Күріш өсірудің интенсивті технологиялары


Ауыл Шаруашылық Министірлігі
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Кафедра : Агрономия
Реферат
Тақырыбы: Күріш өсірудің интенсивті технологиялары.
Орындаған:Сейтмаханбет А
Қабылдаған:Кенесова А
Алматы 2017
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
- 1) Жалпы сипаттамасы. Биологиялық ерекшелігі және өсіру тәсілдері. Дәннің құрылысы және химиялық құрамы.
- Күріштің технологиялық ерекшеліктері.
- Күріштің сорттары.
- Күрішті стандарттау.
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
І. Кіріспе
Жержүзіндегі барлық өсімдік дүниесі жабайы және мәдени өсімдіктер болып екіге бөлінеді. Мәдени өсімдіктерге адам қолымен өсірілетін және оның қажеттеріне жарайтын өсімдіктер жатады. Олардың жабайы өсімдіктермен түбі бір, бірақ көп уақыт қолда өсіріліп, жақсы агротехникалық жағдайлар туғызудың арқасында, жақсы түрлерін таңдап алу, баптау арқылы көптеген жаңа түрлері мен сорттары шығарылып, өздерінің жабайы түрлеріне қарағанда түсімді едәуір көп беретін, адам қажетіне жарайтын қасиеттері ұлғайтылып өзгеріп кеткен.
Өсімдік шаруашылығы - ауыл шаруашылығының маңызды бір саласы. Қазіргі кезеңде өсімдік шаруашылығы өндірісінде қоршаған ортаны қорғау, экологиялық таза өсімдік және мал өнімдерін өндіруді қабыстыра жүргізген жөн. Сондықтан да осы заманғы ғылыми жетістіктерге сүйенген оңтайлы технологияны қолдану, қоршаған ортаны қорғау шараларына кепілдік береді. Жалпы қоршаған орта, оның ішінде топырақ, неғұрлым таза су көздері, мал, өсімдік гендік қорлары, жануарлар әлемі біздің болашақ ұрпаққа лайықты мұра болып қалуы керек.
Жалпы сипаттамсы: Күріш ежелден өсіріліп келе жатқан жарма алуға арналған дақыл. Бірақ Қазақстан үшін жаңа деп айтуға болады. Тек Қызылорда, Шымкент, Алматы обылыстарында ғана егіледі. Күріш жармасы өте жұғымды, тез қорытылатын тағам. Оның құрамының 95%-і адам бойына сіңеді. Одан тек қабығын алған, бетін қажаған, жылтыраған жармалар алуға болады. Эндосперімі желім тәрізді күрішті кондитерлік тағам алуға пайдаланылады. Күрішті ақтағанда одан сақ түседі.
Одан спирт, фитин, арақ, сыра, дәрігерлік крохмал және пудра алуға болады. Күріштің кебегінде белок, май, витаминдер, фосфорлы заттар- фитин, лецитин сияқты адам және малдың денсаулығына керекті заттар көп. Күріш кебегінің майлы тамақтардың тотығуына қарсы тұратын антиоксидент заттары табылған және одан фурфурол және сірке қышқылы алынады. Одан жоғары сапалы тамақтық және техникалық майлар алынады. Ол майлардың құрамында көптеген қанықпаған май қышқылдары болады. Сондықтан темір сырларын ерітетін олифа майы ретінде пайдаланылады. Одан микробиологиялық тәсілдермен ацетон, бутил спиртін алуға да болады. Күріш крахмалын 180С дейін қыздырып 77%-тік декстрин пайдаланады. Күріштің қабығынан активті көмір алады, ал сабағынан қағаз тағы басқа көптеген керек заттар алуға болады және жаздық қалпақ жасайды.
Егістік көлемі бойынша дүние жүзінде күріш бидайдан кейін екінші орында, алТМД-да Солтүстік Кавказда, Дағыстанда, Орта Азияда және Қазақстанда егіледі.
Күріш тегі дәнді дақылдар тұқымдасына жатады, түрі Егістік күріш. Біржылдық өсімдік. Тамырында ауа ұстайтын түтікшелері бар. Гүл шоқтары сіңсібас. Ол бұтақтардан тұрады. Оның ұшында гүл орналасқан.
Күріш ылғалдықты, жылылықты сүйетін өсімдік. Содықтан өніп шыққан соң піскенше суда өседі. Оны суғарудың көп түрлері бар. Біздің елде жайып суғару таралған. Жайып суғару екі түрлі болады.
- Өсімдік барлық уақытта суда өседі.
- Оқтын оқтын қайтарып суғару.
Күріш барлық уақытта суда өсетін болғандықтан піскен кезде дәнінің ылғалдығы жоғары болады. Сондықтан комбайнмен тура орып, жинау мүмкін емес. Оны алдымен орып, дестеге салып, кепкен кезде жинап бастырады.
Күріш өзімен өзі тозаңданатын өсімдік. Оның дәнінің формасына қарай Индиялық және Жапониялық деп аталатын екі бұтаққа бөлінеді. Бұл бұтақты кәдімгі және желімтәрізді күріш деп екіге бөлінеді. Кәдімгі бұрыш піскенде шашылып тұратын ботқаға, ал желім тәрізді күріш пісіргенде еріп қою ботқаға айналып кетеді.
Күріштің крахмалы көбінесе амилопектиннен тұрады. Сондықтан ол йодпен бояғанда қоңыр түске боялады.
Күріштің аршылмаған дәнін қазақша шалы дейді. Ол ортасында сайы жоқ, қабықты, қабығының ішкі және сыртқы дәні де қырлы болады. Қабығынан айырғаннан кейін алынған дән сопақтау келеді, түсі әртүрлі, ұзыны 4. 4-10. 0мм, көлденеңі 2. 3-4. 0, қалыңдығы 1. 3-2. 8 арасында болады. Эндосперімі шыны немесе ұнтәрізді болады. Күріштің крахмалы қырлы түйіршіктерден тұрады да, олар бірімен бірі тұтасып күрделі түйіршіктерге айналады. Екінші айырмасы, онда амилозадан амилопектин көп. Басқа дақылдармен салыстырғанда күріште белок аздау - 6. 0-11. 2 %-ке дейін ғана, ал басқа заттар - крохмал-58-80, қант -1. 5-3. 0, клетчатка -9 -12, май -2-5, минералдық заттар 5-7 % шамасында болады. Егер аршылған күрішті алатын болсақ, ондағы минералдық заттар 1. 5%- ке дейін төмендейді.
Күріш піскен кезде, оның дәнінің әр қабаты әртүрлі кебеді. Сыртқы қабаты ішкі қабаттарына қарағанда тезірек кеуіп, тартылады да соның салдарынан жоғарғы қабаттарында сызаттар пайда болады. Одан жарма алған кезды, сызатталған дән сынып, саққа айналады, жарманың түсімі азайып, сақтың түсімі көбейеді. Мұндай сызаттар күрішті күн сәулесі арқылы немесе астық кептіретін агрегаттарда кептірген кезде, жоғарғы қабаттарының тезірек кеуіп, осы қабаттарының көлемінің басқа ішкі қабаттарға қарағанда тез тартылуына байланысты, көп сызаттанады, ал егер ол ақырын кемісе, ішкі қабаттарының суы жоғарғы қабаттарына алмасып үлгереді де, сызаттанған дәннің саны кенет азаяды. Бірақ бұл әдіспен кептіруді көптеген аудандарда іске асыру өте қиын және қымбатқа түседі. Күріш қоспаларында көк, піспеген, орысша меловые зерна деп аталатын сапасы төмен дәндер кездесуі мүмкін. Олар тез сынып ұсатылып кетеді. Міне осының бәрі оның технологиялық және товарлық қасиеттерін төмендетіп жібереді.
ТМД-да күріштің көптеген сорттары аудандасқан. Оның ішінде Жапон және Индия бұтағына жататын сорттар бар. Күрішті екі топқа бөледі.
1. Ұзындәнді- егер оның ұзыны көлденеңінен үш есе үлкен болса.
2. Егер дәннің ұзыны көлденеңінен екі есе ғана үлкен болса, оны домалақ дәнді топқа жатқызады. Осы топтарға Алакөл, Дубовский 29, Сантахез 52, Кубань 3, Өзбектік 5, Краснодарлық 424, Донецский 63, Узрось 7-13 сорттары жатады. Бұлардың ішінде Қазақстанда мына сорттар көп тараған.
Дубовский129- Эрритроцерос түрі. Бүкілодақтық күріш ғылыми -зерттеу институты шығарған. Өсімдіктің биіктігі 100-110 см. Сіңбісабағы тығыз орналасқан. 1000дәнінің массасы 35гр. Шамасында, қабықтылығы 18-19%. Дәні шыны ақ, домалақ. Ерте піседі 75-125 күнде. Әр гектарынан алынатын түсім 55-70ц жетеді. Жармасының сапасы өте жақсы, ақ түсті. Ботқасы өте дәмді, шашылып піседі.
Кубань 3. Сол институт шығарған. Дәні ірі, 1000 дәнінің массасы 31-33гр, шынылығы 93-94%. Жармасы мен ботқасы өте жақсы деп бағаланған. Күрішке бір стандарт жасалған -“Күріш шалы. Жармаға арналған”. Бұл стандарт бойынша күрішті үшке бөледі. 1. Ұзын жалпақ дән; 2. Ұзын жіңішке; 3. Домалақ дән. Бірінші және екінші типтер әр қайсысы екі тармаққа бөлінеді. Шыны және жартылай шыны. Үшінші тип үш тармаққа бөлінген; Шыны, жартылай шыны және ұнтәрізді. Бұлардан басқа типтерге жататын дәннің саны 10%-тен көп болмау керек. Техникалық шарттар бөлімінде ылғалдылығы, дәнді және шөп -шалаң қосындылары, құрмақтың саны, сарғайып кеткен, көк, бүлінген дәндердің қай мөлшерде болуы жайлы мәліметтер берілген.
Күріш өсіруң технологиясының негізгі бағыттары және тарихи қалыптасуы
Әлемдік практика бойынша әрбір елдерде күріш өсіру технологиясының өзіндік ерекшеліктері бар және ол ғасырлар бойы тарихи қалыптасып, жетілдіріліп келеді. Тропикалық Азия және Оңтүстік Шығыс Азия елдерінде күріш өсіру ғасырлар бойы негізінен қол күшімен атқаылды.
Сол көне замандарда (б. з. б. 5000-4000 ж. ж. ) суда жұмыс істеуге бейімделген буйволдарды үйрету күріш егіншілігін дамытуда елеулі роль атқарды. Буйволдардың тұяғы жалпақтау әрі мықты, сондықтан олардың олай-бұлай жүргізу арқылы ылғалды топырақ жақсы өңделеді. Ал, темір соқаларды жасап, егіншілікте қолдану топырақты сапалы әрі жылдам өңдеуге мүмкіндік туғызды. Қазіргі кезеңде Азия елдерінде халық санының күрт өсуіне байланысты және өз елдерін күрішпен қамтамасыз ету үшін бұл бағалы дақылдың өсіру агротехникасы интенсивтендіріліп, ең жоғарғы жоғары өнімді алуға бағытталған озық технология өндіріске енгізіліп, өте мол өнім алынып отыр. Әлем елдеріндегі күріш егіншілігінің ерекшеліктеріне, айырмашылықтарына қарамастан бұл дақылды өсіру үш түрлі принципті бағытта дамыды және қазіргі кезеңде де қолданылуда.
1. Күрішті көшеттеп егіп өсіру. Бұл технология Оңтүстік Шығыс Азия және Қиыр Шығыс елдерінде мыңдаған жылдар бұрынғы кезеңнен бастап қолданылып келеді. Мысалы, күрішті көшеттеп өсіру Қытайда соңғы Хань дәуірінде пайда болған. Қазіргі кезеңде көшеттеп өсіру егіншілігі жетілдірілген және де әр елде әр түрлі көлемде қолданылуда. Мысалы, Индонезияда күріш 90%, Бирмада 80%, Үндістанда 75-80%, ал Қытай мен Жапонияда барлық күріш егісі көшеттеп егіп өсіріледі.
Қазақстанда, соның ішінде Қызылорда облысында күрішті көшеттеп егіп өсіру 1998-2000 жылдары Арал өңірі агроэкологиясы және ауыл шаруашылығы Ғ3 институтының тәжірибе шаруашылығында зерттелінді және 2001-2003 жылдары өндіріске енгізіле бастады. Зерттеу нәтижесіне қарағанда, осы тәсілмен өсірілген жағдайда күріш өте мол өнім береді. ТМД елдері территориясында күрішті көшеттеп өсіру технологиясы Өзбекстанда, Әзірбайжанда зерттеліп өндіріске енгізілуде. Мұндағы негізгі мақсат-жоғары әрі жылына екі өнім алуды іс жүзіне асыру.
2. Күріш тұқымын суға бөрттіріп себу. Қазіргі кезеңде бұл тәсіл көптеген елдерде қолданылады. Қазақстанда, соның ішінде Сыр өңірінде 1940-1955 жылдары Ы. Жақаев және оның шәкірттері күріш тұқымын негізінен осы әдіспен сепкен.
3. Жиырмасыншы ғасырда өндіріске ғылым мен техника жетістіктерін енгізу нәтижесінде жаңа күріш егіншілігі-интенсивті, өнеркәсіптік технология пайда болды. Бұл әр түрлі формада ТМД елдерінде, АҚШ-та, Австралияда, Европаның кейбір елдерінде таралған. Осы технологияның негізгі элементтері төмендегідей:
А) инженерлік типтегі күріш жүйесін салу (инженерлік типтегі суару және қашыртқылау жүйесі, инженерлі дайындалған суармалы жерлерді игері) ;
Б) ғылыми негізде зерттеліп тұжырымдалған ауыспалы егісті игеріп, топырақты өңдеу жұмыстарын сапалы әрі уақтылы жүргізу;
В) негізгі технологиялық операцияларды (топырақты өңдеу, себу, егісті орып жинау, өнімді тасымалдау және тазалау т. б. ) толық механикаландыру;
Г) күріш егіншілігін химизациялау (минералды тыңайтқыштар мөлшерін, енгізу мерзімін және тәсілдерін оңтайландыру, гербицидтер, инсектицидтер, фунгицидтер, өсу реттегіші заттарын қолдану) ;
Д) жасалынған қолайлы жағдайларға қайтарымы мол, жоғары өнімді, жаңа типтегі сорттар шығару;
Е) күріш өсірутің сорттық технологиясын тұжырымдап, өндіріске енгізу.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz