Қызылорда облысы жағдайында көлемі 65 га пияз егісінде кездесетін зиянды нематодалар, кенелер және кеміргіштердің биологиясы, таралуы, зияндылығы және олармен күресу шаралары
Кіріспе
Ι .Қызылорда облысының табиғи.климаттық жағдайы
ΙΙ. Пияз өсіру технологиясы
ΙΙΙ. Пияз егісінде кездесетін зиянды нематодалар, кенелер, кеміргіштер биологиясы, таралуы және зияндылығы
3.1 Пияз бен сарымсақтың сабақ нематодасы .Ditylenchus dipaci Kuhn.
3.2Ұзынша кене.Tyrophagus putrescentiae SchrnR.
3.3 Аламан .Circtuscricetuslinaeus
ΙV. Зиянды нематодалармен, кенелермен, кеміргіштермен күресу шаралары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Жұмыр құрттар, нематодтар (Nemathelmіnthes) – төменгі сатыдағы құрттар типі.Жер шарында кең тараған (теңіздер мен мұхиттарда, тұщы суларда, топырақта, биосферада), кездеспейтін жері жоқ, сондықтан оларды космополиттік жануарлар қатарына жатқызады. Жұмыр құрттардың 5 класы бар: нағыз Жұмыр құрттар (Nematoda); құрсақ кірпікшелілер(Gastrotrіcha); киноринхалар (Kіnorhyncha); түкті құрттар (Nematorpha); коловраткалар (Rotatorіa). 27 мыңдай түрі белгілі. Бұлардың жалпақ құрттардан айырмашылығы – ішкі мүшелерінің арасында дене қуысының (схизоцельдің) болуы. Сондықтан Жұмыр құрттарды бірінші реттік дене қуысы бар жануарларға жатқызады. Денесі жіп тәрізді (грек. nematos – жіп) созылыңқы келеді. Ұзындығы 1 мм-ден 8 м-ге (Рlacentonema gіgantіssіma) жетеді.Жұмыр құрттар – адам, өсімдіктер мен жануарлар организмінде де паразиттік тіршілік етеді. Кене (Acarіna) – өрмекші тәрізділер класының бір отряды.Жер бетінде, теңізде, тұщы суда тіршілік етеді, ал жыртқыш және өсімдікқоректі кенелер жер қыртысында, ормандағы ағаш түбінде, өсімдік бетінде, ін мен ұя ішінде мекендейді. Дене құрылысы, пішіні мен түсі әр түрлі, ұзындығы 1,0 – 30 мм. Жұптасқан 1 – 2 көзі болады, көзсіздері де кездеседі.Кеміргіштер, кемірушілер (лат. Rodentia) – сүтқоректілер класының ең көп тараған отряды. Қазір олардың дүние жүзінде 32 тұқымдасқа жататын 2500-дей, ал Қазақстанда 15 тұқымдастың (ұшарлар, тиінтәрізділер, құндыздар, жайралар, саз құндыздары, қарақастар, жалмандар, тышқандар, жалғанқосаяқтар, қосаяқтар алыпкөртышқандар, атжалмантәрізділер,бұзаубастар, құмтышқандар, қаптесерлер) 82 түрі кездеседі. Кеміргіштер республиканың барлық аймақтарында кең тараған, тек таудағы мәңгі мұз басқан жерлерде ғана кездеспейді. Осыған орай кеміргіштерде маусымдық түлеу қабілеті жақсы жетілген. Дене пішіні, тіршілігі алуан түрлі – 5 см-ден (кішкене қаптесер) 130 см-ге (теңіз доңызы) дейін, ал салмағы 6 г-нан (ергежейлі тышқан) 80 кг-ға (су шошқасы) жетеді. Тері жамылғысы жақсы жетілген, көпшілігінде үлпілдек, кейбіреулерінде тікен тәрізді инелерге (жайра) айналған.
1. Агибаев А.Ж., Ысқақ С., Карбозова Р.Д. Зиянды нематодалар, кенелер және кеміргіштер. Алмтаы, 2005ж.
2. Бондаренко Н.В., Поляков И.Я., Стрелков А.А. Вредные нематоды, клещи и грызун. М., «Колос», 1993
3. Деккер Х. Нематоды растений и борьба с ними . М., «Колос» , 1972
4. Крыльцов А. И., Толебаев А.К., Залеский А.Н. Вредные грызуны ( биология и система борьбы в Казахстане). Алма-Ата «Кайнар» , 1969

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым минстірлігі
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Кафедра:Өсімдік қорғау және карантин
Тақырыбы :Қызылорда облысы жағдайында көлемі 65 га пияз егісінде кездесетін зиянды нематодалар, кенелер және кеміргіштердің биологиясы, таралуы, зияндылығы және олармен күресу шаралары
Орындаған: Сейтмаханбет А.
Тексерген: Алимкулова М.
Алматы 2017
Жоспары:
Кіріспе
Ι .Қызылорда облысының табиғи-климаттық жағдайы
ΙΙ. Пияз өсіру технологиясы
ΙΙΙ. Пияз егісінде кездесетін зиянды нематодалар, кенелер, кеміргіштер биологиясы, таралуы және зияндылығы
3.1 Пияз бен сарымсақтың сабақ нематодасы - Ditylenchus dipaci Kuhn.
3.2Ұзынша кене-Tyrophagus putrescentiae SchrnR.
3.3 Аламан - Circtuscricetuslinaeus
ΙV. Зиянды нематодалармен, кенелермен, кеміргіштермен күресу шаралары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Жұмыр құрттар, нематодтар (Nemathelmіnthes) - төменгі сатыдағы құрттар типі.Жер шарында кең тараған (теңіздер мен мұхиттарда, тұщы суларда, топырақта, биосферада), кездеспейтін жері жоқ, сондықтан оларды космополиттік жануарлар қатарына жатқызады. Жұмыр құрттардың 5 класы бар: нағыз Жұмыр құрттар (Nematoda); құрсақ кірпікшелілер(Gastrotrіcha); киноринхалар (Kіnorhyncha); түкті құрттар (Nematorpha); коловраткалар (Rotatorіa). 27 мыңдай түрі белгілі. Бұлардың жалпақ құрттардан айырмашылығы - ішкі мүшелерінің арасында дене қуысының (схизоцельдің) болуы. Сондықтан Жұмыр құрттарды бірінші реттік дене қуысы бар жануарларға жатқызады. Денесі жіп тәрізді (грек. nematos - жіп) созылыңқы келеді. Ұзындығы 1 мм-ден 8 м-ге (Рlacentonema gіgantіssіma) жетеді.Жұмыр құрттар - адам, өсімдіктер мен жануарлар организмінде де паразиттік тіршілік етеді. Кене (Acarіna) - өрмекші тәрізділер класының бір отряды.Жер бетінде, теңізде, тұщы суда тіршілік етеді, ал жыртқыш және өсімдікқоректі кенелер жер қыртысында, ормандағы ағаш түбінде, өсімдік бетінде, ін мен ұя ішінде мекендейді. Дене құрылысы, пішіні мен түсі әр түрлі, ұзындығы 1,0 - 30 мм. Жұптасқан 1 - 2 көзі болады, көзсіздері де кездеседі.Кеміргіштер, кемірушілер (лат. Rodentia) - сүтқоректілер класының ең көп тараған отряды. Қазір олардың дүние жүзінде 32 тұқымдасқа жататын 2500-дей, ал Қазақстанда 15 тұқымдастың (ұшарлар, тиінтәрізділер, құндыздар, жайралар, саз құндыздары, қарақастар, жалмандар, тышқандар, жалғанқосаяқтар, қосаяқтар алыпкөртышқандар, атжалмантәрізділер,бұзаубастар, құмтышқандар, қаптесерлер) 82 түрі кездеседі. Кеміргіштер республиканың барлық аймақтарында кең тараған, тек таудағы мәңгі мұз басқан жерлерде ғана кездеспейді. Осыған орай кеміргіштерде маусымдық түлеу қабілеті жақсы жетілген. Дене пішіні, тіршілігі алуан түрлі - 5 см-ден (кішкене қаптесер) 130 см-ге (теңіз доңызы) дейін, ал салмағы 6 г-нан (ергежейлі тышқан) 80 кг-ға (су шошқасы) жетеді. Тері жамылғысы жақсы жетілген, көпшілігінде үлпілдек, кейбіреулерінде тікен тәрізді инелерге (жайра) айналған.
I .Қызылорда облысы - Арал теңізінің шығысында Сырдария өзенінің төменгі ағысы, Тұран ойпатында орналасқан. Қазақстан Респуликасының бірнеше облыстарымен оның ішінде шығыс және оңтүстік - шығысында Оңтүстік Қазақстан облысымен, солтүстігінде - Қарағанды облысымен, солтүстік-батысында Ақтөбемен және оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен шекараласады.
Жер көлемі жөнінен республика бойынша 4 - орында. Облыс Арал теңізінің шығысында Сырдария өзенінің төменгі ағысында орналасқан. Аумақтың негізгі бөлігі Тұран ойпатында орналасқан (биіктігі 50-200 м.)Сырдарияның сол жақ жағалауында - Жаңадария мен Қуаңдария өзендерінің құрғақ арналары кесіп өтетітн Қызылқұм топырағының төбелері мен кең жазықтығы, оң жақ жағалауында үстірттері (Егізқара, 288 м.), құм учаскелері (Арысқұм және өзгелері), сорға толы таяз шұңқырлар кездеседі. Солтүстігінде - құм төбелері массивтері (Кішкентай Барсұқ және Қарақұм топырағы) бар. Оңтүстік-шығыс бөлігінде Қызылорда облысының аумағына Қаратау тауының жоталары кіреді (биіктігі 1419 м-ге дейін). Климаттың континенталдығы көптеген метеорологиялық элементтердің тәуліктік, айлық және жылдық өзгеруімен байқалады. Жазы ыстық және ұзақ мерзімді. Бұл кезеңде температурадағы күрт өзгеру сипаты байқалмайды. Кейбір жерлерде шілде айының орташа температурасы 36-39 0С. Облыс аумағының басым бөлігінде температураның абсолютты максимумы 44-48 0С құрайды. Қыс мезгілінде облыстың солтүстік және оңтүстік аймақтарынының арасында температурада айтарлықтай айырмашылықтары бар. Мысалы, ең салқын ай - қаңтардағы орташа температура - 35 -360 С градусты құрайды.Солтүстікке ашықтылық қасиеті облыс аумағына кедергісіз салқын ауа массасыынң енуіне мүмкіндік береді және нәтижесінде қыс айларында күрт салқындайды. Ауа температурасының Құрғақшылық - облыс климатының ерекшелектерінің бірі. Жауын-шашын өте аз жауады. Орташа жылдық мөлшері 100-190 мм аспайды және жыл маусымдарында оның түсімі біркелкі емес: барлық жауын-шашынның 60 пайызы көктемгі-қысқы кезеңдерге тиесілі.Облыс аумағының барлық бөлігінде солтүстік-шығыс бағытындағы күшті және жиі желдер болып тұрады. Оның орташа жылдық жылдамдығы секундына 3,1 метрден 6 метрге дейін ауытқып отырады. Қыс мезгілдеріндегі күшті желдер төменгі температура жағдайында жер бедерлерінің биік беткейлеріндегі қар жамылғыларын ұшырып кетеді, нәтижесінде топырақтың беткі қабаттарының терең қатуына және жарылуына әкеліп соғады. Жазғы уақытта шаңды дауылдар байқалады.
Жауын-шашынның орташа мөлшері 100-115 мм. Арал теңізінің тартылуынан, Байқоңыр ғарыш алаңы тарататын улы заттары және экологиялық ортаның нашарлауына байланысты қышқыл жауын-шашын жауатын болды.
II Пияз өсіру технологиясы
Баданалы өсімдіктерге басты пияз, шалот пиязы, сарымсақ, порей пиязы, көп жылдық пияздар: батун, шнит, қат-қабатты пияз және т.б. жатады. Пияздар негізінен Орта Азияда және Қап (Кауказ) тауы елдерінде өседі.
Ең кең тарағаны - басты немесе шалқан пияз. Пияз өндірудің көлемі бойынша әлем елдерінің ішінде жетекшілік мына елдердің үлесінде (мың.т.): Қытай (19047), Үндістан (5500), АҚШ (3669), Түркия (2000).
Қазақстанда 2004 жылы пияздың егіс көлемі 18 мың гектардай болды. Пияздың негізгі егіс көлемі Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында орналасқан (82%): шаруа қожалықтарында - 40%, тұрғындардың шаруашылықтарында - 42%, Ең жоғары өнім Алматы облысында (219,9 цга), Қазақстанның солтүстігінде пиязды 0,5 мың гектар жерге өсіреді. Шалқан пияздан басқа бұл жерде батун пиязын, порей пиязын, шалот пиязын, алтай (қат-қабатты) пиязын және сарымсақты өсіреді.
Шалқан пияз - Allium cepa L. Бұл пияздың отаны - Орта Азия. Пияз көне заманнан белгілі. Пиязда 18% құрғақ зат, 12%-ға дейін қанттар, 2% шамасында ақуыз, 0,4-0,5% май және Е.С.А дәрумендері бар. Пиязды ежелден бағалы дәрілік өсімдік деп санаған. Ол ас қорытуды жақсартады, асқазан шырынының бөлінуін күшейтеді. Пиязға ерекше иісті эфир майы береді. Одан басқа пияз бен сарымсақта фитонцид бар ауру қоздыратын бактериялардың өсуін тежейтін ұшпа зат.
Басты пиязды өсіріп алынатын бадана - өте қысқарған шошақ тәрізді - түпшік деп аталынатын сабақтан және оған тығыз, біріне-бірі қысыла орналасқан етті қабыршақтан тұрады. Қабыршақтың жоғарғы бөлігі жұқа келеді, тығыздалады және жалған сабақ құрады. Сыртқы қабыршақтары бірте-бірте солады да, жамылғыға айналады. Олар сары, қоңыр, қызғылт көгілдір, ал кейде ақ түсті болады.
Етті қабыршақтар - қоректік заттар жинайтын орын-түпшікте құрылатын және жаңа өсімдіктер беретін, бір немесе бірнеше бүршіктерді орап тұрады. Бүршіктердің саны пияздың ұрықтылығы дегенді анықтайды, ол өз кезегімен сұрыпқа және бадананың көлеміне тәуелді (46-сурет). Ұсақ баданада әдетте бір ұрықтық, ірілерінде - 2-3 және одан да көп ұрықтық болады. Тығыз себілгенде баданалар ұсақтау болып өседі және олардың көбі бір ұрықтық жұрнақты қалыптастырады.
Ұрықтылық - пияздың ұялылығын анықтайды. Көп ұялы пияз мықты болып дамиды, көп жапырақты келеді және көптеген ұсақ баданаларды қалыптастырады. Көбінесе оны көктетіп жапырағын алуға, ал бір ұяласын шалқан (репка) алуға пайдаланады.
46-сурет. В.М.Марков бойынша бадананың құрылыс сұлбасы.
Пияздың жапырақтары етті қабыршақтың жалғасы сияқты. Олар түтікті, үшкірленген, ұзындығы 20-50 см болады. Гүлді сабақтың орта тұсы қампайса, оны сабақтану дейді, гүл шоғыры - шар тәрізді шатырша, гүлдері қос жынысты. Пияздың жемісі - 2-4 тұқымды үш қырлы қауашақ. Тұқымы - қарашық - ұсақ (1000-ның массасы 3,5-4,0 г), қара, пирамида пішіндес, беті әжімді. Тығыз және ұзақ бөртетін қабықты болғандықтан, тұқымы өте баяу өнеді.
Тұқым өнгенде жерден топса сияқты қабыстырылған тұқым жарнағы шығады. Біраздан соң ол түзеледі де, тік өседі.
Пияз топырақ ылғалдылығына өте жоғары талап қойғанымен, суды аз мөлшерде пайдаланады. Бұл түксіз деуге болатын, аздаған шашақ тамырларының аса тереңге (40-50см) бойламауымен және олардың сору күшінің әлсіздігімен түсіндіріледі. Пияздың жылуға талабы жоғары емес. Тұқымы 2-4оС-да өне бастайды, бірақ ол үшін оңтайлы температура 18-20оС. Ересек өсімтіктері 6-7оС үсікке шыдайды.
Үсікке пияздың ащы сұрыптары төзімдірек. Жапырақтары 18-20оС жақсы өседі. Бадананың қалыптасуына жоғары температура ықпал жасағанымен, жапырақтарының өсуі баяулайды. Аса жоғары емес (5-7оС) оң температурада тамыр жүйесі, жер бетіндегі бөлігіне қарағанда тезірек дамиды, сондықтан себу мен отырғызуды ертерек жүргізуге тырысу керек, сонда жоғары температура басталғанша тамыр жүйесі жақсы қалыптасып үлгереді.
Қазылынып алынған бадананың аязға төзімділігі кемиді. Пісіп жетілмеген бадана жеңіл үскіріктермен зақымдануы мүмкін, сақталуы нашарлайды, ал толық піскендері сақтаған кезде 3оС үскірікке шыдай алады.
Пияз көлеңкені жақтырмайды. Ұзақ күн бадананың өсуіне және пісуіне, оның тыныштық кезеңіне өтуіне қолайлы ықпал жасайды. Пияз топырақ құрылымынына және құнарлығына үлкен талап қояды-борпаң, қара шіріндісі көп, қоректік заттарға бай топырақта жақсы өседі.
Басты пияздың өсінді кезеңі ұзақ сұрыптарын екі жылдық дақылдай екпе көшетпен өсіреді, қысқасын да солай, сонымен бірге бір жылдық дақыл ретінде танапқа тұқымды тікелей сеуіп те өсіреді.
Басты пиязды екпе көшеттен өсіру - ең кең тараған тәсіл. Мұндайда тұқымнан азықтық шалқанға дейін 2 жыл дамиды, ал тұқымына дейін - 3 жыл. Бірінші жылы тұқымынан пиязшық-көшет алынады. Екінші жылы пиязшық - көшеттен шалқан пияз (азықтық және аналық) өсіріледі, ал үшінші жылы шалқан пияз аналықтан - тұқым.
Пияз көшетті өсіру. Пияз көшет деп тұқымнан бір жылда (маусымда) өсіріліп алынған ұсақ пиязды (диаметрі 1-3 см) айтады. Ең дұрысы оны көң енгізілген, өздерінен кейін танапты арамшөптерден таза қалдыратын, ерте жиналатын дақылдардан кейін орналастыру. Бұл жағынан пияз үшін ең жақсы алғы дақылдар - бұршақ тұқымдастардың өкілдері, қияр, ерте пісетін орамжапырақ, картоп. Пияз көшетті пияздан кейін өсіруге болмайды, себебі ол пияз шыбынымен және қара күйемен зақымданады. Ауыспалы егісте оны өз орнына 3 жылдан кейін қайтаруға болады. Пиязды су жайлатын жерлерде өсіру жоғары нәтиже береді.
Топырақты өңдеу әдеттегідей. Күзде алғы дақылды жинағаннан кейін сыдыра жыртады, қыркүйекте сүдігер көтереді. 100 ц өніммен пияз көшет 31 кг азот, 9 кг фосфор, 7 кг калий алып шығады. Егер алғы дақылға көң енгізілмеген болса, онда сүдіргердің әр гектарына жақсы шіріген көңнің 30-40 т, суперфосфаттың 3-3,5 ц, хлорлы калийдің 0,5 ц енгізеді. Жас қиды қолдануға болмайды. Ол жапырақ массасының дамуын күшейтеді де, бадананың пісуін кешеуілдетеді және қысқы сақталуын нашарлатады.
Ерте көктемде, жұмыс бастау мүмкіндігіне қарай, танапты тісті тырмалармен екі ізбен өңдейді. Жуан мойынды бадана болмауы және олардың толық пісуі үшін тұқымды мүмкіндігіне қарай сәуірдің соңы мамырдың басында себеді. Себу мөлшері гектарына 70-80кг. Тұқымды алдын ала тәулік бойы суға салып қояды, сосын сусымалы күйге дейін кептіреді, ТМТД дәрмегімен (1кг тұқымға 6г) өңдейді.
СОН-2,8А және СКОСШ-2,8 тұқымсепкіштерімен бірізбен, қос ізбен, үш ізбен және көп ізбен (10 ізге дейін) себеді. Көп ізбен себу біркелкі пияз көшеттерін алуға мүмкіндік жасайды. Таспалардың қатараралықтары 45-50см, ал бір таспадағы қатарлардың алшақтығы 20 см. Егер танапта арамшөп басым болса, онда ең жақсы нәтижені бір қатардың арасын 45 см етіп себу береді. Тұқымның сіңіру тереңдігі 2,5-3 см. Еккеннен кейін танапты тегіс таптағыштармен міндетті түрде тығыздайды.Өскіндер сепкеннен 10-14 тәулік өткенде пайда болады. Өсімдіктің өсу-даму кезеңінде арамшөптермен күресу үшін, жұмыс атқаратын мүшелері қозғалмайтын КРСШ-2,8А; КРН-2,8, КОР-4,2 және жұмыс атқаратын мүшелері белсенді жұмыс істейтін ФПУ-4,2. КРН-1,4 машиналары пайдаланылады. Егістіктерді гербицидтермен өндейді (пиязды жапырағына өсіргеннен басқа). Өскіндер пайда болғанша (лга): стомп (2,3-4,5), пияздың 2 жапырағы кезеңінде гоал 2 Е (0,5-лга), арамшөптердің 2-6 жапырақ кезеңінде потрил (2-3), набу (1-3), пантера (0,75-1,5), тарга супер (1-2), фуроре супер (0,8-1,2), фюзилад супер 125 (0,8-1,2) гербицидтерін қолданады.
Пияз көшетін жаз бойы жаңбырлатқыш қондырғылармен гектарына 300-350м3 су беріп, 4-6 рет суландырады. Әр суландырудан кейін топырақты қопсытады. Суландыру мен қопсытуды жинауға 30 тәулік қалғанда тоқтатады. Өсімдікті 1-2 кәдімгі жапырағы пайда болғаннан кейін үстеп қоректендіреді, бір гектарға 50кг аммиак селитрасын, 90кг суперфосфатты және 30кг хлорлы калий енгізеді. Өскіндерді сиретпейді.
Жинау және сақтау. Тамыз айының ортасында пияз көшетті пияз қопсытқышпен немесе механикалық тоспамен қопсытады немесе пияз жинағыш ЛКГ-1,4 машинасымен жинайды. Соңғы машина пиязды қазып алып, кептіруге жалдарға салады, жалдардан жинап алады және тасымалдаушы көлікке артады. Піскен пияз көшеттің құрғақ, сыртқы қабығы және баданасымен тығыз байланысқан иілімді жапырағы болады. Жұлынған өсімдікті күн көзінде құрғату үшін оларды жалдарда 5-8 тәулік ұстайды. Жауын-шашынды ауа райында оларды жинап алып, қалқа астында кептіреді. Танапта құрғату кезінде жалдарды тырнауышпен бірнеше рет аударыстырды, сосын қопсы-жайға апарып, сонда тағы да 10-15 тәулік кептіреді. Осы уақытта ол жақсы құрғайды, жапырағы және мойны құрғайды, ал пиязшық құрғақ қабықпен көмкеріледі. Пісіп жетілмеген пияз көшетін жақсы желдетілген 25-30оС температурада және ауа ылғалдылығы 65-70%-дан аспайтын пияз кептіргіштерде кептіреді. Қураған жапырағын ЛПС-6 пияз үйкелегіш машинасында үйкелеп түсіреді немесе пияз көшетте 0,5 см айдар қалдырып пышақпен кеседі.
Механикаландырылған технологияда, кептірілген пиязды ПМЛ-6 сұрыптау нысанында өңдейді, ол пияз массасын қоспалардан, жапырағын пияздан ажыратады. Пияз көшетінің орташа және көп ұялы сұрыптарының ең үлкен көлденең диаметрі мынадай болуы керек (см): бірінші тобы - 1,5-2,2; екіншісі - 2,3-3; үшіншісі - 1-1,5.
Өне бастаған және жуан мойынды пиязшықтарды жылыжайларда не булыжайларда көктету үшін пайдаланады, дерттілерін жарамсыз деп бөліп алады. Пияз көшетінің орташа өнімі гектарынан 80-120 ц болады. Шамалы ғана пияз көшетін қол елеуіштерінде өңдейді: түбіндегі пленкаларының арасын сұрыптағыштағыдай қашықтыққа қояды. Ұсақ және орташа пияз көшеттерін отырғызуға, ал ірілерін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz