптенуді, түйін тамырлардың түзілуін және генеративті мүшелердің (органдардың) қалыптасуын тежейді. Аймақтың айтарлықтай ерекшелігіне жауын-шашынның әркелкі бөлінуі және барынша мол ылғал шілде мен тамыз айларына сәйкес келуі жатады.
Бұл аймаққа тән жаздың екінші жартысындағы барынша жоғары мөлшердегі жауын-шашын өсірілетін дақылдардың сорттық құрамы мен өсіру технологиясына ерекше ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаздық бидай дақылын өсіру технологиясы
Жаздық бидай дақылының ауылшаруашылығы аурулары
Жаздық бидайдың агротехникасы
Шаруашылықтағы тыңайтқыштар
Пайдалануға берілген жаздық бидайдың сорттары
Бидай дақылы
Жаздық бидайды өсіру технологиясы
Астық тұқымдастар және олардың түрлері
ЖШС Сартомар шаруашылығының топырақ– климаттық жағдайы және тәжірибе үлгілері, зерттеудің бағдарламасы
Сүрі жерді өңдеу
Пәндер