Үстеу сөзжасамының ерекшеліктері


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Жүсіпова Гүлжайна

Үстеу сөзжасамының ерекшеліктері

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Қазақ филологиясы кафедрасы

«Қоғауға жіберілді»

кафедра меңгерушісі,

ф. ғ. к., доц. м. а. Ж. Исаева

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Үстеу сөзжасамының ерекшеліктері

5В020500 - «Филология: Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы

Орындаған Жүсіпова Г.

Ғылыми жетекшісі,

ф. ғ. к., доцент Жылқыбай Г. Қ.

Түркістан 2015

Мазмұны

Кіріспе . . . . . . … . . . ……5

1 Үстеудің сөзжасам жүйесі туралы жалпы түсінік

1. 1 Қазақ тіл білімінде үстеу сөзжасамының зерттелуі

2 Үстеу сөз табының өзіндік белгілері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Түркістан 2015

  1. Қазақ тіл білімінде үстеу сөзжасамының зерттелуі

Қазіргі қазақ тілінде үстеу - лексика-семантикалық, морфологиялық белгілері, синтаксистік қызметі ерекшеленген, дербес сөз табы. Оның өзіне тән ерекшеліктерін мағыналық түрлерінен де, тұлғаларынан да, сөзжасамдық жүйесінен де көруге болады.

Үстеудің зерттелуі XIX ғасырдың екінші жартысында орыс ғалымдарының зерттеу еңбектерінен бастау алады. 1875 жылы жарық көрген М. Терентьевтің «Киргизская граммматикасында» үстеуді жеке сөз табы деп қарастыра отырып, 4 мағыналық тобын сипаттаумен шектелген. Үстеудің сөзжасамына қатысты деректер кездеспеді [1] .

Қазақ тіліндегі үстеу сөзжасамы туралы алғашқы деректі 1894 жылы Петербург қаласында шыққан профессор П. М. Мелиоранскийдің «Краткая грамматика казак-киргизского языка» деген еңбегінен кездестірдік. Аталған еңбекте үстеулердің жасалуының мынадай жолдары көрсетілген:

а) зат есімдер мен есімдіктер жанама септіктерде үстеу болады ( мұнда ) ;

ә) ел аттарына жалғанған -ша жұрнағы үстеу тудырады ( қазақша, орысша ) ;

б) түбір күйінде тұрып сын есімдер сөйлемде атқаратын қызметіне қарай үстеу орнына жұмсалады ( жақсы, ұзақ ) [2, 67-68 бб. ] .

Қазақ тілінің грамматикасы тереңірек зерттелген 1897 жылы Орынбор қаласында басылған «Грамматика киргизского языка» деген (авторы белгісіз) кітаптың бір бөлімі үстеуге арналған [3] . Алдыңғы грамматикаларға қарағанда үстеудің мағыналық топтары біршама толық қамтылғанымен, үстеудің сөзжасам жүйесіне қатысты мәселелер қозғалмаған.

Бұдан кейін жарық көрген Н. Сазонтовтың «Записки по грамматике киргизского языка» (1912 ж. ) [4] еңбегінде үстеуді дербес сөз табы деп қарастырғанымен, үстеу сөзжасамына қатысты мәліметтерді кездестірмедік.

1927 жылы Г. В. Архангельскийдің Ташкентте шыққан «Грамматика казахского языка» атты еңбегінде үстеуді морфологияның емес, синтаксистің құрамында қарастырып, «наречие дополнение», «отрицательные наречие» және «деепричастие и качественные прилагательные» деп топтастыруы үстеуді жеке сөз табы ретінде қарастырмағандығының айғағы деп санаймыз [5] .

Г. В. Архангельскийдің грамматикасында үстеу сөзжасамы туралы мынадай пікірлерді ұсынады:

1) үстеу етістік және есім негізді сөздерден жасалады;

2) көсемше мен сапалық сын есім үстеу орнына жүреді [5, 49 б. ] .

Алғаш рет қазақ тілші ғалымдарының арасында бұл мәселені қарастырған халқымыздың біртуар дарынды перзенттерінің бірі А. Байтұрсынов болатын . «Тіл - құрал» атты кітабында ғалым үстеуді жеке сөз табы ретінде емес, шылаудың құрамында қарастырған. Ғалым шылау сөздер деп үстеу, демеулік, жалғаулық, одағай сөздерді таниды [6, 194-195 бб. ] . Осы кітапта үстеудің басқа сөздердің мағынасын толықтыру үшін қолданылатын сөздер деп танып,
оған төмендегіше анықтама береді: «Осындай сөз үстіне қосылып, сөздің мағынасын толықтыратын сөздерді үстеу дейміз» [6, 195 б. ] .

«Тіл - құралдың» 1915 жылғы (II жылдық) басылымында зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, демеу, жалғаулықтар, одағайлардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталған [6, 256-259 бб. ] . Бұған қарап ғалым оларды жеке сөз табы ретінде таныған деп санауға болады деген ойдамыз, өйткені
«Тіл - құралда» олардың әрқайсысы жеке-жеке сөз табы ретінде талданған. Мәселен, «Үстеу» деген тақырыпта үстеуге анықтама берілген, ол төмендегідей: «Үстеу дейміз - сын есім, сан есім, есімдік, етістік сөздерді толықтыру, күшейту үшін айтылатын сөздерді». Үстеу сөздердің тілімізде өте аз екенін атап өтіп, « . . . үстеу мағынасында басқа есімдерден, есімдіктен, етістіктен шыққан сөздер жүреді» деп көрсетеді [6, 256-257 бб. ] .
А. Байтұрсынов негізгі түбір үстеуі мағынасында түпкі үстеу терминін қолданған, сонымен қатар жай үстеу терминін де қолданған, оны мына арадан көруге болады: «Әуелі түпкі үстеу сөздерді алып қарайық: сан есім һәм есімді күшейтуші үстеулерді жай үстеу дейміз, олар мынау: әбден, тым, тіпті, қас, сірә, тап, мана, әні, міне, ең, ылғи, таман, сайын, әлі, жорта, жория » [6,
256 б. ] . Демек, 1914 жылғы басылымындағы үстеуді шылаулар тобына жатқызған пікірінен 1915 жылғы басылымында қайтып, үстеуді жеке сөз табы деп таныған. Осы арада айта кету керек, бұл басылымда А. Байтұрсынов үстеу мәселесін бірсыпыра толықтырған, ол әсіресе, үстеудің мағыналық тобына байланысты мәселеде анық байқалады.

Ғалым үстеуді оқулықтың бұл басылымында мағыналық құрамына қарай
5-ке бөледі: нықтаулық, сынаулық, өлшеулік, мезгілдік, мекендік.

А. Байтұрсынов осы оқулықта үстеу түрлерінің әрқайсысына жеке-жеке тоқталып, мысалдармен дәлелдеген.

1) «Нықтаулық үстеу» бірінші беріліп, онда нықтаулық үстеуге мынадай анықтама береді: «Нықтаулық үстеу дейміз - басқа сөздердің мағынасын нығыздау үшін айтылатын сөздерді, мәселен, ең жақсы, бек нашар, тап өзі, нақ сол, нағыз арзан, дәл тиді, дәлме-дәл он кісі, қас жаман, тікелей қоя берді, әсіресе мақтады».

2) «Сынаулық үстеу» деген тақырыпта оған былай деп анықтама береді: «Сынаулық үстеу дейміз - істің сынын көрсететін сөздерді. Сынаулық үстеу болатын - зат есім, сын есім, есімдік, етістік сөздер». Бұлардың әр түріне мысал келтірген. Мысал: жақсы оқиды, шалқасынан түсті, екі-екіден бөлді, сеніңше болсын, лаулап жанды типтес болып келген.

3) «Өлшеулік үстеу» тақырыбында төмендегідей анықтама берілген: «Өлшеулік үстеу дейміз - сынның, я істің шамасын көрсететін сөздерді. Бұл топқа берілген мысалдар мына типтес: түске шейін ұйықтады, аз берді, көп алды, екі есе артық, сонша әдемі, мұнша кешікті, тойғанша жеді.

4) «Мезгілдік үстеу» деген тақырыпта оған мынадай анықтама берген: «Мезгілдік үстеу дейміз - істің мезгілін көрсететін сөздерді. Мысалдары: атам заманнан солай, күн сайын ». Осы тақырыпта мезгілдік түпкі және туынды үстеулерді атаған, олар мыналар: бүгін, кеше, ертең, биыл, бүрсі күн (бұрынғы күн), бұрнағы жыл, алдыңғы күн, алдыңғы жыл, соңыра, қашаннан (бұлар туынды үстеулер), бұрын, әлі, тағы, дәйім, дереу (бұлар түпкі үстеулер) .

5) «Мекендік үстеу» деген тақырыпта оған мынадай анықтама береді: «Мекендік үстеу дейміз - істің мекенін көрсететін сөздерді. Мекендік үстеу болатын - зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік сөздер». Үстеудің бұл тобына мынадай мысалдар келтірген: тыста жатыр, қалаға барды, жайлаудан қайтты, онда бармады, мұнда келді [6, 257-259 бб. ] .

А. Байтұрсынов үстеу жасаушы қосымшаларды көрсетпесе де, туынды үстеулер деген терминді қолданып, оның мысалдарын келтірген. Негізгі үстеулер терминінің орнына түпкі үстеулер терминін қолданған. Түпкі үстеулерге мана, бұрын, әлі, дәйім, дереу сияқты мысалдарды берген.

Бұл қазақ тіл білімінде мектеп оқулығында үстеу туралы алғашқы берілген мағлұматтар болғандықтан, оны толық көрсетуге тырыстық. Онда ғалымның үстеуге жатпайтын, пысықтауыш қызметіндегі сөздерді де үстеу деп санағаны байқалады.

Қ. Жұбановтың «Қазақ тілінің грамматикасында» (1936) термин сөздерді қолдануы бүгінгі тіл білімінде қалыптасқан атаулардан өзгеше. Мәселен, «үстеу» терминін бүгінде қалыптасқан ұғымында емес, «жұрнақ» терминінің орнына қолданғанын көруге болады: «Сөздің түп мағынасына үстеме мағына қосатын қосымшаны - үстеу дейміз» [7, 165 б. ] .

Қ. Жұбанов А. Байтұрсыновтың үстеу мәселесімен байланысты біраз пікірлерімен келіспеген. Олар мыналар:

1) А. Байтұрсынов нықтаулық үстеу деп атаған ең, тым, нақ, өте сияқты тілдік бірліктердің үстеуге қате қосылғаны туралы [7, 233 б. ] ;

2) сайын, таман, есе сияқты сөздер мен көсемшелер, септеулі есімдер үстеуге қате қосылған деген сын айтқан;

3) үстеу деген терминді А. Байтұрсынов дұрыс қолданбаған деп, оның орнына «мезгіл-мекен есім» деген терминді ұсынған. Ғалым айтқан сындардың дұрыс-бұрыстығын ғылымның кейінгі дамуы анықтады.

Қ. Жұбановтың нықтаулық үстеулер туралы пікірі оқулықтарда орын алмаса да, кейінгі ғылыми еңбектерде оның дұрыс екені дәлелденіп жүр. Ол туралы Н. Оралбаева мен С. Исаевтың еңбектерін мысалға келтіруге болады. 1986 жылы А. Қалыбаева мен Н. Оралбаева «Қазіргі қазақ тілінің морфемалар жүйесі» деген еңбекті баспадан шығарды [8] . Осы еңбектің бесінші тарауы «Қазақ тіліндегі көмекшілер» деп аталады. Ол тарауды Н. Оралбаева жазған. Бұл тарауда ғалым тілдегі көмекші сөздер мәселесін жан-жақты сипаттап, тіліміздегі көмекшілердің толық танылмай жүргенін дәлелдеген. Онда
Н. Оралбаева тілде тек көмекші есім, көмекші етістіктер, шылаулар ғана аталып жүр, ал тілде олардан басқа да грамматикалық қызмет атқаратын көмекшілер бар, олар назардан тыс қалып жүр деп, бұл ретте асырмалы шырай жасайтын тым, ең, өте сияқты көрсеткіштерді, күшейтпелі шырай жасайтын күшейткіш буындарды көмекшілер тобына қосуды ұсынған. Ғалымның осы мәселедегі пікірлеріне жүгінейік:

1) «Шырай категориясын жасайтын көмекшілердің тілдің грамматикалық құрылысында өзіндік орны бар. Сын есімнің асырмалы және күшейтпелі шырайларының көмекшілер мен күшейткіш буындар арқылы жасалатыны грамматикаларда, тіпті мектеп оқулықтарында да көрсетіліп жүр. Бірақ олар ешқашан көмекшілер тобында көрсетілмейді. Тілдегі көмекші элементтерді бір топ етіп жіктеген профессор А. Ысқақовтың еңбегінде де ол күшейткіш көмекшілер тобында аталмаған [9, 358-361 бб. ] .

2) «Сындық белгіні тіпті асыра көтеріп тұрған бұл күшейткіш көмекші - асырмалы шырайдың көрсеткіші, грамматикалық категорияның осындай көрсеткіштері оқулықтарда үстеуге жатқызылып жүр. Ол шырай көрсеткіші болса, оның лексикалық мағынасы болмауға тиіс, үстеу болса, ол дербес сөз ретінде қаралып, оның лексикалық мағынасы танылуы керек» [8, 169 б. ] .

3) «Бұл күшейткіш элементтер негізінде шырайдың аналитикалық формасын жасайтын көрсеткіш ретінде қаралуы керек. Бұл жағдайлар күшейткіш элементтерді көмекшілер тобында қарауға толық мүмкіндік береді» [8, 169 б. ] .

4) «Күшейткіш шырайдың аналитикалық формасын жасаушы күшейткіш буын туралы да осыны айтамыз» [8, 169 б. ] .

Бұл үзінділерді келтіріп отырған себебіміз - ол мәселе шешімін таппаған, үстеуге арналған еңбекте де [10], оқулықтарда да олар үстеуге жатқызылып, көмекшілер тобында көрсетілмей келеді [9] . Алайда, қазақ тіл білімінде Н. Оралбаева пікірімен үндес пікірлер айтылып жүр. Мәселен, С. Исаев өзінің «Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты» (1998) деген еңбегінде былай деп жазды: «Сөздің аналитикалық формасына сын есімнің күшейтпелі тұлғасы да жатады. Біріншіден, күшейтпелі буындардың үстелуі не қосымша, не префикс, не артикль сияқты тұлғаларға жатпайды, мұнда жартылай қайталау бар. Сондықтан үстеме буындар көмекші сөздер мәнінде қолданылады. Сонымен бірге, күшейтпелі, асырмалы шырай тұлғасын жасайтын күшейткіш үстеу деп аталып жүрген өте, тым, аса, тіпті, орасан тәрізді көмекші сөздер сапалық сындармен тіркеседі де, сөздің аналитикалық формасына жатады. Өйткені бұл жерде күшейткіш буындар да (үп-үлкен, тап-тамаша, жап-жақсы, қып-қызыл т. б. ), күшейткіш көмекші сөздер де ( өте үлкен, тым тамаша, аса жақсы, тіпті қызыл т. б. ), біріншіден, форма тудыратын қосымшалар сияқты өзі тіркескен сөзге қосымша грамматикалық (күшейткіш) мағына үстейді, бірақ лексикалық мағынасына нұқсан келтірмейді, не оны өзгертіп жібермейді, екіншіден, белгілі бір парадигмалық түрлену жүйесінің бір тұлғалық көрсеткіші, түрі (күшейтпелі шырай) болып табылады» [11, 52 б. ] .

Бұл үзінділерден ғалымдардың А. Байтұрсынов «нықтаулық үстеу» атаған тілдік бірліктерді үстеу деп танымайтынын көреміз. Демек, ғалымдар бұл мәселеде Қ. Жұбановпен бір пікірде деп білеміз. Олай болса, Қ. Жұбанов пікірі күні бүгінге дейін дәл шешімін тапты деп айту қиын.

Қ. Жұбановтың шылаулар үстеу құрамында көрсетілген деген пікірінің дұрыстығы белгілі болды, олар қазір үстеу құрамында жоқ.

Ал, Қ. Жұбановтың көсемшелер мен септеулі сөздерді үстеуге қате қосқан деген пікірі расталмады. Қазіргі грамматикаларда көсемше жұрнағы мен септік жалғаулардың түбірге кірігуі арқылы жасалған туынды үстеулер бары - дәлелденген мәселе ( біртіндеп, өйтіп, бүйтіп, бекерге, амалсыздан, бірге, артта т. б. ) .

Қ. Жұбановтың пікірінше, А. Байтұрсынов қолданған «үстеу» термині өз орнында қолданылмаған. Бұл сөз орыс тіліндегі «наречие» сөзінің тура аудармасы ғана, ол «өзінің болмысын, ерекшелігін ашып тұрған жоқ, үстеу еншісіне тиген категория етістікпен аталатын істің не мезгілін, не мекенін көрсететін сөздер болғандықтан, оларды «мезгіл-мекен есім» деп, үстеу терминінің орнына жаңа «мезгіл-мекен есім» деген атауды қолдана отырып, үстеудің құрамына кіретін сөздердің санының аздығына байланысты жеке сөз табы деп қарастыруға келмейді деген пікірді айтады [7, 235 б. ] .

Қ. Жұбановтың үстеуге байланысты «мезгіл-мекен есім» термині де ғылымда қолданысқа түспеді. А. Байтұрсынов қолданған «үстеу» деген термин ғылымда сол мәнде орнықты, сондықтан «үстеу» терминін ғылыми айналымға қосқан А. Байтұрсынов деп айта аламыз. Сондай-ақ, А. Байтұрсынов тілімізде үстеуді де жеке сөз табына қосып, оның түрлі мағыналық топтардан құралатынын, үстеулердің негізгі және туынды түрлері барын да дәлелдеген. Яғни, үстеудің басқа сөз таптарынан жасалатынын тану арқылы үстеудің сөзжасамын таныған деп білеміз. Ғалым үстеуді тануда сөздің сөйлемде қандай сұраққа жауап беруін негізге алуына байланысты кейбір жаңсақ пікірлер де айтқан. Бірақ ол қазақ тіл біліміндегі алғашқы айтылған пікір болғандықтан, әлі арнайы зерттелмеген мәселеде кейбір кемшіліктердің болуы заңды екенін ескеруіміз керек. Ғалымның көзқарасындағы кейбір ауытқулардың болуына қарамастан, үстеудің алғашқы негізін салған А. Байтұрсынов екені даусыз.

1937 жылғы қиын кезеңдегі ірі ғалымдардың еңбектерін қолдануға тыйым салынып, жаңа оқулықтар талап етілген кезде тіл біліміне С. Аманжолов,
І. Кеңесбаев, М. Балақаев, Н. Сауранбаев, Ғ. Бегалиев сынды жас ғалымдар қосылған болатын. Олардың алдына мектептерді жаңа оқулықтармен қамтамасыз ету талабы қойылған. Осы талапқа орай бұл ғалымдар тіл білімінің әр саласын қамтитын түрлі оқулықтар жазуға кіріскен. Осы кезеңде жазылған оқулықтардағы үстеу туралы мағлұматтарды анықтау үшін әрқайсысына жеке-жеке тоқталайық.

С. Аманжолов «Қазақ тілінің грамматикасының» (1938) бірінші бөлімінде жеті сөз табына арнайы тоқталып, үстеуді сөз таптарының қатарына қоспайды. «Үстеу сөз» деп алып, сөз тұлғаларының қатарында қарастырған. Ғалым үстеу сөз туралы былай дейді: «Үстеу сөздер негізгі мағыналы сөзден бұрын айтылады. Сөйтіп, өзінен соңғы сөздің мағынасын үстейді. Үстеу сөздерге мысалдар: тым, тіпті, өте, аса, нақ, нақты, әбден т. б. » [12, 25 б. ] .

Автор үстеу қатарына: қып-, сұп-, жып-, қап- сияқты күшейткіш буындарды қате жатқызып, оған мынадай мысалдар келтірген: қып-қызыл, жып-жылдам, қап-қара т. б.

С. Аманжолов 1939 жылы бұл мәселеге қайта оралып, аталған кітаптың екінші басылымында үстеуді жеке сөз табы ретінде қарастырып, оған мынадай анықтама береді: «Үстеу дегеніміз - істің қимылын, белгісін, мезгілін білдіретін сөз» [13, 94 б. ] . Автор үстеуді атқаратын қызметіне қарай екіге (етістік үстеулері, есім үстеулері) жіктейді. Етістік үстеулерге қимылдың белгісін білдіретін: қолма-қол, ауызба-ауыз, дәл, жаңа, жаман және қимылдың мезгілін білдіретін: кеше, бүгін, былтыр, бұрын үстеулерін жатқызады. Ал есім үстеулерге: орасан, тым, өте, аса, тіпті сияқты түрлерін жатқызады.

С. Аманжолов үстеулердің жасалуындағы басқа сөз таптарының қызметін дұрыс тани білген. Ғалымның бұл турасындағы пікірлерін былай топтастыруға болады:

1) сын есім етістіктің алдынан келіп қалай? деген сұраққа жауап беріп, пысықтауыш қызметін атқарып, үстеу қатарына өтеді. Мысалы: Ол жақсы оқиды (қалай оқиды?) ;

2) зат есімнің қосымша арқылы қосарланған түрінен және екі түбірдің бірігуінен үстеу жасалады: қолма-қол, көзбе-көз, бүгін, күндіз;

3) зат есімге -ша/-ше, -дай/-дей жұрнақтары жалғану арқылы үстеу жасалады: адамша, адамдай;

4) есімдікке -ша/-ше, -дай/-дей жұрнақтары жалғанып үстеу жасайды: менше оқы, мендей оқуың керек;

5) сан есімдерге -дан/-ден жалғауы жалғанып және -ақ шылауы қосылып үстеу тудырады. Мысалы: Комсомолдар міндеттерін бірден орындады. Торы ат жардан бір-ақ секірді;

6) зат есімдерге жалғанған септік жалғаулары және тәуелдік жалғауының
3-жағы үстеу жасайды: кешке (барыс септік), түнде (жатыс септік), өткен жылы , өткен жылда.

7) өте, аса деген үстеулердің түбірі өт, ас деген етістік деген пікірлерді айтады [13, 96 б. ] .

С. Аманжолов бұл грамматикада үстеудің сөзжасамдық жұрнағына -дай,
-дей
жұрнағын қосып, үстеудің қосарлану тәсілі арқылы жасалуын және есім сөздерден әр түрлі жолдар арқылы үстеу құрамының толығып отыратындығын көрсеткен. Бұл еңбектен де жіберілген кейбір кемшіліктердің ізін байқауға болады. Мәселен, пысықтауыш қызметіндегі сын есімдердің ( жақсы оқиды) сөз табына қатыстылығына байланысты пікірлерінде жақсы сөзі үстеу деп көрсетілген, сол сияқты грамматикалық терминдердің атауында жұрнақты шылау (бір- ақ секірді, қол ма -қол) деп көрсетуінде ауытқулар кездеседі.

Профессор І. Кеңесбаевтың мектеп оқулығында (1939) үстеуге мынадай анықтама берген: «Наречие указывает на признаки действия или состояния, выраженного глаголами; наречие обозначает также признаки самих признаков, выраженных прилагательными и самим наречием» [14, 81 б. ] .

Автор үстеулерді құрылысына қарай: түбір үстеу және туынды үстеу деп бөледі. Түбір үстеуге мына тәрізді үстеулерді жатқызады: жорта, дереу, тым, өте, аса, тіпті, ең т. б. Туынды үстеулерге басқа сөз таптарына қосымшалар жалғану арқылы жасалған үстеулерді жатқызады: қазақша, бүтіндей, қайдан, солай т . б.

І. Кеңесбаев кейбір үстеулердің сөйлемдегі тіркесіне қарай, кейде сын есім, кейде үстеу қызметін атқаратынын, ал бұндай сөздердің қай сөз табына жататындығын тек синтаксистік қызметі анықтайтындығын айтады. Бұл пікіріне дәлел ретінде төмендегі мысалдарды келтіреді: жақсы кітап, ұзақ
жер - бұл мысалдардағы жақсы , ұзақ сөздері сын есім, ал жақсы оқимын, ұзақ сөйледі дегенде үстеу болады деп, бір тілдік единицаны екі бірдей сөз табына да жатады деп санайды.

Үстеудің басты ерекшеліктерінің бірі - өзгермейтін сөздер тобына жататындығы туралы пікірді қазақ тіл білімінде алғаш рет айтқан І. Кеңесбаев екенін атап өткен жөн.

Осы оқулықта автор үстеудің төрт мағыналық тобын көрсеткен:

а) мекен үстеуі: әні, міні, жоғары, төмен, бұдан, әрі, бері, қайда, қайдан ;

ә) мезгіл үстеуі: ертеде, кеше, бағана (мана), алдыңғы күні, қазір, енді, бүгін, кешке, күндіз, таңертең, ертең, бүрсүгүні, алдақашан, анда-санда, үнемі (ылғи, әрдайым, әр уақыт, әрқашан), биыл, қашан т. б;

б) сын-қимыл үстеуі: жорта (әдейі), дереу, дөп, дәлме-дәл, сірә, бекер, қолма-қол (көзбе-көз, ауызба-ауыз, бетпе-бет), дүркін-дүркін т. б;

в) мөлшер үстеуі: үш-үштен, төрт-төрттен, біріншіден, екіншіден, бірден, бірге, қанша, неше, нешеу, нешеден, есе, соғұрлым, мыңдап, жүздеп т. б.

Ғалымның жоғарыда айтылған пікірлеріне қоса, үстеулердің жасалуында етістіктің алдынан келген сын есімнің салыстырмалы шырайының өзіндік орны, яғни олар үстеу қатарына өтеді деп көрсетеді. Үстеудің жұрнақтар арқылы жасалуы бұл оқулықта арнайы қарастырылмаған [14, 81-82 бб. ] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аналитикалық тәсіл - сан есім сөзжасамының негізгі тәсілі
Сан есімнің мағыналық топтарының сөзжасамы
Үстеу жайында
Қазақ тілі сөзжасамының теориялық мәселелері
Қазақ тілі білімінде үстеу сөзжасамының зерттелуі
Сан атаулары — өте көне заманнан келе жатқан сөздер
Қазақ тілі мамандығының магистратураға қабылдау емтиханның бағдарламасы
Зат есімнің сөзжасамы және оның қызметі
Қазақ тіліндегі үстеу сөздер жайлы
Еліктеуіш сөздерден жасалған үстеулер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz