XVIII ғ. ассоциианализм мен эмпиризмнің үстемдік құруын анықтау


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

I бөлім XVIII ғ. дейінгі психологияның даму тарихы

1. 1 Феодалдық қоғамдағы жан туралы ілім . . . 5

1. 2 Орта ғасырлардағы Арап және Италияндық жан туралы ілімдер . . . 7

I I бөлім ХVІІІ ғ. психологияның дамуы

2. 1 Ассоцианизм мен эмпризимнің үстемдік құруы . . . 12

2. 2 Ағарту кезеңіндегі психологиялық ойлардың дамуының негізгі бағыттары . . . 21

Қорытынды . . . 36

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 37

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі: Жан туралы материализмнің ең алғашқы түрі. Грецияның отаны Ионияда (6 ғасырдың аяғында) пайда болды. Бұл грек философиясының «дүние қайдан, неден пайда болды?» деген ой грек философиясының проблемасы болды. Ғалымдар - Анакси, Гераклит «жан заттан пайда болады, ой заттың қасиеті» дегенді айтады. Жан - Апейрон жылылық пен суықтық қасиеттерінің бірі. Анакси - дүниенің негізін ауа деп атады. Адамның екі қасиеті бар: бірі - сұйықтығы бұдан жылылық, от, күн сияқты нәрселер пайда болады ; екіншісі - қоюлануы бұдан жел, бұлт, су, жер сияқты нәрселер пайда болады. Ал жан - ауаның бір құбылысы деп оны зат қасиеті сияқты қарайды. Жан денені реттеп отырады.

Гераклит және Милет - дүниенің негізі от деп қарастырады. Жан оттан шыққан, ол оттың қасиеті деп есептейді. Гераклит «жан - жанып тұрған от, адам өлгенде оның тәні жанынан арылып суынады» дейді. Адам ақылы сол оттың болуына байланысты. Сөйтіп Гераклиттің Ионияның басқа да философтарының жанды материяның қасиеті деген көзқарастары тұрпайы материалистік тұрғыда болды.

Ежелгі Грецияда жан туралы материалистік көзқарасты жақтаған. Демокрит (460-470 ж) болды. Ол дүниеде атомдар мен бос кеңістіктер бар. Атомдар материяның бөлінбейтін бөлшегі. Олар мәңгілік өзгермейді және олар үнемі қозғалыстар болады, оларды бір-бірінен көлемі, түсі, жағдайы, орнына байланысты айыруға болады» дейді. Жан - өте ұсақ, ол өте кішкентай атомдардан құралған. Түйсіну, ойлау, заттардың сәулесі, бейнесі, көшірмесі. Ол заттардың жер етуінен пайда болады, бұл бейнелер көзге көрінбейтін ұсақ атомдар деп түсіндіреді.

Грецияның ғалымы Платон бұл пікірлерге қарама-қарсы идеалистік көзқарас айтады. Оның пікірінше дүниенің екі негізі бар: сезілетін заттар дүниесі (бұл жалған дүние) идеялар дүниесі (ақиқат дүние)

Платон өзінің еңбектерінде, «Федон», «Мемлект» сияқты шығармаларында жан деген не? оның қасиеті қандай? адам жаны өлгеннен соң қайтда кетеді? деген сұрақтарға жауап береді. Платонның шәкірті Аристотель «Жан туралы» деген еңбегінде білім - сезімдік дүниеден пайда болады, тән - материя, жан - форма. Материясыз форма болмайды, тән жанның өмір сүруіне қажетті шарт деп есептейді. Идея өздігінен өмір сүрмейді, заттармен бірге болыр, яғни соларға бейімделіп отырады дейді.

VI ғасыр Үндістан ғалымдары жан туралы ілімді діни нанымдар джайнизм мен буддизм бағытына сай таратады. Жан дүние сырын даралық ерекшелікке орай болады, адам бойындағы жасырын сырларын жеңе білуі, оны меңгеруі нәтижесінде болады деп көрсетеді. Адамның психикалық әрекетінің негізгі органы жүрек деп таниды.

Еретедегі Қытай ғалымдары да ХІІІ ғасыр денені басқарушы жүрек деп санайды. Қытай философы Конфуций - адамның білімі мен психикалық салалары туа берілетін қасите. Адам туғанда қайырымда болып туады, оны бұзатын да, түзететінде орта деп есептейді. Сырттан әсер ететін зиянды қасиеттерден арылу үшін, адам өзінің ішкі дүниесі терең бойлап, кемелденуі керек деп есептейді.

Ежелгі Римнің ойшылдары Лукреций, Гален. Жан жүйесі туралы ілімді жан дүниесінің сырымен байланыстырады. Ал грек ойшылы Сократ (470-399) . «Өзіңді өзің тани біл» деген ұлағатты ұлағатты сөзі жан дүниенің сыры мен үштастырылады.

VII-VIII ғасырларла ислам дінінің тарала бастауына байланысты. Бағдат т. б шаһарлар дүние жүзілік өркениет орталығына айнала бастайды. Сөйтіп, араб тілі мемлекеттік тілге айналады да Аристотельдің Платонның, Гален, Архимедтің еңбектері араб тіліне аудапрылады. Сөйтіп еңбектер Азия елдерінде, Үндістаннан бастап, Пирелей түбегіне дейін таралады. Әбу Насыр, Әл Фараби (870-950 ж) ; Әбу Али Ибн сина (Авиецена) (980-1037)

Жан өлмейді деген пікірді өрістеткен идеалистер. Фара Аквинский (1225-1274) боды. Роджер бәкон. Кез - келген ғылым тәжірибеге және математика ғылымына сүйену керек дейді де жан материямен бірлікке өмір сүреді.

XVII ғасыр ағылшын ғалымы Френсис Бәкон (1561-1626) ғылым тәжірибелік зерттеулерге негізделуі қажетігін айтады. Психологиялардың ілімді өрістетушілер Декарт, Гобс, Спиноза, Лейбниц, Дж. Люкс т. б болады.

Дегенмен психологияның даму тарихы терең қарастырмауына байланысты мен курстық зерттеу тақырыбымды: «XVIII ғ. ассоциианализм мен эмпиризмнің үстемдік құруы» деп таңдар алып қарастыруды жөн көрдім.

Зерттеу мақсаты: XVIII ғ. ассоциианализм мен эмпиризмнің үстемдік құруын анықтау

Зерттеу міндеттері:

Зерттеу пәні: XVIII ғ. ассоциианализм мен эмпиризмнің үстемдік құрылуын белгілеу.

Зерттеу объектісі : XVIII ғ. ассоциианализм мен эмпиризмнің үстемдік құрудағы ілімдердің дамуы.

Зерттеудің теориялық мәнділігі: XVIII ғ. ассоциианализм мен эмпиризмнің үстемдік құруы туралы теориялық, әдістемелік материалдардағы ой-пікірлер зерденіп, сипаттама берілді; тақырып аясындағы инновациялық технология жөніндегі іс-тәжірибелерді ұтымды пайлаланылды.

Зерттеудің практикалық мәнділігі: XVIII ғ. ассоциианализм мен эмпиризмнің үстемдік құруы туралы теорияларлық, тәжірибелік тұрғыда толық зерттелініп негізделді.

Курстық жұмыстық құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I бөлім XVIII ғ. дейінгі психологияның даму тарихы

1. 1 Феодалдық қоғамдағы жан туралы ілім

Антик дүниесі күйреу алдында тұрғанда феодалдық қоғам орнады. Өндірістің жаңа тәсілі мәдениет пен білім кенеттен құлдыраған жағдайда пайда болды. Қалалар жойылды. Ауылдар мен аяусыз пайдаланылған шаруашылыққа толы помещик негізіндегі жерлер және бірыңғай сауатсыз феодалдарға (ақсүйектерге) толы ауылдар ортағасырдың алғашқы жүз жылдығында Еуропаның экономикалық бет -бейнесін, сонымен бірге оның христиан шіркеуінің диктатына бағынышты саяси, мәдени және рухани өмірінің ерекшеліктеріне (анықтады) көрсетті. Шіркеу өздерінің доматтарын (парызын) безендіру үшін пайдалана отырып, антик дәуірінндегі білім түйірлерін іріктеп алды. Адам мен табиғатты табиғи ғылыми зерттеу тоқтап қалды. Діни мақсатта пайдалану мен беймәлім көзқарастар организм (ағза) және оның психикалық қызметін тәжірибелі түрде зерттеуді алмастырды.

Шынайы психикалық құбылыстарды тану туралы мүлде сөз болған жоқ. Жан екі өмірді -дене мен құдайда жүргізетін мән ретінде түсіндіріледі, оның үстіне оның болуының екінші тәсілі ақиқат (шындық) деп мойындады. Жан қызметі туралы философиялық -психологиялық түсініктерді басында теология игерді. VIII ғасырда схоластика пайда болды. Бұл ортағасырлық мектепте жұмбақ -логикалық негіздегі дін ілімін ұстанатын философия болды. Оның әдеттегі тәсілдері құбылыстардың әр түрлі топтарды ауыстыру мен айыруға алып келді: психологияда мысалы сезім, ерік сапалары, рақымшылдық түрлері және т. б. жан туралы өзінің түсініктер қорын схоластика басында неонеопатонизм есебінен толықтырды. Әрі қарай (ХІІІ ғасырдан бастап) оның кумиры және ұлы беделі Аристотель болды. Бірақ бұл, А. И. Герцен айтқандай, «Тонзуралы Аристотель болды, онда схоластика барлық тірі нәрсені өлтірді, оның ішінде жан туралы ілімнің толық өмірін, өзінің эмпирикалық және детерминистік білімімен байланысы мен күштінің бәрін өлтірді. Бұл ілімнің теологиялық және дуалистік кезеңдері адам нанғысыз асырыпжіберілді (айтылды), Аристотельдің жаратылыстану -ғылыми әдәсі (лақтырып) шеттетіліп тастадады. Психикалық қызметі туралы түсінікті «талдаудың» қаруы тәжірибенің орнына бедел мен салт-дәстүрге негізделген дау -дамайлар мен дәлелдер болды. Бұған мынаны қосу керек, яғни Аристотельмен ұзақ уақыт бойы аудармашылармен көшірмелердің жеке түсінігімен әсер алған, бар болғаны латын және араб аудармалары бойынша ғана танысты. Схоластикалық мантия (киім, тащ) кигізгенге дейінгі бірнеше ғасырлар ішінде Аристотель Еуропаның рухани өмірінің басты фигурасы болды, Аристотельдік ойлар араб тілді Шығысты қабылдады.

Жанды антикалық тұрғыда түсіндіру көптеген негіздер бойынша жаңа идеология үшін қолайсыз болды. Феодалдық көзқарас, қаптаған халқты әлеуметтік экономикалық езіп -жаншу міндетін жүзеге асыра отырып, адамның жердегі мінез -құлқын ирреалды мақсаттарға біріктірді. Жекеліктің өзегі -оның мені, қарым -қатнаста өмір сүру мәні қарастырылған поту жан -жақты дүниемен байланыста болды. Біз антик дүниесінің психиканы түсіндірудің үш негізгі тәсілін жасағанын көрдік -жанның қайнар көзі және негізі ретінде не физикалық дүние процесстері, не биологиялық организм, немесе (пайымдалған) сырттай бақыланған заттарда жүзеге асырылған рухани -мәдени сала болды. Бұл бағыттардың бір де бірін, ол ( бәрінен жоғары) Құдаймен тікелей қарым -қатнасқа түсу үшін, бәрінен безу тиісті болған, адамды «күнәлі» шындыққа қаншалықты байлап қойғанымен, христиан шіркеуі қабылдай ашады. «Жанның» антикалық «бейнесі» феодализм идеологтарын басқа себептер бойынша да қанағаттандырмады. Антик заманындағы түсініктер тек философиялық ғылыми жұмыстың нәтижелерін бекіткен өзінің позитивті мазмұнына ғана емес, сонымен бірге осы жұмыстың мотивтеріне, критерийлермен тәсілдеріне қатыстыру мүмкіндігіне де қауіпті болды.

Ғылыми іс -әрекеттің адамға әсер етуі оның қорытынды нәтижесін -дайын білімді берумен таусылмайды. Осы нәтижелермен бірге санаға іс -әрекет схемасы және мотивациялық мақсаттар «жазылуы» мүмкін. Діни идеалогия жабысып алған мотивацияның дүниені тануды мақсат тұтқан Ежелгі Греция ойшылдарының интелектуалды мінез -құлық мотивтерімен еш қатысы болған жоқ, ол өз бетінше сыртқы шынайылыққа қатысы бойынша жеке тұлғаның белгілі бір позициясын болжады: оның авторлық әсерлерімен, идеологияның диктатымен тоқтап қалмаушылығын .

Еуропада орта ғасырдағы батыс филофиясы үлкен тарихи дәуірді қамтиды. Оның ең басты сипаты -христиан дінімен тығыз байланыстылығы. Бұл кезде біліммен рухани -мәдениеттің негізгі ошағы рөлін шіркеу атқарған. Ал, философия діни догматтарды негіздейтін және түсіндіретін білім саласы болған.

Философияның негізгі мәселелеріде діни сипатқа ие болды. Мысалы, әлде Құдай жараттыма, әлде ол өзімен -өзі өмір сүре ме? Адамның ерік бостандығымен Құдайдың құдіреті өзара қалай байланысады?

Адамдар түсініп, ойланып қана қоймай, сенуі де керек. Сенім барлық философиялық ізденістердің күре тамырына, өзегіне айналған. Неге қалай сүйену керек?

Осындай сұрақтар төңірегінде іздене отырып, философтар негізгі қағидаларды, тұжырымдарды анықтаған, оны шіркеулер жиналысында бекітіп, догмаға яғни, бұл жылай орындауды талап ететін ережелер дәрежесіне көтерген.

Бүкіл адамзаттың тарихы құдай әлемімен жер әлемінің арасындағы тартыспен анықталды.

Құдай әлемі -шынайы өмір әлемі, ал жер әлемі -күнәкәр өмір әлемі.

Феодалдық қоғамның кейінгі кезеңінде схоластиканың соңына қарай сенім мен ақыл -ойдың үйлесімді болуына күмән келтіріп, бірте -бірте «екі ақиқат» ілімі тарала бастады. Сонда «екі ақиқат» туралы доктринат пайда болды. Оны жақтаушылар, діни шындықтармен қатар, сенімге емес, ақыл ( компетенциясына) құзіретіне жататын шынсдықтың бар екендігі туралы нұсқаны жақтады. Бұл ілімнің мәні -өз бетінше танымдық жұмыс үшін шіркеуден таңдарымға тойтарыс беру болды.

Психологиялық мәселелерді талдауға арналған да маңызы зор «екі ақиқат концепциясы» белгілі бір тарихи жағдайлар кезінде пайда болды. Оның Ежелгі Грецияға қажеті болмады.

Антик дәуірінің білімінен қалғаны, шіркеу мектептерінде «жеті бос өнер» деген атпен сабақта оқытылды, оның барлық мазмұны дін ілімі мақсатына бағынышты болды. Бірнеше ғасырлар ішінде еуропалық феодалдық қоғамда ешкім ежелгі грек және александрия ғылымы туралы ештеңе білген жоқ. Сол сияқты әрі қарай шіркеумен « ассимилицияланған», Платон мен Аристотельдің шығармаларыда белгісіз болды. (Егер Платонның бір диалогымен Аристотельдің екі логикалық трактатын есептемесек) . Кез келген еркін ойшылдықтың пайда болуы жазаланды.

1. 2 Орта ғасырлардағы Арап және Италияндық жан туралы ілімдер

Ежелгі дүниенің құл иеленушіліктің орнын басқан феодалдық коғамның орнауымен ертеден келе жатқан адам психикасы жайындағы ілім мистикалык және діни көзқарастар ықпалына көшті. Жан екі түрлі сипатта өмір сүреді деп уағыздалды. Психика туралы ертеден қалыптаскан тәжірибелік зерттеулер схоластикамен алмасты. Жан жайындағы аристотельдік ілім өмірден шеттетілді. Дегенмен, VIII-XII ғасырларда араб тілді Шығыс елдерінде философиялық ой-пікірлер өркен жайып, ғылыми зерттеулер және адамның жан дүниесі жайындағы ілім жанданып, жаңа сипатка ие болды. Араб мәдениетінің өркендеуі, араб тілінің мемлекеттік тілге айналуы, ислам дінінің таралуы, Халифат астанасы Бағдат пен өзге шаһарлардың өсуі оны дүниежүзілік мәдениеттің орталығына айналдырды. Жаратылыстану, медицина, математика мен адамтану ғылымдары өркен жайып, ежелгі дүние ғұламалары Платон мен Аристотельдің, Гален мен Аристотельдің еңбектері араб тіліне аударылды. Сөйтіп, бұл еңбектер Кіндік Азия елдеріне, Үндістаннан бастап сонау Переней түбегіне дейін таралды, сол елдерді мекендеген халықтардың төл мәдениетінің, философия мен өзге де ғылымдардың карқынды дамуына өз шарапатын тигізді.

Аристотельдің және басқа да ғалымдардьң идеялары, ашқан жаңалықтары, ой-пікірлері Әбу Насыр әл-Фараби (870-950 ж. ж. ), Әбу Али ибн Сина (Авиценна] (980-1037ж. ж. ), Ибн Рошд (1126-1198 ж. ж. ) сияқты ғұламалар зерттеулері арқылы адамның жан дүниесі жайындағы ілім өркендеді. Араб ғалымы Ибн әл-Хайсам (965-1039 жж. ), Ирандық Закария Рази (865-925 жж. ) еңбектерінде адам жан жүйесі туралы ғылым жетістіктеріне сүйеніп зерттеулер жүргізеді.

Әбу Насыр әл-Фараби адам жан дүниесін көрсететін «Ізгі қала тұрғындары», «Азаматтық саясат», «Мемлекеттік қайраткерлердің өнегелі сөздері» шығармаларында философиялық, психологиялық, әлеуметтану ғылымдарының жетістіктерін кеңінен талдайды, әрбір мәселенің мән-жайына анықтама түсініктер береді. Әл-Фараби Аристотельдің «Жан туралы» шығармасын араб тіліне аударды. Ол Аристотель сияқты материалистік ұстанымда бола отырып: «дүние материядан кұралады, ол жойылып кетпейді, бір түрден екінші түрге көшіп өзгере береді, жан тәннен бұрын өмір сүрмейді, бір денеден екінші бір денеге барып орналаса да алмайды. Адам дүниеге келісімен адамның бойында түрліше күш-қуат пайда болады, сол күш-қуат қабілетінің негізгі түрлері: адамды қуаттандыратын күш (арабша-«әл қуат әл-газийа») ; түйсіну куаты; қиялдау қуаты; ақыл-ой не ойлану куаты; қозғаушы күш; белгілі іс-әрекетке ұмтылу қуаты» деп көрсетеді. Ол атаған адам бойындағы күш-қуаттың түрлері жеке психикалық процестердің атауы мен мәніне дәл келеді. Ал ол өзінің «Екінші ұстаздың сөз (ақыл-ой) мағынасы туралы ой толғамдары» дейтін еңбегінде психикалық процестердің барлығына жуығын адамның белгілі мүшелерінің қатысуымен жасалып отыратын материалдық құбылыстар деп анықтап, әсіресе, адам жанының ақыл-ойға байланысты болатындығыньң ерекше маңызы бар деп көрсетеді. Адам қиялы онын түс көруіне де әсер етіп, іс-әрекетінің ерекше бір жалғасы болып саналады. Ибн Сина «Медицина қағидасы» деген еңбегі медициналық мектептерде бес жүз жыл бойы шар тарапта пайдаланған құрал болды. Ол жанды түсіндіруде психофизиологиялық мәнін ашып көрсету үшін тәжірибелік зерттеулерге негізделген және оған басымдық беру керектігін айтады. Адам психикасының ми қызметіне тәуелділігін материалистік тұрғыдан қарастырады. Ибн Сина жанның (психиканың) адамның көңіл-күйіне қатысты сезімі мен эмоциясының және аффекттің табиғи негізінің іздестірілуі сол замандағы психология іліміндегі жаңашылдық бағыт болды. Ибн Синаның психологиялық ой-пікірлері мен зерттеулері, негізінен, жүгінді. Ибн Рошдтың ақыл-ойдың дамуы жайындағы зерттеулері адам туралы жаңаша білімнің іргесін қалады. Араб тілді ғұлама Закария Разидің ғылымды бақылау нәтижелері мен тәжірибеге негіздеу жайындағы ой-пікірі, Ибн әл-Хайсамның психофизиологиялык идеялары Ибн Сина зерттеулерімен ұштасып, жан жүйесі жайындағы ғылымның канат жаюына елеулі үлес қосты.

Орта ғасырлардағы еуропалық ғалымдар жанның мәңгі өлмейтіні, идеалистік қөзқарастың дами түсуіне жол ашты. Осы бағытта Фома Аквинский (1225-1274 жж. ) мен басқа да философтардың схоластикалық жүйедегі көзкарастары үдей түсті. Алайда, мұндай схоластикалық түсініктердің шындыққа сай еместігіне көз жеткізген ағылшын оқымыстылары Гроссетест (1175-1263 жж. ), оның шіәкірті Роджер Бэкон (12І4-1292 жж. ) барлық ғылымдар тәжірибеге және математика ғылымына сүйенуі керек деген тұжырым жасап, жан туралы және оны материямен бірлікте өмір сүреді дейтін аристотельдік кағиданы жаңғыртты. Психологиянын даму тарихында орта ғасырлык дәуір талас артысты оқиғаларға толы болды.

Психология ғылымының тарихында ХVII ғасырда психология ілімі жайында жаңаша көзкарастар қалыптаса бастады. Әйгілі ағылшьш ғалымы Френсис Бэкон (1561-1626 жж. ) ғылымды тәжірибелік зерттеулерге негіздеп, оның нәтижелерін адамның құралына айналдыру қажет деп санады. Оның пікірінше, адамның ақыл-ойын жетілдіру үшін оның табиғат жайындағы білімін өсіріп, күш-қуатын артыру керек. Бұл орайда, дүниенің сырын тәжірибелік зертеу арқылы ашқан тиімді деп тапты. XVII ғасырдағы психологиялық ой-пікірді дамытуда: а) жанды дененің, соның ішінде адамның да жан дүниесін зерттеп, олардын құпия сырларын ашу; ә) әрбір индивидке (жеке адамға) тән сананы, оның ішкі дүниесін бакылау арқылы өзіндік психикалық күй-жайын; б) адамның құмарлығы мен аффектті күйлерін, оның өз мінез-кұлқын меңгеруін, жақсы, жаман істерге бой ұруын; в) денесінің күш-қуатын, жүйке жүйесінің қызметі мен психиқалық жағдайлары ара қатынасының қандай күйде екендігін анықтауға ерекше мән берілді. Психологиялық ілімді өрістету жолындағы мұндай көзқарастарды қолдап, өздерінің еңбектерін жазған ойшылдар-Декарт (1596-1650 жж. ), Т. Гоббс (1588-1679 жж. ), Б. Спиноза (1632-1677 жж. ), Г. Лейбниц (1646-1716 жж. ), Дж. Локк 1632-1704 жж. ) сияқты атақтары әлемге әйгілі адамдар болды.

Италяндық қайта өркендеу дәуіріндегі психология. XIV-XV ғ. жерорта теңізін жағалауындағы орналасқан европа елдері капиталистік дамуы және олар буржуазиялық даму үрдісінде қалыптасқан - рухани церківті-құдайшылық жолынан тұлғаны арылту күресі бастайды. Теологиямен алғашқы күрес пантеизм формасыда болып, дүниені материалистік тұрғада ашық түсіндірді. Христиандық теологияда космос - құдайлылық, ал адам-сол космоспен бірге деген дуализм мен иерархизм бағытына қарсы идеяда болды. Адамның денесі сол психикалық қасиеттерді атқарушы. Адамдағы жеке мінез бітісі табиғаттың жалпы заңдылықтарына бағынады.

Италияға пантеистік идея Ибн-Рошд іліміне қатысты келді. Бұл ілімді ұстанушылар діни қағидаттардан арылу үшін Испаниядан қашуына тура келді, сөйтіп олар сөз еркіндігі бола білген XIII-XIVғ. Падуанск университетіне баспана іздеді. Падуанск университеті римдк және паптк биліне қарсы күресті. Флоренциядағы академияда падуанстік авероистіктер неоплатоникте болады. Ол арап философтарының қарсыласуыа ұшырайды. Мұндай алғашқы қарсыласушылықты Пьетро Помпонацийдің «Жанның мәңілгі туралы» трактаты болды. П. Помпонаций (1465-1525) және Александер Ибн-Рошдтің Аристотельдің жан туралы ілімін түсіндіруне түсетулер жасайды. Александер жеке жанда интеллектуалдылықты ендіреді деген Помпонацийдің ойын қайта жаңғыртады. П. Помпонаций адамдағы жоғарғы психикалық қабілет төмені болып келеді, ал тәндік процестерсіз өмір сүру мүмкін емес, ойлау - сезімдік күйді қажет етсе, ерік- тек денелік нақты көрісті қажет етеді. Адамның жаны ең жоғарғы материалдық форма, он тәнсіз ешбір қызмет ете алмайды деп көрсетеді.

П. Помпонаций трактаты алексанристердің қозғалысын тудырады. Оның және алексендристердің антиклерикалды мотивтері кесімді шығады және осы екі бағыт жаңа идеялық атмосфераның жасалуында маңызы рольге ие болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Декартта жеке модустардың сипаты болса, Спиноза ілімінде бүкіл субстанцияның қасиеті
Орта ғасырдағы Қазақстанның мәдени қайраткерлері
Ф. Бэконның эмперизмі
Жаңа Заман философиясының ерекшеліктері
Жаңа заман философиясы(xvii-xix ғасырлар)
Меркантелизм кезеңдерінің ерекшеліктері туралы
Г. Лейбництің өмірі мен еңбектері
XVIII ғасырдағы Француз материализмі
Ғылыми білімнің эмпирикалық және теориялық деңгейлері
Мемлекет құрылыс нысанының ұғымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz