Клеткалық селекцияның түсінігі



I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1 Клеткалық селекцияның түсінігі, даму тарихы. Төзімді клеткаларды сұрыптау
2.2 Өсімдіктердің тұзға төзімділігі .
2.3 Өсімдіктердің тұзға төзімділігін (жоңышқаның) клеткалық селекция арқылы алу.
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Жоңышқа (лат. Medicago) – бұршақ тұқымдасына жататын бір жылдық және көп жылдық шөптесін өсімдік. Еуропа, Азия өсетін 100-ге жуық түрі бар. Кәдімгі жоңышқа (M. satіva), сарбас жоңышқа (M. falcata), көк жоңышқа (M. caerulea), т.б. кең таралған. Қазақстанда 18 түрі өседі. Сабағы тарамданған, бұтақты түп құрады, биіктігі 40 – 80 см. Жапырағы үш құлақты, ұзынша келген. Гүлшоғыры – көп гүлді шашақ. Жемісі – көп тұқымды бұршақ. Жоңышқа – республикамызда көп өсірілетін мал азықтық дақыл. Малға пішен, балғын көк майса, кептіріліп ұнтақталған, сүрлем күйінде беріледі. Жоңышқада (құрғақ затқа шаққанда) 15,5% протеин, 43,9% азотсыз заттар, 29,4% клетчатка, 3,1% май болады. Кәдімгі Жоңышқаның 100 кг жасыл массасында 21,7 азық өлшемі, 4,1 кг қорытылатын протеин, ал 100 кг пішенінде 50,2 азық өлшемі және 13,7 кг қорытылатын протеин бар. Қазақстанда аудандастырылған Жоңышқа сорттары: Ертіс жоңышқасы, Қарабалық жоңышқасы, “Дархан 90”, т.б. Жоңышқа – ылғал және жылу сүйгіш дақыл. Егіндік және мал азықтық ауыспалы егістікте егеді. Жоңышқаны гүлдей бастағанда орады. Шөбі орылғаннан кейін егістік үстеп тыңайтылса, Жоңышқаны екінші орған кезде мол өнім алуға болады. Жоңышқа зиянкестері – жоңышқа сұр көбелегі, жоңышқа жапырағының бізтұмсығы, жоңышқа қандаласы, т.б.; аурулары – ақұнтақ, тат кеселі.[1]
ЖОҢЫШҚА (TRIFOLIUM КЛЕВЕР) – бір және көпжылдық шөптесін өсімдік. Латынша атауы Trifolium, “үшжапырақ“ дегенді білдіреді. 300-ге жуық түрі белгілі. Дәрілік мақсатта жоңышқаның гүлі мен жоғарғы жапырақтарын қолданады.
1. Ж. Уəлиханова. Өсімдіктер биотехнологиясы –Алматы 2009. 335б.
2. Бутенко Р.Г. Биотехнология клетоквыших растений in vitro и биотехнология на их основе. М. ФБК – ПРЕСС, 1999.256с.
3.Шевелуха В.С, Калашникова Е.А, Ворнин Е.С Сельскохозяйственная биотехнология, Высшая школа 2003 г

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1 Клеткалық селекцияның түсінігі, даму тарихы. Төзімді клеткаларды сұрыптау
2.2 Өсімдіктердің тұзға төзімділігі .
2.3 Өсімдіктердің тұзға төзімділігін (жоңышқаның) клеткалық селекция арқылы алу.
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Жоңышқа (лат. Medicago) - бұршақ тұқымдасына жататын бір жылдық және көп жылдық шөптесін өсімдік. Еуропа, Азия өсетін 100-ге жуық түрі бар. Кәдімгі жоңышқа (M. satіva), сарбас жоңышқа (M. falcata), көк жоңышқа (M. caerulea), т.б. кең таралған. Қазақстанда 18 түрі өседі. Сабағы тарамданған, бұтақты түп құрады, биіктігі 40 - 80 см. Жапырағы үш құлақты, ұзынша келген. Гүлшоғыры - көп гүлді шашақ. Жемісі - көп тұқымды бұршақ. Жоңышқа - республикамызда көп өсірілетін мал азықтық дақыл. Малға пішен, балғын көк майса, кептіріліп ұнтақталған, сүрлем күйінде беріледі. Жоңышқада (құрғақ затқа шаққанда) 15,5% протеин, 43,9% азотсыз заттар, 29,4% клетчатка, 3,1% май болады. Кәдімгі Жоңышқаның 100 кг жасыл массасында 21,7 азық өлшемі, 4,1 кг қорытылатын протеин, ал 100 кг пішенінде 50,2 азық өлшемі және 13,7 кг қорытылатын протеин бар. Қазақстанда аудандастырылған Жоңышқа сорттары: Ертіс жоңышқасы, Қарабалық жоңышқасы, "Дархан 90", т.б. Жоңышқа - ылғал және жылу сүйгіш дақыл. Егіндік және мал азықтық ауыспалы егістікте егеді. Жоңышқаны гүлдей бастағанда орады. Шөбі орылғаннан кейін егістік үстеп тыңайтылса, Жоңышқаны екінші орған кезде мол өнім алуға болады. Жоңышқа зиянкестері - жоңышқа сұр көбелегі, жоңышқа жапырағының бізтұмсығы, жоңышқа қандаласы, т.б.; аурулары - ақұнтақ, тат кеселі.[[1]]
ЖОҢЫШҚА (TRIFOLIUM КЛЕВЕР) - бір және көпжылдық шөптесін өсімдік. Латынша атауы Trifolium, "үшжапырақ" дегенді білдіреді. 300-ге жуық түрі белгілі. Дәрілік мақсатта жоңышқаның гүлі мен жоғарғы жапырақтарын қолданады.



Клеткалық селекция
In vitro өсірілген клеткалардың арасынан нақтылы бір селективтік жағдайға сәйкес өзгеріске ұшырап, пайдалы қасиетке тез ұшырап, пайдалы қасиетке ие болған клеткаларды көбейтіп сұрыптап алуды клеткалық селекция дейді. Әрбір клеткадан өсімдік шыға алатын болғандықтан, клеткалық селекцияны қолданып өсімдіктердің жаңа формаларын тез алуға болады.
Клеткалық селекцияның артықшылығы мынада: жыл он екі ай маусымға тәуелсіздік және уақыт пен егіс көлемінің үнемделуі.

Клеткалық селекцияның әдістері
Селекцияны қажетті бір бағытта өткізу үшін, яғни өсіп жатқан клеткалардың арасынан белгілі мутациялары бар жеке леткаларды сұрыптау үшін оларды арнайы селективтік ортада өсіреді. Сондай жағдайда тек мутант клеткалар ғана өседі. In vitro жағдайында селекцияны амин қышқылдар аналогтарына, нуклеотидтер аналогтарына, патотоксиндерге,антибиотиктерге гербицидтерде, тұздар мен ауырметаллдардың жоғары концентрацияларына, төмен pH көрсеткіштері мен басқа да түрлі факторларға төзімді клеткалық линияларды сұрыптау үшін жүргізеді.

Төзімді клеткаларды сұрыптау

Төзімді клеткалар линияларын протопластардан сүрыптаудын өз артыкшылыктары бар, себебі протопластарды суспензиядағы клеткалар мен каллустардан ғана емес, бутін өсімдіктерден де бөліп алуға болады. Одан баска, протопластарды клеткалык селекцияда пайдаланғанда, клеткалык линия тек кана жалғыз жеке клеткааан шыкканына сенім мол болады. Төзімді клеткаларды сүрыптау әдісі бір сатылы жэне көп сатылы болады. Бір сатылы сүрыптау кезінде клеткалар селективтік фактор өте жоғары мөлшерде болған ортада өсіріледі. ірак фактордын жоғары концентрациялары барлык клеткалар бір мезгілде күрып кетуіне әкеледі, тіпті төзімді жеке клеткалар.Да тірі калмауы мүмкін. Оған қараганда көп сатылы сүрыптау тиімді келеді. Онда клеткаларды алдымен селективтік заттын төмен концентрациясы аз ортада өсіреді. Одан кейін клеткалар өсе келе селективті заттын концентрациясы артығырак коректік ортаға көшіріледі. үндай жағдайда тезірек өсетін төзімді клеткалар өсу жылдамдығынан жабайы клеткалардан оза бастайды. Тежеуші заттын концентрациясын біртіндеп өсіре отырып өте жоғары концентрацияда өсетін төзімді клеткаларды сүрыптап алуға болады. Р Гонзалес пен Дж. Уидхолм осы әдіспен сәбіздін гербицид глифосатка төзімді клеткалар линиясын алды. Басында оларклеткаларды 0,25 мМ глифосат косылған ортада өсіргенде клеткалардын өсуі толығымен дерлік токтаған. Жыл бойы клеткаларды гербицидтін біртіндеп жоғарылаған концентрациясы коректік ортаға көшіріп отырып, аяғында оны 25 мМ жеткізген. Сонда клеткалар төзімділігі 52 есе өскен.
Қажетті белгіге селекцияны әр турлі күрылымдык денгейінде жүрлзуге болады протопластан бастап түкымға дейін. Бүны растайтын мына жүмыстар. Биохимиялык мутанттарды сүрыптау үшін арпа үрыктарын өсіріп, лизин мен треонинді артык синтездейтін өсімдіктер алынған.

Өсімдіктердің тұзға төзімділігі

Тұзды топырақтар жер шарындағы мемлекеттердің көптеген аймақтарын алып жатады. Жалпы құрылықтың шамамен 25 % тұзды аймақтар үлесіне тиеді. Тұзды топырақтардың көп бөлігі, негізінен, Орта Азия мемлекеттерінде орын алады. Осы мемлекеттердің суармалы аймақтары (егістігінің), шамамен 65 %-тейі азды-көпті тұзды топырақтардан тұрады. Соның ішінде Түркменстанда - 89 %, Өзбекстанда - 70 %, Қазақстанда - 65 %, Тәжікстанда - 30 %, Қарғызстанда - 25 %.
Топырақтың тұздылығы әртүрлі жағдайларға байланысты қалыптасады. Ең алдымен ол топырақтың бастамасы болып есептелетін тау жыныстардың минералдық құрамына байланысты болады. Екінішіден, тұзды топырақтар негізінде қуаңшылық, шөлді дала аймақтарда көп орын алады. Себебі, ондай аймақтарда ауа райының ыстықтығынан, желдің күштілігінен, жер бетінен судың булануы өте қарқынды жүреді. Соған байланысты жер қабаттарындағы топырақ ерітіндісі буланып жоғары көтерілген сайын құрамындағы еріген тұздар да жоғары көтеріліп, топырақтың үстіңгі бетіне келгенде іркіліп жиналып қалады. Егістіктерді көп суару нәтижесінде де топырақтың үстіңгі бетіндегі тұздардың концентрациясы кобейеді. Мысалы, суаруды көп қажет ететін мақта, күріш өсімдіктері бір жерге бірнеше жыл қатар егілетін болса, ондай топырақтар біртіңцеп тұзды топыраққа айналады.
Әдетте топырақтың тұздылығы оның үстіңгі айдалмалы (30-40см) қабатындағы тұздар концентрациясымен анықталады. Егер топырақтың кез келген қабатынды оңай еритін тұздардың мөлшері 0,25 %-тен кем болса, ондай топырақ тұздыға жатпайды. Жоғары (30 см) қабатында еритін тұздың мөлшері 0,25 %-тен артық топырақты тұздылау деп атайды. Құрамында 1 %, немесе одан да көп оңай еритін тұздары бар топырақтар сор топырақ деп аталады.
Әдетте топырақтың тұздалуы, негізінен аниондармен анықталады. Соған байланысты сульфатты, хлоридті және аниондардың басымдығына қарай сульфатты-хлоридті, хлоридті-сульфатты, тағы басқа тұзды топырақ деп бөлінеді.
Тұзды топырақтардың физикалық, химиялық қасиеттері өсімдіктердің өсіп-дамуына қолайлы келмейді. Тіпті, зиянсыз тұздардың мөлшері көбірек топырақтар ерітіндісінің осмостық қысымы жоғарылап, өсімдіктердің сумен қамтамасыздығын нашарлатады. Со - нымен қатар, кейбір тұздар (аниондар) ерекше улы заттар сияқты әсер етеді. Осыған байланысты тұздардың өсімдікке тигізетін осмостық және уытты әсерлердің бірінен-бірін ажырату өте қиынға соғады. Тұздардың әсерінен өсімдіктердің сыртқы ортаның басқа жағдай-ларына реакциялары да өзгереді. Қалыпты жағдайда жағымды әсер ететін температура, жарық деңгейі тұзды топырақта өсетін өсімдіктерге жағымсыз әсер етуі мүмкін.
Қоршаған ортаның (топырақ, су) тұздылығына байланысты өсімдіктер екі топқа - галофиттер және гликофиттер деп бөлінеді. П.А.Генкельдің (1954) анықтауынша - тұзды топырақтарда тіршілік ету нәтижесінде пайда болған белгілері мен ішкі ерекшеліктеріне байланысты, тұздың көптігіне оңай бейімделгіш өсімдіктерге галофиттерге жатады. Тұщы топырақтарда тіршілік етуіне байланысты, тұзды ортаға бейімделушілік қабілеті қалыптаспаған және тұздың әсерінен оңай, тез залалданатын өсімдіктер гликофиттер деп аталады.
Галофиттер мен гликофиттер темен сатыдағы, сондай-ақ жоғары сатыдығы өсімдіктердің де араларында кездеседі. Бірақ, шығу тектеріне байланысты, табиғатта өсімдіктер галофиттер немесе гликофиттер деп нақты бөлінбеген. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өсімдіктердің биотехнологиясы
Өсімдік клеткаларының in vitro жағдайында өзгергіштігі және оны селекцияда қолдану
Клеткалық селекция және әдістері
Хромосома типтері
Жасушалық инженерия жайлы ақпарат
Жасушалар мен тіндерді өсіру әдістері
Астық тұқымдасының соматикалық ұлпасының дақылында морфогенез және регенерация мәселелері
Үрмебұршақтың сорт үлгілерін белоктық мөлшері, аминқышқылдық құрамына қарай сипаттау және жоғары белсенді антиқоректендіруші компоненттері бар үлгілерді анықтау жолдары
Тұқымқуалаушылықтың материалдық негіздері жүесі
Гендік инженерия
Пәндер