Қант қызылшасы өндірісін дамыту


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Қант қызылшасы (Beta vulgarіs) - қызылша туысына жататын екі жылдық бағалы техникалық дақыл. Бірінші жылы оның қоректік заттары бар тамыры мен жапырақ шоғы өседі. Осы жылғы өсу кезеңінің ұзақт. 150 - 170 күн. Екінші жылы топыраққа отырғызылған қант қызылшасының жемісінен гүл шашатын сабақ және тұқым пайда болады. Екінші жылғы өсу кезеңінің ұзақт. 100 - 125 күн. Қант қызылшасы - құнарлы мал азықтық дақыл. Оның пәлегін (жапырағы мен сабағын) з-тта өңдегеннен кейінгі қалған қалдықтардан сірне, сығынды мал азығы даярланады. Қант қызылшасының түсімінің 40%-ы пәлегінің үлесіне тиеді. Қант қызылшасының сығындысында 15% құрғақ заттар, 3% клетчатка, 0, 7% күл, 0, 1% май және 1, 2% протеин болады. Осы сығындының 100 кг-ында 80 мал азықтық өлшем және 3, 6 кг қорытылғыш протеин бар. Қант қызылшасы тамақ өнеркәсібінде қант алу үшін пайдаланылады, өйткені оның тамыр жемісінде 17 - 19%-дай қант болады. Қант қызылшасы - жылу сүйгіш өсімдік. Қант қызылшасының тұқымы қант з-ттарында дайындалады. Мұнда тазаланған тұқым 2 фракцияға (3, 5 - 4, 5 мм және 4, 5 - 5, 5 мм) бөлінеді. Негізінен тұқым себуді топырақтың 10 см тереңдіктегі температурасы 5, 6°С жылынғанда бастайды. Бұл кезең көбінесе наурыздың 3-онкүндігі мен сәуірдің 1-жартысына сәйкес келеді. Органикалық заттарға бай, құнарлы қара топырақта жақсы өседі. Оған топырақтың қышқылдау немесе бейтарап болғаны дұрыс (рН 6, 5 - 7, 5) . Қазақстанның суғармалы жерлерінде негізінен қатар аралығы 60 см кең қатарлы себу әдісі қолданылады. Қазақстанда қант қызылшасы Жамбыл, Алматы облыстарының суғармалы жерлерінде өсіріледі. 1991 жылдан Қазақстанда қант қызылшасының бір тұқымды жаңа сорттары аудандастырылып, себілді. Қант қызылшасын бір танапта ұзақ жылдар бойы ауыстырмай сепкенде, оның зиянкес жұмыр құрты мен тамыр биті көбейеді. Сондықтан қант қызылшасын түрлі аурулар мен зиянкестерден қорғауда, оның өнімділігін арттырып, қанттылығын көтеруде ауыспалы егістің маңызы зор. Мал азықтық қант қызылшасының (Beta vulgarіs z. v. crassa) құрамында көмірсулар, витаминдер, тұздар, азотсыз экстракты заттар бар. Сондықтан ол жоғары сапалы және жұғымды мал азықтық дақыл. Бұл қызылша Қазақстанның барлық облыстарында өсіріледі. Қант қызылшасы біздің еліміздің егістігіндегі ең маңызды техникалық дақылдардың бірі. Әйтсе де, қазіргі кездегі алып қант өндірісі тамыржемістің қантсыздығынан және түсімнің төмендеуінен туындайтын дағдарыстан қасірет шегіп отыр. Басқа да егістік дақылдары атап айтқанда бидай, картоп секілді, қант қызылшасын егудің де тиімді екенін әлемдік тәжірибе көрсетеді. Мысалы, 1990 жылы Германия астық дақылдарының 56, 6%-ін айдалған жерден алды, ол ел табысының 9, 5%-ін құрады. Сол уақыттарда қант қызылшасының 5, 3%-ы айдалған жерден алынды және ол ел табысының 4, 3% үлесін құрады.

Қант өндірісін көтеру - өте күрделі технологиялық процесс, ол егілген қант қызылшасы сұрыптарының өнімділігіне және төзімділігіне, алынған шикізаттың сапалы өндірісіне байланысты. Жоғары қаттылықты және салмағы үлкен тамыржемісті қант қызылшасының төзімді сұрыптарын алуға бағытталған селекциялық жұмыстарда, қант жинауды арттыруда агротехникалық шаралармен қатар егілу ауданы да негізгі рөл атқарады. Қант қызылшасының селекциялық процесі өте күрделі және қиын, сонымен бірге екіжылдық айқас тозаңданушы дақыл. Сонымен қатар, жаңа сұрыптар үш талапты қанағаттандыруы тиіс: жоғары өнімділікті, әртүрлі фитопатогендерге төзімділікті және қоршаған ортадағы экстремальді жағдайларды. Биотикалық және абиотикалық стрестерге төзімді селекциялық мәселелерді шешуде биотехнологиялық әдістер үлкен рөл атқарады. Өсімдік селекциясының ағзалық деңгейден жасушалық деңгейге алмастырылуында, сонымен қатар орасан көп өсімдік ағзалары жасушаларында, селективті ортадан керекті түрдің іріктелуінде микробиологиялық әдістер қолданылады. Жасушалық сұрыптаудың алғышарты болып қант қызылшасының ұсақ дисперсті суспензиялық культурасы табылады. Өсімдіктің суспензиялық культурасын алудың негізгі әдісі - каллусты ұлпаны қоректік ортада фрагменттеу және өсіру болып табылады. Каллусогенез индукциясының экспланттық сапасы ретінде шие бұтақтарын және қант қызылшасының әртүрлі инбредті линияларындағы өркен гүлсидамдары сегменттері қолданылды (Әмірханова және т. б. 1985 ж) . Мурасиге және Скугтың қоректік ортасында таза өсімдік материалын араластыру, қосымша 2 мг/л БАП, каллус ұлпаларының түзілуін туғызды. Каллусогенез қарқындылығынан әртүрлі инцухт-линиялар ерекшелене бастады. Жоғары бейімділікті иеленуші А-52 және ССП линия эксплантаталарында тұтас каллус индукциялары жиі байқалды. Каллустық культураның өсімталдық және цитоморфологиялық сипаттамасын ұлпалық тегі, өсу жағдайы және қоректік орта құрамы анықтайды. Сонымен қатар, каллус культураларының консистенциялары: 1 - борпылдақ, жеке жасушаларға тез ыдырайды; 2 - орта берік, гетерогенді, меристемалық ошақтан тұрады; 3 - берік, қысқарған камбий және тамыр аймақтарынан тұрады (негізінен трахеидтәрізді элементтерден) . Салыстырмалы борпылдақ каллус культураларының алынуына әртүрлі тәсілдер әсер етеді: 2, 4-Д құрайтын ортада өсіру; Са++ иондарын қоректік ортадан жою және т. б. Линия ССП алынған біздің каллусты жасушамыз борпылдақ консистенцияға және құрылымы бойынша гетерогенді болды. А-52 инбредті линиясындағы каллус берік, гомогенді және жарықта тез жасыл түске енді.

Қант қызылшасының суспензиялық жасушасы ССП инбредті линиясының каллусты ұлпасынан алынды (Әмірханова, 1988) . Каллустің түйірін колбаға Мурасиге және Скугтің келесі үстемелерді құрайтын сұйық ортасымен араластырды: 0, 1мг/л 2, 4 Д, 0, 1мг/л НУК және 0, 5 мг/л БАП. Тотығу процесін болдырмау үшін қоректік ортаға аскорбин қышқылын 5 мг/л концентрациясын үстемелейміз немесе қосамыз. 100 мл қоректік орта үшін каллусты ұлпа есептен 2-3 г шикі массаны алды. Екі аптадан кейін алынған бірінші суспензия жаңа қоректік ортаны пассирледі. Суспензиялық культураның цитологиялық талдауы, өлшемі және пішіні бойынша оның жасушасының гетерогенділігін көрсетті. Үлкен ядролы ұсақ жасушалармен қатар, төменгі ядро - цитоплазмалық қатынастарымен ерекшеленетін вакуольді жасушалар да кездеседі. Жиі кездесетін 6-20 (50%) жасушадан тұратын жасушалық агрегат, суспензиялық культураның агрегаттық дәрежесін анықтады. Бір жасушалылар және 2-5 жасушаның агрегаты барлық өсіру бірлігінің 27% құрады. Жүздеген жасушалардан тұратын ірі агрегаттар бірлік болды. Қант қызылшасы суспензиясының тіршілікке қабілеттілігін анықтау әдістемесінде, тірі жасушаны 0, 003% концентрациялы көк метиленмен бояды. Суспензиялық культураның өсу фазасына тәуелдене отырып, тірі жасушалар үлесі 67%-тен 93%-ке өзгерді. Осылайша, мұнан былайғы қант қызылшасы селекциясын жасушалық деңгейге көшіру жүзеге асты және қант қызылшасы суспензиялық культурасының сипаттамасы алынды.

Қант қызылшасы - аса бағалы техникалық және жемшөптік мәдени дақыл. Қызылшадан алынатын негізгі өнім - қант, оның жемістамырында 20 пайыз қат болады. Қант жасағанда алынатын қалдықтар сығынды мен сірне малды азықтандыруға жұмсалады немесе сірне спирт өнеркісібі үшін шикізат есебінде пайдаланылады. Қант қызылшасы - екі жылдық өсімдік, сондықтан оның өсуі үш кезеңде қарастырылады. Бірінші кезеңде сіңіру қабаты пайда болып екінші кезеңде жеміс тамыры, ал үшінші кезеңде жемістамырда қант пайда болады. Қант қызылшасы екінші жылы отырғызылғанда ұшы сүйірлеу келген ақ тамыр түзіп, одан өркендер тармақтанып өседі. Өркеннің жоғары ұшында шыған шоғырланып жиалған толып жатқан гүлдері болады: гүлдері алабота тұқымдас өсімдіктердің гүлдері тәрізді бірнешеуі бірігіп құралады. Мұны шоқгүл дейді. Бір шоқта 2-6-ға дейін гүл, әрбір гүлде бес аталық гүл, бір аналық гүл болады. Аталық гүл серігімен бірге өседі. Жапырақтары сағақты пішіні жүрек тәрізді, айнала жиектері бір тегіс немесе ирек-ирек болып келеді. Жемісі бітісіп өскен бірнеше жемістерден құралады. Әрбір жемістікте бір тұқым болады, сыртындағы қабыршағы өте тығыз, ағаш тәрізді болғандықтан, тұқым ажырамайды, сондықтан оны бірге себуге тура келеді. Қызылша тұқымының пішіні мен құрылымы дәнді дақылдардан өзгеше. Мұның бірнеше дәндері бір-бірімен тұстаса өсіп құралады, сондықтан қызылшаның тұқымын дән деп атамай шоғырмақ деп атайды. Бір түйнекшеде 2-ден 6-ға дейін тұқымша болады. Себілген әрн түйнекшеден бірнеше сабақшалар өсіп шығады. Өсіп шыққан қызылшаны дер кезінде сиретудің маңызы өте зор, өйткені өсімдіктің жиі шығуы оның өнімін мықтап төмендетеді. Қант қызылшасының тұқымын алу үшін алғашқы жылғы тамыр жемістерді екінші жылғы көктемгедейін тиісті орындарда сақтайды. Келесі жылы көктемде бұларды топыраққа қайтадан шаршы-ұялап отырғызады. Осыдан кейін тамыржемістерден жаңа жапырақтары мен гүлдері бар сабақтар өсіп, олар тұқым береді. Қант қызылшасы Қазақстанда: Алматы, Талдықорған, Жамбыл облыстарында 100 мыңдай гектар жерге егіледі. 1933 жылдан қызылшадан қант алатын зауыттар салынып (Мерке, Талдықорған, Жамбыл, Алматы, Қарабұлақ, Шу қант зауыты), жұмыс істеуде. Тропиктік елдерде қант қамысының сабағынан қант алынады. Өзбекстанда қант қамысы өсіріледі. Мұнда қамыс сабағының гектарынан 1000 ц. өнім алынады. Қант қамысының жабайы түрлері қазір Бирмада, Қытайда, Жапонияда, Пәкістанда, Жаңа Гвинеяда, т. б. өседі.

http://fermers.kz/upload/news/837c254bc3a7c7d419f480c6e4371c44.jpg

Қант - күнделікті тұтыныстағы ең қажеттi тамақ өнiмдерiнiң бiрi.

Елбасының Қазақстан халқына арнаған жолдауында көрсетілгендей, алдымыздағы мiндеттiң бірі- 2020 жылға қарай агроөнеркәсiптiк кешенде өнiмдiлiктi кем дегенде екi есе арттыру. Бұл күрделi шараны аграрлық-индустриялық әртараптандыру, яғни ауыл шаруашылығы шикiзатын қайта өңдеудi шұғыл дамыту, жаңа құрал-жабдықтар мен технологиялар ғана тиімді шеше алады. Сонымен қатар әлемдiк тәжiрибенi ұтымды пайдаланып, ауыл шаруашылығы өндірісіне жедел енгізу қажет. Ауыл жағдайын жақсартып, жан-жақты көркейту еліміз егемендік алғалы әлі толық шешімін таппаған өзекті мәселеге айналып отыр. Десек те, ауыл шаруашылығы құрылымдары үшін кейінгі кезде түрлі техникалар, жанар-жағар май, минералды тыңайтқыштар, несие алу жолдары біршама жеңілдеді. Елімізде өсірілетін негізгі дақылдардың бірі саналатын - қант қызылшасының жаңа сорттары мен будандарын шығару, оны өсіруді ғылыми негізде жетілдіру, олардың элиталық тұқымын көбейту, жерсіндіру бүгінгі күннің басты талабы.

Қант - күнделікті тұтыныстағы ең қажеттi тамақ өнiмдерiнiң бiрi. Бұл тағамды өнеркәсiптiк жолмен алу елiмiзде негiзiнен өсiмдiктiң екi түрi - қант құрағы мен қант қызылшасы арқылы жүзеге асырылады. Республикамыздың оңтүстiк-шығыс облыстарындағы табиғи жағдайлар отандық шикiзат ретінде саналатын қант қызылшасын ойдағыдай өсiруге толық мүмкiндiк бередi. Аталған дақылдың өсіп-өркендеуіне осы аймақтың жер жағдайы мен климаты аса қолайлы. Суармалы алқаптардың әр гектарынан орта есеппен 450-500 ц. және одан да жоғары тәтті түбір алуға болады. Мәселен, өткен ғасырдың 80-жылдарында елімізде 80 мың гектарға жуық қызылша өсірілген. Сол уақытта әр гектардан 300 центнер және одан да көп өнім алынған. 1980-нiншi жылдары Қазақстанда 2 миллион тоннаға дейiн қант қызылшасы жиналса, ал 1990-ныншы жылдардың соңына қарай бұл көрсеткiш 100 мың тоннаға әупiрiмдеп зорға жетті. Дегенмен, қант қызылшасынан қанттылығы жоғары әрі тұрақты өнім алу жөніндегі шаралар жүйесінде осы дақылдың жергілікті жағдайларға жақсы бейімделген, тамыр шірігі және жапырақ ауруларына төзімді, дара дәнекті сорттары мен будандарын шығарып, өндіріске енгізу аса маңызды рөл атқарары сөзсіз. Қазақтың В. Р. Вильямс атындағы егіншілік ғылыми-зерттеу институты (Қазіргі аты Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты) өткен ғасырдың 60-шы жылдарынан бері қант қызылшасының дара дәнекті сорттарын шығару бағытында селекциялық жұмыстарды үздіксіз жүргізіп келеді. Селекционерлердің осындай ізденістерінің нәтижесінде "Қазақ полигибриді - 24" буданы алынды, ол 1977 жылы аудандастырылған болатын. Аталған селекциялық жетістік өнімділік және қанттылық бағытта шығарылған, көп дәнекті полигибридтер топтамасына жатады. Тұқымының өнгіштігі 75-81%, дара дәнектілігі 6%. Өкінішке қарай, бұл будан кезінде қарқынды технология талаптарына сай келмегендіктен, өндірісте қолданыстан шығып қалды. Бұдан кейін қант қызылшасы селекциясы цитоплазмалық аталық ұрықсыздық пен өздігінен тозаңданатын тізбелер негізінде тізбеаралық будандар шығару бағытында өрбіді. Осы әдіс арқылы Қазақстан мен Германия арасында бірлескен «Денок-Моно-1» буданы шығарылды. Негізгі сипаттамасы бойынша өнімділігі 510 ц/га, қанттылығы 15, 2%. «Денок-Моно-1» өзімізде және шет елде де мемлекеттік сынақтан сәтті өтіп, кезінде аудандастыруға шешім қабылданған. Бірақ та, Германиядан аналық стерильді аналогтарды сатып алуға тиісті қаражаттың болмауы себепті, біздегі аудандастыру жұмыстары тұралап, тоқтап қалды.

Республикамыздың селекционер ғалымдары 2016 жылы тізбеаралық будандар шығару бағытындағы селекциялық жұмыстарда 264 инбредтік линиялар жасады.

Мұның ішінде СОАН-5, СОАН-11, СОАН-13, СОАН-14 линиялары көптеген комбинация құру көрсеткіштерімен ерекшеленіп, мемлекеттік реестрге Украинадағы Кант қызылшасы институтында селекциялық жұмыстарға пайдалану үшін бағалы бастапқы материал ретінде енгізілді. Отандық ғалымдардың көпжылдық тынымсыз іздену жұмыстарының нәтижесінде қант қызылшасының 1 сорты мен 14 буданы туындап, оның ішінен ЦКазМС-44(1995), КазМС-19(1998), КазСиб-14(2001), Ақсу(2014) және Айшолпан(2016) будандары мемлекеттік сынақтан ойдағыдай өтіп, республиканың дәстүрлі қызылша өсіретін аймақтарына пайдалануға жіберілдіӨндіріске ұсынылған осы будандардың орташа өнімділігі 600-700 центнер, қанттылығы 16, 5-17, 7%, дара дәнекті, түрлі ауруларға төзімді, өзіндік ерекше селекциялық тәсілмен шығарылған және қызылшаның тұқым шаруашылығының қалыптасқан классикалық үлгілеріне толық сәйкес келеді.

Қазіргі таңда ЦКазМС-44 буданы республиканың оңтүстік-шығысында орналасқан мемлекеттік сорт сынау учаскелерінде стандарт ретінде қабылданған, ал КазСиб-14, Ақсу, Айшолпан будандары бойынша жоғары репродукциялы тұқым шаруашылығы тұрақты жүргізілуде және сұранысқа байланысты өндірісте тиісінше қолдау тапқан. Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының Талдықорған филиалы - қант қызылшасының селекциясы және тұқым шаруашылығымен айналысатын республикадағы бірден-бір жалғыз ғылыми мекеме. Қант қызылшасының жоғары өнімді сорттары мен будандарын шығару осы мекеменің басты бағыты. Соңғы жылдары мекеме ғалымдары өз зерттеулерін жандандыру және жаңа әдістемелік ұсыныстар мен технологияларды енгізу мақсатында Ресей Ғылым академиясы Сібір бөлімшесінің Цитология және генетика институты мен Украина Аграрлық ғылым академиясының қант қызылшасы институтының селекционерлерімен бірлесе ғылыми жұмыстар жүргізудеАтап айтқанда, Ресейден Польша селекциясының 11 линиясы, КВС (Германия) фирмасының 7 линиясы, Флоримонд Депре (Франция) 4 линиясы, Ресейдің 8 инбредтік линиясы және де Украинадан 9 линия мен сортүлгілер әкелінді. Бұл линиялар құнды бастапқы материал болып есептелінеді. Олар келешекте селекциялық жұмыстарда кеңінен қолданылып, талапқа сәйкес әлемдік деңгейдегі отандық будандар шығаруға септігін тигізері сөзсіз.

2009-2013 жылдары Ресей және Украина ғалымдарымен бірлескен ғылыми ізденістердің нәтижесінде қант қызылшасының жаңа Ақсу және Айшолпан будандары дүниеге келіп, өндіріске енгізілді.

Еліміздегі қайта құру жылдары қызылша шаруашылығы мен қант өнеркәсібі үлкен дағдарысқа ұшырады. Нәтижесінде аса ірі мамандандырылған қызылша өсіруші және тұқым өндіретін шаруашылықтар мезгілсіз тарауға мәжбүр болды. Яғни олардың материалдық базасы жойылып, тұқым зауыты мен бірқатар қант зауыттары жұмысын тоқтатты. Соның салдарынан аталған дақылдың тұқымын өндіру өзінен-өзі амалсыз құлдырады. Бүгінгі күні ішкі нарықты тұқыммен қамтамасыз ету бар болғаны 10-12 пайызбен шектеледі. Оның үстіне ол тұқымның бағасы өте қымбат, сондықтан да қызылша өсіруші шаруашылықтар үшін тиімсіз. Республикада қызылша егістігінің көлемін ұлғайтудағы алғы шарттардың бірі тауар өндірушілерді жергілікті жер жағдайына бейімдеп, шығарылған жаңа сорттар мен будандардың жоғары сапалы тұқымымен қамтамасыз ету.

Қызылша себетін шаруашылықтарды жоғары сапалы тұқыммен қамтамасыз ету үшін қызылша тұқымын елімізде көбейту керек. Халқымызды қантпен қамтамасыз ету негізінен Қазақстанның ішкі резервтерінен шешімін тапқаны жөн. Ол үшін: фабрикалық қант қызылшасының егіс көлемін Алматы облысы бойынша 14 мың гектарға, Жамбыл облысы бойынша 6 мың гектарға жеткізу қажет. Екіншіден, қант қызылшасын өңдейтін мемлекеттік және жеке серіктестік негізіндегі қант зауыттарын күрделі жөндеуден өткізіп, заманалы құрал-жабдықтармен қамтамасыз еткізу. Ал, сапалы тұқыммен қамтамасыз ету үшін республикамыздың оңтүстік-шығыс аймақтарындағы тұқым шаруашылықтарында қор үнемдеуші көшетсіз технологияларды кеңінен енгізу шарт. Алматы облысында 2 тұқым шаруашылығы, Жамбыл облысында 1 элиталық тұқым шаруашылығын ұйымдастырған жөн. Жамбыл облысындағы базаны Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының филиалы ретінде жасауға болады. Аталған шаруашылықтарды мамандандырылған қажетті техникалармен жабдықтау, Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының Талдықорған филиалы базасында қант қызылшасының жоғары және бірінші репродукциялы тұқымын өңдейтін шағын цех ашу, қызылша саласына ынталандыратын инвестиция тартуға жағдай жасау- бүгінгі күннің басты талабы.

Қант қызылшасы өндірісін одан әрі дамыту

Биылғы жылы Алматы облысында қант қызылшасының алқабы 6, 4 мың гектарға, ал өнімділігін гектарына 350 центнерге жеткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталовтың қант қызылшасын өсіруді дамыту туралы өткізген жиыны барысында айтылды. Жиын басында өңір басшысы А. Баталов қант қызылшасы өндірісін жандандыру Мемлекет басшысының Алматы облысының алдына қойған үлкен міндеттерінің бірі екенін атап өтті. Осы тапсырма аясында елді қантпен қамтамасыз етуде жыл сайын өндірілетін қант қызылшасының көлемін арттыру қажет. Бұл орайда мемлекет тарапынан едәуір қолдаулар көрсетіліп, алқаптарды ұлғайту мен қант қызылшасының өнімділігін арттыруға қажетті жағдайлар жасалуда.

- 2014 жылы қант қызылшасы 1, 2 мың га жерге себілді деп есептелсе, өткен жылы оның егістік көлемі 4 020 га болғанын білесіздер. Одан 124, 7 мың тонна тәтті түбір жиналып, тоқтап тұрған Көксу қант зауыты іске қосылды, барлық қажетті шаралар қабылданды. Өткен жылғы қант қызылшасын өсіру тәжірибесі істі дұрыс жоспарлап, оң бағыттай білсе, мемлекет қолдауын, мемлекет пен жекеменшік әріптестік тетігін тиімді қолданып, жұмыла жұмыс істей білсе жоғары нәтижелерге қол жеткізуге болатынын көрсетіп берді. Осы бағыттағы жұмысты биыл да жалғастырып, қант қызылшасының алқабы көлемін 6, 4 мың гектарға, ал одан алынатын өнім көлемін 220 мың тоннаға жеткізуіміз керек, - деді А. Баталов. Сонымен қатар инвесторларды тарта отырып, «Жетісу» ӘКК Ақсу қант зауытын қалпына келтіру жұмысын жүргізіп жатқанына да тоқталды. Мұнан кейін биылғы жылы қызылша өсірудің ерекшеліктері туралы облыс әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров баяндады. Оның айтуынша, осы жылы қант қызылшасын өндіруге тек қызылша себетін аудандардың шаруашылықтары ғана емес, Алакөл ауданы мен Қапшағай қаласының бірқатар шаруа қожалықтары да кіріскелі отыр. Алға қойған міндеттерді орындау мақсатында бүгінгі күні 6, 4 мың га сүдігер жер дайындалды. Облыстық бюджеттен 200 млн. теңге бөлініп, «Жетісу» ӘКК арқылы 8422 егістік бірлік қант қызылшасының жоғары репродуктивті гибридтік француздық тұқымы сатып алынды. Қосымша Панфилов ауданы «Қамқорлық» ЖШС-ның жергілікті тұқымы 2, 0 мың егістік бірлік көлемінде дайын тұр.

Облыс әкімінің орынбасары қажетті инфрақұрылымды ұйымдастыру мәселесіне де тоқталып өтті. Мәселен, жаңа сервистік дайындау орталықтарын құруға облыстық бюджеттен 1, 2 млрд. теңге бөлінген. СДО-лардың 5-еуі қант қызылшасын өндіруге бағытталған. Сонымен қатар қызылша өндірісі үшін 85 бірлік техника сатып алынатын болады. Сондай-ақ С. Бескемпіров жиналғандарды мемлекеттік қолдау мен несиелік қаражат беру шараларымен, суармалы жерлерді жаңғырту жұмыстарымен және өңірде қант қызылшасы өндірісін дамытуға қажетті басқа да шаралармен таныстырып өтті.

Көксу қант зауытының алдағы жұмыс жоспары туралы зауыт директоры Алтынбек Абатов мәлімдеді. Оның айтуынша, биылғы жылы қант қызылшасын қабылдауда сатып алынған тағы 2 арнайы техниканы іске қосу жоспарланған. 15 мамырдан зауыт нысандарының жөндеу жұмыстары басталады, сондай-ақ алдағы уақытта зауыттың жаңғырту жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кластерлік жүйе
Қызылшаның тамыр жүйесі
Қант өнеркәсібі
Қант қызылшасын өсіру
Қант қызылшасы басқадай тамыржемістілер сияқты екі жылдық өсімдік
Ауыл шаруашылық өнімін өндіруге арналған ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер
Қант қызылшасы бағалы техникалық дақыл
Ауыл шаруашылығына қызмет көрсететін салалар
Агроөнеркәсіптік кешен
Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz