И.М. Сеченов пен И.П.Павловтың физиология дамуындағы рөлі



I.Негізгі бөлім
1. И.М. Сеченов пен И.П.Павловтың физиология дамуындағы рөлі. Қазақстанның көрнекті физиолог ғалымдары.
2.Физиологиялық зерттеулердегі қолданылатын тәсілдері
3.Тежелу физиологиясының ұғымы
II.Қорытынды
III.Пайдаланылған әдебиеттер
Физиология - тірі ағза мен физиологиялық жүйелердің, ағзалардың, тіндердің, жасушалардың қызметін зерттейтін ғылым.Ол жүйелермен ағзалардың бір-біріне әсерін, өзара байланысын және сыртқы ортамен қарым-қатынасын тексереді. Физиологияның мәселесі адам ағзасының жұмысын түсіну,оның әр бөлігінің мәнін анықтау, олардың қалай байланысатынын түсіну, олар қалай әрекеттеседі және сол қатынасу нәтижесінде қалай ағзаның жалпы жұмысы атқарылады. Физиология анатомия, циталогия және гистологиямен байланысты.Физика мен химияның жетістіктері физиология үшін өте маңызды, кибернетика мен компьютерді айтпағанда.
Физиология – функциялар туралы, яғни мүшелердің, системалардың және тұтас организмнің тіршілік әрекеттері туралы ғылым. Оның түпкі мақсаты қалған бағытта пәрменді әсер етуге мүмкіндік беретін функцияларды жете таңып білу болып табылады. Физиология негізінде өліден тіріні сапалық жағынан айыратын маңызды тіршілік процестері жататын заңдылықтарды зерттейді. Ол өсімдіктер, жануарлар және адам физиологиясына бөлінеді, ал соңғысы – еңбек, дене жаттығулары мен спорт, тамақтану физиологиясы, жас ерекшеліктері физиологиясына және басқаларға бөлінеді.
Физиология дамуының қысқа тарихы. Организм қызметтері туралы өз пікірлерін айтқандар - Гиппократ (медицина атасы), Аристотель (бірінші оқытушы) – Ежелгі Рим, Клавдий Гален - эксперименталдық медицинаның негізін қалады. Физиологияның дамуында анатомиядағы табыстар көп әсер етті. А.Везалийдің «Адам денесінің құрылысы туралы» деген кітабы физиологияда көп жаңалықтарды ашуға себеп болды. XVIIғасырда ғылыми физиология дамыды. Физиологияның дамуына Рене Декарттың рефлексты ашуы өте маңызды болып табылады. Германияда Дюбуа-Реймон-электрофизологияның негізін қалады. Шерингтон - жұлын физиологиясын зерттеді. И.М.Сеченов «орыс физиологиясының атасы». Ол қан газдарды тасымалдайтынын ашты. «Ми рефлексі» деген кітап жазды.
1. О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл.
2. Т. Несіпбаев Жануарлар физиологиясы Алматы 2012ж

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: И.М. Сеченов пен И.П.Павловтың физиология дамуындағы рөлі. Қазақстанның көрнекті физиолог ғалымдары. Физиологиялық зерттеулердегі қолданылатын тәсілдері. Тежелу физиологиясының ұғымы.



Орындаған: Құрмантай Ж.
Тобы:ВС-503

Семей, 2016 жыл
Жоспары:
I.Негізгі бөлім
1. И.М. Сеченов пен И.П.Павловтың физиология дамуындағы рөлі. Қазақстанның көрнекті физиолог ғалымдары.
2.Физиологиялық зерттеулердегі қолданылатын тәсілдері
3.Тежелу физиологиясының ұғымы
II.Қорытынды
III.Пайдаланылған әдебиеттер

Физиология - тірі ағза мен физиологиялық жүйелердің, ағзалардың, тіндердің, жасушалардың қызметін зерттейтін ғылым.Ол жүйелермен ағзалардың бір-біріне әсерін, өзара байланысын және сыртқы ортамен қарым-қатынасын тексереді. Физиологияның мәселесі адам ағзасының жұмысын түсіну,оның әр бөлігінің мәнін анықтау, олардың қалай байланысатынын түсіну, олар қалай әрекеттеседі және сол қатынасу нәтижесінде қалай ағзаның жалпы жұмысы атқарылады. Физиология анатомия, циталогия және гистологиямен байланысты.Физика мен химияның жетістіктері физиология үшін өте маңызды, кибернетика мен компьютерді айтпағанда.
Физиология - функциялар туралы, яғни мүшелердің, системалардың және тұтас организмнің тіршілік әрекеттері туралы ғылым. Оның түпкі мақсаты қалған бағытта пәрменді әсер етуге мүмкіндік беретін функцияларды жете таңып білу болып табылады. Физиология негізінде өліден тіріні сапалық жағынан айыратын маңызды тіршілік процестері жататын заңдылықтарды зерттейді. Ол өсімдіктер, жануарлар және адам физиологиясына бөлінеді, ал соңғысы - еңбек, дене жаттығулары мен спорт, тамақтану физиологиясы, жас ерекшеліктері физиологиясына және басқаларға бөлінеді.
Физиология дамуының қысқа тарихы. Организм қызметтері туралы өз пікірлерін айтқандар - Гиппократ (медицина атасы), Аристотель (бірінші оқытушы) - Ежелгі Рим, Клавдий Гален - эксперименталдық медицинаның негізін қалады. Физиологияның дамуында анатомиядағы табыстар көп әсер етті. А.Везалийдің Адам денесінің құрылысы туралы деген кітабы физиологияда көп жаңалықтарды ашуға себеп болды. XVIIғасырда ғылыми физиология дамыды. Физиологияның дамуына Рене Декарттың рефлексты ашуы өте маңызды болып табылады. Германияда Дюбуа-Реймон-электрофизологияның негізін қалады. Шерингтон - жұлын физиологиясын зерттеді. И.М.Сеченов орыс физиологиясының атасы. Ол қан газдарды тасымалдайтынын ашты. Ми рефлексі деген кітап жазды. Идеяларын ары қарай И.П.Павлов дамытты. Ухтомский-доминанта туралы ілімді жасады. И.П.Павлов XV Халықаралық конгрессте (1935)-дүниежүзілік физиологтар атасы деп аталды. Павлов мына бағыттарды зерттеді:
1. қан айналу;
2. ас қорту;
3. жоғарғы жүйке іс әрекеті.
Ол жоғарғы жүйке іс әрекетінің типтері туралы ілім құрды. Павлов шығармашылығының шыңы үлкен ми қыртысының сигналдық жүйелер туралы ілімі.
Павловқа дейін физиологияда аналитикалық тәсіл басымды болса ол синтетикалық бағытты жасады. Мұсылман елінен шыққан ғалымдар Әбу Насыр Әл-Фараби (екінші оқытушы) дәрігер әрбір ағзаның саулығын анықтау үшін, оның жаратылысына қарай атқаратын қызметін білуге тиіс - деп жазды. Дәрігерлерге жеті міндет жүктеді.
Павлов физиологиясының негізгі принциптері.
Тірі ағза - біртұтас. Онда жасушалар, тіндер, ағзалар, жүйелер әрекеттері байланысты және келісімді болады. Организмнің өзін-өзі реттейтін қасиеті бар. Ол өзіне қажетті нәрселерді алып оған зат алмасудың соңғы өнімдерін бөліп тұрады. Организм тек қоршаған ортамен тұрақты қатынаста ғана белсенді түрде тіршілік ете алады. Нервизм принципы - жүйке жүйесінің әсерін ағзаның көптеген әрекеттеріне қаратуға тырысатын физиологиялық бағыт.
Зат алмасу - өмір белгісі және қажетті шарт болып табылады.
Адаптация - органзмнің қоршаған орта әсерлеріне бейімделуі. Ол жеке- жеке физиологиялық жүйелердің қызметтерінің өзгеруіне әкелуі мүмкін. Мысалы, ұзақ уақыт ас рационынында нәруыздар қорытатын ферменттер көбейеді. Организмнің өзін - өзі реттеуі оның (тірі ағзадан) ерекшелігі болып табылады да қоршаған ортаның әсерлеріне ағзаның тұрақты орнын (тіршілік жағдайына бейімделуін) қамтамасыз етеді.
И.М.Сеченовтың физиологиядағы рөлі.
И.М. Сеченовтың 1863 жылы "Бас ми рефлекстері" атты еңбегі жарық көрді. Бұл жұмыс психофизиологиялық, нейропсихологиялық, жоғары жүйке жүйесінің физиологиясының дамуына үлкен үлес қосты. Осы еңбегінде Сеченов рефлекторлық принципті адамның бас миы қызметіне, одан әрі барша психикалық іс-әрекетіне жая қолданды. Ол "адамның бүкіл саналы да санасыз (астарлы) өмірдегі әрекеттері өзінің туындауы жағынан рефлекстерге байланысты немесе рефлекстік әдіс", - деп жазған. Бұл психиканы объективті түсінудегі алғашқы қадам еді. Бас миы рефлекстерін шұқшия талдай отырып, Сеченов оның басты үш байланыс бірлігін анықтады: бастапқы бірлік жүйке қозуы процесінде миға берілетін сыртқы тітіркендіргіштер; ортаңғы бірлік мидағы қозу және тежелу процестері және солардың нәтижесінде психикалық қалыптардың (түйсік,ой,сезім,т.б.) пайда болуы; ақырғы бірлік сыртқы қозғалыстар. Бұл тізбектегі ортаңғы бірліктің психикалық элементтері қалған екі шеткі сыртқы тітіркендіргіштер мен жауапты әрекеттер бірліктерсіз жасамайды. Сондықтан да барша психикалық құбылыстар бүкіл рефлекторлық процестің бөлінбес құрамы.
Сеченовтың рефлекс бірліктерінің ажыралмас байланысты жөніндегі тұжырымы психикалық іс-әрекетті ғылыми тұрғыдан түсінуде үлкен маңызға ие болды. Психикалық қызметті сыртқы ықпалдардан да, адам қылық- әрекеттерінен де бөліп қарауға болмайды. Психикалық құбылыс субъектінің жалғыз толғанысымен шектеліп қалмайды,егер олай болғанда, психикалық дүние (ой,ес,қиял т.б.) нақты өмірлік маңызға ие болмас еді.
Психикалық іс-әрекеттің рефлекторлық принципіне орай Сеченов - адам іс-әрекеті мен қылығы сыртқы әсерлердің себебінен туындайтыны жөнінде ғылыми психология үшін өте маңызды қорытынды жасады. Ол "Бастыпқыда қандай да әрекеттің себебі әрдайым тысқы сезімдік қозуда, онсыз ешқандай ой өрістеуі мүмкін емес", - деп жазды.
Осылайша И.М.Сеченов рефлекстің миға байланысты бірлігін оның табиғи бастауынан (сезім мүшелеріне әсер) және ақырынан (жауап қозғалыс-қимылдар) бөліп, оқшаулау орынсыз екенін көрсетіп берді.
И.М.Сеченов тек қана физиолог емес, сонымен бірге оның еңбектері қазіргі психологияның жаратылыстану ғылыми негізін салды. Сеченов ерте жастық кезеңінен бастап психологияға әуес болды және С.Л.Рубинштейннің пікірінше, сол кезеңдегі ең ірі орыс психологтарының бірі болды.
Сеченов-психолог тек қана психологияның зерттеу пәні-психикалық құбылыс екенін анықтайтын психологиялық концепцияны емес, сонымен бірге Ресейдегі эксперименталды психологиялық құрылуына үлкен әсер етті. Оның ғылыми іс-әрекетінің ең негізгі мәні, ол В.М.Бехтеров және И.П.Павловтың зерттеулеріне әсерін тигізді.
Қазақстан физиологиясына үлес қосқан ғалымдар.
Қазақстан физиологиясының іргетасын қалаған А.П.Полосухин. Ол КазМи-да физиология кафедрасын 25жыл меңгерді. Физиология ғылыми - зерттеу институтын ашып 20ж. директоры болды. Ғылыми бағыты лимфология болды. Н.У.Базанова- ғалым-физиолог, тұңғыш биология ғылымының докторы, профессор,академик. Еңбектері ауылшаруашылық және жануарлар физиологиясын аса дамытты. Х.К.Сатпаева -көп жылдар бойы АММИ- да физиология кафедрасының меңгерушісі болды. Адам физиологиясы оқулық кітабының авторы. Кейіннен Т.Ш.Шарманов тамақтану физиологиясын дамытты.
Негізгі физиологиялық түсініктер.
Жануарлар мен адамның белсенділігі қызмет (функция) және физиологиялық акттар түрінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Физиологияға ғылым ретінде жалпы сипаттама
Сеченов пен И. П. Павловтың психологиялық зерттеулері
Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы пәнінен дәрістер
Психофизиология
Психологияның ғылыммен тәжірибедегі келіспеушілік
Нерв жүйесінің маңызы
Нерв (жүйке) жүйесі
Адамның психикалық іс-әрекеті
Балалар және жасөспірімдердің өсуі мен дамуының жалпы заңдылықтары. Тұқым қуалаушылық және ортаның ролі
Психология туралы жалпы түсінік және оның даму жолдары
Пәндер