Қант қызылшасын өсірудің озық технологиясы


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

I. Кіріспе

1. 1 Қант қызылшасы

II. Негізгі бөлім

2. 1 Қызылшаның дақылдық маңызы.

2. 2 Қызылшаның емдік қасиеті.

2. 3 Қант қызылшасының өсіру технологиясы.

III. Қорытынды.

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе

Қант қызылшасы - аса бағалы техникалық және жемшөптік мәдени дақыл. Қызылшадан алынатын негізгі өнім - қант, оның жемістамырында 20 пайыз қат болады. Қант жасағанда алынатын қалдықтар сығынды мен сірне малды азықтандыруға жұмсалады немесе сірне спирт өнеркісібі үшін шикізат есебінде пайдаланылады. Қант қызылшасы - екі жылдық өсімдік, сондықтан оның өсуі үш кезеңде қарастырылады. Бірінші кезеңде сіңіру қабаты пайда болып екінші кезеңде жеміс тамыры, ал үшінші кезеңде жемістамырда қант пайда болады. Қант қызылшасы екінші жылы отырғызылғанда ұшы сүйірлеу келген ақ тамыр түзіп, одан өркендер тармақтанып өседі. Өркеннің жоғары ұшында шыған шоғырланып жиалған толып жатқан гүлдері болады: гүлдері алабота тұқымдас өсімдіктердің гүлдері тәрізді бірнешеуі бірігіп құралады. Мұны шоқгүл дейді. Бір шоқта 2-6-ға дейін гүл, әрбір гүлде бес аталық гүл, бір аналық гүл болады. Аталық гүл серігімен бірге өседі. Жапырақтары сағақты пішіні жүрек тәрізді, айнала жиектері бір тегіс немесе ирек-ирек болып келеді. Жемісі бітісіп өскен бірнеше жемістерден құралады. Әрбір жемістікте бір тұқым болады, сыртындағы қабыршағы өте тығыз, ағаш тәрізді болғандықтан, тұқым ажырамайды, сондықтан оны бірге себуге тура келеді. Қызылша тұқымының пішіні мен құрылымы дәнді дақылдардан өзгеше. Мұның бірнеше дәндері бір-бірімен тұстаса өсіп құралады, сондықтан қызылшаның тұқымын дән деп атамай шоғырмақ деп атайды. Бір түйнекшеде 2-ден 6-ға дейін тұқымша болады. Себілген әрн түйнекшеден бірнеше сабақшалар өсіп шығады. Өсіп шыққан қызылшаны дер кезінде сиретудің маңызы өте зор, өйткені өсімдіктің жиі шығуы оның өнімін мықтап төмендетеді. Қант қызылшасының тұқымын алу үшін алғашқы жылғы тамыр жемістерді екінші жылғы көктемгедейін тиісті орындарда сақтайды. Келесі жылы көктемде бұларды топыраққа қайтадан шаршы-ұялап отырғызады. Осыдан кейін тамыржемістерден жаңа жапырақтары мен гүлдері бар сабақтар өсіп, олар тұқым береді. Қант қызылшасы Қазақстанда: Алматы, Талдықорған, Жамбыл облыстарында 100 мыңдай гектар жерге егіледі. 1933 жылдан қызылшадан қант алатын зауыттар салынып (Мерке, Талдықорған, Жамбыл, Алматы, Қарабұлақ, Шу қант зауыты), жұмыс істеуде. Тропиктік елдерде қант қамысының сабағынан қант алынады. қамысы өсіріледі.

Қызылшаның дақылдық маңызы.

Асханалық қызылшаның химиялық құрамы (%) 10, 02-11, 49 қант, 1, 27-1, 35 азотты қосылыстар, 0, 71-1, 02 клетчатка, 0, 85-1, 04 күл, 91, 6-83, 97 су.

Дақылдың құрылымдық және биологиялық ерекшеліктеріне тоқталатын болсақ, қызылша - екі жылдық өсімдік, өмірінің бірінші жылы жапырақ розеткасы және тамырлы жемісі, екінші жылы отырғызылған тамырлы жеміс гүлдеп, тұқым бере бастайды.

Тамырлы жүйесі көптеген тармақтардан қосалқы тамырдан тұрады. Негізгі Асханалық қызылшадан жасалатын тағам түрлері тамыры топыраққа 270см-ге дейін, ал бүйірлік тармақтары 200см-ге дейін жетеді. Асханалық қызылшадан жасалатын тағам түрлері байқалады. Өсімдік розеткасының пішіні сортқа және өсіру ерекшеліктеріне байланысты болады. Оған ауа температурасының өзгеруі қатты әсер етеді. Жоғарғы температура жағдайында ұзын жапырақты розетка, ал төменгі температурада қысқа розетка дамиды. Жапырақтары үшбұрыш немесе сопақтау, жиегі жиі толқын тәрізді, жапырақтың пішіні өсімдіктің жасына және өсіру ерекшелігіне байланысты болады. Ескірген және үлкен жапырақтар сыртында орналасады. Жапырақтың пішіні мен көлемі өсіру ерекшелігіне байланысты. Жапырақтың беті тегіс, толқынды, қатты толқынды болып келеді. Жапырақтарының түсі сорт айырудың негізгі белгісі болып табылады. Ол жасыл, қызыл немесе қанық қызыл аралығында боялады. Жапырақтың түсі өсімдіктің жасына байланысты өзгеріп отырады. Жастары ақшылдау, ескірген сайын бояуы қоюланып, өлетін кезінде қоңыр түске боялады. Өсірудің ерекшеліктері өсімдік жапырағының түсіне әсерін тигізеді. Төмен температура және аздаған үсік жапыраққа антоциан пигментациясының күшеюіне алып келеді. Жоғарғы температурада жапырақтың қызаруына ықпал етеді. Топырақтың ылғалдылығының төмендеуі немесе жоғарлауы жапырақтың түсіне, қызыл пигментациялы өң береді. Топырақта қоректік элементтердің азот, фосфор, калий және микроэлеметтердің аздығы жапырақ түсінің өзгеруіне алып келеді. Ал оның жемісі -қорапты. Тұқымдары бүйрек тәрізді пішіндес, қызылдау- қоңыр қабықшамен қапталған.

Қызылша - ұзақ күн өсімдігі. Күн ұзақ болғанда гүлдеу және ұрықтану үрдістері жылдам жүреді. Қазіргі кезде оңтүстіктің қысқа күніне, сотүстіктің ұзақ күніне ыңғайланған қызылшаның жаңа сорттары өңделген. Сондай-ақ Қиыр шығыстың тәуліктік жарықтануын жақсы көтеретін түрлері де бар. Ондай сорттарды Поляр шеңберінде өндіруге болады. Қызылша жарықтанудың қарқындылығына көп сұраныс артатын өсімдік. Күн жарығы өсімдіктің өсіп-өнуіне, егілім түсімділігінің жақсаруына ықпал жасайды. Өсудің бірнеше кезеңінде, яғни түзілудің алдында қызылша. 15-18 температурасында жақсы өседі. Көктемгі таңғы шық өскіндердің зақымдалып, өліміне дейін алып келуі мүмкін. Өсу кезеңінде тұқым қабығының тығыздығына байланысты қызылшаның ылғалдылыққа деген сұранысы өте жоғары болады. Қызылша жақсы өніп шығуы үшін топырақтың ылғалдылығы 60% болуы керек. Өсімдіктің суға деген қажеттілігі уақыт өткен сайын жоғарлап, шілде-тамыз айларында шегіне жетеді. Бұл дақыл өсудің әр кезеңінде қажетті қоректік заттарды әр түрлі сіңіреді. Өмірінің бірінші жылдарында өсімдікке азот қажет, тамырлы жемістердің дамуы кезеңінде калий қажет. Ал фосфор өсімдіктің барлық өсу кезеңінде бірдей мөлшерінде керек.

Гүлдену биологиясы. Қызылшаның гүлденуі тұқымдықты еккеннен кейін 50-60 күннен кейін басталады. Ұзақтығы сыртқы ортаның әсерінен 30-50 күн аралығын құрайды. Ыстық және де құрғақ ауа болғанда гүлдену өзінің шегіне жылдам жетеді. Ең бірінші негізгі осьтегі гүлдер, содан соң бұтағының екінші және кейінгі қатарындағы гүлдер гүлдейді. Гүлдер таңғы 7-8-дерде ашылады.

Жаппай гүлдену тәуліктің бірінші жартысында болса, тәулік соңына қарай біртіндеп баяулап, аяқталады. Гүлдену барысында бал иісі мүңкіп тұратын шәрбәт бөлінеді. Құрт-құмырсқалар қызылша гүліне барып, гүлдің тозаңдануына өз әсерін тигізеді. Қызылша тозаңы 4-7 күн аралығында өз тіршілігін сақтайды. Қызылшаның барлық сорттары мен түрлері бір- бірімен шағылысады.

Қызылша ауруларының қоздырғыштары өсімдіктің барлық мүшелерін: жапырақтарды, сабақтарды, тұқымды және тамыр жемістерді зақымдайды. Өсімдіктің өсуі нашарлап, өнім мөлшері мен сапасы төмендейді. Қоздырғыштардың көбі өсімдік қалдықтарында сақталады. Залалданған тамыржеміс қоймаға түскенде, аурудың қоздырғыштары қыс айларында да дами береді. Қыста сақтау кезінде өнім шығынын болдырмау үшін, қоймаларды мұқият дайындау қажет. Қоймаға сау жемістерді ғана салады, ал сақтау кезеңінде олардың жай-күйін қадағалап отырады.

Қоздырғыш бактериясы. Қызылша тамырының қатерлі ісігін тудыратын бактериялар қызылшадан басқа, өсімдіктердің 60-қа жуық түрлерін залалдайды. Көбінесе қант қызылшасында кездеседі, бірақ соңғы уақытта суармалы жерлерде өсірілетін ас қызылшасына да тарай бастаған. Залалданған тамырда ісік пайда болады. Ол өсе келе тамыржемістің өзінен де үлкен болып кетеді. Оның үстіңгі беті тегіс немесе кедір - бұдыр болады. Осы өсіндінің тамырмен байланысқан жері жіңішке және жеңіл сынады. Қатерлі ісік көбіне тамыржемістің мойынында пайда болады, ал тамырдың төменгі жағында сирек кездеседі. Өсіп даму кезеңінде ісіктің ұлпалары шірімейді және олардың ішінде қуыстар болмайды.

Зақымданған өсімдіктер нашар дамып, аз өнім береді. Сақтау кезінде ісігі бар жемістер шіріп кетеді.

Қызылша тамырының қатерлі ісігі.

Қоздырғыш бактериясы. Қызылша тамырының қатерлі ісігін тудыратын бактериялар қызылшадан басқа, өсімдіктердің 60-қа жуық түрлерін залалдайды. Көбінесе қант қызылшасында кездеседі, бірақ соңғы уақытта суармалы жерлерде өсірілетін ас қызылшасына да тарай бастаған. Залалданған тамырда ісік пайда болады. Ол өсе келе тамыржемістің өзінен де үлкен болып кетеді. Оның үстіңгі беті тегіс немесе кедір - бұдыр болады. Осы өсіндінің тамырмен байланысқан жері жіңішке және жеңіл сынады. Қатерлі ісік көбіне тамыржемістің мойынында пайда болады, ал тамырдың төменгі жағында сирек кездеседі. Өсіп даму кезеңінде ісіктің ұлпалары шірімейді және олардың ішінде қуыстар болмайды.

Зақымданған өсімдіктер нашар дамып, аз өнім береді. Сақтау кезінде ісігі бар жемістер шіріп кетеді.

Ісіктер бактериялардың әсерінен жасушалардың көп бөлінуінен пайда болады. Бактериялар топырақта сақталып, жиналады және өсімдікке тамырдағы жаралар арқылы енеді.

Қызылша таты

Қызылшаның барлық түрлерін зақымдайды. Ауру қоздырғышы бір қожалық тат саңырауқұлағы. Өсімдіктер бірінші және екінші жылдары зақымданады. Жаздың басында өскіндердің тұқым жарнағы жапырақтарында және тұқымдықтардың жас жапырақтарында ұсақ, сары ұнтақ түріндегі саңырауқұлақтың эцидиалды сатысы дамиды. Эциоспоралар желмен тарап қызылшаның сау жапырақтарын зақымдайды. Жазда жапырақтардың екі бірдей жағында, жапырақ сағағында диаметрі 1 мм дейін жеке немесе біріккен ашық-қоңыр түсті урединилер пайда болады. Пісіп жетілген урединиоспоралар жаз бойы тарап қызылшаны зақымдайды.

Қызылшаның пероноспорозы

Пероноспороз бірінші жылғы және тұқымдық қызылшаны залалдайды. Ауру негізінен өсімдіктердің жас мүшелерінде байқалады. Орталық жапырақтар ақшылданып, шеттері қайрылады, жуандайды және сынғыш келеді. Жапырақтардың астыңғы бетінде ылғалдылық жағдайында конидийтүзгіштерден және конидийлерден тұратын сұрғылт-күлгін түсті түзіледі. Залалданған тамыржемістерді көшіріп отырғызғанда, өсіп келе жатқан жапырақтарында жалған ақ ұнтақтың белгілері байқала бастайды. Мұндай тамыржемістер аурудың бастапқы көзі болып табылады. Өсіп даму кезеңінде саңырауқұлақ конидийлер арқылы тарайды. Аурудың тұқымда және өсімдік қалдықтарында сақталатын оспоралардан тарауы да мүмкін.

Шоқа шірігі.

Сақтау кезінде саңырауқұлақ және бактериялар тудыратын ауру. Қоздырғышына байланысты өсімдіктерінің бетінде түрлі-түсті (ақ, сұр, қызғылт және басқа да түрлі) зең дамиды. Ауру қызылшаны дұрыс өсірмеуден, тасымалдамаудан және сақтамаудан пайда болады. Көп жағдайда зақымданған тамыржемістер сұр, қоңыр немесе қара түске боялады. Егер ауру саңырауқұлақтан дамыса онда шірік құрғақ болады, ал бактериялардан болса онда тамыржемістер кілегейленіп жұмсарып кетеді. Ауру тамыржемістің механикалық зақымдануынан басталады және олардың қанттылығы азаяды.

Күресу шаралары: тыңайтқыштар салу; зиянкестермен және аурулармен күресу; механикалық зақымдануды болдырмау, қоймаға салардың алдында ауру тамыр жемістерден тазарту қажет.

Ризомани

Қант қызылшасының әлемнің барлық елдерінде таралған қауыпты вирус ауруы. Қоздырғышы плазмодиофоралық саңырауқұлағы арқылы тарайтын, қызылша тарамыстарын сарғайтып, бүлдіретін вирус. Аурудың қоздырғышы топырақта жиналып сақталады. Вируспен залалданған тамыржемістерде көптеген қосалқы тамырлар пайда болады, сондықтан бұл ауруды «тамыржемістердің сақалдануы» деп атайды. Залалданған тамыржеміс кішкентай және қатты болады.

Қызылшаның емдік қасиеті.

Қызылша көптеген ауруларға пайдасы яғни, емдік қасиетті бар. Қызылша шырынын тұмау болып, мұрыннан су аққанда қызылша қайнатылған сумен шаяды. Шикі қызылшаның шырынын тамызып та емдейді. Ол үшін қызылша шырынын 1 күн қойып, кішкене ашытып алады. Мұрынға күніне бірнеше рет 2-3 тамшыдан тамызса, тыныс алу жеңілдеп, мұрыннан аққан су тоқтайтын болады. Сол сияқты қызылша шырынын балмен араластырып қолдануға болады. Ондай қоспаны күніне 4-5 рет 5-6 тамшыдан тамызады. Әсіресе, балаларды емдеуде осы әдіс түрін қолдану оң нәтиже береді. Шырынды шикі қызылшадан және қайнаған қызылшадан да алуға болады. Қызылшаны үккіштен өткізіп, сонан соң шырын сыққышқа салады. Шырынды сүзіп пайдалану керек.

Қан кысымын төмендетуге де қызылшаның пайдасы бар. Бұл оның құрамындағы селитраның қызметі. Жүрек ауруын болдырмау үшін, күніне бір стакан шырын ішкен жеткілікті.

Қызылшаның қанды көбейту, қақырықты босату, сіңірлерді бекемдеу, денені қуаттандыру ерекшелігі бар.

Көк бауыр ауруына: қант қызылшасын сірке суымен, қышамен араластырып ішкізсе көк бауырдағы бөгеттерді ашады. Бір жақ ауырғанда, қол-аяқтың қалтылдауына; қант қызылшасы суын балмен араластырып мұрынға таңса, ауру белгілері жеңілдейді.

Құлақ ауырғанда: қант қызылшасы жапырағының суын сығып алып, балмен осып қайнатып, жылы күйінде құлаққа тамызады.

Шаштағы битті жоюға, шаштағы қайызғақты кетіруге: қант қызылшасы жапырағының суымен шашты жуады.

Іш кірнесіне: қант қызылшасы, қышы, сірке суымен қосып қайнатып ішсе ауырғанды басады. Басты құрамы: құрамында каротин бар.

Қызылша өсімдігінің емдік қасиетіне байланысты халық еміне арналған қоспа жасау әдістері мен қолдану ерекшеліктері жөнінде кітапшалар шығарылып көпшілік оқырмандарға ұсынылса, халық игілігіне жаратар еді.

Халық еміне байланысты қоспа жасау әдістері күнделікті тұрмыста қолданысқа енсе, көптеген аурулардан жазылып, халыққымыздың денсаулығына пайдасын тигізер едік.

Қант қызылшасының өсіру технологиясы.

http://auil-zhanaligi.kz/images/0001843.jpg

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұқымды себуге дайындау және себу
Қант қызылшасының маңыздылығы
Қант қызылшасы өндірісін дамыту
Қант қызылшасын тұқымға өсіру технологиясы туралы
Қант қызылшасы басқадай тамыржемістілер сияқты екі жылдық өсімдік
Қант қызылшасы дақылының өсіру технологиясы
Қант қызылшасының биологиялық ерекшеліктері
Түйнек жемістілер
Алматы облысы Көксу ауданының табиғи жағдайында қант қызылшасының аурулары
Қант қызылшасы жапырақтарының даму кезеңдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz