Өсімдіктердің зиянкестерге төзімділігі


Ауыл шаруашылығы Ғылым және Білім министрлігі
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университет
Реферат
Тақырыбы : Өсімдіктердің зиянкестерге төзімділігі
Орындаған: Сейтмаханбет А. ЗР-313
Тексерген: Жунусова А.
Алматы 2017ж
Жоспар:
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
- Өсімдікке зиянкестердің азықтық бейімделуі
- Өсімдіктердің зиянкестерге төзімділігі
- Өсімдіктің активті реакциясы
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер
I Кіріспе
Өсімдік иммунитеті XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында ғылым ретінде дами бастаған . Иммунитет латынның «immunitas» деген сөзінен шыққан, оның мағынасы - «арылу». Иммунитет деп организмнің ауру қоздырғышын және оның өмір сүру процесінде бөліп шығаратын заттарын (токсин, фермент т. б. ) қабылдамауын айтады. Орыстың ұлы ғалымы И. И. Мечников (1845-1916) «Организмнің инфекциялық ауруды қабылдамау қасиеті - жалпы жүйелі құбылыс, соған байланысты организм ауру тудырғыш микроорганизмдердің шабуылына қарсы тұра алады» деген. Бұл ғалым жануарлар иммунитетін зерттеп өзінің «целлюларлық» теориясын ашқан. Ол теория бойынша«Жануарлардың патогенді микроорганизмдерді қармап, қорытатын арнайы клеткалары - фагоцидтері болады» деген. Өсімдікте ондай арнайы клеткалар болмайды, бірақ эндотропты микоризада өсімдік тамыры арқылы енетін саңырауқұлақтардың қорытылатынын Бернар байқаған.
Өсімдік иммунитетінің негізін қалаған Н. И. Вавилов (1887-1943ж. ) . Ғалым «Өсімдіктің инфекциялық ауруларға иммунитеті» деген еңбегінде екі теорияға тоқталады. 1. Өсімдік иммунитеті, өсімдіктің генотипіне байланысты, яғни өсімдік иммунды немесе иммунды емес болады. 2. өсімдік иммунитеті өсімдіктің алғаш қалыптысқан экологиялық-географиялық центріне байланысты. Геоцентрінен өсімдік алшақтаған сайын оның иммунитеті төмендейді. Мысалы, астық, бұршақ дақылдарының қалыптасқан геоцентрі Жерорта теңізі, ал осы өсімдіктің иммунитеті еуропалық бөлікте төзімді болса, Орта Азияда орта төзімді немесе қабылдағыш келеді. 1919жылы Н. И. Вавилов өзінің «Өсімдік иммунитеті» деген монографиясын жазып шығарды. Бұл еңбек жалпы селекция жұмыстарының едәуір алға жылжуына әсерін тигізіп, шет елдерде ауыл шаруашылық өсімдіктерінің көптеген төзімді сорттары шығарылды.
- Өсімдікке зиянкестердің азықтық бейімделуі
Өсімдіктің зиянкестерге (насекомдарға) төзімділігі, оның ауруларға төзімділігіне Караганда аз зерттелген. Әйтсе де, қазіргі кезде 60-тан астамауылшаруашылық дақылдарының көптеген зиянкестеріне, кеміргіш және сорғыш түрлеріне төзімді .
Мысалы: 1. Швед шыбынына, кара күйе мен гельминтоспариоз ауруларына төзімді бидай сорттары шығарылды.
2. Қазіргі кезде Колифорнияда егілетін бидай сортының 98% - ыгессен шыбынынатөзімді.
АҚШ пен Канадада мақта, астык дақылдарының ішінде, жаздық бидайдың төзімді сорттарыегіледі.
Төзімді сортты практикада кең колданып, химиялық күресті қысқартып, ауаны ластанудан сақтайды.
В. Шапиро айтуы бойынша төзімді өсімдіктер табиғатта зиянды организмнің санын реттеуші негізгі фактор болыптабылады. Алайда адамдар азыктық сапасы жоғары мәдени сорттар шығара отырып, оларға зияндынасекомды таратады. Өсімдіктің жабайы түрлері құрамында адамдардан басқа да, алмайтын антинетабалиттер (токсин, алколоидтар, глюкозиттер. т. б) . Өсімдіктің механизмі осы қасиеттеріне байланысты.
Азықтық сапасы мен өнімділігі жоғары мәдени өсімдіктерді шығару процесінде олардың имммунитеті жойылып көптеген насекомдардың зиянкес болып қалыптасуына себебін тигізеді.
- Өсімдіктердің зиянкестерге төзімділігі
Өсімдіктің зиянкестерге төзімділігі 2 категорияға бөлінеді:
- өсімдік сорттары мен түрлерінің зақымданбауы немесе аз зақымдануы;
- шыдамдылық, яғни зақымдануға төзімділік (зақымдалған өсімдік организмнің немесе бөлігінің өнім беруге қабілеті) .
Анотомиялық - морфологиялық ерекшеліктеріне байланысты кейбір өсімдіктер, зиянкестер зардабына шалдықпайды. Аса түкті бидай сортында Гессен шыбыны жүмыртқасын аз уақыт ішінде салып бітіреді. Оның себебі түктілік, механикалық тітіркендіргіш ретінде әсер етеді. Ал, түксіз жылтыр өсімдікте аналык шыбын қолайлы орын (борозда) іздеп тапқанша процес ұзаққа созылып, кейбіреулері толық жұмыртақалап үлгермей өліп қалады. Жаздық бидай зиянкестің аналық шыбыны жұмыртқасын жапырақ қынабы, сабағын көбірек орайтын сортына салады.
Биохимиялык ерекшеліктер . Кейбір насекомдардың өсімдік сорттары мен түрлерінің биохимиялык ерекшеліктерін ажырататын қасиеттері бар. Соған байланысты олардың шабуылы бір сортқа күшейіп, ал екіншісіне, керісінше, болмайды. Мысалы: картоптың мәдени түрінде (сортында) Колорадо қоңызы жақсы қоректенеді де, ал жабайы түрлеріне жоламайды. Бұл талғампаздық (талғамқоректену) картоптың жабайы түрінде глюкозидтің ерекше формасы демиссиннің болуына байланысты.
Крест гүлдердің көптеген зиянкестері құрамында қыша майы көп өсімдіктерді зақымдауға бейімделген.
Насекомдар иіске өте сезімтал келеді. Өсімдіктің өткір иісті сорттарыоның иіссіз сорттарынақарағанда көбірек зақымдалады. Ондай заттарға көптеген өсімдік құрамында болатын қастамық майы жатады.
Өсімдіктің өсуі және даму фазаларының ерекшеліктері эволюциялык даму процесінде зиянкестердің жұмыртқа салу кезеңі ие өсімдіктің белгілі бір даму кезеңдеріне бейімделген.
Өсімдіктің даму кезеңін өзгерте отырып, оның зақымданбауын қамтамасыз етуге болады.
Мысалы: 1) астықтың тез пісетін сорттарын шығарып Швед шыбынынан сақтауға болады.
2) жаздық бидайдың төзімді сорттарының масақтану кезеңі астық сұр көбелегінің ұшу және жұмыртқалау кезеңіне сәйкес келмеуі, оларды осы зиянкестерденсақтайды.
Өсімдіктің зиянкестермен зақымданбауы
Кейбір өсімдік түрлері мен сорттары зиянкестер шоғырланып, топтанып оның тканімен қоректенуіне қарамастан өсімдіктің дамуы, өмір сүруі тоқталмайды.
Зиянкестің өсімдік тканімен қоректенуіне кедергі болатындай өсімдік сортының бір катар ерекшеліктері бар:
- Зиянкестің енуіне қарсы өсімдіктің арнайы активті реакциясы.
- Өсімдіктің биохимиялық қасиетінің зиянкес талабына сай келмеуі.
- Өсімдік сортының анотомиялык ерекшелігі.
- Кейбір өсімдік сортының өсу және даму зиянкес зардабынан кетуі немесе шалдықпауы.
Өсімдіктің активті реакциясы
Өсімдік төзімділігінің бұл типі тесіп сорушы зиянкестеріне (біте, цикада, трипс, қандала, кене) тән. Бұл топтағы насекомдардың ас қорытуы ішек сыртында өтеді, яғни олардың ас корытыу ферменттері өсімдікке енгізіледі де закымдалған ткань жансызданып (өліп), ыдырап, қортылып дайын күйде зиянкес организміне өтеді.
Сондай-ақ насекомдар өсімдікте зат алмасу процесін бұзатын заттар бөліп шығарады. Соған байланысты өсімдік барлық қорғану күшін насеком ферменттерін бейтараптауға жұмсайды. Ал, ферменттер әрекетін жеңіп шығуы өсімдіктің төзімділік дәрежесіне байланысты.
Зиянкестерге карсы бидайдың кейбір төзімді сорттарында антиферменттер түзілуіне байланысты паразит ферменттері дән клейковинасын сұйылта алмайды, яғни насеком (бақашық қандала) бұл өсімдіктен коректік зат таба алмайды.
Өсімдіктің биохимиялық кұрамының және басқа касиеттерінің зиянкес талабына сай келмеуі.
Өсімдіктің түрлері немесе сорттарында зиянкестер қоректік зат таба алмауына байланысты оларды зақымдамайды, яғни ол өсімдік зиянкес талабына сәйкес келмейді. Ал насекомдардың дамуы қоректік заттың кұрамына, көбеюіне, ұрпақ қалдыруына тікелей әсерін тигізеді. Соған байланысты өсімдік насеком ферменттерін инактивациялауға барлық қорғану күшін жұмсайды.
Өсімдіктің кейбір анатомиялық - морфологиялық ерекшеліктері оның тканьіне насекомдардың енуіне кедергі болады. Мысалы: күнбағыс көбелегінің жұлдызқұрты қатты қабықты күнбағыс сортын закымдамайды. Қатты қабықты сорттардың сыртқы кабығы қара түске боялған, сондықтан жұлдызкұрты зақымданбайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz