Экономикалық теорияның атқаратын қызметтері


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Экономикалық теорияның атқаратын қызметтері

Тексерген: Қуантқан Б.

Орындаған:Оразалин Т.

Тобы:ВС-503

Семей, 2016жыл

Жоспары:

1. «Экономика» ұғымы

2. Экономикалық теория және оның зерттеу әдістері

3. Экономикалық теорияның негізгі қызметтері

4. Экономикалық ғылымдар

5. Қорытынды

6. Пайдаланған әдебиеттер.

Экономикалық ой -пікірлердің қалыптасуы ежелгі заманнан басталады. Экономика туралы ғылым табиғат пен қоғам туралы адам білімінің жүйесі ретінде дамыған құлдық қоғамда пайда болды.

Экономика - материалдық игіліктермен қамтамасыз етумен байланысты адамдардың кез келген әрекеті.

Экономика туралы алғашқы түсініктер Ксенофонт, Платон, Аристотель және басқа да ойшылдардың еңбектерінде берілген. «Экономия» терминін алғаш ұсынған Ксенофонт, мұның мағынасы үй шаруашылығы (ойкос - үй, шаруашылық; номос - заң) деген ұғымды білдіреді.

Экономиканы ғылым ретінде зерттеп-тану кезінде экономика жайындағы кешенді, жалпы теориялық ғылым - экономикалық теория екендігін есте ұстаған жөн.

Экономикалық теория - адамның шектеусіз қажеттіліктерін қанағаттандырудағы қоғам өндірісінің сирек, шектелген ресурстарын бөлу, айырбастау және тұтыну туралы ғылым. Экономикалық теория зерттейтін құбылыстардың мәні:

  • экономикалық категория мен
  • экономикалық заңдарда көрсетіледі.

Экономикалық категория дегеніміз - экономикалық құбылыстардың (мысалы, тауар, баға, кіріс) маңызды жақтарын көрсететін жалпылама ұғымдар.

Экономикалық заңдар - бұл экономикалық құбылыстар арасындағы тұрақты, қайталанатын байланысы.

Экономикалық зерттеулерде ғылыми абстракцияның маңызы өте зор, бұл әдіс бойынша байқауға алынатын құбылыстардың негізгілері бөліп көрсетіледі де, ал маңызы аз дегендеріне көңіл бөлінбейді. Ғылыми абстракцияның көмегімен тіршіліктегі істерден абстракты түрде ойлауға дейінгі қашықтықты өтеміз де, ал одан тәжірибеге келеміз. Абстрактілеуден нақтыға өту принципі тарихи және логикалық тану принципінің диалектикалық біртұтастығымен байланысты.

Индукция - жекеден жалпыға, нақтыдан жалпыламаға қарай ой жүгірту тәсілі.

Дедукция - керісінше, жалпыдан жекеге, жалпы жағдайдан жекеге қарай ой жүгірту тәсілі.

Талдау(анализ) - экономикалық құбылысты жеке элементтерге бөліп, әр элементті тұтас құбылыстың қажетті құрамдас бөлігі түрінде зерттейді. Экономикада функционалдық талдауға да үлкен мән беріледі. Бұл зерттеуді жүргізгенде экономикалық өзгерістер кезіндегі басты көрсеткіш анықталады, ал содан кейін оған әсер ететін факторлар іздестіріледі. Сөйтіп олардың арасындағы тәуелділікті функция көмегімен көрсетеді.

Синтез - экономикалық құбылыстардың жеке бөлініп, зерттелген элементтерін біртұтас жиынтық деп зерттеп, жалпы қорытынды шығарады.

Позитивтік - экономика ғылымының белгілі бір философиясын құруды, экономика туралы білімді тұжырымдауды, фактілеу, суреттеп, баяндау және жүйеге келтіру негізінде экономикалық ортаның даму заңдары мен категорияларын ашуды, тәжірибе қолдануды, нарықтық байқау-бақылауды талап етеді. Демек, экономикалық ғылымның философиясы бұйрық-әкімшілік, нарық жүйелерінің тепе-теңдігі және эволюциясы туралы, олардың құрылымы мен инфрақұрылымы туралы ілімді қалыптастырады.

Нормативтік әдіс осы немесе басқа экономикалық құбылыстар қандай болу керек дегенді талдап баға беруді қажет етеді. Болашақта болуы керек құбылыстармен жұмыс істейді. Ол болған жағдайды өзгерту немесе жақсарту үшін қандай да болмасын іс-әрекеттерді болжайды және келесідей сұраққа жауап береді: «қандай болу керек?». Мысалы, бір экономист бюджетті толтыру үшін салықты өсіру қажет дейді. Бірақ салықтың өсуі, кәсіпкер ынтасының төмендеуіне әкеледі. Егер «тиісті» және «қажет» деген түсініктері кезіксе - ол нормативті тәсілге қатысты.

XIX ғасырда формальды логиканың математикалық логикаға айналу процесі жүрді және ол XX ғасырда кең таралған жүйелі зерттеу әдісінің алғышарты болып саналады. Осылайша экономикалық ғылымда математиканы пайдалану экономикалық-математикалық модельдердің кең тарауына негіз болды.

Экономикалық модель - экономикалық процестерді немесе құбылыстарды формальды түрде бейнелеу, ал осы бейнелеудің құрылымы оның объективті қасиеттерімен, сондай-ақ зерттеудің субъективті - мақсатты сипатымен анықталады. Модельдеу зерттелетін объектілердің басты экономикалық көрсеткіштері мен олардың арасындағы байланысты бейнелейді. Егер осы көрсеткіштер мен байланыстарға сандық мағына беретін болсақ мәтін түріндегі (вербалды) модельдің негізінде суреттеу (график, диаграмма, сызба ж. с. с. ), математикалық (функция, график, теңдеу, ж. с. с. ) және компьютерлік модельдер құруға болады. Болжау, модельдеу қазіргі заманғы жағдайларға өте қажет.

Қазіргі заманғы экономикалық теорияда көптеген экономикалық модельдер график түрінде бейнеленеді. График - бұл екі немесе одан да көп айнымалылардың арасындағы тәуелділікті бейнелеу. Графиктер айнымалылардың арасында қандай байланыс бар екендігін көрсетуде көп көмегін тигізеді. Графиктердің негізгі екі түрі болады:

  • эмпирикалық
  • теориялық.

Эмпирикалық график нақты деректерді көрсетеді.

Теориялық графиктер негізгі экономикалық принциптерді тұрғызу немесе анықтау мақсатында ойлап жасалатын (гипотетикалық) экономикалық жүйелердің қызметін баяндайды. Екі айнымалымның арасындағы тәуелділіктің графигін тұрғызу үшін оны теңдеу арқыы көрсету керек. Егер теңдеу келесідей түрде берілген болса: y=f(x) =a+bx, онда бұл сызықтық теңдеу.

Экономикалық теория экономикалық ғылымдар кешенінің әдістемелік негізі болып табылады. Қазіргі заманғы экономикалық әдебиетте экономикалық теорияның келесідей негізгі қызметтерін бөліп көрсетеді:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық теорияның жалпы әдістері
Экономикалық теорияның қалыптасу және даму кезеңдері туралы
Қазақстандағы экономикалық ілімдердің негізгі бағыттарының даму тарихы
Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Экономика саласынан дәрістер курсы
Экономикалық жүйе және, оның экономикалық заңдылықтары
Құқық ұғымы туралы
Мемлекет - қоғамның сясатын жүзеге асыратын саяси ұйым
Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы және мемлекеттің пайда болуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz